191
Қазақ жазушылары әралуан шартты-метафоралық (аңыз, әңгіме, миф) көркем
туындыларды шығармашылықта қолданысқа енгізді. Миф, өзінің символдық мәнімен, жан-
жақтылығымен, әр адамның, қоғам мүшелерінің тәртіптік ұстанымын қалыптастырудың
оңтайлы үлгісі әрі ұжымдық шығармашылықтың туындысы болып табылады. Осы орайда, О
Бөкеевтің, А. Кемелбаеваның А.Жақсылықовтың, А.Алтай, т.б. жазушылардың соңғы
жылдары жарық көрген шығармаларын алға тартуға болады. Жазушылар О.Бөкеевтің «Адам
бұғы» және А. Алтайдың «Кентавр» атты шығармаларының желісінен байқалатын
мифологиялық сарындар және оны қолдану жолдарын салыстыра қарастырайық.
Архаизмдік поэзияның негізгі нысаны – параллелизм екендігі белгілі. Ежелгі немесе
бастапқы кезеңдегі параллелизмнің мән-мазмұны адам өмірінде болған қандай да бір өзгеріс
немесе оқиғаны қоршаған орта – табиғаттағы жануарлар, өсімдіктер, аспан әлемі, түрлі
құбылыстармен, т.б. салыстыру деуге болады. Жалпы әлемді анималистік тұрғыдан сезіну,
табиғатты
антропоморфты
(адам,
жан-жануар)
қалыпта
салыстыру-салғастырудың
туындауына себеп болады. Бұған әдетте рулық топтардың және жануарлардың немесе
өсімдіктердің туыстығы (негізінде – бірыңғай), адамның өсімдіктен немесе жануарлардан
пайда болғандығы жайлы тотемдік сипаттағы барынша нақты мифологиялық түсінік
қосылады [4, 33].
Тотемизмнің пайда болу жолын И.О. Выготскийдің жан-жақты ойлау теориясына
сүйене отырып түсінуге болады. Ежелгі адамдардың өзінің және қандай-да бір жануардың
(немесе өсімдік) түр-тұлғасындағы ұқсастықты байқауы комплекстер – жиынтықтардың
қалыптасуына түрткі болды. Бірте-бірте бұл ментальді құбылыс - тотем алғашқы ата-баба,
арғы тек деген түсінікке ұласты. Тотемизм алғашқы қоғам мүшелеріне тән де, тиесілі дін.
Д.Е. Хайтунның анықтамасы бойынш «Тотемизм қиял-ғажайып жаратылыс – адам
кейпіндегі құбыжық жануар, өсімдік немесе өлі табиғаттың, адамның, аңның, өсімдіктің
тосын кейіпке айналуға бейім түрінен жаратылғандығына сенімді, қалыптасып келе жатқан
рудың діні. Ру тобы тотемнің – қандай да бір жануардың, өсімдіктің немесе өлі табиғаттағы
бір заттың атын иемденеді және тотемді туыс санайды, сөйтіп тотем ру мүшесіне айналады
және ол кері бастапқы қалпына айналатынына сенеді» [5, 69].
Жоғарыда аталған шығармалар желісін зерделей салыстыра келе мәтіндегі архаизм
және мифологиялық сарынды аңғаруға болады. Оралқан Бөкеевтің шығармасында миф
сарыны – белгілі бір тұлға адам образымен ұштасса, Асқар Алтайдың туындысында –
жартылай адам, жартылай жылқы (кентавр) бейнесінде өріледі. Қазақтың мифологиялық
туындыларынан өзге халықтардың аңыздарындағыдай жалпы әлем жоғарғы (аспан, көк),
орта (жер), төменгі (жер асты) әлемі деп үшке бөлінгендігін аңғарамыз. Осы жіктеуге сәйкес
бұғы мен жылқы адамдармен қатар ортаңғы бөлік – әлем кіндігін мекендеді. Оы тұрғыдан
алғанда К.Г. Юнгтің, ұжымдық санасыздық «бағзы тәжірибенің сарқыншақтары
«санасыздық», қазіргі заманның адамына да тән деген уәжімен келісуге болады [3, 58].
А.Алтайдың шығармасы бала-кентаврдың, жартылай адам – жартылай жылқының
өмірге келуінен бастау алады. Мұнда, ертегі, миф және фантастикалық антропологияның
элементтері ұштасқан. Шығрмада ертегідегідей жағдаяттар мен қазіргі кезеңге тән көріністер
тығыз қабыса өрілген. «Құбыжық болса да, іштен шыққан шұбар жылан болса да, өз
перзентіміз!» деген арманмен келіп, түкпірлі тау ішіне жасырынған. ...Жылқы тұрпатты,
адам тұлғалы нәресте де ширады. Ол жануардай жылдам аяқтанды. Ертедегідей ерте тілі
шығып, ерте ес кірді. Әкесі бөтенсімей бауырына басып, анасы жерінбей жанына алған,
көкесі жатсынбай иығына шығарған. Жұрт көзінен жырақта – кәрі таудың қуысында, үш
бірдей пенденің уысында өсіп келе жатқан. Еркін еді, ерікті еді» [6, 112].
А.Алтайдың кейіпкері кентавр – бұл грек мифологиясында туындаған мифологема.
Мифология сөздігінде – тағы, жартылай адам – жартылай ат, таулы, орманды жерді
мекендейді, бұлар тік мінезді, сотқар әрі ұстамсыз [7, 683]. Бұндай жануарлар қазақ
ортасында аса қасиетті жаратылыс ретінде танылды. Күні бүгінге дейін Бала-Кентавр –
ерекше қасиет иесі саналады. А.Алтай осы көлемі шағын әңгіме желісінде қазақ жұртының
дәстүрлі тұрмыс-салтын, адамгершілік ұстанымын, экология мәселесін, пенденің өмірге
192
деген құлшынысын шеберлікпен көрсете білген. Кентавр бүгінгі қазақ прозаиктерінің
шығармаларында жиі ұшырасатын басты мифологиялық кейіпкер. Жылқы көшпелі қазақтың
жан серігі, рухани әлемі. Бұл бейне орыс мифологиясында Китоврас деген атаумен белгілі.
Еуропа оқырмандарына Кентавр көшпелі жұрттың архетипі ретінде танымал. Кентавр
образы әлемдік әдебиетте де жиі кездеседі, осының бірден-бір дәлелі Д.Апдайктың
«Кентавр» романы.
А.Алтай Басарыс атты кейіпкерінің дене бітімі, келбеті, ішкі жан-дүниесіне адамға да
жануарға тән қасиетті үйлестірсе, О.Бөкеевтің кейіпкері Ақтанның жан сарайы толық дерлік
бұғыға тиесілі.
«Бұғы адам» әңгімесінде біз қазақ әдебиетінде жиі кездесетін жануар бұғының
анималистік бейнесін «көреміз-тілдесеміз». Бұғы шиыршықтай бұралған сұлу да ширақ
жануар. Әдетте көшпелі сақтар мүйізі ағаш бұтақтары сияқты салалы бұғы бейнесін «өмір
ағашы» символымен ұштастырады. Осының бір дәлелі – археологиялық қазбалар барысында
сақ обаларынан (Шілікті, б.з.д.VII-VIғғ., Берел, IV-IIғғ. Шығыс Қазақстан, Есік обасы б.з.д.
IV-IIIғғ., Алматы облысы) табылған алтыннан жасалған «скиф-сібір» аң стиліндегі бұғы
мүсіні бейнеленген шытыра, тоға сынды әшекейлерді айтуға болады. Бұғы символының мәні
терең, яғни бұл құт-берекенің нышаны. Автор адам мен бұғыны салғастыра келе: «…Ақтан
аса ұзын аяғын соза шөпті жапыра адымдайды. Жігіт кең иықты, ұзын бойлы ...». Автор
«адам бұғы» атауымен өзінің бұғыға деген зор сүйіспеншілігін білдіреді: «… Тайгада бәрі
сұлу, көрікті, мұндағы түн құпия мен үрейге тұнған, бірақ Ақтан қорыққан жоқ.
Қарашоқының баурайында ол маралдардың тобырын көріп, бір тұсынан ұрланып келіп,
зәулім ағаштың тасасына астына жылы қой терісін төсеп жайғасты. Қоңыр күзде
Ақшоқының шыңынан күн шыққан сәтте бұқалардың шайқасы басталды. Бұқалар
таңертеңнен түске дейін шайқасты. Әбден қалжыраған, жануарлар шайқас алаңынан теңселе,
жер бауырлай алыстай берді; тек ең күшті деген екі бұқа ғана – тағы да бір жарым сағат
тіресіп жеңіске жеткені қарсыласын аластап, көкке қарап өзінің жеңісіне шаттана оқыранып,
аулақта тұрған еліктер тобырын бастап Қарашоқы баурайына бет алды … Ауылға оралған
(бәлкім, сол күннен бастап ауылдастары оны Бұғы деп атады ма екен?) ол тек бір аптадан
кейін ғана тайгаға Қарашоқыға барады». «Ақтанның жүріс-тұрысы, мінез-құлқында
жануарларға тән дағды басым, оны адамдар Жануар деп жайдан-жай айтпаса керек. Бірақ
бұндай адамға қоғамда – көпшілік ортасында өмір сүру қиын, өйткені көпшілік оны
түсінбейді, әрі пенденің өзі бұны сезеді: « ...Ол алғаш рет өзінің жаманды жақсыдан ажырата
білмейтінін, яғни дәрменсіздігін ұғып рухани азап шекті… Адамның аңнан айырмашылығы
оның жақсылық пен зұлымдықты ажырата білу қабілетінде. Ақтан енді ғана осы шектің, яғни
өмір мен өлімнің, жоқшылық пен байлықтың тартысындай аяусыз екендігіне көз жеткізді»
[8, 156].
Жалпы адами тұрғыдан қарағанда екі автордың кейіпкері де арғы тек, ата-бабаға
құрмет, ұрпақ жалғастығы, тіпті өлімді де жеңуге қауқарлы туыстық байланыс, адалдық
жайлы ой толғайды. Кейіпкерлердің ой орамдары шығармалардың философиялық-
дүниетанымдық сипатын аңғартады.
О. Бөкеев пен А.Алтайдың кейіпкерлері – табиғатпен етене үйлесімде өмір кешеді;
бұлар асқақ идеалдар – ұстанымдары, әлемді жақсылық, ізгілікке жеткізу жолында
ештеңеден тайынбайды, тіпті жанын қиуға даяр. Ақтан да Басарыс та өмірден баз кешкен,
жалғыздыққа бейімделген, тұйық, арманшыл, күйбің тіршіліктен аулақ, жан дүниесі таза,
айналасындағыларға мүлде ұқсамайды. Олар тіпті өз ішкі сарайымен, табиғатымен
келіспейді. «Бәрібір, - дейді Ақтан – мен ойлай да жылай да алмаймын. Мен өзімше өмір
сүремін, өз еркіндігімнен бас тартпаймын .... Үнемі таң сәріде – күн шыққанға дейін тұрады.
Есіктен шығып соққан желді иіскейтін қасқыр секілді ауа райына байқайды» [8, 120].
Автор шығармада бұғы мен Ақтанның өмірдің мәні, өз таңдауы туралы диалогын
келтіреді: ол әкесіз өсті, қамқорлығында мақау анасы, қаңырап қалған туған ауылы Аршалы
және шынайы досы Ақкөз аты бар. «Ол өзге ауылдастары секілді басқа жаққа көшкен жоқ:
иесіз қалған дүниеге күзетші керек, анасымен бірге Аршалыны күзетуге қалады. Оны тағы -
Достарыңызбен бөлісу: |