[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет97/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   164

193 
 
аң  деп  атаса  да,  қайткенде  де  өзінің  ішкі  сарайы  өзгермейтініне,  ол  өзі  үшін  асқар  Алтай 
аспанынан,  самғау  сезімінен  және  тау  өзенінің  сусынын  қандыратын  салқын  суынан  өзге 
ештеңе  де  басты  еместігіне  ақылы  жетті».  Ішкі  дауыс:  тек  өзің  үшін  ғана  өмір  сүру  дұрыс 
емес деп кінәлайды. «Кім, айтшы, кім қазір біреу үшін өмір сүреді?» - деп Ақтан қарсылық 
білдіреді  [8,  140].  Алайда,  трагедиялық  баяндаманың    аяқталуы  әр  қилы:  егер  Ақтан  өз 
еркіндігін құрбан етіп, қалаға, адамдар ортасына баруға мәжбүр болса, Басарыс әлде біреудің  
қолынан мерт болады. Сөйтіп екі кейіпкер де өз бостандығынан айырылады.  
Шығарманы  мифологизациялау  бұл  әдіс  қана  емес,  «оның  мәні  –  идеяның 
тиянақтылануы»  [9,  269].  Осы  шығармалар  арқылы  авторлар  гуманизмнің  тосын  қырын, 
әлеуметтік  теңсіздікті,  өзіндік  жаратылыстың  жойылуын  көрсетті.  Екі  шығарманың  мәні  – 
адам қолымен жасалған трагедия, мәңгүрттер қоғамының трагедиясы деп білеміз.  
О.  Бөкеевтің  өзі  мойындағандай:  әңгіме  «...олар  нені  сезеді,  неге  жылайды,  олардың 
қуаныштарын  не  сәулелендіреді»  міне  осы  мәселе  төңірегінде.  Олардың  әрқайсысы  көңіл 
бөлуге, ішкі дүниесіне және өміріне терең бойлауға тұрарлық пенделер. Мен  шығармаларым 
арқылы замандастарымның өз тағдырына, жан сарайына үңілуне,  ойлануына, еңбектенуіне 
және  осының  бәрін  есте  ұстауға,  қолда  барды  құрметтеуге,  жүрегімен  сүйе  білуге 
мәжбүрлегім  келеді,  –  деп  ой  түйіндейді  автор  [10,  4].  Байқағанымыздай,  әңгіменің  негізгі 
шиеленісі  «өркениеттік»  және  «кәдуілгі  табиғи»  мәдениеттің  қарама-қарсылығы  арқылы 
ашылады.  Олай  болса,  әлеуметтік  және  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  байыту-сәйкестендіру 
мәселесімен  қатар  адамның  ішкі  дүниесінің  мәні  жайлы  сұрақтар  туындайды.  Осы  орайда, 
әдеби-мифологиялық сюжетке бет бұру қазіргі қоғам мүшелерінің – әр  тұлғаның ашылмаған 
қабілет-мүмкіндігін  толық  ашып дамытуға ықпал етері сөзсіз.  
Сонымен, О.Бөкеевтің «Бұғы адам» және А.Алтайдың «Кентавр» атты шығармалары – 
бұғы мен жылқының мифологемасы, жазушылардың әлеуметтік-тарихи сипаттағы драмалық 
үдерістер  –  адамның  өз  еркіндігінен,  өзіндік  «мен»  деген  ұстанымнан  бас  тарту  сынды 
көріністерге    қарсылығын  аңғартады.  Бейнеліліктің  көптеген,  әсіресе  әдеби-мифологиялық 
шешімдеріне сүйене отырып жазушылар адамды үнемі толғандырып келген күрмеуі күрделі 
мәселелердің  шешімін  табу,  жауап  беруге  тырысқан.  О.Бөкеев  пен      А.  Алтайдың  прозасы 
мәңгілік тылсым күш, әр адам санасындағы өлім, жалғыздық үрейінен құтылуға деген терең 
ішкі қарсылық сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. 
Жазушылар  прозасында  шартты-символдық  поэтика  элементтерінің  ұшырасуы  қазіргі 
кезеңдегі  әлуметтік  және  адамгершілік-философиялық  мәселелерді  қарастыруда  авторлық 
шешім, тұжырымдама ерекшелігімен байланысты деуге болады. 
 
Әдебиет тізімі 
1.  Мелетинский Е.М. От мифа к литературе. – М., 2001.  
2. Барт Р. Мифологии / Пер. с фр., вступ.ст. и коммент. С.Зенкина. – 3-е издание. – М.: 
Академический проект, 2014. – 351.  
3. Юнг К.Г. Сновидения. Размышления / Пер.с нем. – Киев, 1994. – 423 с. 
4.  Мелетинский  Е.М.  Историческая  поэтика  фольклора:  от  архаики  к  классике.  –  М., 
2010. 
5. Хайтун Д.Е. Тотемизм, его сущность и происхождение. Сталинабад, 1958. 
6.  Алтай  А.  Кентавр  /  Алтай  А.  Казино.  Абсурд  әлем  новелласы.  –  Алматы:  Атамұра, 
2008. – 109-124 бб. 
7. Мифы народов мира. Энциклопедия. Том 1. А-К. /Гл.ред. С.А.Токарев. М., Советская 
энциклопедия, 1987.  
8.  Бокеев  О.  Человек-олень  /  Бокеев  О.  Человек-олень.  Повести  и  рассказы.  –  М.: 
Русская книга, 2003. – 117-178 б.  
9. Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. – М.: Академический Проект; Мир, 2012. – 331 с.  
10.  Бокеев  О.  Алтай  /  О.  Бокеев;  подстроч.  пер.  с  каз.  К.Хайдарова;  худож.  пер. 
А.Фирсова // Рудный Алтай. – 2003. – 9 окт. (№153). – 4 с. 
 


194 
 
В  статье  дан  сравнительный  анализ  двух  произведений  О.Бокеева  «Человек-олень»  и  
А.Алтая «Кентавр».  Основной конфликт рассказов раскрывается через столкновение двух 
типов  культур:  «цивилизационной»  и  «природной».  К  проблеме  социальной  и  личностной 
самоидентификации  добавляется  вопрос  о  внутренней  сущности  человека.  И  обращение  к 
литературно-мифологическим  сюжетам  важно  для  раскрытия  иррационального  в 
современном  человеке.  Миф,  в  силу  своей  символичности,  является  универсальным  языком, 
моделью  построения  личного  и  общественного  поведения,  продуктом  коллективного 
творчества. 
 
In the article given a comparative analysis of two stories of O.Bokeev "Man-deer" and A.Altai 
"Centaur". The main conflict of stories through the conflict of two types of cultures "civilization" 
and  "natural"  were  revealed.  On  the  problem  of  social  and  personal  identity  the  question  of 
internal  essence  is  added.  Thus  appeal  to  the  literary  and  mythological  subjects  is  important  to 
disclose  the  irrational  in  modern  man.  Myth,  by virtue  of  its  symbolism,  is  a  universal  language; 
build by a model of personal and social behavior, the product of collective creativity. 
 
 
 
 
ӘОЖ 821.512.122 
Қ.Т. Жанұзақова, Ж.М. Жаксыкулова
 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,  
Алматы, Қазақстан 
kuralay_zhanuzak@mail.ru

zhansi_0592@mail.ru
 
 
ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН М.ЖҰМАБАЕВ 
ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Мақалада  Шығыс  әдебиетіндегі  жанрлық  ерекшеліктер  Мағжан  Жұмабаев 
поэзиясымен  сабақтастықта  қарастырылады.  Сонымен  қатар  ақын  поэзиясындағы 
шығыстық  сарын,  өлеңдерінің  құрылысы,  тіл  шеберлігі,  көркемдік,  жанрлық  ізденістер, 
мазмұндық  және  пішіндік  ерекшеліктер  дәстүр  мен  жаңашылдық  аясында  зерделенеді. 
М.Жұмабаев  пен  орта  ғасырдан  басталатын  қазақ  поэзиясы  үлгілерінің  көбіне-көп  жеке 
адамдарға  арнау  түрінде  туған  ортақ  қасиетімен  қатар,  стильдік  жағынан,  яки  ішкі 
жанрлық ерекшеліктері тарапынан өзара айырмашылықтары да сөз болады. 
Мақалада  Мағжан  Жұмабаевтың  қазақ  өлеңін  дәстүрлі,  ұтымды  жалғастырып, 
оларға  жаңа  мазмұн  бергені,  пішіндік  тұрғыдан  нақты  мысалдар  негізінде  айқындалады. 
Мағжан  лирикасының  көркемдік  ерекшелігін  таным  елегінен  өткізу  арқылы  жазушының 
өзіне тән тілдік-стильдік ерекшелігін айқындалады.  
 
Тірек  сөздер:  дәстүр  мен  жаңашылдық,  шығыс  әдебиеті,  ұйқас  түрлері,  мәснәви, 
гәзәл, наме,  мүфрәд (фард), мінәжат, қытә. 
 
Шығыстың классикалық әдебиеті ұғымын араб, парсы, үнді, түркі, ауған, жапон, қытай, 
кәріс және т.б. халықтардың сөз өнері  мұралары құрайды. Әрқайсысының қалыптасу, даму 
кезеңдерінің  әртүрлілігіне  қарамастан  олардағы  бір-біріне  араласа,  сіңісе,  көбінесе  үндесе 
даму  қозғаслыстарының  жүріп  жататыны  тарихи  шындық.  Әрине,  Шығыс  халықтары  сөз 
өнері  мұраларының  өзара  араласу,  сіңісу  қозғалыстарына  себепкер  тарихи  оқиғалардың, 
ықпалды дәстүрлердің болғандығы да мәлім. Мысалы ежелгі дәстүрден қалыптасып, Шығыс 
халықтарының  араласа  өмір  сүруінің  дәнекерлігін  атқарған  мынадай  жағдайлар 
айқындалады:  біріншісі  –  ежелгі  Түрік  қағанаттарын  Шығыс  елдерімен  үнемі 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау