189
5 Көне күннің жыр күмбезі. – Алматы: Жазушы, 2007.- 496 б.
6 Жолдыбайұлы Қ. Ақиқат шуағы. – Алматы: Алтын қалам, 2007. – 232 б.
7 Қазақ поэзиясының антологиясы (XX ғ. бас кезі). – Алматы: Ғылым, 1993. – 479 б.
8 Жеті ғасыр жырлайды. І том. – Алматы: Жазушы, 2004. – 400 б.
9 Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. – Алматы: Дешті Қыпшақ.- 2007. – 588 б.
10 Сафвет С. Құлшылық құпиясы. – Алматы: Алтын қалам, 2005. – 168 б.
11 Ардақты Пайғамбарымыздың (ғ.с) Хадистері. 1 кітап. – Алматы: Өнер, 2001. – 86 б.
12 Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. – Алматы: Айқап, 1993. – 79 б.
13 Ораз Мұхаммед Иса. Бас иген заманында талай ақын // Жерұйық, 1993 жыл 27
наурыз.
14 Қашаған. Топан. – Алматы: Жалын, 1991. –176 б.
15 Қазақ халқының философиялық мұрасы. 4 том. – Астана: Аударма, 2005. – 534 б.
16 Дәуітұлы C. Қабан жырау // Қазақ әдебиеті. № 10. 11 наурыз, 1994 жыл.
17 Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен. – Алматы: Халықаралық «Абай» клубы, 2006. –
724 б.
В настоящей статье изложены философские выводы о долге мусульман в песнях-
толгау акынов и жырау. Наряду с освоением тем обычной человеческой истории, акыны и
жырау призывают своих слушателей брать пример с поледователей мусульманского долга.
Великая миссия человека перед Всевышним - стремление познать бытие и сотворившего его
Творца. Для раскрытия великой цели творца мира, акыны и жырау приобщают общество к
глубоким и чистым истокам исламской религии. Эти истоки основываются на сурах
Корана, хадисах последнего посланника Аллаха пророка Мухаммеда (ғ.с.) и в трудах
исламских ученых и средневековых литературных источниках.
His article discusses the philosophical ideas about the the duty of Muslims, prevailing in
songs-tolgau akyns zhyrau and early twentieth century. Along with the normal development of
human history, and zhyrau akyns urged his listeners to follow the example of the Muslim duty. The
great mission of man before God - the desire to know the existence of the Creator and the Maker of
it. The disclosure of the great goal of the creator of the world, and zhyrau akyns society ascribe to
deep clean and the origins of Islam. These sources come from the Koran, have strong foundation in
the last Messenger of Allah Hadith of the Prophet Muhammad (ғ.s.) and in the writings of Islamic
scholars and the heirs of the medieval literary tradition.
УДК 821.512.122.09:398
Э.Т. Жанысбекова
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Алматы, Қазақстан
Elmira_08.82@mail.ru
ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МИФ
Мақалада О.Бөкеевтің «Адам бұғы» және А. Алтайдың «Кентавр» атты екі
шығармарға салыстырмалы талдау берілген. Осы әңгімелердегі негізгі шиеленіс «өркениет»
және «табиғи» мәдениеттер қақтығысуы арқылы ашылады. Әлеуметтік және жеке
тұлғаның белгілі бір ортаға өзін-өзі сәйкестендіру проблемасы, адамның ішкі сарайының
мәні жайлы мәселе қозғалады. Әдеби-мифологиялық сюжеттерге қалам тарту қазіргі
кезеңде адам бойындағы иррационалдылық қасиетті ашуда аса маңызды. Миф бейнелілігіне
қарай, әмбебап тіл, жеке және қоғамдық тәртіпті құру-реттеу моделі, ұжымдық
шығармашылық өнімі болып табылады.
190
Түйін сөздер: миф, фольклор, уақыт, орта, қазақ жазушылары, мифологема, шығарма,
жанр, проза.
Миф айрықша мәнге ие фантастикалық қиял-ғажайып образдарға жүгінеді. Осы
орайда, мифологиялық уақыт пен орын немесе ортаның (хронотоп) басы – басталуы да,
соңы – аяқталуы да болмайтынын атап айту қажет. Ю.М.Лотман мифте «уақыт тұйық,
қайталанып отыратын айналма, осы айналманың кез келген эпизоды қайталанып отырады
және үнемі қайталанады деген ұғымға саяды» деп көрсетеді. Е.М. Мелетинскийдің пікірінше
«мифтік уақыт – бұл уақыттың тарихи есебі – санамасы басталғанға дейінгі мерзім, түстегі,
елестегі бастапқы ашылым» [1, 26].
Көркем шығармада миф таным, түсінікті тереңдетуге ықпал етеді. Яғни, ерекше бір
жолмен түрленген қандай да бір шынайы жаратылым мифке айналады. Осы тезисті қазіргі
қазақ жазушыларының шығармаларынан аңғаруға болады. Қазақ әдебиетінде өткен ХХ
ғасырдың 60-70 жылдары қарсаңында мифологиялық беталыс айқын біліне бастады. А.
Жақсылықов, А. Кемелбаева, Д. Накипов, О. Бөкеев, А. Алтай және т.б. авторлардың
шығармаларынан оқиғаны баяндаудың жаңа түрлерімен қатар шынайы оқиғаны сипаттаудың
тың көркемдік шешімін аңғаруға болады. Қазіргі кезеңнің әдеби шығармалары айрықша
жаңа сападағы туындылар деуге болады.
Қазақ жазушылары көбінесе мифті фольклормен өзектестіре қарастырады, өйткені
фольклордың өзі мифологиядан туындайды, әрі мифологиялық элементтерге бай. Бағзы
социум ортасында фольклор және мифология ұжымдық сипатта болды яғни, ол белгілі бір
социум мүшелерінің санасының көрінісі деуге болады. Мифология мен фольклор
арасындағы басты айырмашылық мынада – миф жалпы әлем-жаратылыс жайлы киелі ұғым,
ал фольклор – өнер, яғни, жаратылыстың көркем-эстетикалық көрінісі, олай болса
фольклордің шынайылылығына сену, немесе шынайылықты талап ету шарт емес. Қазақ
халқының түсінігінде фольклор мифологиямен өзектес, тұтас дүние, бұны қазіргі қазақ
жазушыларының шығармаларынан аңғаруға болады. Бұл туындылар көбінесе шығарма
желісінен аңғарылатын түрлі әдіс, стиль, жанрды әрі тұспалды және айқын бұрмалау сияқты
шешім, т.б. сын тезіне салу, сынау, сын елегінен өткізудің нысаны деуге болады. Әдеби
туындының генезисі – түп тамырында мифологиялық сарын, яғни, шартты-метафоралық
форманың маңызы зор екендігі даусыз. Қаламгер, мифке жүгіне отырып миф құрылымын ой
елегінен өткізіп, жалпы жаратылыс – әлем жайлы өзіндік ұстаным қалыптастырады. Миф
өзінің құрылымы бойынша адам фантазиясы – ой қиялынан туындайтын түрлі ұғым,
ұстаныммен айрықшаланады. Олай болса, шығарма желісінде өрілген мифологиялық
сарынның сипатын құрылым айқындаса керек. Р.Барттың айтуынша: «Бәрі дерлік миф» [2,
266]. Қазіргі «жаңа буын» қазақ жазушыларының шығармалары осы пікірдің бір дәлелі
деуге болады. Қазақ жазушыларының «жаңа буын» өкілдерінің шығармаларындағы
мифологиялық бейнелер – бұл қазақ халқының рухани мәдениетінің таусылмас көзі.
Ұстаным, қағида, үлгі, эталон, тәртіп, дағды, заң, символ, миф, білім, дәстүр, құндылықтар,
түрлі рәсімдер қазақ халқының рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі екендігі белгілі. Оның
ментальдігі ұжымдық көзқарас, қоғамдағы әр тұлғаның сана тереңдігімен немесе
енжарлығымен байланысты. Көшпелі, отырықшы, мал шаруашылығы мен отырықшы
егіншілікті қатар дамытқан қазақ жұртының мәдениеті бай түрік мәдениетінің құрамдас
бөлігі болып саналады.
К.Г. Юнгтің пікірінше, сананың ұжымдық түп-тамырында жиынтықтармен қатар
архетиптер жатыр. К.Г. Юнгтің айрықша тұжырымдамасына сүйенсек архетип дегеніміз –
психикада санадан тыс мифті қалыптастыратын құрамдас элементтер жиынтығы. Архетип –
бұл жалпылама ұжымдық санасыз қиял мен тосын көзқарас, ұғымды қалыптастыратын
символдық ой-түйсіктің бастапқы бейнелерінің әлде бір құрылымы [3, 53]. Яғни, ұжымдық
санасыз, санадан тыс өткен шақ жайлы естелік, архетиптік естеліктің сақталуы дейміз. Олай
болса миф – жалпылама ұжымдық, санасыз ой елегінің туындысы.
Достарыңызбен бөлісу: |