185
«Фатиха»
сүресінде қамтылғаны да талассыз. Сол секілді намаз да барлық ғибадат атаулыны
еркін қамтиды. Сондай-ақ оны барлық жаратылыстарға тән құлшылық түрі бедерленген
қасиетті карта деуге болдады. Өйткені намаз оқып тұрған адам дәл бір аузы берік ораза
ұстаған жан секілді ештеңе ішіп-жемейді. Демек намазда ораза бар. Намазда зекет те бар.
Өйткені намаз тұтастай өмірдің зекеті болып табылады. Намазда қажылық та бар. Өйткені
намаз оқуға ниеттенген адам Меккеге бет түзеп, Қағбаға мойын бұрады. Куәлік сөзі
(шәһадат) намазда онсыз да бар» [9, 31-32].
Хандық иститут тұсындағы жыраулардың соңғы өкілі ретінде танылатын Бұқар
Қалқаманұлының «Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза қалмасқа» деген өсиетін кейінгі сөз
маржанын терген ақын-жыраулар да жалғастырып, пенде тіршілігіндегі ұлық амалды
ардақтайды. Мысалы, Шал Құлекеұлының мұсылмандықтың айнымас дәлелі болатын бес
уақыт намазды қаза қылмауды өсиет етуі төмендегі жыр шумағына өзек болған:
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң,
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі, өлмей қалсаң [2,105].
Шал ақын пайымдауында намаз - пенденің жаратушы алдында сұралар басты парызы.
Адам баласы қамшының сабындай қысқа ғұмырында оның мәнін терең түсінгені абзал. Ақын
Алланың адам баласына аманаттаған парыздарын:
Бір құдайдан тілеймін иман, ғақыл,
Ақылсыздан әрбір ісім өтті ғафыл
Ораза ұстап, бес намаз оқығанның,
О дүниеге барғанда ісі мақұл [2,93], –
деп Алла елшісі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардан жеткен «Жәннатта Раййан деп аталатын
қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқындардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза
ұстағандар қайда? –деп жар салынады. Оразашылар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп
болған соң ол жабылып, одан басқа ешкім кірмейді» деген хадисті де таратады [11, 9 ].
Құбылаға бас қоймақ –
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қылғанның
Көңілінде құдай барлығы [12,275], –
деп толғаған Шортанбай Қанайұлы дін исламның адамзат баласына арналған парыз
амалдарынан артық үлкен сый жоқ екенін меңзейді. Ақын енді бірде пәниден бәрзаһқа
көшкен пенденің жалған тірлікте біліп-білмей істеген күнәларына қалқан болар жалғыз
медет тек намаз – оразадан ғана болатынын да:
Сираттың желі соққанда,
Ораза – намаз панаң-ды [12, 277] – деп ескертеді. Ақынның пәни тірлікте орындаған
қасиетті парыздардың қиямет күні пана болатынына жамағатты ұйытуы аятты өмірден
көрмейтін дүмше моладалардың уағызына қарағанда әлдеқайда тиімді болды. Алла
алдындағы мінәжәт, амал-парыздарды орындаудың артықшылығын жырға қосу Жетісу
өңірінде жыр мектебін қалыптастырған ақындар шоғырына да тән. Шариғаттан шарапат
іздеп, жетелі сөзін:
Бес уақыт намазды
Баққан қойдай күтіңіз[13], –
деп жырмен жеткізген Қаблиса жыраудың имандылық туралы пайымдаулары
кейінгі ұрпаққа өнеге. Маңғыстаудың ақ шағылында Құранның әуезді мақамымен жыр
кестелеген Қашаған ақынның шығармасында да ораза мен намаздың мұсылман баласы үшін
орындауы тиіс қасиетті парыздардың бірі екендігі ескертіледі:
Ораза, намаз – парызды,
Қайтарған Хаққа қарызды
Менің де тұтқан дінім бар [14,66].
Ақын осылайша Алла парыз еткен амалдарға бас иіп, шүкіршілік етеді.
186
Баянауылдың баурайында ислам дінін елге кеңінен насихаттап, шариғаттың шапан
киіп, сәлде ораумен өлшенбейтінін өлеңімен өрнектеген әулие Мәшһүр Жүсіп те Алла
аманаттарын:
Екінші, намаз екен бізге парыз,
Айтпасақ білмегенге бізге қарыз.
Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Құдайға жетеді екен сонда ғарыз [3,166], –
деп жырға қосқан болатын. Бес уақыт намаздың ең қасиетті парыз екендігін Cыр саңлағы
Тұрмағамбет ахун да «Бәз біреу бақ-дәулетке масығады» атты насихат өлеңінде:
Түз-дәмің тататғұн түгесілсе,
Міндіріп «ағаш атқа» асырады.
Көзіңді қарға құзғын шоқымасқа,
Туғаның топырақпен жасырады.
Соны ойлап Саттар Хаққа сәнә айтып,
Ойлы ерлер күніне бес бас ұрады [9,69] –
деп ғибрат етеді. Тұрмағамбет ақыреттегі амалын түгендеген алаш баласына өз
бойындағы нәпсісін жеңбейінше Жаратқанның игілікке берген несібелерінен алыста
болатынына көңіл бөлген. Шайыр «Намаз» атты өлеңінде дәм тұзы таусылған пендеге
сәждеге бас ұрып, Жаратушының алдындағы парыздарын орындауы ғана пана боларын:
Көзіңді қарға-құзғын шоқымасқа,
Туғаның топырақпен жасырады.
Соны ойлап Саттар Хаққа Сәнә айтып,
Ойлы ерлер күніне бес бас ұрады [9, 69], –
деп ескертеді. Алла алдындағы парыз адамнан үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оған жан
- дүниенің тазалығымен, Жаратушыға деген іңкәр махаббатпен бару қажет. Дін тарихын
терең зерделеген Ақмолла ақын бұл туралы:
Ең әуелі тазалау керек іштің кірін,
Іште толып жатпасын сасық ірің.
АҺ, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,
Болмаса пайда бермес құры білім [8,185] –
деп тереңдей барады.Ұлы шындықты Алладан іздеген Абай өлеңдерінде де ислам
парыздарына ерекше мән берілгені белгілі. Хакім Абай мұсылман баласының Алла
алдындағы қам-қарекетінің тоқ етер түйініне:
Руза, намаз, зекет, хаж талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен тартымды бермес жеміс [4,213].
деп тоқталып, пенденің Алла алдындағы парыздарының құр көзбояушылыққа, яғни
мүнафыққа айналмауына ерекше мән береді.
Қажылық – Алланың адам баласына аманат еткен ұлық парыздарының бірі. Қажылыққа
сапар шеккен мұсылман баласының ең қасиетті мекені – Мекке. Ақын-жырауларөз
шығармаларында қажылық парыз туралы ерекше тоқталған. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп
қажылықтың мұсылман баласы үшін не себепті парыз болғанына ерекше мән бере отырып,
оны өлең жолдарына өзек еткен болатын:
Жаратып он сегіз мың ғалам мүлкін
Ешбірінің кем қылмай ажар, көркін.
Үстінде Құдірет өзі патша тұрып,
Өзді-өзінің бәріне қойды еркін.
Сонда жарлық түсірді Көк пен Жерге:
«Тауға, қарһа, алдыма кел, –деп, – бірге,
Ай, Күн, Жұлдыз, ағаш, шөп – шашбауыңмен
Достарыңызбен бөлісу: |