[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164

50 
 
10
 
Harper  Lee.  To  kill  a  mockingbird.  // 
http://e-libra.ru/read/359124-to-kill-a-
mockingbird.html
, Харпер Ли. Убить пересмешника. // 
http://knigosite.org/library/read/22611
 
 
The given article is dedicated to the study of some basic strategies of translating metaphors 
used in the speeches of the English-speaking lawyers. Metaphor is a wide-spread expressive means 
popular both in English and Russian; it can be found practically in every text and genre. Speeches 
delivered at court are not an exception. In the article there are also considered some peculiarities 
of the court discourse and some examples of metaphor usage and translation are analyzed.  
 
Бұл  мақалада  ағылшын  тілінен  орыс  тіліне  аударған  кезде  адвокаттар  тілінде 
қолданылатын  метафораның  негізгі  стратегиялары  қарастырылған.  Метафора  ағылшын 
сот  тілін  қоса  алғанда,  кез  келген  жанр  және  тематикада  кездестіруге  болатын  ең  кең 
таралған бейнелеу құралы болып табылады. Сонымен қатар мақалада ағылшын және орыс 
тілдеріндегі    сот  дискурсының  ерекшеліктері  қарастырылған,  адвокаттардың  сөз 
сөйлеуінен алынған метафоралардың аудармаларынан мысалдар келтірілген. 
 
 
 
ӘОЖ 811.512.13  
М.Қ. Ескеева 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Астана,Қазақстан 
 
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ  ҮНДЕСІМДІЛІКТІҢ БУЫНҒА ӘСЕРІ        
           
Мақалада түркі тілдеріндегі екпін мен үндесімділіктің байланысы,  үндестік заңының 
буын  құрылымына  әсері  сараланады.  Дауыссыздардың  тіл  алды,  тіл  арты  жұптарының, 
дауыстылардың  тіл  алды  үндесімі  мен  ерін  үндестігіне  қатысты  фонемалардың 
дистрибутивті қатынасы түркі тілдерінің буын жүйесінің ерекше типологиялық сипатын 
айғақтайтын лингвистикалық заңдылық тұрғысынан сипатталады. 
 
Түйін  сөздер:  екпін,    сигармонизм  заңдылығы,  буын,  түркі  тілдері,  фонема, 
динамикалық  екпін, дисиллаб, полисилаб, силлабема, морфема. 
 
Жалғамалылық  құбылысы  түбірлер  мен  түбір-негіздердің,  оларға  жалғанатын 
қосымшалардың  стандартты,  қатаң  иерархиялық  құрылымы  болғанымен  түркі  сөзінің 
толыққанды  сапасы  екпін  мен  үндесімділіксіз  айқындалмайды.  Типологиялық  сипатына 
қарай  агглютинативті  жүйеге  жататын  түркі  тілдерінің  екпін  ме  үндесімділікке  қатысты 
басты ерекшеліктері барлық тілдік деңгейлерді қамтиды. 
Сөз  құрамындағы  белгілі  бір  буынның  қарқынды,  көтеріңкі  айтылуымен  байланысты 
екпін  сөйлеу  үдерісінің    толыққандылығын,  коммуникативтік  әлеуетінің  сапалық  деңгейін 
сипаттаса;  сөздің  лексикалық  мағынасы  мен  морфологиялық  тұлғасын  айқындау,  сөздің 
тұтастығын қамтамасыз ету, тілдің орфоэпиялық нормаларын  қалыптастыру екпіннің тілдегі 
мәнін  анықтайды.  «Түркі  тілдеріне  тән  екпін  мен  әуезділік  олардың  төл  табиғатына  сәйкес 
қалыптасқан құбылыс» [1, 403-410.].  
       Фонетикалық  табиғатына  байланысты  екпін    негізінен  екі  түрге  бөлінетіні  белгілі: 
лебізді-динамикалық  екпін  және  үнді-әуезді  (музыкалық)  екпін.  Э.В.Тенишев  алтайлық 
тектілде  динамикалық  және  әуезді  екпіннің  буын  саны  мен  ретіне  қарай  (бірінші  буында 


51 
 
динамикалық және әуезді  екпінің),  (екінші-үшінші  буындарда тек әуезді екпінің) қолданыс 
ерекшеліктерінің  болу  мүмкіндігі  жайлы  гипотезалық  көзқарасын  білдіреді  [2,9].  Қазіргі 
түркі  тілдердеріне    де  бір  буынды  сөздерге  динамикалық  шұғыл  екпін,  дисиллабтар  мен 
полисилабтардың соңғы буынына әуезді музыкалық екпін тән. 
 
Динамикалық екпін – сөз құрамындағы белгілі бір буынның басқа буындарға қарағанда 
қарқынды  айтылуы  болса,  музыкалық  екпін  –  екпін  түскен  буынның  басқа  буындарға 
қарағанда    ерекше  әуезділікпен,  музыкалық  тонмен  айтылуы.  Екпіннің  негізгі  типтерінен 
фразалық  екпін,  квантативті  екпін,  эмфазалық  екпін,  логикалық  екпін,  еркін  екпін, 
жылжымалы  екпін,  экспираторлы  екпін,  көмекші  екпін  тәрізді  т.б.  екпін  түрлері  өрбиді. 
Еркін  екпін  –  сөз  құрамындағы  белгілі  бір  буынға  тәуелсіз,  кез  келген  буынға  түсуге 
мүмкіндігі  бар  екпін  түрі;  квантативті  екпін  –  сөз  құрамындағы  екпін  түскен  буынның 
дауысты  дыбысы  басқа  буынның  дауыстыларына  қарағанда  созылыңқы  айтылатын  екпін 
түрі;  жылжымалы  екпін  –  сөз  шеніндегі  позициясы  тұрақсыз,  бір  буыннан  келесі  буынға 
жылжып  отыратын  екпін  түрі;  көмекші  екпін  –  полисиллабтар  құрамындағы  соңғы  буынға 
түсетін  екпін  түрі;  лебізді  екпін  –  фонациялық  ауа  қарқынына  сәйкес  түсетін  екпін  түрі; 
логикалық екпін – сөйлемдегі бір сөзге назар аударту үшін арнайы әуезділікпен  айтылатын 
екпін түрі; тұрақты екпін – позициясы нақты, тұрақты орны бар екпін түрі; фразалық екпін – 
сөйлеу  үдерісіндегі  фразаның  құрамын  біріктіріп,  даралап  тұратын  екпін  түрі;    эмфазалық 
екпін  –  сөйлем  ішіндегі  белгілі  бір  сөздің  бір  дыбысын  айрықша  құбылтып  айтуға 
бағытталған екпін түрі. 
 
Тарихи-типологиялық  салғастырулар  бойынша  түркі  тілдеріндегі  бірінші  буын 
үйлесімділікті сақтау және бағыттау үшін қарқынды да күшті болуы керек, сондықтан түркі 
тілдеріне тән дауыстылардың үйлесімі түбірдегі басты екпін негізінде қалыптасады. Екпіннің 
әуездік  сапасы  сөйлемнің  сипатына  (хабарлы,  сұраулы,  лепті/экспрессивті)  тәуелді  болып 
келеді, бұл құбылыс түркі тілдеріндегі сөз екпіні мен фразалық екпін арасындағы байланыс 
арқылы түсіндіріледі. Түркі тілдерінде екпін негізінен соңғы буынға түседі, императив мәнді 
дисиллаб етістіктерде екпін бірінші буынға, императив мәнді трисиллабтарда екінші буынға 
жылжиды. Кей тілдерде екпін дауысты дыбыстардың ашық/қысаңдылығына, яғни естілуінің 
айқындылығы  мен  көмескілігіне  байланысты  бірінші  немесе  екінші  буынға  түсуі  мүмкін. 
Мысалы,  чуваш  тіліндегі  созылыңқы-қарқынды  екпін  дауысты  дыбыстардың  айқындылығы 
мен  көмескілігінге  сәйкес  ажыратылады:  сөз  құрамында  тек  ашық  дауыстылар  болса  екпін 
тек соңғы буынға түседі (samana `уақыт`, kinemej `әже`); сөз құрамында көмескіленген қысаң 
дауыстылар  болса  екпін  бірінші  буынға  түседі  (kёmёl  `күміс`,  kämällä  `көңілді,  жайдары`). 
Сын  есімнің  күшейтпелі-интенсивті  формаларында  бірнші  буын  қарқынды  айтылады 
(appaq,qap-qara, sap-sarï). Сондай-ақ кейбір түркі тілдерінде қосымша морфемалардың екпін 
қабылдау  мүмкіндігі  де  әртүрлі  болып  келеді,  кей  қосымшалар  қарқынды  айтылуға  бейім 
болып  келсе,  кей  қосымшалар  екпін  қабылдамайды.  Түркі  тілдерінде  қалыпты  екпіннің 
сақталмауы,  сөйлеу  үдерісінің  сапасы  мен  мазмұна  кері  ықпал  етіп,  сөйлем  мағынасын 
бұзады.  Сөйлеу  үдерісінің  толыққандылығы  екпіннің  тілдік  жүйедегі  негізгі  функциясын 
анықтайды: 
сөздің 
біртұтас 
 
дербес  құрылымдық 
сапасын  қамтамасыз 
ететін 
ұйымдастырушылық-кульминативті  қызметі;  сөйлеу  ағымындағы  сөздер  тізбегінен  жеке 
сөздердің  шегін  ажыратуға  бағытталған  делимитативтік  қызметі;  сөздердің  лексика-
семантикалық  мағынасын,  грамматикалық  формалардың  мәнін  ажыратудағы  сигнификатив 
қызметі; сөзге эмоциялық-экспрессиялық реңк беретін экспрессиялық қызметі. 
 
Түркі  тілдеріндегі  екпіннің  кей  жағдайда  жылжымалы  болып  келуіне,  бастапқы  түркі 
түбірлерінің  моносиллабтық  құрылымға  негізделуіне,  кейбір  қосымшалардың  екпін 
қабылдау қабілетінің төмендігіне байланысты екпіннің соңғы буынға түсуі агглютинациялық 
құрылымның қалыптасуымен, сөздің күрделенуімен қатар орныққан кейінгі құбылыс ретінде 
қарастырылады.  «Тілдің  полисинтетикалық  немесе  аморфты  құрылымы    агглютинацияға 
ауысуымен бірге екпін бір  буынды бірнеше түбірді бір грамматикалық топқа ұйыстырудың 
тәсіліне  айналды.  Ондай  топтың  құрамындағы  түбірлердің  біреуі  (бірінші  орындағы)  ғана 
лексикалық  мағына  иесі  болады  да,  қалғандары  грамматикалық  көрсеткіштер  қызметін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау