231
Соңғы үшінші нұсқасын канондық мәтін ретінде қараймыз. Дегенмен бұл мәтіннің де
қате кеткен жерлері бар. Келешекте қайта басылып шығып жатса, редакторлар ескере жатар
деген үмітпен жазып отырмыз.
1-нұсқада: Нұр біткен тумай тұрып сүйегіңе [2, 231 б.].
2-нұсқада: Нұр біткен тумай тұрып сүйегіне [3, 369 б.].
3-нұсқада: Ну біткен тумай жатып сүйегіне [4,367 б.].
1-нұсқада: Кейде сен жапырақты үн қыласың [2, 143 б.].
2-нұсқада: Кейде сен жапырақты үн қыласың [3, 368 б.].
3-нұсқада: Кейде сен жапырақты ұн қыласың [4, 366 б.].
1-нұсқада: Жел сен де ғашықпын деп дау қыласың,
Кей-кейде күннен жаңбыр жауғызасың [2, 142 б.].
2-нұсқада: Жел сен де ғашықпын деп дау қыласың,
Кей-кейде күннен жаңбыр жауғызасың [3, 368 б.].
3-нұсқада: Жел сен де ғашықпын деп дау қыласың,
Кей-кейде көзден жаңбыр жауғызасың [4, 366 б.].
Бұл жерлерде, әрине, 1 және 2-нұсқалардағы сөздер дұрыс қолданылған, мәтін мазмұна
қисынды.
Мұндай әріп қате, сөздерді ауыстырып қолданудан бөлек, поэманың жарық көрген
бірінші және екінші нұсқаларында авторлық сөз басы мен сөз соңы іспетті бөлімдері алынып
тасталған. 1925 жылғы нұсқасында «Шолпан» журналының басқармасы бұл бөлімдерді
түсіріп кетіп, «Бұл өлеңді, қазақ тілінде жазушы араб әдебиетімен жете таныстығы бар,
қазақтың белгілі өлеңшілерінің бірі Шәкәрім Құдайберді баласы» деп жазады журнал
басшылығы. 1935 жылғы мәтінде де бұл бөлімдер түсіріліп тасталып, «Дастанды қазақша
өлеңге аударған белгілі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы» деп жазады алғысөзінде
С.Сейфуллин.
Алғашқы шығарылымдарда дәл сөз басы мен сөз соңы түсіріліп, алынып тасталуының
өз мәнісі болған. «Шолпан» журналында поэмаға берілген алғысөзде: «Ләйлі, Мәжнүн араб
әдебиетінің ішінде өзінің сұлулығымен терең мағына, терең фантазиясымен үлкен орын
алған ірі сөздің бірі. Сондықтан араб әдебиетін қарастырған Европа білгіштерінің көзіне де
алдымен кететін, арабстан гауһары осы болатын» - деп айтылса, 1935 жылғы нұсқада «Біз
дүние жүзі мәдениетті елдердің белгілі әдебиет шығармаларының бәрімен танысуымыз
керек» - деп жазылған. Яғни шығарманы өзге әдебиеттің нұсқасы ретінде, ал Шәкәрімді тек
аудармашы ретінде бергені көрініп тұр.
Бұлай етудің тиімді жақтары да болды. Кеңестік кезеңнің ресми идеологиясымен
сәйкес келмейтін авторлық концепциясы айқын сөз соңын кеңестік цензура жариялауға
жібермейтін еді. Дегенмен, дәл осы алғы және соңғы сөздің мәнмәтінінде (контестінде)
«Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының толық, түпкі мазмұны ашылады.
Шәкәрімнің назирашылдық тәсілмен қайта жырлау үшін дәл осы Физули Бағдадидің
«Ләйлі-Мәжнүн» жырын таңдап алуынының өзінен екі ақынның дискурсындағы диалогтік
стратегияны, типологиялық алғышарттарды көруге болады. Ө.Күмісбаев, Б.Әбдіғазиұлы,
И.Жеменей өзідерінің ғылыми еңбектерінде Шәкәрім мен Физули шығармашылығындағы
көптеген философиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік, көркемдік үндестіктерді айқындауы
тегін емес [5]. Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын тек назира үлгісіндегі аударма емес,
автордың идеялық-эстетикалық «сүзгісінен» өткен төл туындысы ретінде қабылдауға
мүмкіндік беретін де дәл осы сөз басы мен сөз соңы. Сондықтан авторлық дискурсты түсіну
үшін осы бөліктер аса маңызды.
Сөз басында Шәкәрім:
«Мәжнүннің атын білер, жайын білмес,
Қазаққа ұқтырайын біраз сырын»-деп [4, 350 б.].
«Ләйлі-Мәжнүн» оқиғасын баяндағаннан кейін сөз соңында осы оқиға арқылы
айтқысы келген ойын, өзінің түпкі идеясына мегзейді.
Сөз соңында:
232
Жігіттер ендігі сөз – менің сөзім,
Мәжнүннен аз-ақ кейін көрген күнім.
Мен ондай қызға ғашық болмасам да,
Ғарыппын дерті қалың, шын осыным – дейді [4, 396 б.].
Ақын Мәжнүннің жалпы дүниені сезінуі автордың өз халімен пара-пар екендігін,
екеуінің де басындағы халдің ұқсастығын «ғаріппін» деген сопылып философияның бейнелі
сөзімен жеткізеді. Лирикалық МЕН мен кейіпкер болмысындағы рухани үндестік айқын
болғандықтан да, Шәкәрім дәл осы шығарманы қайта жырлауға ұмтылған болса керек. Ақын
Мәжнүн басындағы қайғылы халмен өз бойындағы дертті ұқсатады. Мәжнүн Ләйліге
ғашықтықтан есі кетіп ғаріп болса, ақын өз еліне ғашықтықтан ғаріп күйге түседі. Ол:
«Халқым» деп жабырқадым күнде зарлап,
Ләйләнің қабіріне барғандаймын,
Табамын мен де қабір бір күн қармап - дейді [4, 397 б.].
С.Ізтілеуова «Шәкәрім поэтикасы» атты зерттеуінде: «Ғашықтардың «ғаріп» күйге
түскенін жырлаған Шәкәрім ақын өзін де «ғарып» санайды»- дейді. Шын мәнінде, Шәкәрім
ғашықтардың ғаріп күйін жырлағандықтан емес, өз басында да сол халдің болғанынан өзін
«ғаріп» санайды [6, 36 б.].
Ақын өз ұстазы Абай секілді өз елінде жоқ бес нәрсеге асық болады, соны іздеп шарқ
ұрады. Дәл бес нәрсеге ғашық болуында да Абай дәстүрін жалғастыру бар. Бұл жерде де
Абайдағы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!» деп күңігенген «азалы дауыс» бар.
«Махаббат, ғаділет пен таза жүрек,
Бостандық, терең ғылым – міне осыларды» – іздейді ақын. Бес ғашықтың поэтикалық
образдарын сомдайды. Оларды өзгеден ғана емес, өмірден, өзінен іздейді. Кейбірінің өз
бойынан да табылмағанына қайғырады. Йассауйдің «Бір күнәмен былғап алдым жанымды»
деп зар еңірегеніндей,
Өзім де тап баспаймын ғаділетке,
Ұрғызбай кетейін деп көп жендетке.
Сонымен өз бойымды арамдадым,
Айтарлық емің бар ма, мұндай дертке? – деп налиды [4, 398 б.].
Ақын өзінің бес ғашығының ішіне халықтың қаншама ғасырлық арманын –
«бостандықты» енгізеді. Әрине, бұл ой сол кездің саяси дискурсына қайшы келетін еді. Сөз
соңының түсіріліп кетуіндегі бір гәп осында.
Бостандық – бойымдағы бір арманда,
Өзімді-өзім билеп жүре алғанда.
Еркісіз не сүйдіріп, не күйдірмей,
Қоя ма, қазақ тыныш бұл жалғанда?-дейді ақын [4, 398 б.].
Осы жоқтарды қазақтан таба алмағандықтан:
Басында Мәжнүн болды барға ғашық,
Жолында бір Ләйләнің жанталасып.
Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім,
Менікі кеткен жоқ па, онан да асып? – деп өзін Мәжнүннен де дертті санайды [4, 398
б.]. Мәжнүн де бір «байдың баласы», Шәкәрімнің де «басында бағы, қолында дәулеті» бар.
Алайда екеуі де өздерін «елдің кемтігі» сезінеді. Екеуінің де іздегені материалдық игілік
емес. Байтуллаға апарып емдетпек болғанда, Мәжнүн «Ләйлі дертінен айықтырмауды
сұраса», «Мал емес, мансап емес, іздегенім. Жазылмас жара берген Құдайым-ай!»-деп
зарланады Шәкәрім өзі жайлы.
Шәкәрімнің «Шын бақыттың айнасы» еңбегіндегі «Ата-анадағы шын махаббат пен
бабалардағы шын таза жүрек», «Дубровскийдегі» «Дубровскийдің мал сүймейтін, адам
сүйгіш» қасиетін қастерлегендей, «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасы тек ғашықтардың жайын
баяндау емес, жалпы автордың шығармашылық концепциясындағы адамды сүю идеясын
дәріптеу.
Достарыңызбен бөлісу: |