[]


Постреквизиттері: Диссертациялық жұмысты жазу



жүктеу 16,46 Mb.
бет45/47
Дата01.01.2018
өлшемі16,46 Mb.
#6291
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

Постреквизиттері: Диссертациялық жұмысты жазу



ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯСЫ

Университеттің барлық мамандықтары үшін.

Курс мақсаты: Курс мақсаттары болып келесілер табылады:

- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің коммерциализациясы үдерісін сипаттайтын біртұтас білім жүйесін құрастыру;

- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің коммерциализациясының тиімділігін қамтамасыз ететін құзыреттіліктерді құрастыру;

- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің коммерциализациясы саласындағы тәжірибелік дағдыларды құру.



Оқыту нәтижелері (құзыреттіліктер): Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант:

Білу керек:

– технология коммерциализациясының терминологиясын; коммерциализациясы үдерісінің кезеңдері мен қатысушыларын; коммерциализациясы үдерісінің түрлері мен қатысушыларын;

– лицензиялар мен технологиялар нарығының ерекшеліктерін және лицензия құнын бағалау әдістерін;

– жаңашылдықтың даму кезеңін басқарудың мақсаттары мен кезеңдерін;

– инновациялық жобалардың бизнес-жоспарлау технологиясын.

Ептілік:

- технологияның өмірлік циклы кезеңдерін анықтау;

– тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және оларды тауардың техникалық сипаттамаларына келтіру;

- жобаның экономикалық тиімділігін оны коммерциализациялау мақсатында есеп жүргізу;

- жобаның техникалық-экономикалық құжаттарын құрастыру.

Дағдылар:

– бизнес-жобаның коммерциялық әлеуетін бағалау;



- инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау.

Пререквизиттер: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны жазу және қорғау.
Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру

Мамандығы: 6М051100 – Маркетинг

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: маркетингктік зерттеудің негізгі әдістерін игеру, нақты туризм (ішкі, сыртқы) нарығында маркетингтік зерттеудің қандай болмасын әдістерін пайдалана білу.

Курстың қысқаша мазмұны: туризмдегі маркетингтік зерттеулердің теориялық және әдіснамалық аспектілері, маркетингтік зерттеу жүргізу бойынша тәжірибелік мәселелер мен нұсқаулықтар.

Құзырлар: маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ғылыми-теориялық негіздері, сонымен қатар сондай зерттеулерді жүзеге асырудың дағдыларын игеру.

Білімдер: маркетингтік зерттеулердің жеке түрлерін жүргізу ерекшелігі: бәсеке, нарық конъюнктурасы, көлемі; нарықтың фирмалық құрылымы; маркетинг кешенінің компоненттері, кәсіпорын қызметінің ішкі ортасы; ақпаратты жинаудың артықшылықтары мен кемшіліктері: фокус-топ, анкета, механикалық құрылғылар.

Ептілік: маркетингтік зерттеуді жүргізудің әдістемесін қолдану: негізгі кезеңдері; әдістері, амалдары, ақпаратты жинау және талдау құрылғылары; нәтижелерді көрсету тәсілдері.

Дағдылар: маркетингтік зерттеулерді жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын игеру.

Пререквизиттер: маркетинг негіздері, маркетингті басқару, маркетинг-менеджмент.

Постреквизиттер: Стратегиялық маркетинг, сатып алушылық мінез-құлықты ұйымдастырудың жалпы моделі.
Коммуникациялық саясат

Мамандығы: 6М051100 – Маркетинг, 6М090200 – Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: магистранттарды коммуникациялық арналарды пайдалану бойынша тәжірибиелік машықтандыру, туризм саласында коммуникациялық арналардың ерекшеліктерін айқындау, туристік фирмаларда коммуникациялық саясатты ұйымдастыру технологиясы мен мазмұнын ашу, туристік фирмаларда коммуникациялық кампаниясының жүзеге асыру тетігін анықтау.

Курстың қысқаша мазмұны: Фирма коммуникациялық арналарының мәні. Туризм саласындағы коммуникациялық арналар ерекшеліктері. Туристік фирмалардағы коммуникациялық саясатты ұйымдастыру мәні мен технологиялары. Туристік фирмаларда коммуникациялық кампанияны өткізу механизмі.

Құзырлар: коммуникациялық саясаттың теоретиялық, әдістемелік және практикалық негіздері.

Білімдер: коммуникациялық қызметтің теориялық негіздерін білу, маркетингтік коммуникациялар жүйесінің негізгі әлеуметтік-психологиялық элементтерін білу.

Ептілік: жарнамалық хабарландыруларды құра білу, жарнаманы тарату арналарын құру.

Дағдылар: коммуникациялық саясаттың заманауи технологияларын игеру; кәсіпорынның коммуникациялық саясатының нақты бағыттары бойынша жоспарларды құрастыру дағдылары.

Пререквизиттер: Маркетинг-менеджмент, сауда маркаларын басқару.

Постреквизиттер: Стратегиялық маркетинг, сатып алушылық мінез-құлықты ұйымдастырудың жалпы моделі.
Туризмнің әлеуметтік-психологиялық негіздері

Мамандығы: 6М090200 - Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: әлеуметтік туризмнің ел экономикасына әсері: жаңа жұмыс орындры, халақ табысының өсуі, ел аудандарындағы адамдардың өмір деңгейіндегі диспропорцияны жоюы. Туристік фирма жұмыскерлерінің клиенттермен вербальды және вербальсыз сөйлесуіндегі психологиялық ерекшеліктерімен танысу. Туристік қызметтер нарығындағы тұтынушылардың іс-әрекетімен танысу.

Курстың қысқаша мазмұны: қазіргі таңда туризм Қазақстанның алдыңғы қатарлы салаларының біріне жатады, ол ел имиджін қалыптастыруға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, бюджетке салықтың құйылуына септігін тигізеді. Туристік қызметтер нарығындағы туристер мінез-құлқы, жалпы тұтынушылар нарығындағы тұтынушылар мінез-құлқы нарығының заңдарымен сәйкес.

Құзырлар: туризмнің әлеуметтік-психологиялық негіздері туралы ұсыныстар; тұтынушылар мінез-құлқының жалпы моделі.

Білімдер: туризмнің әлеуметтік негіздері жайлы ұсыну, сонымен қатар туристік қызметтерді тұтынушылар тобының психологиялық көрсеткіштерін бағалау.

Ептілік: қарастырылатын сұрақтың халықаралық тәжірибесін талдай білу.

Дағдылар: туристік саланың әлеуметтік құрамын жүйелі талдауын меңгеру.

Пререквизиттер: туризм индустриясының теоретиялық және әдістемелік мәселелері, психология.

Постреквизиттер: туристік ұйымдардағы маркетингтік стратегия, қызмет көрсету саласындағы тура және интерактивті маркетинг.

Реализация стратегии позиционирования

Для специальностей: 6М090200 – Туризм

Цели курса и ожидаемые результаты: обучение методике формирования стратегии позиционирования с использованием ситуативных задач, кейсов.

Краткое содержание курса: знания и навыки в стратегическом планировании маркетинговой деятельности. Планирование и оценка конкурентоспособности товара (фирмы). Прогнозирование потребности и спроса. Сегментация рынка. Выбор целесообразной стратегии позиционирования.

Компетенции: стратегические подходы позиционирования товара; различные методы оптовой и розличной торговли; знание потребительских свойств товара; закономерности нахождения товара своего покупателя.

Знания: знания конкурентных характеристик и условий эксплуатации выпускаемого товара.

Умения: выявлять пути совершенствования товара и рационального использования всех ресурсов позиционирования товаров.

Навыки: экономически обоснованно подходить к организационно-производственным процессам позиционирования товара.

Пререквизиты: Основы маркетинга, Маркетинг-менеджмент

Постреквизиты: Стратегический маркетинг, Прямой и интерактивный маркетинг в сфере услуг.
ЖАЙҒАСТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ

Мамандығы: 6М090200– Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: магистранттарға ел экономикасындағы туристік бизнестің орны мен ролін тануға мүмкіндік беру. Қазақстандағы туристік бизнестің дамуы, тауарларын жайғастыру мәселелері мен даму келешегі.

Курстың қысқаша мазмұны: туризм дамуының мазмұны, түрлері, формалары мен жолдары. Қазақстан Республикасында туристік қызметті реттеу, туристік кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, туризмдегі сәттілік формуласы, туризм нысандары, туризм халық шаруашылығының саласы ретінде.

Құзырлар: туристік қызметтің теориялық-әдістемелік негіздері.

Білімдер: тәжірибеде басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде бәсекелестерден асып түсуге мүмкіндік беру үшін маркетингті қолдану, жарнаманы жақсарту.

Ептілік: талқыланатын сұрақтар бойынша өзіндік позицияны ұстану, оны дәлелдеу үшін теориялық мәліметтерді қолдану.

Дағдылар: фирманың туристік қызметінде жұмыс істеудің бастапқы тәжірибелік дағдыларын иемдену; келешек мамандықты игеруге мүмкіндік беретін түсініктік аппаратты игеру.

Пререквизиттер: туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру, туризмология негіздері.

Постреквизиттер: туризм экономикасы, туристік ұйымдардағы маркетингтік стратегия, ҚР-да туристтік бизнесттің жағдайы мен жетілдіруі.
TRENDS OF THE GLOBAL TOURISM DEVELOPMENT

For specialties: 6М090200 - Tourism

Course objectives and expected results: studying of the role and impact of international tourism in developing countries and regions. Tendencies of world tourism development.

Factors of world tourism development.



Course Outline: development of world tourism and its factors. Significant and prospective directions of world tourism development.

Competence: theoretical and methodological foundations for the development of world tourism; tourism terminology; formulation of own position on tourism development issues, use of theoretical information for its argumentation.

Знания: knowledge of the basic tourism concepts, features of tourism and ways to use this knowledge in practice.

Abilities: prediction of the trends of the tourist market.

Skills: obtaining a broad understanding of trends in world tourism and its use in the practice of management decisions, allowing entering the international market.

Pre-requisite: Tourism economy, Theoretical and methodological problems of the tourism industry.

Post-requisite: Eco-tourism, Commercial risks
ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мамандығы: 6М090200 – Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: магистранттарды практикалық сабақтарда міндеттер мен жағдайларды, кейстерді пайдалана отырып, туризм индустриясының негізгі түсініктерін қалыптастыру, әдіснамасын үйрету.

Курстың қысқаша мазмұны: туризм индустриясы, туризм инфрақұрылымы жайлы негізгі қағидалары туралы тұтас түсінік.

Құзырлар: Туризм индустриясының теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгеру

Білімдер: туризм индустриясының тәжірибесін әлемдік, аймақтық және ұлттық деңгейлерде қорытындылау; Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму мәселелеріне баға беру, осы дамуға әсер ететін жағдайлар мен факторларға практикалық талдау жасау.

Ептілік: салааралық халықшаруашылық кешені және туризмнің әлемдік индустриясының қазіргі заманғы трансформациясы ретінде туризм индустриясы туралы түсінігін.

Дағдылар: Қазақстанда тиімділігі жоғары туризм индустриясының қалыптасу мәселелерімен жүйелі тәсілмен қолдана білу.

Пререквизиттер: Жайғастыру стратегиясын іске асыру, Тұтынушылар тәртібін ұйымдастырудың жалпы моделі.

Постреквизиттер: Жоғары мектептегі оқыту әдістемесі, Туризм индустриясының заманауи зерттеулері, Trends of the global tourism development.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мамандығы: 6М090200 – Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: жоғары оқу орындарында оқытудың негізгі әдістерін меңгеру; солардың қандай болмасын әдістерін оқыту қызметінде қолдана білу.

Курстың қысқаша мазмұны: бәсекелестерді басып озуға, нарықтың келешектік қарқынын алдын ала білуге, жарнаманы жақсартуға, тұтынушының ниетін нығайтуға, сатуды ұлғайтуға мүмкіндік беретін басқару шешімдерін қабылдау.

Құзырлар: жоғары мектептегі оқыту әдістемесін меңгеру

Білімдер: оқу үрдісінде заманауи оқу білім бағдарламаларын қолдану.

Ептілік: жоғары оқу мектептерінде оқытудың негізгі ережелерін білу.

Дағдылар: ғылыми мақала, тезистерді жазарда, конференция, симпозиум, дөңгелек столде, дискуссия және диспуттарда шығарда дербес ғылыми – зерттеушілік және ғылыми – педагогикалық қызметтерді жүргізу.

Пререквизиттер: Туризм индустриясының теориялық және әдіснамалық мәселелері, Тұтынушылар тәртібін ұйымдастырудың жалпы моделі.

Постреквизиттер: Туризм индустриясының заманауи зерттеулері, Trends of the global tourism development.
Туристтік қызметтегі стратегиялық жоспарлау

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: 6М090200 – Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: туристік қызметті жоспарлаудағы түрлі факторлардың ролі мен әсерін зерттеу; зерттеу жүргізудегі жоспарлау ролімен таныстыру; туризмді жоспарлау үдерісін зерттеу.

Курстың қысқаша мазмұны: стартегиялық жоспардың түсінігі, стратегиялық жоспардың құрылымы, стратегиялық жоспарды әзірлеудің дайындық кезеңі, өткен кезеңдер мәліметтеріне талдау жасау, жағдаяттық талдау жасау, туристік қызметтегі әркет ету тактикасы мен жоспары.

Құзырлар: стратегиялық маркетинг, туризмдегі маркетингті жоспарлау саласындағы жүйелік білімдер мен тәжірибелік дағдылар.

Білімдер: стратегиялық маркетингтің негізгі түсініктері, мәні және мазмұны.

Ептілік: нақты экономикалық ситуацияларды талдау және шешу кезіндегі стратегиялық маркетингтің негізгі түсініктерін, қағидаларын қолдану.

Дағдылар: маркетингтік стратегияларды құрастыру саласындағы маркетингтік зерттеулер әдістерін игеру.

Пререквизиттер: туризм индустриясының теориялық және әдістемелік мәселелері, ҚР-ғы туристік бизнестің жағдайы мен оны жетілдіру.

Постреквизиттер: әлемдік туризмнің даму тенденциялары, туризм мен саяхаттардың мотивациясы.
Әлемдік туризмнің даму тенденциялары

мамандығы: 6М090200 - Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: елдер мен аймақтардың дамуына халықаралық туризмнің ролі мен әсері. Әлемдік туризмнің даму қарқындары. Әлемдік туризмнің даму факторлары.

Курстың қысқаша мазмұны: әлемдік туризм мен оның факторлары туралы түсінік. Әлемдік туризм дамуының маңызды және келешекті бағыттары.

Құзырлар: әлемдік туризмнің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері, туризм терминологиясы.

Білімдер: туризмнің негізгі түсініктерін, ерекшеліктерін және оларды тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын білу.

Ептілік: туристік нарықтың тенденцияларын болжау.

Дағдылар: әлемдік туризмнің даму тенденциялары туралы білім алу, және халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде оны қолдану.

Пререквизиттер: туризм экономикасы, туризм индустриясының теориялық және әдістемелік проблемалары.

Постреквизиттер: Экологиялық туризм, коммерциялық тәуекелдер.
Туристтік ұйымдардағы маркетингтік стратегиялар

Мамандығы: 6М090200– Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: маркетинг стратегиясы бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру жөнінде білімдермен қамтамасыз ету, бәсекелестік басымдықтар теориясын басқару, магистранттарды нысандардың бәскеге қабілеттілік нормативтерін әзірлеу, сұраныс пен қажеттілікті болжау, нарықты стратегиялық сегменттеу, нарықтағы бәскелестікке талдау жасау, насындардың бәскекеге қабілеттілігін бағалау әдістеріне үйрету.

Курстың қысқаша мазмұны: маркетингтік стратегия түсінігі мен мазмұны, нарықтағы бәсекелестікке талдау жасау, маркетингті стратегиялық жоспарлау, маркетингтің қызметтік стратегиясы, корпоративтік стратегиялар мен матрицалық құралдар.

Құзырлар: туристік компаниялардың қызметіндегі, маркетингті жоспарлауда стратегиялық маркетинг саласындағы жүйелік білімдер мен тәжірибелік дағдылар.

Білімдер: кең көлемді теориялық және әдістемелік материалдар негізінде стратегиялық маркетингтің түсінігі.

Ептілік: туризмдегі нақты экономикалық ситуацияларды шешу және талдау кезінде стратегиялық маркетингтің негізгі түсініктері мен принциптерін қолдану.

Дағдылар: стратегиялық шешімдерді қабылдаудың заманауи технологияларын қолдану.

Пререквизиттер: Психология, Маркетинг-менеджмент.

Постреквизиттер: қызмет көрсету саласындағы тура және интерактивті маркетинг, коммерциялық тәуекелдер.

Қазақстан Республикасында туристік бизнестің жағдайы мен жетілдіруі

Мамандығы: 6М090200– Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: магистранттарға ел экономикасындағы туристік бизнестің орны мен ролін тануға мүмкіндік беру. Қазақстандағы туристік бизнестің дамуы: жетілдіру мәселелері мен даму келешегі.

Курстың қысқаша мазмұны: туризм дамуының мазмұны, түрлері, формалары мен жолдары. Қазақстан Республикасында туристік қызметті реттеу, туристік кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, туризмдегі сәттілік формуласы, туризм нысандары, туризм халық шаруашылығының саласы ретінде.

Құзырлар: туристік қызметтің теориялық-әдістемелік негіздері.

Білімдер: тәжірибеде басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде бәсекелестерден асып түсуге мүмкіндік беру үшін маркетингті қолдану, жарнаманы жақсарту.

Ептілік: талқыланатын сұрақтар бойынша өзіндік позицияны ұстану, оны дәлелдеу үшін теориялық мәліметтерді қолдану.

Дағдылар: фирманың туристік қызметінде жұмыс істеудің бастапқы тәжірибелік дағдыларын иемдену; келешек мамандықты игеруге мүмкіндік беретін түсініктік аппаратты игеру.

Пререквизиттер: туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру, туризмология негіздері.

Постреквизиттер: туризм экономикасы, туристік ұйымдардағы маркетингтік стратегия.
Туризм және саяхат мотивациясы

Мандық үшін: 6М090200– Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: туристік қызметтің ұғымдық аппаратын, оның ерекшеліктері мен өзіне тән белгілерін зерттеу; тұтынушылардың туристік өнім туристік сапарларға негізгі мотивацияларын білу, туристік өнімнің деректері мен компоненттерін және олардың қалыптасу жағдайларын зерттеу. Сала ретіндегі туристік индустрияның негізгі құрамымен, олардың өзара әрекеттесу тетіктерімен таныстыру.

Курстың қысқаша мазмұны: туризм дамуының мазмұны, түрлері, формалары мен жолдары. Қазақстан Республикасында туристік қызметті реттеу, туристік кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, туризмдегі сәттілік формуласы, туризм нысандары, туризм халық шаруашылығының саласы ретінде.

Құзырлар: магистрантта туристік қызметтер нарығында тұтынушылардың мінез-құлқын тиімді реттеу мақсатында әлеуметтік-экономикалық, мотивациялық және ситуациялық факторларын зерттеу және талдау бойынша қажетті білімдерді қалыптастыру.

Білімдер: туризмнің негізгі түсініктері мен анықтамалары; туристік сатып алулардың мақсаты мен мотивтері.

Ептілік: туризм мен саяхаттар мотивациясының мазмұны, сипаты, тенденциялары және принциптері жайлы ауқымды ұсынысты құрастыру.

Дағдылар: туристік қызметтер нарығында тұтынушылар мінез-құлқының әлеуметтік-экономикалық, мотивациялық және ситуациялық факторларын талдауды меңгеру.

Пререквизиттер: маркетинг негіздері, маркетинг-менеджмент, маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.

Постреквизиттер: туризмнің әлеуметтік-психологиялық негіздері, сатып алушылық мінез-құлықты ұйымдастырудың жалпы моделі.

Экологиялық туризм

Мамандығы: 6М090200– Туризм

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: экологияның өзекті мәселелері шеңберінде туристік нарықтағы қазіргі туризмологияның негізгі тұжырымдары мен тәжірибелік әдістерін зерттеу және қолдану.

Курстың қысқаша мазмұны: экологиялық туризмнің теориялық негіздері, туризм дамуының мазмұны, түрлері, формалары мен жолдары. Қазақстан Республикасында туристік қызметті экология шеңберінде реттеу, туризм нысандары, туризм халық шаруашылығының саласы ретінде.

Құзырлар: экологиялық туризмнің теориялық аспектілері, экологиялық туризмнің ерекшеліктері, ҚР-ғы экологиялық туризмнің жағдайы.

Білімдер: экологиялық туризмнің түсініктік-санаттық аппаратын зерттеу; экологиялық туризм мен оны тәжірибеде қолдану бойынша білімдерді игеру.

Ептілік: ҚР-ғы экологиялық туризмнің даму динамикасын зерттеу, және елдің туристік әлеуетін талдау.

Дағдылар: туризмде жұмыс істеу әдістерін игеру.

Пререквизиттер: Туризм экономикасы, Туризм индустриясының теориялық және әдістемелік мәселелері.

Постреквизиттер: әлемдік туризмнің даму тенденциялары, туристік ұйымдардағы маркетингтік стратегия.
Коммерциялық тәуекелдер

Мамандығы: 6М090200– Туризм, 6М090400 – Әлеуметтік – мәдени қызмет көрсету

Курстың міндеттері және күтілетін нәтижелер: магистранттарды коммерциялық тәуекел дәрежесін бағалау білуге, олардың деңгейін анықтауға, тәуекелдің алдын алу және сақтандыруға үйрету.

Курстың қысқаша мазмұны: кәсіпорындардағы коммерциялық қызмет мазмұны, кәсіпорындарда туындайтын тәуекел мәні мен жіктелуі, коммерциялық тәуекелді сақтандыру, ішкі тәуекелді төмендету жолдары, өндірістік кәсіпорындардағы тәуекелдер.

Құзырлар: кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен функцияларын және оның сыныптамасын білу; тәуекелдерді басқару әдістері.

Білімдер: туризмдегі кәсіпкерлік тәуекелдің функциялары; тәуекелдер көрсеткіштері және оны бағалау тәсілдері.

Ептілік: туристік қызметтегі тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесін талдау; тәуекелді төмендетудің негізгі амалдарын зерттеу.

Дағдылар: тәуекелдерді басқару әдістерін иемдену.

Пререквизиттер: маркетинг негіздері, маркетинг-менеджмент

Постреквизиттер: туристік ұйымдардағы маркетингтік стратегия, маркетингтегі және коммерциядағы математикалық әдістер мен модельдер.


БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


БИОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Биологиядан базалық білімі

Постреквизиттер: қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, mutational process, Genetic and cellcular engineering; ғылыми-зерттеу жұмыстары, магистерлік диссертацияны жазу.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: биологиялық ғылымдардың негізгі түсініктері, категориялары мен әдістемелік аспектісі

Іскерліктер: ғылыми білім жүйесіндегі биологияның алатын орны және биологиялық ғылымдардың дамуындағы атақты ғалымдардың ролі білу.

Дағдылар: биологиядағы жаңа ғылыми бағыттар, халықаралық байланыстар туралы ақпарат алу

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: жалпы кәсіби дайындығын кеңейтетін биологиялық ғылымдардың методологиясы мен тарихы туралы білімін көрсетеді; биологиядағы iргелi мәселелерiн айқындайды; қазіргі заманғы жабдықтар мен есептегіш құралдардың көмегімен мамандандыру бойынша нақты мәселелерді шешу кезінде міндет қояды және лабораториялық, биологиялық зерттеулер жүргізеді; жұмыстың сапасы мен нәтижелердің ғылыми дәлелділігіне жауапкершілігін көрсетеді

Курстың қысқаша мазмұны: Биология тарихы мен әдіснамасының мақсаты мен міндеттері. Ғылым дамуының жалпы жолының заңдылықтары. Идеализация мен гипотеза. Абстракциялану мен идеализация. Ғылыми танымның эмпирикалық әдістері. Ғылыми факті ұғымы және ғылыми түсінік. Тарихалды алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың табиғат туралы білімі. Ежелгі құлиеленуші мемлекеттерде табиғат туралы түсініктердің дамуы. Орта ғасырдағы биология. Жаратылыстану мен идеологиядағы қайта даму заманы мен революциясы. Органикалық дүниенің эволюциясы концепциясының құрылуы. Биологиялық зерттеулердің жаңа бағыттары.


ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСТЕРІ

Мамандығы: 6М060700 – Биология, 6М060800 - Экология

Пререквизиттер: Биологиядан базалық білімі

Постреквизиттер: қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, mutational process.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: далалық зерттеу әдістері мен тәсілдерін білу:

Іскерліктер: омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың далалық жағдайда сандық есептеулерін орындау.

Дағдылар: алынған нәтижелерге статистикалық өңдеулер жүргізе алу.

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: жануарларды зерттеудегі жаңа әдістерді игеру; далалық зерттеулерді жоспарлау мен талдауды іс жүзінде қолдануды үйрену, игеру; өз білімдерін іс-жүзінде қолдануды үйрену.

Курстың қысқаша мазмұны: зерттелу нысанасының өзектілігі мен зерттелу негізін анықтау. Зерттеу бағдарламасын жобалау. Зерттеу әдістерін таңдау және талдау. Зерттеу әдістемесі. Орта факторларын зерттеу. Жануарлардың мекен ету ортасына әсерін зерттеу. Экологиялық, фауналық зерттеу. Биоценоздық зерттеулер. Жануарлардың түрлері мен топтарының экологиясын зерттеу.

ЗООЛОГИЯЛЫҚ ТАКСОНОМИЯ ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЛОГЕНТИКА

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Биологиядан базалық білімі

Постреквизиттер: қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, mutational process.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: теориялық білім және түрлерді анықтау, топтардың қысқаша және толық сипаттау арқылы айырмашылықтарын ажырата білу:

Іскерліктер: омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың систематикасын білу.

Дағдылар: алынған нәтижелерді практикада қолдану.

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Систематика және таксономия негізін, түр концепциясын Альфа- (аналитилық систематика, микросистематика), бета- (макросистематика) и гамма- (түрішілік) систематикасын .оқып үйрену іс жүзінде қолдану.

Курстың қысқаша мазмұны: Систематика жайлы түсінік. Систематика және таксономия. Систематика и номотетика Таксономия және классификация. Қазіргі систематиканың негізгі бағдарламалары. В. Хенниг филогенетикалық систематикасы. Түрлерді анықтау.

Цитопатология

Мамандығы: 6М060700 – Биология, 6М060800 – Экология

Пререквизиттер: Клеткалық биология, қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, эволюциялық биология, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және технологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистерлік диссертацияларын орындау.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: Жасуша органеллаларының әртүрлі морфологиялық өзгерістерінің даму ерекшеліктері және гистологиялық бейнесін білуі.

Іскерліктер: Жасуша органеллаларының морфологиялық өзгерістерінін тааба білуі;

Дағдылар: гистологиялық препараттармен жұмыс істей алу, оларды дұрыс дайындау тәсілдері.,

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: сау ағза ұлпаларының қызметі мен құрылысымен танысу; цитохимияның әдістерімен танысу; патологиялық өзгеріске ұшыраған ұлпалардың ерекшеліктерін зерттеу.

Курстың қысқа мазмұны: әр түрлі ұлпалардың құрамына кіретін қалыпты клеткалардың құрылысы; мүше мен ұлпалардың қалыпты қызметі кезінде болатын морфологиялық өзгерістер; клетка құрылымдары мен қызметтерінің қайтымды және қайтымсыз өзгерістері; клеткалардың ісіктік қайта түрленуі; цитохимиялық зерттеулер әдістері.

ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫНЫҢ ТАҢДАУЛЫ ТАРАУЛАРЫ

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Биологиядан базалық білімі

Постреквизиттер: медициналық паразитология, эмбриология, гельминтология,

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: теориялық білім және түрлерді анықтау, топтардың қысқаша және толық сипаттау арқылы айырмашылықтарын ажырата білу:

Іскерліктер: омыртқасыз жануарлардың систематикасын білу.

Дағдылар: алынған нәтижелерді практикада қолдану.

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Омыртқасыз жануарлардың систематика негіздері, көпклеткалылардың шығу теориялары, биология және физиологиясы.

Курстың қысқаша мазмұны: Омыртқасыз жануарлардың қазіргі классификациясы. Төменгі сатыдағы целомды жануарлар. Radiata және Bilateria бөлімдеріне түсінік. Асимметрияның дамуы. Метамериялық даму /Аrticulata/. Метамерлі емес целомды жануарлардың сипаттамасы / сипункулид и эхиурид/

Буынаяқтылар бөлімі және Panarthropoda таксоны. Омыртқасыз жануарлардың филогенетикалық систематикасы.



ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мамандығы: 6М060700 – Биология, 6М060800 - Экология

Пререквизиттер: Биологиядан базалық білімі

Постреквизиттер: қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, mutational process, Genetic and cellcular engineering; ғылыми-зерттеу жұмыстары, магистерлік диссертацияны жазу.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: патологиялық процестердің биологиялық зерттеулерге жаңа әдістемелік білу

Іскерліктер: геосаяси және биосфералык процестерді түсінеді

Дағдылар: іргелі биологиялық мәселелерді анықтап; қазіргі заманғы жабдықтар мен есептегіш құралдардың көмегімен мамандандыру бойынша нақты мәселелерді шешу, лабораториялық, биологиялық зерттеулер жүргізу

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: патологиялық процесстердің зерттеу әдістерінің негізгі теорияларын меңгереді, осы саладағы отандық және шетелдік ғалым зерттеушілердің жетістіктерімен танысады; биологиялық зерттеулерге жаңа әдістемелік ыңғайлар табады; өркениетті сақтаудың даму жолдарын және болашағын, геосаяси және биосфералык процестерді түсінеді; кәсіби білімдерін қолданып биоалуантүрлілікті сақтаудың өмірлік ұстанымын көрсетеді; бар мәлiметтердi өз алдына талдайды; іргелі биологиялық мәселелерді анықтайды; қазіргі заманғы жабдықтар мен есептегіш құралдардың көмегімен мамандандыру бойынша нақты мәселелерді шешу кезінде міндет қояды және лабораториялық, биологиялық зерттеулер жүргізеді; биосфера туралы ілімнің негізін білгендігін, қазіргі заманғы биосфералық процестерді түсінуін, оларды жүйелі бағалауға және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудың салдарын болжау мүмкіндігін көрсетеді

Курстың қысқаша мазмұны: Патологиялық процестердің биоэкологиялық негіздері» курсы пәні және міндеттері. Патологиялық процестердің жалпы мінездеме және молекулалық механизмдері. Патологиялық процестердің трансформация кезеңдері. Бейімделудің биохимиялық ерекшеліктері. Бейімделу және оның кезендері. Орта факторлары. Патологиялық бейімделудің функционалдық жүйесі. Реттеуші механизмдері. Ағзанын эволюция кезінде қалыптасқан бейімделу және биохимиялық негіздері. Ішкі ортаның тұрақтылығы.

Эволюциялық биология

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Биологиядан базалық білімі

Постреквизиттер: Mutational process, Genetic and cellcular engineering; ғылыми-зерттеу жұмыстары, магистерлік диссертацияны жазу.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер: эволюцияның механизмдер және заңдары, эволюция жолдары

Іскерліктер: эволюциялық процестердің анализ, индукция және дедукция әдістері

Дағдылар: эволюция механизмдердің талдау, жалпы және синтетикалық эволюциялық теорияны өңдеу жүргізе алу.

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: эволюция процестердің негізгі механизмдер туралы мәлімет беру, сол процестерді түсіну және талдау, эволюциялық процестердің фундаментальды негіздерің беру.

Курстың қысқаша мазмұны: Эволюция биологияның қалыптасуы және дамуы. Эволюциянизмнің алғы шарттары. Эволюциялық теориялар Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері. Бейорганикалық заттардың және жүйелердің биологиялық эволюциясы. Эволюция дәлелдемелері.Табиғи популяциялардың өзгергіштігі - эволюция дәлелдемелері ретінде. Қазіргі заманғы эволюциялық теориялар.

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІКТЕРДІ САҚТАУ

Мамандық: 6М060700 - Биология

Пререквизиттер: Экология және тұрақты даму, ботаника, зоология

Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеушілік жұмыстар, магистерлік жұмыстар жазу.

Білімдер: магистрант биологиялық алуантүрліліктің құндылығы мен оның экожүйедегі және биосферадағы маңызын, оның тұрақтылығы білуі тиіс.

Іскерліктер: түрдің жағдайын, түрді сақтаудың тәсілдерін талдау.

Дағдылар: ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.

Курстың мақсаты мен келешек нәтижелері: Ғаламшардағы және Қазақстандағы биологиялық алуантүрліліктің қазіргі заманғы жағдайымен танысу. Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің жойылуына әкелетін себептерді білу. Түрлерді in vitro, ex situ, in situ сақтау тәсілдері туралы білім алу.

Курстың қысқаша мазмұны: Биологиялық алуантүрлілік, биоалуантүрлілік денгейлері туралы. Биоалуантүрлілік құндылығы. Экологиялық жүйедегі тұрақтылық пен төзімділіктегі биологиялық алуантүрліліктің маңызы. Биомдық алуантүрлілік. Биоалуантүрлілік мониторингісі. Генотип, популяция, экожүйе денгейіндегі биологиялық алуантүрлілікті сақтау әдістері.

Genetic and cellular engineering

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Клеткалық биология, қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, эволюциялық биология, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және технологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистерлік диссертацияларын орындау.

Білім: магистрант генетика және биохимия негіздері жайлы ұғымдарды, ДНҚ репликациясының тәсілдері мен механизмдерін, РНҚ және ақуыздардың синтездерін, сонымен қатар биохимиялық процестерге қатысушы ферменттерді білуі тиіс.

Іскерлік: ДНҚ бөлшектерінің өлшемдерін анықтау, электрофорез нәтижелерін талдау, ДНҚ секвендеу радиоавтографтарын оқу, гендерді клондау үшін оңтайлы векторларды анықтау.

Дағдылар: биологиялық сынамалардан ДНҚ бөлу, полимераздық тізбектік реакцияларды, ДНҚ электрофорездерін қою.

Курстың міндеті: гендік және клеткалық инженерияның методикасымен таныстыру; молекулярно-генетикалық процесстердің жалпы заңдылықтарын қарастыру; ДНК және РНК молекулаларымен жұмыс істеуді машықтандыру және т.б.

Курстың қысқаша мазмұны: гендік және клеткалық инженерияның тәсілдерінің анықтамасы, молекулярно-генетикалық процесстердің жалпы заңдылықтарын қарастыру, ДНК және РНК молекулаларымен жұмыс істеуді машықтандыру және т.б. Гендік терапияның мүмкіншіліктері мен медицинада қолдану.
Plants biotechnology

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Клеткалық биология, қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, эволюциялық биология, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және технологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистерлік диссертацияларын орындау.

Білім: магистрант генетика және биохимия негіздері жайлы ұғымдарды, ДНҚ репликациясының тәсілдері мен механизмдерін, РНҚ және ақуыздардың синтездерін, сонымен қатар биохимиялық процестерге қатысушы ферменттерді білуі тиіс.

Іскерліктер: өсімдіктер жасушаларынан бөлініп алынған ДНҚ және плазмидалық ДНҚ бөлшектерінің өлшемдерін анықтау, электрофорез нәтижелерін талдау, ДНҚ секвендеу радиоавтографтарын оқу, өсімдіктердегі гендерді клондау үшін оңтайлы векторларды анықтау. полимераздық тізбектік реакцияларды, ДНҚ электрофорездерін қою.

Дағдылар: өсімдіктердің жасушалары мен ұлпаларынан ДНҚ бөліп алу.

Курстың міндеті: өсімдіктер биотехнологиясында қолданылатын векторлармен таныстыру; трансгенді өсімдіктер алу тәсілдерімен таныстыру; ДНК алуға машықтандыру.

Курстың қысқаша мазмұны: биотехнология тәсілдері мен әдістері, плазмид анықтамасы мен классификациясы, плазмидті ДНК алу тәсілдері, ферменттердің рестрикциясы, өсімдік генетикасының негізі, трансгенді өсімдіктер алу тәсілдері және т.б.

Mutational process

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Клеткалық биология, қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, эволюциялық биология, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және технологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистерлік диссертацияларын орындау.

Білім: магистрант генетика және биохимия негіздері жайлы ұғымдарды, мутагенез механизмдерін, генетикалық кодтың қасиеттерін білуі тиіс.

Іскерлік: мутациялар түрлерін анықтау, хромосомалардың полиплоидтық және анеуплоидтық жиынтықтарын анықтау, хромосомалардық құрылымдық абберацияларын талдау.

Дағдылар: хромосомаларды кариотиптеу, микроядролардың препараттарын даярлау, жыныстық хроматинді анықтау үшін препараттарды бояу.

Курстың міндеті: магистранттарды хромосомалар қызметінің ауытқуларымен таныстыру; митоз бен мейоза патологиясының заңдылықтарын қарастыру; адам хромосомасының кариотипирапиясының анықтауды мақыштандыру.

Курстың қысқаша мазмұны: хромосомалардың құрылысы және нәзік құрылымы. Қалыпты және өзгерген картотипті хромосомалар жиынтықтарын зерттеу әдістері. Қалыпты және өзгерген картотипті хромосомалар жиынтықтарын зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдану. Жыныстық Х-хроматинді анықтау әдістемесі. Хромосомалардың картиотиптену әдістемелері. Микрофотосурет. Микроядроларды анықтау. Адам хромосомаларын дифференциалдық түсін өзгерту әдістері.

ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Клеткалық биология, қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, эволюциялық биология, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және технологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистерлік диссертацияларын орындау.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер:. адам ағзасының сыртқы ортамен байланысын заманауи психофизиологиялық әдістер арқылы зерттеу.

Іскерліктер: адам ағзасының түрлі әрекеттер жағдайындағы қызметтерін бағалау үшін заманауи психофизиологиялық әдістерді менгеру және құралдармен жұмыс істеу.

Дағдылар: зертханалық құралдармен, физиологиялық аспаптармен жұмыс істеу.

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: ағзаға сыртқы ортаның әртүрлі факторларына әсерін заманауи физиологиялық әдістер арқылы зерттеу; ағзаның функционалдық жүйесінің көрсеткіштерін заманауи әдістер арқылы зерттеу.

Курстың қысқаша мазмұны: адам ағзасының әрекеттерін зерттеу маңызы. Зерттеулердің экспресс тәсілдері және инвазивті емес әдістері. Ағзаның реттеу механизмі. Ағза әрекеттерін заманауи физиологиялық әдістер арқылы зерттеу.

ФИЗИОЛОГИЯДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Мамандығы: 6М060700 – Биология

Пререквизиттер: Клеткалық биология, қоршаған орта және биологиялық әртүрлілік, эволюциялық биология, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және технологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистерлік диссертацияларын орындау.

Құзыреттіліктер: кәсіби, тәжірибелік.

Білімдер:. адам ағзасының функционалдық көрсеткіштерін заманауи психофизиологиялық әдістер арқылы зерттеу.

Іскерліктер: адам ағзасын зерттеу мақсатында заманауи физиологиялық әдістерді менгеру және қазіргі замаңғы құралдармен танысып, жұмыс істеу.

жүктеу 16,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау