[]


PROBLEM OF A TECHNIQUE AND TEACHING HEI



жүктеу 16,46 Mb.
бет30/47
Дата01.01.2018
өлшемі16,46 Mb.
#6291
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
PROBLEM OF A TECHNIQUE AND TEACHING HEI

Мамандықтар: 6М011700–Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М020500– Филология

Пререквизиттері: Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Ежелгі дәуір әдебиеті, Қазақ әдебиетінің тарихы.

Постреквизиттері: Зерттеушілік практика

Білімі: Әдебиетті ЖОО-нда оқыту әдістемесі тарихы, теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелер, әдебиетті оқытудың жалпы маңызы мен принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығарманы жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері негізінде талданып зерделенеді.

Білігі: Оқыту барысында магистрантқа мынандай мәселелерді игерту ісі қолға алынады: әдебиетті оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері, әдебиет теориясының оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.

Дағдысы:. Сондықтан да әдеби-теориялық талдаудың жолдарын әдебиеттанудың өзге де салаларымен тығыз синтетикалық бірлікте саралау мейлінше қажет.

Құзыреттілігі:. Көркем шығарманы ғылыми тұрғыдан талдап, пайымдау, оның даму заңдылықтарын түсіну үшін бұл пәнді оқудың маңызы зор екендігін баса айтқымыз келеді.

Курстың қысқаша мазмұны: Оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері (Peculiarities of the organization of education process).

Пәннің мақсаты мен күтілетін нәтижелері: Жоғары білім беретін оқу орындарындағы өзге пәндер арасындағы әдебиет әдістемесі пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын, әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады
ТҮркІТАНУ МӘСЕЛЕСІ

Мамандықтар: 6М020500– Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: көне тарихы қазақ елінің тарихымен тереңнен сабақтасып жатқан түркі халықтары әдебиетінің жалпы даму заңдылығы мен өзіндік ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама беру; жекелеген елдер әдебиетінің тарихи-хронологиялық кезеңдерін ұлт тарихының даму ерекшелігімен бірлікте түсіндірі арқылы олардың әлем әдебиетінде алар орнын және әлемдік мәдениетті дамытудағы ықпалын айқындау; қазақ әдебиетімен тарихи-көркемдік сабақтастығын саралау.

Курстың қысқаша мазмұны: түркі халықтарының әдебиеті жөнінде жүйелі, тұтас түсінік қалыптастыру, жалпы даму заңдылығы мен өзіндік ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама беру; түркі халықтарының әдебиетін ұлттық әдебиетімізбен байланыста, тығыз бірлікте танып-білу, әр халық әдебиетінің дәуірлік кезеңдерге жіктелуіндегі басшылыққа алынған принциптерді есте ұстау.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер): Ұлт әдебиетінің тарихын мың жылға дейін тереңдетудегі іргелі еңбектерімен қазақ әдебиетінің түп төркіндерін айқындауға, осы бағытта жүргізілетін зерттеулердің ғылыми және әдіснамалық сипатына жаңаша концепция сіңірген Б.Кенжебаев ізденістерінің тәуелсіздік жылдары тереңдетілуін байыптау. Тарихи бастауын Сақ, Ғұн дәуірінен алып, Түркі қағанаты арқылы әлемдік алып империя, соған лайық түркі өркениетін қалыптастырған әдеби мұраның тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісін тарихи сабақтастық меңгеру.

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ әдебиетінің тарихы.

Постреквизиттер: Әдебиет теориясы, Түркі халықтарының тарихы, Шетел әдебиетінің тарихы, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Көркем шығарманы әдеби талдау, Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, Мәдениеттану, Эстетика, Ұлттану.
Фольклор теориясы

Мамандықтар: 6М020500– Филология, 6М011700–Қазақ тілі мен әдебиеті,

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: тек пен түрдің табиғатын тану, қазақ фольклорындағы жанр туралы ұғымдарды зерделу; бұл бағытта осы уақыт аясындағы фольклортану ғылымдарының жеткен жетістіктеріне назар аудару, қортынды тұжырымдарға назар аудару.

Курстың мазмұны: Қазақ фольклортану ғылымында эпостың табиғатына қатысты ізденіс жасап келеді. Жалпы фольклордың жазба әдебиетімен байланысы турасында тың тұжырымдары мен түйіндеулері бар. «Фольклор теориясы» пәнінен филология магистрлеріне арналған оқу әдістемелік кешенінің негізгі мақсаты тек пен түрдің табиғатын терең танып, қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктерін игеру ғылыми жағынан басты нысана болып табылады.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер):

«Фольклор теориясы» пәні бойынша жазылған дәрістерді игеріп, негізгі тақырыптарға қатысты ғылыми еңбектерді оқып, конспектілер жасауға дағдылану. Теориялық білімін өздігінен толықтыру үшін туыстас халықтардың мұраларын, орыс фольклоры және т.б. типологиялық салыстыру, айырма белгілерін ажырату, теориялық мәселе ретінде жанрларды жіктеп, практикалық жағынан талдай білуде белсенділік таныту талаптары жүктеледі.

Фольклор жанрларының пайда болуының себептерін, шығу тегі мен дамуын жете меңгеріп, фольклордың әрбір тек пен түрлерінде халықтың таным-түсінігі жатқандығы туралы ғылыми баяндамалар, реферат, курстық жұмыстар жазуға машықтану қажет.

Пререквизиттер: «Фольклор теориясы» пәнін оқып-игерудегі магистрлердің білімдік және дағдылары жиынтығы.

1. Фольклордың тек пен түрлерін ажырата білуді дағдыға айналдыру.

2 .Практика жүзінде жүзеге асыра алуды әдетке айналдыру

3.Фольклордағы түрлердің қоғамдық өзгерістерге қатысты дамып, қалыптасу заңдылықтарын есте ұстау.

4.Адамзат санасының өсіп-өркендеуін фольклордың жанрлары арқылы саралауды зейінде сақтау.

5.Фольклорлық жанрлардың жазба әдебиетіне әсер-ықпалына назар аудару. Эпикалық шығармалар заңдылықтарын танып, сюжет пен композицияның түрді тануға қызмет ете алатындығын пайымдай білу.

6.Фольклорлық жанрлардың жазба әдебиеті арқылы қайта түлеп, жаңаша теориялық тұрғыдан тұжырымдауға алып келетіндігін ғылыми негізде түйіндеуге әдеттену.

7.Жанрды танудағы ең бастысы уақыт пен кеңістік, сюжет пен мотив, сөз өрнегі мен тіл және стиль туралы ұғымдарды зерделеуді басты мәселе ретінде терең түсінік қалыптастыру қажет.



Постреквизиттері: «Фольклор теориясы» пәні тарих, философия, әдебиет теориясы, тіл білімі, педагогика–психология, музыка пәндерімен байланысты болып отырады. Ежелгі дәуір әдебиеті, ақын-жыраулар мұрасымен тығыз бірлікте түсіндіріледі.
АҢыз, Әпсана, миф поэтикасы

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: тек пен түрдің табиғатын танып, қазақ фольклорындағы жанр туралы ұғымдарды зерделеуі; фольклортану ғылымдарының жеткен жетістіктеріне назар аудару, қортынды тұжырымдарға назар аудару.

Курстың қысқаша мазмұны: Қазақ фольклортану ғылымында эпостың табиғатына қатысты ізденіс жасап келеді. Жалпы фольклордың жазба әдебиетімен байланысы турасында тың тұжырымдары мен түйіндеулері бар. «Фольклор теориясы» пәнінен филология магистрлеріне арналған оқу әдістемелік кешенінің негізгі мақсаты тек пен түрдің табиғатын терең танып, қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктерін игеру ғылыми жағынан басты нысана болып табылады.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер):

Аңыз, әпсана, миф поэтикасы қатысты терминдерді білу;

қазіргі қазақ көркем прозасын оқу;

кәсіби-әдістемелік міндеттерді шешуді үйрену;

тақырыптық және мазмұндық, образдық тұрғыдан көркем шығармаларға талдау жасай білу;

зерттеу жұмыстарын жүргізе алу.



Пререквизиттері: «Аңыз, әпсана, миф поэтикасы» пәнін игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы:

  • ХІХ ғасыр әдебиеті

  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

  • Қазіргі қазақ әдебиеті

  • Әдебиет теориясы

  • Фольклор теориясы

Қазақ әдебиеті сынының тарихы

Постреквизиттері: Пән мазмұнын игеру барысында студент меңгерген білімдер мен дағдылардың жинағы:

Тіл білімі, тарих, философия, педагогика, психология, қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, география.


Тіл білімінің / қазақ, орыс тіл білімінің // әдебиеттанудың / қазақ, орыс әдебиеттануының өзекті мәселелері

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Қазіргі тіл білімінің негізгі сипаттары.Жалпы тіл біліміндегі мектептерТіл ғылымы мен басқа ғылымдардың түйісуінен шыққан бағыттар.Функционалдық грамматика мәселелері.Функционалды синтаксистің негізгі ұстанымдары.Мәтін мәселелері.Тіл біліміндегі мәтін мен дискурс мәселелері. Әдебиеттану ғылымы және оның әдіснамасы мен әдістемесі туралы түсінік.Әдебиеттанудағы ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері мен ғылыми мектептер.Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің алғашқы әдіснамалық қадамдары.Ұлттық әдебиеттану әдіснамасындағы ғылыми теориялар.Қазақ әдебиеті сыны тарихы мен әдіснамалық мәселелері.Ұлттық әдебиеттанудағы ғылыми мектептер.XX ғасыр соңындағы қазақ әдебиеттануы.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер): Қазақ әдебиеттану ғылымы мен жалпы тіл білімі, сондай-ақ қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының әдіснамалық тұрғыда шешімін таппай келе жатқан мәселелерді ажыратуға, жаңа салалардың шығуымен, тіл білімінің, әдебиеттанудың басқа ғылымдарымен байланысына қатысты пайда болған мәселелерді оқытуға, ұлттық әдебиеттану мен білімінде толық зерттелмеген тұстарды таба білуге көмектеседі.

Пререквизиттер: «Фольклор теориясы» пәнін оқып-игерудегі магистрлердің білімдік және дағдылары жиынтығы.

1. Фольклордың тек пен түрлерін ажырата білуді дағдыға айналдыру.



2 .Практика жүзінде жүзеге асыра алуды әдетке айналдыру

Постреквизиттері:
Тіл білімінің /әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері //Қазіргі қазақ/орыс тіліндегі белсенді үдерістер //Көркем мәтін теориясы //Көркем мәтін интерпретациясы

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Шығармашылық табиғатын, сатыларын зерттеудің, оқып-үйренудің методологиялық, ғылыми және практикалық мәселелері, ондағы әдебиеттану мен философия ғылымдарының өзара тоғысу арналарын үйрету. Әдеби шығармашылықтағы философиялық аспектілер туралы көне дәуір мен қазіргі кезең ойшылдарының пікірлерін саралау. Өмір құбылыстарының көркем пішінге көшу процесін танытуда жазушының жеке психологиялық, философиялық-аналитикалық ойлау ерекшеліктерін тану. Ұлттық әдебиеттің тарихи кезеңдерінде қалыптасқан көркемдік-эстетикалық, идеялық-философиялық сипаттарды талдаудың жаңа әдістемелері қарастырылады

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер): Философия мен әдебиеттану ғылымының өзара тоғысар арналарын толық танып-білу. Шығарманың философиялық аспектілерін, теориялық негіздерін, ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игеру. Әдеби үдерістегі философиялық ойлау принциптерін жан-жақты талқылау. Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік ерекшеліктері, амалдары мен тәсілдеріне талдау жасау. Қазақ әдебиеті тарихындағы адам концепциясының тарихы, ол туралы философиялық ой-пікірлердің жетілу жолдарын анықтау. Ұлттық әдебиеттегі әдеби-философиялық ағымдардың өзіндік ерекшеліктерін тану. Шығармашылық психологиядағы қаламгердің философиялық ойлау жүйесіне талдау жасай білу. Қазіргі әдебиеттегі жаңа философиялық парадигмаларды айқындау

Пререквизиттері: Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ әдебиетінің тарихы, Әдебиет теориясы, Шетел әдебиетінің тарихы.

Постреквизиттері: Әдебиеттанудың өзекті мәселелері, Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Әдебиеттану ғылымының методологиялық мәселелері

Прагмалингвистика

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: қазақ лингвистикасының прагматикасын зерттеудің теориялық негіздерін білу; қазіргі лингвостилистикалық, Отандық және әлемдік тіл білімімен байланысын, ара–қатынасын түсіну; лингвостилистиканың жаңа бағыты – прагмастилистикаға ғылыми тұрғыда түсінік беру.

Курстын қысқаша мазмұны: ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысында зерттеу нысаны бола бастаған жалпы тіл біліміндегі жаңа салалардың бірі – прагмалингвистика туралы зерттеу жұмыстары. Пәнді оқытуда стилистика риторика, шешендік өнер, коммуникация, когнитивті лингвистика, тіл мәдениеті, прагматика, әлеуметтік лингвистика тығыз байланыстылығын және теориялық маңыздылығын практикада ұштастыра білу.

Оқыту нәтижесі: (құзіреттілігі)Прагмалингвистика“ атты іргелі теориялық курс магистратураның ерекшелігіне орай, ғылыми-педагогикалық маман даярлау міндетінен келіп шығатын қажеттіліктерге байланысты ұсынылған. Қазақ тіл білімін әлемдік тіл білімі аясында қарай білуді меңгеруге де бағытталады.

Пререквизиттер:. Жалпы тіл білімі. Тіл біліміне кіріспе. Қазіргі қазақ тілі. Тіл мәдениеті және стилистика. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау.

Постреквизитер Когнитивтік лингвистика. Психолингвистика. Этнолингвистика. Әлеуметтік лингвистика. Лингвомәдениеттану. Концептология. Прагмастилистика.
ЛирикалыҚ, эпикалыҚ жанрлар теориясы

Мамандықтар: 6М020500– Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: лирикалық, эпикалық жанрлар теориясы тарихын қарастыру; лирикалық жанрдың түрлерін, нақты мысалдар арқылы талдап көрсету; лирикадағы өлең құрылысы; эпикалық жанр түрлеріне баға беру; роман, оның даму эволюциясы; жанрларды зерттеудің әдіснамалық-әдістемелік негіздері.

Курстың қысқаша мазмұны: «Лирикалық, эпикалық жанрлар теориясы» пәні жалпы әдебиет теориясының ең негізгі, әрі орталық мәселесі. Жанрлар теориясы әр кезеңде өзгеріп, түрлі көзқарастармен толықтырылып отырды. Лирика жанрының эволюциясы, даму сатылары кезеңіндегі теориялық ой-пікірлерді жинақтай отырып, лириканың қазіргі дәуірдегі сипатын қарастыру, лирикалық тұлға мәселесі, оның түрлі ассоциацияларына көрінісі жаңаша талдауларды қажет етіп отыр. Эпикалық жанрлардың даму деңгейі ұлттық әдебиеттің қазіргі кезеңдегі дамуының көрсеткіштерінің бірі бола алады.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер):

  • әдебиет теориясына қатысты терминдерді білу;

  • қазіргі қазақ көркем прозасын оқу;

  • кәсіби-әдістемелік міндеттерді шешуді үйрену;

  • тақырыптық және мазмұндық, образдық тұрғыдан көркем шығармаларға талдау жасай білу;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізе алу.

Пререквизиттері: пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы:

  • ХІХ ғасыр әдебиеті

  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

  • Қазіргі қазақ әдебиеті

  • Әдебиеттануға кіріспе

  • Фольклор теориясы

  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы

Постреквизиттері: Пән мазмұнын игеру барысында студент меңгерген білімдер мен дағдылардың жинағы:

  • Тіл білімі

  • Әдебиеттану

  • Тарих

  • Философия

  • Педагогика

  • Психология

  • Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы

  • География


ТҮркі тілдерін тарихИ–салыстырмалы зерттеу мәселесі

Мамандықтар: 6М020500– Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: түркітану – тіл білімінің бір ғылыми саласы. Түркі тілінің салыстыра зерттеу дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір жүйеге келген ғылым саласы екенін магистранттарғк түсіндіре отырып, оларға оны меңгертудің жолдарын үйрету. Бұл магистранттардың шығармашьшық тұрғыдан Ізденуіне, ғылыми жұмыстың әдіс-тәсілін меңгеруге көмектеседі, лингвистикалық талдауға, оны игеруге мүмкіндік туғызады.

Курстың қысқаша мазмұны: түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу мәселелері“ пәнінде түркі тілдері, оның аясындағы түркі жазба ескерткіштері, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы қарастырылып, тарихи-салыстырмалы зерттеулерге қойылатын талаптар, түркітануға байланысты орта ғасырлардағы зерттеулер, түркітанудың ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы және қазіргі кездегі зерттелуі, түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы және ондағы негізгі дәуірлер, түркі тілдеріне жасалған тілдік жіктеулер, жеке түркі тілдерінің зерттелу жайы мен дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылысындағы негізгі белгілері сияқты мәселелер енеді.

Оқыту нәтижесі: (құзіреттілігі)Тілдік туыстық ерекшеліктерін анықтауға, салыстыра оқу, зерделеуге, туыстас түркі тілдерінің тілін үйренуге, өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын меңгеруге болады.

Пререквизиттер: Тіл біліміне кіріспе, қазақ диалектологиясы, ежелгі дәуір әдебиеті, орта Азия халықтары әдебиетінің тарихы.

Постреквизитер: Қазақ әдеби тілінің тарихы, тарихи-салыстырмалы тіл білімі, қазақ тілінің тарихи грамматикасы
ҰлттыҚ фольклордыҢ зерттелу тарихы

Мамандығы: 6М020500-Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: фольклорлық жанрлардың жазба әдебиетіне әсер-ықпалына назар аудару; эпикалық шығармалар заңдылықтарын танып, сюжет пен композицияның түрді тануға қызмет ете алатындығын пайымдай білу; фольклорлық жанрлардың жазба әдебиеті арқылы қайта түлеп, жаңаша теориялық тұрғыдан тұжырымдауға алып келетіндігін ғылыми негізде түйіндеуге әдеттену.

Курстың қысқаша мазмұны: Бұл кешенде «Ұлттық фольклордың зерттелу тарихы» аталатын оқу пәнінің негізгі лекциялық және практикалық сабақтарына қажетті библиографиялық ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдары, қосымша әдебиеттер толық қамтылған. Әр тарауға қатысты тақырыптар жүйеленіп беріледі. Оқу-әдістемелік кешен магистранттар мен осы проблема бойынша жұмыс жасап жүрген ізденушілерге сай нақты жасалды.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер):

- халық ауыз әдебиетінде ерлікті дәріптеген, ел қорғаған батырларды бейнелеген аулан түрлі жырлар, толғаулар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздері арқылы оқушыларды ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеуде пайдалану;

- патриотизм , Қазақстандық патриотизм , ұлттық патриотизм , елжандылық ұғымдарға ғылыми анықтамаларды нақтылау;

- оқушыларға ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық мағынасын анықтау;

- ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің моделін ұсыну;

- ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін негіздеу.



Пререквизиттері: Ұлттық фольклордың зерттелу тарихынан толық және жан-жақты білімді болу.

Постреквизиттері: Пәнді оқытудан алған білімдерін күнделікті практикада пайдалана алады.
КӨРКЕМ МӘТІН ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

Мамандығы: 6М020500-Филология

Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, морфологиясы, сөзжасамы, синтаксисі

Постреквизиттері: Когнитивтік лингвистика. Психолингвистика. Қазақ әдеби тілінің тарихы.

Білімі: Көркем мәтін интерпретациясы пәнінде мәтін типологиясы және көркем мәтінді зерттеу бағыттарын көрсету, көркем мәтіннің семантикалық, яғни концептуалды, денотативтік, эмоционалдық кеңістігін құрайтын тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, көркем мәтін санаттарын нақтылау, мәтінтүзуші фоносемантикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлардыайқындау.

Білігі: мәтін типологиясын ажырата алады және көркем мәтінді зерттеу түрлерін (лингвистикалық түсініктеме, лингвостилистикалық түсініктеме, лингвопоэтикалық талдау) меңгереді.

Дағдысы: Көркем мәтінді жанрлық тұрғыда ажыратуға және мәтін санаттарын нақтылауға дағдыланады, ұсыну қағидаты және мәтіннің күшті позицияларын анықтауға машықтанады

Құзыреттілігі: Мәтіннің функционалдық типтерін ажыратады, құрастыра алады, мәтін түзу заңдылықтарды меңгереді.

Курстың қысқаша мазмұны: Көркем мәтін интерпретациясы – автор интенциясын адекватты, дұрыс түсіну бағыттарын көрсететін пән. Көркем мәтін интерпретациясы курсының негізгі нысаны – көркем шығарма, оның горизонтал және вертикал контексі, көркем мәтіндегі графикалық құралдар, көркем мәтіннің күшті позициялары мен олардың мәтін семантикасын түзудегі қызметі, мәтінаралық байланыстар.

Пәннің мақсаты мен күтілетін нәтижелері: Көркем мәтін интерпретациясы курсында мәтін типологиясы және көркем мәтінді зерттеу бағыттарын білу, тілдік тұлғаның танымдық кеңістігінің қалыптасуындағы ерекшеліктерді көрсету, тілдік тұлғаның тілдік-мәдени құзыретін қалыптастыру.
ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

Мамандығы: 6М020500-Филология

Пререквизиттері: Тіл білімі, Жалпы тіл білімі, Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қазақ академиялық грамматикасы

Постреквизиттері: Әлеуметтік лингвистика, Тіл және таным, Прагмалингвистика

Білімі: ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы тіл білімі ғылымының дамуы антропоцентристік бағыттағы зерттеулермен сипатталады. Антропоцентристік парадигма тілді санамен байланыста қарастырып, тілдің таным үдерістеріне, тұлғаға, яғни тілді адам арқылы анықтауға бағытталатынын біледі.

Білігі: ХХ ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті мен ішкі жан дүниесін белгілейтін тілдік құралдардың қай-қайсысында да мәдениет пен тілдің, ұлт пен психологияның қарым-қатынасы көрінетінін дәлелдеуге үйретеді.

Дағдысы: Қазіргі қазақ тіл білімінде дамып келе жатқан жаңа бағыттар мен салалар туралы түсінігі қалыптасады, ғылыми ізденістерде қолдануға дағдыланады.

Құзыреттілігі: Курста қазақ тіл білімінде қалыптасып келе жаңа ғылым салаларының теориялық негіздері жөнінде мәлімет алады. Алған білімін кәсіби деңгейде, ғылыми зерттеулер жүргізу барысында қолданады.

Курстың қысқаша мазмұны: ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында тіл білімі ғылымында қалыптаса бастаған психолингвистика, этнолингвистика, компьютерлік лингвистика, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика және паралингвистика сияқты салаларға шолу жасалады, отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерінің негізінде тіл біліміндегі соны теориялық мәселелер қарастырылады.

Пәннің мақсаты мен күтілетін нәтижелері: Әр халықтың дүниетанымдық тәжірибесінен туындаған ұлттық менталитет пен рухани болмысты сипаттайтын ұлттық нышанға ие тұлғалар, ұлт мәдениетінің басты сипаттарының белгіленуі, қоршаған ортаның тіл арқылы суреттелуіндегі ұлттық этникасына тән ерекшеліктер әдебиет, мәдениет, философия, антропология, психология, таным теориясы сияқты ғылымдармен байланыстыра қарастыру. Соны зерттеулерден хабардар болады және ғылыми жұмыстарында пайдалана алады.
ТҮРКІ ТІЛДЕРІН ТАРИХИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мамандығы: 6М020500-Филология

Пререквизиттері: «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Көне түркі тілі». Постреквизиттері: «Тіл біліміндегі жаңа бағыттар», «Этнолингвистика».

Білімі: Көне жазбалардың өздері туралы нақты мәліметтермен қоса, ескерткіштер тілінің ерекшеліктерін және қазіргі түркі тілдерінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисін, ерекшеліктеріне қатысты тарихи дамуын меңгерту.

Білігі: көне түркі жазу ескерткіштерінің тіліне лексика-грамматикалық талдау жасауды, негізгі ерекшеліктерінің сипатын қазіргі қазақ және басқа түркі тілдеріндегі көрінісімен салыстыруды және ерекшеліктерін себебін анықтауды үйрету.

Дағдысы: Түркі тілдерінің жалпы сипатына, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне, қазіргі түркі тілдерінің мәтіндеріне лексика-грамматикалық талдау жасай білу және түркі тілдерінің фонетикасы мен лексикасындағы, грамматикасындағы ерекшеліктердің себебін аша білуге дағдыланады.

Құзыреттілігі: Көне, орта түркі жазба ескерткіштері, олардың сипаты және дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылысындағы негізгі белгілерін қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдерімен салыстыра отырып, тарихи-салыстырмалы зерттеуге қатысты білімдерін оқыту процесі кезіндегі кәсіби деңгейде қолдана алады.

Курстың қысқаша мазмұны: Түркі тілдері, оның аясындағы түркі жазба ескерткіштері, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы қарастырылып, тарихи-салыстырмалы зерттеулерге қойылатын талаптар, түркітануға байланысты орта ғасырлардағы зерттеулер, түркітанудың ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы және қазіргі кездегі зерттелуі, түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы және ондағы негізгі дәуірлер, түркі тілдеріне жасалған тілдік жіктеулер, жеке түркі тілдерінің зерттелу жайы мен дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылысындағы негізгі белгілері сияқты мәселелер енеді.

Пәннің мақсаты мен күтілетін нәтижелері – магистранттарға түркі тілдерінің зерттелуі мен дамуы, қалыптасуы жайынан түсінік беріп, түркітанудың негізгі проблемалары және оның қазіргі міндеттерімен таныстыру, түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. Магистранттарға түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы, лексикасы, грамматикасының тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғызу.
ПРАГМАЛИНГВИСТИКА

Мамандығы: 6М020500-Филология

Пререквизиттері: «Қазіргі қазақ тілінің академиялық грамматикасы», «Когнитивті лингвистика», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Қазақ тілінің стилистикасы».

Постреквизиттері: «Тіл біліміндегі жаңа бағыттар», «Мәтін интерпретациясы», «Этнолингвистика».

Білімі: Лингвистиканың жаңа бағыты – прагмалингвистиканың қалыптасуы, дамуы жайында ғылыми тұрғыдан түсініп, терең біліп шығады. Прагмалингвистика теориясын, зерттеу әдістерін, өзекті мәселелер туралы біліп шығады.

Білігі: Прагмалингвистика- тіл біліміндегі жаңа бағыт болып табылатындығын түсіндіре отырып, оның мақсат- міндетін, зерттеу нысанын, бағытын айқындау.

Дағдысы: Прагмалингвистиканың қазіргі лингвостилистикалық, Отандық және әлемдік тіл білімімен байланысын, арақатынасын түсініп, терең тануға дағдыланады. Лингвостилистиканың жаңа бағыты – прагмастилистикаға ғылыми тұрғыда түсінік беру, зерттеу әдістеріндегі жаңалықтарды іздеп табуға дағыланады.

Құзыреттілігі: курста қазақ тілінің жүйесінен, диахрониялық және синхрониялық сипаты жөнінде алған білімін бекітіп, қазақ тіл білімін әлемдік тіл білімі аясында қарай білуді меңгеруге де бағытталады. Прагмалингвистикалық бағыттарды білу. Прагмалингвистика теориясынан, тілді зерттеу әдістерінен хабардар болу.

Курстың қысқаша мазмұны: Курста прагмалингвистика
ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕСІН КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯЛАУ

Мамандықтар: 6М011700–Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М020500– Филология

Пререквизиттері: Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Ежелгі дәуір әдебиеті, Қазақ әдебиетінің тарихы.

Постреквизиттері: Зерттеушілік практика

Білімі: кәсіби міндеттерді және өзге ұлттардың мәдениетіне төзімділік қатынас құралы ретінде шетел тілінің тілдік қабілеттілігін дамыту. Мәдениаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру; Стратегиялық құзыреттілікті қалыптастыру.

Білігі: Берілген жағдаяттарда шетел тілінің лингвистикалық тәсідермен нақты қарым-қатынастық тапсырмаларды шешу; басқа тілдердің ғылыми сипаттағы әдебиетін танытатын тілдік тұлғалар (терминдер мен терминдік тіркестер), яғни арнаулы атаулар мен мәтіндердің аударылу жайы туралы білім алады.

Дағдысы: Білім-біліктерін ғылыми зерттеу жұмысы бойынша баяндама, курс жұмысын, магистрлік диссертация жазуда қолдана алады. және нақты шешімдерді қарастыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет-термен жұмыс істеуге дағдыланады.

Құзыреттілігі:. Көркем шығарманы ғылыми тұрғыдан талдап, пайымдау, оның даму заңдылықтарын түсіну үшін бұл пәнді оқудың маңызы зор екендігін баса айтқымыз келеді.

Курстың қысқаша мазмұны: Пәнді оқыған соң пайда болған білім-біліктерін ғылыми зерттеу жұмысы бойынша баяндама, курс жұмысын, магистрлік диссертация жазуда қолдана алады. және нақты шешімдерді қарастыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет-термен жұмыс істеуге дағдыланады.

Пәннің мақсаты мен күтілетін нәтижелері: Әртүрлі зерттеу жұмыстарымен танысып, жүйелей алады, зерттеудің қолжазбасын жазу әдістемесін үйренеді; ғылыми зерттеуді әртүрлі деңгейдегі конференциялар мен ғылыми жинақтарға ұсына алады; ғылыми зерттеуді ресімдей және қорғай алады.
ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМНЫҢ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мамандықтар: 6М011700–Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М020500– Филология

Пререквизиттері: Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Ежелгі дәуір әдебиеті, Қазақ әдебиетінің тарихы.

Постреквизиттері: Зерттеушілік практика

Білімі: : Ақпараттық технологиялар туралы, түзету-білім беру үрдісін қамтамасыз ету құралы ретіндегі түсінік туралы; қолдануға қойылатын талаптар туралы; бұзылыс түріне байланысты әртүрлі ерекшеліктері туралы білу.

Білігі: Арнайы білім берудің заманауи технологияларына баға бере білу, түзету –педагогикалық процесін ұйымдастыра білу.
Дағдысы:. арнайы білім беруде заманауи құралдарды жетік пайдалану.Сондықтан да әдеби-теориялық талдаудың жолдарын әдебиеттанудың өзге де салаларымен тығыз синтетикалық бірлікте саралау мейлінше қажет.

Құзыреттілігі:. кәсіптік, коммуникативтік

Курстың қысқаша мазмұны: педагогикалық технология, білім беру технологиясы түсініктеріне түрлі жандасуларды қарастыруға бағытталған, олар белсендіру және оңтайландыру негізінде оқу процессін жетілдірудің, студенттердің танымдық іс-әрекетін басқарудың ақпараттық дәстүрлі оқыту әдістерден интерактивтік оқыту әдістеріне өтудің проблемаларын қарастырады
ТҮркі халыҚтарыныҢ Әдебиеті

Мамандықтар: 6М020500– Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: көне тарихы қазақ елінің тарихымен тереңнен сабақтасып жатқан түркі халықтары әдебиетінің жалпы даму заңдылығы мен өзіндік ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама беру; жекелеген елдер әдебиетінің тарихи-хронологиялық кезеңдерін ұлт тарихының даму ерекшелігімен бірлікте түсіндірі арқылы олардың әлем әдебиетінде алар орнын және әлемдік мәдениетті дамытудағы ықпалын айқындау; қазақ әдебиетімен тарихи-көркемдік сабақтастығын саралау.

Курстың қысқаша мазмұны: түркі халықтарының әдебиеті жөнінде жүйелі, тұтас түсінік қалыптастыру, жалпы даму заңдылығы мен өзіндік ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама беру; түркі халықтарының әдебиетін ұлттық әдебиетімізбен байланыста, тығыз бірлікте танып-білу, әр халық әдебиетінің дәуірлік кезеңдерге жіктелуіндегі басшылыққа алынған принциптерді есте ұстау.

Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер): Ұлт әдебиетінің тарихын мың жылға дейін тереңдетудегі іргелі еңбектерімен қазақ әдебиетінің түп төркіндерін айқындауға, осы бағытта жүргізілетін зерттеулердің ғылыми және әдіснамалық сипатына жаңаша концепция сіңірген Б.Кенжебаев ізденістерінің тәуелсіздік жылдары тереңдетілуін байыптау. Тарихи бастауын Сақ, Ғұн дәуірінен алып, Түркі қағанаты арқылы әлемдік алып империя, соған лайық түркі өркениетін қалыптастырған әдеби мұраның тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық даму үдерісін тарихи сабақтастық меңгеру.

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ әдебиетінің тарихы.

Постреквизиттер: Әдебиет теориясы, Түркі халықтарының тарихы, Шетел әдебиетінің тарихы, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Көркем шығарманы әдеби талдау, Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, Мәдениеттану, Эстетика, Ұлттану.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Мамандықтар: 6М020500– Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер:

оқытылатын пәннің мақсат-міндеттері мен жаңашылдығы, ғылыми өзектілігі. Филологияның басқа пәндерімен және арнаулы курстарымен тектестік, пәнаралық байланыстылық негізі туралы мағлұмат. Ғылыми және практикалық маңызы. Басты қарастыратын мәселелер мен тақырыптар туралы түсінік. Курсты жүргізудегі берілуге тиісті білім мен зерттеушілікке баулудағы меңгеруге қажетті, ұғым-түсініктер, әдіс-тәсілдер сипаты. «Шығармашылқ психологиясы» аталатын магистратураның І оқу жылына арналған пәннің осы сала бойынша барлық білімдер жиынтығын меңгеру мақсатында жасалған. Көркем шығармашылық психологиядағы әлемдік және жақын шетел әдебиеттану ғылымдары қол жеткізген теориялық және әдіснамалық ізденістер, жазушы шеберханасын зерттеу әдіс-тәсілдерінің ғылыми сипаты толық қамтылған. Пәнде қамтылған тақырыптар магистранттардың шығармашьшық тұрғыдан ізденуіне, шығармашылық еңбектің ерекшеліктерін меңгеруге көмектеседі, оны игеруге мүмкіндік туғызады.



Курстың қысқаша мазмұны: шығармашылық пен

шығармашылық еңбектің болмыс-бітімі.  Шығармашылық еңбектің шығу тегі. Шығармашылық үлгілердің тектері мен түрлері. Шығармашылық психология және көркемдік ойлау. Шығармашылық психология және көркемдік әдіс. Стиль және жазушының шығармашылық зертханасы. Әдеби шығарамашылық: дәстүр мен жаңашылдық. Тарихи шындықты көркемдік шындыққа айналдырудың шығармашылық тәжірибелері. Суреткердің шығармашылық жұмыс тәртібі, әдебі мен әдеті. Авторлық редакция. Шығармашылық психологияны танып-білудегі мемуарлық романның орны. Шығармашылық психологиясы және цензура.



Оқытудың нәтижелері (құзыреттіліктер): Көркемдік таным, оның эволюциялық жолын толық танып-білу. Шығарманың жазылу сипаттарын, теориялық негіздерін, ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты игеру. Қаламгердің көркем ойлау принциптерін жан-жақты талқылау. Әдеби шығармашылық психологиясының ерекшеліктері, шығармашылықтың амалдары мен тәсілдеріне, әдістеріне талдау жасау.Әдеби шығарманың шығармашылық тарихы, шығармашылық еңбектің тектері мен түрлерін қамту. Жазушының шығармашылық шеберханасының ерекшеліктерінің негізгі сипаттарын айқындай білу. Шығармашылық психологияны ауқымды түрде талдау жасай білу. Ғылыми-зерттеу әдістерін айыра білу және өзіндік ерекшеліктерін тану.

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе, Ежелгі дәуір әдебиеті, Қазақ әдебиетінің тарихы, Көркем шығарманы әдеби талдау, Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, Психология.

Постреквизиттер: Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Әдебиеттану ғылымының методологиялық мәселелері.

Абай жӘне ҰлттыҚ Әдеби тіл

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: Абай тілінің ішкі мағыналық құрылымын анықтау; Абай лексикасындағы кейбір сөздердің шығу төркінін айқындау; Абай лексикасындағы сөздердің мағыналық байланысын ашу; Ақын шығармалары тілінің лексикасын талдау, морфемдік талдау және этимологиялық талдауға үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Лингвистикалық теориялардың (тілдік талдаулардың) негізгі тұжырымдарымен таныстыру; Абай шығармалары тілі ерекшеліктерінен толық мғлұмат беру; Қазіргі заман тіл ғылымының дамуына сай жаңа технология бойынша модульдік жүйемен

Оқыту нәтижесі: (құзіреттілігі): Абай шығармалары тілі арқылы сол кездегі қазақ әдеби тілінің жай-күйімен, оның негізгі нормаларымен, басты-басты үлгі-үрдістеріне ғылыми талдау жасай, тіл білімінің тарихында болған үрдістерді біліп, оның өзектілігін пайымдай, әдеби тілдік нормалардағы теориялық жаңалық, бағыттарды қазақ тілі материалдарына пайдалана алады.

Пререквизиттер:. Стилистика. Тіл мәдениеті. Әдеби тілдің тарихы. Тарихи грамматика.

Постреквизитер: Көркем мәтінді интерпретациялау. Прагмастилистика. Тіл және таным.
ЖУРНАЛИСТИКА ДЕОНТОЛОГИЯСЫ

мамандығы бойынша: 6M050400-Журналистика

Пәннің мақсаты мен күтілетін нәтижелер: өз міндеттерін өзінің кәсіби сана мен көзқарасын қалыптастыру, журналистердің кәсіби мінез-құлық реттейтін құқықтық және этикалық ережелер жиынтығы ретінде этика мәнін Expand. кәсіби борышын және журналист жауапкершілік ғылым ретінде этика зерттеуге магистранттар көмектесу. тілі мен демократиялық мемлекеттің БАҚ стилі даму үрдістерін көрсету.

Курс Outline: журналистика этикалық стандарттар. журналистика этика жүйесінде этика, БАҚ туралы заңның кодтары. ақпаратты алу әдістері. ақпарат көздері. журналист және ақпаршы: жауапкершілігі мәселе. медиа мазмұнының құру бостандығы шекаралары: құндылық бейімделуінің. өзін-өзі реттеу қағидалары мен әдістері. бұқаралық ақпарат құралдарында Co-реттеу. журналист және Редакция. БАҚ, мемлекеттік, азаматтық қоғам. экономикалық қатынастардың этикасы. бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына сот істері негізгі себептері.

Құзыреті: дұрыс ең қолайлы және перспективалы тілдік нұсқаларын таңдауда басшылыққа контексте талаптарына, жауап өзін-өзі кәсіби және моральдық orientatsii.Chutko үшін әлеуетін дамыту.

БАҚ басылымдары, материалдар, радио және теледидар, олардың жанрлық қатыстылығы тұрғысынан талдауға: мүмкіндігі болуы үшін.

білуі керек: материалдық техника мен баспа БАҚ-, радио және теледидар дана материалға (редакциялау) өңдеу әдістерін құру.

дағдысы болуы: әр түрлі медиа жанрда материалдар мен тақырыптар дайындау.

Қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары жанрлық сәйкестілік саласындағы және баспасөз, радио және теледидар материал дайындау алады: құзыретті болуы.

Пререквизиттер: Тіл және БАҚ стилі, қазіргі заманғы журналистік мәтін сөйлеу этикетін

Постреквизиттер: Ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік тәжірибе.
Конвергент журналистика

Мамандығы: 6М050400-Журналистика

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: магистранттардың әр түрлі сипаттағы конвергенттік баспасөз үшін веб материалдарды даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын біліктілігін қалыптастыру.

Курстың міндеті:

БАҚ жүйесіндегі конвергенттік журналистиканың өзіндік ерекшелігі;

Конвергенттік журналистика және оның ақпараттық ресурстарының құрылымы;

виртуальды құрылымдар, мультимедиа технологиясының архитектоникасы;

Конвергенттік журналистиканың жанрлары мен пішіндері;

Интернет қызметін реттеудің қазіргі заманғы құқықтық жүйесі;

желілік жарияланымдардың психологиясы.



Күтілетін нәтижелер: Публицист шығармашылығын оқытып, оның шеберлік шарттарымен жазу машығын үйрену магистр мамандары үшін аса маңызды болып табылады. Әсіресе, магистранттар үшін сөз құдіретін, жазу машығын қалыптастырудың алғы шарттарын үйрену, оны игеру бірден-бір қажеттілікті талап етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі тетігі сөз өнері. Сондықтанда магистранттардың даярлауда бұл пәннің тигізер әсері мол болмақ.

Курстың қысқаша мазмұны: магистранттарды желілік журналистиканың ерекшелік сипаттарымен, конвергенттік жірналистиканың пайда болу және дамуымен, желіні пайдаланып жұмыс істеу әдістерімен, веб парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесімен, сайттарды басқару жүйесімен таныстыру, желілік журналистиканың жанрлары мен пішіндерін меңгеруі, веб-журналистің еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер және қағидалармен, Конвергенттік журналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру. Оқыту барысында дәрістермен қатар практикалық сабақтар қарастырылады, оларда конвергенттік БАҚ-тың ерекшелігін, ақпаратты беру тәсілдерін, желілік жүйелерді табысты жүргізудің принциптерін; web-дизайн және web-коммуникация негіздерін меңгеруіне көңіл бөлінеді.

Құзіреттілік: магистранттың міндеті

Конвергенттік журналистикада жұмыс істеуге; қажетті ақпаратын табуға; әр түрлі жанрлар мен стильдерді қолданып веб-парақшалар жасауға; веб-сайттар дизайнын жасап, безендіруге және желідегі ақпараттың сапасын бағалай білуге.



Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Пәнді оқытудан алған білімдерін күнделікті практикада пайдалана алады.
Әлем ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан

Мамандығы: 6М050400-Журналистика

Курстың мақсаты және күтілетін нәтижелер: әлемдік ақпараттық кеңістікте қазіргі заманғы журналистиканың маңызы мен рөлі, негізгі мәселелері

-БАҚ тарихи дамудағы бұқаралық ақпарат институты екенін көрсету; қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның өркениеттің жаңа сатысы ретінде журналистиканың бұқаралық моделінің ерекшелігін крсету.



Күтілетін нәтижелер: магистрант курсты зерделеу нәтижесінде журналистиканың дамуының тарихи заңдылықтары туралы білім жүйесі мен оның қоғамдағы орнын біледі. Курстың қысқаша мазмұны: қазіргі заманғы әлемдегі бұқаралық коммуникация; Қазақстан мен әлемдегі ақпараттық қоғамның дамуы; Коммуникациялық даму: ұлттық және халықаралық аспектілер; Жаһандандыру кезеңіндегі ұлттық және халықаралық аспектілер; Жаһандандыру кезеңіндегі мемлекет: экономика, саясат, қауіпсіздік; Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының БАҚ дамуы: негізгі кезеңдері және қазіргі заманғы жағдайы; Журналистика мен демократия; Мемлекеттік жаңа саяси курсы; Әлеуметтік- экономикалық модернизация – Қазақстанның дмуының басты векторы.

жүктеу 16,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау