№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының


Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі



жүктеу 4,99 Mb.
бет4/15
Дата01.12.2017
өлшемі4,99 Mb.
#2640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

Фармацевтикалық сала бойынша облыста шығарған көлемі 2009 жылы 7576,33 млн.теңге, физикалық көлем индексі 2008 жылы 144,2 % құрайды. 2010 жылы өткізілген өнім көлемі 11171,8 млн. теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 147,9 % құрайды. 2014 жылы бұл сала бойынша өңдеу өнеркәсібі облыс көлемінде 4,2 % құрайды.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдар) жүзеге асырылу барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы - 10325,3 млн.теңге (НКИ-108,7 %), 2012 жылы 14802,4 млн.теңге (НКИ-73,0 %), 2013 жылы - 15110,6 млн.теңге (НКИ-73,7 %) өнім өндірілді, 2010 жылы нақты көлем индексі 58,5 % (2008ж.-124,7%) құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 15495,8 млн. теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 89,2% құрады. Даму бағдарламасының (2011-2014 жж.) жүзеге асырылуы барысында 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 52,2% (2008 жылға – 111,3%) құрады.

Фармацевтика саласы облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінде 2010 жылдың қорытындысы бойынша 5,3% құраса, 2013 жылы – 4,2%, 2014 жылы – 3,7% құрады.

Облыстың фармацевтикалық саласы келесі кәсіпорындардан құрылған: олардың ішінде ірісі – «Химфарм» АҚ, орталары – «Зерде-Фито» ЖШС, «Рауан» ҒӨО (ғылыми өндіріс орталығы) ЖШС және басқа да шағын мекемелер.

«Химфарм» АҚ - 1882 жылы Иванов пен Савинков көпестерімен негізі қаланған әлемдегі көне фармацевтикалық мекемелердің бірі. Зауыт 200 астам дженерикті және ерекше дәрілік препарттарды капсула, таблетка формасында, ампуладағы егу ерітінділерін, шырындар, тұнбалар, майлар, жұмсақ дәрілік формаларды (жаққыш майлар, линименттер, суппеозитрийлер), 24 фармакологиялық топтағы сулы және спиртті тұнбаларды өндіреді.

Ұзақ уақыт зауыт фармацевтикалық субстанцияларды шығару барысында нақтылай маманданды. Болашақтағы дәрілік өнімдер үшін шикізаттар Ресей, Белорусия, Украина, Прибалтика республикаларына және дайын препараттар өндірілетін алыс шет елдерге жеткізілетін.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында «Химфарм» АҚ фармацевтикалық препарттарды 8 091,0 млн. теңгеге шығарған немесе оның физикалық көлемінің индексі 2009 жылдың кезеңіне қатысты 105,8 % құрады. 2012 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 14802,4 млн. теңгені, 2011 жылға қарағанда НКИ 73,0 % құрады. 2008 жылмен (5433,7 млн. тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 2,7 есеге ұлғайды. Мекемеде тұрақты түрде өндірістің модернизациясы және жетілдіру, өндірілетін өнім көлемдерін өсіру, тиімділігі жоғары сұрынсқа ие медициналық препартаттардағы ассрртиментін жаңарту шаралары жүргізіліп отырады, өнім сапасына аса көп назар аударылып отырады – осының барлығы мекеменің ТМД елдері арасындағы нарық кеңістігінде өсуге бейім және сенімді позицияларын анықтайтын негізқалаушы принциптер. Зауытта дәрілік заттарды сашеге үйлестіріп салу өндірісі игерілген. Желі қазіргі уақытта туберклезге қарсы препарат – парааминосалицил қышқылын шығаруда қолданылады. 2009 жылы 6,792 млрд. теңге сомасында 114 млн. бірлік үлестірілген, бұл, 2008 жылмен салыстырғанда, қаржылай мәнінде 45,4 % артық, және табиғи мәнінде 5,2 % төмен. Осы жағдай үстеме бағасы жоғары препараттардың сапалық өсімін білдіреді. Сонымен қатар, сатылымдадың жартысын дерлік (47 %) тендерлік жеткізулер қамтамасыз еткенін айта кеткен жөн, олар өз кезегінде 2008 жылмен салыстырғанда 15 % өскен. Жаңа перспективалық позицияларды игеру, ендіру және белсенді жалғастыру есебінен брендтерді үлестіру 34 % өскен. Жалпы жүк шығаруда брендтер үлесі 30 % құрайды. Брендетрдің сатылымының едәуір өсімі меншікті брендетрді дамыту бойынша стратегияны іске асыруда табысты білдіре отырып, «SANTO» сауда маркасының тұрақты жағдайын қамтамасыз етеді.

2010 жылы «Химфарм» АҚ ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың өндірісіндегі үлесі (табиғи мәнінде) 7 % құрады. 2011 жылы 8 % және 2015 жылы Бағдарлама бойынша бұл көрсеткіш 11 % жетеді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң елде меншікті фармацевтикалық индустрияның дауының қажеттілігі туындады. Бұл айырықша дайын дәрілік формаларын өндіруге қатысты. Осыған байланысты компанияның басшылығымен «Химфарм» АҚ (1993 жылы зауыт атауы осылай өзгертілді) базасында ірі заманауи өндірістік дайын дәрілік өнімдер шығаруға бағдарлама әзірленіп нақты жүзеге асырылды. 2003 жылдан бастап компанияның акциялары қазақстандық биржалық фондқа қолданысқа шықты және 2007 жылы олар «А» дәрежесіне енгізілді.

2012 жылы «Химфарм» АҚ сату көлемі 95 млн. АҚШ доллорды құрап елдегі фармацевтикалық нарығындағы 8 % жауып ірі отандық медикамент өндірісінің және фармацевтикалық өнімнің ішкі өнірісінің 50 % қамтамасыз етті. 2011 жылы тамыз айынанан бастап кәсіпорынның мажоритарлы акционері болып «Polpharmagroup» компанияның еуропалық тобы келді.

Бүгінгі таңда зауытта 1200 жоғары квалификациялы жұмысшылар істейтін ISO 9001:2008 сапа менеджмент жүйесі, ERP жүйесі, SARR3 BusinessSuite және GMP 2 өндіріс стандарттары бар 4 өндірістік және 6 көмекші цех құрылған.

Зауыт 200 астам әр түрлі фармацевтикалық топтағы медициналық өнімдерді өндіреді: 1,2 млрд. таблетка, капсула, драже; 246 млн.ампула; 24 млн. флакон; 20 млн. шырындар, 24 тонна фармацевтикалық субстанциялар; 5 млн. жаққыш май, гельдер және 20 млн. суппеозитрийлер.

Өндірістің орташа жүктелу қуаттылығы 85 % құрайды.

2010 жылы «Химфарм» АҚ 11655,2 млн.теңге сомада, 2011 жылы - 10426,2 млн.теңге, 2012 жылы – 14908,3 млн.теңге, 2013 жылы – 12589,2 млн.теңге немесе облыстағы жалпы фармацевтикалық өндіріс өнім көлемінің 99 % астам фармацевтикалық препараттары өндірілді. 2014 жылы – 15584,3 млн.теңге көлемінде өнім өндірген.

Кәсіпорын басшылығы өндірістің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Индустрияландыру картасының аясында «Химфарм» АҚ іске қосылуда - «Химфарм» АҚ құны 9,7 млрд. теңге көлемінде өндірістік қуатын кеңейтілуде.

Жобада жаңа өндірістік ампулалық форма, GMP инфузиялық ерітінділер, антибиотик ұнтақтар өндірісін жаңарту (жаңа GMP өндіріс сызықтарын құру), жаңа қатты дәрілік формаларын және қойма мен зертхана құру қарастырылып жатыр.

Жобаны іске қосу 350 млн. инъекционды ерітінді ампулалары және 4 млн. пакет инфузионды ерітінділер, 40 млн. антибиотик флакондарын, 1,2 млрд. таблеткалар өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның 1 кезеңі 2013 жылы желтоқсан айында енгізілді. Бүгінгі таңда валидация процесі болып жатыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнеркәсіптің 2010-2014 ж.ж Даму бағдарламасы аясында жүзеге асады.


Фармацевтикалық өнеркәсіп

Ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесі (табиғи мәнінде)





Облыс


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ОҚО (%)

7,0

7,0

8,0

9,0

10,0

11,0

13,0

«Рауан» ҒӨО ЖШС 2009 жылы дәрілік заттар 84,5 млн. теңге сомасында шығарылған. 2010 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 10,6 млрд.теңгені құрады немесе 39,5 % өсті. 2012 жылы дәрілік заттар 84,5 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша негізгі фармацевтикалық өнім өндірісінің жыл сайын 9,3-13,6 % өсуі күтіледі.

ҮИИДМБ индустрияландыру картасының аясында фармацевтикалық өндірістің жалпы құны 25,9 млрд.теңге, 1515 жұмыс орны бар 10 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 5 жоба іске қосылды. Бұл жобаның құны 12,7 млрд. теңге, зауытта 1026 жұмысшы істейді



Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі.

2009 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдері 1544,3 млн.теңге сомасында өндірілген, 2008 жылға қатысты нақты көлем индексі 85,7% құрады. Төмендеу сабын, сабын есебінде қолдануға арналған сырттай белсенді заттегілер мен препараттарды өндірісінің 24,4 % төмендеуі есебінен орын алды. 2010 жылы сала кәсіпорындары 2041,9 млн. теңге сомасында өнім шығарылды немесе 158,3% өсті. 2010 жылы өнеркәсіп өнімі 1800 млн. теңге көлемінде өндірілді және 20,0 % өсті.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдар) жүзеге асырылу барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы- 2851,1 млн.теңге (НКИ-109,0 %), 2012 жылы 3860,8 млн.теңге (НКИ-130,4 %, 2013 жылы- 3332,6 млн.теңге (НКИ-74,8 %) өнім өндірілді, 2010 жылы нақты көлем индексі 106,3 % (2008ж.-144,2 %) құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 3609,8 млн. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 89,1% құрады. Даму бағдарламасының (2011-2014 жж.) жүзеге асырылуы барысында 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 94,7% (2008 жылға – 128,5%) құрады.



Химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 89,1%. Ауытқуы(-10,9) п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 3609,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (3332,6млн.тг.) қарағанда 277,2 млн. теңгеге өнім артық өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 0,6%-ды құрайды.

Химиялық өнеркәсіптің төмендеуінің себебі «Реактивные фосфорные соединение» ЖШС (фосфор өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 522 тоннадан 255 тоннаға дейін төмендеген (48,9%); «Шымкентмай» АҚ, «Шымкент сабын» ЖШС-ның шаруашылық сабын(хоз.мыло) өндірісі 4212 тоннадан 3724 тоннаға төмендеді (99,8%)және«КиТ и Со» ЖШС (этил спиртінің өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1296,5мың литрден 950,1мың литрге дейін төмендеді (73,3%).

Саладағы өндіріс көлемінің төмендеуі көршілес Ресей экономикасымен тығыз байланыста болуда. Фосфорды негізінен ресейлік компаниялар сатып алатын. Сондай-ақ дағдарысқа байланысты ресей рублінің арзандауына және нарықтағы ресейлік тауарлардың көптеп болуы, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімдердің баға бойынша ресейлік тауарларға (шаруашылық сабын, шампунь, химиялық жуу және тазартқыш заттар, тазартылған алкогольді сусындар және т.б.) қарағанда нарықтағы бәсекелестік қабілетінің төмендігінен орын алды.

2015 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша химия өнеркәсібі өнімінің НКИ 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 2 есені құрады.

Фармацевтика өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 89,2%. Ауытқуы(-10,8)п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 15495,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (15110,6 млн.тг.) қарағанда 385,2 млн. теңгеге өнім артық өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 2,4%-ды құрайды.

Облыстағы жалпы өндірілген фармацевтикалық препараттардың 99%-нан астамы «Химфарм» АҚ-ында өндірілетіндіктен, кәсіпорын жүргізіп жатқан саясатымен тікелей байланысты. ОҚО Статистика департаменті фармацевтика өнеркәсібіндегі шығарылған өнімді килограммен өлшенеді.Қазіргі кезде кәсіпорын өндіретін өнімдер портфелін қайта қарап, шығаратын өнімнің экономикалық тиімділігіне және сапасына басымдық беруде. Кәсіпорынның өнеркәсіпті дамытуда жоғары қосылған құнды өнімдер өндірісін кеңейтуде. Бұл өз кезегінде өндіріс үшін экономикалық жағынан тиімді болғанымен, салмақ жағынан аз болып, НКИ есептеуде кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, кәсіпорын шығаратын өнімінің басым бөлігі СК «Фармация» мем. сатып алу үшін өндірілетін. Оның көлемі жылдан жылға төмендеуде. 2012 жылы – 6,8 млрд.тг. құраса, 2013 жылы – 5,5 млрд.тг. құрады, ал 2014 жылы 4,9 млрд.тг. көлемінде болды.



Фармацевтика өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 69,4%. Ауытқуы(-30,6)п.п. құрады.

Еңбек өнімділігі өндіріс көлемінің орындалуымен тікелей байланыста болғандықтан, 2014 жылы сала көлемінің орындалмауы, еңбек өнімділігі бойынша көрсеткіштің орындалмауына алып келді.

Химиялық өнеркәсіп өндіріс көлемі облысымызда 0,9 % алады. Бағдарлама бойынша көрсетілген химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісін шығару 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 2 есеге өседі.

Облыстың негізгі химиялық кәсіпорындарының базалық химиялық өнімдері бейорганикалық минералды шикізатқа бағытталған. Облыста фармацевтикалық препараттар, фосфор және оның қосылыстары, шаруашылық сабын өндіріледі.



Фосфор және оның қосылыстары. Бұрынғы фосфор зауытының қалдықтарымен «РФС-РФҚ» АҚ және «Қайнар» ЖШС жұмыс жүргізеді. «Реактивті фосфорлық қалдықтар» АҚ (РФҚ) «Шымкентфосфор» АҚ базасында 2002 жылдың қарашасында құрылған (банкроттығы жарияланғаннан кейін 2005 жылы жойылған). Өнімнің негізгі түлерінің бірі – сары фосфор және оның негізінде алынған термикалық ортофосфорлық қышқыл, «ч» және «чда» біліктілігіндегі реактивті ортофосфорлық қышқыл, сонымен қатар фосфорлы қышқыл тұздар. 2007 жылдың бірінші жартысында сары фосфорды өндіру бойынша қуаты 600 тонна жылына болатын жаңа өндіріс енгізілді, жаңадан 30 жұмыс орны құрылды. 2009 жылы өнімді шығару көлемі 63,0 млн.теңге самасында 200 тоннаға жетті. 2012 жылы өнім көлемі 237,6 млн теңгені құрайтын 480 тонна фосфор және 890 тонна ортофосфор қышқылын өндірген. 2013 жылы өнім көлемі 88,4 млн теңгені құрайтын 772 тонна фосфор және ортофосфор қышқылын өндірген.

«Қайнар» ЖШС бұрыңғы «Фосфор» ШӨБ-ның (Шымкент өнеркәсіп бірлестігі) сары фосфор қоймасы базасында 1998 жылы құрылған. Жұмыс жүргізген мерзімі бойында сары фосфор қоймасында және бұрыңғы «Фосфор» ШӨБ-ның басқа да цехтарында жинақталған құрамы жағынан тапшы сары фосфордың, фосфор құрамдас шламдардың 50 мың тоннасынан астамын қайта өңдеген.

«Қайнар» ЖШС Ресейдің бірқатар мекемелерімен сары фосфорды жеткізу туралы ұзақмерзімді келісім бекіткен. Сары фосфорды жеткізу туралы жыл сайынғы келісім-шарт шамамен 1000 тоннаны құрайды. 2008 жылы мекеменің экспорттық көлемі 393,5 млн.теңгені құраған, 2009 жылы 401,3 млн.теңге, 2010 жылы 530,0 млн.теңге.

Мекеме шламжинақтаушыларды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясының жобасын әзірлеген. Мекеменің өндірістік базасы мен дамыған инфрақұрылымы фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарының кешенді утилизациясын (жоюды) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсатты тағайындалуы – құрғақ фосфорқұрамдас шламдардан пролонгирленген әсері бар фосфорқұрамдас құрама тыңайтқыштарды алу. Мекеме жобалық қуатына шыққанда, тыңайтқыштар өндірісін жылына 80,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Фосфорқұрамдас шламдарды қайта өңдеу технологиясы Қазақстан Республикасының алдын ала патенттерімен қорғалатын техникалық шешімдерге негізделген, және технологиялық көрсеткіштеріне қарай осындай шетелдік үлгілерден кем емес. 2009 жылы мекеме 466,2 млн.теңге сомасында 1504,4 тонна өнім шығарған.

Мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясының жобасын әзірлеген. Мекеменің өндірістік базасы мен дамыған инфрақұрылымы фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарының кешенді утилизациясын (жоюды) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсатты тағайындалуы – құрғақ фосфорқұрамдас шламдардан пролонгирленген әсері бар фосфорқұрамдас құрама тыңайтқыштарды алу. Фосфорқұрамдас шламдарды қайта өңдеу технологиясы Қазақстан Республикасының алдын ала патентетрімен қорғалатын техникалық шешімдерге негізделген, және технологиялық көрсеткіштеріне қарай осындай шетелдік үлгілерден кем емес. Кәсіпорын 2012 жылы 203,0 млн.теңге сомасында 4969 тонна, 2013 жылы 372,0 млн.теңге сомасында 8600 тонна фосфорлы минералды тығайтқыштар өндірген.

«Шымкентмай» АҚ 2008 жылы - 857,2 млн.теңгеге, 2009 жылы – 648,3 млн.теңгеге сабын шығарылған. Ал, 2012 жылы 11221 тонна сабын шығарылды, 1607,0 млн.теңгені немесе 2011 жылмен салыстырғанда 158,4 % құрады.

«Оңтүстікполиметалл» ӨК» АҚ майлы бояуды 2009 жылы – 100 тн, қорғасын суригін – 179,7 тонна және сұйық шыныны – 260 тонна өндірген, барлығы 59,6 млн.теңгені құрады.

«Рауан» ҒӨО ЖШС өндірісті кеңейту мақсатында «Тұрмыстық химия тауарларын, сонымен қатар авторлық пластик ыдыстың өндірісі бойынша цехты іске қосу» атты инвестициялық жобасын іске асыруда. «Рауан» ҒӨО ЖШС тұрмыстық химия өнімдерін өндіру қолға алынған. Осы мақсаттар үшін 150 млн.теңгеге инвестицияланды (2008-2012 жылдары).

«СТД Гроуп» ЖШС көмірқышқыл газды (CO2) шығарып, өз өнімін «ЮНИКС» ЖШС («Тассай» минералды суы), «Алекс» ЖШС, «Визит» АҚ, «Арай» ЖШС, «VITA Industry» ЖШС, «Аква Идеал» секілді ЖШС облыс және республика көлеміндегі минералды және газдалған суды өндірумен және құйып үлестірумен айналысатын тамақ өнеркәсібі мекемелеріне жеткізіп тұрады. Мекеменің өнім шығару қуаты – айына 600 тонна көмірқышқыл газ. Салада келесідей мекемелер қызмет көрсетеді: филиалы Сайрам ауданында орналасқан «Шымкенткөміргаз» ЖШС, «Шымкентсыра» ЖШС, «КиТ и Со» ЖШС, «Южполиметалл» ӨК» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Нурибал база» ЖШС, сонымен қатар шағын мекемелер.

2012 жылы кәсіпорын 4103,2 млн.теңге, 2013 жылы 363,7 млн.теңге өнім өндірген.

ҮИИДМБ индустияландыру картасы аясында химия өндірісінде жалпы сомасы 174,5 млрд.теңге және 2644 жұмыс орынның ашылуымен 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жалпы сомасы 7,9 млрл.теңге және 380 жұмыс орынның ашылуымен 3 жоба іске қосылды.
Резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі.

2009 жылы 4050,6 млн.теңгеге өнім шығарылған, оның физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 100,3 % құрады. 2010 жылы 5001,3 млн.теңге немесе 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 108,3 % құрайды.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуында (2011-2013 жылдар) сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы -5871,1 млн.теңге (НКИ-142,7 %), 2012 жылы-8469,4 млн.теңге (НКИ-115,9 %), 2013 жылы- 7545,2 млн.теңге (НКИ-77,0 %) өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 2010 жылы 127,3 % (2008 ж.-139,0 %) құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 8370,1 млн. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,3% құрады.

Резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі облыстағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 2,0 % құрайды.

Облыс бойынша осы салада «СТД Гроуп» ЖШС («STD Group»), «Шымкентпласт» ЖШС, «Эластополимет» ЖШС, «Дина-Н» ЖШС, сонымен қатар өнімді шығару өндірісінің негізгі салмағы түсетін шағын мекемелер: «Шымкент пластик құбыр» ЖШС, «Шымкент Профиль» ЖШС, «Вок Хаус» ЖШС, «Семсер ЛТД» ЖШС, «Бейне» ЖШС, «Полистирол» ЖШС, «РИН және К» ЖШС, «Каз Тел» ЖШС (Сайрам ауданы) және басқа да мекемелер.

2012 жылы 8469,4 млн. теңгеге өнім шығарылған, оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 115,9% құрады. 2008 жылмен (4425,9 млн.тг.) салыстырғанда саладағы өндіріс көлемі 1,9 есеге ұлғайды.

2014 жылы 8451,6 млн.теңгеге өнім шығарылған, оның физикалық индекс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 115,2% құрайды. 2013 жылы шығарылған өнім көлемі 7545,2 млн. теңгені немесе 2012 жылмен салыстырғанда 77,0% құрап отыр.

Машина жасау

Қазіргі әлемде дамыған көп салалы машина құрылысының кешендері экономикалық түгелдей дерлік салаларын қайта қаруландырудың техникалық базасы болып табылады.

Машина құрылысының саласында 2009 жылы 11965,1 млн. теңгеге өнім шығарған, оның нақты көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 78,8 %, көрсеткіштің төмендеуі электжабдықтарын, электронды және оптикалық жабдықтардың өндірісін азайту есебінен 29,4 % құрайды. 2010 жылы өндіріс көлемі 16376,6 млн.теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 129,7 % құрады.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы- 22401,7 млн.теңге (НКИ-131,9 %), 2012 жылы – 25546,1млн.теңге (НКИ- 108,6 %), 2013 жылы – 32322,5 млн.теңге (НКИ- 141,3 %) өнім өндірілген. Нақты көлем индексі 2010 жылы 202,4 % (2008ж.- 206,9 %) құрады. 2014 жылы өнім көлемі 36244,9 млн. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 100,5% құрады. Машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 8,9% алады.

Облыстың машина құрылысын бірнеше ірі мекемеме: «Кентау трансформатор зауыты», «Қоңыр ат» ЖШС, «Ақ Берген» ЖШС, «Шымкентремсервис» ЖШС; технологиялық және электротехникалық жабдықтардың жеке түрлерін, сыйымдылықтарды, металлқұрастырғышын өндіруші мекемелер, сонымен қатар қозғалмалы теміржол құрамасын жөндеуге арналған қосалқы заттарын өңдеу және шығарумен айналысатын мекемелер; автотракторлық карданды валдардарды, экскаваторларды, электротехникалық жабдықты шығарып орнатумен айналысатын орта мекемелер («Карданвал» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «ОҚМЗ» АҚ, «ЭЛМО» АҚ филиалының ЭМИ Шымкент зауыты, «Электроаппарат зауыты» ЖШС, «Югсантехмонтаж» АҚ ШФ, «Автоматика» АҚ ШФ, «Мұнайреммаш» ЖШС, «Электржөндеу басқармасы» ЖШС), және металды өңдеу, ауылшаруашылығы өндірушілеріне арналған қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысатын бірқатар ұсақ сериялы мекемелер («Перфожүйе» ЖШС, «Шымкент механикалық зауыты» АҚ, «Эталон» ЖШС ШЗ, «Түркістан насос» ЖШС, «Леңгір машина жасау зауыты» ЖШС) және басқалар құрайды.

Технологиялық саябақтың бірыңғай мүмкіндіктері облыс және Республика экономикасының көптеген өнімдерге және қосалқы бөлшектрге сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар.

Облыстың машина құрылысы мекемелері Республика бойынша құрылыс-жол техникасы мен трансформаторларының бірден-бір өндірушілері болып табылады. Бірақ айналымға арналған жеке қаржысының тапшылығы және тапсырыстардың азаюы, атап айтқанда, экскаваторлардың өндірісінің төмендеуіне соқтырды. Машина құрылысы өндірісінің старттық мүмкіндіктері қазіргі кезеңде қарама-қайшы келеді. Қуаттар 25-40% жүктелген. Негізгі қор физикалық тозығына жеткен, моральды түрде ескірген (50-60%), өнім құрастырушы, техникалық және бағалық параметрлер бойынша бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Мекемелерде жаңа машиналар үлгілерін және жабдықтарды әзірлеу үшін қажетті сынақ-эксперименттік базасы бар құрастырушы бюроларды қаржыландыруға шамасыз.

Машиналар мен жабдықтардың өндірісі. 2009 жылы 94,5 млн. теңгеге машиналар мен жабдықтар шығарылды, 2008 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші 171,7% құрады, 2010 жылы – 359,9 млн. теңге (НКИ-330,0%), 2011 жылы – 478,5 млн. теңге (НКИ-230,0%), 2012 жылы – 1922,6 млн. теңге (НКИ-68,8%), 2013 жылы – 2271,0 млн. теңге (НКИ-184,6%), 2014 жылы 1753,6 млн. теңге (НКИ-90,1%) құрады.

«ОҚМЗ» АҚ ауылшаруашылығы үшін сукөтергіш жабдықты жеткізу ісін жалғастыруда, мұнай және «Қазақстан Темір жолы»АҚ компанияларының тапсырыстарын игеруде. 2009 жылы 108,9 млн. теңгеге өнім шығарылды, көрсеткіштің төмендеуі сырттан түсетін тапсырыстардың азаюынан орын алды. 2010 жылы өндірістің көлемі – 150,0 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 157,4 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 105,1 %. 2014 жылы өндіріс көлемі 1753,6 млн. теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 157,4% құрады.

«Қоңырат» ЖШС электровоз жөндеуге мамандандырылған, өндірістік қуаты жылына 1000 электротасымалдағыш. 2009 жылы 531,4 млн.теңге сомасында өнім шығарылды. 2010 жылы өндірістің көлемі - 569,7 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 891,3 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 124,5 % құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 541,9 млн.теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 60,8% құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ филиалы «Арыс вагонжөндеу депосы-4» вагондарды жөндеуге мамандандырылған, 2008 жылы «ВЧД-Арыс» ЖШС сегментациясы нәтижесінде құрылған. 2009 жылы 532,3 млн.теңгеге өнім шығарған, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 3,7 есе. 2010 жылы өндірістің көлемі – 570,6 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 1666,9 млн.теңге, 2014 жылы өндіріс көлемі 1788,9 млн.теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 107,3% құрады.

«Ақ Берен» ЖШС тепловоздарды жөндеуге және оның қосалқы бөлшектерін шығаруға мамандандырылған, 2009 жылы 366,0 млн.теңге сомасында өнім шығарылған, өсу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда 111,8 %. 2010 жылы өндірістің көлемі – 394,3 млн.теңге, немесе өсу қарқыны 2009 жылмен салыстырғанда 120,4 %. 2013 жылы өндіріс көлемі 495,4 млн теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 107,7 % құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 361,2 млн.теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 72,9% құрады.

Көлік құралдарының және жабдықтарының өндірісі. 2009 жылы нақты салада 3438,3 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 66,0 %. 2013 жылы өндіріс көлемі 39,7 млн. теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 172,6 %, 2014 жылы өндіріс көлемі 51,6 млн. теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 44,7% құрады.

Көлемнің төмендеуі 2009 жылмен салыстырғанда «Экскаватор» АҚ тоқтап тұруымен және «Карданвал» АҚ тапсырыстардың жоқ болуымен түсіндіріледі.

«Экскаватор» АҚ 2009 жылы 135,6 млн.теңгеге өнім шығарылды, үлестірілгені – 217,7 млн.теңгенің өнімі шығарылған, экскаваторлар саны – 8 дана. 2009 жылдың 13 ақпанында зауытты Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрі көргенінде, зауыт әкімшілігіне потенциалды сатып алушыларды және тапсырыс берушілерді белсенді іздестіруге, өндірістің маркетингті зерттеуін жүргізуге ұсыныс жасалған. 2009 жылы жол картасына сәйкес, мекеме Оңтүстік Қазақстан облысының ирригациялық жүйесін тазарту үшін қажетті көлемінде экскаваторлардың 15 данасына 140 млн.теңгелік тапсырысын алған болатын. 2010 жылы «Экскаватор» АҚ облыс әкімімен әрекетін бірлестіріп жүргізу нәтижесінде облыстық табиғи ресурстар және супайдалануды реттеу басқармасының өткізген тендері бойынша 16 бірлік техниканы 194,7 млн.теңге сомасында жеткізу тапсырысына ие болды (олардың ішінен 7 Драглайн экскаваторын МТЗ-82 базасында 1 экскаваторды өндіру). Жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) шығарылған өнімнің жалпы сомасы – 130,6 млн.теңге (10 дана экскаватор – 115,5 млн.теңге, 55,7 тонна металлопрокат – 14,0 млн.теңге, 77,3 куб.метр оттегі– 1,1 млн.теңге). 2013 жылы өндіріс көлемі 24,6 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 145 % құраған. Қазіргі күнге тапсырыс толығымен орындалды.

«Карданвал» АҚ 2009 жылы 44,4 млн.теңгеге өнім шығарған, төмендеу көрсектіші – 81,8 %. Өндірістің төмендеуі ішкі нарықтың Ресей және Беларусь елдерімен қорғалғанында (дағдарысқа қарсы бағдарламалар). Зауыт Кама автокөлік зауытымен КамАЗ автокөліктері үшін карданды валдарды игеру бағытында жұмыс жүргізуде. Мекемеде 158 адам қызмет етеді. Негізгі қордың тозуы - 55% құрайды.



Электр жабдықтар өндірісі. 2009 жылы 6690,4 млн. теңгеге өнім шығарылды, 2008 жылмен салыстырғанда НКИ 72,3% құрады. 2010 жылы – 10095,9 млн. теңгеге (НКИ- 141,4%), 2011 жылы – 14274,2 млн. теңгеге (НКИ- 132,7%), 2012 жылы – 15969,5 млн. теңгеге (НКИ- 114,8%), 2013 жылы - 19806,4 млн. теңгеге (НКИ- 140,2%), 2014 жылы - 23454,1 млн. теңгеге (НКИ-104,5%) өнім шығарылды.

«Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ трансформаторлық жабдықтардың кең гаммасын шығарады. 2009 жылы мекеме 5 406,1 млн.теңге сомасында өнім шығарған, немесе транформаторлардың табиғи мәнінде 1 463,7 мың кВа болды, өткен жылдың сәйкес мерзіміне шаққанда өсу қарқыны қаржылай мәнінде – 78,4 %, табиғи мәнінде – 71,2 %. Көрсеткіштің төмендеуі Ресейдегі және ел ішіндегі үлестіру нарығының шектелуі себебінен орын алды. 2009 жылы облыстың машинақұрылысы саласындағы көлеміндегі үлесі 46,0 % құрады, 2008 жылы – 59,0 %. 2000 жылдан бері «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ трансформаторлық өндірісті озық технологияларды ендірумен және импорттыалмастырғыш өнімнің жаңа түрлерін игерумен техникалық қайта қаруландыру жобасын іске асыруда, егер мекеме 2006 жылы 243,3 млн.теңгені инвестицияландырған болса, онда 2007 жылы – 210,0 млн.теңгені, 2008 жылы – 918 млн.теңгені, ал 2009 жылы – 516 млн.теңгені инвестицияландырған. Құрылыс саласындағы дағдарыс, жаңа өнеркәсіп нысаналарын ендіру және көршілес елдердің ішкі нарықтарының қорғанысы себебінен (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) зауыт өнімін үлестіру ісі тоқтап қалды. 2009 жылы 35-110 кВ класты кернеулі, қуаттылығы 63000 кВа трансформаторлар жаңа өндірістің ашылуы болды, сонымен қатар бірінші рет отандық қазақ тарихында қуаттылығы 25000 кВа, кернеуі 35 кв.трансформаторлы электр машина жасау бойынша презентация болды. Бірінші бұл трансформаторды Атырау мұнай өңдеу зауыты сатып алды.

Кәсіпорын ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен өнімді үлестіру және тапсырыстар бойынша өнімнің жаңа түрлерін игеру үшін байланыстарды нығайтуда. 2009 жылы ұлттық копманиялармен және жүйетүзегіш мекемелерімен келісілген меморандумдар негізінде «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ 577,6 млн.теңгеге өнім жеткізді. 2009 жылдың 29 қазанында зауыттың 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К.Мәсімовтың қатысуымен кернеу санаты 35-110 кВ, қуаты 63000 кВа санатты трансформаторларды шығаруымен айналысатын жаңа өндірісі ашылды, сонымен қатар қазақстаннның отандық машинақұрылысы тарихында қуаты 25000 кВа, кернеуі 35 кв Республикадағы алғашқы күшті трансформатордың тұсаукесері өтті. Осы трансформатордың алғашқы сатып алушысы - Атырау мұнайайдау зауыты болды.

2010 жылы зауыт 7000,0 млн.теңге сомасында 2000 кВа трансформаторлар шығарды.

2013 жылы өндіріс көлемі 14586 млн.теңге, 3 478 мың.кВа трансформатор өндірілді немесе 2012 жылмен салыстырғанда 132,6%. 2014 жылы өндіріс көлемі 15827,4 млн.теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 108,5% құрады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыстық машина жасау саласының өнім көлеміндегі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өнімінің үлесі 43,7%-ды құрады.

2012 жылы Индустрияландыру картасында «трансформаторды жинақтау өндіріс цехы» инвестиция құны 750,0 млн.тг, 100 жұмыс орны құрылып іске қосылды. Кәсіпорын бұл жоба бойынша трансформатор өндірісінде қолданылатын Ресейден мыс және алюминий шаршы қимасының тартылымдарын импорт алмастыру сұрақтары шешілді. Сонымен қатар 2013 жылы «электротехникалық өнімдер мен трансформатор құралдарын өндіретін зауыттардың өндіріс қуаттылығын жаңғырту және кеңейту» жобасы іске қосылды, жоба құны 1200 млн.теңге, 100 жұмыс орны құрылған.

2013 жылы құны 14586 млн.теңге, 3 478 мың.кВа трансформатор немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 132,6 % өндірілді. 2012 жылдың қорытыныдысы бойынша «Кентау трансформатор зауыты» АҚ облыстық машина жасау сала көлеміндегі өнім үлесі 45,1 % құраған.

2013 жылы құны 31,7 млн.теңге өнім өндірілді немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 67 % құрады. ҮИИДМБ аясында 2010-2014 ж.ж Оңтүстік Қазақстан облысында машина жасау саласына қатысты 3 инветициялық жоба іске қосылды: 2011 жылы «MaxLight Group» ЖШС (энергия үнемдеуші шамдар өндірісі) мен «Zero Max KZ» ЖШС (мырышпен қапталған құбырлар өндіретін зауыт) және 2012 жылы «КТЗ» АҚ жобасы (трансформатор жинақтаушы өндіріс цехы).

«Электроаппарат зауыты» ЖШС көшпелі жертүзегіштерінің өндірісін жүйеге салды. Мекемеде 2009 жылы 26,2 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 76,6%. Кернеуі 100В астам жоғары вольттық қондырғылар – 89 дана өндірілді, бұл 2008 жылмен салыстығанда 2,8 есе артық.

«Электроаппарат зауыты» ЖШС көшпелі жерге тұйықтау өндірісін жолға қойды. Кәсіпорын 2009 жылы 26,2 млн. теңге сомасында өнім шығарды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 76,6%. Кернеуі 100В астам жоғары вольттық қондырғылар – 89 дана өндірілді. 2013 жылы өндіріс көлемі 31,7 млн. теңге өнім өндірілсе, 2014 жылы өндіріс көлемі 23,2 млн. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейінде 73,2% құрады.

ҮИИДМБ индустияландыру картасы аясында машина жасау саласында жалпы сомасы 18,1 млрд. теңге және 1687 жұмыс орынның ашылуымен 11 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жалпы сомасы 4,3 млрд. теңге және 370 жұмыс орны ашылуымен 5 жоба іске қосылды.
Жеңіл өнеркәсіп

Облыстағы жеңіл өнеркәсіп тоқыма және тігін өнеркәсібін, былғары және оған қатысты өнімдерді құрайды. Облыстың өңдеу өндірісі көлемі 2009 жылы 4,3 %-дан 2013 жылы 6,7 % өсті. Облыстың жеңіл өнеркәсібі келесі мекемелерінен құрылған: «Меланж» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ», «Ютекс» АҚ, «Восход фирмасы» ЖШС, «Эластик LTD», «Арайлы» ЖШС, «Гауһар»тігін фабрикасы»ЖШС, «Сәуле» тігін фабрикасы» ЖШС, «Turan-Skin» ЖШС және басқалар.

2009 жылы сала кәсіпорындарымен 7270,7 млн.теңге сомасында өнім шығарған. 2010 жылы өндіріс көлемі 8964,3 млн.теңге, 2009 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші – 123,0 %-ға өсті. 2013 жылы 23643,4 млн.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 103,0 % құрайды. 2014 жылы өнім көлемі 21779,5 млн. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,8% құрады.

Жеңіл өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 110%, 2014 жылдың орындалуы 87,8%.Ауытқуы(-22,2)п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 21779,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (23643,4млн.тг.) қарағанда 1863,9 млн. теңгеге өнім аз өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 3,4%-ды құрайды.

Сала өнімінің төмендеуіне нарықтағы сұраныстың азаюы салдарынан «South Textiline KZ» ЖШС өндіріс көлемі төмендеуі және «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ кәсіпорындарының қаржылық тапшылығына байланысты тоқтап қалуы әсерін тигізді.

Дағдарысқа байланысты ресей рублінің арзандауы салдарынан«South Textiline KZ» ЖШС өндіріс көлемі төмендеді, өйткені фабрика өнімдерінің (мақтамата кездемелер және мақтамата иірімжіптері) басым бөлігі Ресейге экспортталады.

«Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ кәсіпорындары 2014 жылдың 19-қарашасында іске қосылды. Сондай-ақ, «Oxy-Textilе» ЖШС да іске қосылып, жұмыс істеуде. Бүгінде тоқтап тұрған тоқыма кәсіпорындарын іске қосу және шикізатпен қамтамасыз етуді қаржыландыру «Байтерек» ҰБХ» АҚ жүзеге асыруда. Сондықтан а.ж. тоқыма кәсіпорындары тоқтаусыз жұмыс істеп, межелеген көрсеткіш орындалатын болады.

2015 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімінің НКИ – 114,9%-ды құрап, кәсіпорындар бойынша жағдай келесідей: - «South Textiline KZ» ЖШС–1097,6 мың теңге; «Меланж» АҚ– 214,6 млн. теңге;«Ютекс» АҚ– 430,0 млн. теңге; «Oxy-Textilе»– 18,1 млн. теңге.



Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылдың жоспары 102%, 2014 жылдың орындалуы 96,3%. Ауытқуы(-5,7) п.п. құрады.

Еңбек өнімділігі өндіріс көлемінің орындалуымен тікелей байланыста болғандықтан, 2014 жылы сала көлемінің орындалмауы, еңбек өнімділігі бойынша көрсеткіштің орындалмауына алып келді. Сондай-ақ, 2014 жылы салада жаңадан іске қосылған 7 кәсіпорында 1000-нан астам жұмыс орындары ашылғанымен, аталған кәсіпорындар жаңадан ашылғанына байланысты тиісті деңгейде жүктелмеген. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігі көрсеткішінің орындалуына кері әсерін тигізуде.

2015 жылға саланың өндіріс көлемін 18036,5 млн.теңгеге асыру жоспарланып отыр немесе 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есеге өседі. Сала кәсіпорындарымен 2012 жылы 12350,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 7380,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 1,7 есеге өсті.

Осы салаға заманауи технологиялар тартылып жаңа өндірістер құрылуда.



Тоқыма өнеркәсібі

Тоқыма өнеркәсібі мекемелері 2009 жылы 5187,7 млн.теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның физикалық индексі 2008 жылмен салыстырғанда 77,3% құрады. Өндірістің төмендеуі жіп иіру, тоқыма және әрлендіру өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен (2009 жылы – 3164,5 млн.теңге) 27,7 % болды, тоқыма бұйымдарының өндірісі (2009 жылы – 1766,8 млн.теңге) – 15,1 %, ал басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі 2009 жылы өсіп, 256,4 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 117,6 % құрады. 2010 жылы 9312,7 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 99,7 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарымен 2012 жылы 8951,8 млн. теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 121,7 % құрады. 2008 жылмен (7380,7 млн.тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 21,3 %-ға артты.

2012 жылы облыста 105,8 мың тонна мақта талшығы өндірілді, бұл 2011 жылға қарағанда 40,1 %-ға немесе 30269 тоннаға артық өндірілген. Алайда 2008 жылдың (133,3 мың тонна) көрсеткішінен төмен. Басым бөлігінде шитті мақта өңдеумен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар айналысады. 2012 жылы аудан өнеркәсібіндегі кәсіпорындарымен 70107 тонна мақта талшығы өндіріліп, 2011 жылға қарағанда мақта талшығын өндіру 26,1 мың тоннаға немесе 59,4 %-ға өсті (2008ж.-78661т).

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдың) жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы - 6748,6 млн.теңге (НКИ - 70,1 %), 2012 жылы 8951,8 млн.теңге (НКИ-121,7 %), 2013 жылы - 19439,7 млн.теңге (НКИ - 103,2 %) құрады, өнімнің нақты көлем индексі 2010 жылы 88,0 % (2008 жылы - 67,9%). 2014 жылы өндіріс көлемі 9951,3 млн.теңге немесе 2013 жылға қатысты 117,4 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібінде «South Textiline Kz » ( 2009 жылы құрылған 100 % м/м иірімі және 100 % м/м кендір мата), өндіріс көлемі 2000 тонна мақта-мата, 35 млн.м2 мата жылына. Жұмысшылар саны 410 құрайды. 2013 жылы 4701 тонна мақта-мата, жалпы сомасы 4008,8 млн.теңге құрайтын 24286,6 мың.м2 мата немесе 2012 жылға қатысты 138,8 % өнім өндірген. 2014 жылы өндіріс көлемі 3864,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2013 жылмен салыстырғанда 96,4% құрады.

«Меланж» АҚ өндірістік қуаты – 4800 тонна мақта-мата жібі, жылына 6 млн.метр мата. Неміс фирмасы «RIETER», «Dornie» құралдарымен жабдықталған мекеме еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жіп иіруде.

«Меланж» АҚ-да 2009 жылы шыққан өнім көлемі 754,8 млн. теңгені құрады, 2,7 мың тонна жіп, 4,9 млн.шаршы метр мата өндірілді. 2010 жылы – 3095,0 млн.теңге сомасында 2,5 тонна жіп және 10,9 млн. шаршы метр мата. 2014 жылы 18,4 млн. теңгенің өнімін шығарды (2013 жылы тоқтап тұрған). Даму перспективалары:жоғары сапалы мақта-мата жібі мен матасының өндірісін өсіру.

Өндіріске озық технологияларды енгізу есебінен компания сапасы жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес мақта-матаның элиталық түрлерін шығарады, осы себептен өнім әлемдік нарықтың мықты бәселестігіне төзімді келеді. «Меланж» АҚ және «Ютекс КZ» айналым қаражаты және жиналған қарыздарына байланысты қызметін тоқтатты.

«Ютекс» АҚ – мекеме жоғары сапалы трикотаж мақта-мата жіптерін тұрақты түрде шығаруға мамандандырылған. Бұл 6 жыл бойында әлемдік нарықта қазақстандың иірілген жіптерді көрсетіп жүрген және сапалық көрсеткіштері жағынан болымды сынсөзге ие болып келген мекеме. Бәсекеге қабілетті өнімді үлестіру нарыққа шығуға, әлемдік брендті өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

2009 жылы шығарылған өнім көлемі 647,7 млн.теңгені құрады, 1407 мың тонна иірілген жіп шығарылды. 2010 жылы – 12,6 мың тонна иірілген жіп. 2013 жылы жалпы сомасы 221,4 млн. теңгеге өнім шығарды, 2014 жылы жалпы сомасы 318,0 млн. теңгеге өнім шығарды немесе 2013 жылға қарағанда 143,6%-ды құрады.

2009 жылы облыста мақта талшығы 97,2 мың тонна көлемінде өндірілді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 29,3 % төмен немесе 40372 тоннаны құрады. Негізінде шикі мақтаның өңдеуімен Мақтаарал ауданының мекемелері айналысады. 2009 жылы ауданның өндірістік кәсіпорындары 62108 тонна мақта талшығын өндірді, 2008 жылмен салыстырғанда мақта талшығы 8,1 мың тоннаға немесе 11,6 % азайды.

«Ютекс» АҚ Казақстандағы мақта талшығынан киім өндірісіне дейінгі өндіріс айналымы толық ең ірі тоқыма кешені болып табылады.Өндірген өнімін Канадаға, Италияға, Украинаға, Белоруссияға, Чехияға, Туркияға, Австралияға, Германияға және әлемнің басқа да елдеріне экспорттаған, бірақ дағдарыс кезінде шығындарына байланысты 2011-2012 жылдары қызметін тоқтатқан.

«Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ өндірістерінің қалпына келтірілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 4 наурызындағы №225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы аясында басталды.

Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасында мемлекеттік қолдаудың бірқатар құралдары бар. Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» басқару жиналысында 2013 жылдың 16 қыркүйегіндегі №02/28 қаулысымен «Магистралды желісінің дирекциясы» «Ютекс» АҚ бір көзден сатып алу жүргізеді. 2013-2017 жылдарға арналған жеңіл қнеркәсіп өнімін сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісім шарт жасалды. 2014 жылдың соңында «Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ өндірістері қайта іске қосылды.

Келісім шарт негізінде 2013 «Ютекс» АҚ 700 млн.теңге сомасында дайын өнімге тапсырыс қабылданған, оның ішінде 221,4 млн.теңге өнімі жүзеге асырылған.

2010 жылы «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС жалпы құны 3 850,0 млн.теңге және 224 жұмыс орны бар «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасының және техникалық карбоксометилцеллюлозаның мақта шикізатынан алу өндірісін ұйымдастыру» жобасы енгізілді.

Қазіргі таңда, мақта целлюлозасының өндірісі қолға алынды. Химиялық мақта шикізатын сатып алу мен жеткізу іске асырылуда. Кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істеуде. Экспортталатын өнімдер түрлерінің Стандарты алынды. Мақта целлюлозасын экспорты іске асырылуда. Әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде. Шығаратын өнімдерге келісім шарттар түзілуде.

2012 жылы кәсіпорынмен жалпы құны 426,2 млн.теңгеге 1929,9 тонна өнім шығарды, ал 2013 жылы - 2211,6 тонна өнім жалпы 538,6 млн.теңге. 2014 жылы жалпы сомасы 719,6 млн. теңгеге өнім шығарды немесе 2013 жылға қарағанда 133,6% құрады.

2009 жылы облыста 97,2 мың.тонна мақта талшығы шығарылды, бұл 2008 жылға қарағанда 29,3% төмен немесе 40372 тонна. 2013 жылы облыста 105,8 мың.тонна мақта талшығы өндірілді немесе 2012 жылға 100%. Негізінен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар мақтаны қайта өңдеумен айналысады. 2013 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен ауданда 75739 тнна мақта талшығын, 2012 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісі 5632 тоннаға немесе 108,04 % өсті.

2014 жылы – 52950 тонна өндірілген немесе 2013 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісі 23347 тоннаға азайған.
Тігін өнеркәсібі

Тігін өнеркәсібінің мекемелерімен 2009 жылдан бастап 2080,2 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, немесе физикалық индексінің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 95,1 % құрады. Өндірістің төмендеуі бірқатар бұйымдар өндірісін азайту есебінен орын алды: асханалық сүлгілер – 26,5 %, машиналық немесе қол тоқымасы трикотажынан дайындалған шұлықтар – 42 %, әйелдерге арналған жұмыс киімі – 25,4 %, басқа да жұмыс киімінің үлгілері- 48,0 %, машиналық немесе қол тоқымасы трикотажынан дайындалған сытқы киім – 5,2 %, трикотаждық киімнен әйелдерге және қыздарға арналған басқа киім үлгілері – 1,3 %. Сонымен қатар жатын төсеніштерінің өндірісі 25,9 % өсті, машиналық немесе қол тоқымасы трикотажынан дайындалған іш киім – 85,8 %, іш киімнің басқа түрлері – 72,5 %, бас киімдер мен шляпалар – 24,8 %. Кәсіпорындармен 2010 жылы 1814,9 млн. теңге немесе НКИ 2009 жылы 74,3 % құрады.

2011-2014 жылдары бағдарламаны іске асыру кезінде аталған саладағы кәсіпорындармен : 2011жылы – 2335,5 млн. теңге (НКИ – 125,9 %), 2012 жылы – 3206,6 млн. теңге (НКИ – 149,6%), 2013 жылы – 4131,0 млн. теңге (НКИ – 102,3 %), 2010 жылы физикалық индекс көлемі 192,7 % ( 2008ж.- 136,1 %). 2014 жылы 3955,7 млн. теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 115,9 % өсті. Даму бағдарламасының (2011-2014 жж.) жүзеге асыру барысында нақты көлем индексі 2010 жылға қарағанда 223,3% (2008 жылы - 157,7%) құрады.

«Ютекс» АҚ – мақта-мата жібін иірумен қатар мата шығарумен айланысатын мекеме. 2010 жылы өндіріс көлемі – 5314,8 млн.теңге сомасындағы 693,0 мың дана тігін өнімдері. Мекемеде ИСО 9001-2000 халықаралық сапа менджментінің жүйесі енгізілген. Даму перспективалары: иірілген жіп шығару көлемін арттыру, сырт келбетінен ерекше болатын элиталық тігін өнімдерін шығару және т.б.

«Арайлы» ЖШС 2005 жылы құрылды. Кәсіпорын шағын корпуста орналасқан 50 адам жұмыс істейді, өнім көлемі 13,2 млн.теңге. Негізінен ассортиментте арнайы формалық киімдері бар құқық қорғау органдарына.Бағдарламаны мерзімінен бұрын орындау үшін модернизация жасау, азаматтық ассортиментер, экспортқа бағытталған және жаңа технологияларды игеру бағдарлама әзірленген. 2007 жылы өндіріс көлемі 20,8 млн. теңгеге ұлғайған. Сол жылда PFFAF фирмасының жабдықтарының алғашқы кезеңі орнатылды. Екінші тігін корпусы енгізілді. Бұл өз кезегінде өнім көлемін 506,9 млн. теңгеге ұлғайтуға септігін тигізді. 2008 жылы кәсіпорын азаматтық костюмдер ассортименттерін енгізуге шешім қабылданды. Бұл мақсатта 2009 жылы үлкен 3 этажды корпус сатып алынды. Жартылай автоматты жұмыс істейтін машиналар сатып алынды. Жабдық 1 млрд.теңгені құрады. 2010 жылы 3 кезеңнің жартылай автоматты PFFAF фирмасының жабдықтары алынды. 2011 жылы 2-3 этажа жаңа корпус, жылдық өнім көлемі 1119 млн. теңге. 2012 ж.- өндіріс көлемі 1187 млн. теңге. Фабрика 2 ғимараты бар: костюмдер тігетін цехтар жазғы және қысқы киімдер тігетін. Фабрики жаңа корпусы 3 бөлек линиялары бар-пиджак цехі, шалбар цехтары. Кәсіпорын 2013 жылы өндіріс көлемі 1175,9 млн. теңгені құрады немесе 126,2 % 2012 жылдың тиісті кезеңімен. Кәсіпорын 2014 жылы өндіріс көлемі 690,7 млн. теңгені құрады немесе 58,7% 2013 жылдың тиісті кезеңімен.

«Восход» фирмасы» ЖШС-де 2009 жылы өнімді шығару көлемі 107,1 млн.теңгені құрады. 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі 40,1 % құрады. Оның себебі - орындалған жұмыстар мен тапсырыста көлемінің шектелуі. Өнімнің негізгі тұтынушылары – Қазақстан Респбликасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштері, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясы, «Семсер» АҚ. 2005 жылдың мамыр айынан бастап фирма халықаралық стандарттар бойынша жұмыс жүргізуде, осының есебінен өндіріс үрдісін жүйелендіруге, өндіріс біліктілігін арттыруға мүмкіндік туындады. «Восход» фирмасы» ЖШС мемлекеттік сатып алымдар байқауларына ұжымды жұмыспен қамтамасыз ету және өндірістік қуаттарды үздіксіз жүктеп отыру мақсатымен белсенді қатысып жүр. 2010 жылы өнім шығару көлемі – 117,5 млн.теңге. 2013 жылы өнім шығару көлемі 49,0 млн.теңгені немесе 2012 жылмен салыстырғанда 100 % құрады. 2014 жылы өнім шығару көлемі 36,5 млн.теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 74,5 % құрады

2005 жылдың 6 шілдесінде №1605 бұйрықпен бекітіліген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумақты құру туралы» Қазақстан Респбликасы Президентінің Жарғысымен «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы құрылған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта-мата иірілген жіптерін және матасын өндіру бойынша пилотты кластердің жүйетүзегіш құрамасы болып табылады. «Оңтүстік» еркін экономикалық аумағы (осыдан кейін – «Оңтүстік» ЕЭА) өңір және жалпы Қазақстан үшін перспективті саналатын тоқыма секторына инвесторларды тарту мақсатымен құрылған болатын.

2010 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында «Охy-Textile» ЖШС – кешенді автоматтандырылған иіруширату фабрикасы . Жалпы құны 5879,8 млн. теңге, 260 жаңа жұмыс орындармен.

Кәсіпорынмен 2011 жылдың 1 тоқсанында 131,6 тоннаға жалпы құны 73 913 мың. тенгеге өнім шығарды. Кәсіпорынның қуаттылығы айына 515 тонна иірілген жіп шығарды. Фабрикада - 2018 адам жұмыс істейді.

2011 жылдың 15 ақпанынан өндіріс тоқтады, айналым қаражат болмауы және шикізаттың болмауы.

«Oxy Textile» ЖШС (толлинг) қайта өңдеуге «Sarmat trading» ЖШС келісім шартқа қол қойылды, Кәсіпорынның жүктелуін 1 жыл көлемінде арттыру шикізатпен қамтамасыз етіледі.

«БРК-Лизинг» АҚ және «ИФК» АҚ және басқада кредиторлармен ішкі бақылау аясында Облыстың Арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 8 тамыздағы шешімімен «Кредиторлар Комитеті құрылды.

Облыс әкімдігімен Кредиторлар Комитетімен кәсіпорынды қосу бойынша келісімге келді. «Oxy Textile» ЖШС. Қаржыландыру схемасы әзірленді және Кредиторлар Комитетінде 2013 жылы 19 қарашада Шымкент қаласында презентациясы жасалды.

Қазіргі таңда, ӘКК гарант есебінде «Oxy Textile» ЖШС. Электрмонтаждау жұмыстары кабелдер және жабдықтарды жөндеуі аяқталған. Жабдықтар диагностикадан өткізілді. «Piter» компаниясы жабдықтар өндірісі бойынша коммерциялық ұсыныстар күтілуде. Лабораторияға қажетті қосалқы материалдар сатып алынды және 2014 жылы «Oxy Textile» ЖШС іске қосылды.

«Оңтүстік» АЭА толық циклды дайын тігін бұйымдарын ұйымдастыру үшін 2012 жылы «ПК «АГФ групп» ЖШС киім өнідірісі жобасы іске қосылды. Жобаның құны – 251 млн. теңге. 2013 жылы өндіріс көлемі - 43,0 млн.тг, 2014 жылы- 58,0 млн.тг құрады.


Тері, тері өнімдерін және аяқ киім өндірісі

Тері, тері өнімдерін және аяқ киім өндірісінде кәсіпорындармен 2009 жылы 2,8 млн. тенгеге өнім шығарылды, НКИ 2008 жылмен 93,1% құрады. 2010 жылы өнім көлемі 51,1 млн. теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 8,9 есеге өсті. 2015 жылға қарай өнім көлемін 5,0 млн. теңгеге дейін өсіру немесе 2009 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге арттыру көзделіп отыр.

2011-2013 жылдары облыста бағдарламаны іске асыру кезінде кәсіпорындармен шығарған өнімі: 2011жылы – 247,8 млн. теңге (НКИ – 27,3 есе), 2012 жылы – 192,4 млн. теңге (НКИ – 131,2 %), 2013 жылы – 72,7 млн. теңге (НКИ – 69,2 %).

2014 жылы өнімді 90,0 млн. теңге немесе 2013 жылға қарағанда 125,7% құрады.

Нақты салада ірі қара малдың және жылқы тектес жануарлардың терісін өңдеуде шағын мекемелер де қызмет етеді. Заманауи тенденциялар өндірістік кәсіпорындардың жабдығын қайта құруды, түбегейлі өзгертуді, оны бүгінгі күн талаптарына сәйкес деңгейге шығаруды талап етеді.

2010 жылы келесі жобалар іске қосылды:

- жүнді өңдеумен айналысатын «ШКПОШ» ЖШС;

- «Ылғал жұтқыш мақтаны, мақта целлюлозасын және техникалық карбоксиметилцеллюлозаны мақтақұрағыш шикізаттан өндіруді ұйымдастыру» «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС;

- «Мақта-мата жібін иіру өндірісін ұйымдастыру» «Oxy-Textile».

Тігін өнеркәсібінің кәсіпорындарымен 2012 жылы 3206,6 млн. теңге сомасында өнім шығарылды, немесе 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 149,6 % құрады. Өндірістің өсуі ұлттық компаниялар мен қарулы күштер тапсырыстардың (арнайы жұмыс киімдері 93,6 % артқан) өсуі есебінен орын алды.

«Арайлы» ЖШС 2005 жылы құрылған тігін өндірісінің негізгі ассортименті қарулы күштер құрылымдарына нысаналы киімдер тігу. Кәсіпорында өндірісті дамытудың ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді, ол бойынша негізгі қорларды жаңғырту, экспортқа бағытталған азаматтық ассортименттерді енгізу және жаңа технологияларды игеру қарастырылған.

Кәсіпорын түскен пайданы заманауи негізгі құралдарды сатып алуға және ассортименті кеңейтуге жұмсады. 2007 жылы немістің PFFAF фирмасының тігін жабдықтары орнатылды, екінші тігін корпусы іске қосылды. 2009 жылы 3 қабатты корпус, жартылай автоматты машиналар, ылғалды-жылу өңдеу бағдарламамен басқарылатын машиналар сатып алынды, ылғалды-жылу өңдеу линиясы қойылды, кәсіпорынның өнім көлемі 1 млрд.теңгеге жетті. 2011 жылы – 1119 млн.тг., 2012 жылы - 1187 млн.тг. Фабрика 2 ғимараты бар: камуфляждалған жазғы және қысқы костюмдер тігетін цех және жаңа корпус, онда 3 линия жұмысы жасайды (пиджак, шалбар және көйлек).



Тері, тері өнімдерін және аяқ киім өндірісінде

2012 жылы сала кәсіпорындарымен 56,6 мың пар аяқ кимі шығарылды немесе 2011 жылмен салыстырғанда НКИ 120,9% құрады.

Қазіргі кезде тері бұйымдар өндірісіне басты назар аударылуда. Осы келесідей кәсіпорындар жұмыс жасауда: «Turan-Skin» ЖШС (жартылай фабрикат былғары, ірі қара малдың (ІҚМ) және майда мүйізді малдың (МММ) иленген терісі), «LEON» ЖШС (ІҚМ және МММ терісін өңдеуші). Сондай-ақ, Шымкент қ. «Оңтүстік» индустриялды аймағында 3 зауыт салынуда: «Узал-Дери» ЖШС-ның ІҚМ және МММ терісін өңдейтін фабрика, «AL-SHYM» ЖШС-ның тері өңдеу өндірісі мен тері бұйымдарын шығару цехы, «Куат-2002» ЖШС-ның жүн жуу және өңдеу, тері шикізатын өңдеу фабрика.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп саласының жалпы құны шамамен 95,5 млрд. теңге құрайтын және 4892 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда, олардың ішінде жалпы құны 17,3 млрд. теңге құрайтын және 2079 жаңа жұмыс орнын ашқан 17 жоба іске қосылған.

Құрылыс материалдар өндірісін дамыту

2009 жылы металл емес минералды өнімнің басқа түрлерінің өндірісі 14800, 430 млн.теңге сомасын құрды, 2008 жылмен салыстырғанда физикалық өнім индексі 108,2 % құрады. 2010 жылы 19653,3 млн. тенгеге өнім шығарды, НКИ 2009 жылдың тиісті кезеңімен 134,5% құрады.

2011-2013 жылы бағдарламаның іске асыру кезінде кәсіпорындармен шығарған өнімі: 2011 жылы – 23529,6 млн. теңге (НКИ – 120,3 %), 2012 жылы – 27715,0 млн. теңге (НКИ – 122,5 %), 2013 жылы – 39729,9 млн. теңге (НКИ – 109,4 %), НКИ 2010 жылы 161,2 % құрады (2008 ж.- 234,6 %). 2014 жылы 43796,1 млн. теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 103,4% құрады. Саладағы өндіріс көлемінің өсу динакасының қалыптасуы облыстағы құрылыс индустриясының дамуымен және құрылыс материалдарына деген сұраныстың артуымен түсіндіріледі.

Аталған салада негізінен құрылыс матиралдары: цемент, кірпіш, шифер және асботруб, құрылыс қажетіне арналған бетон заттары, тауарлы бетон және т.б.

Облыстың нақты саласы келесі мекемелерден құрылған: цемент өндіру бойынша – «Шымкентцемент» АҚ, «Sas-Tobe Technologies» ЖШС, кірпішті өндіру – «Құрылыс материалы» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Батсу қыш» ЖШС, «Дина-Н» ЖШС, шифер және асбоқұбыр – «Асбоцемтконструкция» АҚ, темірбетон өнімдерін өндіру – «ТурАхмет және Компания», «Яссы трансформер» ЖШС, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Ныш-Ер» ЖШС және құрылыс материалдарының өндіру негізін құрайтын басқа мекемелер.

«Шымкентцемент» АҚ 2009 жылы 697,2 мың тонна цементті 6,2 млрд.теңгеге өндірді. 2010 жылдың бағалауы – 712,0 мың тонна цемент 7,0 млрд.теңгеге. Зауытта өндірісті қайта құру ісі жалстырылуда. Клинкерлік тоңазытқыштардың модификациясы, №3 цемент диірменін қайта орнықтыру, сығылған ауа жүйесін модернизациялау бойынша жобалар іске асуда. 2009 жылы экологияны жақсарту мақсатымен зиянды шығаруларды азайту бойынша электрсүзгілерін орнату аяқталды. Мекемеде ИСО 9001-2000 халықаралық сапа менеджментінің жүйесі енгізілген. 2013 жылы өндіріс көлемі 8714,1 млн. теңгені, 2014 жылы 7561,4 млн теңгенің өнімі шығарылды немесе 2013 жылға қарағанда 86,8% құрады.

«Құрылыс материалы» ЖШС 2009 жылы 70,0 млн. теңгеге өнім шығарды, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 7,7 % аз. 2010 жылы 16,4 мың куб метр кірпішті 95,6 млн.теңгеге өндірілді. 2013 жылы өндіріс көлемі 167,9 млн. теңгені, 2014 жылы 150,5 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2013 жылға қарағанда 89,6% құрады.

«Асбоцемконструкция» АҚ 2009 жылы 292,8 млн.теңгеге өнім шығарды, шифер табиғи мәнінде 904,5 мың куб м, асбоқұбыр – 126 тонна. Өндіріс көлемі тапсырыстың аз түсуінен болды.

2010 жылы – 750,5 млн.теңге құрады немесе шифер – 1000,0 мың кв.м., асбоқұбыр – 250 тонна.

«Sas-Tobe Technologies» ЖШС-нің өнім шығару көлемі 2009 жылда 2070,2 млн.теңгені құрады, шығарылған цемент – 256,8 мың тона, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 78,7 % құрады. Өнімді шығару көлемінің төмендеуі сұраныстың төмендеуніне болды. 2010 жылдың бағалауы – 3350,8 млн.теңге немесе 432,7 мың тонна өнім. 2013 жылы өндіріс көлемі 4004,3 млн. теңгені, 2014 жылы 5509,2 млн теңгенің өнімі шығарылды немесе 2013 жылға қарағанда 137,6% құрады.

Ордабасы ауданында «Рауан» ЖШС-де 2009 жылы 91,2 млн.теңгеге өнім немесе 4988,6 мың дана кірпіш шығарылды. 2013 жылы өндіріс көлемі 75,1 млн. теңгені, 2014 жылы 107,2 млн теңгенің өнімі шығарылды немесе 2013 жылға қарағанда 142,8% құрады.

«Батсу» ЖШС 2009 жылы құрылыс крпіштерін 72,0 мың теңгеге немесе 5800,0 мың дана шығарды. 2014 жылы өндіріс көлемі 59,6 млн. теңгені, 2014 жылы зауыт өндірісі модернизациялауға байланысты тоқтап тұрды.

Түркістан қаласындағы «КСД және К» ЖШС 2009 жылы бетоннан дайындалған өнімдерді құрылыс мақсаттарына 42,1 млн.теңгеге немесе 2448 тонна СБӨ шығарды, 2010 жылы мекеме 45,0 млн.теңгеге өнім шығарылды. «Ныш-Ер» ЖШС 2009 жылы бетоннан дайындалған өнімдерді 133,6 млн.теңгеге немесе 12300 тонна СБӨ шығарды. 2010 жылы мекеме 135,0 млн.теңгеге өнім өндірілді. «Яссы Трансформер» ЖШС 2009 жылы өнімді 523,4 млн.теңгеге шығады.

2010 жылы құрылыс кірпішін өндірумен айналысатын мекемелермен 114,9 мың куб.м өнім шығарылды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 3,5 % өсті. 2010 жылы цемент өндірісін 987,3 мың тоннаға дейін, тауарлық бетонды – 306,3 мың тоннаға дейін, өсу қарқыны 4,5 %, құрылыс мақсаттары үшін бетоннан дайындалған бұйымдар – 141,5 мың тонна, өсу қарқыны 5,5 % құрады, басқа да металл емес өнімдер қаржылай мәнінде 16500,0 мың теңге, өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2009 жылдың мамыр айында «Дина-Н» ЖШС-нің жылына 40 млн. кірпіш қуатымен «Күйдірілген кірпіштің өндірісі» бірінші жобасы ендірілді, бұл жерде 80 жұмыс орны пайда болды. Жоба 700,0 млн.теңге сомасындағы несие ресурстары есебінен іске асырылды. 2010 жылдың наурыз айында керамогранитті тақтайларды өндірумен айналысатын «Азия керамик» ЖШС-нің зауыты ашылды. Жобаның құны жылына – 5550, млн.теңге, қуаты – 2,5 млн.шаршы метр керамогранит. Құрылған жұмыс орындарының саны – 200. Мекеменің Қазақстан мен Орталық Азия өңірі бойынша теңесі жоқ. «Barbieri Tarozzi S.R/L» итальяндық компаниясының қондырғыларымен жабдықталған мекеменің шығаратын өнімі халықаралық стандарттарға сәйкес болады.

Цемент өндірісі. Аталған сала кәсіпорындар: «Шымкентцемент» АҚ, «Sas-Tobe Technologies» ЖШС , «Стандарт Цемент» ЖШС (2010ж.қосылған). 2009 жылы облыс бойынша 953,1 мың.тонна цементі 8224,0 млн. теңге, соның бірге: «Шымкентцемент» АҚ – 696,4 мың. тонна (6153,8 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 256,7 мың. тонна (2070,2 млн. теңге). 2012 жылы облыс бойынша 1739 мың. тонна цемент өндірісі 17546,8 млн. тенгеге, және: «Стандарт Цемент» ЖШС – 696,2 мың. тонна (6481,8 млн. теңге), «Шымкентцемент» АҚ – 609,6 мың. тонна (7746,1 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 433,2 мың. тонна (3318,9 млн. теңге). 2013 жылы облыс бойынша 1909,8 мың. тонна цемент 22417,0 млн. тенгеге өнім шығарды, және «Стандарт Цемент» ЖШС – 848,1 мың. тонна (9698,6 млн.теңге), «Шымкентцемент» АҚ – 644,8 мың. тонна (8714,1 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 416,8 мың. тонна (4004,3 млрд. теңге). 2013 жылы цемент өндірісі табиғи түрде 2010 жылмен салыстырғанда 60,0 % өсті, ақшалай түрде 2,7 есеге.

2014 жылы облыс бойынша 1956,3 мың тонна цемент 25793,0 млн. тенгеге өнім шығарды, о.і.: «Стандарт Цемент» ЖШС – 916,2 мың тонна (12722,4 млн. теңге), «Шымкентцемент» АҚ – 609,2 мың тонна (7561,4 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 430,98 мың тонна (5509,2 млн. теңге).

«Стандарт Цемент» ЖШС 2010 жылы іске қосылды, кәсіпорында құрғақ әдіс технологиясы қолданылады жылына 1,0 млн.тг цемент шығаруға мүмкіншілігі бар. Сапа жағынан халықаралық стандарттарға сай келеді. Жобаны қаржыландыру Қытайлық «Эксим Банка» – 6,7 млрд. теңге, кредиттік желі «ДойчеБанка» – 1,5 млрд. теңге, кредиттік желі БТА – 2,25 млрд. тенге, барлық кредиттің операторы БТА болып табылады.

Кірпіш өндірісі. 2009 жылы облыс бойынша кірпіш өнімі 97,5 мың. шаршы метр. немесе 70,2 % 2008 жылға. 2013 жылы облыс бойынша кірпіш өнімі 159,2 мың. шаршы метр. өнім шығарылды.

Облыста кәсіпорындармен: «Курылыс материалы» ЖШС, «Айгул-ТЖ» ЖШС, СП «Уйтас К» ЖШС (Шымкент қаласы), «Батсу Водоканал» ЖШС, «Рауан-7» ЖШС, «НИМЕКС Констракшн» ЖШС, «Куан» ЖШС, «Бадам онимдери» ЖШС, «Шахар» ЖШС, «Отырар кыш» ЖШС, «Керемет-Центр» ЖШС, «Болашак-7» ЖШС, ЧП Докучаев (Ордабасы ауданы), «Кумбез курылыс» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, ЧП Орашев, «КНМ и К» ЖШС (Сайрам ауданы), «Дина-Н» ЖШС, «Муслим и К» ЖШС, ЧП Байсупиев (Сарыағаш ауданы), «Бинэкс» ЖШС (Туркестан қаласы), «Женис и К» ЖЖШС (Казығұрт ауданы), «Ауыл курылыс» ЖШС, «Балыкты кирпич» ЖШС (Түлкібас ауданы), «Арай-Толеби» ЖШС, «Карим Т» ЖШС (Төлеби ауданы).

2009 жылы облыс бойынша кірпіш өнімі 97,5 мың текше метр немесе 2008 жылға қарағанда 70,2%. 2013 жылы облыс бойынша кірпіш өнімі 159,2 мың текше метр өнім шығарылды.

2010 жылы наурызда керамикалық плиталар шығаратын «Азия керамик» ЖШС. зауыты ашылды. Жобаның құны – 5550, млн. теңге, қуаттылығы – 2,5 млн. кв. м керамогранит жылына. Жобаны қаржыландыру Қазақстандық даму Банкінің несие ресурстары есебінен жүзеге асырылды. Жоба 2011 жылдың күзінен тоқтап тұр. Себебі шетелдік инвесторлардың өз міндеттемелерін орындамағаннан болды. Қазіргі таңда, аталған жоба тоқтап тұр.



Әк өндірісі. Аталған саланың кәсіпорындарымен: «Тюлькубасский известковый завод» ЖШС және «Умид СД» ЖШС (Түлкібас ауданы). 2009 жылы облыс бойынша әкті 36,2 мың. тоннаға өнім шығарды немесе 42,9 % 2008 жылға, 2013 жылы облыс бойынша әкті 99,6 мың. тонна немесе 113,1 % 2012жылға, 2009 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,8 есеге өсті.

2014 жылы облыс бойынша әкті 96,7 мың. тонна немесе 2013 жылмен салыстырғанда 97,1 % құрайды.



Құрылыс қажеттігіне арналған бетон заттары. 2009 жылы облыс бойынша бетон бұйымдарын 151,4 мың.тонна. Негізінен өнім өндірісі: Шымкент – 57,5 мың.т, Түркістанда – 76,2 мың. т, Отырар – 7,4 мың. т, Сайрам - 2,2 мың. т, Сарыағаш – 8,0 мың. т.және Төлеби аудандарында – 0,1 мың. тонна.

2013 жылы облыс бойынша бетон бұйымдары 364,5 мың. тонна өнім шығарылды. Аталған өндірістердің орналасқан жері: Шымкент қаласы – 182,8 мың.т, Түркістан – 125,7 мың. т, Ордабасы ауданы– 9,9 мың. т, Сайрам - 40,7 мың. т, Сарыағаш - 5,0 мың. т және Төлеби – 0,4 мың.т. 2009 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,4 есеге өсті.

2014 жылы облыс бойынша бетон бұйымдары 364,5 мың. тонна өнім шығарылды. Аталған өндірістердің орналасқан жері: Шымкент қаласы – 147,4 мың т, Түркістан – 108,6 мың т, Ордабасы ауданы – 1,4 мың т, Сайрам - 100,0 мың т, Сарыағаш - 7,2 мың т және Төлеби – 0,8 мың тг.

Тауарлық бетон өндірісі. 2009 жылы облыс бойынша тауарлық бетонды 388,2 мың. тоннаға өнім шығарды. Аталған өндірістердің орналасқан жерлері: Шымкент қаласы – 188,1 мың. т, Түркістан – 45,1 мың. т, Ордабасы ауданы – 1,4 мың. т, Сайрам - 124,9 мың. т, Сарыағаш - 11,7 мың. т, Төлеби – 12,9 мың. т және Түлкібас – 4,1 мың. т.

2013 жылы облыс бойынша тауарлық бетон өнімін 1044,8 мың. тонна шығарды. Аталған өндірістердің орналасқан жерлері: Шымкент қаласы – 530,3 мың. т,Түркістан – 171,1 мың. т, Бәйдібек ауданы – 3,4 мың. т, Қазығұрт – 95,4 мың. т, Ордабасы – 91,2 мың. т, Сайрам – 59,8 мың. т, Сарыағаш – 60,2 мың. т, Созақ– 15,8 мың. т, Төлеби – 4,5 мың. т және Түлкібас аудандарында – 13,1 мың. т. 2009 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,7 есеге өсті.

2014 жылы облыс бойынша 1139,5 мың тонна тауарлық бетон өнімін шығарды, о.і.: Шымкент қаласы – 631,8 мың т, Түркістан қ. – 167,5 мың т, Қазығұрт – 85,8 мың т, Ордабасы – 124,0 мың т, Сайрам – 24,5 мың т, Сарыағаш – 73,2 мың т, Созақ– 19,4 мың т, Төлеби – 2,7 мың т және Түлкібас аудандарында – 10,6 мың тонна.

Шифер және асботрубалар өндірісі. Облыста шифер және асботрубалар өндірісімен «Асбоцемконструкций» АҚ жұмыс істейді. Кәсіпорынмен 2009 жылы 292,8 млн. теңгеге өнім шығарылды. Табиғи түрде шифер – 904,5 мың.шаршы метр асботрубалар – 126 тонна. Төмендеудің себебі тапсырыс шектеуінен.

2010 жылы – 750,5 млн. теңге немесе шифер – 1000,0 шаршы.метр асботрубалар – 250 тонна. Қазіргі таңда, кәсіпорын қаржат жағынан қиындықтар туындауда. Бұл кәсіпорынның тоқтап тұруына әкеп соқтырды. Қазіргі таңда, зауытты іске қосу үшін инвесторлар іздестірілуде.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде құрылыс материалдар өндіру саласының жалпы құны шамамен 104,1 млрд. теңге құрайтын және 5426 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 63 жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, олардың ішінде жалпы құны 36,8 млрд. теңге құрайтын және 2763 жаңа жұмыс орнын ашқан 40 жоба іске қосылған.

Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі

Сала мекемелері 2008 жылы 12139,1 млн.теңгеге, ал 2009 жылы 16532,0 млн.теңгеге өндірілген, 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда физикалық көлем индексі 160,8 % құрады.

Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі көлемінде негізгі үлес уран өндірісіне түсіп (уранның тотығы мен қышығы) – 2009 жылы 9,8 %, 2013 жылы 13,9 % құрады.

Сала мекемелері өнімнің өндіру шығарылымы 2009 жылы 16532,0 млн.теңгеге,соның ішінде: металлургиялық өнеркәсіп бойынша 14983,3 млн.теңге және дайын металл бұйымдар өндірісі бойынша 1548,7 млн.теңге, металлургиялық өнеркәсіптің физикалық индекс көлемі 2008 жылы 160,8 % құраса, дайын металл бұйымдар өндірісі физикалық индекс көлемі 74,0 % құрайды. 2010 жылы 26105,1 млн.тг. өнім шығарылды (сәйкесінше тиісті кезеңмен 23482,9 млн.тг.; 2622,1 млн.тг.), физикалық индекс көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 154,5 % құрайды.

2011-2013 жылы облыста Бағдарламаны дамыту бойынша осы саладағы кәсіпорындардың шығарған өнім көлемі: 2011 жылы – 37840,7 млн. теңге (34344,5 млн.тг.; 3496,2 млн.тг., НКИ – 116,5 % және 80,2 %), 2012 жылы – 65598,0 млн. теңге (61321,0 млн.тг.; 4277,0 млн.тг., НКИ – 121,6 % және 148,5 %), 2013 жылы – 49462,7 млн. теңге (43670,6 млн.тг.; 5792,1 млн.тг., НКИ – 109,4 %), НКИ 2010 жылы: металлургияда - 175,2 %, дайын металлдық бұйымдар – 67,6 %; (2008ж. тиісті кезеңімен - 327,7 % және 175,2%). 2014 жылы көлемі металлургияда 51455,2 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 117,0% құрады, дайын металлдық бұйымдар – 6053,0 млн. теңге немесе 125,3% құрады.

Металлургия өнеркәсібіндегі кәсіпорындармен 2012 жылы 61321,0 млн. теңгеге, 2011 жылға қарағанда нақты көлем индексі 121,6 %-ды құрады; ал дайын металл бұйымдарының өндірісі 4277,0 млн. теңгені құрады. Облыста металлургиялық өнеркәсіпте және дайын металлдық бұйымдар өңдеу өнеркәсібінде 13,9 % орын алады.

Бағдарламаны іске асыру кезінде металлургиялық көрсеткіштің структурасы айтарлықтай өзгерді. Бастапқыда металлургиялық өнерксәіптің үлесі уран өнеркәсібі өндірісі тиесілі болған 60 % жоғары, ал 2013 жылы - 90 % жоғары.

Соңғы жылдары өсу қарқыны байқалады және уран өніміне сұраныс бар. Уран көлемін ұлғайту, Үкіметтің шешімімен іске асырылады .

Облыстың Созақ ауданында «Бетпақ Дала»СП» ЖШС, «Катко»СП»ЖШС, «Таукент КХП» ЖШС, «Степное-РУ»ЖШС, «Тау-рудалық компания»ЖШС, «СП Инкай» ЖШС және табиғи уранды шығарумен айналысатын басқа да мекемелер табысты еңбек етуде.

Дүниежүзілік дағдарыс өз әсерін тигізді. Атап айтқанда қара және түсті металлдар мен металлургияда. Кейбір машина жасау зауыттарында өнім шығарудың азаюы және жабылуы, аталған салалардың көрсеткіштерін төмендеуіне себеп болды.

Облыстың металлургиялық өндірісі «Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ-мен түрлі-түсті металл өндірісінде көрсетілген. Оның құрамына компанияның жұмысында толық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тау-кен қазушы мекемелер, құнарландыру фабрикасы, металлургиялық өндіріс, басқа дә өнеркәсіп және жөндеу өндірістері енеді. Құнарландыру фабрикасында өндірістік көлемдерде өзін-өзі жақсы жағымды жағынан көрсеткен шымкенттік инженер-металлургтердің қорғасын құрамдас тозаңды хлор, мыс, сүрме, мырыштан шайып шығару бойынша ноу-хау пайдаланылады, осының есебінен металлургиялық өндірісте техногенді қалдықтарды пайдалануға мүмкіндік туындады. Мекеменің жоғары сапалы түрлі-түсті металдар өндірісі үшін үлкен технологиялық мүмкіндіктері бар. Жаңа технология есебінен сапасы жақсы шликерлердің электрмен балқытуы іске асты, тозаңнан висмутты және сиректопырақты ренийді шығару проблемасы шешілді.

«Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ 2009 жылы түрлі-түсті металл – 653,6 млн. теңге сомасында, рафинирленген қорғасын – 1167 тонна, өңделмеген күміс - 1867 кг, Доре балқымасы - 6 кг өндірілді.

2009 жылы «Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ-ның «Аккумуляторлық батареялар өндірісі» жылына 1 млн.дана қуатымен іске қосылды. Қаржы қиыншылықтарынан және шикізаттың болмауы себебінен (қорғасын) нақты өндіріс іссіз тұр, қазір тек моноблоктарды және оларға арналған қақпаларды шығарып отыр.

2010 жылдың шілдесінде «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ және өндірістік жұмыстар операторы - «А-mega TRADING»ЖШС арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

2010 жылдың қазан айында қорғасынның сынақ жөнелтілуі жүргізілді.

«Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ 2009 жылы түрлі-түсті металл – 653,6 млн. теңге сомасында, рафинирленген қорғасын – 1167 тонна, өңделмеген күміс - 1867 кг, Доре балқымасы - 6 кг өндірілді. 2012 жылы аталған кәсіпорын жабылды. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының сыртына шығару жұмыстары жүргізілуде.

«Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС – қара металдан дайындалған бұйымдарды өндіретін қарқынды дамып отырған мекеме. Мекеме 2006 жылы құрылып, қысқа мерзім ішінде тек Қазақстан нарығында емес, оның шет жақтарынан да өз тұтынушыларына ие болды. Компанияның саясатының негізгі басымдылықтары - өнім сапасы. Оның жоғары деңгейін қолдап отыру үшін өз зертханасы күшімен металдың әр балқытуы зерттеу жүгізілуде. Өндірілетін өнім сапасы барлық стандарттарға және ГОСТ-ға (Мемлекеттік стандарттарға) сәйкес. Индустрияландыру картасы аясында 2 жобаны іске асырды жалпы құны 1244 млн.тг 150 жұмыс орны ашылған және Сұйық әйнек өндірісі зауытының құрлысы жалпы құны 75 млн.тг 100 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар металлургиялық өндірісте «Гермес БЕ» ЖШС (бұрыштар, арматура, катанка), «Махатай» ЖШС (мыс, алюминий) және «Нұран» ЖШС қызмет етеді. «Нұран» ЖШС – бұл мекеме дайындаумен, сұрыптаумен және қайта өңдеумен (қара және түрлі-түсті металл бұйымдарын шығару), сонымен қатар қара және түрлі-түсті металдың сынықтарын үлестірумен айналысады.

2009 жылы 31,0 мың тонна дайын өнім 1590,8 млн.теңге сомасында өндірілді. 2010 жылы – 32,6 мың тонна 1614,4 млн.теңге құрады.

Дәнекерлеу электродтарын шығарумен айналысатын зауыт (Сайрам ауданындағы «ОңтүстікПолиметалл» ӨК филиалы) жоғары көміртегілендірілген болат үшін МР-3 және УОНИ маркалы электродтарды және сұйық шыныны өндіреді.

Дайын металл бұйымдарын өнірумен айналысатын мекемелер: «Юсталькон» ЖШС –металлқұрастырғыштары; «Трубмашхолдинг» ЖШС –диаметрі 108 мм ГОСТ (мемелекеттік стандарты) 10705-80 электрдәнекерлеу құбырларын; «Темп» ЖШС – металл құрастырғыштары; «Оңтүстіксантемонтаж» АҚ ШФ СТИ «Оңтүстіксантемонтаж» АҚ – металл бұйымдары, металл құрастырғыштары және тігісті құбырлар; «МодульЗауыты» ЖШС – металл құрастырғыштары. ЭМИ зауыты «ЭЛМО»АҚ - трансфоматорлық қосымша стансалар, ЛЭП металл құрастырғыштары, «Эталон Шымкент зауыты» АҚ, «Темп» ЖШС, «Металл құрастырғыштарының зауыты» ЖШС – металл бұйымдары және металл құрастырғыштары, сонымен қатар шағын және қосалқы мекемелермен 2009 жылы 1576,2 млн.теңгеге өнім өндірілген, немесе 2008 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,3 % өскен. 2010 жылы – 1615,9 млн.теңге құрады. 2014 жылдың кәсіпорындармен 4,3 мың. тонна құрылыс металл құрастырғыштар шығарған.

ЭМИ зауыты «ЭЛМО» АҚ филиалы Алматы қаласындағы «Электромонтаж» АҚ-ның филиалы болып табылады.

Зауыт құрылыста аса қажет типтік емес электро және металл құрастырғыштарын өндірген, сонымен қатар шығарылып жүрген кабельді құрастырғыштарды халықаралық стандарттарға бағдар алып өзгертуді жүргізді (мысалы, КП типті перфоқораптардан және КПЗ типіне ауысу және т.б.). Зауыт өнімдер тізімін кеңейтті, олар ұнтақты бояу тәсілімен боялатын болды. Сонымен қатар ұйымдарға олардың өнімдерін ұнтақпен бояу қызметін кеңейтіп көрсете бастады, 10-110 кВ кернеуіне жоғарывольтты ЛЭП үшін жинақтаушы бөлшектерінің жаңа түрлері игерілді. Ыстық мырыштаудың гальваникалық бөлімнің тәуліктік жұмысы Қазақстанның мұнайлы-газ өңірлеріне өнімді ыстық мырышталған түрінде жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2009 жылы мекеме 436,1 млн.теңгеге өнім шығарды, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 128,5 % болды. 1124 тонна металл құрастырғыштар өндіріліп, өсу көрсеткіші 114,8 % -ды құрады. Зауыттың қаржылай-экономикалық жағдайы тұрақты.

2012 жылы кәсіпорын 456,1 млн.теңгеге өнім шығарды, 2011 жылмен салыстырғанда өсуі 108,5 % құрады. 2013 жылы кәсіпорындармен 407,5 млн. теңгеге өнім шығарды, немесе 2012 тиісті кезеңімен 98,0 %. 2014 жылы кәсіпорын 432,9 млн. теңгеге өнім шығарды, немесе 2013 жылмен салыстырғанда 106,2%.

ҮИИД бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде металлургия өнеркәсіп саласында жалпы құны 42,6 млрд. теңгені құрайтын және 2326 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда жалпы құны 2,0 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылды және 212 жаңа жұмыс орны ашылды.


жүктеу 4,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау