№ исх: 330 от: 01. 06. 2017 Қазақстан Республикасы



жүктеу 0,63 Mb.
бет3/7
Дата21.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#27129
1   2   3   4   5   6   7


- сот тараптардың біреуі есту қабілеті бұзылған адам болып табылатын арыздарды қарау кезінде сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамды тартады.

  1. АПК-де аудио-бейне жазба құралдары көмегімен сот отырысын жазып алу қарастырылған, бұл көру қабілеті бұзылған адамдардың соттың істі қарау барысында ақпарат алу құқын сақтауға ықпал етеді. Іске қатысушы адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының аудио-бейне жазбасының мазмұнымен танысуға және оның мазмұнына ескерту жасауға құқылы.

  2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот отырыстары қылмыстық, сол сияқты азаматтық істер бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізілуі мүмкін. Осындай технологияны мүмкіндіктері шектеулі азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау үшін пайдалана алады, өйткені егер осындай азамат алыс жерде тұратын болса, оған жақын орналасқан сотты таңдап, онлайн-режимде сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.

  3. Жоғарғы Соттың деректері бойынша 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен азаматтық құқық бұзушылықтар шеңберінде соттар 10 221 талап/істі қараған, олардың ішінде отбасылық құқықтық қатынастар аясында – 1 192, еңбек құқықтық қатынастары аясында – 1 710, тұрғын үй құқықтық қатынастары аясында – 552, жер құқықтық қатынастары аясында – 106, басқалары – 6 661. Істердің жалпы санынан 1 765 іс процесті аудио, бейне тіркеуге жүргізе отырып қаралды.

  4. Мүгедектер, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектер үшін 324 сот ғимаратының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс басталды. 28 сот ғимаратында үй-жайға еш кедергісіз кіруге болады, 255 ғимаратта халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған пандустар орнатылған.

Соттың санитариялық-тұрмыстық үй-жайларында тұтқалар орнату бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр (бүгінде 90 сот ғимаратында тиісті жабдықтар орнатылған), ақпараттың тактильді құралдары 86 сотта бар. Мүгедектігі бар адамдардың автокөлігіне арналған көлік қою жерлері арнайы белгілермен жабдықталған.

  1. 2014 жылы сот жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарға арналған Сот жүйесінің интернет ресурсы (СЖИР) жаңғыртылды. СЖИР бір терезеде елдің 370 сотының ақпаратына қол жеткізу мүмкіндігін және «Сот кабинеті» сервисін ұсынады. «Сот кабинетінде» өтініштерді, арыздарды, шағымдарды электрондық түрде дайындауға және беруге; мемлекеттік баж салығын онлайн төлеуге; мемлекеттік баж салығының төленгенін тексеруге; істің қаралу барысын тексеруге және істі онлайн қарауға; сот құжаттары мен хабарламаларын шұғыл алуға; сот практикасының қорытындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Мүмкіндіктері шектеулі адам сот органдарының барлық сервистерімен қашықтан немесе сотқа келіп пайдалана алады. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа іске асырылған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін СЖИР мазмұнын дыбыспен беруді енгізу бойынша мәселе пысықталып жатыр.

  2. Жоғарғы Сот, облыстық оқу орталықтары мен соларға теңестірілген соттар тұрақты негізде соттардың және сот жүйесіндегі қызметкерлердің мүгедектердің құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған шаралар жүргізеді. Мүгедектердің сот төрелігіне тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы республика соттары 11 оқу семинарын, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізді, оларға 150-ден астам судья және сот жүйесінің 50 қызметкері қатысты. Жоғарғы Сот жанындағы Әділ сот академиясымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» атты тақырыпта дәрістер оқылды.

  3. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес егер сотта қаралатын дау кәсіпкерлік қызметке байланысты болмаса, адвокаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектерге заңды көмекті тегін көрсетеді (мемлекеттік бюджет есебінен). 2012 – 2016 жылдар аралығында адвокаттар 5 623 мүгедекке заңды көмек көрсеткен.

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 541-бабына сәйкес мынадай адамдар:

мүгедек талапкерлер, жасынан мүгедек баланың ата-анасының біреуі – барлық істер және құжаттар бойынша;

жұмыскерлерінің кемінде 35 % есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілеті бойынша мүгедектер құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) олар құрған ұйымдар – өз мүдделерінде арыз беру кезінде сотта мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.




Конвенцияның 14-бабы. Еркіндік және жеке басына қол сұғылмаушылық


  1. Конституцияда мүгедектерді қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарына (12-бап), бостандық және жеке басына қолсұғылмаушылық құқығына кепілдік (16, 17, 18-баптар) беріледі. Азаматтардың бостандығын заңсыз және ерікті түрде, оның ішінде мүгедектік себептері бойынша айыруға жол берілмейді.

  2. Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары есі дұрыс емес деп танылған адамдарға қатысты соттың шешімі бойынша ғана қолданылады. Бұл ретте есі дұрыс емес деп қылмыстық немесе қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның созылмалы психикалық аурудың, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-ойы кемістігінің немесе психикасының өзге де бұзылуының салдарынан өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық түйсіне алмаған және оларды игере алмаған күйі түсініледі.

  3. Тұтқынға алуға, қамауға алуға және қамауда ұстауға соттың шешімі бойынша ғана жол беріледі. Соттың шешімі шыққанға дейін адамды 72 сағаттан артық ұстауға болмайды ( Конституцияның 16-бабы).

  4. Адамдардың, оның ішінде мүгедектердің бостандықтарын заңсыз немесе ерікті түрде айыруды жою үшін, сондай-ақ бостандықты кез келген түрде айыру заңға сәйкес келуі үшін Қылмыстық кодексте адамды ұрлау 125-бап), бас бостандығынан заңсыз айыру, (126-бап), психиатриялық стационарға заңсыз жатқызу (127-бап) сияқты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жазалау көзделген.

  5. Сотталған мүгедектерге қатысты жазаны орындаудың олардың денсаулық жағдайын және физикалық мүмкіндіктері ескеру қажеттілігімен түсіндірілетін өз ерекшеліктері бар. Қылмыстық-атқару заңнамасында олар үшін кейбір ерекше шарттар мен жеңілдіктер қарастырылған: жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары және тамақтану нормасы; үй-жайларды арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықтау; медициналық қорытындыда айқындалған мөлшерде және ассортиментте дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бар сәлемдемелерді алу және беру құқығы; жұбайы (зайыбы), туысы немесе басқа еріп жүретін адаммен мекемеден тыс жерлерге шығу.

  6. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығымен Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары бекітілді.

  7. 2016 жылы қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарында ұсталатын мүгедек адамдардың саны 740 адамды құрады, пробация қызметінде (шартты сотталғандар) есепте тұрғандар – 254 адам. Соңғы 5 жылда шартты сотталған мүгедектер санының өсуі кезінде, қылмыс жасағаны үшін бостандығынан айырылған мүгедектер санының азайғанын байқауға болады.

  8. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алу қолданылмайды (2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 50-бабының 2-тармағы).

Конвенцияның 15-бабы. Азаптаулардан және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу


  1. Конституцияның 17-бабында ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп белгіленген. Қазақстанда мүгедектер азаптаулардан және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғалған. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және оны мемлекет қорғайды.

237. Қазақстан азаптаудың алдын алу аясындағы барлық негізгі халықаралық-құқықтық шарттық тетіктердің қатысушысы болып табылады.

238. Қазақстанда ұлттық алдын алу тетігі азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу түрінде әрекет етеді, ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметі арқылы қызмет етеді.



239. Қазақстанның қылмыстық-атқару заңнамасы сотталғандардың азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын басқа да іс-әрекеттерден қорғалуына кепілдік беруді қатаң сақтауға негізделеді (Қылмыстық-атқару кодексінің 10, 39-баптары).
Конвенцияның 16-бабы. Қанаудан, зорлықтан және қорлаудан еркіндік



  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мүгедектерді қатыгездікпен қараудан, зорлық-зомбылықтан және қанаудан басқалармен тең негізде қорғайды. Бұдан басқа, Қылмыстық кодексте психикасының бұзылуы бар немесе қауқарсыз күйдегі адамдарды қанау мақсатындағы әрекеттер жасағаны үшін жазалауды күшейтуге қатысты арнайы ережелер бар.

  2. Қазақстан Республикасында мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.

  3. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналардың баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс. («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 72-бабы).

  4. Егер ата-аналар (немесе ата-ананың біреуі) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, онда ата-ана құқықтарынан айрылуы мүмкін (Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 75-бабы), сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан (немесе ата-анасының біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айыру (ата-ана құқықтарын шектеу) туралы шешiм шығаруы мүмкін (Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 79-бабы).

  5. Іріктеп зерттеу деректеріне сәйкес сұрау жүргізілген 18 жастан асқан мүгедектердің 2,3 %-ы – психологиялық, 1 %-ы – физикалық, 0,9 %-ы экономикалық және сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Респонденттер негізінен зорлық-зомбылық қоғамдық орындарда (34,2 %), көршілер тарапынан көшеде (30,5 %) және туыстар тарапынан үйде болғанын (14,3 %) атап өтті.

  6. Қазақстанда зорлық-зомбылықтың құрбаны болған мүгедектердің тиімді түрде қалпына келу, оңалу және әлеуметтік қайта бейімделу қызметтері мен бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін барлығын қамтитын шаралар қабылдануда.

  7. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік адамды өмірлік қиын жағдайда және қызметтер мен көмек алуға құқылы деп тану үшін негіз болып саналады.

  8. 2014 жылы Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлерінің бірлескен бұйрығымен әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездіктің бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын бекітті.

  9. Республикада «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен бекітілген тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты қабылданды және қолданылуда.

249. Жәбірленушілердің құқықтары қылмыстардан және билікті теріс пайдаланудан заңмен қорғалады. Мемлекет жәбірленушілердің сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді (Конституцияның 13-бабы). Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады (Қылмыстық-процестік кодекстің 8-бабы).


Конвенцияның 17-бабы. Жеке тұтастықты қорғау


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау