№ исх: 330 от: 01.06.2017
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы «___»_________
№____ қаулысымен
бекітілген
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы
қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндама
Мазмұны
-
|
Тармақтар
|
Қысқартулар мен аббревиатуралар ……………………….........……………..
|
Кіріспе ………………………………………………..…………..
|
1-7
|
І. Жалпы мәліметтер........……………………........………..….………..….…….
|
Аумағы және халқы......……………………..……………….…..
|
8-12
|
Саяси құрылымы................………………………………………
|
13-19
|
Әкімшілік құрылымы.................…………………………………
|
20-22
|
Әлеуметтік-экономикалық даму.......……………………………
|
23-36
|
Жұмыспен қамту....... ……………………………………...…….
|
37-39
|
Халықтың өмір сүру деңгейі………………………………...…..
|
40-43
|
Халықты әлеуметтік қорғау......…………………………………
|
44-47
|
Денсаулық сақтау…………………….………………………….
|
48-54
|
Білім беру......…………………………………….………………
|
55-64
|
Адамның құқықтарын қорғаудың және ынталандырудың жалпы негіздері .............................................................................
|
65-72
|
ІІ. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы ақпарат…….………..…………….………………………………….
|
Конвенцияның 1-бабы. Мақсат ………………………..…..........
|
73-75
|
Конвенцияның 2-бабы. Анықтамалар ……………………….....
|
76-82
|
Конвенцияның 3-бабы. Жалпы қағидаттар………………….....
|
83-101
|
Конвенцияның 4-бабы. Жалпы міндеттемелер ……………......
|
102-117
|
Конвенцияның 5-бабы. Теңдік және кемсітпеушілік …………
|
118-127
|
Конвенцияның 6-бабы. Мүгедек әйелдер………………………
|
128-139
|
Конвенцияның 7-бабы. Мүгедек балалар………………………
|
140-148
|
Конвенцияның 8-бабы. Ағарту-тәрбие жұмысы…………..…...
|
149-163
|
Конвенцияның 9-бабы. Қолжетімділік ………………………...
|
164-201
|
Конвенцияның 10-бабы. Өмір сүру құқығы …………………...
|
202-206
|
Конвенцияның 11-бабы. Қатерлі жағдайлар мен төтенше гуманитарлық жағдайлар………………………………………..
|
207-212
|
Конвенцияның 12-бабы. Заң алдындағы теңдік……………….
|
213-217
|
Конвенцияның 13-бабы. Сот төрелігіне қол жеткізу………….
|
218-227
|
Конвенцияның 14-бабы. Еркіндік және жеке басына қол сұғылмаушылық………….……...….………….…………...........
|
228-235
|
Конвенцияның 15-бабы. Азаптаулардан және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу ……...............
|
236-239
|
Конвенцияның 16-бабы. Қанаудан, зорлықтан және қорлаудан еркіндік ...........................................................................................
|
240-249
|
Конвенцияның 17-бабы. Жеке тұтастықты қорғау……………
|
250-256
|
Конвенцияның 18-бабы. Еркін жүріп-тұру және азаматтық….
|
257-261
|
Конвенцияның 19-бабы. Дербес өмір сүру салты және жергілікті қоғамдастықтарға тартылу………………………….
|
262-275
|
Конвенцияның 20-бабы. Жеке ұтқырлық………………............
|
276-296
|
Конвенцияның 21-бабы. Көзқарасы мен наным-сенімін білдіру еркіндігі және ақпаратқа қол жеткізу…………………...
|
297-307
|
Конвенцияның 22-бабы. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық….
|
308-310
|
Конвенцияның 23-бабы. Үй мен отбасын құрметтеу……........
|
311-323
|
Конвенцияның 24-бабы. Білім беру …………………................
|
324-347
|
Конвенцияның 25-бабы. Денсаулық……………………….......
|
348-372
|
Конвенцияның 26-бабы. Абилитация және оңалту…………...
|
373-396
|
Конвенцияның 27-бабы Еңбек және жұмыспен қамту……......
|
397-431
|
Конвенцияның 28-бабы. Жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау……..………………………………………….
|
432-442
|
Конвенцияның 29-бабы. Саяси және қоғамдық өмірге қатысу.
|
443-469
|
Конвенцияның 30-бабы. Мәдени өмірге, бос уақыты мен демалысын өткізу және спортпен шұғылдануға қатысу ……...
|
470-486
|
Конвенцияның 31-бабы. Статистика және мәліметтер жинау..
|
487-492
|
Конвенцияның 32-бабы. Халықаралық ынтымақтастық………
|
493-498
|
Конвенцияның 33-бабы. Ұлттық жүзеге асыру және мониторинг…….............................................................................
|
499-508
|
Қосымшалар…………………………………………………………………....
|
Қысқартулар мен аббревиатуралар:
ЖС
|
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
|
БП
|
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
|
Конституция
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
|
ІІМ
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
|
ДІАҚМ
|
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
|
ДСМ
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
|
АКМ
|
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
|
ИДМ
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
|
МСМ
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
|
ҰЭМ
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
|
БҒМ
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
|
Еңбекмині
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
Қаржымині
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
|
Әділетмині
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
|
ҮЕҰ
|
үкіметтік емес ұйымдар
|
Іс-шаралар жоспары
|
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
|
БАҚ
|
бұқаралық ақпарат құралдары
|
ОСК
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
|
МӘСҚ
|
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
|
БҰҰДБ
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы
|
Іріктеме зерттеу
|
ҰЭМ Статистика комитеті 2014 жылы жүргізген «Гендерлік ерекшелікті ескерумен, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасы» бойынша іріктеме зерттеу
|
МСҚБ
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
|
МОДҚ
|
Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры
|
ОЖБ
|
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы
|
ҚХЖ
|
Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесі
|
АЕК
|
айлық есептік көрсеткіш
|
_____________________
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы ақпанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.
Осы баяндама Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 35-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады және БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті әзірлеген Басшылыққа алынатын қағидаттарға (CRPD/С/2/3) сәйкес жасалды.
Осы баяндама Қазақстанның Конвенция бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру үшін қабылданған шаралар және нәтижесінде қол жеткізілген прогресс туралы бастапқы баяндамасы болып табылады.
Баяндама 2012 – 2016 жылдардағы кезеңді қамтиды және онда Конвенцияның ережелеріне тікелей қатысы бар есепті кезеңде қабылданған негізгі заңнамалық, сот, әкімшілік, практикалық және басқа да шаралар туралы ақпарат бар.
Осы баяндаманы дайындау процесінде еліміздің мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен консультациялар және талқылаулар жүргізілді.
Баяндаманы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектердің құқығын сақтау және қорғау мәселелері құзыретіне кіретін басқа да үкіметтік мекемелермен және ұйымдармен ынтымақтастықта дайындады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына осы баяндаманы дайындау кезінде техникалық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
I БӨЛІМ: ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Аумағы және халқы
Қазақстанның аумағы 2 724,9 мың км² құрайды.
2017 жылдың басына Қазақстан Республикасы халқының саны 17, 9 млн. адамды құрайды, оның ішінде әйелдер – 9,2 млн. адам (51,4 %), ерлер – 8,7 млн. адам (48,6 %).
Жас құрамы бойынша: балалар (16 жасқа дейінгі) – 5,4 млн. адам (ұлдар – 2,8 млн., қыздар – 2,6 млн.), 16 жастан 62 жасқа дейін – 10,7 млн. адам (әйелдер – 5, 3 млн., ерлер – 5,4 млн.), 63 жас және одан жоғары – 1,8 млн. (әйелдер – 1,3 млн., ерлер – 0,5 млн.).
Халықтың тығыздығы – 1 ш.км 6,6 адам. Қалаларда 10,3 млн. адам (57,5%), ауылдық жерде – 7,6 млн. адам (42,5%) тұрады.
Этникалық құрамына 100-ден астам ұлт пен этностар кіреді, оның ішінде қазақтар – 11,7 млн. (66,48%), орыстар – 3,6 млн. адам (20,6%), өзбектер – 548,8 мың адам (3,11%), украиндықтар – 289,7 мың адам (1,6%), ұйғырлар – 256,2 мың адам (1,45%), татарлар – 202,9 мың адам (1,15%), немістер – 181,7 мың адам (1,03%) және басқалар.
Қазақстандықтардың 70 %-ы – мұсылмандар, 26 %-ы – христиандар, 0,03 %-ы – иудейлер, ал 0,09% – буддистер. Конституция ар-ождан еркіндігіне, діни ғибадаттарды орындау еркіндігіне кепілдік береді. Дін мемлекеттен ажыратылған.
Саяси құрылымы
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік билік Конституция және заңдар негізінде жүзеге асырылады, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінген.
Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi органы Парламент болып табылады, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан (Сенат депутаттары өкілеттіктерінің мерзімі – алты жыл) және Мәжілістен (Мәжіліс депутаттары өкілеттіктерінің мерзімі – бес жыл) тұрады.
Қазақстан Республикасында ресми түрде 9 саяси партия тіркелген, олардың ішінен 2016 жылғы наурыздағы сайлау қорытындылары бойынша үш партияның өкілдері Парламент Мәжілісінің құрамына депутаттар ретінде кірді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады, орталық органдардан (министрліктер мен ведомстволардан) және жергілікті органдардан (әкімдіктерден) тұрады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылатын Қазақстан Республиканың Жоғарғы Соты мен жергілікті соттары Қазақстан Республиканың соттары болып табылады.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Қазақстанның саяси жүйесінде ерекше орын алады.
Әкімшілік құрылымы
Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесіне 14 облыс, астана, республикалық маңызы бар қала, 177 әкімшілік аудан, 87 қала, 30 кент және 6 668 ауылдық елді мекен кіреді.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы (1997 жылғы 10 желтоқсаннан бері), онда 1 млн. астам адам тұрады.
Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық даму
Қазақстан – мұнай, газ, титан, магний, қалайы, алтын және басқа түсті металдар қорлары, химиялық шикізат қорлары бойынша бай елдердің бірі. Ел мырыштың, вольфрамның барланған қорлары бойынша бірінші орын, күміс, қорғасын, хромиттер бойынша екінші, мыс бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші орын алады.
Бүгінде Қазақстан – неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің бірі. Қазақстан экономикасының өсу қарқыны бойынша әлемнің Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея, Малайзия сияқты және басқа да неғұрлым табысты елдерінің қатарына енді. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанның экономикасы 16 есеге, халықтың табысы 6 есеге өсті.
Өңдеу өнеркәсібінің жедел дамуы есебінен экономиканы әртараптандыру процесі іске қосылды. Экономиканы үдемелі индустрияландыру іске асырылып жатыр. Оның шеңберінде соңғы жылдары шамамен 1000 жаңа кәсіпорын салынды, өнімнің 400-ден астам жаңа түрі игерілді. Бүгінгі күні әлемнің 111 елі қазақстандық кәсіпорындардың дайын өнімдерін сатып алады.
10 арнайы экономикалық аймақ және 10 индустриялық аймақ құрылды. Елімізде инновациялық өндірістер ашылып жатыр, заманауи автобандар және теміржолдар, құбырлар және электр беру желілері салынып жатыр. Ресеймен және ҚХР-мен бірлесіп салынып жатқан Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы Еуразияның басты көлік магистральдарының біріне айналады.
Қазақстан таяу уақытта өзінің тарихи рөлін жаңғыртып, Орталық Азия өңірінің ең ірі іскерлік және транзиттік хабына, Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналуды мақсат етіп отыр. Ол үшін Қазақстанның басты көлік бағыттарының жолында халықаралық деңгейдегі сауда-логистикалық, қаржылық-іскерлік, инновациялық-технологиялық және туристік хабтардың бірыңғай кешенін құру жоспарлануда.
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде хабтар қағидаты бойынша макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Тұтас алғанда, соңғы жылдары көлік саласында 2 000 километрден астам жаңа теміржол желілері салынды. Теміржол саласын одан әрі дамыту үшін Қазақстанның көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Жаңа экономикалық саясат индустрияландырудың екінші бесжылдығының жобаларын іске асыруға шоғырланатын болады. Басым бағыттар ретінде 14 секторға бөлінген 6 сала таңдалды, оған «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландырудың 80%-ы дерлік бағытталатын болады. Инвестицияларды салу объектілері металлургия кешені, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, агрохимия, автомобиль жасау және құрылыс индустриясы болады.
Ауқымды тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанды жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға берудің теңдессіз көрсеткіштеріне жеткізді – жыл сайын 6 миллион шаршы метр.
Осы барлық жобалардың арқасында жұмыссыздық қысқарды, жүздеген мың азамат лайықты жұмысқа орналасты, жаңа мамандықтарға қайта оқыды.
Бүгінде Қазақстан – әлемдік жетекші бидай экспорттаушылардың бірі. Ет және мал шаруашылығының басқа да өнімдерін озыңқы қарқынмен өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндет шешілуде.
Соңғы 10 жылда ЖІӨ және Қазақстан Республикасы халқының жан басына шаққандағы ЖІӨ оң өсу үрдісіне ие болып, орташа есеппен тиісінше 5,4 % және 3,9 %-ды құрады. Еңбек өнімділігі орташа есеппен жылына 3,8 %-ға өсті.
Елде отандық кәсіпкерлер тобы қалыптасты. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 1 185 163 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Жалпы мөлшермен алғанда жеке кәсіпкерлер үлесі 68,7%-ды, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 16 %-ды, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – 15,1 %-ды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2 %-ды құрады.
Бизнестің жаңа бастамалары, халықтың кәсіпкерлік бастамалары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде микрокредит беру және бизнес дағдыларына үйрету арқылы мемлекеттік қолдауға ие болуда.
Жұмыспен қамту
2016 жылғы желтоқсанға экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар 8 938,8 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 8 491,2 мың адам, жұмыссыздар 447,6 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 5 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасында өткен 5 жылдық кезеңге еңбек нарығының көрсеткіштері тұрғындардың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуындағы салыстырмалы түрде болмашы ауытқулар кезінде тұрақты болып қалды. Жұмыссыздық пен жастар жұмыссыздығының (5,0 % және 4,1%) көрсеткіштері ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда төмен (6,8 % және 15,1 %). Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтылған тұрғындарының негізгі үлесі – жоғары білімі (35,6 %) және орта кәсіптік білімі (33%) бар мамандар.
Елімізде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (2017 жылға дейін), Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда.
Халықтың өмір сүру деңгейі
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 2,5 %-ды құрайды.
Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 2016 жылғы 4-тоқсанда 154 632 теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті тоқсанына қатысты номиналды жалақының индексі 113,7 %-ды, нақты жалақының индексі 103,8 %-ды құрады. Еңбекақы төлеудің ең жоғары шамасы кәсіптік ғылыми және техникалық қызметте байқалды – 327 224 теңге, ең төменгі шамасы – ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтарында – 89 956 теңге белгіленді.
2003 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші тұрақты өсіп отырды, дағдарыс кезеңдеріне қарамастан, 1,1 есеге ұлғайды: 2003 жылы 55 доллар болса, 2016 жылы 63 долларға жетті.
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 2016 жылдың қорытындысы бойынша 53-орынға ие болды.
Халықты әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасында азаматтарға жасына байланысты, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.
Елде мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында жауапкершілікті бөлу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылды. Бұл жүйе бірнеше құрамдауыштардан тұрады, олардың әрқайсысына қатысушы тараптардың біреуі жауап береді:
1) мемлекет – базалық әлеуметтік төлемдер: базалық және ынтымақты зейнетақылар, мемлекеттік жәрдемақылар, біржолғы мемлекеттік төлемдер;
2) жұмыс беруші – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі), еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға, асыраушысынан айырылуына немесе жұмыстан шығып қалуына, жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыстарға байланысты табысынан айырылудың әлеуметтік қатері орын алған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударылатын әлеуметтік аударымдар;
3) жұмыскер – зейнетақы төлемдерін алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару.
2016 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке жұмсалған шығыстар ЖІӨ-ден 4,3 %-ды құрады.
Кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тізбесі белгіленді және халықтың негізгі осал топтары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары әзірленді.
Денсаулық сақтау
Соңғы 10 жылда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған мемлекеттік шығыстар 10-12 есе өсті.
Мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 728 аурухана және 20149 амбулаториялық-емханалық ұйым кіреді (жекеменшік секторда – 135 аурухана мен 770 емхана). Емдеу мекемелерінде 100 мыңға жуық аурухана төсегі бар. Көрсетілетін қызметтердің бәсекелес нарығы медициналық қызметтердің жекеменшік секторының үлесін 24 %-ға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Аталған салада 64 мың медициналық жұмыскер еңбек етеді.
Практикаға аурулардың бейінді түрлері бойынша жаңа технологияларды және емдеу түрлерін енгізіп отырған заманауи медициналық орталықтар құрылды. Орталық республикалық клиникалар жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетудің озық тәжірибесін өңірлер деңгейіне табысты қолдануда. Бірқатар облыстық және қалалық ауруханаларда жүрекке және бас миына операциялар табысты жасалуда, өмірлік маңызды ағзалар ауыстырылып салынуда.
2008 жылдан бері Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасына және ерте анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарлама іске асырылуда.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың арқасында азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсті.
Білім беру
2011 және 2015 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасында білім беруге жұмсалған мемлекеттік шығыстар үлесі ЖІӨ 3,5-4 % ауқымында болды.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша Қазақстан үш жыл қатарынан барлық 129 елге арналған Білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшылар төрттігінен орын алып отыр.
Бәсекеге қабілеттілік менеджменті институтының рейтингінде (Лозанна, Швейцария) Қазақстан соңғы төрт жыл ішінде 15 жастан асқан азаматтардың сауаттылық деңгейі бойынша бірінші орын алуда.
2013 – 2014 жылдары Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде орта біліммен қамту бойынша Қазақстан 139 елдің ішінен 29-орын алды.
БҰҰ-ның адами даму индексі бойынша соңғы 15 жылда Қазақстан адами даму әлеуеті жоғары елдер қатарына ене отырып, 13 позицияға алға ілгерілеп, 56-орынға ие болды.
БҰҰДБ деректері бойынша Қазақстан адами капиталының деңгейі жоғары ел болып табылады. Қазақстандықтардың сауаттылық деңгейі 99,6 %-ды құрайды. Ересек тұрғындардың сауаттылығы 99,7 %-ға жетіп отыр; кем дегенде орта білімі бар тұрғындар – 99,3%; орташа оқу ұзақтығы – 11,4 жыл және бастауыш мектептен шығып кету коэффициенті – 0,7 %. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемнің 177 елінің ішінде 14-орын және Азияда бірінші орын алады.
10 жыл ішінде (2006 – 2016 жылдар) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан мынадай көрсеткіштер бойынша өз позицияларын айтарлықтай жақсартты: «Орта біліммен қамту» (+21), «Математика және жаратылыстану-ғылыми білім алу сапасы» (+2), «Мектептердегі Интернетке қолжетімділік» (+12), «Зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі» (+4), «Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» (+18), «Университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ (НИОКР) саласындағы ынтымақтастығы» (+22), «Ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігі» (+6).
2016 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Қазіргі уақытта Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолданылуда.
2015 жылғы 25-27 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында әлемнің 193 елі, оның ішінде Қазақстан 2030 жылға дейінгі Тұрақты Дамудың 17 жаңа Жаһандық Мақсатына жету бойынша міндеттеме қабылдады. Алдағы 15 жыл ішінде Қазақстанның білім беру жүйесі бар күшін төртінші жаһандық мақсат «Сапалы білімге» қол жеткізуге бағыттайтын болады. Бұл жалпыға бірдей және әділ сапалы білімді, барлығы үшін оқуды өмір бойы қамтамасыз ету.
Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальді жүйесі дамып келеді, кәсіптік мектептердің оқушылары оқумен қатар өндірісте практикадан өтеді.
Адам құқықтарын қорғаудың және көтермелеудің жалпы негіздері
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабы).
Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтық мәртебесі адамның және азамат құқықтарының тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын және ережелерін қабылдады және оларды мемлекеттің жағдайларын ескере отырып бекітті.
Қазақстан адам құқықтары туралы бірқатар маңызды халықаралық шарттарды, оның ішінде Бала құқықтары туралы конвенцияны, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияны, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция және оған факультативтік хаттаманы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiні, Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiні және оған факультативтік хаттаманы, Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенцияны, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.
Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларын ратификациялады, оның ішінде 1948 жылғы Бірлестіктер еркіндігі және кәсіподақтарға бірігу құқықтарын қорғау туралы конвенцияны (№ 87) және 1949 жылғы Кәсіподақтарға бірігу және ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқық туралы конвенцияны (№ 98) ратификациялады.
Конституцияның 4-бабында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар заңдардың алдында басым болатыны белгіленген.
Конституцияның бірқатар ережелері инкорпорация болып табылады. Мәселен, Конституцияның 15-бабы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнің 6-бабын, 24-бабы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiнің 7-бабын сөзбе-сөз келтіреді.
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтауға бейімділігін көрсетті.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия, Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл (Омбудсмен), Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (2016 жылғы ақпанда құрылған), Балалардың құқықтарын қорғау комитетi, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия сияқты құқық қорғау мекемелері жұмыс істейді.
II БӨЛІМ: МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Конвенцияның 1-бабы. Мақсаты
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның кіріспесінде тұжырымдалған және мүгедектіктің профилактикасына, мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, оңалтуға, сондай-ақ мүгедектерге басқа азаматтармен тең өмір сүру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге арналған құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауға және мүгедектерді қоғамға етене араластыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты Конвенцияның 1-бабында жарияланған мақсатына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасында мемлекет елдің барлық азаматтарына, оның ішінде мүгедектерге жағдайына қарамастан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағы). Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабының 1-тармағы).
«Мүгедек» ұғымы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңда бекітілген. Мүгедек деп «тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам» танылады (1-баптың 7-тармағы). Бұл анықтама Конвенцияда тұжырымдалған «мүгедек» анықтамасына сәйкес келеді, себебі «тұрақты бұзылулар» «организм функцияларының тұрақты бұзылушылығының» синонимі деп есептеуге болады. Сонымен бірге «олардың қоғам өміріне басқалармен тең дәрежеде толық және тиімді қатысуына кедергі келтіруі мүмкін кемістіктер» ұғымы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген «тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және әлеуметтік қорғау қажеттілігіне» әкеп соқтыратын денсаулықтың бұзылуына қатысты. «Тіршілік-тынысының шектелуі» термині «адамның өзiне өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлану, адамдармен араласу, өзiнiң мiнез-құлқын қадағалау, оқу және еңбек қызметiмен айналысу қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтуы» дегенді білдіреді.
Конвенцияның 2-бабы. Анықтамалар
Қазақстан заңнамасында мүгедектік мәселелері бойынша құқық қолдану Конвенцияның 2-бабына байланыстырылған немесе сәйкес келетін анықтамалар мен терминдерге сүйенеді.
Қазақстанның әрбір азаматының қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар (Конституцияның 19-бабының 2-тармағы). «Қарым-қатынас» термині (Конвенцияның 2-бабының бірінші абзацы) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 1-бабының 23-тармағында «тіршілік-тынысының шектелуі» ұғымына анықтама беру кезінде кездеседі. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектер үшiн Конвенцияның 2-бабында тізбектелген мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды, дискiлердi, рельефті-ноқатты Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығару арқылы мүгедектердің ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 28-бабының 1-тармағы).
Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тiлi пайдаланылады, ол сондай-ақ саңырау және нашар еститiн балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының оқу бағдарламаларында да қолданылады (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 28-бабының 2-тармағы).
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағаннан кейін Мүгедектерді қорғау туралы заңның 28-бабы тармақпен толықтырылды, оған сәйкес сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз ету туралы норма сигнал тарату аумағына қарамастан, тек республикалық қана емес, барлық өңірлік телевизиялық бұқаралық ақпарат құралдарына қолданылады.
«Жүйелі бейімдеу» термині Конвенцияға ұқсас редакцияда 2015 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілген 3.06-101-2012 «Құрылыстар мен ғимараттарды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» Қазақстан Республикасының Қағидалар Жинағында бар. Осы қағидалар жинағы халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді қоғамдық және өндірістік ғимараттарды, функционалдық-жоспарлық элементтерді, жер учаскелерін немесе жекелеген жайларды жобалауға қолданылады. «Жүйелі бейімдеу» тұжырымдамасына сәйкес қолжетімділікті қамтамасыз ету өлшемшарттары мен шарттары белгіленді, олар организм функциялары мен құрылымының бұзылу сипатына, сондай-ақ қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің салалық сипатына байланысты бөлінді.
Елдің заңнамасында «мөлшерлес емес немесе ақталмаған ауыртпалық» анықтамасы жоқ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 25-бабында объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiстігі қарастырылған.
«Әмбебап дизайн» термині Конвенцияға ұқсас редакцияда 2015 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілген ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Ғимараттар мен ғимараттарды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі» құрылыс нормаларында бар. Бұл нормалар «әмбебап дизайн» қағидатына негізделген, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік пен тіршілік-тынысының жағдайларын қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлау шешімдері, ғимараттар мен құрылыстардың жер учаскелері, оларды ақпараттық және инженерлік жайғастыру бойынша талаптарды белгілейді. Бұл құжаттың талаптары тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттарды жобалауға, салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге қолданылады.
Конвенцияның 3-бабы. Жалпы қағидаттар
Қазақстан Республикасы үшін ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, оларды ешкім айыра алмайды. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқалай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға жол берілмейді. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 12, 13, 14-баптары).
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қағидаттары: заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы; мемлекеттiк органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы; мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу болып табылады (Мүгедектерді қорғау туралы Заңның 5-бабы).
Қазақстанда мүгедектер Конституциямен, басқа да ұлттық заңнамалық актілермен бекітілген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады, оның ішінде: әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға; ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға; заңнамада белгiленген тәртiппен тегін медициналық көмектің кепiлдiк берiлген көлемiн алуға; кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға; тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге; мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтары бар (Мүгедектерді қорғау туралы заңның 14-бабы).
Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі «кемсітпеушілік» қағидаты (Конвенцияның 3-бабының b) тармағы) болып табылады. Конституцияның 14-бабының 2-тармағына сәйкес «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
Мүгедектігі бойынша кемсітуге Мүгедектерді қорғау туралы заңның 5-бабында тыйым салынған.
«Қоғамға толық және тиімді тарту және қосу» қағидаты (3-баптың с) тармағы) тәжірибеде қоғам өміріне қатысуға мүгедектерге басқа азаматтармен тең мүмкіндік жасауға бағытталған мемлекет кепілдік берген экономикалық және құқықтық шаралар жүйесімен іске асырылады (Мүгедектерді қорғау туралы заңның кіріспесі). Мүгедектердің қоғамға етене араласуы Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі ретінде анықталды (Мүгедектерді қорғау туралы заңның 4-бабы 3-тармағы). Мүгедектердің қоғам өміріне толық және тиімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында заңмен бекітілген нақты нормалар (Мүгедектерді қорғау туралы заңның 14 және 15-баптары), сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуына кедергі келтіретін кез келген физикалық, ақпараттық-коммуникациялық кедергілерді жою жөніндегі бірқатар практикалық және нормативтік шаралар қарастырылған.
«Мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу» қағидаты (Конвенцияның 3-бабының d) тармағы) Қазақстанның заңнамасында көрсетілген, соған сәйкес мүгедектер адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылданады, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген медициналық, әлеуметтік және кәсіби іс-шараларды, оңалту мен әлеуметтік қолдауды қоса алғанда, әлеуметтік қорғау шараларын айқындау және қамтамасыз ету кезінде әр мүгедектің ерекшелігі танылады.
«Мүмкіндіктер теңдігі» қағидаты (Конвенцияның 3-бабының е) тармағы) ұлттық заңнамада құқықтық норма ретінде бекітілген. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты мүгедектердің тіршілік-тынысы мен қоғамға етене араласуы үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау болып табылады (Мүгедектерді қорғау туралы заңның кіріспесі). Мүгедектерге өз қабілеттерін қоғам өмірінің әртүрлі салаларында (денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, көлік, байланыс, тұтыну нарығы, әділет саласы және сот жүйесі және т.б.) басқа азаматтармен қатар іске асыру мүмкіндігіне осы салаларды реттейтін заңнамалық актілермен кепілдік берілген.
«Қолжетімділік» қағидаты (Конвенцияның 3-бабының f) тармағы) мүгедектерге қатысты Қазақстан заңнамасында негізгі болып табылады. Қолжетімділік мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізін салушы қағидат (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 5-бабының 2, 3-тармақтары) болып табылады.
Қазақстан қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүгедектердің табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғанда, ақпарат және байланысқа, сондай-ақ басқа объектілер мен қызметтерге басқа адамдармен бірдей еш кедергісіз қол жеткізуге кедергі келтіретін немесе болашақта кедергі келтіруі мүмкін (жаңа әлеуметтік объектілерді және тұрғын үйлерді және т.б. салу кезінде белгіленген нормаларды орындамау) кедергілерді (бөгет жасау) анықтау және жою бойынша шараларды жатқызады.
«Ерлер мен әйелдердің теңдігі» қағидаты (Конвенцияның 3-бабының g) тармағы) жынысына қарамастан барлық азаматтардың теңдігі болып қарастырылады және Конституцияда бекітілген (14-бап).
Халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ерлер мен әйелдер тең құқықтар мен бостандыққа және оларды іске асыру үшін тең мүмкіндіктерге ие.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясына қосылды. Осы конвенцияның факультативтік хаттамасы бекітілді.
Мемлекет және қоғам өмірінің барлық саласындағы гендерлік теңдікке арналған жағдайларды жасауға қатысты негізгі қағидаттар мен нормалар «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.
Осылайша, Қазақстанның заңнамасы ерлер мен әйелдердің теңдігі қағидатын сақтау бойынша Конвенция талаптарына толық сәйкес келеді.
«Мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өзіндік қасиетін сақтау құқығын құрметтеу» қағидаты (Конвенцияның 3-бабының h) тармағы) ұлттық заңнамада көрсетілген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты Конституция нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес баланың дене бітімі тұрғысынан, зияткерлік, рухани, имандылық және әлеуметтік толыққанды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттарына мыналар жатады: балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету; оларды кемсітушілікке жол бермеу; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіру; бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру; баланың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани, имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында отансүйгіштік, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, мемлекет халқының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу; кәмелетке толмаған баланың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету («Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңның 6-бабының 1-тармағы).
Мүгедек балалардың мыналарға: оңалтуда (абилитациялауда) мемлекеттің көмегіне, ОЖБ әзірлеуге және іске асыруға, күнделікті тұрмыс жағдайларына әлеуметтенуге, әлеуметтік бейімделуге және әлеуметтік етене араласуға, әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 24, 29-баптары); кәдімгі және арнайы білім беру мекемелерінде тәрбиеленуге және білім алуға («Білім туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі Заңның 26, 28, 47-баптары), денсаулығының қорғалуына («Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңның 15-бабы) құқығы бар.
Конвенцияның 4-бабы. Жалпы міндеттемелер
Конвенцияның ережелері ешқандай шектеулер немесе алып тастауларсыз елдің барлық әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қолданылады.
Мүгедектердің адамның барлық құқықтары мен негізгі еркіндіктерін толық және тең жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдан бастап Үкімет өз қызметін үш басым салада жандандырды: қолжетімді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын құру, еңбекпен қамтамасыз ету және қоғамның мүгедектерге деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Конвенцияда баяндалған нормаларды іске асыру үшін Қазақстанда алғышарттар мен мүмкіндіктер бар, дегенмен, мақсаттар мен талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды деп есептеместен бұрын, алда едәуір жұмыстарды атқаратын салалар бар. Бұл, мысалы, қолжетімділікті арттыруға қатысты Конвенцияның 8 және 9-баптарына енгізілген міндеттемелерге, сондай-ақ жұмыс және жұмыспен қамтуға қатысты 27-бабына, инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге қатысты 24-бабына қатысты.
Бүгінде мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру мәселелері Еңбекминінің, ДСМ, БҒМ, МСМ, ІІМ, ИДМ, АКМ, ДІАҚМ құзыретіне кіреді.
Қазақстанда МДҚБ құрылды және жұмыс істейді, онда мүгедектігі бар барлық адамдар туралы ақпарат бар, ол сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) іске асырылуын қадағалап отыру арқылы халықты әлеуметтік қолдау саласында әр мүгедектің құқықтарының сақталуын мониторингтеуге ықпал етеді.
Республикада халықтың жалпы санындағы мүгедектердің үлесі 3,7%-ды немесе 651,9 мың адамды құрайды.
Мүгедектердің жалпы санынан ерлер – 366,6 мың адам (56,2%), әйелдер – 285,3 мың адам (43,8 %); жас шамасы бойынша мүгедектердің 12,2 %-ы – балалар; 62,8 %-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар; 25,0 %-ы – егде жастағы адамдар. Мүгедектігі бар адамдардың 55,2 %-ы қалада, 44,8 %-ы ауылдық жерлерде тұрады (1-қосымша).
Конвенцияны ратификациялауға дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ ресми ратификациялаудан кейін оның нормалары мен ережелерін толық және тиімді пайдалану үшін елімізде Үкімет бекітетін кезеңдік ұлттық Іс-шаралар жоспары іске асырылады.
Жоспардың іс-шаралары ұлттық заңнаманы, қоғамға мүгедектерді етене араластыру бойынша тетіктерді Конвенцияның қағидаттары мен нормаларына жүйелі түрде сәйкес келтіруге; мүгедектік белгілері бойынша қандай да бір кемсітусіз барлық мүгедектердің адамның барлық құқықтары мен негізгі еркіндіктерін толық іске асыруды қамтамасыз етуге және көтермелеуге, оның ішінде мүгедектерге қолжетімді ортаны және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге; мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
Ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелерінде жүйелілікті сақтай отырып, 2013 жылы 32 нормативтік құқықтық актінің Конвенция нормаларына сәйкестігіне түгендеу жүргізілді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онымен 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, мүгедектердің өмір сүруі үшін кедергісіз ортаны дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, ақпаратты ұсыну, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету бөлігінде құқықтық олқылықтар жойылды.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңызды факторларының біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтық қоғаммен тұрақты диалог жүргізуі болып табылады, бұл саясатты жасау үшін өте маңызды және проблемаларды анықтау мен шешуде үлкен рөл атқарады.
Мүгедектердің мүдделерін қозғайтын нормалар бар нормативтік құқықтық актілерді стратегиялық құжаттарды әзірлеу процесіне мүгедектердің ҮЕҰ өкілдерін тарту бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылған.
ҮЕҰ-мен бірлесіп жүргізілетін жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мүгедектерді қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі, Астана, Алматы қалалары және облыс әкімдіктері деңгейіндегі Мүгедектер істері жөніндегі кеңестер сияқты консультативтік-кеңесші органдардың шеңберінде жүзеге асырылады.
ҮЕҰ бастамасы бойынша және Еңбекминінің қолдауымен Мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесші институты енгізілді. 2015 – 2016 жылдары барлық 16 облыстың әкімдерінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму, Қаржы министрлерінде мүгедектігі бар адамдар қатарынан кеңесшілер болды.
ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын мемлекет «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде қолдайды.
2012 жылдан бастап мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және ұйымдарының жобаларын мемлекеттік қаржыландыру 1,5 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 2016 жылы 2,5 млрд. теңгеге жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |