Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының
газ құбырлары мен газ жабдығы
293. Газбен қамтамасыз ету ұйымдары белгіленген тұрмыстық газ аспаптарын және аппараттарын қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша тұрғын үй және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың иелері мен жалдап тұрушыларға, жеке тұрғын үйлердің иелеріне нұсқаулықтың жүргізілуін осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етеді.
294. Газ жабдығы орнатылған үй-жайларда газды қауіпсіз пайдалану және сөндіру құрылғылары көрсетілген газ құбырларының схемасы бойынша нұсқаулық ілініп тұрады.
295. Тұрғын үй ғимараттарында газ жабдығына, аспаптар мен аппараттарға техникалық қызмет көрсету газды пайдаланылатын жабдықтын зауыт-әзірлеуші нұсқамасына сәйкес басшылыққа алынатын белгіленеді.
296. Маусымдық жұмыс істейтін газ пайдалану қондырғылары жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін меншік иелерінің және (немесе) оған уәкілетті адамдардың өтініштері бойынша газбен жабдықтау ұйымдарының тығындарын немесе пломбасын қойып ажыратылады.
297. Жеке баллон қондырғыларындағы баллондарды ауыстыруды тұтынушылар немесе тұтынушының өтінімі бойынша пайдаланушы ұйымның персоналы жүргізеді.
298. Газ баллонды қондырғылардың герметикалылығын газ индикаторын немесе сабын эмульсиясын қолдану арқылы газдың жұмыс қысымымен тексеруге жол беріледі.
299. Ағынды және ыдыстық газды су жылытқыштарына, шағын метражды жылыту қазандықтарында, сондай-ақ жылыту және жылыту-пісіру пештерінде орнатылған автоматика газ беру тоқтатылғанда және жалын сөнгенде, мұржада қажетті сейілту болмағанда қыздырғыштардың сөнуін қамтамасыз етеді.
300. Газ шығып тұрғанда пайдаланылатын қауіпсіздік автоматикасының, мұржаларының, желдету арналарының ақауы бар, түтін құбырларының бастары қираған, сондай-ақ өз еркімен қосып алынған газ пайдалану қондырғылары қолданыстағы газ құбырынан тығын қоя отырып ажыратылуға тиіс.
301. Газ құбырынан қоғамдық ғимараттағы ақаулы және маусымдық жұмыс істейтін жабдықты ажырату актімен ресімделеді.
302. Жылыту пештері мен жүйелердің түтін және желдету арналары мен басқа да элементтері тікелей жылыту кезеңі басталар алдында, сондай-ақ жылыту кезеңі ішінде күйеден кем емес:
1) жылыту пештері, су жылыту аппараттары ағынды және ыдыстық типті аппараттар үшін – үш айда кемінде бір рет;
2) үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін – екі айда кемінде бір рет;
3) кірпішті және аралас (кірпіш және асбестоцементті) түтін жолдары - жылдың тоқсан ішінде кемінде бір рет тазартылады.
Ас бөлме плиталары мен үздіксіз (ұзақ уақыт бойы) жағылатын басқа да пештер айына кемінде бір рет тазартылады.
303. Түтін және желдету арналарын алғаш рет тексергенде және тазартқанда мыналар: қолданылған материалдардың орнатылуы және сәйкестігі; бітелмеуі; олардың тығыздығы мен оқшаулануы; конструкциялардың жануынан сақтандыратын бөліктерінің болуы және жарамдылығы; шатырға және жақын жерде орналасқан құрылыстарға қатысты түтін құбыры басының дұрыс орнатылуы және жарамдылығы; қалыпты тартылудың болуы тексеріледі.
Мыналар: мұржа және желдеткіш арналардың бітелмеуі, олардың тығыздығы мен оқшаулануы, мұржа басының жарамдылығы және қалыпты тартылудың болуы қайтадан тексеріледі.
304. Мұржа және желдеткіш арналарын алғаш рет, сондай-ақ жөндеуден кейін тексеруді тұрғын үй-пайдалану ұйымы (кондоминиумды басқару органдары) өкілінің және дайындықтан өткен персоналы бар басқа ұйымдардың қатысуымен мамандандырылған ұйым жүргізеді. Бастапқы және қайта тексеру туралы мәліметтер актімен ресімделеді және арнайы журналға енгізіледі.
305. Мұржа және желдеткіш арналарының бұдан әрі пайдалануға жарамсыздығы анықталған жағдайда, оларды тексеруші ұйымның өкілі абонентке газ аспаптары мен аппараттарын пайдалану қауіптілігі туралы ескертіп, қолын қойғызып алуға міндетті.
Тексеру актілері газ аспаптарын сөндіру жөніндегі шараларды қабылдау үшін газ шаруашылығы ұйымына және тұрғын үй-пайдалану ұйымына (кондоминиумды басқару органдары) дереу ұсынылады.
306. Жұмысқа газ пайдаланушы, оның ішінде маусымдық қолданыстағы қондырғыларды қосқанға дейін, сондай-ақ мұржа және желдету арналарын жөндегеннен кейін пайдаланушы ұйымдар желдеткіш және түтін шығаратын жүйелердің дұрыстығына тексеру жүргізуді ұйымдастырады.
307. Меншік иелері және (немесе) олар уәкілетті еткен тұлғалар, тұрғын үй қорын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар (кондоминиумды басқару органдары):
1) газ тұтынушы ұйымдарға, олар газ тұтыну объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде жан-жақты көмек көрсетеді, сондай-ақ халық арасында газды қауіпсіз пайдалану қағидаларын насихаттайды;
2) газ құбырларын, жертөлелерді, техникалық дәліздер мен еден астын тиісті жағдайда ұстауды, электр жарықтандыру мен желдетудің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; ғимараттардың жертөлелеріндегі жер асты коммуникация желілерінің, сондай-ақ ғимараттардың құрылыс элементтерінен газ құбырларының өту орындарының тығыз жүргізілуін қадағалайды; газ құбырларын бояйды;
3) газ тұтынушы ұйымдар жұмыскерлерінің барлық жертөлелерге, техникалық дәліздер мен еден астына, сондай-ақ үй-жайдың ластануын тексеру үшін олардың бірінші қабатына тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;
4) түтін және желдету арналарының, мұржа бастарының жай-күйін уақтылы тексеруге және арнайы журналда акт ресімдей және нәтижелерін тіркей отырып, аталған жұмыстардың орындалу сапасын бақылайды;
5) газ аспаптарының ақаулығын немесе өз еркімен орнатылғанын анықтаған жағдайда, газ құралдарын сөндіру қажеттілігі туралы газбен жабдықтау немесе қызмет көрсету ұйымына дереу хабарлайды;
6) ғимараттардың меншік иелері ауысқан кезде газбен жабдықтау ұйымының бақылауымен газ пайдалану қондырғыларының газ тарату жүйесінен ажыратылуын қамтамасыз етеді.
308. Газ пайдалану қондырғыларын бөлшектеумен байланысты жөндеу кезінде, сондай-ақ үй-жайлар мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде газ құбырлары мен газ жабдығы тығын орнатыла отырып және/немесе аспап алдындағы түсіргішке кранды пломбалау арқылы ажыратылады.
Тұрақты түрде газ пайдалануды тоқтатумен байланысты тұрғын ғимаратты қайта жаңарту, қайта жоспарлау кезінде газ құбырлары және газ жабдықтары дәнекерлеуді қолдана отырып ажыратылады. Газ пайдалану жабдығын газбен жабдықтауға қоса отырып пайдалануға қайта енгізу газбен жабдықтау және/немесе қызмет көрсететін газ ұйымдарын тарта отырып жүргізіледі.
Металдарды газ-жалынмен өңдеуге арналған жабдық
309. Осы тарау газбен кесу, дәнекерлеу жұмыстарына және металды газ-жалынмен өңдеуге арналған стационарлық қондырғылардағы өзге де жұмыс түрлеріне қойылатын арнайы талаптарды белгілейді.
Газбен кесу, дәнекерлеу және металдарды газ-жалынмен өңдеудің басқа да түрлері бойынша жұмыстарға мына қашықтықта (көлденеңінен) жол беріледі:
1) топтық газ баллонды қондырғылардан – 10 м;
2) оттегі мен жанғыш газдары бар жеке баллондардан –5 м;
3) газ құбырларынан және резеңке маталы түтіктерден, сондай-ақ газ тарату бекеттерінен қол жұмыстары кезінде – 3 м және механикалық жұмыстар кезінде – 1,5м.
310. Жылжымалы газ тарату бекеттерінің жұмысы кезінде жанғыш газды баллондардың арнайы конструкциясы мен оттегі бар баллонды бір арбаға орнатуға рұқсат етіледі, бұл ретте баллондар бір-біріне соқтығыспайтын немесе құламайтын жағдайларды болдырмау үшін бекітіледі.
Жұмыс кезінде сұйытылған газды баллондар тік қалпында тұрады.
311. Тасымалданатын қыздырғыштар мен жылжымалы агрегаттарды резеңке маталы түтіктердің көмегімен газ құбырларына (оның ішінде сығылған газға) қосуға рұқсат етіледі.
Түтік ұзындығы 30 м аспайды. Ол өзара екі жақты арнайы ниппельдермен қосылған жеке-жеке үш кесектен кем болмауға тиіс. Түтіктердің ұшы газ құбырында және қыздырғышта қамыттармен берік бекітіледі. Қыздырғышта немесе жылжымалы агрегатта бар краннан басқа, ажыратқыш кран түтікке дейін орналастырылады.
Жарылған, қажалған, жыртылған, үрленген резеңке маталы түтіктерді қолдануға жол берілмейді.
Пайдаланылатын резеңке маталы түтіктер берілген қысым және температура кезінде тасымалданатын газға тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
312. Барлық газ бөлшектеу бекеттерге кіру еркін болады.
313. Газбен дәнекерлеу, газбен кесу және металдарды газ-жалынмен өңдеудің басқа да түрлері бойынша жұмыстар жүргізілетін жерлерде қыздырғышқа, кескіштерге және басқа да аппаратураға жөндеу жүргізуге жол берілмейді.
314. Қыздырғышпен (кескішпен) жұмыс істеген кезде жалын газбен қамтамасыз ету көздеріне қарама-қарсы жаққа бағытталады. Аталған талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда, газбен жабдықтау көзі металл қалқандармен немесе жанбайтын материалдардан жасалған перделермен қоршалады.
315. Жанғыш газдарға арналған түтіктерді оттегімен және оттегі түтігін газбен үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезінде түтіктерді өзара ауыстыруға жол берілмейді.
316. Металдарды жанғыш газбен өңдеу процестерін автоматтандыру кезінде арақашықтықты басқару көзделеді.
Жер асты газ құбырларын коррозиядан және құрылыстарды коррозиядан электр химиялық қорғау қондырғылары
317. Электр химиялық қорғау қондырғыларын пайдаланатын ұйым қорғау қондырғыларына, тірек (бақылау-өлшеу пункттері) және газ құбырының мүмкіндіктерін басқа да өлшеу нүктелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізеді, олардың орналасқан жерлерінің схемалары, коррозиялық агрессивті топырақтар мен шашыраңқы тоқ көздері туралы деректері болады.
318. Газ құбырларындағы электр әлеуетін өзгерту мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
1) қорғану құралдарын пайдалану аймағында және шашыраңқы ток көздерінің әсер ету аймағында – 6 айда кемінде 1 рет, сондай-ақ электрлендірілген көлікті электрмен жабдықтау жүйесінің жұмыс режимінің өзгеруіне, жылыстау тоқ көздері желісінің, газ құбырлары мен басқа жер асты металл қосындылардың дамуына байланысты коррозиялық жай-күйінің әрбір өзгеруінен кейін;
2) қалған жағдайларда – жылына кемінде 1 рет.
319. Газ құдықтардағы электр әлеуетін өлшеуге жол берілмейді. Аталған өлшеулерді орындау қажет болған жағдайда, өлшеу өткізгіштерін газ құбырына жалғауды газ құбыры иесінің персоналы жүзеге асырады, бұл ретте өлшеу аспабы құдықтың сыртына шығарылады.
320. Электр химиялық қорғау қондырғыларын пайдаланушы ұйым қорғау қондырғыларының жұмысында бұзушылықтың алдын алуға бағытталған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін әзірлейді және жүзеге асырады.
Қорғау қондырғыларының жұмысындағы бұзушылық жедел тәртіппен жойылады.
321. Электр қорғау қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мерзімдерін әзірлеуші зауыт регламенттейді. Бұл ретте телемеханикалық бақылау құралдарымен жабдықталмаған электр қорғау қондырғыларын техникалық байқау:
дренаждық қорғаныш қондырғыларында – айына 4 рет;
катодты қорғаныш қондырғыларында – айына 2 рет;
бақыланатын протекторлы қондырғыларда – 6-айында 1 реттен кем емес жүргізіледі.
322. Электр химиялық қорғау қондырғылары жұмысының тиімділігі 6 айда кемінде 1 рет, сондай-ақ қондырғылардың жұмыс режимін әрбір өзгерткен кезде және жерасты металл газ құбырлары мен шашыраңқы тоқ көздерінің желісін дамытуға байланысты өзгерткенде тексеріледі.
323. Қолданыстағы газ құбырларын қорғау бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдарда электр химиялық қорғау қондырғыларының орналасқан жері және бақылау-өлшеу пункттері белгілеген газ құбырларының карта-схемалары, топырақтың коррозиялығы және шашыраңқы тоқ көздері туралы жинақталған деректер болады, сондай-ақ газ құбырларының коррозиялық жағдайына және қорғау жұмыстарының тиімділігіне жыл сайын талдау жүргізеді.
324. Егер техникалық байқау кезінде катодты қондырғының жұмыс істемейтіні, ал оның жұмысына телеметриялық бақылау жүзеге асырылмағаны анықталса, оның жұмысында 14 тәулікті құрайтын үзіліс болды деп қабылдаған жөн (бір техникалық байқаудан екіншісіне дейін).
325. Электр оқшаулағыш қосындылардың ақаулығы газ құбырын пайдалануға қабылдау және электр қорғау қондырғыларының әрбір жұмыс параметрлерінің өздігінен өзгеруі (нашарлауы) кезінде, бірақ 12 айда 1 реттен сиретпей тексеріледі.
326. Бұрын қорғауды талап етпеген газ құбыры учаскелерінде шашыраңқы тоқтың қауіпті әсерін айқындау үшін әлеуетті өлшеуді жылына кемінде 1 рет, сондай-ақ әрбір коррозиялық жағдайды өлшеу кезінде өлшеу нүктелері арасында қоныстарда 200 м аспайтын және кентаралық газ құбырларында 500 м аспайтын аралықпен жүргізген жөн.
327. Газ құбырының меншік иесі немесе газбен жабдықтау ұйымы болаттан жасалған жер асты газ құбырларының, бақылау-өлшеу пункттеріндегі коверлерді және фланецті жалғамдарды оқшаулағыштарды қорғау жабындарын жөндеу бойынша шараларды уақтылы қабылдайды.
328. Иеленуші және пайдаланылатын ұйымдар газ құбырларының коррозиялық зақымдану себептерін анықтауды қамтамасыз етеді. Газ құбырларының толассыз коррозиялық зақымдануының әрбір жағдайы комиссияның тексеруіне жатады, оның құрамына қаланың газ құбырларын қорғау бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың өкілі кіреді. Егер коррозиялық қаупті аймақтарды жою бойынша жұмыстар белгіленген мерзімдерде орындалмаса, онда газ құбырлары қолданыстағы газ желілерінен ажыратылады.
Газ құбырының иесі комиссияның жұмыс күні мен орны туралы жергілікті мемлекеттік бақылау органын алдын ала хабардар етеді.
Анодты және белгілердің орны ауыстырылатын аймақтар жойылғанға дейін иеленуші газ құбырларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
Әлеуетті жарылыс қауіпті орталардың электр жабдығы
329. Электр жабдығы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына, осы Талаптарға және дайындаушы ұйымдардың нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланылады.
330. Жарылыстан қорғау жабдығы кезең-кезеңмен тексеріледі, сыналады, техникалық қызмет көрсетіледі және жөнделеді.
331. Электр жабдығын және электр өткізгіштерін тексеруді:
1) әрбір жұмыс ауысымының басында – қызмет көрсетуші персонал, кезекші электр дәнекерлеуші;
2) ай сайын – ұйымының электр шаруашылығына жауапты адам жүргізеді.
Пайдалану кезінде анықталған жарылыстан қорғалған жабдықтардың ақауы бірден жойылады.
332. Жарылыстан қорғалған электр жабдығын сынау техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес дайындаушы зауыттың пайдаланушы құжаттамасында белгіленген шамадан төмен емес шамада жүргізіледі.
333. Оның көмегімен жарылыс қауіпті аймақтарда электрлік сынақ жүргізілетін аспаптар жарылыстан қорғалған күйде орындалады. Қорғау деңгейі және түрі жарылыс қауіпті аймақ санатына сәйкес келеді.
Сынақты аталған жұмыстардың авариясыз өтуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдаған жағдайда, қалыпты түрде орындалған аспаптардың көмегімен, газ қауіпті жұмыстарға рұқсат нарядын бере отырып, осы Талаптарға 17-қосымшаға сәйкес жүргізуге жол беріледі.
334. Іске қосқыштар мен автоматты ажыратқыштардың ең жоғары тоқ қорғанышын тексеру 6 айда кемінде 1 рет өткізіледі.
335. Болаттан жасалған құбырларда орнатылған электр өткізгіштерін және бөлуші тығыздағыштарды сынау кезінде сынақ қысымының мерзімі, көлемі мен нормалары нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
336. Жарылыстан қорғайтын жабдыққа техникалық қызмет көрсету дайындаушы ұйым белгілеген мерзімде, бірақ 6 айда кемінде 1 рет жүргізіледі. Жұмыстар техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Атқарылған жұмыс туралы мәліметтер пайдалану құжаттамасына енгізіледі.
337. Кәбілді оқшаулау таспасымен, дымқыл резеңкемен, иілгіш резеңке құбырларының қиқымдарымен нығыздауға жол берілмейді.
338. Жарылыстан қорғалатын электр жабдығына жөндеуді ұйымдастыру тәртібі, бұл ретте орындалатын жұмыстардың көлемі мен мерзімділігі нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келеді.
339. Статикалық электрден және найзағайдың қайталама көріністерінен, оның ішінде контактілердің, қосылыс сымдарының, шиналардың бастарын қорғаудың жарамдылығы 6 айда кемінде 1 рет тексеріледі.
Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматтандыру және
сигнализация жүйелері
340. Иеленуші, пайдаланушы ұйымдар газ құбырлары мен агрегаттарда орнатылған бақылау, автоматтандыру және сигнализация аспаптары мен құралдарына тұрақты техникалық қадағалауды, күтім жасауды және күрделі жөндеуді қамтамасыз етеді.
341. Аспаптар мен құралдардың жұмысын қадағалау, импульсті газ құбыры желілерінің және бекіту арматурасының герметикалылығын тексеру газ жабдықтарын тексеру және техникалық қызмет көрсету кезінде жүргізіледі.
342. Өлшеу құралдарына, автоматтандыру және сигнализация жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі мен кезеңділігі дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі стандарттарында немесе нұсқаулықтарында белгіленеді.
343. Бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің жарамдылығы мен дұрыстығы қысқа мерзімді ажырату және көрсеткіш тілін бақылау мәніне қайтару арқылы тексеріледі:
1) ГТС, ГТП, АГҚС, қазандықтарда, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа да ұйымдардың ішкі газ құбырларында бір ауысымда кемінде 1 рет;
2) жылу механикаландырылған ГРП 2 айда кемінде 1 рет;
3) ШРП, СМГ-ның резервуарлық және топтық баллонды қондырғыларында, автоматтандырылған қазандықтарда айына кемінде 1 рет.
344. Салыстырып келтірудің аралығымен міндетті мерзімдік салыстырып келтіруге Қазақстан Республикасы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерінің тізімде және өлшеу құралдардың бекітілген салыстырып келтірудің әдістемесінде көрсетілген мынадай жұмыс өлшеу құралдары жатады:
1) тарту-тегеурін өлшегіштер, манометрлер (көрсетуші, өздігінен жазатын, қашықтықтан) – жылына кемінде бір рет;
2) ГТЖ-ның баллондарды бақылап өлшеу үшін пайдаланылатын салмақ өлшеу аспаптары, эталлон-гірлер – жылына кемінде 1 рет;
3) өздігінен жазатын термометрлер – жылына кемінде 1 рет;
4) көрсетуші термометрлер – 4 айда кемінде 1 рет;
5) қысым, температура, қысымның ауытқуын түрлендіргіштер – 2 жылда кемінде 1 рет.
Өлшеу құралдарын салыстырып келтіру Қазақстан Республикасының Мемстандарты аккредиттеген өлшеу зертханалары жүргізеді.
Жоғарыда келтірілген бақылау-өлшеу аспаптары күрделі жөнделгеннен кейін де салыстырып келтіруге тартылады.
345. Пломбасы немесе таңбасы жоқ, салыстырып келтіру мерзімі өтіп кеткен, зақымданған, ажыратқан кезде тілі көлемі бойынша шкаланың нөлдік бөлігіне қайтып келмейтін, осы аспаптар үшін жіберуге болатын қателіктердің жартысынан асып түскен өлшеу құралдарын қолдануға жол берілмейді.
346. Көрсетіп тұратын манометрлердің циферблатында немесе корпусында бояумен ең жоғары жұмыс қысымына сәйкес келетін шкала мәні көрсетіледі.
347. Қауіпсіздік автоматикасының және сигнализация құралдарының іске қосылу параметрлерінің мәні дайындаушы зауыттың техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген параметрлерге сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте ауа ортасының жағдайын бақылаушы сигнализаторлар үй-жайда газдың қауіпті шоғырлануы пайда болған кезде іске қосылады.
348. Қорғау, блоктау және сигнализация қондырғыларының іске қосылуын тексеру айына кемінде 1 рет, сондай-ақ егер дайындаушы ұйымның пайдалану құжаттамасында басқа да мерзімдер көзделмесе, жабдықты жөндеу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
349. Газданғандық сигнализаторды белгіленген параметрлер сәйкестігіне тексеру бақылау газ-ауа қоспаларын пайдалана отырып орындалуға тиіс. Үй-жайларда сигнализатордың жұмысын әдейі газдандыру жолымен тексеруге рұқсат берілмейді.
350. Жобада, блоктауда және сигнализацияда көзделген ажыратылған бақылау-өлшеу аспаптары бар газ жабдығын пайдалануға жол берілмейді.
351. Жөндеу немесе тексеру үшін алынған аспаптар ұқсас құралдарға, оның ішінде пайдалану шарттарында бірден ауыстырылады.
352. Ұйым басшысының жазбаша рұқсаты бойынша, жұмыстың қауіпсіздігін және авариясыз өтуін қамтамасыз ететін қосымша шараларды қамтамасыз ету шарттарында қорғанышты ажырата отырып, қондырғылар мен агрегаттардың қысқа мерзімді жұмыс істеуіне жол беріледі (ерекше жағдайларда).
353. Үздіксіз жұмыс істейтін газданғандық сигнализаторын ауыстырғанға дейін өндірістік үй-жайлар ауасындағы газдың шоғырлануы әрбір жұмыс ауысымында 30 минут сайын тасымалданатын құралдармен бақыланады.
354. Өлшеу құралдарына, автоматтандыру және сигнализация жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді осы Талаптарды білуі тексеруден өткен арнайы оқытылған персонал жоспарлы тексеру жүргізу жолымен орындайды.
Жоспарлы тексерулер 3 жылда кемінде бір рет (жабдықты дайындаушы зауыттың нұсқаулығы және ТП АБЖ бұдан да жиі тексеруді талап етпесе) мынадай көлемде жүргізіледі:
- оқшаулануын сынау;
- аппаратуралар мен коммутациялық элементтердің жағдайын тексеру;
- жұмыстың негізгі параметрлерін тексеру;
- құрылғыларды жұмыста байқау.
Ішінара тексерулер пайдалану қызметінің жергілікті жағдайларын және техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған және ГТЖ техникалық басшылығы белгіленген тәртіппен бекіткен кесте бойынша мынадай көлемде 3 айда кемінде бір рет жүргізіледі:
- оқшаулау кедергілерін өлшеу;
- аппаратуралар мен қайталама тізбектердің жағдайын тексеру;
- құрылғыларды жұмыста байқау.
Жекелеген жоспарлы тексерістердің мерзімділігі ТП АБЖ құралдарын пайдалану тәжірибесінен шыға отырып, ұйымның техникалық басшылығының шешімі бойынша тексеру арасындағы интервалдарды ұлғайту жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Жоспардан тыс тексерулер жөндеудің барлық түрі жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ жүйенің жұмысы қанағаттанғысыз болғанда немесе жекелеген құрылғылар істен шыққан жағдайда жүргізіледі.
Тексерулер газ тарату жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі тиіс, оларды жүргізуді негізгі технологиялық жабдықтағы жөндеу жұмыстарымен біріктіру ұсынылады.
355. Газданған жағдайларда автоматтандыру, аварияға қарсы қорғаныш және сигнализация жүйелерін реттеу және жөндеу бойынша жұмыс істеуге жол берілмейді.
3. Ерекше табиғи және климаттық жағдайларда газбен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану кезіндегі қосымша талаптар
356. Ерекше жағдайдағы аумақтардағы газ құбырларын жобалау, салу және пайдалану газ құбырларының болуы және олардың әсерінің маңызымен байланысты жердің рельефімен, топырақтың геологиялық құрамына, гидрогеологиялық тәртібіне, газ құбырларын салу аумағының әзірлемесіне, климаттық және сейсмологиялық жағдайларға, сондай-ақ өзге де әсерлер мен олардың уақыт бойынша өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, жүзеге асырылады.
357. Болаттан жасалған су газ құбырларын, сондай-ақ жер асты газ құбырларын салу үшін қайнаған болаттан жасалған құбырларды қолдануға жол берілмейді.
358. Әртүрлі мақсаттағы жер асты коммуникация коллекторларымен және каналдарымен газ құбырларының қиылысқан жеріндегі, сондай-ақ газ құдықтарының қабырғалары арқылы газ құбырын жүргізу орындарындағы газ құбырларын футлярда салып қою қажет.
Футлярдың ұштары қиылысқан құрылғылар мен коммуникациялардың сыртқы қабырғаларының екі жағынан кемінде 2 м қашықтықта, газ құдықтарының қабырғалары қиылысқан кезде – кемінде 2 см қашықтықта шығарылады. Футлярдың ұштары гидроизоляциялық материалмен жабылады.
Еңістің жоғарғы бөлігіндегі футлярдың (құдықтардың қабырғаларының қиылысқан жерлерін қоспағанда) бір бөлігінің ұшында қорғаныш құрылғысын астына шығатын бақылау тетігін көзделуге жөн.
Футляр мен газ құбырының құбыраралық кеңістігінде газ тарату жүйелеріне қызмет көрсетуге арналған пайдаланудың 60 В дейінгі кернеулі кәбілін (байланыс, телемеханика және электр қорғау) салуға рұқсат беріледі.
359. Электр өткізгіші немесе электр кәбілінің газ құбырына беку конструкциясы трубалар қозғалған жағдайда қосылыс мықтылығын қамтамасыз етеді.
360. Құбырларды қосу электрмен доғалап дәнекерлеу әдісімен жүргізіледі. Диаметрі 100 мм аспайтын, қысымы 0,3 МПа (3 кгс/шаршы см) жабыны бар жер бетіндегі газ құбырын ғана газбен дәнекерлеуге жол беріледі.
Жер астындағы газ құбырларындағы дәнекерленген қосылыстар физикалық әдіспен 100% бақылауға тартылады. Дәнекерлеу қосылыстарының кез келген ұзындықта және тереңдікте бірікпей қалуына жол берілмейді.
361. Ең жақын дәнекерлеу жапсарының ғимараттың іргетасынан арақашықтығы кемінде 2 м болады.
362. Газ құбыры қалыңдығы кемінде 200 мм аз қысылатын топырақ негізінде төселеді және кемінде 300 мм биіктікке осы топырақпен төселеді.
363. Жер бетіндегі және жер үстіндегі төселімдерді табиғи және жасанды бөлгіштер арқылы газ құбырларының өтпе учаскелерінде, сондай-ақ жер астына төсеген кезде рұқсат етілгеннен асып кеткен газ құбырларының кернеуімен оймалар, жарылулар пайда болуы ықтимал учаскелерде көздеген жөн.
364. Жобада көзделген компенсаторлар аумақты өңдеуді бастағанға дейін орнатылады.
365. Топырақтың ысырылуының белсенді дәрежесі аяқталған соң газ құбыры бойлық тарту кернеуін алып тастау үшін болат қондырманы, не топырақтың болжанатын деформациясын орнатудан кейін компенсаторды орнатқан жөн.
Газ құбырларында құдықтарда орнатылатын резеңке кордты компенсаторлар жер бетіндегі деформация аяқталғаннан кейін қайта өңдеу көзделмесе, тікелей үстемемен ауыстырылады, ал құдықтарға (ойықтарға) топырақ төселеді.
Жер бетінде деформациялаудың аяқталуы жұмыс істеген газ құбырының маркшейдерлік тау-кен ұйымы қызметінің қорытындысымен расталады.
366. Газ құбырларында ажыратқыш қондырғы ретінде гидроқақпақтарды қолдануға жол берілмейді.
367. Газ құбырының топырақта жылжымалылығын арттыру үшін оны топырақтың көшуі әсерінен қорғау жөніндегі конструктивті шаралар ретінде кескіндерді қосу орнын өтпелі емес арналарда орындаған жөн.
368. Әзірленетін аумақтар аудандарында газ құбырларын пайдаланушы ұйымдар қызметінің міндетіне:
1) құрылыс кезеңінде, сол сияқты газ құбырларына күрделі жөндеу жүргізу кезінде техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
2) газ құбырларына кері әсер ететін, жүргізілетін және жоспарланатын тау жыныстары туралы мәліметтерді зерделеу және талдау;
3) тау жыныстары кезінде газ құбырларының қысымды деформацияланған жай-күйінің өзгерістерін қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ аспаптық қадағалау деректері бойынша жер беті қозғалысындағы ондай өзгерістерді болжамдау;
4) кезекті тау жұмыстарының басында және жер бетінің қарқынды қозғалысы процесінде газ құбырларының кепілдігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-техникалық мәселелерді шешу;
5) тау-кен және жобалау ұйымдарымен бірге пайдаланылатын газ құбырларының тау-кен әзірлемелерінің кері әсерінен қорғау шараларын, сондай-ақ газдың биік коммуникацияларға және тұрғын үй ғимараттарына, өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерге кіруінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кіреді.
369. Жер бетінің белсенді қозғалысы кезеңінде жер асты газ құбырларын, газ құбырларындағы қысымды жойғанға дейін аралап шығу күн сайын кесу жолымен жүргізіледі. Кентаралық және тарату газ құбырларының трассасын өңдеу кезінде тау жыныстарының әсер ету шекарасының бөлініп жатқан аумақтарында жоғарылық белгілері мен трассаның пикетажына байламы бар тұрақты белгілер бекітіледі.
370. Ерекше табиғи және климаттық жағдайларда газ тарату жүйелері мен газ тұтыну объектілерін салу кезінде нормативтік актілер талаптарына қосымша мынадай шаралар қолданылады:
1) сейсмикалығы 7 балдан жоғары аудандарда газ құдықтарын салу кезінде темір бетон құдықтарының плита негіздері және кірпіш қабырғалары бар құдықтардың монолитті темірбетон негіздері қалыңдығы 100 мм тығыз топырақ төсеміне төселеді;
2) жылым топыраққа салынған газ құдықтары жинақталған, темір бетонды және монолитті болуы тиіс, темір аралас сылақпен сыланады. Қабырғалар мен қатып қалған топырақ арасындағы ілінісуді азайту үшін шайыр материалдардан жабын немесе қиыршық құмның үстіне қайта төсем немесе құм шиыршықты топырақты төсеу ұсынылады. Құдықты жабу үшін барлық жағдайларда құм топырақ және басқа да жылым емес топырақ төселеді;
3) отырғызылатын барынша ұсақ топыраққа салу кезінде құдықтардың негізі астындағы топырақ тығыздалады.
4. Жылу электр станцияларының (ЖЭС) және қазандықтың газ тарату жүйесі мен газ тұтыну объектілерін пайдалану кезінде қойылатын
жарылыс қауіптілік талаптары
Бөлімнің талабы бу шығарудың өнімділігі 35 т/сағат және одан да жоғары қазандық қондырғыларына және жылу шығарудың өнімділігі 50 Гкал/сағат және одан жоғары су жылытқыш қазандық қондырғыларына қолданылады.
371. ЖЭС газбен жабдықтау жүйелерінде және аудандық қазандықтарда газ құбырларын ашық тарату қондырғылары мен трансформаторлы кіші станциялар аумағында, отын қоймаларында, сондай-ақ газ өткізгіштерінде, отын жіберу, ауа жіберу галереяларында, лифт және желдеткіш шахталарында төсеуге жол берілмейді.
Енгізілетін газ құбырлары мен ішкі газ құбырларын ғимараттың нөлдік белгісінен төмен төсеуге жол берілмейді.
Ішкі газ құбырларын төсеу ашық жүргізіледі. Газ құбырының өн бойына оны үнемі бақылау және тексеру үшін қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Бекітпе және реттеуші арматураның орнатылған орнына жасанды жарық беріледі.
372. Газ құбырын қазандыққа келетін әрбір тарамына таратушы газ құбырынан электр жетегі бар бекіту құрылғысын орнату көзделеді.
Пайдалануға жаңадан енгізілген қазандық қондырғыларында газ құбырынан қазандыққа баратын торамда екі бекіту құрылғысы орнатылады, бұл кезде газ жүрісі бойынша бірінші бекіту құрылғысы қолмен қысқартылатын жетекпен жасалады. Құрылғылар араларында үрлеу газ құбыры көзделеді.
373. Отынның әр түрлерін жағуға арналған қазандықтарда газ құбырының қазандыққа баратын тарамындағы бекіту құрылғысының алдында тұтандыру құрылғысына (бұдан әрі – ТҚ) және қыздырғыштардың қорғаныс-тұтандыру құрылғыларына (бұдан әрі – ҚТҚ) газ өткізгіш үшін штуцер көзделеді.
374. Қазандық қондырғыларының ішкі газ құбырларында газ жүрісі бойынша енгізілетін газ құбырында бекіту құрылғысынан кейін мыналар көзделеді: тығын орнату үшін оны ашу құралы және тоқ өткізгіш қосқышы бар фланецті қосылыстар, үрлеу агентінің магистралімен қосуға арналған штуцер, сақтандыру-бекіту клапаны (бұдан әрі – СБК), қыздырғыш және тұтандыру газ құбыры (газды қазандықтар үшін) үшін штуцер, шығын өлшеуіш құрылғы, электр жетегі бар бекіту құрылғысы, негізгі және жағушы реттеу клапандары.
Оттық реттеу клапаны газды аз беретін тізбегінде негізгіне параллельді орнатылады. Клапан алдында электр жетектері бар сақтау қондырғысы орнатылады.
375. Қазандықтың әрбір қыздырғышының алдында газ өткізгіште электр жетегі бар екі бекіту құрылғысы орнатылады.
Бекіту құрылғыларын басқару қызмет көрсету алаңынан қолмен және басқарудың блокты немесе топтық, сонымен қатар орны бойынша дистанциялық қалқанынан қамтамасыз етіледі.
376. Пайдалануға жаңадан енгізілген қазандық қондырғыларына газ жүрісі бойынша әрбір қыздырғыштың алдында сақтандыру-бекіту клапанын және электр жетегі бар бекіту құрылғысын орнату көзделеді.
377. Жұмыс істеп тұрған қазандық қондырғыларында қазандықтың қопарылудан қауіпсіз тұтануын қамтамасыз ету үшін тұтандыру қыздырғыштарының тобы анықталады.
378. Қазандықтың тұтандыру қыздырғыштары, сонымен қатар СБК жарақталған қыздырғыштар сақтандыру-тұтандыру құрылғысымен жабдықталады. Қалған қыздырғыштар тұтандыру құрылғысымен жабдықталады.
Тұтандыру және тұтандыру-қорғаныш құрылғылары басқарудың блокты немесе топтық қалқанынан, сонымен қатар орны бойынша басқарылады.
Су қыздыру қазандықтарында тасымалданғыш тұтандырғышты қолдану арқылы қыздырғыштарды қолмен тұтандыру мүмкінділігі көзделеді.
379. СБК электр магнитін қоректендіру аккумулятор батареясынан немесе алдын ала зарядталған конденсаторлар батареяларынан іске асырылады.
СБК электр магнитін басқару схемасы тізбектің оңтайлылығын үздіксіз бақылау құрылғысымен жарақталады.
380. Газ құбырында соңғысының алдында газ жүрісі бойынша бекіту құрылғыларына әрбір қыздырғышта электр жетегі бар бекіту құрылғысымен жарақталған диаметрі кемінде 20 мм қауіпсіздік құбырлы өткізгіші көзделеді.
381. Қазандықтың газ құбырларында бекіту құрылғыларымен және сынама алу үшін штуцерлермен, оның ішінде, қажет болғанда, тұтандырушы үрлеу газ құбырлары бар үрлеу газ құбыры жүйесі болады.
Арматурасы технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйелері (бұдан әрі – ТҮАБЖ) немесе функционалдық басқару топтары (бұдан әрі – ФБТ) схемасына тартылған әрбір үрлеу газ құбырында, сонымен қатар қазандықты бұғаттау немесе ЖЭС газбен жарақтау жүйелерінің және қорғау схемаларында электр жетегі бар бекіту құрылғысы орнатылады.
Үрлеу газ құбырлары газ өткізгіштің әрбір тұйық учаскесінің соңында немесе қыздырғыштың газ жүрісі бойынша соңғы бекіту құрылғысының алдында (газ өткізгіштерде тұйық учаскелер болмаған кезде); бірінші бекіту құрылғысына дейін газ өткізгіште әрбір қыздырғыш алдында, оның бірінші бекіту құрылғысына дейінгі ұзындығы 2 м астам болғанда көзделеді.
Үрлеу газ құбырларының диаметрі газ өткізгіштің үрлеу учаскесінің
1 сағатта 15 дәрежелік көлемде қамтамасыз етілу есебімен айқындалды, бұл ретте оның диаметрі 20 мм-ден кем болмау керек.
382. Үрлеу газ құбырларын қауіпсіздік құбыр жолдарымен, сондай-ақ мақсаттары бір газдың әртүрлі қысымдарымен газ құбырларының қосылуына жол берілмейді.
383. ЖЭС газбен жарақтау жүйесінде қолданылатын барлық арматура болаттан жасалады.
Газ қысымы 0,3 МПа (3 кгс/шаршы см) артық емес су қыздыру қазандықтарына газбен қамтамасыз ету жүйелері үшін түсті металдардан жасалған бекіту арматурасын қолдануға рұқсат етіледі.
Арматураны жалғау тәсілі (дәнекерлеумен немесе фланецтерде) жобамен айқындалады.
384. Қазандық оттығының конструкциясы және қыздыру құрылғыларының тұтастығы жану процесінің тұрақтылығын, оны бақылауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар нашар желдетілетін аймақтардың түзілуіне жол берілмейді.
385. Қазандық қондырғыларының жану өнімдерін шығару үшін газ жолдарында және оттықтағы жану өнімдерінің циркуляциялау жүйесінің газ жолдарында, сондай-ақ коллекторлар орнатылатын жабық қуыстарда газдың тұрып қалуы және жиналуы мүмкін желдетілмейтін учаскелер болмайды.
386. Қазандықтарда қолданылуға рұқсат берілген және дайындаушы зауыттың паспорты бар газ қыздырғыштары қолданылады.
387. Газ қыздырғыштары үздіксіз тұрақты және жалынның үзілуінсіз қазандықтың жылу жүктемесін реттеу диапазонында жанады.
388. Газдандырылған қазандық қондырғыларында келесі параметрлердің өлшенуі қамтамасыз етіледі:
1) қазандықтың газ құбырындағы реттеуші клапанға дейін және одан кейінгі газ қысымы;
2) шатырдағы ауа мен газ тығызды қазандықтарға арналған оттықтың түтінді газы арасындағы қысымның түсуі;
3) қазандықтың айналасында жалпы қорапта және ауа жібергіштегі ауа қысымы (үрленіп жұмыс істейтін қазандықтардан басқа);
4) үрленіп жұмыс істейтін қазандықтар үшін оттықтың жоғарғы жағында қазандық пен түтінді газдардың айналысы бойынша жалпы қораптағы және ауа жібергіштердегі ауа қысымының түсуі;
5) шатырдағы ауа қысымы;
389. Газдалған қазандық қондырғылары келесі технологиялық қорғаныспен жарақталады:
1) қазандыққа газдың берілуін ажырата отырып, қазандықты тоқтату үшін жұмыс істейтіндермен:
оттықтағы факелді сөндірген кезде;
барлық түтін сорғыштарды ажыратқан кезде (салмақты ауырлығы бар қазандықтар үшін);
барлық үрлеу желдеткіштерін ажыратқан кезде;
реттеуші клапаннан кейін газ қысымын берілген мәннен төмен түсірген кезде;
2) жарақтанған СТҚ және СБК қыздырғышқа газдың жіберілуін ажыратуда, осы оттықтың факелін тұтандыру немесе сөндіру кезінде жұмыс істейтіндермен;
3) қазандыққа газдың берілуін ажырату үшін жұмыс істейтіндермен:
қазандықты жағу процесінде тұтандыру қыздырғыш факелінің жалындамауы немесе сөнбеуі кезінде;
реттеуші клапаннан кейін газ қысымының берілген мәнінен төмендеуі кезінде (қосымша отын ретінде газды бір уақытта басқа отын түрлерімен жаққан кезде);
4) қазандықтың жүктемесін ажырату кезінде 50%-ға дейін азайту үшін жұмыс істейтіндермен:
екі түтін сорғының бірі;
екі үрлеу желдеткішінің бірі;
екі регенерациялық ауа жылытқыштың бірі.
390. Газдалған қазандық қондырғысы:
1) газ құбырындағы әрбір қыздырғыштың алдында тек бір бекітпе құрылғысы ашық болған кезде газ құбырындағы қазандық қондырғысында бекітпе құрылғысын ашуға;
2) ҚТҚ ажырату және 10 минут ішінде қазандық оттығын алдын ала желдетпей қыздырғышқа газды жіберуге;
3) барлық тұтанған қыздырғыштар жұмысқа толық қосылмайынша, СБК жабдықталмаған қыздырғыштарды тұтатуға;
4) қыздырғыш алдында ауа шиберінің (клапанының) жабық күйінде газды жіберуге және осы қыздырғышта жұмыс істеп тұрған желдеткішті ажыратуға;
5) тұтанған қыздырғышқа және ҚТК жабдықталған қыздырғышқа, оның ҚТҚ-сында тұтандырғыш факелі болмаған кезде газды жіберуге;
6) ҚТҚ жабдықталған қыздырғышқа, тұтату құрылғысындағы тұтату факелі болмаған кезде газды жіберуге;
7) қыздырғыш алдында (қайта енгізілген қазандықтар үшін) екі бекіту құрылғысы ашық (жабық) болған кезде қауіпсіз құбыр жолының бекіту құрылғысын ашуға (жабуға) тыйым салатын оқшаулағышпен жабдықталады.
391. Қазандық қондырғыларында:
1) реттеуші қазандық клапанынан кейін берілген мәніне қатысты газ қысымын азайту немесе арттыру туралы;
2) жалпы қорапта немесе ауа жібергіште берілген мәніне қатысты ауа қысымын азайту туралы (үрленіп жұмыс істейтін қазандықтардан басқа);
3) ҚТҚ жабдықталған қазандық қыздырғыштарында факелдің болуы туралы;
4) ҚТҚ тұтанған факелінің болуы туралы;
5) қазандық оттығындағы факелді сөндіру туралы;
6) осы Талаптардың 389-тармағында көзделген қорғанудың іске қосылуы туралы хабардар ететін дабыл көзделеді.
392. Қазандықтарды тоқтату және оны төмен жүктемеге ауыстыру үшін оқшаулағыш пен қорғанысты орындау қазандық қондырғысын дайындаушы зауытпен келісілген техникалық шарттар немесе нормативтік-техникалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
393. Қазандықты қосуға немесе тоқтатуға бөгет болатын қорғанулар мен бұғаттауларды енгізу және шығару: жалпы факел мен тұтандыру қыздырғышының факелін сөндіру бойынша қорғану үшін автоматты, қалған қорғаныстар үшін – енгізу-шығару құралдарымен жүргізіледі.
Жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың технологиялық қорғану, бұғаттау және сигнализация құрылғысының жұмыстан шығуына тек:
1) өндірістік нұсқаулықпен негізделген оларды ажырату қажеттілігі;
2) болуы мүмкін жарамсыздықтар немесе істемей қалу жағдайларында
ғана рұқсат етіледі.
Ажырату ауысым басшының рұқсатымен және техникалық басшының немесе қазандық басшының міндетті түрде хабардар ете отырып, орындалады.
Қорғану, бұғаттау және сигнализацияны қосу мақсатында жөндеу және реттеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізуге жол берілмейді.
394. Газ құбырларындағы тығындарды алып тастау газ қауіпті жұмыстардың өндірісінде рұқсат наряды бойынша орындалады, онда
0,01 МПа (1000 мм су. бағ.) қысымы кезінде ауадағы қазандық газ құбырының бақылаулық сығымдалуын жүргізу көзделеді.
Қысымның түсу жылдамдығы сағатына 60 даПа (60 мм су.бағ.) аспайды.
Консервациялау режимінен шығарылатын қазандық газ құбырларына газды жіберу, оларда жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жүргізілгеннен кейін орындалады.
395. Ұзақтығы 3 тәуліктен артық тоқтап тұрғаннан кейін қазандықты іске қосар алдында қазандықтың тарту үрлеу механизмдерінің, оның көмекші жабдықтарының, өлшеу құралдары мен оның арматура мен механизмдерді дистанциондық басқаруының, автореттеуіштердің оңтайлылығы мен қосуға дайындығы тексеріледі, сондай-ақ қорғаныш, оқшаулау, жедел байланыс құралдары және СБК іске қосылуын тексеру жүзеге асырылады.
Ұзақтығы 3 тәуліктен кем тоқтап тұру кезінде мыналар тексеруге жатқызылады: жабдықтар, жөндеу жүргізілген қорғаныш құрылғыларының, бұғаттау, өлшеу құралдарының механизмдері.
Анықталған ақаулықтар газ жібергенге дейін жойылады.
396. Суық күйден қазандықты жағу алдында қыздырғыштар және сақтандырғыш бекіту клапандары алдында бекіту қондырғысы ысырмасының герметикалылығына қосу алдында тексеру жүргізіледі. Қосу алдын ала тексеру жүргізу тәртібі, нормалары және әдістері қазандық қондырғысын пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.
397. Қазандықтың газ құбырларын газбен толтыру жұмысқа қосылған түтін сорғылар, үрлеу желдеткіштері, рециркуляция түтін сорғылары қазандық қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген тәртіппен қосылған кезде жүргізіледі.
398. Қазандықтың газ құбырларын қауіпсіздік құбырлы өткізгіштері мен қазандықтың қыздыру қондырғылары арқылы үрлеуге рұқсат берілмейді.
399. Қазандықты жағу алдында оттық, газ жолдары (оның ішінде рециркуляциялық) «жылы жәшік», сонымен қатар ауа өткізгіштер
10 минуттан кем емес уақыт бойы газ ауа трактының ашық шиберлері кезінде және номиналды ауа қысымының шығыны 25% кем болмағанда желдетіледі.
400. Үрлеумен жұмыс істейтін қазандықтарды, сонымен қатар түтін сорғылар болмаған кезде су қыздыру қазандықтарын желдету үрлеу желдеткіштерімен және рециркуляция түтін сорғыларымен жүзеге асырылады.
401. Теңестірілмеген тартқышы бар қазандықты жағу түтін сорғылар мен үрлеу желдеткіштері қосылған кезде, ал үрлеумен жұмыс жасайтын қазандықтарды жағу-үрлеу желдеткіштері қосылған кезде жүргізіледі.
402. Барлық қыздырғыштары КТҚ және СБК жарақталған қазандықтарды тұтату қазандық қондырғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген тәртіппен кез келген қыздырғышты тұтату арқылы басталуы мүмкін.
Бірінші жағу қыздырғышының жалыны жанбағанда (бықсығанда) қазандыққа және қыздырғышқа газ беру тоқтатылады, КТҚ сөндіріліп және қыздырғыштар, оттық пен газ жолдары осы Талаптарға сәйкес желдетіледі, одан кейін қазандықты жағу басқа қыздырғышта іске асырылуы мүмкін. Бірінші тұтатылған қыздырғышты қайта тұтату оның жалынының тұтанбай қалу себебін жойғаннан кейін мүмкін болады.
Екінші (немесе кезекті) тұтатылған қыздырғыш жалыны жанбай (бықсып) қалған жағдайда бұл қыздырғышқа газ беру тоқтатылады, оның КТҚ сөндіріледі және осы қыздырғыштың ауа жолындағы толықтай ашық запорлы құрылғыға желдету жүргізіледі. Қыздырғышты қайтадан тұтату оның жалынының сөніп қалуына (бықсып) алып келген себептерді жойғаннан кейін жүргізіледі.
403. Жалынның тұтату кезінде ойламаған жерден немесе қазандықтың бір немесе бірнеше қосылған (жұмыс істеп тұрған) қыздырғышпен жұмысы кезінде сөніп қалғанда қазандыққа және қазандықтың барлық қыздырғышына газ беру тез арада тоқтатылады, ҚТҚ газбен жабдықтау тоқтатылады және осы Талаптарға сәйкес қыздырғыштарға, тұтатқыштарға, газ жолдарына желдету жүргізіледі.
Қыздырғыштар жалынының сөну себебін жойғаннан кейін қазандықты қайтадан тұтатуға болады.
404. Көмір тозаңды немесе сұйық отыннан қазандықты СМГ ауыстыру тәртібі ұйымның техникалық басшысы бекіткен қазандықты пайдаланудың өндірістік нұсқаулығымен анықталады.
405. Қыздырғыштар көп қабатты топтастырылғанда бірінші болып төменгі бөліктегі қабаттар газға алмастырылады.
406. Қазандықты газ жағуға жоспарлы алмастыру алдында СБК іске қосылуына, газ бойынша орындаушы механизмдерге немесе қазандық жұмысына бөгет жасамайтын көлемде дабылға әсер ететін технологиялық қорғаныштар мен бұғаттаулардың жұмысқа қабілеттілігіне тексеру жүргізіледі.
407. Қазандық тоқтағанда қазандықтың ішкі газ құбырларына және қыздырғыштарға газ беру тоқтатылады; үрлеу құбырлы өткізгіштері мен қауіпсіздік құбырлы өткізгіштеріндегі бекіту құрылғылары ашылады; қыздырғыштардың ҚТҚ және ТҚ, 10 минут бойы оттықтың, газ жолдарының, «жылы жәшіктің» желдетілуі орындалады. Қазандықтың тарту үрлеу механизмдері тоқтатылады.
408. Қазандықтың газ құбырына газды жіберу мына жағдайларда дереу тоқтатылады:
1) технологиялық қорғаныш іске қосылмағанда;
2) қазандық газ құбыры жарылғанда;
3) оттықтағы жарылыс, газ өткізгіштеріндегі газ қалдықтарының жарылысы немесе тұтануы, қазандық қаңқасының салмақ түсетін арқалығы қатты қызып кеткенде;
4) қалануының бұзылуында, сондай-ақ персоналға немесе жабдықтарға қауіп төндіретін басқа да зақымдануларда;
5) қашықтан және автоматты басқару қондырғыларында қысым жоғалып кеткенде;
6) персонал мен жабдықтарға қауіп төндіретін, сондай-ақ қазандықты қорғау схемасына кіретін ажыратқыш арматураның қашықтықтан басқару шынжырындағы өрт.
409. Қазандық авариялы тоқтаған жағдайда қорғаныш және бұғаттау іс-әрекетімен немесе персоналмен ішкі газ құбырларына және қазандық қыздырғыштарына газдың жіберілуін тоқтату, қауіпсіз құбыр өткізгіштерінде бекіту құрылғыларын ашу, ТҚ және ҚТҚ ажырату қажет.
410. Қазандық қондырғысын резервке шығарған кезде қазандық газ құбырларында:
1) қазандықтың газ құбырының бекіту құрылғысы (электр жетегімен);
2) әрбір қыздыру алдындағы газ құбырларындағы бекіту құрылғысы жабылады.
Әрбір қыздырғыштың алдында қазандыққа жалпы ішкі газ құбырында және газ өткізгішінде САК жабылады.
Одан кейін газ құбырларында және қауіпсіз құбыр өткізгіштерінде үрлегіш бекіту құрылғыларын ашу қажет. Операция аяқталғаннан кейін қазандықтарда газ өткізгіштің торабындағы бекіту құрылғысына тығын орнатылмайды.
Қазандықтағы газ құбырының резервте болу ұзақтығы қазандық қондырғысы резервте болған уақытпен айқындалады.
Қазандық қондырғысы басқа отын түрімен (сұйық немесе қатты) жұмыс істеген кезде қазандық газ құбырларында артық газ қысымының болуына жол беріледі.
411. Газ арматурасын әзірлеумен, ішкі газ құбырларын қосумен және жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргізу алдында, қазандық ішіндегі жұмыстарда, сондай-ақ қазандық газ құбырлары консервация режиміне шыққан кезде газ өткізгіштің қазандыққа баратын тармағындағы алғашқы газ жүрісі бойынша бекіту құрылғысы оларға орнатылған тығынмен жабылуға тиіс. Қазандықтың газ құбырлары газдан босатылуға және инертті газбен және сығылған ауамен үрленеді.
412. Қазандықтарды сырттан тексеру, тазалау және жөндеу тек рұқсат наряды бойынша жүргізіледі. Жұмыстарды бастар алдында 10 минут бойы оттықтың, газ жолдарының, «жылы жәшіктің» желдетілуі орындалады.
Оттықтың жоғарғы жағында және «жылу жәшігінде» газ сезілген жағдайда жұмысқа кірісуге рұқсат берілмейді.
5. Газ қауіпті жұмыстар
413. Газдалған немесе газ шығуы мүмкін ортада орындалатын жұмыстар газ қауіпті болып есептеледі. Газ қауіпті жұмыстарға:
1) қайта салынған газ құбырларының жұмыс істеуші газ желілеріне қосылуы;
2) газбен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану, жөндеуден кейін және оларды консервациялағаннан кейін, сондай-ақ жіберу жөнге келтіру жұмыстарынан соң газ құбырларына және басқа да объектілерге газ жіберу;
3) газ құбырларына, ГРП жабдықтарына (газ реттейтін қондырғы), газ пайдаланушы агрегаттарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, сондай-ақ жарылыстан қорғалған электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
4) бітеуіштерді алып тастау, тығындарды орнату және алып тастау, жұмыс істеп тұрған газ жабдықтарынан, құралдар мен аппараттардан газ құбырларын ажырату;
5) газ құбырларын ажырату, үрлеу және демонтаждау;
6) резервуарлы қондырғыларда, ГТС, ГТП, АТҚС, СМГ, сондай-ақ СМГ төгу-құю операцияларын орындау, ақаулы және толып кеткен баллондардан төгу;
7) құдықтарды жөндеу, қарау және желдету, сыртқы газ құбырларындағы суды және конденсатты тексеру және жою, түзелмеген қалдықтарды сору және төгу;
8) резервуарларды дайындау және техникалық куәландыру жүргізу;
9) газ кеміп қалған жерде топырақты толық жою үшін оларды жағу;
10) ГРП, ГТС, ГТП, АТҚС отпен жұмыстар жүргізу;
11) баллондарды және газ баллонды машиналарды толтыру жатады.
414. Дәнекерлеуді қолданбай жеке газ құралдарын және аппараттарын, жеке баллонды қондырғыларды пайдалануға енгізуден, диаметрі 50 мм аспайтын төмен қысымды газ құбырларында дәнекерлеуді және газбен кесуді қолданбай жөндеу жұмыстарын жүргізуден, диаметрі 50 мм аспайтын газ құбырларын демонтаждаудан, құдықтарды пайдалану, қарау, жөндеу және желдету процесінде резервуарлар мен баллондарды толтырудан, сыртқы газ құбырларында суды және конденсаторды тексеру мен жоюдан, ГТС, ГТП, АТҚС, газ құралдары мен аппараттарының жарамсыз қалдықтарын төгуден басқа, газ қауіпті жұмыстар басшының немесе маманның жетекшілігімен орындалады.
Аталған жұмыстар бойынша жетекшілікті аса білікті персоналға тапсыруға жол беріледі.
415. Газ қауіпті жұмыстарды құрамында кемінде екі жұмысшы бар бригада орындайды.
Ескертпе: Тереңдігі 1 м астам құдықтарда, траншеялар мен қазаншұңқырларда, коллекторларда және резервуарлардың ішінде жөндеу жұмыстарын кемінде 3 жұмысшыдан тұратын бригада жүргізеді.
Ұйымдардың жеке баллонды қондырғыларды пайдалануға беруді, газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, өндірістік емес сипаттағы және қоғамдық ғимараттың тұрғындарына, сондай-ақ тұрғын үйлерде жеке газ құралдарына және аппараттарға техникалық қызмет көрсетуді бір жұмысшы орындауы мүмкін.
416. Газ қауіпті жұмыстарды жүргізуге осы Талаптарға 17-қосымшаға сәйкес рұқсат наряды беріледі. Рұқсат нарядын қарындашпен толтыра отырып, мәтінге түзетулер енгізуге рұқсат берілмейді.
417. Нарядтарды беруге құқығы бар адамдар газбен жабдықтау жүйесінің ұйымы немесе жеке газ қызметінің газбен жабдықтау жүйесіне пайдалануды жүзеге асырушы ұйым бойынша бұйрықпен айқындалады. Бұл адамдар осы Талаптардың нормаларына сәйкес емтихан тапсырған басшы қызметкерлердің және мамандардың ішінен тағайындалады.
418. Осыған ұқсас жағдайларда, әдетте тұрақты жұмыс істейтін құрам орындайтын мерзімді қайталанатын газ қауіпті жұмыстар, өндірістік нұсқаулықтармен және қауіпсіз жұмыс тәсілі бойынша нұсқаулықтармен әрбір жұмыс түріне бекітілген рұқсат нарядын ресімдемей жүргізілуі мүмкін. Оған 413-тармақта аталған жұмыстар жатады: тиек арматурасына және конденсаторларға техникалық қызмет көрсету, теміржол және автомобиль цистерналардан қайта төгу, резервуарларды, баллондарды сұйылтылған газбен қайта толтыру; технологиялық процестің ажырамас бөлігі болып табылатын өнеркәсіптік пештер мен агрегаттардағы жұмыстар. Аталған жұмыстар арнайы газ қауіпті жұмыстарды есепке алу журналында тіркеледі. Журнал тігіледі және мөрмен бекітіледі, парақтары нөмірленеді.
419. Қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің газ желілеріне, жоғары қысымды газ құбырларына газ жіберуді, жоғары және орта қысымды газ құбырларын қосу бойынша жұмыстарды, ГРП, ГТС, ГТП, СКГ АТҚС дәнекерлеуді және газбен кесуді қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын, орта және жоғары қысымды «газдың астында» дәнекерлеу мен газбен кесуді қолдана отырып, газ құбырларында жөндеу жұмыстарын, тұтынушыларды ажыратумен байланысты орта және жоғары қысымды газ құбырларындағы газ қысымын азайту мен қалпына келтіруді, ұйымдағы газды ажырату мен одан әрі жалпы қосуды, ГТС, АТҚС, ГТП сұйылтылған газы бар резервуарларды бастапқы толтыруды газбен жабдықтау ұйымының техникалық басшысы, ал аталған жұмыстарды орындау кезінде ұйымының газ қызметі күштерінде – осы ұйымының техникалық басшысы бекіткен арнайы жоспар бойынша жүргізеді.
420. Жұмыс жоспарында: жұмыстардың жүргізілу, адамдардың орналасу реттілігі, механизмдер мен саймандарға қажеттілігі; аталған жұмыстардың барынша қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін іс-шаралар; газ қауіпті жұмыстардың жүргізілуіне жауапты адамдар (жеке әрбір жұмыс учаскесінде), іс-әрекеттерге жалпы басшылық және оны үйлестіру көрсетіледі.
421. Әрбір жауапты адамға жұмыс жоспарына сәйкес газ қауіпті жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсат наряды беріледі.
422. Жұмыс жоспарына және рұқсат нарядына жүргізілетін жұмыстың орны мен сипаты көрсетілген орындау сызбасы немесе оның көшірме нұсқасы қоса беріледі. Газ қауіпті жұмыстарды бастар алдында, оны жүргізуге жауапты адам орындау сызбасы мен оның көшірме нұсқасының объектінің іс жүзіндегі орналасу орнына сәйкестігін тексереді.
423. Аварияларды оқшаулау және жою бойынша жұмыстар адамдардың өміріне тікелей қаупін жойғанға және материалдық құндылықтардың зақымдалуын анықтағанға дейін рұқсат нарядынсыз жүргізіледі. Қауіпті жойғаннан кейін газ құбырларын және газ жабдықтарын техникалық дұрыс жағдайға келтіру жұмыстары рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.
Ескертпе: Егер аварияларды басынан аяғына дейін авариялық қызмет жойса, онда рұқсат нарядын жасау талап етілмейді.
424. Газ қауіпті жұмыстарға рұқсат нарядтары алдын ала, қажетті жұмыстарды жүргізу үшін беріледі. Рұқсат нарядында қолданылу мерзімі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі. Жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаса, газ қауіпті жұмыстарға рұқсат нарядын берген адам оны ұзарта алады.
Рұқсат нарядтар осы Талаптарға 18-қосымшаға сәйкес арнайы журналда тіркеледі.
Жауапты адам рұқсат нарядын алғанда және жұмыс аяқталғаннан кейін оны қайтарғанда журналға қол қоюға міндетті.
425. Рұқсат нарядтар кемінде 1 жыл сақталады. Бастапқы газ жіберуге, жұмыс істеп тұрған газ өткізгішіне енгізуге, дәнекерлеуді қолдана отырып, көтергіш газ құбырларында жөндеу жұмыстарын жүргізуге берілетін рұқсат нарядтар аталған объектіге арналған орындаушылық-техникалық құжаттамада сақталады.
426. Егер рұқсат наряды бойынша орындалатын газ қауіпті жұмыстар
1 күннен артық жүргізілсе, оларды орындауға жауапты адам осы жұмысқа рұқсат нарядын берген адамға жұмыстың барысы туралы күн сайын баяндауға міндетті.
427. Іссапарға жіберілген персоналға газ қауіпті жұмыстарға рұқсат наряды барлық іссапар мерзіміне беріледі. Жұмыс өндірісін жұмысты жүргізетін ұйым тағайындайтын адам бақылайды.
428. Газ қауіпті жұмыстар басталар алдында, оны жүргізуге жауапты адам барлық жұмысшылармен қажетті қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жасауға міндетті. Одан кейін нұсқама алған әрбір жұмысшы рұқсат нарядқа қол қояды.
429. Газ қауіпті жұмыстарды жүргізу процесінде барлық тапсырмаларды жұмысқа жауапты адам береді. Жұмыс жүргізу кезінде қатысатын басқа да лауазымды адамдар мен жетекшілер тек осы жұмысты жүргізуге жауапты адам арқылы ғана жұмысшыларға нұсқама беруі мүмкін.
430. Газ қауіпті жұмыстар әдетте күндізгі уақытта орындалады. Аварияларды жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстар кез келген уақытта маманның немесе басшының тікелей басшылығымен орындалады.
Ескертпе: Солтүстік климаттық аймақтағы қалаларда газ қауіпті жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі.
431. Қабылдау комиссиясы қабылдамаған қайта жаңадан салынған газ құбырларын және газ тұтыну объектілерін жұмыс істеп тұрғандарға қосуға жол берілмейді.
432. Комиссия қабылдаған, бірақ 6 ай ішінде пайдалануға берілмеген объектілерде газды жіберер алдында газ құбырларының қымталуына қайта сынау жүргізілуі, электр химиялық қорғау қондырғыларының жұмысы, түтінді бұратын желдету жүйесінің жағдайына, газ жабдықтарының, арматураның, өлшеу және автоматтандыру құралдарының жинағы және дұрыстығы тексеріледі.
433. Қайта салынған газ құбырларын және объектілерді жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қосу тек осы газ құбырлары мен объектілеріне газ жіберу кезінде жүргізіледі.
434. Барлық газ құбырлары мен газ жабдығын жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қосар алдында, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды газ жіберетін бригада сыртынан қарап тексереді және бақылаулық сығымдауды (герметикалыққа сынақ) өткізеді.
435. Бақылаулық сығымдау ауамен немесе инертті газбен орындалады.
436. Барлық қысымдағы сыртқы газ құбырлары 0,02 Мпа (2000 мм cу. бағ.) қысыммен бақылаулық сығымдауға жатады. Қысымның түсуі 1 сағатта
10 даПа (10 мм су бағ.) аспайды.
Ескертпе: Егер сыртқы газ құбырының төмен қысымды учаскелері гидроқақпақтармен ажыратылса, онда ондай газ құбырларын бақылаулық сығымдау 400 даПа (400 мм су бағ.) қысыммен жүргізілуі мүмкін. Қысымның түсуі
10 минутта 5 даПа (5 мм су бағ.) аспайды.
437. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, халқына тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдарының қазандарын ішкі газ құбырларының, сондай-ақ ГТҚ (газ тарату қондырғысы) ГТС, ГТП, АТҚС газ құбырларының бақылау сығымдалуы 0,01 Мпа (1000 мм су бағ.) қысыммен жүргізіледі. Қысымның түсуі сағатына 20 даПа (60 мм су бағ.) аспайды.
438. Коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың ішкі газ құбырларын және газ жабдықтарын бақылаулық сығымдау 500 даПа (500 мм су бағ.) жүргізіледі. Қысымның түсуі
5 минутқа 20 даПа (20 мм су бағ.) аспайды.
439. СМГ резервуарлар, резервуарлық және топтық баллонды қондырғылар орап байланған газ құбырлары 1 сағат ішінде 0,3 Мпа (3 кгс/шаршы см) қысыммен сыналады. Бақылаулық сығымдау нәтижелері манометр бойынша қысымның айтарлықтай түсуі және сабын эмульсиясының көмегімен айқындалатын кемуі болмаған кезде оң болып есептеледі.
440. Бақылаулық сығымдау нәтижелері газ қауіпті жұмыстарды орындауға арналған рұқсат нарядында жазылады.
441. Қосылатын өткізгіштердегі ауа қысымы оларды қосу немесе газды жіберу бойынша жұмыстар басталғанға дейін сақталады.
442. Егер қаралған және бақылаулық сығымдауға ұшыраған газ құбырлары газбен толтырылмаса, онда газ жіберу жөніндегі жұмыстарды қалпына келтірген кезде олар қайта қаралып, сығымдалады.
443. Газдалған ортадағы жөндеу жұмыстары кезінде ұшқын шығару мүмкіндігін болдырмайтын түсті металдан жасалған құрал-саймандар қолданылады. Құрал-саймандардың қара металдан жасалған жұмыс бөлігі солидолмен немесе басқа маймен үнемі майланады.
Газдалған ортада ұшқын шашатын электр және метрикалық құрал-саймандарды қолдануға жол берілмейді.
444. Құдықта, резервуарларда, ГРП, ГТС, ГТП, АГҚС үй-жайларында газ қауіпті жұмыстарды орындайтын жұмысшылар мен мамандардың аяқ киімі болат тағалаусыз және шегесіз болады.
445. Газ қауіпті жұмыстарды орындау кезінде жарылыстан қорғалған тасымалданатын шамдар қолданылады.
446. Жабындары бар құдықтарда, үңгіжолдарда, коллекторларда, техникалық еден астарларында, ГРП және ГТС, АГҚС, ГТП аумағында жұмыс істеп тұрған газ құбырларында, ажыратпай және оны ауамен немесе инертті газбен желдетпей дәнекерлеуге және газбен кесуді жүргізуге жол берілмейді. Газ құбырларын ажыратқаннан соң тиек қондырғыларынан кейін тығын орнатылады.
447. Газ құдықтарында дәнекерлеуге және кесуге, сондай-ақ арматураны, компенсаторларды және оқшаулау фланецтерін ауыстыруға жабындарды толық алып тастағаннан кейін ғана болады.
448. Құдықтарда, шұңқыр ұраларда және коллекторларда дәнекерлеуді немесе газбен кесуді бастар алдында ауаның газдануын тексеру жүргізіледі. Ауадағы газдың көлемдік үлесі төменгі тұтану шегінен 20 %-дан аспайды. Сынамалар аса нашар желдетілетін орындарда іріктеледі.
СМГ газ құбырларында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізудің барлық уақыты ішінде ауаны желдеткішпен немесе компрессормен айдау жолымен құдықтар мен шұңқыр ұралар желдетіледі.
449. Жұмыс істеп тұрған газ құбырларында, оларға газ құбырларын қосу және жөндеу кезінде дәнекерлеу немесе газбен кесу газдың 40-150 даПа
(40-150 мм су бағ.) қысымымен жүргізіледі. Аталған қысымның болуы барлық жұмыстардың орындалу уақыты ішінде тексерілуге тиіс. Қысым 40 даПа (40 мм су бағ.) төмен түскенде және 150 даПа (150 мм су бағ.) асқанда кесуді немесе дәнекерлеуді тоқтатқан жөн.
Жұмыстардың қауіпсіздігін және орындалу сапасын қамтамасыз ететін арнайы саймандарды қолдану кезінде қысымды төмендетпей газ құбырын қосуға жол беріледі.
Жұмыстардың жүргізілу орындарында қысымды бақылау үшін манометр орнатылады немесе жұмыс жүргізу орнында 100 м астам қашықтықта орналасқан манометр пайдаланылады.
450. Жұмыс істеп тұрған ішкі газ құбырларында қосымша жабдықтарды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде дәнекерлеу мен кесуді ауамен немесе инертті газбен үрленетін ажыратылған учаскелерде жүргізген жөн.
451. Жұмыс істеп тұрған газ құбырларына жаңа газ құбырларын қосу бойынша жұмыстарды орындау кезінде газ қысымының төмендеуі ажырату құралдарының немесе қысымды реттегіштердің көмегімен жүргізіледі.
Газ құбырының осы учаскесіндегі газ қысымының артуына жол бермеу үшін қолда бар конденсатор жинақтарын, гидроқақпақты пайдаланған, ал қажет болған жағдайда (қосу бойынша жұмыстардың басында) мүмкіндігінше жағу, газды шығаруға арналған ажыратқыш құралдармен шығару құбырын орнатқан жөн.
452. Газ құбырын жұмыс істеп тұрған газ құбырына қосу амалын газ тарату жүйесін пайдалану мен газ тұтынушы ұйым немесе осы функцияны орындайтын ұйым айқындайды.
453. «Газ астындағы» газ құбырын кесуді газ тарату жүйесін пайдаланушы және газ тұтынушы ұйым әзірлейтін арнайы нұсқаулық бойынша жүргізген жөн.
454. Газ құбырларының, арматураның және құралдардың герметикалануын отпен тексеруге жол берілмейді.
455. Газ қауіпті жұмыстарды жүргізу орындарында бөгде адамның болуына, сондай-ақ шылым шегуге және ашық от көздерін пайдалануға жол берілмейді.
Шұңқыр ұралар мен құдықтарда жұмыстар жүргізу кезінде олар қоршалады. Жұмыс орнына жақын жерлерде ескерту белгілері ілінеді немесе қойылады.
456. Жұмыс істеп тұрған газ құбырларында газбен кесу немесе дәнекерлеу жұмыстары кезінде, сондай-ақ шойын газ құбырларының қоныштарына қорғасын құю кезінде газ шыққан орында үлкен жалынның түзілуіне жол бермеу үшін асбест қақпағымен шамотты саз балшық жағу қажет.
457. Тұтынушыларға тармақтарда, сондай-ақ жекелеген ғимараттарға кірер жерлерде орнатылған тығындарды жою осы Талаптардың
435-440-тармақтарына сәйкес газ құбырларын қарағаннан және нығыздау жүргізілгеннен кейін газ беру бойынша жұмыстарға жетекшілік ететін адамның нұсқауы бойынша жүргізіледі.
458. Егер оның дұрыстығы, газ жабдығының жарамдылығы қарау жолымен тексерілмесе және бақылап нығыздау жүргізілмесе, газ құбырына газды жіберуге жол берілмейді.
459. Жаңадан салынған тұрғын үйлердегі газ құбырларына және газ жабдығына газ жіберу, үйдегі пәтерлердің жалпы санының кемінде 80 %-ына тұрғындар орналасқанда, әдетте үй тұрғындары көшіп келгенге дейін жүргізіледі.
Газ жіберу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және техникалық шараларды қабылдау тәртібі газ тарату жүйелерін пайдалану мен газ тұтынушы ұйымдардың нұсқаулығымен белгіленеді.
Жіберу жұмыстары аяқталғаннан кейін газ құралдары мен аппараттары тұрғын үй-пайдалану ұйымының өкіліне немесе жеке меншік құқығындағы пәтер иелеріне сақтау үшін тапсырылады.
460. Газ жіберген кезде газ құбырлары барлық ауаны шығарға дейін газбен үрленеді. Үрлеудің аяқталуы іріктелген сынамаларды талдау және тұтату жолымен айқындалады.
Газ сынамасындағы оттегінің көлемдік үлесі 1 %-дан аспайды, ал газдың жануы дыбыссыз баяу болады.
Газ құбырлары газдан босаған кезде ауамен немесе инертті газбен газ толық ығыстырылғанға дейін үрленеді. Үрлеудің аяқталуы талдаумен айқындалады. Үрленген ауадағы газдың көлемді қалған үлесі газдың төменгі тұтану шегінің 20 %-ынан аспайды.
Газ құбырларын үрлеу кезінде газ-ауа қосындысын үй-жайға, сатылы торларға, сондай-ақ мұржаларға, желдету арналарына және т.б. жіберуге рұқсат етілмейді. Газ құбырларын үрлеу жүргізілетін үй-жайларды желдету қажет.
Газ құбырларын үрлеу кезінде газ-ауа қосындысы, оның ғимаратқа құлауы, қандай да бір от көзінен тұтату ықтималдығы жойылған орындарда шығарылады.
461. Ғимараттарды бұзу немесе объектінің газ жабдықтарын демонтаждау кезінде газ құбырлары бұрылған жерлерінде кесіледі және тастай бекітіледі.
462. Газдалған құдықтарда, коллекторлар мен үй-жайларда, сондай-ақ үй-жайдан тыс газдалған атмосферада жөндеу жұмыстары ашық отты (дәнекерлеу, газбен кесу) қолданбай жүргізіледі.
463. Ішкі қарау және жөндеу кезінде, қазандықтар мен басқа да газдалған агрегаттар тығынның көмегімен газ құбырынан ажыратылады.
Қазандық және агрегат оттығындағы жұмыстарды, тек оны желдеткеннен және газдалуын тексергеннен кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі.
464. Тұтқасы жоқ құдықтарға, шұңқыр ұраларға, сондай-ақ резервуарларға жұмысшыларды түсіру үшін құдықтың, шұңқыр ұраның шетіне, резервуардың люгіне бекітілетін сайманы бар металл сатылар қолданылады.
465. Ажыратылмаған газ құбырлары бар құдықтар мен шұңқыр ұраларда бір уақытта екеуден аспайтын адамның болуына рұқсат етіледі, бұл ретте жұмыстарды олар құтқару белдіктерімен, газ шығатын жағдайларда газқағарлармен орындайды.
Жер бетінде жел жағынан, сондай-ақ резервуар люгінің жанында екі адам болады, олар жоғарыда аталған құрылыстардың ішіндегі жұмысшылардың құтқару белдіктеріндегі арқанның ұшын ұстап тұруға, оларға және шлангі газқағардың ауа жинаушы трубкаларына үнемі бақылау жүргізуге, жұмыс орнында бөгде адамдардың болуына жол бермеуге міндетті.
466. Сыртқы және ішкі газ құбырларында орнатылған жабдықтарды (арматура, фильтрлер, есептеуіштер және т.б.) ашу және ауыстыру газ құбырдың ажыратылған учаскесінде жүргізіледі. Ажыратылған қондырғыларда тығын орнатылады.
467. Газ құбырларында орнатылатын тығындар газ құбырындағы газдың ең жоғары қысымына сәйкес келеді. Оларда фланцтердің шегінен тыс тұратын ұштары болады. Тығындардың ұштарында газ қысымы және газ құбырының диаметрі көрсетілген таңба ойылып жазылады.
468. Тиек арматурасының сальниктерін толтыру, орта және жоғары қысымды сыртқы газ құбырларында конденсаторлар жинаушылардың бұранда қосылыстарын бөлшектеу газ қысымы 0,1 Мпа (1кгс/шаршы см) артық болмаған жағдайда жол беріледі.
469. Кез келген қысымдағы ішкі газ құбырындағы фланецті, бұранда қосылыстарын және арматура жабындарын ауыстыру газ құбырының ажыратылған және тұйықталған учаскесінде жүргізіледі.
470. Кез келген қысымдағы ішкі газ құбырындағы фланецті, бұранда қосылыстарын және арматураны бөлшектеу газ құбырының ажыратылған және тұйықталған учаскесінде жүргізіледі.
471. Қажетті сақтандыру шараларын сақтаған кезде диаметрі 50 м дейінгі газ құбырларындағы үй ішіндегі газ жабдығының кранын майлау газ қысымы
300 даПа (300 мм су бағаны) аспаған жағдайда жол беріледі.
472. Газ құбырларында және жабдықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газдалған үй-жайдың сыртында, жақын жерлерде от көздерінің болмауын қадағалауға міндетті адам болады. Газдалған үй-жайдың сыртқы есіктері үнемі ашық тұрады.
473. Жер асты газ құбырларында газ құбырларын ажыратумен (жапқыштарды ауыстыру, тығындарды, жабындарды алу және орнату және т.б.) байланысты жөндеу жұмыстарын бастар алдында бар электр қорғанысын ажырату және ұшқынның түзілуін болдырмау мақсатында ажыратқыш газ құбырларында тосқауыл (егер стационарлы орнатылған тосқауыл болмаса) орнату қажет.
474. Газ құбырларында тазалауға, (метал сүмбімен), еріткіштерді құюға немесе бу беру жолымен мұз, шайыр, нафталинді және басқа да тығындарды орнатуға газ құбырындағы газ қысымы 500 даПа (500 мм су. бағ.) аспаған жағдайда рұқсат етіледі. Газ құбырын жылыту үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді.
475. Газ құбырларында тығындарды орнатқан кезде, газ құбырынан газдың шығуын барынша азайтатын шаралар қолданылады. Жұмыстар шлангті және оттегі оқшаулағыш газқағарларымен жүргізіледі. Бөлмеге газдың кіруіне жол берілмейді.
476. Газ құбырларын тазалау кезінде тұтынушыларға газ құралдарын жұмыстар аяқталғанға дейін ажырату қажеттілігі туралы алдын ала ескертіледі.
477. Газ құбырындағы тығындарды жою үшін бөлшектелген бұранда және фланецті қосылыстар жинақталғаннан кейін герметикалылығы сабын эмульсиясымен немесе газталдағышпен тексеріледі.
478. Жұмысшыларды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге және осы құралдардың дұрыстығына жауапты адам газ қауіпті жұмыстарға жетекшілік ететін маман, 414-тармаққа сәйкес жетекшіліксіз жүргізуі мүмкін жұмыстарды орындау кезінде – тапсырманы берген адам болып табылады.
Газ қауіпті жұмыстарға рұқсат нарядын берген кезде жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі және оның дұрыстығы анықталады. Жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде жұмыс жетекшісі жұмысшылардың қауіпсіз аймаққа жылдам өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
479. Рұқсат наряды бойынша жұмыс істейтін әрбір жұмысшының шлангті немесе оттегі оқшаулағыш газқағары болады.
Сүзгі газқағарларды қолдануға жол берілмейді. Ішкі газ құбырларында жұмысшылардың жұмыстарды орындау кезінде газқағардың болу қажеттілігі осы жұмыстарға арналған рұқсат нарядпен айқындалады.
480. Оттегі оқшаулағыш газқағарларды пайдалануға рұқсатты әрбір жағдайда жұмыс жетекшісі медициналық куәландырудан және осындай газқағарларды пайдалану қағидасы туралы арнайы нұсқамадан өткен адамдарға береді.
481. Оттегі оқшаулағыш газқағармен жұмыс жүргізу кезінде газқағар баллонындағы қалған оттегі қысымы жұмысшының өндіріс орнына және газдалмаған аймаққа қайтуын қамтамасыз етуі қажет.
482. Газқағармен үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы – 30 минут. Оттегі оқшаулағыш газқағармен жұмыс уақытын газқағар паспортында жазған жөн.
483. Шлангті газқағардың ауа жинаушы потрубкасы жұмыс жүргізу кезінде газ бөлінетін орыннан жел жағына орналастырылады және бекітіледі. Желдеткішпен ауаны мәжбүрлеп беру кезінде шлангтың рұқсат етілген ұзындығы – 15 м, шланг күрт бүгілмеуге және бір нәрсемен қысылып қалмауға тиіс.
484. Құтқару белдіктерінде арқанды бекітуге арналған, олардың қосылатын жағында шығыры бар иыққа салатын белбеуі болады. Белдік шығыры жауырынынан төмен орналаспайтындай етіп жасалуы керек. Иыққа салатын белбеусіз белдіктерді қолдануға жол берілмейді.
485. Әрбір қауіпті жұмысты жүргізер алдында газқағарлардың герметикалылығы тексеріледі. Киіліп тұрған газқағарда гофрланған түтіктің ұшы қолмен қысылады. Егер осындай жағдайда тыныс алу мүмкін болмаса, газқағар ақаулы, ал егер тыныс алуға болса, онда газқағар қолдануға жарамды.
486. Карабиндерге арналған шығыры бар құтқару белдіктері былайша сыналады: екі қаптырмасы тағылған белдік шығырына салмағы 200 кг жүк ілінеді, ол сондай ілінген жағдайда 5 минут тұрады. Жүкті алғаннан кейін белдікте зақымдану белгілері болмауы керек.
487. Белдік карабиндері салмағы 200 кг жүкпен сыналады. Ашық затворлы карабин жүкпен 5 минут тұрады. Жүкті алғаннан кейін босатылған тетігі дұрыс және еркін өз орнына келтіріледі.
488. Құтқару арқан 15 минут ішінде салмағы 200 кг жүкпен сыналады. Жүкті алғаннан кейін арқанда жалпы және жекелеген жіптерінде зақымдануларға жол берілмейді.
489. Құтқару белдіктерін, белдік карабиндерін және құтқару арқандарын сынау 6 айда кемінде 1 рет маманның немесе жетекшінің басшылығымен жүргізіледі. Сынау нәтижелері актімен немесе арнайы журналдағы жазбамен ресімделеді.
Белдіктерді, карабиндерді және арқандарды берер алдында оларды сыртынан қарап тексеру жүргізіледі. Әрбір белдік пен арқанның түгендеу нөмірі болады.
Динамикалы түрде жыртылған белдік пайдаланудан алынып тасталады.
6. Аварияларды оқшаулау және жою
490. Газ тарату жүйелері мен газ тұтынушы объектілердегі инциденттер мен аварияларды оқшаулау мен жою үшін газбен жабдықтау ұйымдары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәуліктік режимде жұмыс істейтін мамандандырылған бөлімшелер (авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қызметтері, авариялық-диспетчерлік қызметтер, авариялық бекеттер) құрылады. Авариялық-диспетчерлік қызмет (бұдан әрі – АДҚ) пен олардың филиалдарының штатын, материалдық-техникалық жарақталуын, сондай-ақ техникалық және жедел-пайдалану құжаттамасымен жасақталуын техникалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес газбен жабдықтау жүйесінің ұйымдары айқындайды.
491. Құрамында өздеріне қызмет көрсететін газ тарату жүйелерін пайдаланушы және газ тұтынушы ұйымдары жоқ пайдалану учаскелерінде газ құбырлары, АДҚ және оның филиалдары ұйымдастырылмауы мүмкін. Ондай учаскелер оларға қажетті көмек көрсету үшін газбен жабдықтау ұйымының аса жақын орналасқан АДҚ филиалына бекітіледі (газбен жабдықтау ұйымының бұйрығымен).
492. Авариялық бригадалары бар әрбір ұйымында персоналдың
іс-қимылы бағаланатын оқу-жаттығу сабақтары өтеді:
әр тақырып бойынша, әр бригада үшін аварияларды оқшаулау және жою жоспары бойынша – 6 айда кемінде 1 рет;
әртүрлі мақсаттағы қызметтердің өзара іс-қимыл жоспарлары
бойынша – жылына кемінде 1 рет.
Оқу-жаттығу сабақтары іс жүзіндегі жағдайларға барынша жақын жағдайларда арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.
Жүргізілген оқу-жаттығу сабақтары журналда тіркеледі.
493. АДҚ барлық өтінімдері арнайы журналдарда тіркеледі. Журналда: хабарламаның (өтінімнің) келіп түскен уақыты, авариялық бригадамен оқиға орнына шығу және келу уақыты, зақымдалу сипаты белгіленеді және орындалған жұмыстар аталып өтіледі.
Газбен жабдықтау ұйымдарындағы авариялық қызметтерге телефон өтінімдері автоматты түрде жазылады. Жазбаларды сақтау мерзімі 10 тәуліктен кем болмайды. Авариялық өтінімдердің және жұмыс көлемінің уақытында орындалуын газбен жабдықтау ұйымдарының басшысы жүйелі түрде бақылайды. Барлық өтінімдерді талдау негізінде газ тарату жүйесі мен газ тұтынушы объектілерге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірленеді.
494. Газдың бар болуы туралы хабарлама (өтінім) алған кезде диспетчер өтініш берушіге қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы нұсқама береді.
495. Авариялық өтінімдерді орындау бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы негізінде АДҚ бригадасының (АДҚ және оның филиалдары ұйымдастырылмайтын пайдалану учаскесінің персоналы) АДҚ туралы қағидада белгіленген аса қысқа мерзімде, бірақ 40 минуттан кешікпей авариялық объектіге жетуі туралы талаптар көрсетіледі. Жарылыс, өрт, үй-жайдың газдануы туралы барлық хабарлама бойынша авариялық бригада авария орнына 5 минут ішінде шығады.
496. Авариялық бригада инциденттер мен аварияларды және олардың салдарын уақытында оқшаулау үшін арнайы авариялық машинамен, жабдықталған радиостанциямен, дабылмен, көк түсті жылтылдайтын маякпен және жасақталған құрал-саймандармен, бақылау материалдарымен, құралдарымен, жабдықтарымен және аспаптармен шығады.
Жер бетіндегі және жер астындағы аварияларды оқшаулауға шыққан кезде авариялық бригаданың планшеттері (бағыттық карталары) және қажетті орындаушылық-техникалық құжаттамасы (газ құбырының жоспарлары, дәнекерлеу схемасы) болады.
497. Авариялық машиналарды өз мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.
498. Жертөлелерде, тоннельдерде, коллекторларда, кіре берістерде көлемді газ үлесі, ғимараттың 1 қабаттағы үй-жайларында 1 % немесе СМГ үшін 0,4 % табиғи газ анықталған жағдайда, газдалған объектінің, ғимараттың, бөлменің, газ тарату жүйесі объектілерінің қорғау аймақтарында өрт болған кезде, газ құбырларын газбен қамтамасыз ету жүйелерінен бірден ажырату және қауіпсіз аймақтан адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданады.
499. Зақымдалған газ құбырына (газдың шығуын уақытша жою үшін) авариялық объектіні пайдаланушы қызметке бере отырып, бандаж немесе қамыт төсеуге рұқсат етіледі.
Жер астындағы газ құбырларына бандаждар және қамыттар төсеуге жол берілмейді.
500. АДҚ кейіннен авариялық объектіні бере отырып, аварияларды және инциденттерді оқшаулауға және жоюға пайдаланушы қызметті тартуға құқығы бар.
7. Газды бақылау объектілері
1) газ құбырлары және олардағы жабдық;
2) газ отынымен жұмыс істейтін пеш, оттық;
3) металды кесу бекеті (жылжымалыдан басқа);
4) ГРС, газ реттеуші қондырғылар, ГРП;
5) сұйытылған газдың топтық резервуарлық және баллонды қондырғылары;
6) үй ішіндегі газ құбырлары (газ тұтыну жүйелері), тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың газ жабдығы;
7) төгу-құю эстакадасы;
8) газды сақтауға арналған резервуар;
9) сорғы-компрессорлық бөлім;
10) баллондарды толтыру бөлімі;
11) ауыр қалдықтарды төгу бөлімі;
12) автоотын құю колонкасы;
13) сұйытылған газды ауамен араластыру жөніндегі бөлім;
14) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, буфеттер) мейрамханалық газ жабдығы (плиталар, су жылытқыштар, тамақ пісіру қазандары);
15) автоматиканы қоса алғанда, қазандықтардың газ жабдығы;
16) куәландыру бөлімшесі, пункті.
______________________________'>______________________________
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға
1-қосымша
Газ пайдаланушы қондырғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Осы талаптар коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың, тұрғын үй қорын пайдаланушы ұйымдардың (кондоминиумды басқару органдары) лауазымды адамдарына, қоғамдық ғимараттарда газ жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдарға, сондай-ақ тұрмыстық тұтынушыларға қолданылады.
2. Газ жабдығының сақталуын және жарамдылығын, теңгерімінде олар тұрған ұйымдар, меншік құқығындағы үйлер мен пәтерлерде – олардың иелері қамтамасыз етеді.
3. Үйлерде, пәтерлерде тұрмыстық газ пайдаланушы қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды және оларды тиісті жағдайда ұстауды тұрғын үй және тұрғын үй емес орынжайлардың меншік иелері немесе жазбаша жалға алу шарты негізінде тұрғын үйде тұратын адамдар қамтамасыз етеді.
Көп қабатты тұрғын үйлердегі мұржа және желдету арналарының сақталуы мен жарамды күйде болуын тұрғын үй-пайдаланушы ұйымдар, кондоминиумды басқару органдары, меншік құқығындағы үйлер мен пәтерлерде – олардың иелері қамтамасыз етеді.
4. Газ пайдаланушы қондырғылары бар коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарда газ пайдаланушы қондырғылардың және су қыздыру қазандығы операторларының (немесе қызмет көрсетуші персонал) қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдар бұйрықпен тағайындалады.
5. Жеке меншік құқығындағы үйлер мен пәтерлер иелерінен басқа жауапты адамдар және су қыздыру қазандығы операторлары (немесе қызмет көрсетуші персонал) осы Талаптарға сәйкес емтихан тапсырады.
6. Газ пайдаланушы қондырғылары бар адамдар:
1) газ пайдаланушы қондырғыларды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқамадан өтеді.
2) газ пайдаланушы қондырғының сақталуын және таза ұсталуын қамтамасыз етеді.
3) газ пайдаланушы қондырғылардың, мұржа мен желдеткіштің қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалайды, газ пайдаланушы қондырғыны қосқанға дейін және жұмыс істеп тұрған кезінде газдың жанатын өнімдерін мұржаға бұра отырып, оның тартылуын тексереді. Газдалған пешті пайдаланар алдында шибердің толық ашықтығын тексереді. Мұржаның «қалтасын» қоқыстардан, сынған кірпіштен уақтылы тазалап тұрады.
4) газ пайдаланғаннан кейін газ пайдаланушы қондырғылардағы және олардың алдындағы крандарды жабады, ал ас үйлердің ішіне баллондарды орналастырған кезде қосымша баллондардың вентильдерін (редукторын) жабады.
5) газ пайдаланушы қондырғылар жарамсыз болған кезде газбен жабдықтау ұйымының жұмысшыларын шақыртады.
6) газдың берілуі кенеттен тоқтап қалғанда газ пайдаланушы қондырғылардың қыздырғыш крандарын дереу жабады және газбен жабдықтау ұйымының авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарлайды.
7) орынжайда газдың иісі пайда болған кезде газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалануды дереу тоқтатады, қондырғыларға жалғанған және қондырғылардағы крандарды жабады, орынжайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашып, авариялық-диспетчерлік қызметті шақырады.
От жағуға, темекі шегуге, электр жарығы мен электр құралдарын қосуға және сөндіруге, электр қоңырауларын пайдалануға болмайды;
8) жертөледе, кіреберісте, аулада, көшеде газ иісі байқалғанда:
112 телефоны бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке хабарлау;
газдалған ортадан адамдарды шығару, электр жарығын қосу және сөндіру, ашық от пен ұшқынды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау;
авариялық-диспетчелік бригада келгенге дейін орынжайдың желдетілуін ұйымдастыру қажет;
9) тәуліктің кез келген уақытында газ құбырлары мен газ жабдығын қарау және жөндеу үшін газбен жабдықтау ұйымдары жұмыскерлерін қызметтік куәліктерін көрсетуі бойынша пәтерге кіргізеді;
10) жоғарыда аталғаннан басқа, жеке тұрғын үйлердің және тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының (кондоминиумды басқару органдары) иелері газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін уақытында шарт жасасады. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарында белгіленген мерзімде мұржалар мен желдету арналарын тексеруді қамтамасыз етеді. Қысқы уақытта газ құбырлары бастарының қатып қалуына және бітелуіне жол бермеу мақсатында олар кезең-кезеңімен тексеріледі.
7. Мыналарға:
1) үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ пайдаланушы қондырғылардың орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге;
2) газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз газ пайдаланушы қондырғылар орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға, қайта салуға, мақсатты қолданылуын өзгертуге;
3) газ пайдаланушы қондырғылардың конструкциясына өзгеріс енгізуге. Мұржа және желдету жүйелерінің құрылғыларын ауыстыруға. Желдету арналарын бітеп тастауға, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеуге;
4) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын ажыратуға. Газ пайдаланушы қондырғылар, автоматика, арматура және газ баллондар жарамсыз болған кезде газды пайдалануға;
5) газдалған пештер мен мұржалардың қалау тығыздығы, сылағы (жарықтар) бұзылған кезде газды пайдалануға;
6) мұржа мен желдету арналарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өтіп кеткеннен кейін газды пайдалануға;
7) газбен жабдықтау ұйымында қауіпсіз жұмыс жөнінде нұсқамадан өтпей, мұржа мен желдету арналарын тазалауды, тексеруді жүргізуге, сондай-ақ газ баллонды қондырғылардың баллондарын ауыстыруға;
8) желкөздер (фрамугалар), жалюзи торшалары, желдету арналарының торшалары, жуыну бөлмелері мен ас бөлмелер есіктері астындағы қуыстар жабық болғанда, мұржа мен желдету арналарында тартқыштар болмағанда, газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалануға;
9) үздіксіз жұмыс істеуге арналған және оған арналған тиісті автоматикасы бар газ пайдаланушы қондырғылардан басқа, жұмыс істеп тұрған газ пайдаланушы қондырғыларды қараусыз қалдыруға;
10) 10 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ өз қимылдарын бақылай алмайтын және газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалану қағидаларын білмейтін адамдардың ондай қондырғыларды пайдалануына жол беруге;
11) газ құбырларына арқан байлауға, газ құбырларын жүктеуге, «қораптарды», аспалы төбелерді жабуға;
12) газ бен газ пайдаланушы қондырғыларды мақсатсыз пайдалануға. Орынжайды жылыту үшін газ плиталарын қолдануға;
13) ұйықтау және демалу үшін газ пайдаланушы қондырғылар орнатылған орынжайларды пайдалануға;
14) газдың шығуы анықталған жағдайда ашық отты қолдануға;
15) орынжайлар мен жертөлелерде бос және сұйытылған газбен толтырылған баллондарды сақтауға;
16) газдалған орынжайда сыйымдылығы 50 (55) л бір баллонды немесе әрбіреуінің сыйымдылығы 27 л екі баллонды орналастыруға. Баллондар газ пайдаланушы қондырғылар тұрған орынжайда тұруға тиіс;
17) газы бар баллондарды орынжайда жылыту радиаторынан кемінде 1 м қашықтықта орнатуға. Баллондарды қызып кетуден қорғайтын экран қондырғысы болған кезде баллондар мен қыздырғыш пештер арасындағы арақашықтық 0,5 м дейін, ал баллондар мен экран арасындағы арақашықтық кем дегенде 10 см азаюы мүмкін.
Жағатын пештерден баллондарды кемінде 2 м қашықтықта орналастыруға;
18) орынжайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық отты, электр жылытқыш құралдарын және жылыту пештерін пайдалануға;
Баллонды аталған жұмысты орындаумен байланысы жоқ адамдардың қатысуымен ауыстыруға;
19) газ құбырына жақын жерде (кем дегенде 20 см) электр кәбілдерін, көмескі жарықты және басқа да электр жабдықтарын орнатуға жол берілмейді.
_____________________________
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |