«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Жалпытехникалық және ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер мен стандарттардың кешендері



жүктеу 1,35 Mb.
бет2/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Жалпытехникалық және ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер мен стандарттардың кешендері
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Жалпытехникалық жүйелер: КҚБЖ, ТҚБЖ, ӨТДБЖ.


1 Конструкторлық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) – конструкторлық құжаттамаларды құрастыру, ресімдеу және қолданысқа енгізу бойынша бірыңғай, өзарабайланысқан ережелер орнататын мемлекеттік стандарттардың кешені, олар ТМЛ мемлекеттерінің өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалы-конструкторлы ұйымдар мен кәсіпорындарымен жасалады және қолданылады.

КҚБЖ стандарттарында сызбалар мен сызба жүйесінің бұрын қолданысқа болған стандарттардың ережелері, конструкторлық құжаттамалардың салалық жүйелерді қолданудың оң тәжірибесін, графикалық құжаттардың (сызбалардың және сұлбалардың) ресімделу ережелерінің халықаралық ұйымдардың (ИСО, ХЭК) ұсыныстарымен келісілуі қамтамасыз етілуі керек.

КҚБЖ ақпараттық тілдің бірлігін құруда, конструкторлық құжаттаманы ресімделуін оңайлатуында, оның сапасын жақсартуда, конструкторлардың еңбектерінің өнімділігін жағарлатуда үлкен оң рөл ойнайды және автоматтандырылған жүйелердің ақпаратпен қамтамасыз етудің негізі болып табылады. КҚБЖ стандарттардың талаптары ұлттық және халықаралық тәжірибеде графиктік, мәтіндік, сұлбалық, басқа конструкторлық құжаттарды орындаудың негізгі талаптарына сай болуы керек және оларда символдар, шартты графиктік және әріптік-сандық белгіленулер қолданылуы қажет.

КҚБЖ әмбебап жүйе болғандықтан шетел мемлекеттерімен техникалық құжаттамаларды кеңінен алмастыруға, халықаралық нарыққа тауарларды, лицензияларды сатып шығуға, соңғы өнімді дайындау бойынша кәсіпорындарды шетел фирмаларымен бірлесіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



Технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) – технологиялық құжаттама ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетуін, қоғамдық өндірістің тиімділігінің өсуін және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылауын қамтамасыз ететін маңызды факторлар. Ол екі негізгі мәселені шешеді: ақпараттық және ұйымдастырушылық. Технологиялық құжаттаманың негізінде өндірістің технико-экономикалық және жоспарлы-нормативтік есептерді, жоспарлау мен реттеуді жүргізуге қолданылатын, оның дұрыс ұйымдастыруын, дайындауын, басқаруы мен қызмет етуіне қажетті көптеген ақпараттар жасалады.

Технологиялық құжаттама негізгі мен қосалқы өндіріс арасында қатынастарды ұйымдастырады. Әсіресе автоматтандырылған басқару жүйелері үшін технологиялық құжаттаманың рөлі зор. ТҚБЖ қамтитын мемлекеттік стандарттар жинағының негізгі белгіленуі – барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда бірыңғай өзарабайланысқан ережелер, нормалар мен технологиялық құжаттаманы орындау, ресімдеу, жинақтау, унификаттау мен стандарттау ережелерін орнату.

Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі келесіні қамтамасыз етеді: машинажасау және аспапжасау детальдарының технологиялық жіктеуішіне негізделген типтік технологиялық процестерді кеңінен енгізу; дайындалатын технологиялық құжаттаманың көлемін қысқарту; технологтардың еңбектерінің өнімділігін жоғарлату, жалпы белгіленуі бар құжаттамалар формаларының (технологиялық процестің карталары, специализациялар) мазмұны мен номенклатурасын ретке келтіру; ыстық, суық, механикалық және термохимиялық өңдеу әдістерімен детальдарды өндіру үшін технологиялық процестерді (құжаттамалардың формаларын) ресімдеу ережелерін орнату; негізгі өндірістің нормативтерінің жүйелерін жасап шығару; өндірістік техникалық құжаттаманың, оларға өзгерістерді енгізу мен ресімдеуді дайындау.

ӨТДБЖ дегеніміз өндірістің технологиялық дайындаудың басқару процестері мен ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік стандарттардың орнатылған жүйесі болып табылады.

ӨТДБЖ негізгі мақсаты әртүрлі өндіріс типтерінің (сериялы, салмақтық) толық дайындығына қажетті шаралар құру және еңбекті, қаржыны көп жұмсамай аз уақытта сапасы жағынан жоғары категориялы өнімдерді шығару.

Жабдықтарды агрегаттау арқылы типтік және стандартталған технологиялық процестердің жабдықталуын жеделдетуге, өндірістің технологиялық дайындығына жұмсалатын қаржыларды азайтуға, өнімнің сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

ӨТДБЖ типтік технологиялық процестердің қолдану деңгейін 14-60 %, агрегатты жабдықтардың қолдану деңгейін – 1-10 %, өндірістік процестердің және инженерлі-техникалық жұмыстардың автоматтандыру құралдарының қолдану деңгейін – 5-15 % дейін көбейтеді.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Қандай ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер мен стандарттар жинақтары сізге белгілі?

2 Қандай жалпытехникалық жүйелер мен стандарттар жинақтарын білесіз?

3 КҚБЖ сипаттаңыз, бұл жүйенің стандарттарын енгізу мемлекеттің экономикасы үшін не береді?

4 КҚБЖ жіктеуіші дегеніміз не?

5 ТҚБЖ туралы не білесіз?

6 ӨТДБЖ негізгі мақсаты неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Единая система конструкторской документации: Справ. пособие -М.: Изд-во стандартов,1986 г.

2 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
№ 7 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Техникалық регламенттерді жасау технологиясы

Дәріс сабағының мазмұны:

1 Техникалық регламенттерді қолданудың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері

2 Техникалық регламенттердің түрлері

3 Техникалық регламенттердің мазмұны, жасау тәртібі мен қолданылуы
1 Техникалық регламент стандарт пен ережелерге сілтемелер жасап, немесе осы құжаттардың мазмұнын қосу арқылы жасалған міндетті талаптарды орнататын құжат.

Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.



Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

2 Техникалық регламенттерге нормативтік-құқықтық және нормативтік актілер және құжаттар жатады, оның ішінде ҚР президенті және Үкіметі қабылдаған Заңдар, Үкімдер, бұйрықтар өнімдерге, процестерге техникалық нормалар кіреді.

- фармокопейлік мақалалар (оның ішінде мемлекеттік, уақытша), нормативтік құжаттар мен ТМД мемлекеттерінде және шетелде жасалған дәрілерге ҚР денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік басқару органымен бекітілген және танылған спецификациялар;

- малдәрігерлік, санитарлық, фитосанитарлық, гигиеналық және санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормалар;

- құрылыстағы нормалар мен ережелер, оның ішінде мемлекеттік және мемлекетаралық;

- экология, энергетика, тасымалдау және автомобиль жолдары салаларындағы нормалар мен ережелер;

- өнеркәсіптік, радиациялық және атомдық қауіпсіздік бойынша нормалар мен ережелер;

- еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормалар;

- ҚР заңнамасымен орнатылған тәртіпте бекітілген мемлекеттік басқару органдарының ведомстволық нормативтік актілер мен құжаттар;

- ҚР аймағында қолдануға рұқсаты бар шетелдердің мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттары;

- мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты;

- стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу салаларындағы нормалар, ережелер мен рәсімдер;

- заңнамамен орнатылған тәртіпте бекітілген белгілі салада міндетті талаптарды орнататын басқа құжаттар.

Техникалық регламенттердің нысандары өнім және онымен байланыстағы процестер және өндіріс әдістері (жобалау, тұтыну, сақтау, тасымалдау, жою), жұмыстар мен қызметтер.

Техникалық регламенттер категориясы мен статусына байланысты ҚР Үкіметімен және өз құзыреті шегінде өнімнің, процестер мен қызметтердің қауіпсіздігін нормалау мен қадағалауға уәкілетті мемлекеттік басқару органдарымен бекітіледі.

3 Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.



Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.



Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.



Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар Техникалық реттеу Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.



Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Техникалық регламенттерді қолданудың негізгі мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз?

2 Техникалық регламенттердің қандай түрлерін білесіз?

3 Техникалық регламенттердің мазмұны қандай?

4 Техникалық регламенттердің жасау тәртібінің кезеңдерін және олардың қолданылуын атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

2 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
№ 8 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы Мемлекеттік стандарттар
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Мемлекеттік стандарттар, олардың сипаттамалары

2 Мемлекеттік стандарттарды жасау, қайта-қарау, жою тәртібі

1 Мемлекеттік стандарттар міндетті болып есептеледі, егер олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдары мен техникалық регламенттерінде берілсе.

Мемлекеттік стандарттар:

- мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

- процестерге арналған стандарттар;

- өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.

Мемлекеттік стандарттарда:

- техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;

- өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;

- өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

- терминдер мен анықтамалар;

- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

- қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;

- сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;

- ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;



- менеджмент жүйесін енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

- белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.

2 Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.

Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезінде негіз ретінде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізіндегі стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітіледі.

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерінде белгіленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және эконо-микалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескеріледі.

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың бекітілген бағдарламалары мен жоспарлары уәкілетті органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйесінде жарияланады.

Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Мемлекеттік стандарттарды қажеттілігі салааралық сипаттағы өнім, жұмыс және көрсетілетін қызметтерге әзірлейді. Стандарттың бұл категориясын Қазақстан Мемстандарты, ал егер олар құрылыс, сәулет, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларына жатса - Қазақстан Мемқұрылысы қабылдайды.

Мемлекеттік стандарттарда стандарттау нысаны талаптарын орындауға арналған міндетті және ұсынылатын талаптар болады.

Міндетті талаптарға мыналар кіреді:

- адам денсаулығы үшін өнім, көрсетілетін қызмет, процесс, қоршаған орта, мүлік қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік және санитарлық нормалар;

- бұйымның техникалық және ақпараттық сыйысымдылығы мен өзара алмасушылығы;

- бақылау әдістерінің бірлігі және маркілеу бірліктері. Қауіпсіздікталаптары ерекше маңызды бола бастады, олай болатыны өнім қауіпсіздігі - сертификаттау сәйкестігінің басты аспектісі. Міндетті сипаттағы талаптарды, мемлекеттік басқару органдары мен меншік формасына қарамай, барлық шаруашылық қызметті субъектілері сақтауы қажет.

Стандарттардағы қауіпсіздік талаптарына мыналар жатады:

- электр, өрт, жарылыс және радиация қауіпсіздіктері;

- химиялық және ластайтын заттар концентрациясының жіберілу шегі;

- машина мен жабдықтарға көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі;

- қорғау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қоршау, машинақозғалысын шектеуіштер, апаттықсигнализация және тағы сол сияқтылар) шаралары.

Ал, өнімнің жеке түрлерінің стандарттарында мыналар келтірілуі мүмкін:

- қауіптілік класы;

- жабдықтар жүмысында болатын өндірістің қауіпті және зиянды факторларының жіберілу деңгейі;

- заттың адамға әсері және тағы сол сияқтылардың сипаттамалары.

Стандарттар нақты онім немесе біркелкі онім топтарының жіберілу қауіпінің барлық түрі мен нормасын корсетеді. Олар стандарттау нысаны қауіпсіздігін, оның барлық пайдалану кезеңін есепке алып әзірленген.

Тапсырыс беруші мен орындаушы, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына келісім затының сәйкестігі туралы жағдайларын келісім-шартқа қосуға міндетті.

Мемлекеттік стандарттардың басқа талаптары, өнімді дай-ындаушының (жеткізушінің) немесе көрсетілетін қызметті аткарушының техникалық құжаттамасында сәйкес нұсқау болса ғана келісім жағдайында міндеттіліктің мойындалуы мүмкін және ол талаптарға мыналар жатады:

- өнімнің негізгі тұтыну (эксплуатациялық) сипаттамалары және оларды бақылау әдістері;

- өнімді буып-түю, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату талаптары;

- өндіріс пен эксплуатацияны әзірлеуге қатысты ережелер мен нормалар;

- техникалық құжаттама толтыру тәртіптері;

- метрологиялық ережелер мен нормалар және сол сияқтылар.

Міндетті талаптарға сәйкестілік міндетті сертификаттау ережелері мен тәртіптері бойынша жүргізілетін сынаулармен мақұлданса, өнімнің (көрсетілетін қызметтің) басқа талаптарға сәйкестігі ерікті сертификаттау туралы заңнамалық ережеге лайық мақұлданады.



Стандарттарды әзірлеу

Өнімге, процестерге (жұмыстарга) және қызметтерге мемлекеттік стандарттьар әзірленеді.

Стандарттарды әзірлеуді мемлекеттік стандарттау жоспарларына (бағдарламаларына) сәйкес немесе өзінің ынтасы бойынша стандарттау жөніндегі мемлекеттік және мемлекетаралық техникалық комитеттер, республиканың басқа мүдделі тұлғалары жүзеге асырады.

Стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары мемлекеттік басқару органдары, дайындаушылар мен өнімді тұтынушылар, қоғамдык мекемелер мен бірлестіктер, республиканың баска мүдделі тұлгалары болуы мүмкін.

Стандарттарды әзірлеушілер оларды әзірлеуге шарт жасайды.

Республикада қолданыстагы және әзірленетін стандарттарды көшіруге жол бермеу мақсатымен мемлекеттік стандарттау жоспарына кірмеген стандарттарды әзірлеу туралы ақпарат жүргізілген жұмыстарды үйлестіру үшін стандарттау, метрология және сертификатгау саласында уәкілетті мемлекеттік басқару органдарына жіберіледі.

Стандарттарда белгіленген талаптар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік конструкторлық және жобалық жұмыстардың нәтижелерінде, патенттік зерттеулерге, отандық және шетелдік ғылым, техника және технологияның қазіргі замандағы жетістіктері туралы басқа ресми ақпаратқа негізделуі тиіс.

Стандарттарды әзірлеген кезде халықаралық, техникалык реттемелер немесе олардың аяқтау сатысындагы жобалары, Қазақстан Республикасын қызықтыратын шетелдердің ұлттық стандарттары қолданылады, адамдардың денсаулығын, өмірін, мүлігіп, қоршаған ортаны қорғаудың қауіпсіздік талаптарыпа және Қазақстан Республикасында қабылданған міндетті техникалық мөлшерлерге сәйкес емес жағдайлардан басқаларды қоспаганда.

Қазақстан Республикасында халықаралык стандарттарды қолдану тәртібі ҚР СТ 1.9 сәйкес болу тиіс.

Әзірленстіи стандарттар ережелері өзара байланысты заңды, басқа нормативтік-құқықтық актілер мен техникалык реттемелер ережелеріне, сонымен қатар сілтеме берілген стандарттар мен құжаттарға қайшы болмау тиіс.

ТК (әзірлеуші-мекеме) стандарт жобасының заңды және басқа нормативтік құқыктық актілеріне, техникалық реттемелерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, келісім шарттарына және (немесе) стандартты әзірлеудің техникалық тапсырмасына сәйкестігін тексереді және оны түсіндірме жазбахатымен ТК және мүдделі мекемелерге жібереді.

ТК мүшелері және мүдделі мекемелер стандарт жобасын қарайды және ескертулер мен ұсыныстарды дайындайды.

Стандарт жобасын жіберуді электрондық поштаны пайдаланып жүзеге асырады.

Алынған ескертулерді ескеріп ТК (әзірлеуші-мекеме) бірінші редакция ретінде стандарт жобасын дайындайды.

Стандарт жобасын стандартгау объектісіне байланысты келісуге:

- әзірлеуші тапсырушысына (бар болса);

- құзыретіне стандартталған өнімдер қауіпсіздігіне мөлшерлеу және қадағалауға кіретін мемлекеттік басқару органдарына;

- балалардың, арнайы жәнс алдын алу тағамы өнімдерінің Қазак тамақ академиясына; тамақтың биологиялық белсенді коспаларына;

- колданыстағы және әзірленетін техниқалык реттемелер әзірлеушілеріне мекемелерге, әзірленгендерді толықтыру және дамыту.

Қарауға:


- бақылау әдістеріне әзірлеген кезде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына» РМК (сынаулар, талдау, өлшеу),

- «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына» РМК;

- стандарт жобасын әзірлеумен байланысты қайта қарауга, өзгертуге немесе жоюға жататын стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік құжаттар әзірлеушілеріне;

- әлеуетті өнімді әзірлеушілерге және тұтынушыларга, мүдделі ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерге, қогамдық бірлестіктерге, оқу орындарына, республика ғылымдарына, тәуелсіз сарапшыларга (болса) жібереді;

Стандарттар жобасын әзірлеуді және келісуді қабылдау комиссияларында (дегустациялық және көркем-техникалык кеңестерде) жүргізуге болады, егер өнімді қосымша сынау немесе зерттеу талап етілмесе.

Стандарттар жобасын қарау және республика аумағында орналасқан мекемелер пікірлерін дайындау мерзімі оларды алган сәттен 1 айдан аспауы тиіс.

Көрсетілген мерзім ішінде түсініктемелер мен пікірлер ұсынылмаган жағдайда стандарт жобасы келісілген деп саналады.

Стандарт жобасы бойынша үсыныстар мен ескертулерді тізбектеп баяндау ұсынылады;

- тұтас жоба бойынша;

- бөлім, бөлімше тармақ, тармақша, атап өту, қосымшалар бойынша стандартты баяндау тәртібінде.

Стандарт жобасына барлық ескертулер негізделу және нақты сипатты болу тиіс.

Белгіленген қарау мерзімінен кейін мүдделі тұлғалардан түсетін ескертулер мен ұсыныстарға әзірлеушілер назар аудармаса да болады, болашақта стандартты кезекті қараған кезде немесе өзгертулерді енгізген кезде ескерілуі мүмкін.

Стандарт жобасын бекітуге дайындау кезеңінде пікірлер жиынтыгын стандарттау және сертификаттау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) және, қажет болса, метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссия қарайды.

Стандарт жобасының негізделген ескертулері болса аяқтап бітіруге қайтарылады немесе әзірлеуден алынады.

Аяқтан бітіруге стандарт жобасының қайтарылу себебі: келісетін мекемелерден алынған тұжырымдар жоқтығы, міндетті талаптар бөлігінде заңды және басқа нормативтік-құқықтық актілер, өзара байланысты техникалык реттемелер, халықаралық, мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттар талаптарына сәйкессіздігі; мүдделі ТК мүшелері мен мекемелердің қабылданбаған ескертулері негізделмеуі.

Стандарт жобасын түзетіп және аяқтап бітірген соң қоса жіберілетін құжаттар жинағымен, ҒТК хаттамасы және ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар жобасымен Мемстандартка бекітуге жіберіледі.

Мемлекеттік стандарттар Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен бекітіледі және күшіне енгізіледі.

Негізге алынатын (ұйымдастыру-әдістемелік) және жалпы техникалық стандарттар, қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеу, бақылау әдістері, буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау стандарттары күшінің мерзімі шектелмей бекітіледі.

Өнімнің мемлекеттік стандарттары, технологиялық процестер мен қызметтер өнім мен технологияның жанару мерзімін ескеріп, шектелген мерзімге бекітіледі, бірақ 5 жылдан көп емес.

Бекітілген стандарттардың күшіне енгізілген күні стандарттарды енгізуді қамтамасыз ететін қажетті шаралардың іске асырылуын ескеріп, бірақ бекітілген сәтінен 1 жылдан ерте емес белгіленеді.

Стандартпен белгіленген талаптарды сақтауга қажетті жағдай болса кәсіпорындар мен мекемелердің оларды күшіне енгізу шегінде кез келген күннен стандарттарды алдын ала енгізуге құқығы бар, бірақ оларды бекіткен және мемлекеттік тіркеген күннен ерте емес.

Бекітілген стандарттар Қазакстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне Мемстандарт белгіленген тәртіпте енгізіледі, Стандарттарға белгі беру тәртібі ҚР СТ 1.5 сәйкес.

ҚР СТ 1.22 белгіленген тәртіпте әр бекітілгеп стандарт бойынша Стандарт ісі қалыптастырылады.

Әзірленетін сгандарттар деңгейіне әзірлеуші мен бекіткен мекеме жауапты.

Стандарттарды жаңарту және жою

Стандарттарға тексеру жүргізу тәртібі

Стандарттарды жаңарту оларга өзгертулерді енгізу немесе мүдделі мемлекеттік басқару органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан, стандарттарға немесе ұсыныстарға тексеру жүргізу негізінде қайта қарау жолымен жүзеге асырылады.

Стандарттарды тексеруді қолданыстағы стандарттар мөлшерін ғылым, техника және технологияның даму деңгейіне, экономика және тұтынушы қажеттілігіне және Қазакстан Республикасының қорғау қабілеті сәйкестігін анықтау, мемлекеттік стандарттаудың мақсатына толық жету үшін жүргізіледі.

Тексерген кезде стандарттардың қолданыстағы және енгізілетін мөлшерлер мен ережелерге сәйкесіп белгіленуі тиіс:

- заңды және басқа нормативтік-құқыктық актілерге, техникалық реттемелерге;

- Мемлекет аралык және халықаралык стандарттарына;

- стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстарға;

- қабылданған мемлекет аралық және халықаралык келісімдер мен конвенсияларға;

Стандарттарды тексеруді түскен ұсыныстарды және жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескеріп әзірлеуші ұйымдастырады және жүргізеді.

Ұсыныстар ретінде өзгерту жобасы, қайта қаралган стандарттар жобасы немесе әлемнің жетекші елдерінің қолданыстағы халықаралық, аумактық және ұлттык стандарттары ұсынылуы тиіс.

Тексеру нәтижесі бойынша әзірлеуші-мекеме Мемстандартқа стапдарт жобасын (стандартқа өзгертулерді) немесе оны қайта қарау немесе жою ұсыныстарын дайындайды және жібереді.

Тексеретін объекттің деңгейі экономика және тұтынушы қажеттілігіне сәйкес болса және оларға стандарттың талаптары мен мөлшерлеріне қатысты өзгертулерді және толықтыруларды енгізу, оның күшінің мерзімін ұзарту және шектеу мерзімі қажет болмаса және де стандарт күшінің қалпына келуі Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен ресімделеді.



Стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі

Стандарттарға өзгертулерді стандарттардың жеке талаптарын ауыстырған, толықтырған немесе жойған, оның күшін ұзартқан, шектеген және қалпына келтірген кезде әзірлейді. Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы стандарттар көлемінен 50 % асқан кезде, онда қолданыстағы стандарт бекітілгеннен кейін бір ай ішінде өзгертуімен бірге қайта басылып шығарылу керек.

Стандарттарға өзгертулер қолданыстағы стапдарт бойынша дайындалған өніммен жаңа өнімнің өзара алмасуы мен үйлесушілігі талаптарын бұзбайтын халықаралық талаптармен және мөлшерлермен үйлестірген және оларга жаңа және ілгері талаптарды енгізген кезде әзірленеді.

Редакциялык және (немесе) сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына талаптарды ауыстыруға (қосуға, шеттен шығаруға) немесе халықаралық стандарттар талаптарымен үйлестіруге негізделген өзгертулерді енгізген кезде ескереді.

Қолданыстағы стандарттарға өзгертулерді әзірлеген кезде өзара байланысты стандарттарга және құжаттарга өзгергулерді енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындалады.

Стандартқа өзгертулер жобасын мемлекеттік стандарттарды келіскен мекемелермен келіспеседе болады, егер өзгертулер олардың құзырына жататын талаптарға тимесе.

Стандарттың өзгертулер жобасын Мемстандартқа бекітуге екі данада (мемлекеттік және орыс тілдерінде) ұсынады.

Стандарттың өзгертулер жобасымен бірге өзгертулер жобасын қарауды және келісуді растайтын түпнұскалық құжаттар, пікірлер жиынтығы мен түсіндірме жазбахат ұсынылуы тиіс.

Өзгертулер бекітіледі және Мемстандарттың ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарымен күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Әр өзгертуге бөлшек арқылы өзгертулер нөмірі көрсетіп, стандартқа берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі және бірақ оны бекіткен күннен 6 айдан ерте емес күшіне енгізілген күні белгіленеді.

Стандарттың күшін ұзарту, шектеу жөніндегі ұсыныстар, стандарт күшінің мерзімі біткенге дейін 6 аптадан кешіктірілмей Мемстандартқа жіберіледі.

Бекітілген өзгертулер мәтіні және олармен біргс бекітуге ұсынылған құжаттар ҚР СТ 1.22 сәйкес Стандарт ісіне кіргізіледі.

Күшінің мерзімі дер кезінде ұзартылмаған стандарттар Қазақстан Республикасы аумағында күші жоқ деп саналады.

Стандартты қайта қарау

Өнім стандартын қайта қарауды жаңа ілгері талаптарды белгілеген кезде жүзеге асырады, егер олар қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған өнімнің жаңа өніммен өзара алмасуы бұзылуына және (немесе) сапасының негізгі көрсеткіштері өзгеруі келтірілмесе.

Стандартты қайта қараған кезде қолданыстағының орнына жаңа стандарт әзірленеді. Ондайда, бұрын қолданыста болған стандарт жойылады, ал жаңа стандартқа қай стандарт орнына әзірленетіні көрсетіледі. Жаңа стандартқа бекіту жылының соңғы екі цифрларын ауыстырып ескі стандарт белгісін береді.

Қайта қаралған стандарт жобасы, егер оның қолдануы техникалық реттемемен ескерілсе міндетті түрде көрсетілген техникалық реттеме әзірлеушісіне келісуге ұсынылады.

Нақты өнімге стандартты қайта қараған кезде, қосалқы бөлшектерді дайындау және пайдалануға жататын өнімді жөндеу қажет болса, ал негізгі өнімдерді шығару тоқтатылса әзірлеуші қолданыстағы стандартқа өзгертулер жобасын дайындайды.

Өзгертуде оны тарату саласының шектелуін керсетеді «Бұл стандартты тек қосалқы бөлшектерді дайындау және пайдалануга жататын бұйымдарды жөндеу үшін қолдану керек». Ондайда стандарттың тіркеу нөмірін сақтайды, егер ол шектелген болса стандарттың қолданыстагы мерзімі шектелуін алып тастайды. Болашақта стандарт өзгертуге жатпайды.

Бір мезгілде стандартты қайта қараумен бірге стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік құжаттарды жою немесе жаңарту жұмыстарын жүзеге асырады.

Стандарттарды қолдану

Бекітілгсн стандарттарды жұмыстарды орындаған және кызмет көрсеткен кезде өнімді әзірлеу, өндіріске дайындау, істен шығару, іске асыру, қолдану (пайдалану), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату сатысында Қазақстан Республикасы аумағында қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар қолданылады.

Стандарттар тікелей немесе оларға заңды актілерде, басқа нормативтік құжаттар актілерінде, техникалық реттемелерде, келісім шарттарда, басқа құжаттарда сілтеу жолымен қолданылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүддесін қорғауды, тұтынушыны алдаудан қоргауды, үйлестірушілік, өзара алмасушылық жоне халықтың денсаулығына, өміріне, қоршаған ортага өнімнің, процестің (жұмыстардың), қызметтің қауіпсіздігін және мүлігін сақтауды қамтамасыз ететін талаптары бар стандарттар техникалық реттемелерге жатады.

Көрсетілген талаптары бар стандарттар тиісті заңды және басқа нормативтік құқықтық актілер, техникалық реттемелер мен өнімге міндетті техникалық талаптарды реттемелейтін басқа нормативтік құжаттарды бекітуге дейін сақтауға және қолдануга міндетті болып табылады.

Стандарттар техникалық реттемелерді әзірлеу үшін негіз ретінде пайдалануы мүмкін. Техникалық реттемелер мәтінінде стандарттарға сілтемелер және де стандарттар мәтіні толық немесе жартылай келтірілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы аумақтарында өнімді өндіру және сату туралы шешім қабылдаған кезде дайындаушы өнімнің каталогтық парағын толтырады және ҚР СТ 1.11 сәйкес уәкілетті мекемеге ұсынады.

Стандарттарды жою

Стандарттарды жоюды осы стандарт бойынша өндірілетін өнімді шығарған (жұмыстарды орындаган, қызметтерді көрсеткен) кезде, осы стандарт орнына басқа стандарттау жөніндегі нормативтік құжат әзірлеген кезде, Қазақстан Республикасы аумағында осы объектіге техникалық реттемелерді немесе халықаралық стандарты енгізген жағдайда жүзеге асырады.

Стандартты жою қажет болса Мемстандартқа: жою туралы ұсыныстарды, оны ауыстыратын құжат туралы немесе ауыстырусыз стандартты жою туралы ақпаратты, егер онда сақтауға және қолдануға міндетті мөлшерлері болса өнім қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдары стандартын жоюға келісімді растайтын түпнұсқалық құжаттарды жібереді.

Қолданыстағы стандарттарды жою туралы ұсыныстар өзгертулер түрінде ресімделеді. Стандарттарды жою Мемстандартың бұйрығымен жүзеге асырылады.



Стандарттарға түзетулерді енгізу

Стандарттарды бекіткен, тіркелген және техникалық редакциялаған кезде жіберілген қателерді түзету қажет болса, әзірлеуші-мекеме немесе басқа мүдделі мекеме әзірлеуші-мекемемен келісім бойынша стандартка түзетулерді ресімдейді, егер жіберілген қателер құжатты дәлелделсе.

Түзету стандарттың өзгертулері сипатты болмау тиіс және түзету мәтінін жариялау немесе жариялаусыз ресімделеді. Стандартқа жаңа тармақтарды түзету ретінде енгізуге болмайды.

Жарилаусыз түзетулерді стандарт басып шығарылмаған жағдайда енгізу тиіс.

Түзетулермен техникалық қателерді (сөзді, формуладаға белгіні т.б); стандарттардың талаптары мен мөлшерлерін өзгертетін редакциялық сипатты қателерді түзетуге; өнімге қажетті талаптар мен мөлшерлерді белгілейтін құжаттарға сілтемелерді ауыстыруға болады, егер стандартта келтірілген сапа мен қауіпсіздік мөлшерлері өзгерілмесе.

Стандартқа түзетілерді енгізу үшін мүдделі мекеме Мемстандартқа: жолдама хатты, түсіндірме жазбахатты, енгізілген түзетулердің құқықтылығын растайтын құжаттарды және түзетудің үш данасын жібереді.

Қажетті сараптау жүргізілгеннен кейін Мемстапдарт немесе ол уәкілеткен мекеме ресімделген түзетулерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының кезекті ақпараттық сілтемелерінде жариялау үшін жібереді.

Жариялау алдында түзету техникалық редакциялаудан өтеді.

Стандартқа жарияланган түзетулердің құқықтылығына жариялауға жіберген мекеме жауапты.

Стандартқа жарияланған түзетулер ҚР СТ 1.22 сәйкес Стандарт ісі құрамына кіргізіледі.



Стандарттарды басып шығару, ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету

Мемстандарт уәкілеткен мекеме бекігілген стандарттар және оларға өзгертулер туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты» ай сайынғы ақпараттық сілтемелерінде жариялайды.

Стандарттарды басып шығару тәртібі және олардан көшірмесін алу, бекітілген стандарттар мен өзгертулерінің мәтіні туралы ақпаратты жариялау, ақпаратпен және мүдделі мекемелердің басып шығарылған стандарттарымен қамтамасыз ету ҚР СТ 1.8 белгіленген.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Мемлекеттік стандарт деп қандай стандартты айтады ?

2 Мемлекеттік стандарттың қандай түрлері бар?

3 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу және қарау тәртібі қалай жүргізіледі?

4 Мемлекеттік стандарттарды жаңарту және жоюды қалай жүргізеді?

5 Мемлекеттік стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі қалай жүргізіледі?

6 Мемлекеттік стандарттарға түзетулерді қалай енгізеді?

7 Мемлекеттік стандарттарды басып шығару, ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

2 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.

3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
№ 9 дәріс (1 сағат)


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау