4.3 Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу Жоба аясында осы қызмет түрін қолданатын 1613 сұхбаткерден жауап алынды. Қызметпен жалпы қанағататну 8,8 балды құрады, 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша. Сұхбаткерлердің 81,8%-ы алынған қызметке толық қанағаттанған. Бизнеске байланысты айтар болсақ, онда ірі бизнес өкілдерін атап өту керек. Олардың өрсеткіштері 9,3 балға тең, сонымен қатар толық қанағаттанудың 93,3%-ын құрайды. Шағын және орта бизнестің салық төлеушілерінің нәтижелері төмен болды, олардың орташа балы 8,8 және 8,7 балды құрайды.
26-диаграмма. Алынған қызмет сапасымен қанағаттанушылық деңгейі
Сұхбаткерлердің басым бөлігі қызметті электронды түрде алған – 50,3%, қағаз түріндегі қызмет сирек қолданған – 33,8% және жартылай автоматтандырылған қызмет ең аз қолданған - 16%.
27-диаграмма .Қызмет ұсыну формалары, %:
Бизнестің көлеміне байланысты айтар болсақ, сұхбаткерлердің басым бөлігі электронды формада жүгінеді, ең көп қолданатындар – ірі бизнес өкілдері (57,3%), одан кейін – орта бизнес (53,8%) және ең азы – шағын (48%). 14-23% қызметті аралас түрде (жартылай қағаз түрінде) алады. Әлі де болса қызметті қағаз түрінде алатындар: ірі бизнес өкілдері сирек (19,4%), көп алатындар – орта (32%) және шағын (36%). Бұл ең алдымен электронды түрдегі 1С Бухгалтерияны қолданғандықтан болар, шағын бизнес үшін оның мазмұны мен жаңартылуы айтарлықтай шығын әкеледі.
28-диаграмма.Бизнеске байланысты қызметті ұсыну формалары, %
Қызмет нәтижесін күтудің орташа ұзақтығы 44,4 сағатты құрайды. Нәтижені алу үшін сұхбаткердің 17,1%-ы құжатты тапсырған кезден бастап 1 сағат уақыт жұмсайды. Ал 32,5%-ы бұл мәселені 1 күн ішінде шешеді. Дегенмен, салық төлеушілердің негізгі бөлігі – 66,1%-ы 5 жұмыс күні ішінде, ал 11,9%-ы қызметке 10 күн ішінде қол жеткізеді.
Мемлекеттік кіріс органына бір рет жүгіну үшін сұхбаткерлер орташа есеппен кезекте 20,5 минут уақытын жоғалтады.
42-кесте. Қызметті алуға жұмсалатын уақыт шығыны
Қызмет нәтижесін күту уақыты
|
Бір рет жүгіну үшін кезекте күту уақыты
|
44,4 сағат
|
20,5 минут
|
Қызмет көрсету параметрлерімен қанағаттанушылық
Сұхбаткерлер ең жоғары балды қолжетімді бланктер мен сілтеуіштерге қойды – 9,2 балл. Ақпараттың мазмұны, процедураны, қызметкерді (әдептілік, біліктілік, қайырымдылық) бағалау кезінде тура 9 балды құрады. Серверлер мен компьютерлердің нашар жұмысына байланысты бизнес өкілдері техникалық жабдықтауға ең аз қанағаттанған – 8,5 балл. Электронды коммуникация (телефонжәне эл.пошта арқылы – 8,8 балл), жағдай (төлем пунктерінің болуы, қолайлылық – 8,8 балл), соынмен қатар уақыт шығыны (8,9 балл) проблема ретінде қалып отыр.
29-диаграмма. Қызмет көрсету параметрлерімен қанағаттанушылық, 10 балдық шкала
Ірі бизнес шағын немесе орта бизнестерге қарағанда барлық параметрлерді жоғары бағалайтыны көрініп тұр. Пікірлер бойынша уақытты бағалау кезінде айтарлықтай үлкен айырмашылықты байқауға болады, ірі бизнес өкілдері бұл блокты 9,5 балл деп бағаласа, орта бизнес - 8,8 балл, ал шағын бизнес 8,9 балды қойған.Сонымен бірге қызметкерлі, электрондық қызметті бағалау кезінде де осындай жағдай орын алған. Осыларды негізге ала отырып, Шағын орта бизнестің талаптарына назар аудару керек.
30-диаграмма. Сұхбаткерлердің түріне байланысты (бизнес өкілдері) қызмет көрсету параметрлерімен қанағаттанушылық, балдар, 10 балдық шкала
Достарыңызбен бөлісу: |