|
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физика-1» 5В070200 «Автоматты басқару жүйесі» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары
|
бет | 1/142 | Дата | 04.12.2017 | өлшемі | 14,39 Mb. | | #2924 |
|
ПОӘК 042-16-13.1.04
/02-2013
|
№ 2 басылым
10.01.2013
|
бет беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-38.19/03-2013
|
ПОӘК
«Физика-1» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№ 1 басылым
11.09.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физика-1»
5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
5
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
35
|
4
|
Лабораториялық сабақтар
|
44
|
5 Студенттердің өздік жұмыстары 46
1. ГЛОССАРИЙ
Механика - механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және бұл қозғалысты туғызушы немесе өзгертуші себептерді қарастыратын физиканың бөлімі.
Кинематика – денелердің қозғалысын осы қозғалысты туғызушы себеппен байланыстырмай зерттейді.
Динамика – денелердің қозғалыс заңдарын және бұл қозғалысты туғызушы немесе өзгертуші себептерді зерттейді.
Материалдық нүкте – берілген есептің шарттарында өлшемдерін есепке алмауға болатын массасы бар дене.
Абсолют қатты дене – ешбір жағдайларда деформацияланбайтын және барлық жағдайларда екі нүктесінің (дәлірек айтса, екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермейтін дене.
Абсолют серпімді соққы – нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысы) сақталатын соққы.
Абсолют серпімсіз соққы нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы) сақталмайды және ол энергияның басқа түріне, мысалы жылулық энергияға ауысады.
Дененің массасы – дененің инерттілігінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Күш – денелердің өзара әсерлесуінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Қозғалыс траекториясы – қозғалған материалдық нүктенің кеңістікте уақыттың өтуіне байланысты сызатын сызығы.
Дененің импульсі – сан жағынан дененің массасының жылдамдығына көбейтіндісіне тең және бағыты жылдамдықтың бағытымен бірдей векторлық шама.
Молекулалық физика – заттың құрылысы мен қасиеттерін барлық денелер үздіксіз хаосты қозғалыстағы молекулалардан тұрады дегенге негізделген молекулалық – кинетикалық түсініктерді басшылыққа лаып қарастыратын физиканың бөлімі.
Моль – молекулаларының немесе атомдарының саны Авогадро санына (моль) тең зат мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|