Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физика-1» 5В070200 «Автоматты басқару жүйесі» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 14,39 Mb.
бет3/142
Дата04.12.2017
өлшемі14,39 Mb.
#2924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142

Туннельдік эффект деп бөлшектің ені шағын потенциалдық бөгеттен энергиясы осы бөгеттің биіктігінен аз болғанда өтіп кету құбылысын айтады. Кванттық гармоникалық осциллятордың нольдік энергиясы деп оның толық энергиясының ең аз (ноль емес) мәнін айтады.

Резерфорд атомының ядролық моделі атомның іс жүзінде барлық массасы шоғырланған оң зарядталған ядродан және ядроның маңайында айналатын электрондардан тұратын жүйе болып табылады.

Электронның Бор орбиталары электронның байқалу ықтималдығы барынша үлкен болатын нүктелердің геометриялық орны болып табылады.

Спин деп микробөлшектің классикалық физикада ұқсастығы жоқ меншікті механикалық моментін айтады.

Фермион деп жарты спині бар бөлшекті айтады.

Бозон деп нөлдік немесе бүтін санды спині бар бөлшекті айтады.

Ядроның байланыс энергиясы деп ядроны құрайтын нуклондарға кинетикалық энергия бермей ыдырату үшін жасалатын жұмыспен анықталатын шаманы айтады.

Радиоактивтілік деп бір атом ядроларының екіншілеріне элементар бөлшектер шығара отырып түрленуін айтады.

Жартылай ыдырау периоды – ядролардың алғашқы мөлшерінің жартысы ыдырайтын уақыт.

Ядролық реакция деп ядроны ( немесе ядроларды) түрлендіруге келтіретін атом ядросының элементар бөлшекпен өзара әсерлесу процесін айтады.



Элементар бөлшек деп қазіргі кезде белгілі материяның ең ұсақ бөлшегін айтады.

Аннигиляция деп нәтижесінде басқа бөлшектер түзілетін бөлшектер мен антибөлшектердің өзара әсерлесу процесін айтады.

Кварктер – қазіргі кездегі түсінік бойынша адрондарды құрайтын іргелі бөлшектер.

Өзара әсерлесудің біріңғай теориясы ( «ұлы бірігу») - өзара әсерлесудің төрт типін (гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз) біріктіретін теория.
2 Дәрістер

Тақырып: Кіріспе. Материялық нүкте кинематикасы

Физика курсы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика. Физиканың эксперименттік және теориялық әдістері. Физика – тәжірибеге сүйенетін ғылым; ол қолданатын негізгі мәліметтер мен физиктер жасайтын қорытындылар эксперимент нәтижесінде тәжірибеден алынады. Алайда, негізінен математиканың құралдары мен әдістеріне сүйене отырып жасалатын теориялық талдаусыз белгісіз заңдылықтарды түптеп зерттеу мүмкін болмаған еді.

Механикалық қозғалыс заңдары физиканың бірінші бөлімі – механикада қарастырылады.



Кинематика нақты механикалық қозғалыстарды, олардың туу себептеріне, ондай қозғалыстардың табиғатта қалай пайда болатындықтарына көңіл бөлмей-ақ сипаттап береді. Ол үшін ең маңыздысы – тек физикалық негізділік және модельдер аясындағы математикалық қатаңдық.

Механикалық жүйелердің моделін жасау үшін маңызды абстракцияның бірі материялық нүкте ұғымы болып саналады. Материялық нүкте деп геометриялық мәні бойынша математикалық нүктеге эквивалентті, бірақ массасы бар физикалық нысанды айтады.

Әрбір қозғалысқа кем дегенде екі дене қатысады, сондықтан, қозғалысты сипаттау үшін, екі дененің бірін санақ денесі деп аламыз. Кез келген дене анақ денесі бола алады.

Санақ денесі болып кез келген дене алына алады. Алайда, евклидтік геометрия ұғымдарын пайымдап бекіту кезінде басты рөлді абсолют қатты дене атқарған болатын. Абсолют қатты деп кез келген нүктелерінің арасындағы қашықтық өзгеріссіз болатын денені айтады.



Қайсы бір санақ денесімен байланыста тұрған санақ жүйесін, мысалы тікбұрышты координаттар жүйесі түрінде көзімізге елестетуге болады. Кеңістіктің барлық нүктелерінің орналасу жағдайы сөзсіз, ойша алғандағы қатты, өзара перпендикуляр, тікелей санақ денесімен байланысқан, және координаттар жүйесінің басы деп аталатын, қайсыбір белгілі нүкте арқылы өтетін үш тік стерженьмен салыстырмалы түрде анықталған. Материялы нүкте қозғалысын сипаттау дегеніміз, яғни, оның кез келген уақыт мезетіндегі орналасу жағдайын көрсету. Ол өз қозғалысы кезінде қозғалыс траекториясы деп аталатын санақ жүйесі нүктелерінің үздіксіз тізбегінен өтеді.

Қозғалысты координаттық формада сипаттау. Нүктенің қозғалысы кезінде оның координаттары (x1=x, x2=y, x3=z) уақыт озған сайын өзгереді, яғни, уақыттың қайсыбір функциясы болып табылады. Қозғалысты сипаттау – демек, осы функцияларды көрсетіп беру:

(2.1)

Қозғалысты векторлық формада сипаттау. Нүктенің қозғалысы кезінде оның радиус-векторы үздіксіз өзгеріп тұрады. Оның соңы траекторияны сипаттайды. Қозғалыс бейкоординаттық формада беріледі:

= (t). (2.2)

Қозғалысты траектория параметрлері көмегі арқылы сипаттау. Егер траектория берілген болса, онда мақсат оны бойлай жүретін қозғалыстың заңын көрсетіп беруге әкеп соғады. Траекторияның қайсыбір нүктесі бастапқы деп алынсын, ал кез келген басқа нүкте бастапқы нүктеден оны бойлай S қашықтығында сипатталсын:

(2.3)

жүктеу 14,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау