5 тақырып. Кәсіпорынның өндірістік қоры мен материалды ресурстарын басқару
Мақсаты:
Материалдық ресурстарды басқару жүйесінің қалыптасуы мен қызмет жасау қағидаларын зерделеу.
Жоспар:
1. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару мақсаттары мен тапсырмалары
2. Ресурстарды жинақтау факторлары
3. Өндірістік қорлардың түсінігі, түрлері және тағайындалуы
1. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару, толығымен өндірісті басқаруда үлкен рөл ойнайды. Қазіргі таңдағы менеджментте кәсіпорындарды материалдық ресурстармен басқарудың көптеген нұсқалары бар. Материалдық ресурстарды басқару жүйесін қалыптастыру мен функциялаудың негізгі қағидалары:
Өнім және оның өмірлік циклының фазалары.
Жаңа өнімнің жасалу процесінің мазмұны.
Техникалық дайындық.
1. Кәсіпорынның атқарған жұмысының нәтижесі ретінде онымен бірге нарыққа шығатын өнім болып табылады. Өнім түрлерінің көпшілігінің бастапқы белгісі олардың шектелген сұраныс кезеңіне ие болуында. Осы кезеңді білу кез – келген өндірістік кәсіпорынға ерекше маңызды. Өнімнің пайда болуынан бастап оның пайдалануының тоқтатылуына дейінгі кезеңді оның өмірлік циклы деп атуға болады. Өнімдердің түрлеріне және қалыптарының әртүрлігіне қарамастан, олардың анықталған тіршілік циклының фазалары жалпы болып табылады және оған мыналар жатады:
құрылу;
игерілу;
өсу;
жетілуі;
ескіруі.
Көптеген өнімдерге осы фазалардың циклдық қайталануы жаңа модификацияның жаңашылдығын игерумен байланысты. Жекеленген тіршілік циклының фазаларына ұйымдастырылған экономикалық жағдайларға сәйкес, қаржыландырудың әдеттегі түрінде таңдаулы құндық сипат, нарықтағы тәртібінде, өнімділік көлемінде, өнімдердің өтімін және т.б білдіреді. Сондықтан, нақты ұйымдастыру үшін әр өнімнің тіршілік циклының фазасын дұрыс теңестіру маңызды.
2. Жаңа өнімді құруға байланысты инновациялық үрдістің үш негізгі фазасын ерекшелеуге болады:
Өнім концепциясын қалыптастыру; Жаңа өнімді жобалау;
Жаңа өнімнің өндірісін игеру және оны нарыққа өткізу.
Бірінші фазада – өнім концепциясын қалыптастыру фазасы – жаңа өнімге сұраныс мүмкіндігі туралы экономикалық және ғылыми техникалық нарықтағы жағдай туралы, басқа өндіруші бәсекелестік ұстанымы, өнімнің дамуындағы шектеуліктер мен ғылыми және техникалық потенциалдықтар туралы кешенді талдау жасалады. Инновациялық процесстің екінші фазасында жаңа өнімнің өзіндік жобалауы іске асырылады. Инновациялық процестің қорытынды үшінші фазасы – өндірісті игеру және жаңа өндірісті нарыққа өткізу – техникалық дайындықты бастап, жаңа өндірістіжобалау туралы кешенді жұмысты өтуізуде. Инновациялық процесс жаңа өнімді нарыққа өткізу туралы жұмысы және осыған байланысты өнеркәсіптің дистрюбьотикалық қызметін ақтайды.
Жаңа өнімді шығару, өндірістің конструкторлық дайындығын өткен болуы мүмкін, егер техникалық құжаттар мұқият өңделген болса және өндіріс процестері, технологиялық жабдықтары құралдармен пайдаланылған болса. Жаңа өндірісті технологиямен қамтамасыз ету өзіндік кешенді жұмыс, өндірістік технологиялық дайындығының мазмұнын құрайтын көлемінде іске асырылады. Кәсіпорындарда технологиялық дайындықты ұйымдастыру өндірістің технологиялық дайындығының жалпыға бірдей жүйесі мемлекеттік стандарттар талабымен шектеледі.
3. Өндірістің технологиялық дайындығы – бұл өзара байланысты процестердің жиынтығы, белгіленген мерзімде жаңа өнімді шығаруға кәсіпорынның технологияалық дайындығы қамтамасыз ететін, белгіленген сапа параметрлеріне, өндіріс көлемі мен шығыс деңгейіне сәйкес келеді. Технологиялық прцестерді өңдеу тереңділігі мен олардың бөлшектеу дәрежесі жаңа өнімді ұйымдастыру түрінен және материалды ресурстарының қозғалыс құрылымдарын дұрыс және шынайы жасау қажет.
Ресурстық қорлардың факторлары:
1. Техникалық:
Материалдардың шығындарын азайтуын қамтамасыз ететін технологияларды қолдану;
Материалдардың шығындар тиімділігін қажет ететін құрал – жабдықтарды қолдану;
Қолданылатын ресурстардың сапасын жақсарту және алдын ала берілген тапсырмалармен материалдарды жасау;
Ресурстардың сақталуын және техникалық базаның тасымалдауын
жетілдіру;
Шикізатты қайта өңдеуде технологиялық тәртіпті жетілдіру;
Ресурстардың шығынын модельдеу үшін экспериментальды базаны құру;
2. Ұйымдастырушылық:
Ресурстарды пайдалану және есепке алуды ұйымдастыруды жетілдіру;
Ресурстарды алу мен пайдалануға дейінгі циклды қысқарту;
Құрал – жабдықтардың технологиялық жөндеу сапасын арттыру;
Ресурстарды үнемдеу мақсатында еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
Ресурстарды қайта пайдалануды ұйымдастыру;
Ресурстарды үнемдеу туралы ұйымдастыру – техникалық шараларды жасау және енгізу;
3. Әлеуметті - экономикалық:
Қалыптасқан жағдайда уақытты үнемдеу заңының, масштаб заңының әрекетін талдау;
Ресурстарды басқаруға менеджменттің ғылыми сапарын қолдану;
ЭММ,ФСА әдістемесін, болжауды қолдану;
Қызметкерлердің демалысын және еңбек жағдайын жақсарту;
Үнемділікке жауапкершілікті және ынталандыру шараларын қолдану;
Үнемділік бойынша әлеуметтік – психологиялық шараларды іске асыру;
3.Өндірістік қорлар – кәсіпорынның айналымдық қорларын құрайтын негізгі бөлім, оның құрамына енетін шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, жанғыш сатып алынатын полуфабрикаттар, кешенді бұйымдар, қорап, қораптық материалдар, кәсіпорынға түскен және алғашқы өңдеуге түспеген арзан бағалы және тез тозатын заттар.
Өндіріс қорларының түрлері:
1.Технологиялық (өтпелі) қорлар
2.Ағымдағы (циклдық) қорлар
3.Резевтік (сақтандыру немесе «буферлік»)
Өндіріс қорларының негізгі белгілеуі – кәсіпорында өндірістік үрдістің үзілмеуін қамтамасыз ету.
Өндірістік қорларды басқару – барлық қажетті материалдар және ресурстармен, белгіленген мерзімде уақыттылы кешенді қамтамасыз ету және аз шығынмен, кәсіпорында өндірістік қорларды басқару функционалды жүйемен жүзеге асады.
4. Өндірістік қорларды басқару жүйесінің құрамында өзара байланысты екі жүйелілік қызмет етеді: жоғарғы деңгейде - материалды - техникалық жабдықпен басқару (МТЖБ); төменгі деңгейде – қорларды сақтауды басқару (қоймаларды).
Арнайы қызметтен басқа, жеке жабдықталған функцияны кәсіпорынның басқа бөлімшелері орындайды (бас механиктің бөлімшелері, құрал – жабдық цехтары).
МТС коммерциялық қызметінің негізгі міндеттері:
Пайдасы көп жеткізушілерді іздестіру;
Кәсіпорынның баға саясатын жасау;
Жеткізушілердің нарығын игеру мен талдау және сәйкес банк көрсеткіштерін жүргізу;
Кәсіпорынға материалдардың үздіксіз түсуі үшін жеткізу графиктерін жасау;
Бақылау сұрақтары:
Неліктен біздің отандық өндірісте материалдық ресурстар басқа дамыған елдерге қарағанда біраз нашар қолданылады?
Материалдық ресурстармен басқару жүйесінің қалыптасу және функциялаудың негізгі принциптерін атаңыз.
Ресурстық қорлардың техникалық факторлары қандай?
Ресурстық қорлардың ұйымдастырушылық пен үнемдеушілік факторларын атаңыз және оларға сипаттама беріңіздер.
Кәсіпорындарда өндіріс қорларының қандай түрлері жасалынады?
Ресурстық қорлардағы және қорларды басқарудағы логистиканың рөлі.
Әдебиеттер:
1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары
2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.
3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.
4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.
6 тақырып. Жаңа өнімді жасау және өндіріске технологиялық дайындық
Мақсаты:
Өнімнің тіршілік циклын және менеджменттің міндеттерін оның фазалары бойынша игеру, өндірістің технологиялық дайындығының мәнін және мазмұнын анықтау.
Жоспар:
1.Өнімнің өндірісі және тауардың өмірлік циклы
2.Инновациялық үрдіс және оның фазалары
3. Өндірістің технологиялық даярлығы
1. Өнім түрлерінің көбісінің бастапқы белгісі олардың шектелген сұраныс кезеңіне ие болуында. Осы кезеңді білу кез – келген өндірістік кәсіпорынға ерекше маңызды. Өнімнің пайда болуынан бастап оның пайдаланылуының тоқтатылуына дейінгі кезеңді оның өмірлік циклы деп атауға болады.
Өнімдердің түрлеріне және қалыптарының әртүрлілігіне қарамастан, олардың анықталған тіршілік циклының фазалары жалпы болып табылады және оған төмендегілер жатады:
Құрылу;
Игерілу;
Өсуі;
Жетілдіріп пісілуі;
Ескіруі.
Көптеген өнімдерге осы фазаның циклдық қайталану жаңа модификацияның жаңашылдығын игерумен байланысты. Жекелеген тіршілік циклының фазаларында ұйымдастырылған экономикалық фазаларға сәйкес, қорытындылардың әдеттегі түрінде, таңдаулы құндылық саясат сипатында, нарықтағы тәртібінде, өнімділік көлемінде, өнімдердің өтімінде және т.б білдіреді. Сондықтан нақты ұйымдастыру үшін әр өнімнің тіршілік циклының фазасын дұрыс теңестіру маңызды.
2. Жаңа өнімді құруға байланысты, инновациялық процестердің үш негізгі фазасын ерекшелеуге болады:
Өнім концепциясын қалыптастыру;
Жаңа өнімді жобалау:
Жаңа өнімнің өндірісін игеру және оны нарыққа өткізу.
Бірінші фазада - өнім концепциясын қалыптастыру фазасы – жаңа өнімге сұраныс мүмкіндігі туралы экономикалық және ғылыми техникалық нарықтағы жағдай туралы, басқа өндірушінің бәсекелестік ұстанымы, өнімнің дамуындағы шектеулер мен ғылыми және техникалық мүмкіндіктері, кәсіпорынның экономикалық және ғылыми техникалық потенциалдықтар туралы кешенді талдау жасалады. Инновациялық процестің екінші фазасында жаңа өнімнің өзіндік жобалауы іске асырылады. Инновациялық процестің қорытынды үшінші фазасы - өндірісті игеру және жаңа өнімді нарыққа енгізу, техникалық дайындықтан бастап жаңа өндірісті жобалау туралы кешенді жұмысты жасау болып табылады. Инновациялық процесс жаңа өнімді нарыққа өткізу туралы жұмысы және осыған байланысты өнеркәсіптің дистрибьютикалық қызметін аяқтайды.
Жаңа өнімді шығару егер техникалық құжаттар мұқият өңделеген болса және өндіріс процестері технологиялық құралдар мен жабдықтарды пайдаланылған болса, өндірістің даярлығынан өтуі мүмкін. Жаңа өндірісті технологиямен қамтамасыз ету өзіндік кешенді жұмыс, өндірістің технологиялық дайындығының мазмұнын құрайтын көлемінде іске асырылады. Кәсіпорындарда, өндірісте технологиялық дайындықты ұйымдастыру, өндірістің технологиялық дайындығының жалпыға бірдей жүйесі мемлекеттік стандарттар талабымен шектеледі.
3. Өндірістің технологиялық дайындығы – бұл өзара байланысты процестердің жиынтығы. Белгіленген мерзімде жаңа өнімді шығаруға белгіленген сапа параметрлеріне, өндіріс көлемі мен шығыс деңгейіне сәйкес, кәсіпорынның технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Технологиялық процестерді өндірудің тереңдігі және олардың бөлшектеуінің дәржесі жаңа өндірістің ұйымдастырылған түріне және дайындық сатысына тәуелді. Жекелеген және тәжірбиелі өндірісте шағын кәсіпорындарда жоғары дәрежелі қызметкер бағдарлы технологияның жасалуымен шектеулі болады. Сериялық және жалпы өндірісте технологиялық карталар жасалады.
Технологиялық дайындық жобалаумен, жетілдірілген технологиялық процестердің жасалуымен және технологиялық қалдықтарды жинаумен аяқталады.
Ұйымдастырудың формалары мен ішкі және зауыт сыртындағы өнімдердің технологиялық дайындығын ажыратады. Өнімдердің технологиялық қамтамасыздандыруын басты технологтың арнайы қызметкерлері (басты технолог бөлімі, қалдық бойынша конструкторлық бюролар, құрал – жабдық өнімдері, нормативті жоспарлық қызметтер және т.б) іске асыратын үлкен кәсіпорындарға қарағанда, кіші кәсіпорындарда жаңа өнімдердің технологиялық дайындығы мүліктік жарақталған ұйымдарда жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Өнімнің тіршілік циклының негізгі фазаларын атаңыз.
2. Инновациялық процестің негізгі этаптарына сипаттама беріңіз.
3. Өнімнің технологиялық дайындығының мазмұнын ашыңыз.
4.Өнімнің технологиялық дайындығының негізгі сатыларын атаңыз және сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары
2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.
3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.
4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.
7 тақырып. Өндірістік процестерді ұйымдастыру
Мақсаты:
Қазіргі таңдағы өндірістің ұйымдастырылының ерекшеліктерін игеру мен түсіну және оның қызмет көрсету саласынан айырмашылығын ажырату; өндірістік процестердің талдауын жүзеге асыруын үйрену және олардың рационалды ұйымдастырылуының принциптерін түсіну.
Жоспар:
1. Қазіргі таңдағы өндірісті ұйымдастырудың негіздері мен ерекшеліктері және қызмет көрсету саласы
2.Өндірістік процесс және оның құрылымы
3.Өндірістік процестердің түрлері
4.Өндірістік процестерді рационалды ұйымдастыруының принциптері
5.Өндірістік процестердің кеңістікте және уақытында ұйымдастырылуы
1. Қазіргі таңдағы тауарларды өндіру және қызмет ету еңбек заттарын дайын тауарларға айналуында күрделі процесс көрсетеді. Бұл процесс қажетті тауарларды мақсатында орналастыру үшін қажет.
Нарықтық қатынастарға өту өндіріс процесінде барлық ресурстардың рационалды пайдаланылуына шарттарды жасаған өндірісті ұйымдастыруына көзқарасын түбегейлі өзгертеді.
Сұраныс өзгерген кезде өнімнің басқа өндіру түріне кез – келген уақытта бетбұрыс жасауға қабілетті, оптималды, функциялық аз шығындармен және жоғары дақылды өнім бәсекелестікке жарамды өнімді шығару үшін шарттарды жасайтын тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын өндірістің жаңа мақсаттары алдыңғы қатардағы жоспарға шығарылады. Өндірісті ұйымдастыру функцияларын және технология функцияларын айыру өте маңызды, өйткені тәжірибеде өндіріс ұйымдарының көптеген міндеттерін технологтар шешеді.
Өнімдердің дайындалуының нұсқалары мен әдістерін технология анықтайды. Технологиялық процестердің басқа параметрлермен әртүрлі өнімдерді өндіруі үшін белгілі типті машиналардың анықталуы технологияның фунциясы болып табылады, яғни еңбек затымен не істеу керектігін және қандай өндірістік қаражат көмегімен оны керекті өнімге айналатынын технология анықтайды.
Өндірістің шарттарына және мақсаттарына сәйкес тиімді талдау және мүмкін нұсқалардың негізінде технолгиялық процестердің нақты параметрлерінің мәнінің анықталуы өндіріс ұйымдастырылуының функциясы болып табылады.
Өндіріс және қызмет саласы бір – бірінен төмендегідей ажыратылады: өндіріс – бұйымдарға, ал қызмет көрсету - әрекетке бағытталған. Олардың келесі айырмашылықтары төменде көрсетілген.
Өндіріске қарағанда, қызмет көрсету өз табиғатынан тұтынушылармен көп қарым – қатынаста болады. Әдетте қызмет көрсету тұтынушымен түйіседі. Өндіріс өз жағынан өндіру мен тұтыну арасына бөлуді қосады, сондықтан өндіріс тұтынушыдан алыс орналасуы мүмкін. Бұл өнім өндіретін орын таңдау мен жұмыс әдістерін, жұмыс графигін жоспарлау және қызмет көрсету сферасымен салыстырғанда өндірістің жүзеге асуын қадағалау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Өндірістік қорларды жасау арқалы өндірістің сұранысының әрқилылығын жақсартады.
Тұрпайы өнеркәсіптік өндіріске қарағанда, қызмет көрсету өндірісі жұмсалымдардың үлкен тобын ұйғарады. Алдымен диагностика жүргізіп, содан кейін жөндейтін әр автожөндеу спецификалық мәселе болып табылады. Өнеркәсіптік өндіріс процесі топтамалардың өзгерісін және түпкілікті өнімнің өзгеруінің төмендетілуін қадағалауы мүмкін. Сәйкесінше қызмет көрсету сферасына қарағанда өндірістік талап ету біртекті болады.
Қызмет көрсетудің тез арада пайдаланылуы және топтамалардың едәуір өзгергені үшін қызмет көрсету саласы еңбектің әртүрлілігін талап етеді. Сол кезде өнеркәсіп өндіріс сияқты едәуір қарқынды және механикаландырылған болуы мүмкін.
Жоғары механикаландыру өндіріске біртекті тауарларды жібергені үшін өндіріс процесі біртектілікке және тиімділікке жақындайды. Осымен салыстырғанда қызмет көрсету саласы едәір баяу болып көрінеді, ал оның соңғы өнімі едәуір өзгерісті болады.
Еңбек өндірісінің өлшемі көптеген өндірістік бұйымдардың біртектілігінің жоғары дәрежесінің арқасында нақты болады.
Қызмет көрсету саласында сапаның жоғары болуына кепілдік беру қиынға түседі, себебі өндіріс пен тұтыну бір уақытта жүреді. Егер осы сапаны қатаң және әр уақытта қадағаламаса, онда жұмсалымдардың жоғары біртекті еместігі өнім сапасының төмндеуіне қосымша қауіп тудырады. Өндіріске қарағанда, қызмет көрсету үшін сапа маңыздырақ, мұнда жіберілген қателерді тұтынушы өнімді алғанға дейін түзетуге болады.
2. Өндірістік процесс материалды өндіру саласында (кәсіпорындарда) жүргізіледі және өзара байланысты еңбектік және табиғи процестердің жиынтығын ұсынады. Осының нәтижесінде бастапқы материалдар дайын өнімге айналады.
Қызмет көрсету саласында сервистік процестер деп атауға болатын ұқсас процестер жүргізіледі. Осы процестер жұмыс істейтін процестер болып табылады.
Өндірістік процесс - бұл еңбек заты, еңбек құралы, кеңістік, уақыт, қажеттіліктерді қанағаттандыру сияқты түсініктердің жиынтығын құрайтын күрделі жүйелік түсінік. Осы құрамдас бөліктердің мәні 2 – ші кестеде көрсетілген:
Кесте 2. «Өндірістік процесс» жүйелік түсінігінің құрамына кіретін түсініктердің мәні.
Түсініктің атауы
|
Түсініктің мәні
|
Кейбір салалар бойынша мысалдар
|
1.Еңбек заты
|
Белгілі қажттіліктерді қанағаттандыру мақсатында аралық немесе түпкілікті өнімді жасау үшін адам өз қолымен істеген зат
|
Оқырман үшін кітап. Болашақ нысанның бәсекелестік нормативтері. Зерттеу үшін ақпараттар мен әдістер. Зерттемеге техникалық тапсырмалар, конструкторға сызба. Экономист үшін ақпараттар мен әдістер. Құрылысшыға салынатын үй. Жүргізушіге апаратын жүк. Дәрігерге – адам ауруы.
|
2.Еңбек құралы
|
Өндіріс қаражаттарының немесе негізгі капиталдың көмегімен адам еңбек затына әсер етеді.
|
Зертханалық жабдықтау, зерттеу үшін компьютер. Конструктор үшін сызбашы, компьютер автоматтандыру жобалауының жүйесі. Экономист үшін стол, компьютер. Құрылысшы үшін көтергіш құрал. Жүргізуші үшін көлік. Хирург үшін қысқыш.
|
3. Тірі еңбек
|
Белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыратын және оны өзгерту мақсатында құрал- саймандар көмегімен затқа әсер ететін жұмыскер.
|
Зерттеуші. Конструктор. Экономист. Құрылысшы. Жүргізуші. Дәрігер.
|
4. Кеңістік
|
Өндірістік процесс өтетін жер, кеңістік уақытының диалектикалық бірлік формаларының бірі.
|
Зерттеушілер үшін зертхана. Жүргізуші үшін аумақ және маршрут қозғалысы. Хирург үшін аурухана.
|
5. Уақыт
|
Өндірістік процесс өтетін уақыт, кеңістік уақытының диалектикалық бірлік формаларының бірі.
|
Зертханалық сынаулардың ұзақтығы. Қозғауыштың мықтылығы. Бөлшектерді өңдеудің уақыты. Көліктің жолдағы уақыты. Хирургиялық опрациялардың ұзақтығы.
|
6.Қажеттіліктерді қанағаттандыру
|
Өнімдердің жасалуы, жеке идея немесе жоспарлық құжаттармен сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет көрсету немесе жұмысты орындау.
|
Ғалымның жаңа идеямен, монографиямен жұмыс жасауы. Құрылысшы ұйымның оперативті – күнтізбелік жоспар жасауы.
|
Өндірістік процестің негізгі құрылым бірлігі операция болып табылады. Бір немесе бірнеше еңбек заттарымен бір жұмыс орнында жұмыскерлермен немесе топпен (бригадамен) жасалынатын іс - әрекеттердің жиынтығы (Қызмет көрсету саласында процесс үстінде оперативті шешім немесе әдіс, іс - әрекеттер тізімі қабылданады, ең бастысы тәжірбиелік сипаттама).
Операцияның екі түрі ажыратылады: негізгі (технологиялық), қосымша.
3. Өндірістік процесстер негізгі, қосымша және қызмет көрсетуші болып үшке бөлінеді. Негізгі өндірістік процестер өз кезегінде (негізінен машина жасау кәсіпорындарында), даярлық (дайындайтын), қайта құрылымдық (өңдейтін) және соңғы (алымдық) болып бөлінеді.
Өндірістің теориясы мен тәжірибесінде өндірістік процестердің кеңейтілген алты негізгі белгі бойынша жіктемесі бар:
Еңбек заттарын сауда өніміне айналдыру әдісімен (мханикалық, химиялық, құрамалық – бөлшектік, алымдық – ыдырату және т.б)
Шектес процесстермен өзара байланыс формасымен (аналитикалық, жүйелік, тура).
Үздіксіздік дәржесі бойынша (үздіксіз, үздікті).
Қолданылатын жабдықтардың сипаты бойынша (ақпаратты, ашық).
Механизация деңгейі бойынша (механизаторлық, автомотизаторлық, қолдан жасалған).
Өндіріс масштабы бойынша (массалық, жеке, сериялық).
4. Өндіріс процестерінің рационалды ұйымдастырылуы белгіленген принциптердің сақталуын болжайды. Осылардың ішінде мамандандыру, үйлесімділік, параллельділік, үздіксіқдік, ырғақтылық негізгілері болып саналады.
Мамандандыру өндірістік процесстің цехта, телімде, арнайы жабдықтармен негізделген жұмыс орнында, оқшаулануын білдіреді. Ол нысан бойнша, бөлшек бойынша, операционды бойынша болуы мүмкін.
Өндіріс процестрін ұйымдастыруда үйлестімділік олардың бөлек элементтерімен белгілі ара қатынастың бар екендігін ұйғарады, мысалы, жұмыс орындарымен, осының нәтижесінде олардың өткізу қабілеттілігімен сәйкес ырғақты жұмыстың керекті негізгі қалыптасуын, еңбек затының қозғалыс жолында әртүрлі кедергілер таратылуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік процестердің параллельдігінің астында егер операцияның жалғаспалы принципиалды мағынаға ие болмаса, олардың кеңістікте де, уақытында да әртүрлі стадияларда біруақытта жасалуын түсіндіреді.
Тура дұрыстылық ұйымның принципі сияқты өндірістік процестің бөлек этаптар арсында бұйымдардың қысқа қозғалыс жолын қамтамасыздандырады.
Өндірістің үздіксіздігі өндірістік процестің толықтай ескірудің үзілісін немесе барынша азайтуды ұйғара және еңбек заттарын, жұмыс күшін, құрал – жабдықтарын қолданады.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың маңызды сәті олардың ырғақтылығы болып табылады. Ол технологиялық тізбектің барлық этаптарында өнімнің бірқалыпты шығарылуымен немесе біркелкі уақыт арасындағы еңбек затының қозғалысымен ерекшеленеді.
5. Уақыт пен кеңістіктегі өндіріс процестерінің ұйымдастырылуы өз алдында негізгі, қосымша, қызмет көрсету процестерінің негізгі уақытындағы байланыстыру тәсілін көрсетеді. Сол сияқты операциялардың бөлек бөлігінің байланыстыру тәсілін көрсетеді. Осындай үйлестірімінің мақсаты – жұмыскерлер мен жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуі болып табылады, ал оның нәтижесі – бұйымдарды дайындаудағы өндірістік циклдың рационалды ұзақтылығы немесе қызмет көрсету.
Машина жасаудың, тараптардың немесе бөлек детальды жасаудың өндірістік циклы уақыттың күнтізбелік кезеңі деп аталады. Ол кезең сол еңбек затының өндірістік процеске жіберілу мезетінен, дайын өнімнің тапсырылуына дейін өтеді.
Өндірістік циклдарды бұйымдар толығымен, бөлек операциялардың орындалу циклдері, жинақтық бірліктер мен бөлек детальдар айырады.
Өндірістік циклдардың құрылымы өндірістің әртүрлі салаларында және әртүрлі кәсіпорындарда әртүрлі болып келеді. Ол өндірілетін өнім сипатымен, технологиялық процеспен, техниканың деңгейлігімен, өндірістің технологиясымен және ұйымдастырылуымен анықталады.
Өндірістік процестердің ұйымдастырылуы үш негізгі уақыттылық түрімен ажыратылады: жалғаспалы, параллельдік, параллельді – жалғаспалы.
Өндірістік циклдардың ұзақтылығын қысқартуыдың негізгі факторлары:
Конструкторлық бқйымдардың схемаларының ықшамдалуы;
Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестерінің ықшамдалуы мен жетілдірілуі;
Бұйымдардың негізгі бөліктерінің, яғни оның құрылымды элементтерінің, технологиялық процестерінің элементтерінің, жабдықтардың, қалдықтардың, өндірістің ұйымдастырылуының бірегейлендірілуі мен стандартталуы;
Біргейлендіру және бұйымдарды шығару бағдарламасы мен оның құрылымдық бөліктерін үлкейту негізінде деталь бойынша, функционалды және технологиялық тереңдету;
Механикалық өндеудегі детальдардың салмағын азайту;
Өндірістік процестердің рационалды ұйымдастырылуының принциптерінің сақталуының сараптамасы;
Уақыт есебінің бақылау және көліктік – қоймалық операциялардың механизациясы мен автоматизациясы;
Табиғи процестерге сәйкес технологиялық процестерді ауыстыру арқылы уақытты қысқарту;
Аралық үзілістерді қысқарту;
Техникалық дәйектелген уақыт нормаларының, қызмет көрсету нормаларының, ресурс шығындарының нормаларының салмағын көбейту.
Бақылау сұрақтары:
1.Технологиялық өндірістің және өндірісті ұйымдастыру функцияларының сипаттамалары.
2. Өндірістік процестердің және құрылымының түсінігі.
3. Өндірістік процестердің түрлерін атаңыздар.
4. Өндірістік процестердің рационалды ұйымдастыруының принциптері.
5. Уақыттағы өндірістік процестерді ұйымдастыру.
6. Кеңістіктегі өндірістік процестерді ұйымдастыру.
7. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың әдістері.
Әдебиеттер:
1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары
2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.
3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.
4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.
Достарыңызбен бөлісу: |