Өндірістік менеджмент пәні бойынша дәріс конспектісі


тақырып. Жұмыс орындарын ұйымдастыру



жүктеу 0,99 Mb.
бет3/6
Дата17.11.2017
өлшемі0,99 Mb.
#526
түріКонспект
1   2   3   4   5   6

8 тақырып. Жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Мақсаты:

Жұмыс орны – бұл негізгі жұмысты орындайтын, өндіріс екендігін есте сақтау және түсіну; өндірістік процестердің тиімді орындалуында жұмыс орындарын ұйымдастыруының маңыздылығын түсіну.


Жоспар:

1.Кәсіпорындардағы жұмыс орындарының түсінігі мен түрлері

2. Жұмыс орынының ұйымдастырылу процесінің мазмұны

3. Жұмыс орындарының қызмет көрсету функциялары мен қағидалары


1.Жұмыс орны өндіріс аумағының бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Жұмыскерлер мен бригадалар белгілі өндіріс тапсырмасын тиімді орындауы үшін ол технологиялық жабдықтармен қамтылған. Жұмыс орны кәсіпорынның өндірістік құрылымының бастапқы ұяшығы болып табылады. Жұмыс орнын ұйымдастыру өндіріс еңбегін жасау үшін жұмыс орнында барлық қажетті шарттарды құруға бағытталған кешенді шаралар ұсынады. Ол шараларға кіреді: жұмыс орнын рационалды мамандандырылған таңдау және оны керек жарақтармен жабдықтау; рационалды жоспарлау, барлық функциялар бойынша жұмыс орындардың үздіксіз қызмет көрсетуі. Жұмыс орындарын рационалды ұйымдастыру бойынша жұмыстың нақты мазмұны көптеген факторларға тәуелді болады: еңбек түрлері (ой еңбегі немесе физикалық, ауыр немесе жеңіл, әртүрлі немесе монотонды ), еңбек шарттары (ыңғайлы немесе қолайлы емес), өндіріс түрлері және т.б.

2. Жұмыс орындарын ұйымдастыру оны жоспарлаудан басталады, яғни белгілі өндірістік аумақта (жұмыс орны аймағында) орналасқан өндірістің барлық материалдың элементтерінің масштабтық сызбаларын әзірлеу (жабдықтар, технологиялық пен ұйымдастырулық жабдықтау және т.б.) және жұмыскерлердің еңбек етуі үшін қауіпсіз және барынша ыңғайлы жағдайлар жасау үшін әртүрлі қолайлы аумақтарды құру.

Жұмыс орындарын жоспарлау сыртқы және ішкі деп ажыратылады. Сыртқы жоспарлау жұмыс орнында негізгі технологиялық және көмекші жабдықтардың тиімді орналасуын анықтайды.

Жұмыс орнының ішкі жоспарлауы технологиялық жабдықтаудың және құрал – жабдықтардың сәйкес сөрелерге тиімді орналасуды анықтайды. Ішкі жоспарлау жұмыстың қолайлы түрін, еңбектік қозғалыстардың біркелкі жасалуын қамтамасыздандыруға міндетті. Жеткізерлік аумақтардың өлшемдері жұмыс істеу түрлерінен (отырып, тұрып) және жұмыстың көрсеткіштеріне тәуелді болады. ҒЗЖ еңбегі жасалған және дұрыс жеткізерлік аумақтың типтік схемасы келтірілген. Жұмыс орындарының жіктемесі суретте көрсетілген:

Жұмыс орындарының ұйымдастырылуына ықпал ететін факторлар – белгілер:


  1. Өндіріс түрі

  2. Еңбекті бөлудің сипаты

  3. Қызмет көрсететін жабдықтардың саны

  4. Еңбекті механизациялау дәрежесі

  5. Объектісіне байланысты орындалынатын жұмыстың сипаты.

Жұмыс орнының ұйымдастырылуының басқа негізгі жағынан оның жабдықтандыруы шығады. Жұмыс орнын жабдықтау оның аумағындағы технологиялық және қосымша жабдықтардың, технологиялық және ұйымдастырудың, жабдықтардың, дабыл құралдарының, қауіпсіздік техникаларының және т.б. орналасуымен түсіндіреледі және өндіріс түрлерінен, жұмыс орнын жабдықтармен қамтамасыз етуін арнайы (жаппай өндірісте қолданылатын), мамандандырылған (ірі және сериялық өндірісте қолданылатын), әмбебап (ұсақ сериялық және жеке өндірісте қолданылатын) түрлеріне тәуелді болады.

3. Жұмыс орнының қызмет көрсету жүйесінің ұйымдастырылуының тиімділігіне еңбек өндірісі, өндіріс ырғақтылығы, өнімнің сапалылығы тәуелді болады. Жұмыс уақытының жоғалу себептерін игеру барысында 70 % - ға жуық ішкі жүйелік жоғалту жұмыс орнының қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастырылмағаннан деп көрсетеді, осыдан оның жақсаруы жүзеге асырылады.

Жұмыс орнының қызмет көрсетуіне келесі функциялар кіреді:


  • өндірістік дайындалған (жұмыс орнын техникалық құжаттамамен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыздандыру);

  • Көліктік және жүк тиеу – жүк түсіру (еңбек заттарын жұмыс орнына жеткізу, дайын өнімді жеткізу және өндіріс қалдықтарын жою);

  • Жабдықтандыру (құрал – саймандармен және жабдықтармен қамтамасыздандыру);

  • Реттеушілік (станоктарды және басқа технологиялық жабдықтарды реттеу);

  • Энергетикалық (жұмыс орнын энергиямен қамтамасыздандыру);

  • Бақылау (шикізат сапасын, дайын өнімді бақылау);

  • Жөндеу (жөндеу жабдықтары);

  • Қоймалық (жинақтау, есеп, материалды, дайын өнімді сақтау және беру);

  • Шаруашылық – тұрмыстық (жұмыс орнында тазалық пен тәртіптің сақталуы);

Жұмыс орнының қызмет көрсетуінің негізгі принциптері: жоспарлық, ескертпелік, жинақтылық, уақыттылық және үнемділік.

Өндіріс түрінің тәуелділігінен дайындалатын өнімнің күрделілігі және басқа нақты шарттар келесі қызмет көрсету формаларын ажыратады: кезектілік және баяу өтетін.

Жұмыс орнын ұйымдастыратын және қызмет көрсететін жобалау еңбекті ұйымдастыратын картасы және құжат статусын алған немесе кәсіпорынның стандартын алған жұмыс орны ретінде қарастырылады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Жұмыс орны бастапқы және кәсіпорынның өндіріс құрылысының маңызды бөлігі ретінде.

  2. Жұмыс орны қалай жіктеледі?

  3. Қандай шаралар өзіне жұмыс орнының ұйымдастырылуын қосады?

  4. Менеджменттің жұмыс орнында қызмет көрсетуінің негізгі функциялары мен қағидаларын атаңыз.

Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.



9 тақырып. Өндіріс түрлері және кәсіпорынның өндірістік құрылымы.

Мақсаты:


«Өндіріс түрі» түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтау, оны анықтайтын сипаттама; өндірістің әртүрлі түрлерін ажырататын сипаттамаларын игеру; кәсіпорынның өндірістік құрылымының және оның негізгі элементтерінің мәнін анықтау; кәсіпорынның өндірістік құрылымының түрлерімен және қағидаларымен танысу.
Жоспар:

1. Өндірістің әртүрлі түрлерін сипаттау

2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының түсінігі мен түрлері

3. Өндірістік құрылымының негізгі элементтері


1. Өндіріс ұйымдастырылуының элементтері және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық факторлардың байланыстырылуының қорытынды сипаттамасы, бұйымдардың номенклатурасының көлемімен және тұрақтылығымен анықталады. Өндірісті ұйымдастыруды қарастырған формаларының байланысынан және оның элементтерінің тәуелділігінен келесі өндіріс түрлерін ажыратады: жеке, сериялық, ірі сериялық және бұқаралық.

Өндіріс түрлері ең алдымен жұмыс орындарының мамандандыру деңгейін анықтайды. Ол өндіріс пен өнімнің ұйымдастырылуы – жоспарлық және конструкторлы – технологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер тәртібін білдіреді. Өндірістің нақты түріне сәйкес ұйымдастырушылық және экономикалық ерекшеліктерді, жұмыс орнын мамандандыру деңгейін толығымен сипаттайды. Өндіріс түрі операциялардың бекіту коэффицентімен және мамандыру коэффицентімен анықталады. Бұл коэффицент бір ай аралығында орындалатын немесе орындалуға тиісті әртүрлі технологиялық операциялардың санын, жұмыс орындарының санына, ауысу кезінде келетін жұмыскерлер санына қатысын көрсетеді. Бұл коэффицент жұмыс орындарында өндіріс жағдайларының тұрақтылығының дәрежесін анықтайтын факторлардың маңыздылығының санын біріктіреді. (3 - кесте)


Өндіріс түрлерінің мамандану коэффицентері:

Өндіріс түрі

К

Бұқаралық

1

Ірі сериялық

2 – 5

Сериялық

6 – 10

Жеке

> 11

Өндірістің бұқаралық түрі қысқа мамандандырылған жұмыс орындарында бұйымдардың шектелген номенклатурасының үздіксіз дайындалуымен сипатталады.

Өндірістің сериялық түрі шектелген номенклатурасының бұйымдарының партиялармен (сериялармен) қысқа уақыт аралығында кеңінен мамандандырылған жұмыс орнында дайындалуына себеп болады.

Өндірістің жеке түрі бір мөлшердегі бұйымдардың кең номенклатурасының дайындалуымен белгілі мамандандыруға ие болмайтын жұмыс орындарында белгісіз уақыт аралығында қайталанатын немесе мүлдем қайталанбайтын болып сипатталады

Өндірістің ірі сериялық түрі өз сипаттамасы бойынша бұқаралыққа, ал ұсақ сериялық - өндірістің жеке түріне жақын болып келеді.

2. Кәсіпорын цехтар мен шаруашылықтардың бір – бірімен байланысты әртүрлі кешеннен құралады.

Барлық цехтар мен шаруашылықтар кәсіпорын құрамына кіретін негізгі өндірістік цехтар, көмекші цехтар және қызмет көрсететін шаруашылықтар болып бөлінеді.

Негізгі өндірістік цехтарға машина, құрылыс - кәсіпорынның негізгі шығарылатын өніміне келесі цехтар жатады:



  • Дайындаушылық (құятын, ұсталық, ұста таңбалық т.б)

  • Өндірілетін (механикалық, техниалық, темір құятын цехтар, бояғыш цехтар т.б)

  • Жинақтаушылық (сынақтық станциямен түйіндік және жалпы жинақтық, балқыту – жинақтық т.б)

Көмекшілерге құралдық, жөндегіш, модельдік және басқа цехтар жатады. Негізгі мақсаттары өндірісті құрал жабдықпен технологиялық қамтамасыз ету, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстарды жабдықтауды жөндеулерді іске асыру.

Зауыттың шаруашылығына қызмет ететіндер (қоймалар, көліктік, энергетикалық т.б) негізгі және көмекші цехтар қажетіне сәйкес қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетеді.

Цехтар және зауыттар шаруашылығына қызмет ететіндер құрамы, сонымен қатар қызметінің үйлестіру түрі, кәсіпорынның өндірістік құрылымын анықтайды, яғни (өндірістің сипаттылық ерекшелігі есебімен) рационалды өндірістік байланыстарды бекіту және жеке бөлімшелер – цехтар арасындағы пропорционалды өндірістік салалар мен негізгі өндірістің жұмыс орындарымен негізгі цехтар қажеттілігі мен көмекші цехтар және шаруашылыққа қызмет ететін мүмкіндіктері арасындағы дұрыс байланыстарын қамтамасыз етуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, өндірістік құрылым кеңістіктегі кәсіпорында әртүрлі процестердің рационалды ұйымдастырылуын қамтамасыз етуі керек.

Өндірістік құрылым әртүрлі мағынасымен ерекшеленеді. Онда сипатты үш өндірістік құрылымдар: технологиялық құрылым, заттық құрылым, араласқан құрылым.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементтері болып жұмыс орындары, участкілер және цехтар табылады.

Кеңістік ұйымдастырушылықтың алғашқы түйіні жұмыс орны болып табылады. Жұмыс орны деп, өндірістік процестің ұйымдастырушылық қатыстағы бөлінбейтін түйінді айтады, бір немесе бірнеше жұмысшылар еңбек ететін, анықталған өндірістік немесе операцияларды қызмет етуді орындау үшін белгіленген (немесе олардың топтарын), сәйкестендірілген құралдармен және ұйымдастырушылық - техникалық құралдармен жабдықталған саланы айтады.

Сала – жұмыс орындардың ретін біріктіретін, белгіленген белгілері бойынша топтастыратын өндірістік бөлімше, өндіріс процесіне қызмет көрсету немесе өнімді дайындау бойынша жалпы өндірістік процестің жүзеге асыруының бөлігі.

Өндіріс саласында негізгі және көмекші жұмыскерден басқа жетекші болады – саланың шебері.

Өндірістік салалар технологиялық және деталь бойынша мамандандырылады. Бір – бірімен тұрақты технологиялық байланыстармен байланыстырылған салаларда, цехтарда топтастырылады.

Цех – өндірістік құрылымға кіретін, өте күрделі жүйе, оған қосалқы жүйе ретінде өндіріс салалары мен функциялардың реті кіреді. Цехта күрделі өзара байланыстар пайда болады: ол күрделі құрылыммен және жетілдірілген ішкі және сыртқы өзара байланыстырылатын ұйымдармен сипатталады. Цех ірі кәсіпорынның негізгі бірлік құрылымы болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Қандай сипаттамалар өндіріс түрлерін анықтайды?

2. Бұқаралық өндірістің сипаттамаларын атаңыз.

3. Сериялық өндірістің сипаттамаларын атаңыз.

4. Жеке өндірістің сипаттамаларын атаңыз.

5.Кәсіпорынның өндірістік құрылысын қандай негізгі элементтер құрайды?

6. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының түрлеріне сипаттама беріңіздер.
Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

10 тақырып. Өндірісті басқару процесі және оның ұйымдастырылуы
Мақсаты:

Өндірістік басқару процесінің мазмұны мен мәнін түсіну мен игеру; басқару циклының схемасын анықтау; өндірістің басқару функциясын қарастыру және толықтыру; «менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» курсындағы «Басқару құрылымының ұйымдастырылуы» тақырыбын қайталау (еске алу).


Жоспар:

1. Өндірісті басқару процесінің жалпы сипаттамасы

2. Басқару циклы және өндірістік менеджментің функциялары

3. Бақылау аппаратын ұйымдастыру


1. Өндірісті басқару процесін ізбасарлық және жетілдіруі бойынша бақылау қызметкерлердің бақылау шешімдерін қабылдау және жүзеге асыруындағы өзара байланысты әрекеттерінің жиынтығы деп елестетуге болады. Өндірісті басқару процесін анықтаудың басқа да шешімі бар. Ол менеджмент функцияларын спецификалық (өндірістік) және ортақ (негізгі) жүзеге асыру процесі ретінде қарастырылады.

Кез – келген түсінікте басқару принциптерінің тәжірибесіне басқару қызметкерінің іс – әрекетінің жалғаспалы теориялық негіз жағдайында және ғылымдармен жасалған жекешелік, міндеттерді қолайлы реттеу, иерархия деңгейлерінің қолайлы саны, жүргүзушілердің ақпаратпен қамтамасыздандырылуы, бақылаудың тұрақтылығы, орындаушының нәтижеге қызығушылығы және т.б. жүзеге асады.

Басқаруға функционалды көзқарас материалдық өндіріс саласында кең сұранысқа ие болады. Өндірісті басқару функциясы алуан түрлі және оны жан - жақтан қамтиды. Оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:


  • Біртектілігі бойынша: жалпы, негізгі, арнайы;

  • Қызмет саласы бойынша: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік;

  • Еңбек құрамы бойынша: ғылыми зерттеулер, өндірісті дайындау, оралымдылық басқару, материалдық жабдықтау, өткізу, кадрларды басқару және т.б;

  • Басқару объектілері бойынша: кәсіпорын, цех, сала, бригада;

Бақылау функциялары бақылау сферасында айыру және еңбектің мамандануын бейнелейді және өндіріс процесінде адамдардың ұйымдастырушылық тәртібіне ықпал ету сатыларын анықтайды.

Өндірісті басқарудың негізгі (жалпы) функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, координация (реттеу) және бақылау, яғни, бұл кез – келген адам қызметінің бақылау қызметінің мәнін, құрайтын функциялар. Олардың мәні «Менеджменттің теорисы мен тәжірибесі» курсында қарастырылады.

Сонымен қатар, өндірістік менеджментте осыған есеп және талдау, реттеу, сияқты функцияларға толықтыру қажеттілігі пайда болады.

Басқару функция үрдіс барысында бір –бірін толықтырады және үйлеседі, ол жиынтық пен өзара байланыста басқару циклын жасайды және күнделікті өндірісті басқарудың мазмұнын бейнелейді.

2. Ерекшелік (өндірістік) басқарудың аппараттық функциялары алуан түрлі және кәсіпорынның ерекшеліктерімен және қызмет ету сфераларын (жалпы басқару, өндірісті басқару, маркетингті басқару, кадрларды басқару, қаржыларды басқару және т.б) тығыз байланысты. Басқарудың нақты функцияларының әрқайсысы өндіріс объектісіне нысаналық ықпал етуін қамтамасыз ету үшін бөлінеді. Әр функция объектінің жалпылығын, мақсаттар мен нәтижелерін сипаттайтын басқару жұмыстарының түрлерін біріктіреді.

Нақты еркше (өндірістік) функциялардың ерекшелуіне дамыған көзқарас барында қазіргі таңдағы кең тараған өндірісті басқаруды қолданамыз. Оның негізінде басқаратын объектінің ерекшеліктерінің тікелей өтетін ықпалымен - кәсіпорындарда өндірістің оның барлық деңгейінде функциялардың бөлінуі жатыр. Осыған байланысты бұл функциялар «өндірістік» атына ие болады.

Өндірістің бірінші сатысында, шартты түрде дайындық деп атаймыз, оны үш кезеңге бөлуге болады: техникалық - технологиялық, экономикалық және әлеуметтік, дайындық. Осы сатының нақты (өндірістік) функциялары: маркетингтік зерттеулер, өндірістің техникалық және технологиялық дайындығы, техникалық – технологиялық жоспарлау, материалды – техникалық – жабдықтау, еңбектің ұйымдастырылуы мен төлемі, қызметкер.

Меншікті өндіріс сатысында негізгі процестерді тікелей ұйымдастыру көмекші – қызмет көрсететін қызметпен үйлестіріледі және техникалық ұйымдастырушы – экономикалық түрлерге бөлінуі мүмкін. Сәйкесінше бірнеше түрдегі басқару функцияларына мыналарды жатқызуға болады: еңбектің және өндірістің ұйымдастырылуын, шұғыл басқару, өндірістік логистиканы, тірі және затқа айналған еңбектің бастапқа есебі және т.б. Өндірісті техникалық жағынан басқару мына функциялармен көрсетілген: технологиялық, көліктік, жөндеулік, энергетикалық және қазіргі қызмет көрсету, өндірістік байланыс, капиталды құрылыс, қайта құру, модернизация және т.б

Үшінші (қорытынды) сатыда дайын өнімнің жүзеге асырылуы жүреді. Осыған сәйкес басқарудың мына функциялары ажыратылады: дайын өнімді сақтау, жарнама, тауардың өтімділігі және т.б. Аталған және көптеген басқа функциялар өндірісті фкнкционалды басқаруды сипаттайды. Олар өндірістің нақты сатыларымен шартталады. Өндіріс бағдарламасын дайындауды қамтамасыздандыру үшін, барлық функциялардың қызметін үйлестіру және топтау керек. Бұны жалпы басқару немесе сызықтық басқарудың функциясы жүзеге асырады.

Өндіріс шарттарының өзгеруімен масштабының, мамандандырылудың және т.б функциялардың мөлшері мен сандары өзгере алады.

3. Объективті функциялардың орындалуы үшін оңаша құрылымдылық бөлімшелермен (қызметтермен, бөлімдермен, секторлармен және т.б) басқару аппараты (ұйым ретіндегі менеджмент) құрылады. Тек қана функциялардың жиынтығында дұрыс функциялау және басқарылатын объектінің, яғни кәсіпорынның жетілдіруін қамтамасыз етеді.

Басқару аппараты сабақтастық және өзара әрекеттік буындардың жүйесін және қойылған мақсаттарға жету үшін барлық қызмет жағынан тиімді басқаруды жүзеге асыру үшін сәйкес өкілеттіліктерді үйлестірілген оңаша жұмыскерлері ұсынады.

Басқарудың функция бойынша жұмыс құрамы мен көлемін анықтау, бақылау аппаратын тиімді құрудың лауазымдық нұсқаулардың негізі болады.

Оңашаланған жұмыскерлерге бекітілген функциялар жағдайларда және лауазымдық нұсқауларда ұйымдастырушылық регламенттеуге тиісті болады. Басқарудың оңашаланған жұмыскерлері және қызметтердің жинақталуы, өзара қатынастары мен салыстырудың белгілі тәртібі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында ажыратылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Өндірісті басқару жайлы сіздің түсінігіңіз?

2. Басқарудың негізгі өндірістік функцияларын атаңыз.

3. Басқару функциясы мен лауазымдық өкілеттілікті не біріктіреді?

4.Басқару аппараты дегеніміз не?

5.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына анықтама беріңіздер.


Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.


11 тақырып. Өндірісті жоспарлау.
Мақсаты:

Өндіріс менеджментінің маңызды функциясы жоспарлау екендігін анықтау;

өндірісті жоспарлау процесінің тапсырмалары мен кезеңдерін игеру, кәсіпорын жоспарының түрлері және олардың мазмұны; кәсіпорындағы өндірістің ағымдағы жоспарлауын ұйымдастыруды игеру.
Жоспар:

1. Өндірістік жоспарлаудың мәні мен мазмұны

2. Өндірісті жоспарлау түрлері мен олардың қысқаша мазмұны

3. Өндірістің ағымдағы жоспарлауының ұйымдастырылуы

1. Жоспарлау – өндірісті басқарудың ең маңызды функцияларының бірі. Бұл ең алдымен кәсіпорынның болашақта дамуын және тиімді функцияландыруын қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар шешім қабылдау мен әзірлеу процесі. Жоспарлау екі мағыналық себептің ішіндегі үздіксіз процесс болып табылады. Біріншіден, қойылған мақсаттарға жету, жаңа мақсаттардың әзірленуін талап етеді. Екіншіден, болашақтың анықталмауы, қоршаған ортадағы тұрақты өзгертулер, өз артынан мақсаттардың түзетуіне қажеттілігін кіргізеді, шынайы жағдайлармен үйлестіру. Жоспарлау кезінде бизнес - ортаның өзгеру мүмкіндігін болжауы қажет етіледі, өйткені, қаншалықты болашақтың болжау бағалары дұрыс қойылса, қандай да болсын басқару шешімі мен оны жүзеге асыру барысы соншалықты тиімді болады. Бұл өндірістің жоспарлау мен болжауы бір процестің екі кезеңін көрсетуіне сілтейді.

Жоспарлық шешімдердің нысаны мыналар болады: кәсіпорындардың стратегияларының әзірленуі және мақсаттардың қойылуы, қызметтің ішкі және сыртқы шарттардың өзгерілуіне сәйкес ресурстардың бөлінуі және қайта бөлінуі, керекті стандарттарды анықтау және т.б. Осындай шешімдерді қабылдау осы сөздің кең мағынасында процестің мазмұндық жағы болып табылады.

Тар мағынадағы жоспарлау кәсіпорынның нақты іс - әрекетін және оның болашақ кезеңінің мақсаттарына жету бойынша анықталатын арнайы құжаттарды – жоспарлар, программалар, графиктер және т.б құруына әкеледі.

Өндірістік жоспарлау жалғаспалы жүзеге асатын кезеңдердің қатарынан тұратын күрделі процесті көрсетеді:



  1. Мақсаттар мен тапсырмалардың қойылуы;

  2. Жоспарлаудың дайындалуы;

  3. Бюджеттің дайындалуы;

  4. Жоспарлардың нақтылануы.

2. Өндірісті басқарудың ғылымы мен практикасында кәсіпорында жасалынатын жоспарлардың түрлерін анықтайтын түрлі көзқарастар бар. Бұл жоспарлардың жалғаспалы уақыт бойынша талдаманың үш дәрежесінің бөлінуінде көрсетіледі:

- Болашақ жоспарлар;

- Орта мерзімдік жоспарлар;

- Қысқа мерзімдік жоспарлар.

Болашақ жоспарларды стратегиялық жоспарлауға жатқызуға болады. Қалғандары тактикалық жоспарлауды көрсетеді. Болашақ жоспарлар 5ж. - 15ж. дейінгі кезеңді алады. Нақты мерзімі қызмет түрімен анықталады. Осындай жоспарлар әр уақытта кәсіпорынның жалпы стратегиясының бейнесін көрсетеді. Орта мерзімдік жоспарлар негізінен техникалық – экономикалық мазмұнды құжаттарды көрсетеді. Олар қабылдаған болашақ жоспар негізінде жасалынады және оның нақтылығын және бөлшектеуін ұсынады. Осындай жоспарлар кәсіпорындардың әр бөлімшелерінде жасалынады.

Қысқа мерзімді жоспарлар қысқа мерзім уақытында әзірленеді (1жылға дейін) және де орта мерзімге ұқсас технико – экономикалық бағытында болуы мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі мазмұнның жоспары мынадай болады: өнімділік көлемі; қуаттылық мөлшері; ресурстармен қамтамасыз ету қажеттілігі; қаржыландыру мәселелері; әлеуметтік даму ұжымы т.б.

3. Тактикалық (орта мерзімді және қысқа мерзімді ) жоспарлау бір жыл уақыт деңгейінде немесе қысқа мерзімде қамтылады. Ол ағымдағы жоспарлар түрінде жүзеге асырылады, тактиканың мазмұны ол мәселенің шешімі, берілген кәсіпорын алдында тұрған жоспарлау кезеңі. Бұл байланыста тактикалық жоспарлау тәжірбиеде ағымдағы жоспарлау өнімімен тығыз, ол біріккен теориялық тәжірбиені дайындау және кәсіпорында үдерістік қызмет жүргізу, бұл бүкіл элементтер іс - әрекетінің өндірісті жетістікке жеткізу үшін қамтамасыз етілген біртұтастық мақсат.

Ағымдағы жоспарлау құбылысы ол алғашқы стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның іске асыру кезеңі болып келеді. Бастапқы дәл ағымдағы жоспарлау, ағымдағы жылға өнімді өткізуді болжау үшін қызмет етеді. Ағымдағы жоспарлау ол біріккен жоспарлау түрлері мен қызметтік кәсіпорындар айырмашылықтарын түсіндіреді. Ағымдағы жоспарлау талдамасы бастапқы бөлімшеден басталады. Олардың алдында тұрған тапсырма, талдамалы жоспарлардың іс – әрекетін және ресурстардың болуын, олардың шешімін талап ету. Бұл байланыста жоспарлар бюджет немесе смета бөлімшелерімен сипатталады. Болжау жасау – ол соңғы есептік бөлімшелердің бүкіл жоспарларының құрылу негізі. Негізінде жылдық жоспарларды талдаумен ағымдағы жоспарлардың құрамдас бөлігі ретінде қысқа мерзімдік (айлық, тоқсандық) жоспарлар іске асырылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Жоспарлық өнімнің мәні неден тұрады және оның негізгі міндеті?

2. Неге нарықтық қатысынастар жағдайында жоспарлау мәселесі жолға қойылады?

3. Кәсіпорында қандай жоспарлар жасалынады?

4. Қандай жұмыстар жоспарлық үдеріске қосылады?

5. Ағымдағы жоспарлардың ұйымдастырулық жүйесін сипаттаңыз.


Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

12 тақырып. Өндірісті жедел басқару.
Мақсаты:

Менеджменттің өндіріс жүйесіндегі жеделдік басқару орнын және маңызын анықтау; тапсырмаларды оқу, өнімнің шығарылған жеделдік жүргізілуі; операторлық – күнтізбені жоспарлау өніміндегі жүйені қарау; диспетчерлендіру және басқа да қазіргі жүйелік операторлық басқарумен танысу.


Жоспар:

1.Операторлық басқару мәні мен мазмұны

2.Операторлық – күнтізбені жоспарлау – негізгі операторлық басқару функциясы

3. Дипетчерлендіру операторлық басқару жүйесінде


1.Операторлық басқару – негізгі менеджменттегі өндіріс процесінің жалпы бөлігі. Ол біртұтастық басқару жұмысын көрсетеді, тікелей немесе жанама өнідірстік процестегі ұйым байланысын және оларға әсер ету мақсатымен өнімдік жоспарларды іске асырады. Бұл жұмыс, ұйымды игеру және өнімді өндірістегі операторлық – күнтізбелік жоспарлардың орындалуы және ауысым- тәулік тапсырмалардың цехтық деңгейіндегі, участкілер мен жұмыс орындары; ұжым жұмыс орнымен қамсыздандырылған бәріне қажетті тапсырма; ұжымдық есеп және бақылау барысындағы өндіріс; өндірістің реттеу тәсілі. Цехаралық деңгейінде операторлық басқару қағидаттық мәселелерді шешу үшін жүзеге асырады, өндірістік бұйымның ауыстырылуы, жаңа бағдарламалық бұйымдарға қосылу, жиынтық бұйымдарды жеткізу, ішкі материалды қолдану, еңбек және қаржы ресурстары.

Операторлық басқару өндірстік цехтық жұмыстың орындалу, регламенттелуінің айқындамасы әрбір уақытта өндірістік бағдарлама және номенклатура - күнтізбелік жоспардың факторлыққа байланысты өндірістік жағдайы қойылады. Олператорлық басқарудың өндірістік жұмысы нақты уақыт масштабымен, өнім өндіретін кезінде және бұйымдарды жинақтауда үзіліссіз болуын жүзеге асырады. Уақытша горизонтты операторлық басқару цехта бір айдай болуы мүмкін, телім ( бригадалар) және ауыстырым интервалы жұмыс орындарында – бір жетіде. Цехаралық деңгейінде – бұл интервал айдан жылға дейін кеңейеді. Мұндай үлгімен, операторлық өндірістегі басқару үздіксіз күнделікті өндірістік кірісті анықтау тәсілімен орындайды, цехтардың ұжымға мақсатталған әсерін көрсету, участкілер және жұмыскерлерге қамтамасыз ету бағдарламаның өндірістік сөзсіз орындалуы.

2. Операторлық басқарудың негізгі функциясы – операторлық – күнтізбелік жоспарлау. Ол тапсырманың орындалуын нақтылайды және құрылған ағымдағы жоспарды қамтамасыз етеді. Бұл үдерісте ағымдағы жоспарлау кеңістікте бөлшектенеді (өндірістікте, цехтарда, участкілерде), уақыт бойында (сағат, ауыстырыммен, өндірістік бөлінумен). Бұндай нұсқамен әрбір өндірістік бөлшек өзінің күнтізбелік жоспарын алады. Барлық жоспарлар бір – бірімен келістірілген, егер бір жағдаймен бөлшек жоспардан бөлінсе, онда өндірістік жүйе тұрақсыздық күйге келеді. Операторлық жоспардың негізгі элементі; жоспарлы – есептік бірлік; жоспарлы – есептік кезең; жоспарлы – күнтізбелік нормалары; жоспарлы – күнтізбелік нормалардың әдістемелік есебі және құрамы;

Оперторлық жоспарлау сфера бойынша екіге бөлінеді: цехаралық және ішкі цех.

3. Диспетчерлік тексеріс және өндірстік кірісті реттеу негізінде жиналған өндірістік бағдарламамен және тапсырмалармен орындалатын мәліметтерді орындайды. Берліген кіріс туралы өндірістік факт жоспарлармен салыстырылады, содан соң талдау жасалынады және кешендік істелген детальдармен, шығарылған бағдарламалар анықталады, біріктірілген бірлік пен бұйым өндірістік кірісті тексеру диспетчерлік цехтық кәсіпорын келесі бағытпен орындалады; номенклатурлық жоспардың бұйымдарының шығарылу тексерісі; операторлық дайындау мен өндірісті тексеру; қамтылған бөліктерді қарау; диспетчерлік жүйенің өндірістік кірісі нақты ұйымда реттелу керек, өндірістік кірісін тексеріп қамтамасыз ету; тез және нақты басқаруды орындау; барлық өндірістік диспетчерлік іс жүргізудің ағымдағы жұмысының масштабтық кәсіпорыны орталық диспетчерлік бюросына жатады (ауыстырым диспетчерлері және операторлар), бас директорға бағынатындар (өндірістік басқарушыларға бағынатындар).

Соңғы кезде операторлық басқару жүйесіндегі, операторлық реттеуді қолдануға көп көңіл бөлінген.


Бақылау сұрақтары:

1.Операторлық басқару мәні мен мазмұнына сипаттама беріңдер.

2. «Операторлық – күнтізбені жоспарлау – негізгі операторлық басқару функциясы» ұғымына түсінік беріңдер.

3. Диспетчерлендіру операторлық басқару жүйесінде.


Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау