Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін
бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды
деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №
1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған
(бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
бағдарламасы
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру
бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде
Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл
шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының
орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін
қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
5. "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
30 желтоқсандағы № 1136
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 583-
қаулысына
құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалардың
:
тізбесінде
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
"
6
.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай
кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021
жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігі
2017 –
2021
жылдар
".
6. Осы қаулыға
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
қосымшаға
күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 919 қаулысымен
бекітілген
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға
арналған бағдарламасы
1. Паспорт (негізгі параметрлер)
Атауы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017
– 2021 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін
негіздеме
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына
Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9
қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы
Үкіметтік
бағдарламаны
әзірлеуге және
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік
органды
көрсету
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі –
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны
жалпы үйлестіру
Мақсаты
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды
кәсіпкерлікке тарту
Міндеттері
1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және
кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша
жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен
қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
Іске асыру
мерзімдері
2017 – 2021 жылдар
Нысаналы
индикаторлары
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай
мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
2) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-
тоқсан – 4,9 %); жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы
және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы
3-тоқсан – 27 %);
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен
қамтылған адамдардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан
– 16 %);
4) белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды
(2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті)
Қаржыландыру
көздері және
көлемі
1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 – 40 295 647 мың теңге;
2018 – 40 664 637 мың теңге;
2019 – 41 540 291 мың теңге;
2) жалпы сипаттағы трансферттердің есебінен бөлінетін қаражат:
2017 – 45 038 436 мың теңге;
2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге
2. Кіріспе
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол
жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды.
Дүниежүзілік Банктің деректеріне сәйкес 2000 жылдан бастап мемлекетіміз жан басына
шаққанда тұрғындардың табысының 7 пайызға жуық нақты өсуіне қол жеткізіп, әлем экономикасындағы
ең тез дамушы 10 елдің тобына кірді.
Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін
неғұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына, еңбек
өнімділігінің артуына және жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың,
әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.
Осы проблемаларды шешу үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы"
шеңберінде
бағдарламасы
2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды.
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының ("2009 және 2010
жылдардағы жол карталары") логикалық жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою
тетіктерін қамтиды.
Сонымен бірге, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен
байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз