артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде
қоныс аударуға жәрдемдесу
арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн;
4) экономикадағы жұмыс орындарын ашудың жеткіліксіздігі;
2010 – 2015 жылдары экономиканың өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты.
Соңғы 6 жылдағы жиынтық экономикалық өсудің үштен біріне жуығы сауда есебінен қамтамасыз етілді
, тағы 15 %-ын – көлік қызметі, 13 %-ын – ақпарат және байланыс қосты. Тауарлар өндірісі
экономика өсімінің тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте оның үлесі жылдан жылға азаюда.
Мәселен, 2013 жылы өсімге тауар өндірісінің қосқан үлесі 28,1 %-ды құраса, 2014 жылы ол
17,2 %-ға дейін қысқарған, ал 2015 жылы экономикалық өсімнің бар-жоғы 15,9 %-ын құраған.
Сол жылдары сауданың үлесі тиісінше 2013 жылы – 30,6 %-ды, 2014 жылы – 29,2 %-ды және
2015 жылы – 10,6 %-ды құраса, көлік және қоймаға жинау секторы 2013 жылы – 12,9 %-ды, 2014 жылы
– 16,7 %-ды және 2015 жылы – 33,9 %-ды құраған, ақпарат және байланыс секторы – 2013 жылы – 12
%-ды, 2014 жылы – 10,9 %-ды және 2015 жылы – 4,6 %-ды құраған.
2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамтудың өсіміне қосқан үлесіне
келетін болсақ, жұмыспен қамтудың 28 %-ға өсуін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік
басқару тәрізді мемлекеттің қатысуы басым салалар қамтамасыз етті. Мемлекеттік кәсіпорындар
құратын жұмыс орындарын есептегенде мемлекеттің жалдамалы жұмыскерлер қатарының өсуіне қосқан
жиынтық үлесі 50 %-дан асады.
Осылайша, кейінгі жылдары жеке меншік секторы жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарының
аз ғана санын құрайды.
Әлемнің дамыған елдерінің табысты тәжірибесі микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту
және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін шешуге ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігі
мен ауқымын арттыратынын көрсетеді.
Сондықтан, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шаралары қызмет көрсету саласын және
ауылдағы кооперацияларды кеңейтуді ескере отырып, микрокредит берудің көлемін ұлғайтуды,
құралдар мен инфрақұрылымдарын, сондай-ақ оқыту арқылы кәсіпкерлік дағдыларды арттыруды қамтитын
болады.
Еңбек нарығына және іске асырылған іс-қимылдарға жасалған талдау мыналарды айқындайды.
1. Мықты жақтары:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар қызметінде
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне басымдық;
2) мемлекеттік халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын іске асыруда жаңартылған
нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің болуы;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларын іске асыруға қомақты ресурс бөлу;
4) институционалдық базаның, әлеуметтік-еңбек саласы деректерінің және жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруда айтарлықтай тәжірибенің болуы;
5) халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен және әлеуметтік әріптестік өкілдерімен
ынтымақтастық.
2. Осал жақтары:
1) үлкен аумақта тұратын халық саны салыстырмалы түрде аз болған кезде жергілікті нарық
ауқымының төмен болуы;
2) экономикалық өсім қарқынының баяулауы;
3) аумақтық және демографиялық диспропорция;
4) көлік байланысының нашар болуы;
5) кадрларды даярлау жүйесі тиімділігінің салыстырмалы түрде төмендігі.
3. Мүмкіндіктері:
1) экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды іске асыру;
2) кадрлар даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек ресурстарының
сапасын арттыру;
3) мемлекет пен кәсіпорындардың еңбек ресурстарының қажетті саны мен сапасына қызығушылық
танытуы;
4) мемлекеттің, бизнестің, халықтың еңбек нарығындағы ахуал, трендтер мен мүмкіндіктер
туралы өзекті ақпаратқа қызығушылық танытуы;
5) халықты жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің әлеуетін пайдалану;
6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды тез дамуы, "электрондық үкімет"
және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ілгерілету.
4. Қауіп-қатер.
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шараларын қаржыландыруды қысқартатын саяси шешімдер
қабылдау;
2) елдегі және өңірдегі негізгі әріптес елдердегі экономикалық жағдайдың нашарлауы;
3) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.
Әлемдік саясатта еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта
даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық
жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін
жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі
мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің
өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.
Сондықтан Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ
елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды
кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал
ететін болады.
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру
нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1 Бағдарламаның мақсаты
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
4.2 Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаның 2021 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:
1) Жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %)
2) Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек
ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %)
3) Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %)
4) Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды