Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет3/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

      31) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қосымша білімнің білім 

беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;

      32) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық элементтер 

мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын

іске асыратын жылжымалы оқу орталығы;

      33) аудандық (қалалық) комиссия – жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері 

жөніндегі ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;

      34) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық 

көмек көрсетуге және жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, мүдделері мен еңбек нарығының 

қажеттіліктерін есепке ала отырып біліктілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар

кешені;

      35) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа 



орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шартты негізде жұмыс беруші құратын жұмыс 

орны;


      36) әлеуметтік келісімшарт – тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, 

еңбекақы мөлшері мен шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтитын жұмыспен қамтудың 

белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылатын Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту 

орталығы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың арасындағы келісім;

      37) кәсіптік ақпараттандыру – қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес еңбек нарығындағы

ахуал, игерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі, қайта оқытудан өту, біліктілікті 

арттыру туралы ақпарат ұсыну;

      38) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс 

аударушы ішкі көшіп-қонушы;

      39) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), 

жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, 

отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы 

жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

      40) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша 

әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы 

төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

      41) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары 

оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері 

алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын

еңбек қызметінің түрі;




      42) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және

астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті 

аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы 

атқарушы орган;

      43) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек 

етуге дайын адамдар;

      44) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында 

белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды 

тұлға;

      45) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң 



алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуін талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын 

қамтамасыз ету үшін әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

      46) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің 

қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы 

жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық 

комиссия;

      47) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар 

қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 

шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту 

туралы" Қазақстан Республикасының 

 (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға 

Заңына

жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;



      48) "Еңбек нарығы" ААЖ – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі 

құрамындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қосқанда жұмысқа 

орналастыруда делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыру әрі 

ведомствоаралық өзара іс-қимыл мақсатында Бағдарлама операторының, еңбек ресурстарын дамыту 

орталығының, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен 

қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

      3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2006 жылмен 

салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындар санының 11 %-ға өсуімен бірге жалдамалы 

жұмыскерлердің де саны 1,5 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 178 мың адамға және өзін-өзі 

жұмыспен қамтыған адамдардың саны 448 мың адамға төмендеді.

      Жұмыссыздық (жалпы, жастар арасында, ұзақ мерзімді) деңгейі орта есеппен 47 %-ға қысқарып

, бүгінгі таңда экономикалық белсенді тұрғындар санының 4,9 %-ын (445 мың) құрайды.



жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау