Мазмұны кіріспе І тарау дене мәдениетінің пайда болуы


ІІI ТАРАУ. Шетелдердегі дене мәдениеті мен спорттың жағдайлары



жүктеу 1,02 Mb.
бет4/6
Дата28.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#6189
1   2   3   4   5   6

ІІI ТАРАУ. Шетелдердегі дене мәдениеті мен спорттың жағдайлары
3.1. Жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыстары туралы.
І-дүниежүзілік соғыс капиталистік жүйенің жайлап тозуына алып келді. Себебі, Ұлы Қазан социалистік төңкерісінің әсері дүниежүзілік жүйені екі топқа бөлді - социалистік және капиталистік. Жалпы дағдарыс жағдайында буржуаздық елдерде еңбек пен капиталдың, жұмысшы тап пен капиталистер арасындағы қарама-қайшылықтар одан әрі ұшыға түсті. Капиталистік жүйеде спорттық-гимнастикалық қозғалыс екі бағытта болды - жұмысшы және буржуазиялық.

Шетелдердегі жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыс КСРО-ның социалистік жүйесінің әсерінен болды. Көптеген елдерде коммунистік-жұмысшы партияларын құра бастады. Әсіресе, Чехословакияда жұмысшы спорты жақсы дамыды. Чех жұмысшы-спорттық қозғалысы ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Олар біртіндеп өз қатарын кеңейте түсті. 1921 ж. Чехо-словакия жұмысшы-спорттық қоғамының федерациясы құрылды. Олар коммунистік партияның қолдауымен сол жылы-ақ Спартакиада өткізді. Оған 20 мыңнан астам еркектер мен әйелдер қатысты. Спартакиада елдегі жұмысшы-спорттық қозғалыстың өсуін көрсетті. Чехтың алдыңғы қатарлы ойшыл-ұйымдастырушылары, белсенді адамдары Клемент Готвальд, Александр Запотоцкий болды.

Болгарияда І-дүниежүзілік соғыстан кейін «Спартак» атты жұмысшы-спорттық қоғамы пайда болды. Оның жасақтары София, Плевна және басқа да қалаларда құрылды. Жұмысшы спортшылардың бұл ұйымдары Қызыл спорттық интернационал құрамына енген. 1923 ж. Болгария коммунистік партиясының жұмысына тиым салынғаннан кейін, жұмысшы спортына да үлкен зиян келді. Тек 1930 ж. жұмысшы спорты Болгария компартиясының және жастар ұйымының қолдауымен қайтадан дүниеге келіп, ІІ дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін өз жұмысын істеді.

Венгрияда жастар арасында «Мункаш» атты спорттық ұйым үлкен жұмыстар атқарды. 1919 ж. бұл клубтың жұмысшы жастары өз елінде халық өкіметі жағында күресті. Венгрияның жұмысшы спорттық ұйымдарында футбол, жеңіл атлетика, күрес және спорттың басқа да түрлері кең етек алды.

Финляндияда осындай жұмысшы-спорттық ұйымы болды. Ол ұйымның (ТУЛ) негізі 1919 ж. қаланды. ТУЛ финн жұмысшыларын спортпен айналысуына жағдайлар жасады. Бұл ұйымның спортшылары Кеңес Одағына спорт түрлерінен жарыстарға келіп тұрды. Олар жеңіл атлетика, футбол, гимнастика, шаңғы және коньки спорты бойынша жарыстар өткізіп, бірі-бірімен тығыз байланыс жасауға ұмтылды. Финн спортшылары КСРО-ның 1928 ж. өткен І бүкілодақтық спартакиадасына қатысып, бірқатар спорт түрлерінен жүлделі орындарды жеңіп алды. Жұмысшы спорттық ұйымның кейбір өкілдері финн ұлттық олимпиадалық құрама командасының мүшесі болды.

Сондай-ақ, Францияда жұмысшы спорты ХХ ғасырдың бірінші онжыл-дығында пайда болды. 1934 ж. барлық жұмысшы-спорттық ұйымдар Францияның спорттық-гимнастикалық федерациясына біріктірілді. Ол ұйым Франция еңбекші бұқарасының арасында спортты дамыту үшін үлкен жұмыстар атқарды, спорттағы милитаризм мен фашизмге қарсы шықты. Бұл ұйым жергілікті және ұлттық жарыстардан басқа, ірі халықаралық кездесулерге ұйтқы болды. Соның бірі - «Юманите» газетінің жүлдесі үшін өткізілген жарыстарға кеңес спортшылары да қатысты. Қазіргі кезде атал-мыш қашықтықтың этаптарының біріне кезінде осы жарыстардың жеңімпаз-дары аталған ағайынды С. және Г. Знаменскийлердің атындағы жүлде тігілді.

Неғұрлым көп мүшесі бар жұмысшы спорттық ұйымдарының біріне Неміс жұмысшы спорттық-гимнастикалық одағы болды. Бұл ұйымның мүшелерінің саны әсіресе Германияның фашистік басқару кезеңіне дейінгі уақытта көбейді. 1919 ж. болған 100 мың адамнан 1932 ж. 1 миллионнан астамға дейін өсті. Неміс жұмысшы-спорттық қозғалысында басқа елдерге қарағанда жұмысшы-спорттық ұйымдары арасындағы қайшылықтар көбірек болды. Бір жұмысшы-спорттық ұйым Германия компартиясының ықпалында болса, екінші жұмысшы спорттық одақтар Германияның социал-демократтық партиясы мен байланыста болды. Германияның жұмысшы-спорттық ұйымдарында Э.Тельман, В.Пик, В.Ульбрихт, Э.Хонеккер секілді халықаралық коммунистік қозғалыстың қайраткерлері белсенді қатысты. Германияда фашистік диктатура орнатылғаннан соң, барлық жұмысшы- спорттық ұйымдар жабылды.

Австрия, Бельгия, Англия, Швейцария, Швеция, Норвегия т.б. елдерде де жұмысшы спорты өзіндік дамыды. Тек жұмысшы-спорттық қозғалыстың дамуына сол елдердегі социал-демократтық топ басшыларының капитализм-ге деген оң көзқарастары, жұмысшы-спорттық қозғалысты майда топтарға бөлуі кедергі болды. Жұмысшы табынан шыққан белді азаматтар оңшыл-оппортунистік саясатқа қарсы шығып, дүние жүзінің пролетарларының бірігуіне спорт арқылы жеткізіп отырды.


3.2. Кәсіпқой спорттың пайда болуы
І дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың әлемдік қаржы-экономикалық жағдайлары бірден күшейіп кетті. Ол әлемдегі қуатты мемлекетке айналды. АҚШ-тың империалистік буржуазиясы дүние жүзіне өзінің үстемдігін орнату мақсатында «американдық өмір сүру салтын» басқа капиталистік елдерге уағыздай бастады. «Американдық өмір сүру салтын» насихаттаудың бір жолы ретінде, американдық спортшылардың халықаралық жарыстарда қатысуы болды. Жастарға идеологиялық тұрғыда ықпал ету және әскери-дене қимылы дайындығы амал ретінде спортқа үлкен мән беру арқылы АҚШ-та спорттық ұйымдардың іс-қызметін бақылау күшейді. Штаттардың басым көпшілігінде мектептердегі дене қимылы дайындығының арнайы заңдары қабылданды. Бұл заңдар арқылы қаржылай демеушілік, дене тәрбиесінің оқытушыларын дайындау және дене тәрбиесі сабақтарына бөлінген уақыт мөлшері анықталды. Сонымен, дене тәрбиесі буржуаздық тәрбиенің жалпы жүйесінің бір бөлімі ретінде заңдастырылды. Мектептер мен скаут ұйымдарында 17 жасқа дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі назары буржуаздық моральді спорт пен ойындарға көп көңіл бөлінді де, ал гимнастикаға аз көңіл бөлінді. Ауқатты, бай адамдардың балалары дене тәрбиесі білімін колледждер мен университеттерде алып, клубтарда спортпен айналысты. АҚШ-тың колледждері мен университеттері спорттық жұмыстардың негізгі орталығы болып саналды. Американдық колледждер мен университеттер де жеңіл атлетика, жүзу, баскетбол, ескек есу спорты, теннис, бейсбол, кеңінен таралды. Американдық өзіндік спорттық қозғалыстың негізгі рөлін 1988 ж. ашылған әуесқой атлеттік одақ атқарды. Ол одақ университеттік клубтардан басқа, АҚШ-тағы спорттық ұйымдардың барлығының іс-қызметін бақылады. Бұл атлеттік одақтың басшылығында ірі қаржы және өндірістік капиталдың өкілдері тұрды.

ХІХ-ғасырдың аяғында, ХХ-ғасырдың басында дүние жүзінің Европа елдерінде, әсіресе, АҚШ-та кәсіпқой спорт жеделдетілген түрде дами бастады. Оның себебі капиталист-бизнесмендердің дене мәдениеті, спорт саласында ақша істеп, пайда табу жолдарын қарастыра бастауы еді. Кәсіпқой негіздегі спорттың дамуы, пайда табу үшін істелінген тірліктер пресса, кино, радио, теледидар арқылы жарнамалаудың жолына түсті. Бұл өндірістің арнайы коммерциялық саласы - спорттық тресттер, компаниялар ашуға, стадиондар мен басқа да спорттық ғимараттар салуға, кәсіпкерлерге үлкен табыс әкелетін жарыстар мен сайыстарды ұйымдастыруға әкелді. АҚШ-та кәсіпқой спорт бизнес түріне айналды. Спорт саласындағы епті пайда тапқыштар спортшыларды пайдаланудың арқасында жақсы табыс көрді. Мысалы, 1927 ж. АҚШ-та ұйымдастырылған кәсіпқой бокстан дүние жүзі чемпионы атағын жеңіп алу үшін өткізілген кездесудің барысында, ұйымдастырушылар 2 миллион доллардан астам пайда тапты. Бокс, баскетбол, теннис, гольф, хоккей, регби т.б. секілді спорт түрлерінен үлкен мөлшерде ақшалар тігіліп, спортшыларды құл ретінде сатып, алып жатқан заман еді. АҚШ бизнесмендері стадион, спортклубтар, спортзалдары мен алаңдарын салып, одан жанкүйерден төленетін ақша, тотализатор ойнау, әртүрлі жеңіл-желпі тамақтар сатып, одан да басқа ақша табудың көздерін қарастырып, байыған үстіне байи берді. Спортшыларды құл ретінде басқа егесіне сату, олармен күш-қайраты бар кезінде өздеріне ыңғайлы контракт жасау т.б. пайдакөштену жолдарын істей берді.

Сонымен, бірінші және екінші дүние жүзі соғыстары арасындағы кезеңде буржуаздық спорттық-гимнастикалық қозғалыс одан әрі милитаризациялау жолында дами түсті. Бұл жастардың жаңа дүниежүзілік соғысқа әскерден тыс дайындығының маңызды амалы ретінде болды. Буржуаздық спорт идеологиялық тәрбиенің бір амалы ретінде қолданылды. Неғұрлым дамыған капиталистік елдерде спорт үлкен бизнес көзіне айналды.

Спортшыларды ақша табу мақсатында барынша пайдалану үшін, адам төзгісіз жағдайларды істеді. Олардың барлық күш-қуатын сарқа пайдалану үшін, жаттықтырудың небір сан-алуан түрлері пайда болды. Жарыстардағы көрсеткіштер, спорт түрлерінен әлемдік рекордтар үстін-үстін жаңара берді. Соның есесінен спорт жағынан спорттық команда немесе спортшы иегерлері жаңа жетістіктерге жету үшін, тактикалық, техникалық, дене қимылы қасиеттерін дамыту үшін, небір құйтырқы әрекеттерге бара бастады. Спорттық жетістіктерге неғұрлым оңай, жеңіл жету үшін спортшыларға анаболиктер, стероидтер, тиым салынған дәрі-дәрмектер мен препараттарды күштеп қолдандыра бастады. Оның нәтижелері көп ұзамай-ақ шыға берді. Спортшылар мүгедектікке ұшырап, керек емес, бағы мен күші қайтқан кезде, көшеге аяусыз лақтырылып жатты.


3.3. Буржуаздық спорт қозғалысы туралы.
І-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия және оның одақтастары жеңілгенін мойындамай, қайта басқыншылық армиясын құра бастады, әскери реваншқа дайындалып, бұл мақсаттарда спорттық-гимнастикалық қозғалыста пайдаланды. Жеңімпаз елдер (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) өз кезегінде жаңа дүниежүзілік соғысқа дайындалу мақсатында спортты милитарланды-руды күшейтті. Осыған байланысты, барлық басты капиталистік елдерде спорттық қоғамдардың ұйымдасқан түрде қайта құрылуы жаңа жүйемен ауысуы болып жатты. Ол елдер спорттық ұйымдардың іс-қызметтерін бақылауды күшейтті. Оқу орындарында, әсіресе, мектептерде дене тәрбиесін жақсылап жолға қою басты назарда болды. Бұл кезеңдегі буржуаздық мектеп таптық жағдайда еді. Мектептердегі дене тәрбиесі халықтық білім берудің буржуаздық жүйесінің құрамдас бөлімі ретінде көптеген «демократиялық» және фашистік мемлекеттерде заңды түрде орнатылды. 20 жылдардың басында АҚШ-тың 41 штаттарында міндетті түрдегі дене тәрбиесі туралы заңдар қабылданған. Германияда дене тәрбиесі мектептегі басты пәндердің бірі болып саналған аталмыш заңнамалар Францияда, Англияда, Италияда қабылданған. Олардың пайда болуы әскери қызмет туралы заңмен, соғыстан кейінгі жылдары өткізілген әскери және мектеп реформаларымен тығыз байланыста болды. Олардың барлығы жастардың әскерден тыс әскери-дене қимылы дайындығын жоғарылатуға бағытталған. Мектеп дене тәрбиесінің әдістемесінде спорт пен ойындардың көбеюіне үлкен мән берілді. Соғысқа дейінгі жасанды жаттығулардан, саптық жаттығулардан тұратын снарядтық гимнастиканы спорттық-ойындық әдістер ығыстырды. Дәл осы уақытта көптеген капиталистік елдерде (Австрия, Польша, Германия, Литва, Латвия, Дания және т.б.) Ж.Эбердің табиғи әдістемесімен қатар, Нильс Буктың (1880-1950жж) негізгі гимнастикасы және Карл Гаульгофердің (1885-1941жж) және Маргарита Штрайхердің табиғи мектеп гимнастикасы кең танымал болды.

Н. Буктың жүйесі швед гимнастикасының модернизацияланған нұсқасынан тұрды. Ол жастардың әскерден тыс дайындығына арналды. Оның жүйесі бойынша сабақ үш бөлімнен тұрды: 1) снарядсыз жаттығулар; 2) шведтік үлгідегі снарядтық жаттығулар; 3) жүру, жүгіру, секіру жаттығулары. Бір сабақта ағымдағы әдістегі орындалған 40-50 жаттығуларды қолдану ұсынылған.

К.Гаульгофер және М.Штрайхердің табиғи гимнастикасы бірінші дүние жүзі соғысына дейінгі мектептерде таралған А. Шписстің неміс гимнас-тикасын ауыстыруға арналған. Олар өздерінің жүйесін еңбек және еркін тәрбиенің жаңа буржуаздық педагогикалық ілімімен байланыстырды. К.Гаульгофер және М.Штрайхер өздерінің «мектеп гимнастикасының жүйесі» (1927 ж.), «табиғи гимнастика» (1930 ж.) атты еңбектерінде дене тәрбиесін кәдімгі табиғи жағдайларда табиғи дене қимыл жаттығуларын қолдана отырып үйретуге арналған өнер ретінде қарастырған. Олар мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы мен мазмұнын 3 бөлімге бөлді. Осы бөлімдердің әрқайсысына жаттығулардың келесі топтары кірді: 1) жандандыратын (тез жүру, жүгіру, секіруді қолданатын ойындар, тыныс алу жаттығулары); 2) денеге, тепе-теңдікті ұстауға күш пен ептілікті дамытуға арналған негізгі жаттығулар (жүру, жүгіру, секіру); 3) тынықтыратын (бір орындағы ойындар, жай жүру). Австриялық педагогтар дене тәрбиесінің негізгі амалдарына таза ауада айналысуға болатын күрес, жеңіл атлетика, бокс, жүзу, қысқы спорт түрлері, семсерлесу, туризм және басқа да жаттығуларды жатқызды.

Австрия мектеп гимнастикасы және дат ғалымы Н.Буктың негізгі гимнастикасынан басқа батыс Еуропа және Америка елдерінде «рух пен дененің үйлесімдігін» насихаттайтын Зуреннің гигиеналық гимнастикасының әдістері, «жеке-табиғи даму» теориясын жарнамалаған Боденің, сонымен қатар тұлғаның дұрыс қалыптасуын, бұлшық еттердің қатаюын, жалпақ табандылықтың, омыртқаның майысуын және басқа да дене кемшіліктерін алдын алатын «кип-фит» жүйесі кең танымал болды. Таза биологиялық негізде жасалынған бұл барлық жүйелер мен әдістер жастарды таптық күрестен арылтып, олардың жаңа дүниежүзілік соғысқа дене қимылы, әскери және идеологиялық дайындығын қамтамасыз ету үшін арналды.

Милитаризм қызметінде мектептердегі дене тәрбиесі ғана емес, сонымен қатар, барлық буржуаздық спорттық-гимнастикалық қозғалыстар да болды. Әсіресе, олар жастардың әскери-дене қимылы дайындығын және идеологиялық тәрбиесін одан әрі дамыту мақсатында Германияда, Италияда, Жапонияда, АҚШ-та, Францияда, Англияда және Скандинавия елдерінде қолданылды. Олар армияны жасақтауда дене мәдениеті және спорт ұйымдарын тарта отырып, солардың дене қимылы дайындығын бетке ұстап, армияны милитарландыра бастады. Әртүрлі гимнастикалық спорттық үйірмелер, мектептер, клубтар ашыла бастады. Онда жеңіл атлетика, күрес, бокс, жүзу, спорттың қысқы түрлері, семсерлесу, туризм т.б. спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс істеді.

І-дүниежүзілік соғыстың нәтижесінің себепкері Германия болғандықтан, халықаралық сот оған ешқандай да әскер жасақтауға рұқсат бермеді. Олар өздерінің құйтырқы әрекеттерін білдірмей, көзбояушылыққа салынып, спорттық жаттығулар өткізіп жатқансымақ болып, армиясын астыртын жасақтай бастады. Неміс жастарының милитаризациялауға, одан кейін фашизмге өтуіне Германиялық гимнастикалық одақ негізгі роль атқарды. Осы одақтың жетекшілері алдау тактикасын қолдана отырып, осы ұйымға жұмысшы жастарды көбірек тартып отырды. Нәтижесінде германдық жастар реакцияшыл күштердің айтақтауына түсіп, герман мемлекеті фашистік мемлекетке айнала бастады. Сол кездегі 30-40-шы жылдарда әлемде небір өзгерістер болып жатты. Соны өз пайдасына пайдалана білген Гитлер үкімет басына келісімен, солшыл күштерді көзін құрта бастады. Сөйтіп, Германия Европада қайтадан билікшіл елге айнала бастады. Дене мәдениеті мен спортты өз пайдаларына жарата отырып, неміс елі армиясын күшті қарулы күштерге айналдырды.

Италия Германия елін жақтайтын, онымен одақтас ел болып алып, өз әрекеттерін істей бастайды. Олар да дене мәдениетін, спортты жақсы жолға қояды. Әскерде дене мәдениетімен, спортпен айналысу, білім ордаларында дене тәрбиесін негізгі сабақ ретінде қарау - бұл елдің де қарулы күштерін жақсартуға септігін тигізеді.

Жапония елі ежелден келе жатқан жаугерші мемлекет ретінде танылған. Гитлермен, Муссолинимен одақтас болған Жапония дене мәдениетін, спортты жақсы жолға қойғанын, олардың самурайды даярлау мектебінің жасаған істері арқылы білуге болады. Шығыс жекпе-жек түрлері жақсы дамығандықтан, әрбір солдаттың жеке психологиялық қабілеттіліктері жақсы дамитын бусидо, харакири, камикадзе терминдері таныс болу керек. Дүние жүзін басып алуға тырысқан жоғарыда аталған мемлекеттердің жалпы дене қимылы дайындығы, ұрыс қимылдары кезінде міндетті түрде керек болатын дене қасиеттерін мектептерде, спорттық клубтарда, арнайы базаларда дамыту жолдары жоғары деңгейде қойылған.

Австрия мектеп гимнастикасы өзіне байырғы көршілес болған неміс гимнастикалық жүйесімен ұқсас болды. Оның негізінде плацтық (саптық жаттығулар өтілетін алаң) жаттығулар және гимнастикалық топтық жаттығулар еді. ІІ-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Австрия Германия елінің саясатын қолдағандықтан, барлық оқу-жаттығу жүйесін осы елден алды. Оның үстіне, дене қимылы қасиеттерін статикалық жаттығулар арқылы дамытқан бұл мектеп, барлық жаттығуларды әскерилендірілген түріне өткізе бастады. Сол кездегі хал-ахуал бойынша, халықаралық жағдай шиеленісіп тұрған еді. Германия елі жәйлап алдымен Чехословакияны басып алды, одан кейін Польшаны, әрнәрсені желеулетіп Англия және Франция елдеріне соғыс ашты. Осындай жағдайлар жалғыз ғана Австрия емес, бүкіл Европа, Азия елдерінің дене қимылы қасиеттерін жүйелі түрде шұғыл дамыту жолдарын қарастырып, дене тәрбиесі жүйелерін қайта қарауға мәжбүр етті.

Сонымен, бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар арасында әлемдегі дене шынықтыру мен спорттың дамуы екі бағытта болды: социалистік және капиталистік. Біріншісі Ұлы Қазан төңкерісі арқасында дүние жүзінде пайда болған тұңғыш социалистік ел - КСРО-ның арқасында болса, екіншісі - әлемнің қалған буржуаздық елдеріндегі спорттық қозғалыс-тың арқасында болды.

Капиталистік елдерде спорттық-гимнастикалық қозғалыс саяси бағытта-маға байланысты, екі топқа - буржуаздық және жұмысшы.
3.4. Соғыстан кейінгі дене шынықтыру

Ұлы Отан соғысының зардаптары кеңес халқына орасан зор зиянын тигізді. Елдің экономикасы құлдырап, басқыншылар жаулап алған аудандардың үй, ғимарат, егіншілік жерлері т.б. түгелімен тып-типыл етті. Соғыстан кейін дене шынықтыру ұйымдары алдында жаңа міндеттер тұрды. Бірінші кезекте соғыста талқандалған спорттық ғимараттар, стадиондар, залдар т.б. ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары тұрды. Әсіресе, уақытша неміс басқыншыларының қол астында болған аудандардың (Украина, Белоруссия, Ресейдің кейбір облыстары, Молдавия, Балтық жаға-лауы елдері) спорттық ғимараттары түгіл, баспаналары тып-типыл болған еді. Одан басқа, дене шынықтыру қозғалысының барлық сатыларын бейбіт өмірге байланысты, қайта құру, елдегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуының соғысқа дейінгі деңгейін одан әрі көтеру т.б. жұмыстарын орындау керек болды. Бірақ, оған қарамастан, спорт қоғамдары, комитеттері өздерінің берілген жұмыстарын жан аямастан істеді. Тылдағы қалаларда стадиондар, спорттық залдар мен алаңдар т.б. ғимараттар жұмыс істей бастады.

1943 жылдан бастап, соғыстан азат етілген жерлерде басқа салалар мен өндіріс орындарымен бірге дене шынықтыру және спорттық жұмыстар да орындала бастады. Атап айтса, жергілікті дене шынықтыру және спорт бөлімдері ашылып, бұқаралық спорттық іс-шаралар қолға алынды. Қайта жөнделген стадиондарда, залдарда, алаңдарда спорт түрлерінен жарыстар, біріншіліктер басталып кетті. Спорттық мерекелердің дабырасы одаққа тарап, шетелге асып кетті. Ол туралы көптеген шетел ақпарат құралдары жазды. 1944 ж. маусым айында Киевте Орталық стадион ашылды. Соған байланысты, дене шынықтыру мерекелері өтті. 1945 ж. Мәскеуде Қызыл алаңда дене мәдениеті қызметкерлерінің, спортшылардың парады өтті. Содан бері жыл сайын тамыздың екінші демалысында «Дене шынықтырушы күні» аталып өтеді. Бұл парадтың сол кезде маңызы зор еді. Соғыстан кейінгі халықтың көңіл-күйін көтеруге, соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарды, ғимараттарды т.б. объектілерді қайта қалпына келтіру үшін, халықты ынталандыруға, еңсесін көтеруге арналған іс-шара еді. Спорттық шеберлілікті жетілдіру мақсатында мемлекеттік жаттықтырушы қызметін тағайындап, спорт түрлері бойынша елде 80-нен астам жастардың спорттық мектептері ашылды.

Дене шынықтыру қозғалысының аясы жыл сайын өсе берді. Одақтас республикалар арасында өзара туыстық көмек үлкен мәнге ие болды. Соғыс өрті шарпыған Украина, Белоруссия, Молдавия, Эстония, Латвия, Литва республикаларына спорттық жабдықтар, құралдар, әдебиеттер көптеп жіберілді. Спорт түрлерінен ел біріншіліктері, дене шынықтыру мерекелері, спартакиадалар өте бастады. Бұл өз кезегінде спортшылардың спорттық шеберлілігін жоғарылатуға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары бірнеше ірі жарыстар өткізілді, онда спортшылар өз шеберліктері-нің өскенін дәлелдеді. Сол жылдары ІІІ және ІҮ кәсіподақтардың бүкілодақ-тық спартакиадалары (1946 және 1948 ж.ж.), «Ғылым» ЕСҚ студенттік спар-такиадасы (1947 ж.), Ресей спортшыларының жазғы және қысқы мерекелері (1947 және 1948 ж.ж.) өтті. 1946 және 1947 жылдары «Динамо» стадионында 40 мыңдай спортшы қатысқан денешынықтырушылардың бүкілодақтық парады өтті.

Спорт және дене мәдениеті жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында 1945 ж. 28 қыркүйекте КСРО ХКК (Халық Комиссарлары Комитеті) «Дене мәдениеті және спорт комитеттеріне көмек көрсету және жұмысын жақсарту» туралы қаулысын шығарды. Содан тез арада басқа бағытта жұмыс істеп жатқан спорт ғимараттарын өз мақсатында пайдалану, дене мәдениеті және спорт мамандарын даярлау секілді жұмыстарды қолға алды. Қайтадан спорт түрлерінен жарыстар, спартакиадалар өткізіле бастады. 1947 ж. спорт шеберлігін арттыруды одан әрі жандандыру мақсатында өткізілген жарыстарда алтын, күміс, қола медальдармен марапаттай бастады. Бұл іс-шара халықтың дене мәдениеті мен спортқа қызығушылығын арттыра бастап, жандандыра түскен еді. Кәсіподақтық, студенттік, қысқы, жазғы спартакиадалар, спорттық шерулер өткізілді. 1948 ж. аяғында Мәскеу, Ленинград, одақтас республикалардың дене шынықтыру ұйымдарының жұмыстары соғысқа дейінгі деңгейге жетпек түгілі, кейбір көрсеткіштер бойынша тіпті, асып та кетті. Бірақ, халық шаруашылығының, ғылымның, мәдениеттің дамуы, кеңес адамдарының дене шынықтыру деңгейін одан әрі жоғарылатуға талап етті. Спорт саласында халықаралық жарыстардағы көрсеткіштерді жақсарту, шетелдік спорттық ұйымдармен қарым-қатынас-тарды кеңейту секілді, міндеттер қойылды.

Алапат соғыстан кейін еңсесін енді жинай бастаған ел ішкі, ел арасын-дағы жарыстардан сыртқы, яғни, халықаралық, дүниежүзілік жарыстарға шыға бастады. Соған себепкер ретінде 1948 ж. 27 желтоқсанда Коммунистік партия Орталық Комитетінің «Партияның нұсқауларын спорт және дене мәдениеті комитеттерінің орындауы, дене мәдениеті қозғалысының дамуы, Кеңес спортшыларының шеберлігін арттыруы» туралы қаулысы шықты.

Дене шынықтыру және спорт жұмыстарының басты мақсаттарына бұқаралық денешынықтыру қозғалысын дамыту, спорттық шеберлілікті жетілдіру, спорттың маңызды түрлерінен дүние жүзілік біріншіліктерде жоғары орындарға күресу секілді, талаптар қойылды. Бірақ, бұл міндеттерді орындау, әсіресе, бұқаралық дене шынықтыру қозғалысы саласында экономикалық қиындықтардың, рекордтар, медальдар, ұпайлар үшін күрестің шаңында қалып кетті. Оған қоса, дене шынықтыру мен спорттың дамуын басқаратын ұйымдастырушылық құрылымның жетілдірмегендігінен болды.

Бірақ, сол кездегі асыра сілтеушілік, көзбояушылық, бюрократия спорт пен дене мәдениетінің өрістеуіне өзіндік кесірін жасады. Талай жыл басқа-рып келген, осы саланың майын ішкен Н.Н. Романовты осы комитет төраға-лығынан бір алып, бір салуы содан туған себептер еді. Әр басшы ауысқан сайын, дене мәдениеті және спорт комитеті әр саланың қол астында болды. Оларды біресе Денсаулық сақтау министрлігіне қосты, біресе өз алдына дер-бес етіп шығарды. Бұнымен спорт басқармасының әуре-сарсаңы біткен жоқ. 1959 ж. қаңтар айында КСРО-ның сол кездегі басшысы Н.С. Хрущев бүкілодақтық спорткомитетті «коммунизмге біз ақылы дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге бармаймыз», деген жалаң сөзінен кейін қайтадан таратып, оның орнына қоғамдық бастамамен жұмыс істейтін «спорттық ұйымдар мен қоғамдардың Одағы» ұйымын құрады. Тарих көрсеткендей, ол одақ өз міндеттерін орындай алмады. Сондықтан, 9 жылдай өмір сүрген бұл ұйым жабылып, қайтадан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы дене шынықтыру және спорт Комитеті құрылды. Осындай келеңсіздіктер дене шынықтыру мен спорт саласына өзінің үлкен зардаптарын әкелді, дене шынықтыру қызметкерлері арасында бюрократияның, асыра көрсету, қағазбастылық, ұпайларды өтірік қоса беру т.б. жағымсыз әрекеттердің кесірінен бұқаралық спорттық жұмыстар тұрып қалды. Дегенмен, спорт қоғамы барлық салада өсті, қарқын алды.

Кәсіподақ ұйымдары дене шынықтыру, спорт және туризм жұмыстарын зауыт-фабрикаларда, ауылдарда, мекемелерде, оқу орындарында дамытты. Дене шынықтыру қозғалысының материалдық базасына әрдайым көңіл бөліп, оны жетілдіріп отырды. 1957 ж. аяғында кәсіподақтардың бүкілодақ-тық комитеті ерікті спорттық қоғамдардың құрылымы жүйесін өзгерту, олардың құрамын көбейту, сапалылығын арттыру жұмыстары жөнінде шешім қабылдады. Көптеген салалық майда ЕСҚ орнына орталық-тандырылған, аудандық-салалық қағида бойынша қайта құрылды. Көптеген спорттық қоғамдар ашылды: «Локомотив», «Крылья Советов», «Торпедо», «Пищевик», «Қайрат», «Колос», «Трудовые резервы» т.б. Барлық кәсіподақ-тық ЕСҚ жұмысын бақылап, реттеп отыратын кәсіподақтардың ерікті спорттық қоғамдарының бүкілодақтық кеңесі құрылды.

Бұқаралық дене шынықтыру қозғалысының дамуы материалдық базаның, дене шынықтыру кадрларын дайындау жүйесін кеңейту мәселеле-рін шешуді талап етті. Көптеген жаңа гимнастикалық залдар, су және шаңғы станциялары, туристік базалар, альпинистік лагерьлер мен басқа спорттық ғимараттар халықтың игілігіне берілді. Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск, Баку, Алматы, Тбилиси, Даугавпилс және басқа да қалаларда барлық жағдайы жасалған стадиондар, ал, Харьков, Львов, Алматы қалаларында жабық бассейндер салынды, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтандыру жұмыстары қызу жүрді.

Барлық одақтас республикаларда спорт өркендеді. Спорт түрлерінен басқа, әр халықтың өз ұлттық ойындарын қосты. 1940 ж. 6 болған дене мәдениеті институттары соғыстан кейінгі 1958 ж. 16-ға дейін жетті. Көптеген педагогикалық институттарда дене мәдениеті факультеттері ашылды. Соның бірі: Шымкент педагогикалық институтында 1966 ж. дене тәрбиесі факультеті ашылды. Оның деканы болып (1971-1981 ж.) Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкері, Қаз.ССР еңбегі сіңген жаттықты-рушысы, спорт шебері Мардан Баймырзаұлы Сапарбаев қызмет етті. Ол кісі 1991 жылы дене мәдениеті техникумын институт етті, 1996 ж. педагогикалық дене мәдениеті институтын гуманитарлық университет етті. Педагогикалық ғылымдардың докторы, профессор, академик М.Б. Сапарбаев 50-ден астам спорт шеберлерін, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындап шығарған, облыстық мәслихат депутаты, облыс, республика, халықаралық деңгейде есімі белгілі қоғамдық қайраткер еді. 1996 ж. қайғылы қазаға ұшырады. Оның есімі мектепке, оқу орнына, көшеге берілген.

Дене мәдениеті және спорт жұмыстарын одан әрі ынталандыру мақсатында 1946 ж. «Дене мәдениетінің үздік қызметкері» значогі шықты. 1956 ж. «КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушысы» атағы шықты. Көптеген спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Әлем, Европа, Азия, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері атанды. Спортшыларды одан әрі қызықтыру мақсатында БүкілОдақтық Бірыңғай Спорттық Классификация ендірілді. Онда ЕҚД (ГТО) нормативтерін жаппай ұжым, мектеп, оқу орындарында тапсыру-қабылдау болып жатты. Соғыстан кейін спорттың кейбір түрлері жақсы дамыды. Бұған оқу-жаттықтыру жұмыстарының жақсаруы өз септігін тигізді. Кеңес елінде 50-ден астам спорт түрлері дамыды. Оның барлық дерлік түрлерінен ел, республика, облыс, қала, аудан, өлке біріншіліктері өтті.

Орта ғасырдың дене тәрбиесі феодалдық қоғамдық-экономикалық өркендеуі тұсына келді. Феодализм Европода, Азияда, Солтүстік Африкада Ү ғасырдан ХҮІІ ғасырдың 2-ші жартысына дейін, ал кейбір елдерде одан ұзақ уақыт өркендеді. Феодалдық қоғам екі негізгі тапқа - қанаушы феодалдар табы және қаналушы шаруалар табы болып бөлінетін. Феодализм кезінде үстем тап өкілдеріне феодалдар мен серілер және дін өкілдері жататын. Олар шаруалар мен қолөнершілерді аяусыз қанаудың арқасында өмір сүрді. Орта ғасырдың барлық кезеңдерінде қанаушы тап пен қаналушы тап өкілдерінің арасында таптық күрес тоқтамай жүріп жатты. Оның себебі, сол кездегі дене шынықтыруға тигізген әсерінде еді.

Ол кездегі қоғамда католик шіркеуінің ықпалы өте зор болды, бірақ сол ықпалы теріс консерваторлық болған соң көптеген жаңалықтар ашылмай, өспей, өнбей қалды, халықтың ақыл-ой дене тәрбиесіне орасан зор зиян келтірді. Христиан діні барлық салаларда басшы орындарды болды. Сол кездегі білім беру тәрбие салалары да олардан аса алмады. Діннің арқасында сол кездегі мектептер мен университеттер жастардың дене тәрбиесі туралы еш ойламады. Сонымен қоса, шіркеу өкілдері, әсіресе, феодализмнің дамуының алғашқы кезеңдерінде (Ү-ХІҮ ғасырлар) феодалдық құрылымды одан әрі күшейту мақсатында, серілердің әскери-дене қимылы дайындығына өте көп көңіл бөлді.

Ал серілер дене тәрбиесі таптық жағдайда және әскери қолданбалы түрде болды. Өздерін жоғары санап серілер өмірін ойнап-күліп өткізді, дене тәрбиесін менсінбеді. Олардың ойынша: соғыста өздерінің жеке қасиеттерімен, ерліктерімен жеңіске жетеміз деп ойлады. Бөтен жерлерді басып алды, шаруалар көтерілісін басуға қатысты, әскери жорықтарға шығып жүрді. Соның бәрін «серілік ерлік» деп бағалады. Оларды ат жарысы, семсерлесу, аң аулау, жүзу, садақ ату, шахмат ойнау, өлең шығару секілді өнерлерге баулыды. 7 ден 14 жасқа дейін паж болды 14-тен 21 жасқа дейін серілердің жанында қару-жарақ тасушы болды. 21 жастан бастап, турнирлерге қатысып, сері атағын алуға ұмтылды. Олар осы жасқа дейін сері керекті барлық ілімдерді білу керек еді. Олар серілікте дайындық ретінде дене қимылының жаттығуларын жасатты, төзімділік пен күштілікке баулыды. Серілер дене тәрбиесінде ойындар мен спортқа үлкен мән берілді. Ойындар қозғалмалы, спорттық, әскери болып бөлінді. Ойындар арасында француздық же де пом - теннис ойынына ұқсас; ағылшындық - суль: футболға ұқсас, голландтық гольф секілді ойындары болды. Әскери ойыннан - замокты қорғау, қала дуалдарын шабуылдау қимылдарын үйренді. Спорт түрлерінен - семсерлесу, атта шабу, күрес, найза, балға лақтыру, ұзындыққа секіру, садақ ату болды. Семсерлесу ережелеріне - фейхместерлер, атта шабу өнеріне берейторлар үйретті. Ойындар мен спорт түрлеріне: аң аулау, құспен, иттермен, атпен, жаяу аулаған. Соның ең соңғы тексеруі серілер турнирлері болды. Турнирлер - жаппай соғысу (бухурд) және жекпе-жек шайқастарға (жут немесе тьост) болып екіге бөлінетін. Жаппай қатысатын турнирлер үлкен алаңдарда өтетін, олар үлкен майданға ұқсас болатын. Жекпе-жек турнирлерінде серілер жекпе-жекке найза ұстап, атта шауып шығатын. Турнирлер әртүрлі себептерге байланысты өтіле беретін мысалы: ұлдың туылуы, серінің үйленуі, шайқаста жеңіске жетуге арналған, атақты бір феодалдың туылған күніне арналған т.б. Жекпе-жек турнирінің басталуының алдында сері «өз өмірін - корольге, жүрегін - ғашық әйелге, ар-намысын - өзіне» беретін болып, ант ететін. Турнирлер Англия, Германия, Испания елдерінде көп болды. Соңғы турнирлер XV ғасырда (Германия), XVI ғасырда (Франция) болып, серілік жайлап жоққа айнала бастады. Буржуазияның дами бастауы, оқ-дәрі, мылтықтардың шығуы серіліктің уақыт өте келе жойылуына әкеп соқты.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау