Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы


Алынған топтық индекс өнімді өткізудегі қарастырылатын өнімге



жүктеу 0,83 Mb.
бет2/5
Дата07.12.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3406
1   2   3   4   5

Алынған топтық индекс өнімді өткізудегі қарастырылатын өнімге


сапалық қасиеті жағынан сәйкестігін көрсетеді. Алайда, сапа тұтынушы үшін өнімнің құндылығын толық көрсете алмайды. Сондықтан құндық негізде өнімнің экономикалық параметрлері есептеледі. Тұтыну құны индексімен бейнеленетін талданатын өнім мен базалық өнімнің бағадағы айырмашылығы олардың бағалық бәсекелік қабілетін көрсетеді.

Тұтыну құны тауарды сатып алуға және жеткізуге (өткізуге) кеткен шығындармен өлшенеді. Бұл көрсеткіш формула түрінде былайша бейнеленеді:

Іэ = ЦП / ЦПб = ∑ Ij fj , (3)

мұндағы ЦП,ЦПб бағаланатын өнім мен базалық өнімнің тұтыну құндары;

Ij , fj - бағаланатын өнім мен базалық өнімнің тұтыну құнындағы

j – түрінің шығыны.

Сапалық және құндық көрсеткіштердің топтық индекстері негізінде, бағаланатын өнімнің базалық өніммен салыстырғандағы бәсекелік қабілетінің интегралдық көрсеткіші төмендегі формуламен есептеледі:

К = Ik / Іэ , (4)

бұл көрсеткіштердің негізгі мәні салыстырмалы өнімдердің арасындағы тұтынушылық тиімділікті бейнелеу. Сапалық және құндық индекстер арасындағы өзгешелік өнімнің бәсекелік қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ik шамасы өскен сайын өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткіші де арта түседі, ал Іэ көрсеткішінің мәні артқан сайын К көрсеткіші төмендейді. Егер алынған мәліметтер нәтижесінде көрсеткіші К<1 болса, онда бағаланған өнімнің базалық өнімге қарағанда бәсекелік қабілеті төмендеу болады. Ал К>1 болса, онда бағаланған өнімді өткізу деңгейі жоғары. К=1 жағдайда өнімдердің өткізілу деңгейлері бірдей.

Өнімді өткізу деңгейін анықтайтын өзіндік ерекшелігі бар келесі бір әдістеме – тұтынушыларға сұрау жүргізу арқылы жүргізілетін әлеуметтік әдіс. Бұл әдіс анкеталық сауал бойынша, өтімі көп өнімді анықтау нәтижесінде тиісті шараларды қабылдауға жағдай жасайды. Көптеген әдістердің ішінде бұл әдіс ең қарапайым және шығыны төмен болып есептеледі./10/

Негізінен, өнімді өткізу көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеріп отыратынын ескерсек, онда аталған әдіспен оның деңгейін жиі – жиі бағалауға болады. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның өткізудегі тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады. Өнімнің сапалық және тартымдылық қасиеттерін балдық жүйе бойынша анықтау тұтынушылардың берген балдық бағаларын (ең төменгісі 1 балдан, ең жоғарғысы 10 балға дейін) топтастыру арқылы орташа мән алынады және маңыздылық коэффициенттері белгіленеді.

Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден – бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Ішкі нарықтағы өнімдерінің бәсекелік ортасы, сондай – ақ, сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері өндірушілерді баға саясатын дұрыс жүргізуге итермелейді. Аталған әдіс өнімдерді өткізу көлемін анықтауға кең мүмкіндік береді. Өнімнің сапасы мен тартымдылық қасиеттері, оның бағасына шаққандағы құны тұтынушы үшін сатып алатын өнімнің қаншалықты тиімді болатынын көрсетеді. Себебі кез – келген тұтынушы үшін өнімнің тұтынушылық құндылығы сол өнімнің белгілі бір қасиеттері үшін төлеуге болатын шекті бағасымен сипатталады.

Сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың негізгі бағыттары, өнімді өткізу деңгейін бағалайтын көрсеткіштер классификациясынан көрініс табады.

Мөлшерленуіне қарай натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл, көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.

Өнімді өткізу деңгейінің бағалануына байланысты – базалық және қатысты көсеткіштер.

Анықталу кезеңіне байланысты – болжамды, жобалық, өндірістік, эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын белгілеріне байланысты – бірліктік және кешенді (топтық, жалпылама, интегралды) болуы мүмкін. Бірліктік және кешенді өнімді өткізу көрсеткіштері, обьектінің (жүйенің) сыртқы ортамен қатынасының қызықтыруына тәуелді түрлі топтарға біріктіріледі. Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде олардың арасындағы белгілі бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.

Өнімді өткізу , оның құрамын анықтаушылардың мөлшерін өлшеу негізінде бағаланады. Қазіргі заманда өнімді өткізу көрсеткіштерінің сәйкес топтары арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік, технологиялық, транспортабельділік, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері.

Пайдалану бағытының көрсеткіштері өнімнің қай салада, қай жағдайда қолданылатынын көрсетіп қана қоймай, осы өнімді пайдаланудан алынатын тиімді эффектті да айқындайды. Бұл көрсеткіш бағаланып отырған өнімнің көмегімен белгілі уақыт аралығында қандай көлемде өнім өндірілетінін немесе өндірістік қызмет көрсетілетінін айқындайды. Пайдалану бағыты көрсеткіштері тобына келесі топшаларды жатқызуға болады: классификациялық, техникалық тиімділік, функционалдық, құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.

Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық сенімділігі көінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым, радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.

Технологиялылықтың көрсеткіштері еңбек өнімділігін жоғарылату үшін қабылданған құрастырушылық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды, өнімді дайындауда немесе жөндеуде нақ осы технологиялылық арқылы өнім өндіру қарқыны, материал шығындарды, өндірістің технологиялық дайындығы, өнімді дайындау мен пайдалану кезінде кезінде еңбек құралдары мен уақытты рационалды бөлу деңгейі анықталады.

Транспортабелділік көрсеткіштері - өнімді пайдаланбай немесе тұтынбай тасымалдауға қолайлылығын сипаттайды.

Транспортабелділік көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:


  1. өнімді тасымалдауға орташа дайындау уақыты;

  2. өнімді тасымалдауға дайындауда орташа еңбексиымдылық;

  3. өнімді белгілі бір тасымалдау құралына орташа орналастыру уақыты;

  4. тасымалдау құралының көлемін пайдалану коэффициенті;

  5. өнімді белгілі бір тасымалдау құралынан орташа түсіру уақыты;

Транспортабелділік көрсеткіштерін бағалау үшін өнім бірлігінің массасы және көлемі, физико-механикалық құрамының көрсеткіштері, бұйымның габариттік көлемі, өнімнің сақталу көрсеткіштері, тасымалдау режимдерінің шекті рұқсат етілетін мәндері (транспорт шекті жылдамдығы, инерциялық ауыртпалықтар және т.б.), тиеу-түсіру жұмыстарының нормасы, аталып отырған өнімді тасымалдауда транспорт құралының жүк көтергіштігін немесе сиымдылығын мүмкіндігінше максималды пайдалану, тасылатын жүктің сыртқы жылулық және механикалық әсерлерге төзімділігі және т.б.сияқты тасымалдау үрдісін сипаттайтын алғашқы мәліметтер болуы керек.

Материалдық және еңбек шығындарын бір мезгілде, тасымалдау жұмыстарындағы адам саны мен біліктілік деңгейін және де уақыт факторын есептеуге мүмкіндік беретін бағалық көрсеткіштер транспортабелділікті неғұрлым толық және жан-жақты бағалауға көмектеседі.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалғандығын және патенттік тазалығын сипаттай отырып, бәсекелік қабілетті анықтауда маңызды фактор болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтағанда бұйымдағы жаңа техникалық және елдегі патентпен қорғалған шешімдерді, өндіруші және эспортталатын елдердегі бұйымның тауарлық белгісінің және өнеркәсіптік үлгісінің тіркеуден өтуін есепке алған жөн.

Өнеркәсіптік бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі 2 көрсеткіштермен бағаланады, олар: патентпен қорғалғандық (патент қабілеттілік) көрсеткіші және патенттік тазалық көрсеткіші.

Патенттік қорғалғандық көрсеткіші – бұйымды жасап шығаруда, оның құрамына қатысатын, шетелдерде де өндіруші елде де патентпен және авторлық құқықтармен қорғалған отандық өнертапқыштар жаңалықтары мен идеяларының саны мен алатын орнын сипаттайды.

Патенттік тазалық көрсеткіші – бұйымның ішкі және сыртқы нарықтарды еш кедергісіз өткізілуін сипаттайды.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді жөндеуде, сақтауда, тасымалдауда тұтынушы немесе эксплуатациялаушы адамды механикалық, электрлік, температуралық, улы және жарылғыштардан, акустикалық шудан, радиоактивтік сәулеленуден қауіпсіздендіретін өнімнің артықшылығын сипаттайды.

Әр кәсіпорында өнімді өткізуге ішкі және сыртқы сияқты түрлі көрсеткіштер әсер етеді.

Ішкі көрсеткіштерге кәсіпорынның өнімді өткізуге сәйкес өнім өндіру қабілетімен, яғни кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты көрсеткіштер жатады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады:

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

- экономикалық;

Техникалық көрсеткіштер - өнімді өткізуге тікелей әсер етеді, өйткені жаңа технологияны, жаңа материалдарды, неғұрлым сапалы шикізатты пайдалану – бәсеке қабілетті өнім өндірудің материалдық негізі.

Ұйымдастырушылық көрсеткіштер – еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен, өнім сапасына жаупкершілікті және өндірістік тәртіпті күшейтумен, өндіріс мәдениетін қалыптастыру және персоналдың біліктілік деңгейін сәйкестендірумен байланысты.

Экономикалық көрсеткіштер - өнімді өндіру және өткізу шығындарымен, баға саясаты және персоналды жоғары сапалы өнім өндіруге экономикалық ынталандыруға айтарлықтай әсер етеді, осының барлығы бәсеке қабілетті өнім өндірудің маңызды құрамдас бөліктері.

Нарықтық қатынас жағдайында сыртқы көрсеткіштер өнімді өткізуге әсер етеді. Сыртқы немесе қоршаған орта қай кәсіпорынның болмасын қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Сыртқы ортаның барлық әсерлерін жеке-жеке мынадай: экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, бәсекелестік, халықаралық және әлеуметтік факторларға бөліп көрсетуге болады.

Нарытағы жаңа тауарлар жетістігі үшін негізгі мәнге оның технологиялық сипаты, дизайны тұтынушылық қасиетіне ие. Ал тұтынушымен кері байланыс тауардың тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді. Нарыққа жаңа тауармен шыққан фирма бәсекелестіктің мүлдем болмауынан немесе мәнсіз болуынан нарықта айрықша орын алады. Нарықтағы тауарға және тұтынушы талғамына байланысты фирма жоғарғы беделді бағамен бастайды. Бағалар басқа кезеңдерге қарағанда жаңашылдығы мен біртектілігіне байланысты жоғары болады. Бұл кезде баға саясаты мүмкіншілігін тиімді пайдалану керек. Алайда «сілкініс стратегиясы» кезінде фирма нарықтың төмен бағасын қолдануы мүмкін. Бұл кезде табыс уақытша болмайды немесе ол мәнсіз болып, фирма залалға ұшырайды. Бірінші тұтынушылар – барлық жаңа тауарға ұмтылатын және бірінші тұтынушы атынан қанағат алатын жаңашылдар. Тұтынушылар жаңа тауарларға уақытша енжарлық танытады. Сондықтан оларды жаңа өнімді алып көруге сендіру керек, бұл көптеген маркетингтік шығындарды талап етеді. Жарнама ақпараттық сипатқа ие және оған көптеген құралдар жұмсалады./12/

Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдар арқылы. Тауарды тікелей өткізу арқашан да тиімді емес, сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен, тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналарды қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құруға байсалды, байыпты қарауға тиіс.

Өткізу-өнімді кеңістік пен уақыт жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ тауарға меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда, өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.

Бұл өткізу көлемінің айтарлықтай бөлігін құрайды. Жаңа тауарлар үшін өнімді өткізу арналарын бөлу жүйесі жасалады. Бұның барлығы сапалы басқарудың, ұйымдастырудың нақты жүйесі тұтынушы қызығушылығына бағытталып, іске қосылғанда ғана жүзеге асуы мүмкін.


1.3 Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі бағыттары

Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты жоспар - бағдар жасау негізінде жүргізіледі. Оның жүзеге асырылуы бәрінен бұрын кәсіпорын жұмыскерлерінің қызығушылықтарымен ынта-жігерін ұйымдастыруға бағытталған.

Бұл саясаттың мазмұнының негізіне мыналар кіруі керек: болжамданатын, ағымдағы, орта және ұзақ уақыт даму үрдістерін (өндірістің даму қарқыны, өндірілетін өнімдер көлемінің, құрылымдық сәйкестілігі, материалдық және басқа да базалармен жабдықталуы және т.т.б.) айқындау және бағалау; өндірістік-экономикалық және әлеуметтік дамудың стратегиясы мен тактикасын дамыту, экономикалық дамуының негізі реттегіштерінің параметрлерінің және сандық өлшемін анықтау және орнату, шаруашылық етудің экономикалық механизмінің құраушыларын-мемлекеттік және басқа да инвестициялар бағасын, қарыздар, несиелер және т.б.

Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі міндеттері:



  • өнімді өткізу жүйесінің модификациясы есебінен өткізудің балама желісін құру;

  • жаңа тауардың артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде тұтынушыға ақпарат беру үшін ақпаратты жарнама саясатын белсенді жүргізу;

  • жаңа тауар мен нарықта бар ұқсас тауар арсындағы функционалды бәсекені анықтау;

  • жаңа тауардың нарыққа келуіне бәсекелестерді жауапты мінез құлқы мүмкіндіктерін зерттеу;

  • жаңа тауардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның өсу кезеңінде тұтынушылар тауарды танып осы негізде оны өткізу жылдам көбейіп, тауар модификациясы кеңейеді, өндіріс толық қуаттылыққа жұмыс істейді, алайда кейбір фирмаларда ірі өндіріс сериясына өту есебінен өндіріс қуаттылығы жоқ. Нарықта нақты тауар үлкен көлемде сатылады, бәсеке–тауар пайда бола бастайды.

Бұл кезеңде тауар жұмыс істелінгендіктен және жетілгендіктен оның сапасы өте жоғары. Өсудің жоғарғы қарқыны бағаланады. Кәсіпорын табысы жылдам өседі және кезең аяғына дейін жоғары шамасына жетеді. Себебі бұқаралық нарық осы тауарға төлеуге дайын. Маркетологтар табыс алу басын өнімді өткізу кезеңімен байланыстырады. Барлық мүмкін болатын нарықты қамтуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру алға шығады. Тауар шығару көлемінің өсуінен шығындар өсіп, бәсекелестер саны көбейеді. Жоғары табысты нарыққа енетін кәсіпорындар пайда болады, енгізу көлемі тез өсіп, тұтынушылар тобы кеңейеді. Бұл жаппай өткізу арналары арқылы жүзеге асады. Сондай ақ жарнама жұмыстарының акценті ақпараттықтан агрессивті, сендіруші, бұқаралық жарнамаға ауысады. Кәсіпорын нарықтағы лидерлігіне, сауда белгісіне және ерекше бәсеке қабілеттілігіне сүйене отырып, тұтынушы өз тауарының жетістіктерне сендіруге тырысады.

Бұл кезеңде кәсіпорынның өнімді өткізудегі саясатының басымды мақсаттары:


  • сұраныс өсуі жағдайында нарықты кеңейту;

  • тауар модификациясы есебінен тура бәсекелестен арылу;

  • тауарларды үлкен көлемде сату үшін үлкен өткізу желісін қолдану;

  • тұтынушылардың жаңа тобын тарту мақсатында бағаны төмендету.

Мұндай нарықта даму үшін фирманың қаржылық базасы болуы керек.

Кезең бойынша кемелдену сатысы ең ұзақ болып саналады. Нарықтар шектен тыс сегменттелген. Бұл кезең өндірістің қуаттылығын толық немесе кейбір артып қалулармен және технология тұрақтылығымен байланысты. Тауар ірі партиялармен шығарылып, ассортиментті кеңейту және тереңдету шығындары жоғары болады. Кәсіпорын сұранысты қанағаттандыру мақсатында тауарларды үлкен көлемде шығару саясатын ұстанады. Тауарлар басымды сапасымен ерекшеленеді және ол дәстүрлікке өтеді.

Бұл кезеңде тауарды табысы орта тұтынушылар сатып алады. Нарықтың молығуы шеңберінде өткізу тұрақтанады. Сондай ақ нарықта әлі де мәнді сұранысты пайдалану үшін көптеген фирмалар нарыққа енеді.

Бәсекелестерге қарағанда жоғары баға белгілеу саясаты. Егер кәсіпорын бірегей қасиеттері бар жоғары сапалы тауар шығарса, онда ол бәсекелестерге қарағанда, жоғары баға қоя алады. Бұл саясатты қолдануда көптеген елдермен қатар, Қазақстанда да баға деңгейін бәсекелестермен сөз байласып, келісу арқылы қоюға монополияға қарсы заң тыйым салады. Соған қарамастан көптеген қазақстандық компаниялар арасында сөз байласып баға белгілеу де орын алады. Бәсекелестен жоғары баға стратегиясы көбіне өз өнімінің сапасы жоғары екендігіне сенімі зор компаниялар қолданады. Мұндай саясат «Фуд Мастер», «Беккер және К» компанияларына тән. Мысалы, «Беккер және К» БК-тың шұжық өнімдерінің бағасы, әсіресе, «Докторлық », «Сыра ішуге арналған майлы шұжық » сияқты жоғары сорттарының бағасы бәсекелестерге қарағанда 30-40 % жоғары./13/

Қазіргі кезенде отандық кәсіпорындардың баға белгілеу әдістері ең алдымен шығындарға, инфляциялық болжамға сонан соң сұраныс пен бәсекелестер іс- әрекеттеріне сай бейімделеді. Сұраныс пен бәсекеге бағытталған әдістер әдістемелік базасы мен қолдану тәжірибесінің жоқ болуы себепті мамндардың біліктілігі мен тиісті ақпараттық базаның болуын талап етеді.

Баға белгілеудің барлық тәсілдерін үйлестіруге болады. Сұранысты баға өсірудің ең жоғары шегі, шығындарды оның төменгі шегі ретінде, ал бәсекелестердің бағалары мен бірін-бірі ауыстыратын (субститут) тауарлар бағасын бағаның жуық мәні деп алуға болады.

Компанияның өндірістік қуаттар толық іске қосылмағанда, сату көлемін арттыру қажет болған жағдайда, сонымен бірге нарық үлесі төмендегенде бағаны түсіру саясатын қолданады. Бағаның түсуін тұтынушылар тауар сапасының төмендеуінен деп ойлауы мүмкін. Сонымен қатар, едәуір қорлары бар мықты бәсекелестер өз бағаларын төмендетіп, компанияны нарықтан ығыстырып шығаруы мүмкін.

Бағалардың өсуінің негізгі факторы- бұл қазақстандық тауарлар мен қызмет нарығында орын алып отырған шығындар инфляциясы. Шығындар үлесінің артуы өнімділіктің өсуіне сәйкес келмесе рентабельділік төмендеп, кәсіпопрын баға деңгейін өсіруге мәжбүр болады. Бағалардың өсуіне себеп болатын тағы бір фактор- шамадан тыс сұраныс.

Маркетологтар бағаны жоғарлатқанда мынадай ережелерді орындауы тиіс:


  1. Тұтынушылар бағаның артуы орынды деп қабылдауы тиіс, оларды осыған сендіру қажет.

  2. Бағаларды белгілейтіндей етіп, біртіндеп өсіру керек.

  3. Шығындарды қымбат емес материалдарды қолдану есебінен азайту, рентабельді емес бұйымдар өндірісін қысқарту, сұраныстағы қызмет түріне төлемақы белгілеп, олардың жалпы деңгейін төмендету, жеңілдктерді реттеу, тауардың күрделі конструктивтік ерекшеліктерін қолданбау, қымбат емес орайтын материалдарды қолдану қажет./14/

Ассортименттік саясат тұтынушы талабына сай тиімді ассортименттік, тауар құрылымын, бір уақытта өнімнің өмірлік циклінің әр кезеңінде болатын өнім модификациясы мен жаңа тауарды шығару проблемасын топшылайды.

Бір уақытта нарықта болатын, бірақ жаңашылдық кезеңімен ерекшеленетін тауарлар ассортиментін оңтайландыру кәсіпорын табыстылығы мен жұмыс тұрақтылығын кепілдендіреді.

Нарықта бір уақытта тауардың келесідей топтары болуы мүмкін:


  • Негізгі – кәсіпорынға негізгі табыс әкелетін және өсу кезеңіндегі тауарлар;

  • Қолдаушы – сатудан түскен түсімді тұрақтандыратын және де толысу сатысында тұрған тауарлар.

  • Стратегиялық тауарлар – кәсіпорынның болашақтағы табысын қамтамасыз етуге икемделген тауарлар.

  • Тактикалық - өсу мен толу сатысында тұратын және негізгі тауар топтарының сатуы ынталандыруға бейімделген тауарлар. Тауардың негізгі тобы нарық айналымындағы барлық тауарлардың 73-85% құрайды.

Кәсіпорынның өнімді өткізу саясаты келесідей бағытта құрылуы мүмкін:

  • өндірісті мамандандыру;

  • әртараптандыру;

  • диверсификациялау;

  • интеграциялау

Мамандандыруды қолдануға келесі факторлар әсер етеді:

  • өндірісті ұлғайтуға ресурстардың болмауы;

  • технологиялық процестің ерекшеліктері және тауардың өзіндік артықшылықтары;

  • нақты тауар нарығының терең сегменттелуі.

Әртараптандыру саясаты бәсекелестердің тауарлары мен қызметтеріне қарағанда ерекше, өте жақсы сапасымен тауарлар мен қызметтердің бөлініп шығуы, оларға айрықша тұтынушылық қасиеттер, ерекше сапа, ғылыми техникалық және технологиялық ерекшеліктер, шикізаттың басым сапасы, сенімділік, сатылғаннан кейінгі қызмет және сыртқы түрі жатады. Алайда, бұл саясат үлкен шығындарды талап етеді.

Әртараптандыру саясаты фирманың нақты тауар саясаты деңгейінде өсу мүмкіндігі аз болса немесе бәсекелестер позициясы өте нақты болғанда қолданылады.

Әртараптандыру шоғырланған және таза түрін бөліп қарастыруға болады.

Шоғырланғын диверсификацияда фирма өндіріс тізбегінен шығып, өндіріс бағдарламасын қызметтің басқа түрлерімен толықтырады.

Таза әртараптандыру стратегиясы. Коммерциялық және технологиялық жоспармен де байланыспайтын, қызметтің жаңа түрі меңгеріледі. Тәуекелді және күрделі, алайда, сұраныс құрылымы өзгергенде тәуекелділікті төмендетуге мүмкіндік беретіндіктен кәсіпорынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Мысалы, «Беккер и К» Қазақстан/Герман біріккен кәсіпорнын диверсификациялы деп атауға болады, себебі кәсіпорын құрамына тәулігіне 10 т. шұжық өнімдері мен ет өнімдерін өндіретін шұжық цехы, 1000 бастық шошқа фермасы, 500 кг жуық нан пісірілетін шағын наубайхана, сыра өндіретін зауыт және «Пруссия» рестораны кіреді.

Интегративті саясат, фирма өндіріс және өткізу тізбегінде әртүрлі маңызды буындардықадағалай отырып, өз табысын көтеру мүмкіндігіне ие болса, онда интегративті саясат ақталады.

Интеграция көлденең және тік, «алға» (сауданы қамту) және «артқа» (жабдықтау көздерін қамту) деп бөлінеді.

Тік интеграция саясаты – тауар өндірісін бір технологиялық тізбекке шоғырландырады. Оған жататындар шикізатты өндіру, оны өңдеу, жаңа бұйымдарды шығару және өз дүкендер желісі бойынша өткізу. Бұл саясат арзан шикізатты, озық технология мен интеграциялы өндіріс тәжірибесін пайдалана отырып, шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Синергизм тиімділігі өндірістің қуаттылығын, ғылыми техникалық базаны және жалпы өткізу желісін қолдану есебінен ғана болуы мүмкін. Алайда мұндай саясат шұғыл сұраныс ауытқуы жағдайында көп сипатталады. Тігін машиналарын шығаратын «Зингер» компаниясы барлық өндіріс циклын алғашқы шикізат ресурстарын алу мен өңдеуден бастап, дайын тігін машиналарын шығарғанға дейін жүзеге асырды. Қазақстанда «артқа» интеграциясын «Фуд Мастер» компаниясы қолданды, ол құрамында егістік учаскесі бар ферманы құрды. Ал «алға» интеграциясын өз қызметінде «Рахат» кондитер фабрикасы АҚ және «Беккер и К» қолданады. Бұл интеграция фирма көрсеткіштерін жақсартып, нарық бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді./13/

Тік интеграцияның мақсаты – нақты бәсекелестерді бақылау арқылы фирма позициясын күшейту. Фирманың ассортименттік саясатта, сондай ақ, нарықтан кететін өнім түрлері де ескерілуі керек. Сондықтан да тәжірибелі өнім өндіруді қалыптастыруда мынадай стратегия түрлері қолданылуы мүмкін.

Өнім элиминациясы – бұл өнімді қысқарту саясаты. Элиминация бойынша шешімді төмендеу немесе енгізу сатысында келесідей факторлар есебінен қабылдайды:



  • өнімді өткізу көлемін және оның жалпы айналым көлеміндегі бөлігін төмендету;

  • нарық бөлігін қысқату;

  • нақты өнім есебінен шығындарды жою нолге төмендейді;

  • жарнамалаудың жоғарғы пайызы;

  • сұраныс құрылымының, сәнінің және құндылығының өзгеруі.

Өндіріс бағдарламасынан өнім шығару туралы шешімді міндетті түрде экономикалық көрсеткіштерді (табыс, шығын) және фирма тауары арасындағы байланысты талдағаннан кейін ғана қабылдау керек.

Кәсіпорынның өнімді өткізу қызметі бірнеше шаралар жиынтығынан тұрады. Оларды зерттеу мақсатына тұтынушыны оқып білу, оның нарықтағы тәртібінің мәнісін зерттеу, мекеменің жеке нарығын талдау, сондай-ақ, өнімді зерттеу (өнімді немесе көрсетер қызмет түрін), өткізу нысандары мен жолдарын талдау және мекеме тауар айналымы көлемін талдау мәселелерін тіркейді. Сонымен қоса бәсекелестерін оқып білу, бәсеке түрлері мен деңгейін анықтау, жарнамалық қызметті зерттеу, тауардың нарықтағы жылжымалылығының алдыңғы шектегі әдістемелерін анықтау, нарық шыңын меңгеріп білу.

Тұтынушыны байқап тануда, маркетингтік қызмет осы компанияның тұтынушылық қажеттілігі құрылымын анықтайды.

Тұтынушылар пейіліндегі себеп-сылтауларды зерттеу нарықтағы белгілі бір топтағы тұтынушылар мінез-құлқын болжауға береді және ол мақсатты түрде жүзеге асырылып отырады.

Нарықты талдау шығарылған тауарға деген нарықтың сыйымдылық қабілетін анықтауды мақсат етеді.

Маркетингтік қызметтің алдына қойған мәселесі болып, нарықтың жаңа өнімдерге деген талабын анықтау есептеледі және бар өнімдері осыған сәйкес жақсартылады немесе өзгертіледі.

Өнімді өткізуді тиімді іске асыру, сату жүйелері мен әдістеріне талдау жүргізу, маркетинг тұрғысынан, өнімді қалай да жақсы әсерлі сату, компания беделін көтеру, нарықта жол ашу, дәл жолдарды табуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресстің дамуының барысында кез келген кәсіпорынның тиімді кызмет жасауы тек өндірістік, ғылыми-техникалық потенциал, қаржылық мүмкіндіктерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жүргізілген маркетингтік зерттеулер және оның нәтижелеріне байланысты болады. Мұны соңғы 10-15 жыл ішіндегі маркетингтік зерттеулердің бизнестің жеке бір саласына айналуынан көруге болады. Дамыған елдерде мұндай зерттеулермен тек ірі кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар орта дәрежедегі фирмалар да айналысады. Қолда бар берілгендерге қарасақ бұл зерттеулерде 50% жоғары американ, 86% жоғары еуропа және 60% жуық жапон компаниялары жүргізеді екен. Бұл жұмыспен көптеген зерттеу ұйымдары (бюро, фирмалар, агенттер), университеттер жарнама агенттіктері, кейбір мемлекеттік ұйымдар айналысады.

Нарықта болып жатқан жағдайлар туралы шынайы, уақытылы ақпарат сұраныс, ұсыныс, нарықтың баға өзгерісін болжап, жаңа маркетингтік шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Нарықтың барлық элементтері үнемі қозғалыста болып тұрғанын ескерсек, нарыққа ондағы жағдайды зерттеп білмей, күтіліп отырған өзгерістерді бағаламай шығуға болмайтыны түсінікті. Маркетингтік зерттеулердің міндеті кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын жан-жақты талдау және осы ақпарат негізінде өндіру-өткізу қызметіне байланысты шешім қабылдау.

Ассортименттік саясат – ұсынылатын өнімдер – бұл бекітілген сапа және тұтынушылардың таңдауына сәйкес өнімнің арнайы сызығы.

Ассортименттік саясаттың негізгі мақсаты – өндірілген өнімді кеңейткенде немесе қысқартқанда, факторлар кешенін қарастырғанда тиімді шешім табу болып табылады. Ассортименттік саясат талғамдары мен ақша қаражаттары әр түрлі тқтынушыларды қамту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар нарықтағы кәсіпорынның үлесінің өсуін қамтамасыз ету және табысын ұлғайту. Ассортименттік саясатта өнімді қысқарту немесе ұлғайтудың қайсыбірін қарастырсақ та, олар артықшылықты фактор ретінде алынады, бұл маржиналды тәсіл, келесісінде өнімнің түрі мен оның жағдайы (ішкі және сыртқы факторлар) қарастырылады.
1-кесте- жаңа өнімді нарыққа шығару саясатының жүйесі


Идеяның генерациясы – нарықта сатуға ұсынылуы мүмкін өнім туралы жалпы ұғым. Жаңа өнім стандартты немесе еш нәрсеге ұқсамайтын оригиналды болуы мүмкін.

Идеяларды бағалау және талдау – жаңа өнімнің айтарлықтай тартымды идеясын таңдау

Экономикалық талдау – өзіндік құнды, таза пайданы және сатып алыну уақытын есептеу

Тауарды жасау

Бизнес – экспресс талдау – нарықтағы өнімнің жағдайы, жаңа өнімнің бәсекелік артықшылықтары мен жетіспеушіліктері

Нарықты байқап көру – бұл кезеңде анкета жасап, оны әрі қарай ақпарат ретінде өңдеу

Коммерциялық өткізу – жетекшілер комиссиясы белгіленген уақытта сатуды байқап көру, әрі қарай өнімді салмағы, рецептурасы және дизайны бойынша түзеу.

Кестедегі мәліметтер бойынша ассортименттік саясат бойынша кәсіпорында құрылған жұмысшы топтары келісіп, дұрыс нәтиже алу үшін әр бөлім қызметкерлеріне өз міндеттерін бөліп береді. Ассортименттік саясат пен жаңа тауар шығару үрдістері бір бірімен тығыз байланысты. Себебі, ассортименттік саясатты жүзеге асыру үшін біз жаңа өнім түрін шығарамыз. Ал өнімді өткізу саясатының ішіндегі жаңа тауар шығару мен ассортименттік саясат өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз./15/

Ассортименттік саясатты жүзеге асыру үшін кәсіпорында келесідей жұмысшы топтарының құрамы болуы мүмкін (өнімді өндіру, оның қауіпсіздігі және сапасы бойынша директор, қаржылық директор, маркетинг бөлімінің бастығы, экономикалық, дайын өнімді басқару, жаңа технологиялар және т.б.бөлімдердің бастығы).

Ал егер де тауар маркетингтік негізсіз жедел жағдайда енгізілсе, онда жаңа өнім жүйесін енгізу керек. Жаңа өнім жүйесі келесі кестеде көрсетілген.

Қазақстанда әлеуметтік бейімделген нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына сәйкес, кәсіпорындар әлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманда негізгі болып саналатын әлеуметтік немесе қоғамдық өнімді өткізу саясатының тұжырымдамасын пайдалануы керек.

Республикадағы нарықтық экономиканың даму шамасына қарай өнімді өткізу саясатын енгізу кешенді сипатта өтуі керек және әрбір ұымның қызметі басқарудың қазіргі нарықтық тұжырымдамасына сәйкес қайта бейімделуі қажет. Өнімді өткізу саясатының тұжырымдамасын тәжірибе жүзінде енгізу – сатып алушы нарығының қалыптасуы, нақты тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті қайта бейімдеу.



2 “ПОЛИМЕРМЕТАЛЛ- Т” ЖШС-ң ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы
"ПолимерМеталл-Т" ЖШС-гі өз қызметін ҚР-ның Конститутциясы, Азаматтық кодекс, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Серіктестіктің жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, меншікті мүлкі және басқа да реквизиттері бар. бар. Ол ҚР заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. "ПолимерМеталл-Т" ЖШС-гі Қазақстан Республикасының Юстиция Министрлігімен 2003 жылдың 24 маусымда №241 заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Серіктестік ұйымдық-құқықтық меншік түрінде – жеке болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары : Махамбетова Алтынай , Ронина Людмила , Лунев Сергей , Котоянц Ирина. Серіктестіктің орналасқан мекен-жайы: 483353 Қазақстан Республикасы, Алматы., Қапшағай қаласы, Индустриалдық көшесі, №1 үй. Ресми атауы: қазақ тілінде – “ПолимерМеталл- Т” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орыс тілінде – Товарищество с ограниченной ответственностью “ПолимерМеталл- Т”. Кәсіпорынды құру мен қызметінің басты мақсаты тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестіктеріне орын бермейтін сапалы құрылыс материалдарын өндіру және өткізу арқылы табыс табу. Табыс табу негізінде кәсіпорын қызметіне қатысушылардың экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.

Өз қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін орындайды:



  • металлқұрылмалары мен жабын материалдарының өндіру және өткізу;

  • тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы қызметтер;

  • коммерциялық, сыртқы экономикалық қызмет;

  • көтерме, бөлшек және комиссиялық сауданы ұйымдастыру;

  • транспорттық қызметті ұсыну;

  • жарнамалық қызмет;

  • делдалдық қызмет;

  • импорт-экспорттық қызмет;

  • дүкендер, супермаркеттер, сауда орындары мен сауда үйлерінің жүйесін ұйымдастыру;

  • азық-түлік, халық тұтыну тауарлары, өндірістік-техникалық өнімдерін өндіру, сатып алу, сақтау, өңдеу және сату;

  • автосервис, автожуу, ЖЖМ мен мұнай өнімдерін өткізу;

  • құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;

  • құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп, сату;

  • қоғамдық тамақтану жүйесін (ресторандар, жазғы алаңдар, барлар және т.б.) ұйымдастыру;

  • серіктестіктің ойын және шоу бизнес саласындағы қызметпен шұғылдануға құқы жоқ;

  • Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да әрекеттер;

Серіктестік өз қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Өз атынан келісімшарттар жасайды, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерге ие. Серіктестікте жарғы капиталы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін қатысушылар арасындағы үлестерге бөлінген және өздері салған салымдарының мөлшерінде міндеттемелерін орындайды. Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін серіктестік лицензияны заңмен белгіленген тәртіп бойынша алады. Серіктестіктің жарғы капиталынан 25 пайыз есебінде сақтық капиталын құруға құқылы. Сақтық капиталы жыл сайын жарғы капиталының 25 пайызына жеткенше таза табыстың 5 пайызын аударып отыру жолымен құралады.Активтерінің құрылымы ағымды және ұзақ мерзімді активтер болып келеді.

Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – құрылтайшылардың жиналысы;

Атқарушы орган – Бас директор;

Тексеру органы – Тексеру комиссиясы.

Серіктестікті басқарудың жоғарғы органының ерекше құзыретіне мыналар жатады:


  1. серіктестік Жарғысын өзгерту, сонымен қатар жарғы капиталының мөлшерін, орналасқан мекен-жайын, фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

  2. серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату;

  3. серіктестіктің тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің өкілеттігін тағайындау және мерзімнен бұрын тоқтату;

  4. жылдық қаржы есебін бекіту және таза табысты бөлу;

  5. серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылдау және т.б. сұрақтар қаралады.

Серіктестіктің Жалпы жиналысы кезекті және кезектен тыс ретінде шақырылады. Серіктестіктің барлық қатысушылары жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібі сұрақтарын талқылауға қатысуға, шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқылы. Серіктестікті қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) ерікті түрде қатысушының шешімі бойынша немесе өкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша жүзеге асады. Қайта құру кезінде серіктестік құрылтайшы қайта құ Серіктестік қызметін тоқтатудың негізі бола алады ру туралы шешім қабылдағаннан кейін екі ай ішінде ресми басылым органдарында сәйкес хабарландыруды орнықтыру керек. Серіктестік құрылтайшының шешімі және сот шешімі бойынша – банкроттық, рұқсаты жоқ қызметтер, заң актілерімен тыйым салынған қызметтер немесе заңға бірнеше мәрте дөрекі қайшылықтар жасаған қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайларда таратылады.


жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау