Жас ерекшелігі психологиясы


Бастауыш мектеп шағындағы тұлғалық даму



жүктеу 2,5 Mb.
бет12/24
Дата25.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#16988
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

1. Бастауыш мектеп шағындағы тұлғалық даму.


2. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ата-аналарымен қарым –қатынасы

3. Құрдастарымен қарым-қатынасы .



Мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың тұлғалық және ата-аналарымен құрдастарымен қырым-қатынасыны бағыты-мен таныстыру.

1.Орта балалық шақта баланың эмоциональды және әлеуметтік өмірі бұрынғыдай тек отбасымен шектелмейді, бала енді құрдастары, мұғалімдері және т.б. үлкен адамдар мен балалардан құралған үлкен әлемге аяқ басады.Орта балалық шақтағы баланың тұлғалық дамуы психологияда үш теориялық бағытпен түсіндіріледі.Біріншісі –психодинамикалық бағыт. З.Фрейд орта балалық шақты латенттік стадия деп атады. 6-12 жас аралығында балада бұрын болатын қызғану мен көре алмаушылық соңғы орындарға ығысадыда, енді эмоциональды энергия құрдастарымен қарым-қатынасқа, шығармашылыққа, мектеп немесе қоғамда бекітілген мәдени міндеттерді орындауға жұмсалады.Эриксон Фрейдтің көзқарасын әрі қарай дамытып, бұл кездің негізгі ерекшелігі толымсыздық комплексімен еңбекқорлық арасындағы психоәлеуметтік конфликтінің болуы деп түсіндіреді.

Екіншісі – дамудың кргнитивті теориясы. Жан Пиаже мен Л. Кольберг балалардың өз тұлғасы туралы және мораль түсінігінің дамуына назар аударды.

Үшіншісі -әлеуметтік үйрету теориясы отбасында және құрдастар арасында мінез-құлықтың нақты формаларына үйрену қалай жүретінін түсіндіреді. Орта балалық шақта мінез-құлықтың моделі ретінде құрдастар мінез-құлқы алынады. Балардың құрдастарымен, үлкендермен және отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас тәсілдері өзгереді. 4-жасар шыдамсыз бала 8-жасқа қарай балалармен және үлкендермен бірлесе әрекет ете бастайды, ал13-жаста бүлікшіге айналуы мүмкін.

Орта балалық шақта балалардың өзі туралы түсінігі қалыптасып, тұрақтанып, «Мен» концепциясы шынайы бола түседі. Өз бойында бар дағдыларды, өзі туралы кемшіліктерді біле отырып, мінез-құлқын ұйымдастырып бағдарлай алады. Бірақ мен концепциясы қалыпты болмайды. Бастауыш мектеп жылдарында өзін-өзі бағалау деңгейі академиялық жетістіктермен байланысты. Өз қабілетімен жетістікке жеткен баланың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды, жетістікке жете алмаса өзін төмен бағалайды, және керісінше өзін-өзі төмен бағаласа бала жетістікке талпынбауы да мүмкін.

Орта балалық шақта әлеуметтену процесінде басты орынды әлеуметтік таным алады, яғни қоршаған орта мен әлеуметтік іс-әрекет туралы түсінігі, білімдері мен ойлары.Бұл кезеңде балалар әділдікті ұғынып, әлеуметтік нормаларды сақтап, жыныс ерекшеліктеріне байланысты әдептілік заңдылықтарымен танысып, беделділерді құрметтеуге үйренуі керек. Әлеуметтік танымның бірінші компоненті -әлеуметтік қорытынды, бұл басқа адамдар не ойлайды, және қандай іс-әрекетке баруы мүмкін екені туралы алдын-ала ойлауы. Ж. Пиаже адамгершіліктің балаларда даму екі сатыда өтетінін анықтады. 1) құлықтық шынайылық ; балалар барлық ережелерді қатаң ұстану керек деп ойлайды.2) құлықтық релативизм; балалар ережелерді өзгертуге , ауыстыруға болатынын түсінеді.

2.Орта балалық шақта балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасының сипаты өзгереді.

Осы кезеңде ата-анасы баланың оқу дағдылары мен жетістіктерін бақылап, басқарып отырса балалар жақсы баға алатынын анықтады.

Зерттеулерден көрсеткендей ата-ананың мақсаты –балалардың өз мінез-құлқын реттеу қабілетін дамытуға көмектесу. Мұнда ең нәтежиелі әдіс- ата-ананың беделіне негізделетін тәртіптік іс-шаралар. Яғни ата-ананың нақты аргументтермен өткізген әңгімесінен кейін бала қарсыласуын қойып, бірлесіп бір шешімге, келісімге келуге ұмтылады. Егер ата-ана баласына не жақсы, не жаман екенін жаймен түсіндіріп отырса, балада моральды нормалары интернализацияланады.Ал егер ата-ана әлеуметтік күштеу секілді әдістерді қолданса, бала тек үлкендердің көзінше дұрыс, тәртіпті жүреді де, олар жоқта сотқарлық іс-әрекетке барады. Егер отбасылық шешімдерге келгенде балалардың қатысу деңгейін арттырса, ата-аналар балалардың мінез-құлқын өздері реттей алуын дамытуына қол жеткізеді, Ата –анасымен бірге мәселелерді бірге шешуге қатысқан жауапкершілікті бөліскен балалар болашақта жасөспірім болғанда өздері шешім қабылдайтындай дәрежеге жете алады.

3.Құрдастарымен қарым-қатынастары орта балалық шақта әлеуметтік және тұлғалық дамуына әсер ететін ең басты фактор болып табылады. Үлкендермен достықтың нәтежиесінде балалар әлеуметтік ұғымдарды меңгереді, әлеуметтік дағдыларға үйренеді және өзін-өзі құрметтеуді дамытады. Тұрақты достары бар балалар оқуда , өмірде де үлкен жетістіктерге жете алады. Достықтың сипаты даму барысында өзгеріп отырады. Селман бойынша мектепке дейінгі және 1-2 сынып оқушыларына бірінші стадия деңгейіндегі достық тән.Бұл жаста сенімді достарың болуы балалар үшін өте маңызды. Олар өзара өздерінің сезімдері, қорқыныштары, өмір туралы талқылай алады. Достары болмаған балалар, шеттетілген болып олар үлкейгенде әлеуметтік бейімделе алмаушылыққа ұшырауы мүмкін.

Құрдастар тобы- бұл топтық нормалары бар, өз лидерлері немесе жетекшілері бар құрылым. Орта балалық шақтың басында құрдастар тобы формальды болмайды. Ал 11-12 жаста құрдастар тобының маңызы арта түседі.Бала мінез-құлқында топтың әсері күшейе түседі. Топ құрамы формальды бола түседі және ол бір жынысты балалардан құралады. Құрдастар тобында балалар статусы әр түрлі болады. Лидерлер- сабақты жақсы оқитын, жалпы қабілеттері ортадан жоғары балалар. Оқшау қалған және шеттетілген балалар- сабақта үлгерімі нашар, әлсіз, ұялшақ немесе керісінше агрессивті, яғни әлеуметтік жағынан компетентті (хабардар емес)балалар. Баланың топтағы орны оның өзін-өзі сезінуіне әсер етеді. Сонымен қатар топта жоғары конформды балалар болады. Ола әр түрлі « толымсыздық комплексі» және «эго күшінің» жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Бұл жастағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге деген сенімділігі, бағынуы, еліктеуі жоғарылайды. Балаларда сенімділік, ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жақсы жағдай жасайды. Сондықтан да бастауыш мектеп жасы баланың денелік, когнитивті және тұлғалық дамуы үшін ең басты кезеңдер болып саналады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары;

1. З.Фрейд осы кезеңді қалай деп атады?

2. Осы кезеңдегі балалардың өзін-өзі бағалауы неге байланысты?

3. Лидерлерге қандай балалар тобы жатады?

4. Ж.Пиаженің анықтаған адамгершіліктің даму сатылары?

5. Осы жас кезеңде баланың кімдерге деген сенімділігі артады?


10 дәріс

Тақырыбы: Жасөспірім шақтағы психикалық даму.



(ортаңғы сынып оқушылар психологиясы).

жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау