Дәрістің мазмұны
1. Жас шағы кезеңдері және психикалық дамуды кезеңдерге бөлу.
2. Ғылыми тұрғыдан жас кезеңдерге бөлу.
3. Адам өміріндегі дағдарыс кезеңдері.
4. Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары (биол.,әлеумет. Факторлар т.б.)..
5. Балалардың психикалық дамуының даралық ерекшеліктері.
Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай жас кезеңдеріне топтастырудың ерекшеліктерімен, заңдылықтарымен таныстыру және психика-
лық даму кезеңдерін түсіндіру.
Балалардың жасын кезеңдерге бөлу мәселесі
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.Оқыту мен тәрбие беру ісінде бұл принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбте жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін есепке алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса көңіл бөлуде.Бұл мәселе жөніндегі зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастардың жоқтығын көрсетеді.Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату әліде толық зерттелмеген мәселелердің бірі.Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде көптеген талас пікірлер айтылып жүр.Мәселен, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізі жыныс бездерінің жетілуіне, дене қарқынының өсуіне байланысты десе, кейбір ғалымдар адам жасын тіс аттарына қарап топтастыруды ұсынады.
Біздің еліміздің ғалым педагогтары балаларды білім және тәрбие беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мәселен, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.Балаларды жас кезеңдеріне осындай сатыда бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.Бірақ бұл ұғым әліде болса ғылыми негізде толық дәлелденбеген.
Ғылыми тұрғыдан жас кезеңдеріне бөлу.
1965 жылы сәуір айында Москвада бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды.Симпозиум жұмысына КСРО,Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты.Бірнеше күнге созылған симпозиум жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатында 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
жаңа туған бала – 1 күннен 10 күнге дейін
емшек жасындағы бала -10 күннен 1 жасқа дейін
ерте балалық шақ – 1 жас-3 жас
бірінші балалық шақ – 4 жастан- 7 жасқа дейін
екінші балалық шақ – 8 жастан- 12 жасқа дейін (ер бала)
8 жастан- 11 жасқа дейін (қыз бала)
6. жеткіншектік шақ – 13жастан- 16 жасқа дейін
7. жасөспірімдік шақ – 17 жастан- 21 жасқа дейін (ер бала)
16 жастан- 20 жасқа дейін (қыз бала)
8. кәмелеттік жастың бірінші кезеңі – 22 жастан- 35 жасқа дейін (ер)
21 жастан- 35 жасқа дейін (әйел)
9. кәмелеттік жастың екінші кезеңі – 36 жастан- 60 жасқа дейін (ер)
36 жастан- 55 жасқа дейін (әйел)
10. кексе жас - 60 жастан- 74 жасқа дейін (ер)
56 жастан- 74 жасқа дейін (әйел)
11.қарттық жас - 75 жастан – 90 жасқа дейін
12. ұзақ жасау - 90 жастан жоғары.
Соңғы жылдары сипозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына қайтадан өзгерістер енгізілді.
Адамның өмірлік жолы
Пренатальды кезең – ұрықтанғаннан бастап баланың туылуғанға дейін
|
Нәрестелік – туылғаннан 18-24 айға дейін
|
Алғашқы өмірдің 2 жылы-12-15 айдан 2-3жасқа дейін
|
Ерте балалық шақ – 2-3 жастан 5-6 жасқа дейін
|
Орта балалық шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін
|
Жасөспірімдік және жастық шақ – шамамен 12жастан 18-27 жасқа дейін
|
Ерте ересектік – 18-27 жастан 40 жасқа дейін
|
Орта ересектік - 40-тан 60-65 жасқа дейін
|
Қарттық – 60-65 тен өлгенге дейін
|
Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары.
1. Баланың психикалық дамуындағы биологиялық факторлардың ролі.
2. Бала психологиясы дамуына әлеуметтік факторлардың әсері.
3. Психикалық дамыту және үйрету.
4. Балалардың психикалық дамуының даралық ерекшеліктері.
Өзіндік бақылау сұрақтары
1. Жас ерекшелік психологиясының шығуы және дамуы туралы қысқаша мәлімет беріңіз?
2 .Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар қашан қалыптасты?
3. Балаларды кезеңдерге бөлу мәселелері.
4. Жас кезеңдерге бөлуге байланысты теориялар
№ 6 дәріс Пренатальды даму және нәрестенің дүниеге келуі
Тақырыбы:
Дәрістің мазмұны 1. Пренатальды даму, кезеңдері мен триместрлер,нәрестенің дүниеге келу процесі.
2. . Нәрестелік шаққа жалпы сипаттама
3 .Нәрестелік шақтағы денелік және моторлық даму
4. Нәрестелік шақтағы сенсорлық даму
5. Нәрестелік шақтағы когнитивтік даму
Мақсаты: ұрықтық даму кезеңдерін және нәрестенің дүниеге келу үрдісін, осы кезеңнің маңызын, болашақ ана денсаулығын болашақ нәресте үшін маңызын ұғындыру.
1.Пренатальды даму кезеңі деп- тұқымқуалау арқылы берілген потенциалдың қалыптасуы. Пренатальды даму ұрықтанудан бастап дүниеге келген кезеңді қамтиды. Пренатальды кезеңде ана ағзасына түскен инфекция екі жол арқылы плацент және жыныстық жолмен амнитикалық сұйықтық арқылы ағзаны улайды. Бұл ауру түрлеріне венералогиялық аурулар соның ішінде ең қауіптісі СПИД..Теротегендердің ұрыққа әсері ішкі және сыртқы факторлармен байланысты. Мысалы егер ана диабетпен ауырса ұрықта инсулген жетіспеушілік етеді.Соңғы айларда ағза инсулгенді өндіре алса ұрыққа инсулген жеткілікті болады. Резус-фаторы ұрықтың дамуында үлкен маңызы бар. Кейде ана мен оның ағзасында дамып келе жатқан ағзаның қандары сыйымсыз болады. Белоктың қанда 85% болуы қолайлы фактор да болмауы жағымсыз резус. Бұл екі резус типі ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отырады. Ал егер ананың резусы жағымсыз, баланың қанының резусы жағымды болса ол сыйымсыз. Ана ағзасындағы қанның жартысы қан жүйесіне толықтырылады да ана ағзасында антитела пайда болады. Ол ана ағзасына қауіп төндіріп қана қоймай дүниеге келетін балаға да қауіп төндіреді. Ананың жасы да пренатальды кезеңге көп әсерін тигізеді. Пренатальды ақаулық пен анамалиялар алғашқы жүктілікте 35 жастан үлкен аналар және 19 жастан кіші аналар жағдайында кездеседі. Қауіпсіздендіру факторының бірі жүктілік кезіндегі ананың денсаулығының жоғары деңгейде болуы.
Нәрестенің ана құрсағынан сыртқы ортаға шығу сәтінде-ақ оның алғашқы айқайы дыбыс шығаруы, бұл өмірдің басталуының дәстұрлі белгісі. Қалыпты нәрестенің салмағы 2,5 кг нан 4,3 кг,ал бойы 48-ден 56 см болуы керек.Нәресте дүниеге келе салысымен төрт түрлі жүйені яғни тынысалу, қанайналым, асқорыту, және терморегуляцияны өздігінен реттеуге үйренеді. Бұл қадам өте маңызды болып саналады. Алғашқы ауаның жұтылуынан өкпе алғаш рет үріліп тыныс алу жүйесін жұмысқа кірістіреді. Баланың әрі қарай дамуы сол қоғамның, отбасының күтуіне соған байланысты міндеттерді орындауы, сол туралы хабардарлығына алдағы күнге сенімділігіне әсер етеді. Сонымен қатар бала дүниеге келісімен дағдарысқа кезігеді.Л.С. Выготский айтқандай «баланың дамуы дүниеге келу дағдарысымен және одан кейін жаңа туған кезең дағдарысымен басталады. Бала бір жасқа толғанда екінші дағдарысқа тап болады.Бұл кезеңнің дағдарысының мәні оның жүре бастауымен байланысты.Ерте балалық жаста бала жүре алатын болса да, ол үшін жүру кеңістікте қозғалатын негізгі форамаға айналады.үш жастағы дағдарыстың жаңа түзілімдеріне баланың үлкендерге қатысты позициясының өзгеруі, өзбетті болуға ұмтылуы, үлкендердің оны мойындауын керек етуі жатады. Осы кезеңде баланың «мен» концепциясы қалыптасады.Балада менікі, өзім жасаймын деген қылықтар пайда болады.мектеп кезеңі барлық басқа кезеңдер секілді дағдарыспен, өтпелі кезеңмен басталады.7 жаста баланың бойы тез өсе бастайды, сәйкесінше денесінде көптеген физиологиялық өзгерістер пайда болады.Бұндай өзгерістер психикалық деңгейде де жүреді.Бала өзіне , өзгелерге деген қарым-қатынасы өзгереді. Балада түсініксіз мінез-құлық пайда болады. Басынан кешіретін сезімдер шынайы бола бастайды.13 жастағы дағдарысқа тыңдамаушылықтың асқынуы, дөрекілік, үлкендерге ешбір мотивациясыз қарсы шығу, уайымдау тән.Орта жастағы дағдарыс кезеңінде адам өзінің өмірінің керемет кезеңінің артта қалғанын, өлімнің жақындағанын сезінеді. Ересек адамдарды ұрпағына не қалдырам, бұлөмірде не тындырдым қандай жетсітікке жеттім деген сұрақтар мазалайды. Сондықтан бұл кезеңнің дағдарысын сұрақтар дағдарысы деп атайды.дағдарыс кезеңдері адамға психологиялық және әлеуметтік жағынан біршама қиындықтар әкеледі.Бірақ көптеген адамдар осы өтпелі кезеңге бейімделіп, алдын-ала антиципация көмегімен өмірлік жағдайларды жоспарлай алады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары;
1 .Пренатальды кезең қандай аралықты қамтиды?
2. Пренатальды кезең қандай периодтарға бөлінеді
3 4. Қалыпты жағдайдағы баланың дүниеге келу салмағы?
5. Жыныстық жолмен таралатын ауруларды ата?
6. Дағдарыс дегеніміз не?
7. Дағдарыс кезеңдерін ата?
Нәрестелік шақ және когнитивтік даму
Достарыңызбен бөлісу: |