Жас ерекшелігі психологиясы


Жасөспірімдік шақтағы даму міндеттері



жүктеу 2,5 Mb.
бет14/24
Дата25.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#16988
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

1 .Жасөспірімдік шақтағы даму міндеттері


2 Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастар

3 .Жасөспірімдік шақтағы қиындықтар



Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі қарым-қатынас ерекшелігі және осы кезеңге байланысты туындап отырытын қиындықтардың мәнімен таныстыру.

1. Жасөспірімдік кезең бала дамуының қарқынды кезеңі. Осыған орай әрбір кезең өз алдына жаңа міндеттер ұсынады. Жасөспірімдік кезеңнің де өз алдына міндеттері бар:

1) Ата-аналарынан бөлектеніп тәуелсіздік алу.

2) Мен концепциясының қалыптасуы, тұлғалық элементтерінің қалыптасуы.



Анна Фрейд бұл кезеңді қатты толқыныс қақтығыс кезеңі деп атады.Жасөспірімдіккезеңдекезеңдеқалыпты мінез көрсетудің өзі қалыпсыздық деген.Фрейд ілімін жақтаушылар биологиялық жетілу және жыныстық қызығушылықтың жоғарылауы баланың ата-аналармен, құрдастарымен, өзімен-өзі келіспеушілікке алып келеді. Жеткіншектің конфликтіге келуінің бірден бір себебі тәуелсіздік алу. Психолгтар тәуелсіздікке ұмтылу ынтасын өзін-өзі реттеуге жатады деп анықтады.Тәуелсіздікке жеке пікіріңді айту және мінез-құлықыңды реттеу кезінде көрінеді. Егер біреудің өзбеттілігін көргіміз келсе біз « өзің ойла» деп айтамыз.Адам өмір жолында тәжірибені меңгеру барысында есейеді және бірде тәуелді бірде тәуелсіздік көрсету қабілетін талап етеді. Балалық кезімізде біз әртүрлі ролдермен байланыстыра отырып өзімізге талдау жасаймыз. Мысалы; үлкен апа, дос қызымыз. Өзіне ұқсас ролдер туралы ұғымдар және бағалылықтарды референтті топтардан алады. Референтті топқа күнде өзіне жақын адамдар, олар жасөспірімнің қызығушылығын бөлісетін, идеялын бөлісетін, бір жас кезеңдеріне жататын адамдардан тұрады. Кейде жасөспірімдер топтық адамдарды емес, бір адамды бағалайды. Ол маңызды адам болып табылады. Маңызды адамға өзіне жақын досы, жақсы көретін мұғалімі, үлкен аға, апасы, киножұлдыз, спорт жұлдызы болуы мүмкін. Э.Эриксон өмірінің көп уақытында жасөспірімдермен жастармен жұмыс жасай отырып клиникалық психологияға көп көңіл бөлді. Осы кезеңді зерттей отырып ол бұл шақта маңызды орынды ұқсастық (идентичность) маңызды орын алатынын атап көрстті. Ұқсастық бұрынғымен байланыста, қазіргі және болашақтағы индивидумды қамтамасыз етеді. Адамның әртүрлі өмір сферасында бір жүйелі мінез-құлықты қалыптастырады. Эриксон ұқсастықтың 4 вариантын ұсынды оларғы: алдын-ала шешілу, диффузия, мораторий және жетістік. Алдын-ала шешімділік статусында қызбалалар мен ер балалар өзбетімен шешім қабылдау кезеңінен өтпей отырып, жауапкершілік алған. Олар өздеріне мамандықты, дінді, идеологияны, алдын-ала жасөспірімдер үшін ата-аналары, мұғалімдері, таңдаған. Дифузия сттусында жасөспірімдер өмірлік бағытына деген сезімі, мотивациясы жетіспей оны іздеу кезеңінде кездеседі. Олар дағдарысқа кезікпеген және кәсіби ролін таңдамаған және моральдық кодексін таңдамаған. Мораторий статусында дағдарыс әлі де жалғасуда және нағыз орталығында кездеседі немесе шешім қабылдау деңгейінде. Бұл кезеңде жасөспірім өзін-өзі іздеумен жүреді. Жетістік статусында олар дағдарыстан өткен, таңдағанын өмірлік жолмен байланыстыра алады. Оның нәтежиесінде олар өздері еңбекті таңдайды, өмірсүруге ұмтылады, белгілі бір адамгершілік мінез-құлқы қалыптасқан. Мораторий статусындағы баларларда үрейлену, шешімсіздік, өзіне-өзі сенімсіздік болады. Мұнда жеткіншектер ата-аналармен екі түрлі қарым-қатынаста сүйіспешілік және жеккөрушілікте болады. Олрады ата-аналарының қолдамауы қолқытады және бостандық алуға күреседі. Алдын-ала шешілген статустағы балаларда үрейлену сезімі болмайды. Бірақ өмір жолында өзбеттілік көрсету кезеңінде шешім қабылдай алмайды.Дифузия статусындағы балаларда ата-аналары көп көңіл бөлмеген мәселелеріне көңіл аудармаған отбасында болады. Олар көбіне нашақорлықпен, алкогализммен айналысады.

2. 7-8 сыныптарда балалар жүйелі мақсатты түрде өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. Ер балалар өздерін күші мол, батыл, ержүрек болуына тырысады. Жеткіншек ерлік, батылдық қасиеттері бар романтикалық, фантастикалық бейнелерді көргенді, әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Жеткіншек жастың жоғары сынып балалары еріктік қасиетті дамытуға тырысады.Еліктеу обьектісі үлкен жолдастары қазіргі жасөспірімдер арасында дамыту жолы үлкен дене күшін қажет ететін спорт түрлерімен шұғылданады. Мысалы; бокс, күрес, ауыр атлетика т.б. Кейбіреулері еліктеп, ал кейбіреулері өздік жетістіктерге жетуге мақсат жасайды. Спорт балаладың денсаулығын нығайтып, жұмыс кұш қабілетін жоғарылатады.

3.жасөспірімдік кезең қиындығы мен қызығы мол кезең Бұл кезеңде балалар саналы және санасыз түрде еліктеп әртүрлі қауіпті әрекеттерге барады.Солардың бірі жыныстық қарым-қатынас.

Көптеген жасөспірімдер сақтанбастан жыныстық қатынасқа түсуін жалғастырады.Осының нәтижесінде қажетсіз жүктілікпен, қауіпті дертке ұшырайды. Жастар зиянды заттарды қолданып ,психикалық тұрғыдан өзгереді.Сонымен қатар, жасөспірімдердің басқада әрекет терге бейім тұратындығы белгілі.Зорлау, қылмыстық әрекеттерге бару әлі күнге сол деңгейде тұр.

Шындығында да, кейбір жасөспірімдер бұндай қауіпті әрекеттерге басқа жастағыларға қарағанда бейім келеді.Олардың жасы ұлғайған сайын бұндай қылықтарын үдете түседі.

Кейбір жасөспірімдердің энергиясының және интелектуалдығының өсуінен әр сала бойынша қызығушылықтары туындайды, мысалы: спорт жағына.

Тұтастай алғанда олардың іс-әрекеті потенциалды емес, қайта конструктивті болады.Мысалы: көптеген тинэйджерлер әлеуметтік құрылымға қатысады, яғни қоршаған ортаны тазартумен айналысады.Кедей отбасыларына үй тұрғызуға көмектеседі және ауру балаларға көмектеседі.Қауіпті әрекеттерге байланысты көптеген жасөспірімдердің көпшілігі деструктивті әректтерге үйір келетіндігін ескерген жөн.Олар кейбір проблемалардың болуынан өздерінің қай бағытта бет бұрарларын білмей шатасады.Көптеген жасөспірімдер ешқандай қауіпсіздікке ұрынып қалмаймын деп ойлайды.Олардың ойынша негізгі күткен қауіпті әрекеттері құрдастарының арасында жоғары деп санайды.Бұл түсінікті Элкинданың персоналдық аңыз концепциясымен теңестіруге болады.Осыдан жасөспірімдердің өздерінің жасаған әрекеттерінен ешқандай жарақат,ешқандай ауру және жүктіліктің болмайтынына сенеді.

20-ж зерттеудің қорытындысы бойынша қауіпті әрекеттердің болуы оларға итермелейтін әртүрлі себептерге байланысты.

Бұндай әрекеттерге итермелейтін факторларды 5 облысқа бөліп қарастыруға болады:биология немесе генетика, әлеуметтік орта қоршаған ортаны қабылдауы , жеке тұлғалық және өткінші іс-әрекеттер.Бұл облыстар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, жасөспірімді қылмысқа және қауіпті жағдайларға итермелейді.Қоршаған орта факторы сияқты да тұқым қуалаушылық факторы да жасөспірімге тікелей әсер етеді.Мысалы: баланың отбасында ішімдікті және нашақорлық заттарды қолданады дейік.Осыдан кей-ін бала сондай ролдік моделге ұмтылады да тұрады.Нәтижесіндебала оларды қолданады.


Биология Генетика
Қауіптілік факторы
Отбасындағы алкого-лизм тарихы

Профилактика факторы


Интелектінің жоғарғы деңгейі

Әлеуметтік орта
Қауіптілік факторы
Кедейлік

Мінез-құлық нормаларының төмендеуі

Заңсыз мүмкіндіктері
Профилактика факторлары

Жоғары сапалы оқу

Тұтас отбасы

Үлкендердің қызығу-шылықтары






- Айналадағыларды қабыл дау

Қауіптілік факторы


Девиянттық модель қылығы

Ата-аналармен және достар мен конфликтылары


Профилактика факторлары

Жалпылай қабылдаған әрекет моделі

Дивианттық әрекеттерге ба-қыла жасау





Тұлғалық

Қауіптілік факторы

Өмірлік мүмкіндіктерді әлсіз қабылдау

Өзін төмен бағалау

Қауіптілікке бейім тұру
Профилактика факторы

Жетістікке жету мағына-лылығы

Денсаулықтың маңызды-лығы

Нормаларды бұзуға шы-дамау








Әрекеттер

Қауіптілік факторы

Ішімдікті қолдану проблемаға соқтырады

Профилактика факторы

Шіркеуге бару

Мектептегі қоғамдық жұмыстар-ға қатысу



Көптеген зерттеушілер де ( Л.А.Вагнер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолютті деп есептелген сатыларында өзгерістер туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы Швейцария психологы, Ж. Пиаже зерттеулерінде 7-8 жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды, ал 11-12 жасқа қарай логикалық операциялар дамиды деген. Егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон – үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулер бойынша бастауыш сынып жасындағы балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойлауының дамуын қайта құруға себепші болады. Сонда оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс- әрекет тәсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірізділік балалар дамуының негізгі құрылымдарын сипаттайды.


Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының негізгі ерекшеліктерін ажыратып қарастыруға болады.

Сана дамуының маңызды критерийі баланың ойлану дәрежесі, заттармен жүргізетін өз іс-әрекеттерін, түрлі қасиеттегі заттарды және «өзін», «өзінің», «менің» түсінуі болып табылады. Өзіндік «менді» түсіну баланың жеке басы дамуының негізгі механизмі.

Сонымен бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады.

1. Оқыту процесінде білім мен іс- әрекет тәсілдерінің дамуы;

2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3. Жеке адамның жалпы қызметтерінің (бағыттылығы, іс- әрекеті, сана және танымдық әрекеттері мен психологиялық құрылымдары) дамуы;

Дамудың бұл бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, барлығы да өзара байланысты болады да, барлығы қосылып психикалық даму деп аталатын жеке адамның процесін құрайды.

Баланың жеке басының белсенділігі- психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үрдісінде, мысалы тәсіл үстінде сырттан берілсе де іс- әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.

Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, таным және іс-әрекет ерекшеліктері бар және адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игеру механизмдерінің өзгерісін туғызады, бұлар оқыту әдістерінде көрінеді.Мысалы, белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші бағыттылық ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет. Мектепке дейінгі шақта көптеген аса маңызды жаңа құрылымдардың ойын әрекеті негізінде дамиды. Сондықтан бұл кезде сабақтар дидактикалық ойын түрінде өтеді; мұнда баланың жаңа білімдер мен тәсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі жоғарғы дәрежеде көрінеді.

Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әрекетінің маңыздылығымен, сондай-ақ танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс. Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы, қоғамдық, өзінің жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т.б.) дами бастайды. Озат педагогтар мен психологтар тәжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-типологиялық топқа тән бағыттылық пен мотивтену типі ескерілетіндігін дәлелдеген.

Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, таным әрекеттері мен іс- әрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындайтын негізгі аспектілерін құрайды.

Оқу аспектілері пәнаралық болып табылады; соған сәйкес бірнеше позициялардан тұрады. Олар биологиялық, психологиялық, әлеуметтану, аксиологиялық, кибернетикалық, философиялық және педагогикалық позициялар.

Оқыту процесінде психология тұрғысынан оқу субъектінің белсенділігі, әрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Бұл позицияда таңбалық – символикалық құрылымдардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық және мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.

Баланың танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психологиялық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты аталынады. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестер де өзгерістер болады. Олар сапалық жағынан, мысалы, еріксіз есте сақтаудан ерікті есте сақтауға, ойлаудың көрнекі- әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі логикалық және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.

Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллекті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап- баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) Ж. Пиаже зерттеген. Ол ойлау әрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың логикалық ойлауын дамыту жақтарын да қарастырды. «Оның зерттеуінің ең басты міндеті – логикалық операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллектің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу». Бала логикасының онтогенетикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында мына ерекшеліктерді ескереді.


  • интеллектуалдық даму тепе- тендікке бағытталады, ол бөлшектер мен тұтастық құрылымының теңестірілуі;

  • интеллектуалдық дамудың әрбір деңгейі жинақталған тәжірибе ретінде әрекеттер схемасында көрініс береді;

  • жаңа ойлау құрылымдары әрекеттер негізінде қалыптасады;

Ойлау логикасын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту,«бұл ішкі ой - әрекеттері, олар жүйелі түрде біртұтастық заңдарға бағынатын әрекеттер», мұнда қарама- қарсы әрекетке ауысу ретіндегі негізін қалаушы категория болып табылады.

Интеллектуалдық құрылымның жас ерекшелігіне қарай даму барысында өзіндік ерекшелігі болады. Оқытудың пәндік- коммуникативтік әрекетінің әсерінен оның танымдық процестерінің дамуы, жасы өскен сайын оның ақыл-ой әрекетінің біртіндеп күрделенуі, Б.Г. Аканьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп дамып отыратындығын көрсетті.

Ж. Пиаже, интеллект дамуының төрт негізгі кезеңдерін бөледі, олар: сенсомоторлық интеллект құрылуынан және тілдің пайда болуынан кейін жүреді немесе тілді меңгерудегі «символдық функциялар» пайда болған соң болады. Бұлар:

- 1,5-тен 2 жасқа дейін және 4 жасқа дейінгі кезең – бұл символдық және түсініктерге дейінгі ойлаудың дамуымен сипатталады;

- 4-тен 7-8 жасқа дейінгі кезеңде индуктивті (көрнекі) ойлау құрылады да олар түрлі операциялардан тұрады;

- 7-8-ден 11-12 жасқа дейін нақты операциялар қалыптасады, яғни ойлаудың интуициялық манипуляциялық операциялары топтасуы;

- 11-12 жастан және бүкіл жастық шақ кезеңінде формальды ойлау дамиды одан дамыған рефлексивті интеллект қалыптасады. Сонда әр кезеңнің белгілі бір заңдылықтарына қарай танымдық процестерінің дамып қалыптасуында өзіндік ерекшеліктері бар.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл- ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады:білімдер алу оқушылардың іс- әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асырылады.

Ұғынудың барысы мен сапасы танымдық іс- әрекеттің бағдарлау бөлігімен, яғни іс- әрекетті орындаған кезде оқушы бағдар алатын объективті жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Мысалы ақыл- ой әрекетін кезеңмен игеру теориясына сәйкес жалпылап қорыту – ойлау

іс -әрекетінің маңызды жағы, ол тек іс- әрекеттің бағдарлау негізіне кіретін қасиеттер арқылы ғана қалыптасады. Бұл теориялар 50-жылдарда П.Я. Гальпериннің еңбектерінде қарастырылды.

Бірқатар ғылымдар еңбегінде ( Н.А. Менчинская, Г.С. Костюк т.б.) оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс- әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ол оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалады, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатындығы ашып көрсетілді.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескере отырып, соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрлері мен әдіс – тәсілдері қарастырылады.

Орта мектеп жеткіншек жасында (10 – 11 ден, 14 – 15 дейін) жеткіншек өз іс - әрекеті контексінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жетекші рол атқарады. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет оның оқу, қоғамдық ұйымдастырушылық, спорттық көркемдік, еңбек түрлерін қамтиды. Іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншектер қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылыс пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуда, өз “менінің” мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары “ересектік сезімі“ пайда болады.

Жеткіншектің ерекше әлеуметтік белсенділігі үлкендер әлемінде, олардың қатынастарында кездесетін мінез-құлқының нормаларын, құндылықтарын және тәсілдерін менгеруге деген қабылдауында, сензитивтілігінде жатыр. Жеткіншек шақты зерттеушілердің бірі Д.И. Фельдштейн атап көрсетуінше адамның әлеуметтік дамып жетілуі, оның белсенді әрекеттенуші субьект ретіндегі өзің-өзін тануы мен өзін-өзі анықтануының құрылымында “қоғамға деген қатынасы бойынша жалпы екі позицияны алмастыратын болса “Мен“ және “Мен және Қоғам“ деген позицияларымен анықталады. Бұл жерде маңыздысы, жеткіншек басқада жас кезеңдері сияқты біртекті емес сатылы қасиет болып табылады. Осы кезеңде Д.И. Фельдштейн үш сатыны бөледі:



  • локальды қырсықтық (10-11 жас) бұл кезде үлкендердің мойындауына деген қажеттілік өршіген;

  • “құқықтық – мәнді“ (12-13 жас) қоғамдық мойындауға деген, әлеуметтік құпталған пайдалы іс-әрекетке деген қажеттілікпен сипатталады, және бұл “менің де құқым бар, мен істей аламын, мен істеуім керек“ деген сөздік формаларда көрінеді;

  • “мақұлдаушы әрекетті“ (14-15 жас), бұл кезде өзін көрсетуге, күш жұмсауға үстем болады.

Жеткіншектік немесе ортаңғы сынып оқушыларының танымдық әрекеті

белгілі бір құбылысты танып білуге ұмтылуынан басталады. Бұл құбылыс мектеп бағдарламаларымен ғана шектеліп қоймай техникаға, өнерге, білімнің бірнеше саласына бағытталған танымдық іс-әрекеттің дамуы. Көптеген уақыттарын сол ұнамды іс-әрекетке арнап танымдық бағдары өсе бастайды. Кейбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті материалдарды, кітаптарды, құралдарды іздестіріп оны игеруде түрлі әдіс - тәсілдердіі қолданады. Кейбір кезде кітапхана, көрме, музейлерге барып экспозициялар жинап зерттей бастайды. Сонда ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек әдебиеттерімен жұмыстана отырып себебін іздейді және шығармашылық жұмыстар жасайды. Мұның өзі ынта-ықыласпен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өз бетімен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекетінде кейде творчество элементтері болады, оның жаңа нәрсе жасау процесі немесе танымдық процестің белгілі бір бағытының дамуы. Бұл жағдайда интеллектілік даму барысы өседі.

Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады. Оқыту процесінде берілген тапсырмалар бойынша дербес жұмыс жасай бастайды. Бесінші сыныпта-ақ өз бетімен білім алу элементтері болады. Осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады, ал 5-6 – сыныптарда өзін болашаққа даярлау бағытындағы әрекеттер басталады. Кейбір жағдайда, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу элементтері өзінше дамиды; белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, әр түрлі ойындардың мазмұнындағы таңдаған ролдердің бейнесінің маңызы екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады. Жеткіншек кезеңінің екінші жартысында ( 7-8 сыныпта) мамандықтар туралы арманы өзгеріп, мамандық туралы түсінігі неғұрлым кеңейіп, пәндерге деген, білімге деген көз-қарастарына байланысты танымдық бағдары қалыптаса бастайды. Пәндерді саралау басталып гуманитарлық және жаратылыстану білімдеріне қарай бейімделеді. Өз қабілеттеріне қарай әрбір пәнге деген қызығушылығы артады, арнаулы әдебиеттерді оқып, үйірмелерге барады. Тұтас алғанда, өз бетімен әрекеттену белгілі бір бағытта өздігінен білім алу сипатын алады, оның болашақтағы өзінің мамандық қызметі үшін қажетті мазмұнды меңгерсем деген нақты мақсаты болады. Қазіргі уақытта өз бетімен жұмыстанудың жеткіншек үшін үлкен мәні бар.

Жеткіншектік шақта ересек адамға, жолдасына, өзіне баға бергенде білім, оның ауқымы мен тереңдігі мәнді өлшемге айналады. Соған байланысты 7-8 сыныптарда жеткіншектертердiң бiрқатарында өзiнiң жалпы бiлiм дәрежесін көтеруге, өнер саласында- әдебиет, музыка, живопись, театр саласында – білім алуға ұмтылу пайда болады. Жеткіншектің өзін-өзі жетілдіру бағытындағы іс-әрекеті әлсін-әлі түрлі бағытта, ұйымдаспаған түрде болады, бірақ кейбір жеткіншектерде ол 8-ші сыныпта-ақ жастық кезеңде тән белгілерге ие болады.

Жеткіншектік кезеңде бәрін білсем деушілік және бәріне зейін қойғыштық- жеткіншекке тән ерекшеліктер. Ол жаңа, қызықты, маңызды дегеннің бәрін қабылдауға құмар, бәрін білсем деген ниеттің басым болуы танымдық іс-әрекетін дамыта түседі.

Орта мектепке өтетін сәтте балалар танымдық дамудың деңгейі әр түрлі болады. Бұл айырмашылықтар мынандай жағдайда болады:



  • оқуға көзқарасы өте жауапты қараудан бейжай қарауға дейін;

  • жалпы дамуда жоғары дәрежеден бастап ой-өрістің барынша шектеулілігі мен сөйлеудің нашар дамуына дейін;

  • мектеп программасының шеңберінде білімінің көлемі мен тиянақтылығында оны тамаша игеруден бастап негізгі пәндер бойынша білімде елеулі кемшіліктердің болуына дейін;

  • оқу материалын игеру әдістерінде өздігінен жұмыс істей біліп, материалды ұғудан бастап, сөзбе сөз жаттап алуға дағдыланғандықтан өзбетімен жұмыс істеу дағдысының мүлдем болмауына дейін;

  • оқу жұмысындағы қиыншылықтарды жеңуден бастап қиын немесе зауқы болмағанда басқадан көмек күтіп дағдыланған әрекетіне дейін;

  • мүдделеріндегі айқын көрінген танымдық бағдарымен және белгілі бір істермен шұғылданудан бастап мұның екуінің де мүлдем болмауына дейін.

Оқыту процесіндегі бұл жағдайлар бастауыштан, ортаңғы сыныпқа көшкенде оқушының танымдық әрекеттерінің дамып қалыптасуында көптеген өзгерістер туғызады. Бұл өзгерістер оқу пәндерінің көбеюі, бірнеше мұғалімнің сабақ беруі, мұғалімдердің сабақ берудегі әдіс-тәсілдері, оқушыларға бейімделу барысы, мұғалімдермен оқушылармен қарым-қатынасы, оқушылардың өзіндік көзқарасы, оқудағы өзін-өзі бағалаулар, оқу деген ұғым мазмұнының кеңеюі т.б.

Оқыту процесіндегі осы өзгерістер оқушылардың танымдық бағдарына да үлкен әсері болады.

Оқу мен білімге деген көзқарас әр балада сапалық жағынан әртүрлі болады. Жеткіншектердің ақыл-ой жұмысына деген тұрақты бейімділік, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеруге ұмтылу, белгілі бір оқу пәндеріне және ғылым мен техникалық немесе өнердің тиісті салаларына тұрақты бағдар пайда болады.

Жеке адамның дамуы үшін жеткіншек үшін білім алу қазір де, болашаққа әзірлікте де субъективті тұрғыдан қажет әрі маңызды болғанда және шұғылданатын әр түрлі істер танымдық, шығармашылық сипаттағы міндеттермен толыққан болса, өздігінен білім алып, өзін-өзі жетілдіруге жеткізсе, сонда ғана қалыптасады. Нақ осы жеткіншектік кезеңде өмірлік перспектива мен кәсіптік бағдардың, мақсат пен өзін-өзі танудың қалыптасуымен байланысты оқудың жаңа мотивтері қалыптасады. Ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің танымдық белсенділігінің дамуына себепші болады. Оның өз бетімен шұғылданатын істерінде жақын және алыс мақсаттар пайда болады, бұлар оның нақты қызметін ұйымдастырып, бағыт береді. Оқу іс-әрекетінде өз бетімен білім алуға көмектеседі. Сонда оқу әрекетінің сапалық тұрғыдан жаңа әрі ең жоғары түрі жеткіншектік кезеңде қалыптаса бастайды.

Ортаңғы сыныптарда оқушылар ғылымдардың негіздерін оқып, игеруге кіріседі. Игерілуге тиісті материал, бір жағынан, оқу-таным және ойлау қызметінің бұрынғыдан гөрі неғұрлым жоғары дәрежесін талап етіп, екінші жағынан, оларды дамытуға бағытталған. Оқушылар математикадағы, физикадағы, химиядағы ғылыми ұғымдар жүйесін, белгілердің ерекше жүйесін меңгеруге, теориялық тұрғыдан пайымдап үйренуге тиіс. Осы жаңа оқу пәндерін меңгеру әдістеріне жаңа талаптар қойып, жоғары дәрежедегі интеллектіні – теориялық, формальдық, рефлекстік ойлауды – дамытуға бағытталған. Мұндай ойлау жасөспірімдік кезеңге тән болғанымен, ол жеткіншектерде де дами бастайды.

Теориялық ойлаудың өзіне тән қасиеті – гипотетикалық-дедуциялық, яғни гипотезалар құру және оларды тексеру арқылы бір ғана жалпы тұжырым негізінде пайымдауға қабілеттілік. Бұл деңгейде ой қорытындысына дейінгі бүкіл пайымдау сөз түрінде жеткізіледі, ал оның мазмұны – белгілердің жүйесі – сөзбен жеткізілу немесе, мысалы математикада қолданылатын ерекше белгілер жүйесін айту. Жеткіншектің ойлауының дамуында интеллектік міндеттерге алдын-ала ойша шешуді талап ететін міндет. Жеткіншек есепке талдау жасауды берілген шамалардағы мүмкін болатын қатынастарды анықтау іс-әрекетінен бастайды, олардың байланысы туралы түрлі болжамдар жасайды, одан соң гипотезаларды тексереді. Интеллектілік міндеттерді шешуде гипотезаларды пайдалана білу – жеткікшектің болмысқа талдау жасаудағы аса маңызды жетістігі. Болжамдар жасап ойлау – ғылыми пайымдаудың өзіне тән құралы. Ойлауды дамытудың бұл деңгейіне тән ерекшелік абстракциялаудың дамуы ғана емес, сонымен бірге жеткіншек өзінің интеллектілік операцияларына зейін қояды, талдау жасап, баға береді. Сондықтан мұндай ойлау рефлексиялы ойлау деп аталады.

Оқыту процесінде ұғымдарды игерудің өзі мектеп оқушыларында теориялық ойлауды қалыптастыру үшін бірқатар объективтік жағдайлар жасайтынымен, бұл олардың бәрінде бірдей қалыптаспайды. Әр оқушыда оның нақты қалыптасуының деңгейі мен сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана қалыптасуымен шектелмейді. Тұтас қарағанда ойлаудың бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тән. Бұл процесс басқа психикалық функцияларғада тән құбылыс. Сөйлеуге бақылаумен басшылық жасалады және жеткіншектер маңызды жағдайларда дұрыс, әрі әдемі сөйлеуге ерекше мән береді. Мұның барлығы – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғандағы жаңа әрі маңызды жетістіктер.

Математика циклінің пәндері бойынша материалдың ұғымдық, қорытушы және логикалық тұрғыдан ұйымдастырылған сипаты оны бастапқы игеру кезінде, яғни мұғалім түсіндіргенде танымдық белсенділікті талап етеді. Теоремалық дәлелденуін жай тыңдауға ғана болмайды. Мысалы геометрия сабағында материалды бұған дейінгі пайымдау мен дәлелдеудің логикасын түсініп, есте ұстағанда ғана игеруге болады. Бұл шақта дерексіз логикалық тұрғадан ұйымдастырылған материалға ұзақ уақыт зейін қоя білу дамиды.

Қабылдау әрекетінің дамуы барлық оқу материалын игеруегі қажетті шарты.

Ғылыми ұғымдарды игеру процесінде және оның нәтижесінде ойлаудың жаңа мазмұны, интеллектілік қызметтің жаңа формалары қалыптасады. Ойлаудың жаңа мазмұны және ойлау дағдысы қалыптаспаған жағдайда геометрия, физика мен химия пәндерінде, есептер шығаруда қиындық туғызады. Белгілі заңның ереженің теоремалық көріністерін түсіне алмайды және белгілерді түрлендіруде қиналады.

Гуманитарлық пәндерді меңгергенде де оқушылар ғылыми ұғымдарды, фактілерді жіктеуді игереді, байланыстар мен себеп-салдар тәуелділіктерін көріп үйренеді, сипаттамалар мен кеңінен суреттеуде қорытындылар жасауды үйренеді.

Кіші жеткіншектер өз бетімен жұмыс істегенде материалды есте сақтауда бірінші рет қайталау арқылы жаттау әдісін қолданғанмен ес процесі мақсатқа сай дамиды. Есте сақтау әдістерін қолдану, оларды меңгеру деңгейі, есте сақтау, қалдыру, қайта жаңғырту арқылы байланыста дамиды. Оқушылардың екі тобының – есте жақсы сақтайтындардың мнемикалық іс-әрекетінің сипаты жағынан айырмашылығы болады. Есте жақсы сақтайтын бесінші сынып оқушылары есте сақтаудың сыртқы әдістерін ғана емес, кейбір аралық жолдарды, ассоцияцияларды, тіректерді бөлуді, мағыналық топтастыруды кеңінен қолданады. Сегізінші сынып оқушыларын саналы есте сақтау процесінің өзінде аралық тәсілдерді ұғынып, арнайы пайдалану, және әрбір материалға сай ерекше ізденіс тәсілдері тән. Материалдың мазмұнына, оның ерекшелігі мен ішкі логикасына таңдау жасау негізгі орын ала бастайды. Кейбір жеткіншектер үшін есте сақтаудың жолдарын таңдауда оралымдылық тән, ал кейбіреулері жалғыз әдісті таңдайды, енді біреулері кез-келген материалды жүйелеп, логикалық тұрғыдан өңдеп таңдай алады. Материалды сөзбе-сөз есте сақтауға үйрену сөйлеудің дамуына, оның ішінде ойын өз сөздерімен тұжырымдан жеткізе білеуге кедергі жасайды.

Материалды логикалық өндеу көбінесе жеткіншектерде өздінінен дамиды. Мұндай іскерліктерді дамыту оқыту процесіндегі негізгі міндет және жеткіншектің танымдық әрекеттері мен қабілетінің одан әрі дамуына мүмкіндегі болады.

Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін практикалық іс-әрекетте жүзеге асыруға ұмтылу кезеңі болып саналады.

Белгілі бір мамандыққа ынта пайда болады. Жеткіншектер көп нәрсеге мән береді, көбіне бірнеше бағытта бағдар ұстайды, содан танымдық бағдары кең көлемде дами бастайды. Бірнеше үйірмелерге қатысады өздеріне ұнаған кәсіптерді романтикалық бағытта бағалайды. Кәсіптік мүдделер мен ниеттердің қалыптасуында және танымдық бағдарлардың жан-жақты дамуында күнделікті оқыту іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мен сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдердің маңызы зор.

Жеткіншектердің көпшілігі үшін 7-8 сыныптарда оқитын уақыт – болашақ туралы көп ойланатын кезең. Біреулері армандарын іс-әрекетке айналдыруға тырысады, енді біреулері болашақтың әр түрлі вариантарына өздерін шамалап көреді. Үшіншілері өз мүмкіндіктерінің мамандықтың талаптарына сай келу проблемасын шешеді. Төртіншілері мамандықтың мазмұны ол туралы түсініке сай келетін – келмейтінін анықтайды. Бұл жағдайда кейбір жеткіншектер өз мүмкіндіктерін дәлме-дәл бағалайды, ал екіншілері өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды немесе өз қабілетін дамыта, көрсете білмейді сондықтан төмен бағалайды.

.

Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғары өту мен дербес жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Түрге функциялар, олар: ес, зейін, қабылдау, ойлау, қиял, ерік. Даму процесінде осы функциялардың барлығы – орталық немесе жетекщі функциясы – ойлаудың дамуы, ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі жүйені құрайды. Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылысымен бірге отырып, интеллектіленеді, ойлау негізінде ұғымдардың өзіде қайта құрылады. Енді осы функциялардың түрлеріне тоқталатын болсаң, қабылдау процесінен бастаймыз. Қабылдау әрекеті баланың психикалық дамуының тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан да бұл өте ерте қарапайым функция ретінде қарастырылады.



Жас ерекшелігінің әрбір жаңа сатысында қабылдауда сапалы өзгерістер болады. Қабылдау процесі өтпелі кезеңмен салыстырғанда балалық шаққа тән процесс. Жалпы, олар жыныстың жетілу процесі басталғанға дейін аяқталады және жасөспірім психологиясы солардың дайын күйінен бастау алады. Қабылдау процесімен байланысты процестермен салыстыра отырып, қабылдау саласындағы екінші реттегі өңделу немесе екінші реттегі синтездер процесстері деп атауға болады. Осы жағдайда қабылдаудың ойлаумен жақындалуы, қабылдаудың сөйлеумен байланысы жүзеге асады.

Сөйлеу және сөз түрінде ойлаудың даму процестері баланың көрнекі қабылдауын жаңа негізде қайта құрып, тым күрделі түрде өңдейтіндігі анықталды, атап айтқанда, жасөспірім кезеңінде ұғымдардың қалыптасуымен қатар, қабылдау сферасындағы көрнекі және көрнекі емес, нақты және абстрактілі мезеттердің пропорцияларының бұрынғы ара-қатынастары өзгереді.

Бала қабылдауының дамуы төрт сатыға — заттылық, әрекет, сапа және қатынастарға бөлінеді. Осы көзқарасқа сәйкес, 3 жастағы бала әлемді және заттардың жиынтығы ретінде қабылдаған болса, кейінірек ақиқатты әрекет етуші заттар мен адамдардың жиынтығы ретінде қабылдап, одан кейінірек, ара қатынастарды жүзеге асыратын ойлауға алмасып, ақиқатты байланысқан бүтек ретінде қабылдай бастайды. Қазіргі уақытта психологтар бала қабылдауының даму барысын осылайша бейнелейді.

Ойлау процестері мен қабылдау процестері бірігіп, қабылдау интелектілінеді де, көрнекті ойлауға айналады. Қабылдау объектілері ойлаудың арқасында байланысқа түсіп реттеледі себебі мен болашағы бар мағынаға ие болады. Осылайша, сөйлеу қабылдаудың мағыланануына, ақиқатты талдауға, қарапайымның орнына жоғары функциялардың құрылуына әкеледі.

Жасөспірімнің көрнекі ойлауы абстрактілі ойлау мен ұғымдардан тұратын ойлауды қамтиды. Жасөспірім қабылдаған ақиқатты сезініп, ойша қорытумен қатар, оны ұғымдар негізінде ойша қорытады, яғни ол үшін көрнекі қабылдау актісінде абстрактілі және нақты ойлау (синтезделеді) біріктіріледі. Ол көзіне көрінген ақиқатты бұрында жасалған кешендермен емес, ойлауда жасалған ұғымдар негізінде реттейді. Категориялы қабылдау тек өтпелі кезеңде ғана пайда болады. Балада және жасөспірімде қабылданатын байланыстар жүйесі кешен мен ұғым сияқты өзгеше болады; жалпы айтқанда, бала қабылдауда көбіне еске түсіреді, ал жасөспірім ойлайды. (К.Бюлер, В.Элиасберг, Ф.Бергер, Штерн, А.Гельб, В.Келер зерттеулерінен тұжырымдар).

Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің есінде де осы сияқты өзгерістер байқалады. Естің дамуы жайлы мәселе — тым шиеленіскен әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ес дамуында қарама-қайшы көзқарастар көп болды. Бір авторлар ес өптелі кезеңде тез дамитындығын айтқан болса, басқалары ол төмендейді деп тұжырымдайды, үшіншілері оның даму кезеңін, сәл ерте кезбен сәйкестендіріліп, естің өтпелі кезеңде шамамен бір деңгейде сақталып қалатындығын айтады.

М. М. Рубинштейн жастық шақтағы ес дамуы жайлы мәселенің даулы екендігін айтады. Дж.Селли (1901) және т.б. Психологтар 12 жаста ең жоғары шегіне жетікіне сенеді. Басқалары оны дамудың жалпы заңына бағындырып, оның жалпы ережеден ерекшеле қоймайтындығын айтып, ересек шақта ең жоғары деңгейіне жетеді деп тұжырымдайды. Бұл оның жастық шақта да дамитындығын білдіреді.

М. М. Рубенштейн екінші көзқарасты қолдайтын ойын білдіреді. Ес 12 жаста шынымен даму шыңына жеткенімен, - дейді ол, - оның тірі құбылысы кеңейтілген қызығушылықтан, ассоциативті бағадан, ерікті және эмоциялы тұрақтылықтан, неғұрлым жүйелі логикадан қолдау табады; жастық шақтағы ес еш себепсіз әлсірей қоймайды, керісінше, күшейе түседі.

Алғашқы мектеп жасында, сәбилік шақтағындай, интеллект көбірек еске сүйенеді. Ойлау негізінен еске түсіру әрекетінің ықпалымен жүзеге асады. Ой операцияларының талдауы ойлауды емес, негізінен естің іс-әрекетін сипаттайтын заңдылықтарды ашады.

Шмицтің қарастырған зерттеулерінде әр түрлі сатыдағы оқушылардың көп мөлшерін қамтып, ес пен интеллект және эйдетикалық бейімділік арасындағы қатынастарды анықтаған. Жалпы бұл зерттеу образдарда бөлшектенбеген кейіпте үш дербес функцияның — естің, қиялдың және ойлаудың бастамасын қамтиды деген. Осының барлығы оқушыларда бұл процестер арасында шек қою мүмкін емес олар бірігіп әрекет ететіндігінің дәлелі.

Егер бала интеллектісі — ес ес функциясы болса, жасөспірімдегі ес- интеллект функциясы.

Баланың қарапайым ойлауы қаншалықты еске сүйенетін болса, жасөспірімнің есі соншалықты ойлауға сүйенеді;

бала ұғымның сөздік формасының астарында қаншалықты нақты-бейнелік және практикалық-әрекеттік мазмұн жасырынған болса, жасөспірім есі бейнелерінің астарында соншама шынайы ұғымдар жасалынады. Естің даму тарихындағы осындай негізгі фактор әлі де зерттелуде.

Есте сақтау функциясының өзінің құрамы, құрылымы, іс-әрекет тәсілдері жағынан да сапалы сипаттағы өсуі жүреді. Оның әрі қарай даму жолы түбегейлі өзгереді.

Жасөспірімнің есі эйдетикалық көрнекі бейнелерден ажырайды, материалдық мағынасын түсінуге, талдауға және жүйеленуіне байланысты вербалды ес, ұғымдарды есте сақтау бірінші орынға шығады, сонымен қатар сөз арқылы есте сақтауда материалды өңдеу сипаты ойлаудыңобраздан ұғымға өту өзгерістерінен өтеді. Ішкі сөйлеудің аса күшті дамуы және сыртқы мен ішкі сөйлеу арасындағы айырмашылықтың жойылуымен жасөспірімнің вербалды есінің өзі, негізінен, ішкі сөйлеуге сүйенетін интеллектілі функциялардыңбіріне айналады. Осылайша ес пен ойлау дамуының ерте сатыларында анықталғанына қарама-қарсы қатынас пайда болады.Егер онда ұғымды анықтау нақты образ немесе қозғалыс бағдарына сөзге аударуы болса, мұнда нақты образдармен қозғалыс бағдарын есте сақтау сәйкес ұғымдарды меңгерумен алмасады. Егер онда ойлану — еске түсіру болса, мұнда есте қалдыру ойлану болып табылады.

Қысқаша айтқанда, жасөспірім логикалық есте немесе жанама есте сақтаудың ішкі формасы деп атайтын ішкі мнемотехникағ көшеді. Ішкі сөйлеудің қауырт дамуымен байланысты, осындай сыртқыдае ішкіге өту құбылысы тереңірек анықтауды талап етеді, себебі ол ішкіге өтпелі кезеңдегі барлық интеллектілі функциялардың дамуындағы ортақ белгіні құрайды және ол зейінге де, еске де бірдей тән.

Жасөспірімнің зейінінің даму ерекшеліктері туралы зерттеулер де түрлі тұжырымдар жасады. Олардың біріне тоқталсақ: «Дербес әртүрліліген, ерекшелігіне қарамастан, - дейді М.М. Рубинштейн, - қызығушылықтарының неғұрлым кеңірек және тұрақты болуынан емес, оның негізгі элементі неғұрлым сақталған, берік кейіпте болуынан да, осы кезеңдегі зейін үлкен ауқымға және тұрақтылыққа ие болады. Сондықтан жасөспірім зейіні де ұзақ және белсенді келеді. Сонымен бірге, осы сыртқы әсерлер — стимулдардың және олардың түрленген формалары ықпалын қажет етпей, мазмұнында тұрақты қабілетіне ие болып, ішкі логикасын басшылыққа алады».

Өтпелі кезеңдегі зейіннің дамуы мен ұғымдардың қалыптасуы функциясының арасындағы байланыстың екі жақты сипаты болатындығын ескереміз: бір жағынан, басқа да интеллектілі функциялардағы сияқты, зейіннің дамыуындағы белгілі деңгейі ұғымдар негізіндегі ойлау дамуының қажетті алғы шарты болуы, екінші жағынан, ұғымдар негізіндегі ойлауға көшудің өзі зейіннің жоғары сатыға көтерілуі оның ішкі ырықты зейіннің жаңа жоғары әрі күрделі формасына өтуі.

Пиаженің пікірінше зейіннің құрылымы мен ұйымдасуы ең алдымен оның эгоцентрлік ойлауымен байланысында сипатталады. Бала ойлауының тәсілдері оның зейінінің сипатын анықтайды. Сондықтан бала үшін оның өзіне тән, тікелей, нақты қабылдауы мен дерексіз ойлауының арасында айырмашылық орын алады. Ол заттарды олардың бір-біріне қатысты ішкі қатынастарында емес, үнемі тікелей қабылдауда көрінетін қатынастарында қарастырады. Заттарды бірінен кейін бірін бірізділікке қарастырмай, синтезсіз немесе үзік-үзік қарастырады.

Баланың ойлауы зейіннің қарапайым түрде ұйымдастырылуымен сипатталады. Зейіні тікелей сипатта, ол ырықсыз және сырттан бағытталады. Жасөспірімде ойлаудың дамуымен жеке ұғымдармен ойлауға өтумен қатар, зейіннің жоғары формалары дамиды — жанама зейін, оның ырықсыз зейінге қатынасы мнемотехниканың механикалық еске қатынасындай.

Бүтіндей зейіннің даму процесі қалыптасатын сатыларды атай отырып, оның негізгі екі сатысына тоқталсақ, біріншісі — мектеп кезеңін, екіншісі өтпелі кезеңді қамтиды. Жалпы, осы сатылардың біріншісі, өзіндік психикалық функциялар — есті, зейінді сырттай меңгеру сатысы болып табылса, екіншісі сол процестерді іштей меңгеру сатысы. Сыртқы меңгеруден ішкі меңгеруге көшу - жасөспірімнің маңызды ерекшеліктерінің бірі.

А.Н.Леонтьев арнайы түрде әртүрлі жас шамаларындағы зейіннің дамуын зерттейді.

Жасөспірім ойлауының дамуы және ұғымдардың қалыптасуы

Өтпелі кезеңдегі ойлаудың даму тарихының өзі қазіргі кезде ескі құрылымдардан өтіп, интеллекттің жетілуін жаңаша түсінудің өтпелі кезеңін басынан өткізуде.

Жасөспірімдердің ойлауының дамуы мен жалпы танымдық процестерінің дамуы туралы көптеген психологтар, педагогтар өтпелі кезеңде бүкіл организімінде болып жатқан өзгерістердің, жалпы дағдарыс пен жетілу процесіне байланысты түсіндірген.Көптеген теориялар негізінде мынандай тоқтамға келген: бала -ең сезімтал тіршілік иесі, оның жалпы құрылымында эмоция бірінші орын алады, ал жасөспірім — біз үшін ең адлымен, ойлау қабілеті жетілген тіршілік иесі.

Ойлаудың дамуы дегеніміз — бұрын қалыптасқан формалардың әрі қарай дамуы деген пікірді қорытындылай келе, қабылдау барысында өндірілетін процесітерінде (жинақтау, белгілеу категориялық қабылдау және қайта өңдеу классификациясы) де, логикалық байланыстар саласында (ұғым, пікір, қорытындылау, сын) да, мектеп жасының барысында ешқандай психикалық функция мен актілердің жаңа формалары пайда болмайды дейді. Олардың барлығы алдында қалыптасқан, бірақ мектеп жасында айтарлықтай дамиды. Бұл маңызды даму олардың дифференцияланған және аз ғана өзгешелік сияқты саналы қасиеттерімен байқалады.


11 дәріс

Тақырыбы: Жастық шақтағы психикалық даму. (жоғарғы сынып жасы).



жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау