Гуманитарлық факультеті



жүктеу 26,84 Kb.
бет1/4
Дата09.01.2022
өлшемі26,84 Kb.
#32075
  1   2   3   4
арнайы псих 6прак


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлық факультеті



«Дислалияға шалдыққан балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері»

тақырыпта

«Арнайы психология» пәні бойынша

білім алушының өздік жұмысы

Орындаған:

ПиП-907 топ студенті

Педагог-психолог мамандық

Сағынай Дәулет.

Семей – 2020

Дислалияға шалдыққан балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері

 Жоспары:



  1. Дислалия дегеніміз не? Дислалия тарихы және жалпы түсінік.

  2. Акустикалық-фонематикалық дислалия.

  3. Жай және күрделі дислалия.

  4. Механикалық (органикалық) дислалия.

  5. Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі.

  6. Мектепке дейінгі жастағы балаларда кездесетін дислалияны түзету жолдары.

  7. Қорытынды.

Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.

В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды.

20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.

Дислалия– сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау).

Дислалия– мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).

Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.



Дислалия- есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы(Л. С. Волкова).

Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.

Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады.

Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.

Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.

Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін (фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.

Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады: акустикалық-фонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық, артикуляторлық -фонетикалық.

Акустикалық-фонематикалық дислалия: дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.

Артикуляторлы-фонематикалықдислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.

2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады.

Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).

Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады.

Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8-9ж - 18%

Мұндай мағлұматтар А. Н. Гвоздевтің, В. И. Бельтюковтың, О. В. Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1 сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар саны 15% -ды көрсеткен. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар бірен – саран болады.

Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты.

Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.

Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.

Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.

Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:

1.дыбысты мүлдем айтпауы;

2.дыбысты алмастырып айтуы;

3.дыбысты бұзып айтуы;

4.дыбысты шатастырып айтуы.

Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.

Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.

Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %

2. ротоцизм (р-р′) – 26 %

3. ламбдацизм (л-л′) – 10 %

4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %

5. йотоцизм (j) – 1,5 %

6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш,

г-ғ, к-қ)

Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі.

7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р.

Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А. Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың (1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм -71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42 %; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010). Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында дыбыстардың айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады.




жүктеу 26,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау