антропофоникалық, соңғысы –фонологиялық деп аталады. Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі – р дыбысын тамақпен айту немесе – с дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің мысалы –ш орнына –с алмастыру / «маса» – маша/, немесе – р орнына – л / «ара» – ала/, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады». Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастыруымыздан тыс қалады. Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайды ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрынғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын – шабын, қасық – қашық т.б. Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дифференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек. Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір ақаулықтар ескертіледі. Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда жүйке қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық ауытқушылықтары жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл ауытқушылықтарды дыбыстың айтылу кемшіліктігін түзетуді жүзеге асыратын фактор ретінде аса мән беру кездеседі. Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр ауытқушылықтар болғанда ғана логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін көптеген тәжірибелер көрсетуде. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стомотолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.
Балалар дыбысты түзетуге арналған жаттығуларды жақсы көреді және бірін-бірі тексеруге, қадағалауға, бір-біріне дыбысты айтуға, артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларына қызығушылық танытады. Олар дыбыс ойындарын ойнағанды, дыбыстарды айыру, сөздерді, өлеңдер мен тақпақтарды жаттағанды ұнатады. Дыбысты дұрыс айтуды үйренген бала жеңісіне қатты қуанып, мақтанышпен үйренген дыбысын қайталап айта алады, ұялмай еркін сөйлесе алады. Дыбыс айту бұзылыстарын түзеу балаға сауатты оқу, жазуды меңгеруіне ықпал жасайды және де қандай да болсын ортада өз ойын анық жеткізуіне мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Баланың сөйлеу тілін үйден тәрбиелеуден бастауымыз керек. Балада алдымен сөзді түсіну қалыптасады ( импрессивті сөзі), содан соң ғана сөйлеуі ( экспрессивті сөзі) қалыптаса бастайды. Яғни ата – ана бала өмірге келгеннен бастап онымен сөйлесе бастауы керек. Кішігірім тақпақтар, санамақтар айтудың маңызы көп.
Баланың тілі шығарда дыбыстарды анық айтып сөйлесуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред.-М., 2007.
2. Основы теории и практики логопедии. Р.Е.Левинаның ред. –М.,1968.
3. Қ. Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев. Логопедия. - Алматы, 1996.
4. Григоренко Н. В., Синяева М. Л. Логопедические и медицинские аспекты органической дислалии и способы ее коррекции. Дефектология, 2000, №4
Достарыңызбен бөлісу: |