Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары



жүктеу 38,14 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі38,14 Kb.
#3053

Мазмұны

  • Мемлекеттік басқарудағы мақсаты тұжырымдау механизмі. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттардың қалыптасу көздері. Мемлекеттік басқару мақсаттарының құқықтық бекітілу формалары. Мемлекеттік басқарудың тәжірибелік бағыттылығы. Мемлекеттік басқару мақсаттарын болжау.
  • Мемлекеттік басқарудың мақсаттар жүйесі. Қалыптасу көздері,мемлекеттік органдар құдіреті,олардың аумақтық және уақытша аспектілеріне байланысты мақсаттар иерархиясы.
  • Қазақстан мемлекеттігінің тарихи аспектісі. «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтары,оларды жүзеге асыру бойынша бағдарламалық-құқықтық қамсыздандырылуы
  • Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік басқару функциялары.
  •    Осы заманғы тиімді мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару құрылымын құру ел Президентінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – 2020 Стратегиялық жоспар) шешуші міндет ретінде айқындалған.
  • Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында:       мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың бірыңғай саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;       мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;       мемлекеттік органдардың қызметін халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсынуға бағдарлау;       мемлекеттік аппарат қызметінің айқындылғы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.       Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласында қоғамның қажеттіліктерін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған бірыңғай, сындарлы саясат жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару реформасын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады.       Бастапқы кезеңде 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін әкімшілік реформа күрделi жағдайда жүзеге асырылды. Ел экономикасы ауыр жағдайда болды және қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық қатынастармен қатар, тұтастай алғанда, мемлекеттің рөлін және ұзақ мерзімді перспективада даму үлгісін айқындау қажет болды. Қазақстан басқарудың командалық-әкімшілік жүйесінен бас тартты да, нарықтық қағидаттарға және мемлекеттік құрылыс пен басқару негізіне батыл түрде бағытталды.       1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін экономикалық реформаларды жүргізу қарқынын жеделдетуге және даму бағытын нақты айқындауға көмектескен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық негізгі бағыттары бойынша заңнамалық актілер қабылданды. Ең алдымен, бұл заңдар экономиканы ырықтандыруға және монополиясыздандыруға, кәсіпкерліктің еркіндігі мен оны қолдауға, банк секторын реформалауға бағытталды.
  •   Бұдан әрі 1997 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда әкімшілік реформаны жүргізу басталды, бұған 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы ықпалын тигізді. Негізгі функцияларға дейін шектелген тиімді мемлекет қалыптастыру елдің даму басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.       2003 және 2006 жылдар кезеңі мемлекеттік басқару құрылымынынң, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктің аражігін ажырату реформаларымен белгілі болды.       Экономиканы басқарудын бағдарламалық-мақсатты әдістерін енгізуі бастамалары көзделген. Қабылданған Бюджет кодексінің шеңберінде басқарудың төмен деңгейлеріне берілген мемлекеттік функциялардың қаржылық қамтамасыз етілу мәселелері реттелді.       Мемлекеттік секторды реформалаудың ағымдағы кезеңі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының қабылдануымен 2007 жылы басталды.       Реформалардың осы кезеңінің негізгі міндеті мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа моделін енгізу, сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін реттеу, мемлекеттік қызметті жаңғырту, әкімшілік реформамен байланыстыра отырып, «электрондық үкіметті» құру және дамыту есебінен мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
  • Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың және бюджеттеудің жаңа жүйесін енгізу маңызды бағыттардың бірі болды.       «Шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» кезең кезеңімен өту жұмысы 2008 жылы басталды. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі күшіне енгізілді. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу үшін нормативтік құқықтық база құрылды, негіз қалаушы жүйелік және әдіснамалық құжаттар қабылданып, стратегиялық және бағдармалық құжаттардың жаңа иерархиясы енгізілді.       2010 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта ел дамуының стратегиялық мақсаттарының мониторингі және оларға қол жеткізуді бағалаудың кешенді жүйесі қалыптастырылуда.       Бағалауға жататын мемлекеттік органдардың негізгі қағидаттары, жұмыс бағыттары, бағалауды жүргізу тәртібі айқындалған «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы қабылданды.       Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін заңнамалық негіз жасалды. Қызметтердің тізілімі мен осы тізілімге енгізілген қызмет көрсету стандарттары бекітілді, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсету басталды. Жұртшылықпен кері байланыс орнату үшін көрсетілетін қызмет сапасын бағалау бойынша тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу басталды.
  • 2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» дамыту бағдарламасы бекітілді. «Электрондық үкімет» шеңберінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта:       1) электрондық қызметтердің дамуы транзакциялық кезеңді белсенді іске асыру кезеңінде тұр, ол азаматтарға мемлекеттен анықтамалар мен құжаттарды электрондық түрде алуға ғана емес, олар үшін төлемдер төлеуге де мүмкін береді;       2) «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының негізгі компоненттері құрылған және енгізілген;       3) әр түрлі мемлекеттік органдар көрсететін аса маңызды мемлекеттік қызметтердің кешенін азаматтар алатын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық желілері жұмыс істейді (ХҚКО).
  • Әкімшілік кедергілерді азайту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесі мен бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады.       Мемлекеттік органдардың бақылау қызметтерін ретке келтіру үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тексерудің кезеңділігін белгілеуге мүмкіндік беретін тетік заңды түрде енгізілді.       Дүниежүзілік экономикалық форумның және «Doing Bussines» Дүниежүзілік банктің жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингтерінде Қазақстанның позициясын жақсарту жұмысы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің өмірлік іс-әрекетінің әр түрлі кезеңдерде (ашу, тіркеу, қызмет жасау және тарату) әкімшілік рәсімдерді жүргізу мерзімдерін оңайлатуға және қысқартуға бағытталған шаралар іске асырылды.
  • Бизнестің уақыт және басқа шығындарын қысқарту үшін заңнамада рұқсат беру рәсімдердін оңайлату жөніндегі нормалар бекітілген:       1) лицензия алу кезіңде мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінің барлығына «бірыңғай терезе» қағадатын қолдану.       2) лицензиардың берілген құжаттар пакетінің тексеруді жүзеге асыру мен қандай да бір құжат жетіспеген жағдайда өтініш берушіге хабарлау міндеттемесін белгілеу. Бұдан әрі мемлекеттік орган бұл негіздеме бойынша лицензияны беруден бас тарту құқығынан айырылады.       3) тапсырылатын құжаттардың міндетті түрде нотариалдық расталуын алып тастау. Өтініш берушіге нотариалды рассталған құжаттар көшірмесін не салыстыру үшін құжаттардың түп нұсқасын ұсынуды таңдау құқығы беріледі;       4) барлық рұқсат беру рәсімдеріне «үндемегі - кейіскені» қағидатын қолдану. Егер мемлекеттік орган белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту немесе рұқсат беру құжатын бермеген жағдайда, онда мұндай құжат берілген (рісңм мақұлданды) болып есептеледі. Бұл ретте, өтініш берушіден өз қызметін бастау туралы хабарлама тапсыру талап етілмейді;       5) субъектінің санатына қарамастан, лицензиялар беру үшін бірыңғай мерзім – 15 жұмыс күнін белгілеу.       Аталған шаралар лицензиялық-рұқсаттамалық құжат айналымының жылына 881 мың бірлігіне қысқартылуына әкелетіні болжанады, ал кәсіпкерлердің уақыт пен қаржылық шығындарын үнемдеу бастапқы есеп бойынша 27 млрд. теңгені құрайды.
  • «Электрондық үкімет» бағдарламасын дамыту шеңберінде ««Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін құру жобасы басталды. Оның негізгі мақсаты лицензиялау мен берілген лицензиялар бойынша деректер базасын жүргізу аясында халыққа электрондық қызметтер көрсету болып табылады.       Квазимемлекеттік секторды басқару саласында мемлекеттік органдардың нақты құзыреті және жауапкершілігі, республикалық және коммуналдық мүлікті басқару деңгейлері анықталған, мемлекеттік кәсіпорындарды құру мақсаттары, қызмет салалары нақтыланған, кәсіпорындар басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару нәтижелеріне жауапкершілігі күшейтілген, еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру мүмкіндігі алып тасталды.       Мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты – оларды мемлекет бақылайтын және бақыламайтын сыныптамаға бөлу көзделген. Бұл мемлекет тарапынан оларды басқару ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.       Мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару кодексі мен тәуелсіз директорлар институтын енгізуінің өсу үрдісі байқалады.       Білім беру және денсаулық сақтау мемлекеттік кәсіпорындарда – акционерлік қоғамдарда директорлар кеңесі үлгісінде бақылау кеңесі – басқарудың жаңа органын енгізу көзделген.       Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес ұлттық басқарушы холднигтер, ұлттық холдингттер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар он жылға арналған даму стратегияларын және осы стратегияларды іске асыру үшін бес жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді.       Жүргізілген реформаның қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасында Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін негіз қаланғанын атап өту қажет.
  • Мемлекеттiк басқару жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен міндеттері
  •       Мемлекеттiк басқаруды реформалаудың негізгі мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мемлекеттiк басқарудың жаңа сапалы моделін құру арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын барынша іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.       Бұл ретте, 2020 – Стратегиялық жоспарында көзделген мемлекеттiк секторды реформалаудың негізгі бес бағыты шеңберiнде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді дәйекті шешу көзделеді:       1) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету;       2) мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту;       3) лицензиялық – рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру;       4) мемлекеттік активтерді басқару тиімділін арттыру және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;       5) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру;       6) мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
  •       Мемлекеттік басқардың жаңа моделі мынадай қағидаттарға негізделетін болады:       соңғы нәтижеге бағдарлау және мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (аз ресурстар шығындармен берілген нәтижелерге қол жеткізу);       басқару жүйесінде (әкімшілік рәсімдер ұйымдастыру және басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде) барынша ікемділікті пайдалану және жаңа, оның ішінде, түлкі комуникациялық технологияларды енгізу;       қызметте жоғарылауды байланыстыру, мақсаттарға қол жеткізу және тиімділікті көтеру жөніндегі нәтижелер деңгейелі бірге ресурстар мен сыйақыларды бөлумен;       мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарын ескере отырып қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік аппарат қызметiнiң ашықтығы (айқындылғы).
  • Сонымен 1997 жыл келді. Тәуелсіз Қазақстанды жан-жақтылы дамытудың бағдарламасы жасалды. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 стратегиясы» атты жолдауы жарияланды. Бұл бүкіл қазақстандықтарға арналған және тәуелсіз Қазақстанды өркендетудің негізгі іс-қимыл жоспары болды. Жолдаудың басты ұстанымы: «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еді. Яғни «Қазақстан -2030 стратегиясы» қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты. Онда ұзақ мерзімді 7 басым мақсаттар баса көрсетілген.
  • «Қазақстан - 2030»
  • (33 жылға арналған)
  • 1.Ұлттық қауіпсіз-
  • дікті
  • сақтау
  • 2.Ішкі саяси
  • тұрақты-лық
  • 3.Экономи-
  • калық өсу
  • 4.Әлеу-
  • меттік
  • мәселелер
  • 5.Энерге-
  • тика ресурс-
  • тарын
  • пайдалану
  • 6.Инфра-
  • құрылым
  • ды дамыту
  • 1. Ұлттық қауіпсіздік адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы мен тұрақты өсуі ең маңызды мәселелердің бірі. Аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін және көрші елдермен берік те достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз деп көрсетілген. Алдымен өз ішкі әскерімізді құру, барлық қазақстандықтардың бойында отаншылдық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті дамыту қажеттігі айтылған. Халық пен мемлекет арасында түсіністік болғаны керек. Жеріміз де, қазынамыз да жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз. Сол арқылы Орталық Азия мемлекеттерімен интеграциялық процестерді күшейтеміз. Таяу және Орта Шығыс елдерімен де достық байланыс нығаю керек. Қазақстандық барлық азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігі болуы қажет. Қауіпсіздік пен ел тұтастығы мәселелеріне біз қазақстандықтар өте қырағы болуға тиіспіз. Бұл демографиялық көші-қон саясатын шығарылуға тиіс. Сондықтан да мемлекеттік қауіпсіздік мәселе ең елеулі мәселе.
  • Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы дегенді түсінер болсақ...бірінші көршілік , азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету, бұның дәлелеі Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы, басқа ұлт өкілдеріне барлық еркіндіктер берілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту, әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрметті нығайту айтылған. Оның мәселелері шешілді, біздің тәуелсіз Қазақстанда. Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан экономикалық ілгерлеу арқылы шешуге болады. Яғни Қазақстан әр азаматына барынша көп мүмкнідік береді. Олар: білім алуға, денсаулық сақтауға, спортпен айналысу, шығармашылықпен айналысу, өз қалаған кәсібімен айналысу т.б. Осыған сүйене отырып, тарихымызға, жаңа дамудың кезеңдерін еске ала отырып, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін боламыз. Олда шындыққа айналды.
  • Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу –біз саналы да жігерлі халықпыз. Қазақстан азаматтары тез арада нарықтық экономикаға тез бейімделуі керек. Азия барысына айналуы қажет. Жеке меншіктің дамуына еркіндік беру, ашық экономика мен еркін сауданы дамыту. Экономикалық өрлеу еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз қазір жақсы түсіндік. Себебі экономика жақсарса әлеуметтік жағдайымыздың да жақсарғаны. Оның табысы жетерлік. Мысалы: жыл сайынғы 25-30 пайыздық үстемелерді алайық, табыс көзінен түскен салықтан мемлекеттік қор көзі молайды. Ұлттық қор «Самұрық-Қазына». Ал ол қордың барлық көзі қазақстандық азаматтардың және халық мүддесімен ел қамы жағдайын жақсартуға жұмсалуда.
  • Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру - салауатты өмір сүру, дене тәрбиесі, тазалық пен санитария ережелерін насихаттау, нашақорлықпен наркобизнеске қарсы кұрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. «100 мектеп, 100 аурахана», немесе 12 жылдық білім беру, Астана қаласындағы «Кардиология орталықтары», Семейдегі онкологиялық ауруларды емдеу орталықтары т.б.
  • 5.Энергетика ресурстары- Қазақстан өзіміз білетіндей табиғи ресурстар, соның ішінде энергетика ресурстарына өте бай. Оған ие болып қана қоймай, оны ұқсата білу керек. Онда халықаралық технологиялар, ноу-хау, технопрактер, кластерлер ұйымдастыру, ірі капиталдар тарту арқылы ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Мұнай мен газды экспорттау, сыртқы сауданы дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды құру. Оның бәрі болашақ ұрпақтарымыз үшін. Одан тек игеру мен пайда табу ғана емес, үнемдеуді де ұмытпаған жөн. Көбейту білу. Бұл экономикалық мәдениетке жатады. Қазақстанның экспортқа шығатын өнім пайызы тек 18 пайыз, ал шетелдік импорт 80 пайызды құрайды. Ендеше қай елден кембіз? Бар байлық көзін игеретін кез келді.
  • Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс - Адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш. Олар Ұлттық экономикаларды шоғырландырады, аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады. Сыртқы саудасы мен байланысы бар ел ғана дамиды. Оны тарих көрсетті де. Әсіресе темір жолды дамыту, себеп неде? (Студенттер ойын тыңдау). Ал байланыс желілеріне келетін болсақ... қандай деңгейде екендігін күнделікті өмірден байқаймыз. Ол интернет, факс, ақпарат көздері: теледидар мен баспасөздер т.б.
  • 7.Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәпісқой мемлекет: Ел қамын ойлайтын ықшам әрі кәсіпқой Үкімет құру. Олда жүзеге асты. Атқарушы орган ретінде Үкімет пен әр саланың жұмыстарына басшылық жасайтын 17 Министрлік қызметі халық игілігіне бағытталуда. Жергіліті жерде билік жасайтын атқарушы өкілді орган (маслихат) мен атқарушы билік орган (әкім) бар. Осындай саяси реформалардың жетістігі мемлекетпен халықты байланыстыра отырып, мемлекет мүддесі үшін де, халық болашағына қызмет жасайды. Алдағы уақытта да солай болмақ. Осылайша Азия барысына айналуы- ол өзіне тән текті, алғыр, жасқануды білмейтін, тәкаппар, батыл, айлалығымен дараланатын ел болуы қажет. Олда шындыққа айналуға барынша алға жылжуда.
  • Табитғат ресурстарын
  • ашық пайдалану
  • Қаржы
  • және іскерлік өңірлерін құру
  • Халықара
  • лық стандарт-
  • тарға сай
  • оқу орындарын
  • құру
  • Сауда маркасымен қорғалатын тауарлар өндірісі
  • Экспорттық-импорттық кредиттеуді
  • дамыту
  • БСҰ-ға , халықаралық рыноктарға
  • кіру
  • Бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндіру
  • Халықара-
  • лық эконо-
  • микаға кіру
  • Индус
  • трияны
  • дамыту
  • 1.Әлемдік экономикаға ену-ел экономикасының сапалық серпілісі

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio4
portfolio4 -> Презентация тақырыбы: Түйіндеме
portfolio4 -> Бір қадам алға! (Көшбасшылықты дамыту) Көшбасшылық құзіреттілікті дамыту
portfolio4 -> Іс қағаздарын жүргізу
portfolio4 -> Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы
portfolio4 -> Республикалық маңызы бар ескерткіштер Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ
portfolio4 -> Сабақтың тақырыбы: Астықты өлке Қостанай Аға оқытушы Б. Абильбекова
portfolio4 -> Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
portfolio4 -> Коммуникация пр-дың қызмет саласының бір бөлігі
portfolio4 -> Лиро-эпостыќ жырлар

жүктеу 38,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
ткізу туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
денсаулық сақтау
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
оқыту әдістемесі
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
Республикасы білім
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып