Экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін еңбекақыға
белгіленген үстеме ақы мен жеңілдіктер
тізбесі
І. Семей ядролық полигонының аудандары
Экологиялық апаттың әсеріне ұшыраған аумақтардың атаулары
|
Еңбекақыға әлеуметтік төлемдердің мөлшері
|
Жеңілдіктер мен өтемақылар
|
облыстардың, аудандардың атауы
|
темір жол желісі учаскелерінің атауы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ең жоғары радиациялық қатер аймағы
|
Шығыс Қазақстан облысы:
Жаңасемей ауданы
Павлодар облысы:
Май ауданы
Май ауылдық округі (бұрынғы Ақжар ауылдық кеңесі)
|
№1 разъезд - Шөптіқақ станциясы, Жаңасемей станциясы (қоспағ.) - Дегелең станциясы (Конечная) (қоспағ.)
Май разъезі (084 км разъезі)
|
1,75
есептік көрсеткіш
|
12
күнтізбелік күн қосымша еңбек демалысы
|
Жоғары радиациялық қатер аймағы
|
Павлодар облысы:
Май ауданы
|
Ақсу станциясы – Дегелең станциясы темір жол учаскесінде:
Құркөл разъезі (29 км) – Май разъезі (184 км разъезі) қоспағанда
|
1,5 есептік көрсеткіш
|
10 күнтізбелік күн қосымша еңбек демалысы
|
Шығыс Қазақстан облысы:
а) аудандар:
Бородулиха,
Шар, Жарма,
Аягөз;
Семей қаласы,
Курчатов қаласы
б) аудандар:
Шемонаиха,
Глубокое,
Ұлан;
Өскемен қаласы,
Риддер қаласы
|
552 км разъезі (қосқ.) – Жүзағаш станциясы, Семей станциясы және Жаңасемей станциясы
Қазақстан разъезі –
Огнёвка кенті (қосқ.),
Защита – Лениногорск учаскесі
|
1,5 есептік көрсеткіш
|
10 күнтізбелік күн қосымша еңбек демалысы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Төтенше радиациялық қатер аймағы
Шығыс Қазақстан облысы:
Бесқарағай ауданы
|
Шаған станциясы
|
2 айлық
есептік көрсеткіш
|
14 күнтізбелік күн қосымша еңбек демалысы
|
Ең төмен радиациялық қатер аймағы
|
Шығыс Қазақстан
облысы:
Аудандар:Таскескен, Зырянов,
Серебрянск
|
Ақтоғай станциясы;
Серебрянка станциясы –Зыряновск станциясы
|
1,25
есептік көрсеткіш
|
7 күнтізбелік күн қосымша еңбек демалысы
|
Қарағанды облысы:
Қарқаралы ауданы
|
Көкпекті станциясы (қоспағ.) – Қарағайлы станциясы
|
Жеңілдік берілетін әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ
|
Павлодар облысы:
Баянауыл ауданы
|
Үшқұлын станциясы
|
1
есептік көрсеткіш
|
5 күнтізбелік күн
қосымша еңбек демалысы
|
Арал өңіріндегі аудандар
|
Экологиялық апат аймағы
|
Қызылорда облысы:
аудандар:
Арал, Қазалы
Ақтөбе облысы:
Шалқар ауданы
|
Құрлық станциясы (қосқ.) – Төретам станциясы (қоспағ.)
Сексеуіл-Жезқазған учаскесі Сексеуіл станциясы – 16 разъезд (қосқ.)
№59 разъезд (Біршоғыр) – Шоқысу – 82 разъезд,
Шалқар-Бейнеу учаскесі Шалқар станциясы – Тассай станциясы (қосқ.)
|
1,5 *
коэффициент
|
12 күнтізбелік күн
қосымша еңбек демалысы,
еңбекақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек
|
Экологиялық дағдарыс аймағы
|
Қызылорда облысы:
|
Төретам станциясы– Бесарық станциясы
|
1,3 *
коэффициент
|
9 күнтізбелік күн
қосымша еңбек демалысы, еңбекақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек
|
Ақтөбе облысы:
аудандар: Темір,
Байғанин, Ырғыз
Мұғалжар
Қарағанды облысы:
Ұлытау ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы:
аудандар:
Арыс, Отырар, Түркістан
|
Темір (қоспағ.) – Сағыз (қоспағ.)
Құдық станциясы – №59 разъезд (қоспағ.)
Промежуточная станциясы – 16 разъезд (қоспағ.)
Жаркұм разъезі (қоспағ.) -
Сағыр разъезі (қосқ.)
12 разъезд – Жезқазған станциясы (қоспағ.)
Монтай станциясы - Таш (қосқ.) - Бесарық станциясы (қоспағ.)
|
1,2 *
коэффициент
|
7 күнтізбелік күн
қосымша еңбек демалысы, айлық немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек
|
|
Ескертулер:
1. Қосымша еңбек демалысының ұзақтығы пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу кезінде ескеріледі және мерекелік күндерінің санына арттырылмайды.
Қызметкердің келісімімен еңбек демалысынан кері шақыртқан жағдайда, пайдаланылмаған қосымша еңбек демалысы ағымдағы жылы беріледі немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады. Пайдаланылмаған қосымша еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу жүргізілмейді. Материалдық көмек демалыс берумен бір уақытта жүргізіледі және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төленгенде берілмейді.
2. Арал өңіріндегі экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін еңбекақыға коэффициенттер қызметкердің тарифтік ставкасына (лауазымдық ақысына) нақты жұмыс істеген уақыты үшін есептеледі. Төленетін үстеме ақылардың бір айға есептегендегі мөлшері: (К-1) х (Т/Н х Тфакт) құрайды, ондағы:
К – экологиялық апат аймақтарында белгіленген коэффициент;
Т (теңге) – қызметкердің айлық тарифтік ставкасының (лауазымдық еңбекақысының) мөлшері;
Н (сағат) – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес есептік сағат нормасы;
Тфакт (сағат) – осы айдағы нақты жұмыс істеген сағат саны.
3. Радиациялық қатер және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін үстеме ақылар әлеуметтік төлемдер болып табылады, еңбекақыны есептегенде жаңа тарифтік ставканы (еңбекақыны) құрамайды және аудандық коэффициентті есептеу үшін сомаға қосылмайды. Экологиялық апат аудандарындағы жеңілдіктермен көзделген еңбекақыға қосымша ақылар мен қосымша еңбек демалыстары тек осы аймақтарда тұратын қызметкерлерге ғана белгіленеді.
________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
4-қосымша
Жүріп-тұру сипатындағы жұмыс немесе аймақтың қызмет көрсету
шекарасында қызметтік жол жүрумен байланысты жұмыс үшін
үстеме ақы төленетін кәсіптер мен лауазымдар
тізбесі
1. Қоғам филиалдарының, Президенті өкілі аппаратының, аймақтық өкілдіктерінің басшылары мен қызметкерлері жолға жүру кезінде филиалдың шекарасы шегінде қызметтік сапарларға жүру кезінде 3 тәуліктен аспайтын мерзімге;
2. Барлық атаулардағы ревизорлық аппараттың қызметкерлері;
3. Тиісті филиалдың шекарасында қызмет көрсететін учаскені тексеру, техникалық құрылғыларды жөндеу үшін 3 тәуліктен аспайтын мерзімге қызметтік сапарларға жүретін филиалдардың қызметкерлері;
4. Жабдықтау жөніндегі агенттер, автомашиналардың жүргізушілері және материалдық-техникалық жабдықтау, жүктерді жөнелту мәселелерімен айналысатын басқа да қызметкерлер қызмет көрсетілетін аймақ шегінде.
Ескертулер:
1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұратын сипатта болатын, олар қызмет көрсетін учаскелер шегінде қызметтік жол жүретін қызметкерлердің шығыстарын өтеу мақсатында 1 АЕК мөлшерінде үстеме ақы төленеді.
2. Қызметтік сапарлар кезіндегі жұмыстарды орындау орнына барумен және тұрғын жайды жалға алумен байланысты шығыстар ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес Жұмыс берушінің іссапарлар туралы актілерінде көзделген мөлшерлер шектерінде өтеледі.
3. Жылжымалы құрамды жөндеуге тапсыру және қабылдап алу үшін жөндеу пунктінде тұрған уақыты үшін және Қазақстан Республикасының аумағында жолаушы болып жүргенде қызметтік іссапарларға көзделген тәуліктік шығындар толық мөлшерде төленеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларының аумағында осындай шығыстар шетелге уақытша іссапарларға шығатын қызметкерлер үшін белгіленген нормалар бойынша өтеледі.
4. Егер қызметкерлердің жұмыс орнына және кері қайтуға жұмыс уақытында емес жол жүруінің ұзақтығы бір күнде 3 сағаттан артық болса, үстеме ақыны төлеу 0,1 айлық есептік көрсеткіш, ал екі сағаттан артық болса АЕК-тің 0,075 мөлшерінде жүргізіледі.
5. Қызметкерлердің шыққан сәттен бастап тұрақты жұмыс орнына (тұратын жеріне) қайтқанға дейінгі жол ұзақтығы 12 сағаттан артық, бірақ толық тәуліктен аз болатын немесе екі күнтізбелік күні 12 сағаттан артық қызметтік сапарда болған уақыты бір тәулік ретінде есептеледі.
6. ФРУ № 12-нысанды жүріп-тұруларды есепке алу тізімдемесі, маршруттық қағаз немесе іссапар куәлігі, сондай-ақ жүріп-тұруларды есепке алу кітабы үстеме ақы төлеу үшін негізгі құжаттар болып табылады.
7. Жүріп-тұру сипатындағы жұмыс үшін үстеме ақылар уақытша жұмысқа жарамсыз күндері үшін тұрақты тұратын жерінен тыс жерде төленеді.
8. Сыртқы сауда жүктерін және жылжымалы құрамды берумен айналысатын шекаралық станциялардың ауысымдық қызметкерлеріне, сондай-ақ шетелде орналасқан қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі жұмыс орындарын автоматтандыруда қызмет көрсетумен айналысатын аймақтық ақпараттық-есептеу орталықтары ақпараттық жүйелерінің желілік бөлімшелерінің қызметкерлеріне жүріп-тұру сипатындағы жұмысы үшін үстеме ақы шетелдік валютамен, төмендегі мөлшерлерде төленеді:
1) шетелдік темір жолдың іргелес шекаралық станциясында болған әр тәулік үшін – 60 пайыз, 4 сағаттан артық, бірақ бір тәуліктен кем болғанда шетелге уақытша іссапарларға баратын қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәуліктік шығындар нормасынан 15 пайыз;
2) 4 сағаттан кем болғанда үстеме ақы төленбейді.
__________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
5-қосымша
Еңбек демалыстарының ұзақтығы
Лауазымдардың атауы
|
Демалыстың күнтізбелік күндерінің
саны
|
1
|
2
|
Қоғамның орталық аппараты
|
Басшылық
|
30
|
Барлық атаулардағы басшылар мен мамандар
|
30
|
Барлық мамандықтардың техниктері
|
24
|
Қоғамның филиалдары
|
Басқару аппаратының басшылары мен мамандары
|
28
|
Филиалдардың - орталық зертханалардың, цехтердің, өндірістік учаскелердің, зертханалардың, орталықтардың бөлімдерінің, секторларының басшылары мен мамандары
|
28
|
Бригадир, комендант, қойма, мұрағат, бюро меңгерушілері
|
24
|
Аға диспетчерлер, диспетчерлер, ауысым диспетчерлері, кезекшілер
|
28
|
(аға) инструкторлар, инспекторлар және ревизорлар (барлық атаулардағы); вагондарды қабылдаушылар
|
28
|
Заң кеңесшілері, аудармашылар
|
24, 28*
|
Барлық мамандықтардың техниктері, ауысымдық кезекшілік етпейтін операторлар
|
24
|
Басшылар: тиеу-түсіру жұмыстары өндірістік учаскесінің, қайта тиеу базасының; вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің, вагондарды тасымалдауға дайындау, вагондардың орнын ауыстыру; материалдық-техникалық жабдықтау базаларының, жуу-булау станцияларының (пункттерінің), вагон қорының базасының, шекаралас станцияларда вагондарды беру пунктінің
|
28
|
Шебер (аға), жол шебері (аға), өндірістік оқыту шебері, прораб
|
28
|
Босатылған бригадир
|
24
|
Депо (локомотив бригадаларының негізгі және айырбастау пункттерінің) бойынша кезекші
|
28
|
Басшылар (меңгерушілер): бюроның, топтардың, кассалардың; қоймалардың, мұрағаттардың, агенттіктердің, шаруашылықтардың
|
24, 28*
|
Вагондарды аға тексеруші; жол құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, оператор (техникалық кеңселердің, станциялардың және т.б.)
|
24, 28*
|
Кассир, инкассатор, инспектор, бригадир, машинка басушы, комендант, агент, экспедитор, тауар танушы; табелші, барлық мамандықтардың техниктері
|
24
|
Қызметтік жеңіл автокөлік жүргізуші
|
24
|
Күзетшілер
|
24
|
Хатшы-референт
|
28
|
Хатшы
|
24
|
Жұмысшылар
|
24
|
Вагон депосының операторы
|
24
|
* Басшылар кәсіподақ комитеттерімен келісу бойынша еңбек шарттарын жасасқан кезде жұмыс учаскесінің жұмыс жүктемелігіне байланысты мамандар мен қызметшілерге еңбек демалысының ұзақтығын дербес 24 немесе 28 күнтізбелік күн мөлшерінде белгілейді.
_____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
6-қосымша
Сақтау, өңдеу, сату (жөнелту), тасымалдау немесе өндіріс процесінде қолдану үшін берілген құндылықтардың (мүліктің) сақталуын қамтамасыз етуге толық материалдық жауапкершілігі туралы олармен жазбаша шарттар жасалатын
Қоғам қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
Лауазымдардың атауы
|
Қызметкерлерге бекітілетін мүліктің, құралдардың негізгі түрлері
|
1
|
2
|
Қоғам филиалдарының және құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары, басшылардың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлері, менеджерлері, бас мамандары, жетекші бухгалтерлері және белгіленген тәртіппен оларды алмастыратын тұлғалар
|
Ақша қаражаты және басқа мүлік
|
2. Филиалдар директорлары, директорларының орынбасарлары, бөлімдердің бастықтары, секторлардың бастықтары, аға шебер, шебер, бригадирлер, жетекші инженерлер, жетекші инженер-технологтар, вагон паркін сақтау жөніндегі аға жол инспекторлары, вагон пакін сақтау жөніндегі инспекторлар, диспетчерлер, ауысым диспетчерлері
3. Бөлімдердің бастықтары, секторлардың бастықтары, жетекші бухгалтерлер, аға шебер, шебер, бригадирлер, жетекші инженерлер, жетекші инженер-технологтар, вагон паркін сақтау жөніндегі аға жол инспекторлары, вагон паркін сақтау жөніндегі инспекторлар, қойма меңгерушілері, қоймашылар
4. Өндірістік-әкімшілік бөлім бастығы, бас механик, бригадирлер, жүргізушілер
5. Филиалдар директорларының орынбасарлары, бөлімдердің бастықтары, секторлардың бастықтары, бас мамандар, агенттік бастықтары, жетекші бухгалтерлер, жетекші экономистер, жетекші инженерлер, жетекші инженер-технологтар
6. Бөлімдердің бастықтары, бас мамандар және кадр қызметінің жетекші инженерлері
|
Негізгі құралдар, жабдықтар, станоктар, материалдар, қосалқы бөлшектер, саймандар, мүкәммал, басқа мүлік
Тауар-материалдық құндылықтар, қосалқы бөлшектер, шикізат, саймандар, асапатар және басқа мүлік
Автокөлік, жанармай-майлау материалдары
Жиһаз, ұйымдастыру техникасы, ұйымдастыру техникасының жиынтықтаушы бөлшектері
Еңбек кітапшалары, мүлік
|
_____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
7-қосымша
Толық материалдық жауапкершілік
туралы үлгі шарт
_________ қаласы 200 жылғы «__» ___________
«Қазметіртранс» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, ____________________________ негізінде іс-әрекет ететін _____________________________ бір тараптан және ____________жылы берілген жеке куәлігінің №_____________ бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1. Қызметкер осы Шарттың талаптарына сәйкес Жұмыс берушінің алдында, оған өндіріс процесінде мүлікті сақтаумен, өңдеумен, сатумен (босатумен), тасымалдаумен, қолданумен (кажеттісінің астын сызыңыз) тікелей байланысты жұмыстарды орындау үшін Жұмыс беруші берген мүлікті (бұдан әрі – Мүлік) сақтауға толық материалдық жауапты болуға міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Қызметкер:
2.1.1. Мүліктің сақталуы үшін Жұмыс берушінің алдында толық материалдық жауапты болуға;
2.1.2. Мүлікті ұқыпты ұстауға және Мүлікке зиян келтірудің алдын алуға шаралар қабылдауға;
2.1.3. Жұмыс берушіге Мүлікті сақтауды қамтамасыз етуге қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы уақытылы хабарлауға;
2.1.4. Мүлікті есепке алуды жүргізуге, Жұмыс берушіге белгіленген тәртіппен тауар-ақшалық және Мүліктің қозғалысы және қалдықтары туралы басқа да есептерді жасауға және беруге;
2.1.5. Мүлікті түгендеуге қатысуға;
2.1.6. Жұмыс берушінің бірінші талап етуі бойынша Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
2.2. Жұмыс беруші:
2.2.1. Қызметкерге Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасауға;
2.2.2. Қызметкерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, өндіріс процесінде Мүлікті қабылдау, сақтау өңдеу, сату (босату), тасымалдау және қолдану тәртібін реттейтін, сондай-ақ Мүлік сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда Қызметкердің материалдық жауакершілігін көздейтін Жұмыс берушінің жергілікті актілерімен таныстыруға міндетті.
2.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімінің 2.2-тармағында көрсетілген міндеттерді Жұмыс берушінің орындауын талап етуге құқығы бар.
2.4. Жұмыс беруші:
2.4.1. кез келген уақытта Мүлікті түгендеуді жүргізуге;
2.4.2. Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруды Қызметкерден талап етуге;
2.4.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімі 2.4.-тармағының 2.4.2-тармақшасында көрсетілген Жұмыс берушінің талаптарын ақылға қонымды мерзімде қанағаттандырмаған жағдайда осы талаптарды сотқа беру арқылы қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдауға құқығы бар.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4. Тойтарылмас күш жағдайлары
4.1. Егер оларды орындау, табиғи зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері және т.б. сияқты тойтарылмас күш жағдайларының салдары болып Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен жағдайда, Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды.
4.2. Тойтарылмас күш жағдайларының пайда болу себебінен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайтын Тарап, басқа Тарапқа тойтарылмас күш жағдайларының басталуы/аяқталуы туралы, бірақ олардың басталуы/аяқталуынан кейін 3 (үш) күннен кешіктірмей дереу жазбаша нысанда хабарлауы, сондай-ақ осындай жағдайлардың басталуы және аяқталу фактісін растайтын құжаттарды беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |