Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет13/25
Дата20.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#14292
түріАнықтамалық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

28 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.4.1.15  Егер студент белгіленген мерзімде офис-тіркеушіге өзінің жеке оқу жоспарын 



өткізбесе  немесе  тіркелуден  бас  тартса,  оның  оқуының  негізіне  осы  курсқа  арнап 

құрастырылған оқу жұмыс жоспары алынады.  

3.4.1.16 Жеке оқу жоспарының 2 данасын декан факультеті бекітеді: біреуі – деканатта 

сақталады және ол студенттің оны орындағанын және меңгергенін бақылауға негіз болады, 

екіншісі – білім алушыда қалады. 

3.4.1.17  Қол  қойылған  және  бекітілген  жеке  оқу  жоспарын  міндетті  түрде  орындау 

керек. Таңдалған пәндерге (міндетті оқытылатын пәндерге де) қатыспау академиялық қарыз 

болып саналады. 

3.4.1.18  Жеке  оқу  жоспарын  деканатқа  тапсыратын  соңғы  мерзім  –  оқу  жылының 

алғашқы аптасы. 

3.4.1.19  Студенттердің  бекітілген  жеке  оқу  жоспары  оқу  жұмыс  жоспарын  құрудың 

негізі болып табылады. 



 

3.4.2 Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайындағы оқытушының функциялары 

3.4.2.1  Оқытушы  (педагог)  функциялық  міндеттеріне  қарай  келесі  қызметтерді 

атқарады: 

- дәріскер; 

-  тьютор  –  арнайы  дайындықтан  өткен,  сабақ  жүргізетін  және  белгілі  пәнді  меңгеру 

бойынша студенттің академиялық консультанты міндетін атқаратын оқытушы; 

-  эдвайзер  –  тиісті  пән  бойынша  білім  алушының  академиялық  тәлімгері,  ол  таңдау 

пәндерінен  жеке  оқу  жоспарын  жасауға  және  оқу  кезеңінде  білім  беру  бағдарламасын 

меңгеруге көмектеседі. Деканатта мамандық эдвайзері, кафедрада пән эдвайзері болады

-  куратор –  оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсету үшін студенттер 

тобына бекітілген оқытушы. Ұйымдасқан ұжым құру және оны тиімді басқару – куратордың 

негізгі міндеттерінің бірі. 

3.4.2.2 Оқытушының студенттермен жұмысына келесі үш негізгі функция кіреді:  

Оқытушының  бірінші  функциясы  –  нұсқаушы  (тақырыпқа  кіріспе;  мақсат  пен 

міндеттер  қою;  практикалық  тиімділікті,  маңызды  материалдың  негізгі  бөлімдерінің  мәні 

мен өзара байланысын және оқу-әдістемелік құралын сипаттау). Бұл студенттердің одан арғы 

өздік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.  



Оқытушының  екінші  функциясы  –  консультация  беруші-түзетуші.  Бұл  студенттердің 

өздік  жұмысы  барысында  оқу  қызметін  жүзеге  асыру,  жеке  консультациялар  өткізу  және 

тиісті түзету жұмыстарын орындау үшін консультативтік көмек көрсетеді.    

Оқытушының  үшінші  функциясы  –  бақылаушы-бағалаушы.  Бұл  тестілеу  өткізуді, 

студенттердің білімі мен шеберлігін бағалауды, олардың негізгі қиыншылықтарын  анықтау 

үшін  сұхбат  ұйымдастыруды,  «дұрыс»  әрекеттерді  оқытушымен  бірге  көрсетуді,  өзара  іс-

әрекеттерді,  сарапшы  мен  бақылаушының  ұстанымы  бойынша  жұмыстың  мөлшерлі 

тәсілдерін қарастырады.   

 

3.5 Студенттің ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндетттері 



 

3.5.1 Жалпы ережелер 

3.5.1.1  «Астана  медицина  университеті»  АҚ-та  (бұдан  әрі  –  Университет)  білім 

алушылардың  ішкі  тәртіп  ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім беру ұйымдарының типі 

бойынша  білім  алушыларды  ауыстыру  және  қайта  қабылдау  ережелері  туралы»  ҚР  БҒМ 

20.01.2015ж.  №19  бұйрығы,  «Білім  беру  грантын  беру  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР 




 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

29 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

Үкіметінің  23.01.2008ж.  №58  Қаулысы,  «Білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың 



жекелеген  категорияларына  мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР 

Үкіметінің  7.02.2008ж.  №116  Қаулысы  (2014  жылғы  31  наурызда  өзгерістер  және 

толықтырулар  енгізілген),  «Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестациядан  өткізудің  типтік  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  18.03.2008ж. 

№125  бұйрығы  (2013  жылғы  4  қарашада  өзгерістер  және  толықтырулар  енгізілген),  Ішкі 

еңбек  тәртібінің  ережелері,  Университет  Жарғысы,  Студенттік  жатақханалар  туралы  ереже 

және  өзге  де  нормативтік-құқықтық  актілер  негізінде  оқу  тәртібін  күшейту  мақсатында 

әзірленді. 

3.5.1.2  Осы  ережелер  Университетте  оқитын  барлық  білім  алушылар  үшін  міндетті 

(білім  алушылар  деп  оқытудың  барлық  формалары  бойынша  студенттерді,  интерндерді, 

резиденттерді, магистранттар мен докторанттарды айтамыз). 

 

3.5.2 Білім алушылардың құқықтары 

Білім алушының құқықтары: 

3.5.2.1  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  дайындықтың 

(мамандықтың) таңдап алынған бағыты бойынша білім алуға; 

3.5.2.2  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативтік 

құжаттарымен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа бір оқу орнына, бір мамандықтан 

басқа  бір  мамандыққа,  оқудың  бір  формасынан  басқа  бір  формасына    қайта  қабылдануға 

және ауысуға; 

3.5.2.3  Университет қызметіне  қатысты  маңызды  мәселелерді  талқылауға  және  шешуге 

қатысуға, оның ішінде қоғамдық ұйымдар және Университеттің  басқару органдары арқылы 

қатысуға;  

3.5.2.4 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте 

студенттік  өзін-өзі  басқару  органдарын,  студенттік  қоғамдық  ұйымдар  және  бірлестіктер, 

оның ішінде кәсіптік одақтар құруға; 

3.5.2.5. Университеттің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға

3.5.2.6  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  12  наурыздағы  «Әлеуметтік 

көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны 

беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  №320,  ҚР  Үкіметінің  2000  жылғы  17  мамырдағы 

«Азаматтарға олар білім алған кезеңде көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері 

туралы»  №738  және  2008  жылғы  7  ақпандағы  «Білім  беру  ұйымдарында  білім  алатын 

азаматтардың  жекелеген  категорияларына  мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ережесі  туралы» 

№116  (2016  жылғы  03  маусымда  өзгерістер  енгізілген)  Қаулыларына  сәйкес  шәкіртақымен 

қамтамасыз етілуге және әлеуметтік көмек алуға; 

3.5.2.7. 

Ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының 

барлық 

түріне, 


конференцияларға, 

симпозиумдарға  қатысуға,  өз  жұмыстарын  жариялауға,  оның  ішінде  Университет 

баспаларына жариялауға беруге; 

3.5.2.8.  Университеттің  ақпараттық  ресурстарын,  оқу,  ғылыми  және  басқа  да 

құрылымдардың қызметтерін олардың ережелеріне сәйкес пайдалануға;  

3.5.2.9 Студенттің жеке кабинеті (www.edu.amu.kz/student) арқылы автоматтандырылған 

жүйені қолдануға: үлгерімдер журналын,  ағымдық транскрипті қарауға, РРБ-ны алдын ала 

есептеуге,  электив  пәндерге  жазылуға,  сауалнамаларға  жауап  беруге  және  тағы  басқаларға 

құқығы бар. 

 

3.5.3 Білім алушылардың міндеттері 

Білім алушы міндетті: 




жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау