Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата20.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#14292
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

32 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.5.4.19  Қорытынды  бақылау  күні  (дифференциалды  сынақ/емтихан)  білім  алушыға 



донор болғандығы туралы анықтама және дәрігер қабылдауында болғандығы туралы (емдік-

профилактикалық  мекемеге  жатқызылуын  есепке  алмағанда)  анықтаманы  қолдануға  рұқсат 

берілмейді. 

 

 



3.5.5 Оқу процесінің ережелері  

3.5.5.1. Оқу жоспарындағы пәндер бойынша жүргізілетін сабақтарға қатысу міндетті.  

3.5.5.2  Білім  алушы  курстан  курсқа  көшкен  кезде  Университеттің  әр  мамандыққа 

белгілеген курстан курсқа көшу балын (GPA – үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average)) 

жинауға міндетті. 

 

3.5.5.3.  Сынақ-емтихан  сессиясының  нәтижесі  бойынша  академиялық  қарыздары  бар 



білім  алушылар  тиісті  пәндерді  ақылы  негізде  қайта  оқу  арқылы  академиялық  қарыздарды 

жоюға міндетті.  

 

3.5.5.4.  Қайтадан  сабаққа  қатысу  арқылы  пән  бойынша  академиялық  қарызды  жою 



демалыс кезінде жазғы семестрде жүзеге асады. 

3.5.5.5  Білім  алушыларда  сабаққа  кешігіп келу  құқығы  жоқ.  Сабақ  басталғаннан  кейін 

аудиторияға оқытушының рұқсатымен ғана кіреді.   

 

3.5.5.6 Сабақ барысында ұялы телефонды және басқа байланыс түрлерін пайдалануға 



тыйым салынады.  

3.5.5.7  Оқу  тобында  жақсы  оқитын  және  тәртіпті,  топ  ішінде  беделді  студенттер 

арасынан староста тағайындалады. Оқу тобы старостасының функциясына: 

- топ ұйымдастырушысы болу, оқуда үлгі көрсету, топтың барлық ісінде белсенді болу; 

 

-  білім алушылардың барлық сабақтарға қатысуының жеке есебін жүргізу; 



            -  білім  алушыларды  сабақ  кестелеріндегі  өзгерістер,  хабарландырулар,  деканат  өкімі 

туралы хабардар ету; 

 

- топтағы күн сайынғы кезекшілікті тағайындау кіреді.  



3.5.5.8  Аталған  функциялар  аясында  старостаның  өкімі  топтағы  барлық  білім 

алушыларға міндетті.  

            3.5.5.9  Сабақты  босататын  жағдайда  студент  3  күн  ішінде  растайтын  құжатпен 

деканатқа  немесе  топ  старостасына  келіп  ескертуі  тиіс.  Сырқаттанған  жағдайда  «АстМУ 

медициналық орталығы» ЖШС берген белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы әкелуі 

тиіс. Басқа жағдайларда – сабаққа келмеу себебін растайтын құжат әкеледі.  

3.5.5.10  Сабақты  себепсіз  босатқан  білім  алушы  факультет  деканының  атына 

түсініктеме жазады.  

3.5.5.11  Босатқан  сабағын  өтеу  үшін  студент  деканаттан  сабақты  өтеуге  рұқсат  алуы 

тиіс. 


3.5.5.12  Босатылған  барлық  (дәлелді  себеппен  және  дәлелсіз  себеппен  босатқан) 

сабақтар тегін өтеледі: 

-  ДӘЛЕЛДІ  СЕБЕППЕН  босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  баға  рұқсат  ету 

рейтингісінің бағасын (бұдан әрі – РРБ) есептеген кезде ескеріледі; 

-  ДӘЛЕЛСІЗ  СЕБЕППЕН  босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  баға  рұқсат  ету 

рейтингісінің бағасын есептеген кезде ескерілмейді (0-ге теңестіріледі); 

3.5.5.13 Босатылған сабақтар сабаққа келгеннен кейін 2 аптаның ішінде өтелуі тиіс. 

3.5.5.14    72  және  одан  да  көп  аудиториялық  сағатты  дәлелсіз  себеппен  босатқан 

немесе  4  кредит  (180  аудиториялық  сағат)  және  одан  да  артық  академиялық  қарызы  бар 

студент оқудан шығарылады. 

3.5.5.15 Университеттің қоғамдық өміріне қатысатын, халықаралық, қалалық деңгейде 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

33 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

өтетін  іс-шараларға  қатысатын  білім  алушы  рейтінгі  сақталып,  дәлелді  себеппен  босатты 



деген  рұқсат  алады.  Аудиториялық  сағатты  есепке  алмағанда,  күніне  2  немесе  одан  да  көп 

тақырыпты  өтеуге  болады.  Білім  алушылардың  кезекшілігі  және  өздік  жұмыстың  басқа 

түрлері деканат немесе кафедра кестесіне сәйкес жүргізіледі. 

 

3.6 Сынақ-емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу ережелері 

 

3.6.1.  Білім  алушылар  пәндерді  оқытудың  бекітілген  бағдарламалары,  сондай-ақ 

университеттің  бекітілген  бағдарламалары  бойынша  оқу-жұмыс  жоспарына  сәйкес  қатаң 

түрде барлық сынақтарды және емтихандарды  тапсыруға міндетті.  

           3.6.2  Білім  алушы  пән  бойынша  рұқсат  ету  рейтингісі  кемінде  50%  болса  ғана 

емтиханға жіберіледі. 

 

3.6.3.  Құжатпен  расталған  нақты  себебі  болған  жағдайда  факультет  деканы 



емтихандар  мен  сынақтар  тапсыратын  жеке  уақытты  белгілейді.  Емтихан  сессиясын 

ұзартуды деканның қызметтік өкімі арқылы ресімделеді. 

 

3.6.4.  Оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  курстан  курсқа  көшу  балының  белгілі 



мөлшерін жинамаған, бірақ оқу процесін толық тапсырған білім алушы GPA балын арттыру 

үшін  ақылы  негізде  жеке  пәндерді  қайтадан  оқып,  қорытынды  емтихан  тапсыра  алады. 

Рұқсат ету рейтингісінің бағасын көтеру үшін емтиханнан кейін немесе диф.сынақтан кейін 

сабақты өтеу рұқсат етілмейді. 

 

3.6.5. Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткен күннен кейінгі күні 



апелляцияға беруге құқылы. 

 

3.6.6  Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, қайталап оқу курсына қалған 



білім алушы мемлекеттік гранттан айрылады және ақылы негізде оқуын одан әрі жалғастыра 

алады. 


 

3.6.7.  Қайталап  оқу  курсында  оқитын  білім  алушы  оқу  жоспарына  сәйкес  барлық 

пәндер бойынша өткізілетін сабақтарға қатысуға міндетті. 

 

3.6.8.  Қайталап  оқу  курсынан  кейін  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  білім 



алушы ректордың атына тағы да өтініш жазады және ректордың бұйрығы шыққаннан кейін 

тиісті пән бойынша оқу курсына қайтадан қатысады; 

 

3.6.9. Университеттен шығарылған білім алушыға белгіленген форма бойынша оқуды 



аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама (транскрипт) беріледі.  

 

3.6.10.  Емтихан  сессиясы  кезінде  қайталап  оқу  курсын  тапсыруға  болмайды  және 



жеке тізімдемелер берілмейді.   

3.6.12  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  бақылауды  тапсырған  кезде  білім 

алушылар  компьютерлік  тестілеу  бөліміне  өздерімен  бірге  жеке  куәліктерін  немесе  жеке 

куәліктерінің нотариус куәландырған көшірмелерін алып кіруі керек. 

3.6.13 Егер білім алушы межелік бақылау күнінде ақысыз қан өткізсе, оған 2 аптаның 

ішінде  межелік  бақылауды  тапсыруға  рұқсат  беріледі.  Донор  3  күн  ішінде  деканатқа  күні, 

қанның көлемі, түрі (ақылы, ақысыз) және мақсаты жазылған, донор орталығы басшысының 

қолы қойылып, мөр басылған анықтаманы әкеліп беруі тиіс. 



 

3.6.1 Емтихандар мен сынақтарды өткізу тәртібі 

3.6.1.1 Сынақ-емтихан сессиясының кезеңділігі мен ұзақтығы оқу-жұмыс жоспарымен 

және оқу процесінің графигімен анықталады. Жазғы сынақ-емтихан сессиясы білім алушыны 

курстан курсқа көшіретін сессия болып есептеледі. 

 

3.6.1.2 Емтихандарды ректордың бұйрығымен бекітілген оқытушылар жүргізеді. 




жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау