Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата20.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#14292
түріАнықтамалық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

44 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3)  білім  беру  саласының  уәкілетті  органы  келген  құжаттарды  мамандықтар,  оқудың 



мерзімі  мен  түрлері  аясында,  студенттің  оқуға  түскен  жылын  ескере  отырып  қарастырады, 

оң шешім қабылдаған жағдайда білім грантын беру туралы бұйрық шығарады

4)  білім  беру  саласының  уәкілетті  органы  бұйрығының  негізінде  білім  беру  грантын 

беру туралы куәлік әзірленеді

5) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖОО басшысы бұдан әрі білім беру 

гранты бойынша оқу туралы бұйрық шығарады. 

 

3.8.2 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды 

тағайындау ережесі  

3.8.2.1 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау 

ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1993  жылғы  5 

наурыздағы  №1134  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің  стипендияларын  белгілеу 

туралы»  Қаулысына  (2010  жылғы  02  тамызда  өзгерістер  және  толықтырулар  енгізілген) 

сәйкес әзірленді және ол жоғары оқу орын (ведомстволық бағыныстылығы мен жекеменшік 

формасына  қарамастан)  студенттеріне  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілеген 

стипендияларды (бұдан әрі – стипендия) тағайындау тәртібін белгілейді. 

3.8.2.2 Стипендия: 

1)  студенттер  мен  магистранттардың  ғылыми-зерттеу  және  оқу-танымдық  қызметін 

ынталандыруға; 

2) талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға

3) зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. 

3.8.3.3  ЖОО-лар  арасында  стипендияларды  бөлу  күндізгі  оқу  формасы  бойынша  оқып 

жатқан білім алушылар контингентіне байланысты жүргізіледі.  

3.8.2.4 Күндізгі  оқу формасы бойынша білім алушылардың саны 700-ден кем студенті 

бар жоғары оқу орындарына стипендия бөлу жүзеге асырылмайды. 

3.8.2.5 Стипендия тек «өте жақсы» (А, А-) бағамен мемлекеттік білім беру тапсырысы 

бойынша  және  ақылы  түрде  оқитын  күндізгі  оқу  формасының  3-курс  студенттеріне  және 

екінші оқу жылындағы магистранттарға беріледі. 

3.8.2.6 Стипендия білім алушылардың келесі категорияларына тағайындалады: 

1)  республикалық  және  халықаралық  олимпиада,  шығармашылық  конкурстар,  спорт 

сайыстары, фестивальдердің жеңімпаздары немесе өнертабыс және жаңалық авторы; 

2)  ғылыми  еңбектер  жинағында,  республикалық  және  халықаралық  ғылыми 

журналдарда баяндама жариялаған білім алушылар

3)  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  белсенді  айналысатын  және  оның  жетістіктері 

дипломмен,  мақтау  қағазымен,  сертификаттармен,  куәліктермен  дәлелденген  білім 

алушылар; 

4)  білім  беру  мекемесінің  қоғамдық,  мәдени  және  спорт  өміріне  белсенді 

араласатындар. 

3.8.2.7  Стипендия  ғылыми  кеңес  шешімінің  негізінде  ЖОО  ректорының  бұйрығымен 

тағайындалады. 

3.8.2.8 Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.  

3.8.2.9  Стипендия  жоғары  оқу  орнының  ғылыми  кеңес  шешімімен  бір  адамға  бірнеше 

рет берілуі мүмкін. 

3.8.2.10  Келесі  академиялық  кезеңге  стипендия  тағайындау  туралы  жоғары  оқу 

орнының  ғылыми  кеңес  шешімі  академиялық  кезең  басталғанға  дейін  екі  апта  бұрын 

қабылданады 

және 

студенттер 



мен 

магистранттар 

тізімімен 

қоса 


Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. 




 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

45 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.8.2.11  Стипендия  тағайындаған  кезде  үміткерлер  осы  Ереженің  3.8.3.5,  3.8.3.6 



тармақтарында  көрсетілген  критерийлерге  сәйкес  таңдалады.  Әртүрлі  жағдайда  келесі 

тұлғаларға  басым  назар  аударылады:  жетім  балалар  және    ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған балалар; бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар. 

3.8.2.12 

Стипендия  ағымдағы  қаржылық  жылдың  рспубликалық  бюджетте 

қарастырылған қаражат мөлшерінің шегінде ай сайын төленеді. 



3.8.3 «В.Г.Корпачев атындағы стипендия туралы» университет ережесі 

 

3.8.3.1. Жалпы ережелер  

3.8.3.1.1  Осы  ереже  «АстМУ»  АҚ-тың  3-курс  студенттеріне  Корпачев  Валентин 

Гаврилович  атындағы  атаулы  стипендияны  (бұдан  әрі  –  Атаулы  стипендия)  тағайындаудың 

мақсаты мен тәртібін белгілейді. 

3.8.3.1.2  Атаулы  стипендия  «Астана  медицина  университеті»  АҚ  студенттерінің 

фундаменталдық  медициналық-биологиялық  сала  бойынша  оқу  және  ғылыми-зерттеу 

қызметтерін марапаттау мақсатында белгіленді; 

3.8.3.1.3  Атаулы  стипендия  конкурс  негізінде  тағайындалады  және  бір  оқу  жылына 

беріледі; 

3.8.3.1.4 Атаулы стипендия 1-ші және 2-ші курста үлгерімінің орташа балы 3,4-тен кем 

емес 3-курс студенттеріне тағайындалады; 

     


3.8.3.1.5.  В.Г.Корпачев  атындағы  стипендия  алуда  ғылыми-практикалық  конференция 

қатысушылары  мен  жүлдегерлеріне  немесе  пәндік  олимпиада  жеңімпаздарына  басым  назар 

аударылады; 

3.8.3.1.6  Атаулы  стипендия  тағайындау  кезінде  студенттің  материалдық  және 

отбасылық жағдайы ескеріледі. Жетім студенттер, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан 

шыққан студенттерге басым назар аударылады. 



 

3.8.3.2 Атаулы стипендияның көлемі, мөлшері және төленетін көзі 

3.8.3.2.1 Жыл сайын 3 (үш) Атаулы стипендия белгіленеді.  

3.8.3.2.2 Атаулы стипендия мөлшері Университеттің Ғылыми кеңесінде келісіледі және 

Университет басқармасының шешімімен қабылданады. 

3.8.3.2.3 Атаулы стипендия мөлшерін Ғылыми кеңес пен Университет басқармасы жыл 

сайын  қарастыруы  мүмкін,  оны    Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік  даму  министрлігінің  Стратегиялық  жоспарына  сәйкес  ҚР  ДСӘДМ  жыл  сайын 

тағайындайтын  ЖОО  студенттерінің  стипендия  мөлшеріне  байланысты.  Аталмыш 

Стратегиялық  жоспарда  оқып  жатқан  контингент  түріне  байланысты  республикалық 

бюджеттен төленетін стипендия мөлшері белгіленеді. 

3.8.3.2.4 Атаулы стипендияны тағайындағанда стипендиаттың жоғары оқу орындардың 

ҚР  заңнамасына  сәйкес  басқа  да  ақшалай  төлемдер  мен  жәрдемақыларды  алу  құқығынан 

айырмайды. 

 

3.8.3.3 Атаулы стипендияны тағайындау және төлеу тәртібі  

3.8.3.3.1  Атаулы  стипендияға  үміткерлерді  бекіту  үшін  медициналық-биологиялық 

пәндер  кафедрасының  оқытушы-профессорлар  құрамынан,  деканат  қызметкерлерінен, 

студенттерден конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия құрамы Университет 

ректорының  бұйырығымен  бекітіледі.  Комиссия  құрамы  төрағаны  қосқанда  7  адамнан 

тұрады. 



жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау