«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
30 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.5.3.1. Білім беру саласындағы оқу-ғылыми процестерді, оларды ұйымдастыру мен
жүргізуді реттейтін нормативтік актілердің талаптарын
орындауға;
3.5.3.2. Таңдап алынған мамандығы бойынша теориялық білімді және практикалық
машықтарды жүйелі және терең түрде игеруге;
3.5.3.3. Сабақтарға қатысуға және оқу жоспары мен бағдарламаларда көрсетілген
тапсырмалардың барлық түрін белгіленген мерзімде орындауға;
3.5.3.4. Оқытушылардың және Университеттің басқа қызметкерлерінің ар-намысын мен
абыройын сыйлауға;
3.5.3.5. Қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын сақтауға, жатақханада тұру ережесін
сақтауға, жалпыға ортақ адамгершілік және этика нормаларын сақтауға, құқық бұзушылық
әрекеттерге, болашақ дәрігердің моральдық бейнесіне сәйкес келмейтін әрекеттерге жол
бермеуге, Университеттің іскерлік атағын, аты мен беделін қорғауға;
3.5.3.6. Жалпы мәдениетті жақсартуға ұмтылуға, адамгершілік жағынан және дене
тәрбиесі жағынан үнемі жетілуге; оқу тәртібін сақтауға, Университет әкімшілігінің өкімдерін
дер кезінде және нақты орындауға;
3.5.3.7. Университеттің мүлкін ұқыптап ұстауға, оны дұрыс пайдалануға, зиянның
алдын алуға арналған шараларды қабылдауға; Университетке материалдық зиян келтірген
жағдайда білім алушылар оны Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес өтеуге;
3.5.3.8. Университеттің қоғамдық өміріне, қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді түрде
араласуға;
3.5.3.9. Жоспарлы медициналық тексеруден дер кезінде және үнемі өтіп тұруға;
3.5.3.10. Өздерімен бірге жеке куәлігін, студенттік билетін болмаса Университеттің оқу
корпустарына кіруге (шығуға) және онда жүруге рұқсат беретін рұқсаттама алып жүруге
және оларды Университетке кірген кезде көрсетуге;
3.5.3.11. Студенттік жеке құжаттарды (студенттік билет, сынақ кітапшасы) ұқыптап
ұстауға, оларды жоғалтқан жағдайда тез арада факультет әкімшілігіне хабар беруге;
3.5.3.12. «Ақылы білім беру қызметі туралы» шартта анықталған қаржылық
міндеттемелерді орындауға;
3.5.3.13. Өзінің оқу орнын, оқу құралдарын ұқыпты және таза ұстауға, оқу
корпустарында, үй-жайларда, клиникалық бөлімшелерде және басқа да құрылымдық
бөлімшелерде тазалық сақтауға, Университет аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға;
3.5.3.14 Сабақ барлық түрлерінде міндетті түрде халат және қалпақ киюге;
3.5.3.15. Кітапхана ережесін сақтауға;
3.5.3.16 Оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерді жоғалтқан білім алушылар
оларды балама немесе оларға тең кітаптармен ауыстыруға;
3.5.3.17 Арнайы ережелерде және нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік техникасын,
өрт қауіпсіздігі техникасын, өндірістік санитарияны, еңбек және өртке қарсы күзет
гигиенасын сақтауға;
3.5.3.18 Білім алушылардың ішкі тәртіп ережесін және Жатақханада тұру ережесін
сақтауға, Университет жарғысының талаптарын, Ғылыми кеңестің шешімін, Тәртіптік
кеңестің шешімін, ректордың, проректорлардың, декандардың бұйрықтары мен өкімдерін
орындауға;
3.5.3.19 «Ақылы білім беру қызметі туралы» және «Тегін білім беру қызметі туралы»
шарттардың талаптарын сақтауға міндетті.
3.5.3.20 Ауылдық квота арқылы грантқа оқуға түскен мемлекеттік білім беру грант
иегерлері ЖОО-ны аяқтағаннан кейін аудандық және ауылдық денсаулық сақтау
мекемелерінде ЖОО-ның жұмыс орындарына дербес бөлуіне сәйкес үш жыл жұмыс істеуі
тиіс.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
31 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.5.3.21 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медицина мамандығына оқуға
түскен азаматтар ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру мекемелері мен
мемлекеттік медицина мекемелерінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
3.5.3.22 Анықтама әкелуге міндетті. Ол Университетке жұмыс орнына келгендігін
дәлелдеу үшін беріледі. Анықтамаға басшының қолы мен медициналық мекеменің мөрі
қойылуы тиіс. Сондай-ақ оған жұмыс орны туралы мәлімет пен көрсетілетін әлеуметтік
көмек түрі жазылуы керек.
3.5.4 Білім алушыларға тыйым салынған жағдайлар
Білім алушыларға:
3.5.4.1. Жалпыға ортақ этика нормаларын бұзуға;
3.5.4.2. Дөрекі сөйлеуге, балағаттауға, күш көрсетуге немесе білім алушылардың өмірі
мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да әрекеттерге жол беруге;
3.5.4.3. Қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен қарамауға, олардың ар-
намысы мен абыройына нұқсан келтіруге;
3.5.4.4. Заңмен қудаланатын ақпаратты таратуға;
3.5.4.5. Университет территориясында орын алған қандай да бір тәртіпсіздіктің
бастамашысы болуға, тиісті рұқсат берілмесе хабарландыру және көрнекі үгіт-насихат
қағаздарын ілуге;
3.5.4.6. Оқу және дәріс аудиторияларында, зертханаларда, жатақханаларда
тыныштықты және тәртіпті бұзуға;
3.5.4.7. Мас күйінде жүруге, спиртті ішімдіктер ішуге, есірткі және уытты заттарды
пайдалануға және таратуға,
құмар ойындар ойнауға;
3.5.4.8. Университеттің оқу корпустарында, жатақханаларында және клиникалық
базаларында және маңайындағы аумақта шылым шегуге;
3.5.4.9. Үй-жайларда (оқу аудиторияларында, дәріс залдарында, акт залында) бас
киіммен және сыртқы киіммен жүруге;
3.5.4.10. Университеттің мүлкіне зиян келтіруге;
3.5.4.11. Университет қабырғасында ақылы қызметтер немесе тауарлар ұсынуға;
3.5.4.12. Жемқорлықпен ілесе жүретін немесе жемқорлыққа жағдай жасайтын
(сыйлық беруге, кез-келген түрдегі сыйақы беруге, сондай-ақ пара беру үшін делдал
қызметін атқаруға) әрекеттер жасауға тыйым салынған.
3.5.4.13 Университетте шолақ шалбар, майка, спорт киімін (денешынықтыру
сабақтары мен спортпен шұғылдануды есепке алмағанда), шәркей (шлепанцы), сланцы
киюге және ашық жерлерге пирсинг тағуға тыйым салынады.
3.5.4.14 Жалған құжаттарды қолдан жасауға (студенттік билет, сынақ кітапшасы,
оқырман билеті, емтихандық тізімдеме, денсаулығы туралы анықтама, портфолио,
жатақханаға кіру рұқсат қағазы және т.б.) тыйым салынады.
3.5.4.15 Кезекшілік, науқасты күту және т.б. туралы әдейі жалған ақпарат беруге
тыйым салынады.
3.5.4.16 Ағымдық, аралық және қорытынды емтихандарда мобильді байланыс
құралдарын, шпаргалка, микроқұлаққап немесе басқа гаджеттерді ұстауға және оларды
пайдалануға тыйым салынады.
3.5.4.17 Ағымдық, аралық және қорытынды емтиханды басқа студенттің орнына
тапсыруға тыйым салынады.
3.5.4.18 Жоғарыда аталып өткен әрекеттер үшін білім алушылар Университеттің
тәртіптік кеңесіне шақырылады.