|
Академиялық саясат жалпы ақпарат университеттің Академиялық саясатыGPA БЕЛГІЛЕУМЕН ҚОСА, БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АУЫСУ, ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ, ОҚУДАН ШЫҒАРУ, АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ САЯСАТЫ
|
бет | 6/11 | Дата | 02.10.2022 | өлшемі | 39,27 Kb. | | #39468 |
| Академиялык саясат8. GPA БЕЛГІЛЕУМЕН ҚОСА, БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АУЫСУ, ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ, ОҚУДАН ШЫҒАРУ, АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ САЯСАТЫ
Білім алушыларды бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады. Білім алушы, егер ол жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаған болса, қайта қабылдау кезінде оқудан шығару мерзіміне қарамастан, кез келген ЖОО-ға ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
ЖОО білім алушыны ауыстыру/қайта қабылдау кезінде ББ даярлау бағытын және бейінін, білім алушының оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушылардың академиялық адалдықты бұзу жағдайларын ескереді.
ББ бейіні сәйкес келмеген жағдайда игеру үшін пререквизиттер белгіленеді. Пререквизиттер жоғары оқу орны оқыған пәндер тізбесі, олардың бағдарламалары және транскриптте көрсетілген академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады.
Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде қол жеткізілген оқу нәтижелері, білім алушының оң бағалары академиялық кредиттерді бір ББ-дан екіншісіне, бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауыстыра отырып танылады.
Білім беру гранты бойынша оқитын студент қалауы бойынша білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыстырылады.
Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес оқу процесінде босаған білім беру гранттарын беру жолымен жүзеге асырылады.
Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру білім алушы белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (GPA) қол жеткізген жағдайда жүзеге асырылады.
1 курсты бітірген студенттер үшін ауыстыру GPA 1,86 балдан; 2 курсты бітіргендер үшін – 2,0; 3,4 курсты бітіргендер үшін – 2,1 балдан кем болмауы керек.
Барлық мамандықтар магистранттарына арналған ауысудың GPA 2,3 құрайды.
Барлық мамандықтағы докторанттар үшін ауысудың GPA 2,5% құрайды.
Академиялық демалыстар білім алушыларға науқастануы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазы негізінде, дүниеге келген, асырап алған бала үш жасқа толғанға дейін беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|