өз сабак талд 1 — копия



жүктеу 14,32 Kb.
Дата25.05.2023
өлшемі14,32 Kb.
#42780
өз сабак талд 1 — копия
Контекст Муканова Г.М (2), 9-сабақ. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметін және олардың түрлерін сипаттау, Практикаа Ляз (1), контескст, нышан био папка істеу керек, Вопросы к экзамену Адаптация ООП, Микробиология және виросология емтихан сұрақтары, Задания, анкета короткая, анкета короткая

Өз сабағын талдау.
Мектеп: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Күні: 27.04.23
Сынып: 10 А
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы селекция жетістіктері»
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы селекция негіздері туралы жаңа ақпараттар білетін болады.
Білімділігі: Қазақстандағы селекция негіздері туралы білу оқушылардың міндеті.
Тәрбиелік: Оқушылар бір-бірін тыңдауға,нақты жауап беруге,тәртіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың үлгісі: Жаңа тақырыпты меңгеру, практикалық жұмыстар жасау.
Көрнекілігі құралдар: Дидактикалық материалдар, АҚТ, ДК экран, үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағаладым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Сабақ барысы оқушылардан үй тапсырмасын тексеру үшін «Құндылықтар спректрі» әдісін пайдаландым . Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жауаптарына байланыста бағаланды. Топқа бөлу үшін «Classroomscreen» әдісін қолдандым.
Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты қазақстандағы селекция жетістіктері туралы презентация, видеоролик көрсету арқылы түсіндірдім. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, оқулықпен жұмыс жасатып, топ бойынша және жекелей оқушылар жұмыс жасады. Оқушылардан биологиялық диктант алдым. А, В,С – деңгейлі тапсырмалар дайындадым. Сабақта қолданған әдістерім «Kahoot», «Фри» және «Квест» ойынын қолдандым. Келесі тапсырманы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту барысында күрделі жағдаяттар ұсындым. Оқушылар топта ақылдасып, сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Қорытынды: Соңында кері байланыс ретінде, «Білім почтасы» әдісін қолдандым. Бұл кезеңде оқушылар жекелей жұмыс жасады.
Сабақта: Жалпы сабақта оқушылар жекелей де топ бойынша да жұмыс жасап жақсы нәтижеге жетті. Оқушылардың тәртібі де және сабаққа қатысуы да жоғары дәрежеде болды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдім. Оқушылардың барлығы сабақты түсінгенін және қызықты болғанын айтты. Мен бұл сабақта өзімнің қойған мақсатыма жеттім.
Сабақта кеткен кемшіліктер: Ешқандай кемшілік болған жоқ деп ойлаймын.
жүктеу 14,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет