Контекст Муканова Г.М (2)



жүктеу 205,63 Kb.
Дата24.05.2023
өлшемі205,63 Kb.
#42765
Контекст Муканова Г.М (2)
9-сабақ. Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметін және олардың түрлерін сипаттау, Практикаа Ляз (1), контескст, нышан био папка істеу керек, Вопросы к экзамену Адаптация ООП, өз сабак талд 1 — копия, Микробиология және виросология емтихан сұрақтары, Задания, анкета короткая, анкета короткая

Тыныс алу


Тыныс алу — ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады. Сондықтан ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармакталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады. 

1.Көмей кіреберісін қандай анатомиялық құрылымдар шектейді

A) Мүйіз тәрізді шеміршектер

B) ожау-көмей қатпарлары (plicae aryepiglotticae)

C) жүзіктәрізді шеміршек (cartilagо cricoidea)

D) ожау тәрізді шеміршектер (cartilagines arytenoidea)

E)қалқантәрізді шеміршектер

2.Арасында дауыс саңылауы орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:

A)кіреберіс алды қатпарлары

B) ожаутәрізді шеміршектер арасында

C)шырышты қатпарлар

D) сынатәрізді шеміршектер арасында

E)мүйізтәрізді шеміршектер арасында

3.Кеңірдектің бөліктерін көрсетіңіз:

A)бассүйек бөлігі

B)бас бөлігі (pars cranialis)

C) кеуде бөлігі (pars thoracica)

D)іштік бөлігі (pars abdominalis)

E)жамбастық бөлігі

4.Қолқаның кеуделік бөлігінің висцералды тармақтарын көрсетіңіз:

A)алдыңғы қабырғааралық тармақтар

B)артқы тармақтар



C) перикардиалды тармақтар (rr. pericardiaci)

D)жұлын тармақтары

E)артқы қабырғааралық артериялар
жүктеу 205,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет