Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 37.01:378:374.3 Қолжазба құқығында
Омарова Ләззат Тәліпқызы
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
6М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013 жыл
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ш.М.Майгельдиева
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Б.А.Тұрғынбаева
Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтында (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, № 411дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемелекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1].
Білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде мемлекет тарапынан қолға алынып, болашақта атқарылатын істер жоспарына енгізіліп, күн тәртібіне қойылып отыр.
Жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелерімен айналысқан ғалымдар Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман, Э.А.Байдалинова, В.В.Егоров, Б.К.Момынбаев, Ә.П.Сейтешев, В.А.Сластенин, О.С.Сыздықов, Г.А.Уманов; қоғамдағы реформаларға сай жоғары білім беру жүйесін дамытуда Қ.М.Арынғазин, З.А.Исаева, А.Қ.Құсайынов, Қ.Б.Сейталиев, Б.Т.Кенжебеков; кәсіптік жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын жасаудың теориялық негіздері мен ұстанымдары туралы Г.Б.Әбенова, К.Ә.Дүйсенбаев, Е.Келдібековт.б. атай аламыз; Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру бағыттарын қалыптастыруда А.Е.Әбілқасымова, Б.А.Әлмұханбетов, Ғ.К.Ділімбетова, Қ.К.Жанпейісова, А.Г.Қазмағанбетов, М.Ә.Құдайқұлов, К.С.Оспанов, К.Ө.Өстеміров, М.С.Молдабекова, В.В.Трифонов, Т.П.Досанова, Н.А.Завалко, К.М.Рақымбек және т.б. отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Студенттердің құзіреттілік деңгейін көтеру мәселелері Н.Хомский, Р.Уайт, Дж. Равен, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Т.А.Гудкова, Л.Н. Паламарчук, М. Жадрина, Т.А.Степанов, К.Г.Митрофанов, В.Шепель, И.А. Зимняя, Б. Кенжебеков, Г.Ниязова, К.М.Арапова, Б.Т.Барсай және т.б. еңбектерінде жан-жақты талқыланған.
Аталған жұмыстар, еліміздің жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін айқындауда ғылыми ізденістерге негіз бола алады. Алайда, бұл жұмыстарда студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін кредиттік оқыту жүйесі негізінде қалыптастыру туралы мәселе арнайы зерттеу нысаны болмаған.
Жоғары оқу орнында студенттің болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуын зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз арта түсуде, бұл мәселе студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Студенттің өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтар зерттеу тақырыбын «Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын саралап, педагогикалық үдерісте студенттердің белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, дәрісханалық сабақтар мен педагогикалық практика нәтижелерін байланыстыру жүйелі жүзеге асырылса, онда студенттердің кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.
Зерттеудің жетекші идеясы: кредиттік оқыту жүйесіне байланысты студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың дидактикалық, ғылыми-теориялық негіздерін тұжырымдау студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады, олардың ой-өрісін кеңейтеді, танымдық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай құзырлы тұлғаны қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемесін жоғары оқу орны оқытушылары, мұғалімдер білімін жетілдіру және мұғалімдерді қайта даярлау мекемелерінің қызметкерлері өзінің іс-тәжірибесінде қолдана алады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін арнайы курсты өтуде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы, қызмет теориясы, жеке тұлғаның танымын, іс-әрекетін қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар негізге алынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары, «Білім туралы» Заңы, мемлекеттік білім стандарттары, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының ресми құжаттары (Заңдар, Конституция, тұжырымдамалар, қаулы-қарарлары), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, бұйрықтар т.б.) зерттеу мәселелері бойынша философтардың, педагогтардың еңбектері, жаңа оқыту технологиялары бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, стандарттар мен бағдарламаларға салыстырмалы талдау, қорыту, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін қорыту.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеумен, оны зерттеу барысында теориялық және практикалық тұрғыда сынақтан өткізіп, дәлелдеумен негізделді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде ((2011–2012 жж.) зерттеу проблемасы бойынша ғылыми зерттеулер, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге ғылыми тұрғыдан талдау жасалынып, жүйеленді. Тақырыптың көкейкестілігі дәлелденіп, педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2012–2013 жж.) эксперименттік байқау негізінде алынған нәтижелер сараланып, арнайы курс бағдарламасы ұсынылды, жинақталған материалдар диссертация түрінде рәсімделді. Қол жеткен нәтижелер республикалық ғылыми–тәжірибелік конференцияларда, семинарларда талқыланып, іс тәжірибеге енді.
Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Елімізде жоғары білім жүйесін дамыту талаптарына сай студенттерге терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс.
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды.
Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.
Алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе АҚШ-та пайда болып, дамыды. «Кредиттік-сағаттық» ұғымын 1869 жылы Гарвард университетінің Президенті, атақты америкалық білім беру қызметкері Чарльз Элиот енгізді. Нәтижесінде 1870-1880 жылдары кредит-сағаттар арқылы өлшеуге болатын пәндердің көлемін шешетін жүйе енгізілген еді. 1892 жылы «кредиттік-сағаттық» жүйе дамуының екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім беру комитеті «колледж-мектеп» құрылымын жетілдіру мақсатында, орта мектептерде оқыту бағдарламасын стандарттауда «кредит» ұғымын тек колледждерде ғана емес, мектептерге, білім берудің магистрлік және докторлық деңгейлеріне бакалаврлық бағдарламаның мазмұнын бағалау үшін кредиттік жүйені енгізді [2].
1999 жылы 19 маусымда Италияның Болон қаласында 29 Еуропа елдерінің өкілдері қатысуымен өткен басқосуда Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық бастамалардың нақты мақсаттары айқындалды. Декларацияға сәйкес болашақта Еуропада ортақ жоғары білім беру жүйесін құру белгіленді. Осылайша Болон үдерісі басталды. Қазақстан Республикасы Болон үдерісіне 2010 жылдың наурыз айында қосылды.
Болон Декларациясына бұған дейін біртұтас Еуропада жоғары білім беру мәселесін шешу бойынша қабылданған бірқатар құжаттар негіз болды. Атап айтатын болсақ, олар: 1988 жылы басқа Болон Декларациясы- Университеттер Ұлы Хартиясы және 1998 жылғы 25 мамырда қабылданған Сорбон Декларациясы [3].
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне Еуропалық кредиттік жүйе (ESTS) енгізілді. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Франция, Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерде білім беріледі [4].
Елімізде кредиттік оқыту жүйесін теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттары бойынша зерттегендер Г.К.Ахметова, С.Б.Әбдіғаппарова, С.Ә.Әбдіманапов, Б.С.Әбдірәсілов, Ж.Д.Дадабаев, А.А.Құсайынов, С.М.Өмірбаев, Б.З.Андасова және басқалар кредиттік жүйенің жоғары білім беру жүйесіне ендірілуіне үлес қосты [5].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Кредиттік оқыту жүйесі» (технологиясы) - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту деп көрсетіледі [6].
Жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуінің басты мақсаты – білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеруіне тез бейімделе алатын кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Оқытудың кредиттік жүйесі – білім берудің демократиялығымен сипатталады және әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Бұл жүйенің негізгі ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай ұйымдастыра алады.
Кредиттік оқыту жүйесі сызықтық емес оқыту жүйесіне жатады. Осы тұрғыда кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, кредиттік жүйеде нақты білімнің негізінде өзіндік шешім қабылдай білу, талдау, қорыту дағдыларын жетілдіру, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
- студенттердің оқу жоспарындағы қамтылған пәндерді таңдау еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының ыңғайлылығы;
- студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
- "студент-оқытушы" қарым-қатынасының "субъект- субъект" болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;
- студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;
- оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;
- әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендірілуі;
- студенттің өзіндік жұмысының үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін болып бөлінуі;
- студенттің меңгерген білім сапасының аралық бақылау мен емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
- шетелде оқу мүмкіндігі;
- оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді кеңінен қолдану мүмкіндігі;
- бағалау жүйесінде дәстүрлі бағалаудан ерекше пайыздық бағалау жүйесінің енгізілуі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде білікті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазіргі мақсат - әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үдерісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы. Оқыту үдерісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері» деген анықтама береді [7].
Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары - бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»деп,-анықтама береді [8].
Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез - келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады»-,деп, анықтама береді [9].
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Бүгінгі күні шетел ғалымдарының еңбектеріндегі кәсіби құзыреттілік анықтамалары «тереңдетілген білім», «міндетті шешудегі теңдік жағдайы», «қызметті орындаудағы қабілеттілік» ұғымымен мағыналас болып келеді.
Осыдан «кәсіби құзыреттілік» ұғымы туралы бірыңғай пікірдің жоқ екендігі байқалады. Көбіне бұл ұғым кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде қолданылады. Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» және «педагогикалық кәсібилік» ұғымымен теңестіріледі.
Қазіргі педагогика сөздігінде «кәсіби құзыреттілік» адамның өзіндік кәсіби білім деңгейімен, тәжірибесімен және жеке қабілеттерімен, өз білімін үздіксіз көтеруге ұмтылысымен, өзін-өзі жетілдірумен, іске деген шығармашылық және жауапты қатынасымен анықталады.
Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру туралы мәселе ғалымдар арасында пікір қайшылықтар мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады.
Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.
Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л.Томпсон, Д.Пристли кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары адамгершілік нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды.
Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық аспектілері мынадай авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан: Дж.Равен, М.А.Холодная, Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, Ю.Н.Петров, С.С.Кунанбаева, К.С.Успанов, А.К.Козыбай, Б.Б.Баймуханова. Сонымен қатар жекелеген пәндер бойынша құзіреттілікті қалыптастыруға Б.Баймұхановтың, С.Е.Шәкілікованың, М.Ә.Құдайқұловтың, А.Е.Әбілқасымованың, Ж.А.Қараевтың, Б.Т.Барсай еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
Кәсіби құзыреттілік ең алдымен студенттің ақпаратты сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.
Жоғарыдағы түрлі көзқарастардан біз студенттердің кәсіби құзыреттілігі туралы әр кезеңде әр түрлі авторлар еңбектерінде, ғылыми әдебиеттерде түрлі пікірлер кездесетінін байқаймыз. Солардың ішінде біздің көзқарасымызға сәйкес келетіні В. А. Сластениннің пікірі болғандықтан, соған сүйене отырып, мұның өзі «студенттің белгілі бір міндетті атқаруда икемділік пен білікті меңгеру жолындағы психолгиялық жағдай және білімділіктің, тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс- әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы» деп тұжырым жасауға болады. Осыдан келіп, «кәсіби құзыреттілік – студенттің жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, дидактикалық біліктілігі мен қабілетінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің жиынтығы» деп анықтама беруімізге болады.
Студенттің кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үдерісте үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер студенттердің кәсібилігінің артуын, яғни кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін арттыруды қажет етеді.
Болашақ маман тұлғасының қалыптасуы оның кәсіби іс-әрекетіне байланысты екенін ескерсек, педагогикалық практиканың оған қалай әсер ететінін түсіну қиын емес. Педагогикалық практиканың болашақ маман тұлғасын қалыптастырудағы орны оның сол іс-әрекетке қызығушылығымен байланысты. Болашақ маманның педагогикалық еңбекке қызығушылығы - күрделі психологиялық процесс. Бұл студенттің педагогикалық еңбекке саналы қажеттілігінің дамуын қажет етеді. Педагогикалық практика кезінде болашақ мамандардың кәсіби қалыптасу және өзін-өзі айқындау процесі белсенді жүзеге асып, кәсіби білімдер мен біліктерге деген қажеттіліктер, оларды қалыптастыру үдерісі байқалады.
Педагогикалық практика студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетіне барынша жақын жағдайларда өткізіледі. Ол түрлі педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған өзіндік практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді.
Жоғарыда біз педагог қызметінің кәсіби сапасы мәселелерін, оның шеберлігі мен профессионалдығын, мұғалімге қойылатын талаптарды қарастыра келе, бүгінгі студент ертеңгі педагог екенін ескеріп, оның кәсіби іс-әрекеті нәтижелі болу үшін кәсіби құзыреттіліктің мынадай негізгі элементтерін меңгеру қажеттігін атап көрсеттік (1-сурет).
Арнайы құзыреттілік оқытатын пән саласындағы терең білімділікті, біліктілік пен тәжірибені, техникалық және шығармашылық міндеттерді шешудің амалдарын білуді қамтиды.
1-сурет – Кәсіби құзыреттілікті құрайтын негізгі элементтер
Студенттердің кәсіби құзіреттілігін өзіндік жұмыстар арқылы қалыптастырудың түпкі мақсаты – студенттерді белсендi ой қызметiн, әр түрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешуге, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi қолдануға ұмтылысы бар оқыту үдерісінің субъектісі етіп тәрбиелеу. Ғалымдардың педагогикалық-психологиялық зерттеулерінде студенттердің тапсырмаларды өздігінен орындауы олардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіке, шығармашылықпен жұмыс жасауына дағдыландырады деген пікірлер кездеседі.
Сондықтан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын сапалы ұйымдастыру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін нығайтуға, дамытуға, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға болады деген тұжырымға келеміз.
Елімізде студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын біршама ғалымдар зерттеу объектісі ретінде қарастырған М.Ә. Құдайқұлов, Т.С.Сабыров, А.Е. Абылқасымова, К.К. Жампеисова, Н.А.Асанов, А.А. Бейсенбаева, Н.К. Ахметов, Г.Т. Хайруллин, Ж.А. Караев, А.А. Саипов, К.А. Жусупова, А.А.Гурбанова, Р.С. Омарова, А.Ш. Демеуов, Ә.С. Әлметова, С.С Смаилов және т.б. ғалымдар құнды пікірлер айтқан.
Өзіндік жұмыстарды қолдану арқылы студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау қажеттілігі туындады.Біз өз зерттеу жұмысымызда осы ерекшеліктерді ескеріп, зерттеу мәселесінің шешімін іздестіру мақсатында ең алдымен студенттердің кәсіби құзыреттілігін кредиттік оқыту жүйесінде қалыптастырудың компонентерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтадық (1-кесте).
Мақсат-міндеттеріне қарай өлшемдер когнитивтік, эмоционалдық-құндылықты, іс-әрекеттік деп ажыратылады.
Когнитивтік өлшем студенттердің өз мамандығы бойынша қажетті ақпаратты таңдау және бағалауын, проблемалық жағдаяттарды шешуін, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасауын көрсетеді.
Эмоционалдық-құндылықты өлшем студенттердің білімге деген қызығушылығынан және белсенділігінен, топты қарым-қатынастық құндылық ретінде тануынан көрініс табады.
Іс-әрекеттік өлшем ұжымдық өзара қарым-қатынасқа түсуді, өзара міндеттер бөлісуді, кәсіби іс-әрекет нормаларын бірлесе меңгеруді, топтық пікірталастарда белсене араласуды қажет етеді.
Анықталған өлшемдер негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгейде студент өз ойын еркін түрде баяндайды, мәселені толық ашып көрсете алады. Қосымша құралдарды (вербальды және вербальды емес құралдарды) сауатты пайдаланады, мәселені шешуде шынайы қызығушылық танытады, білуге қызығушылығы басым, топтық қарым-қатынасты орнатуға бейім; диалог, пікірталаста ақпараттың талап етілетін мазмұнын шығармашылықпен қабылдайды, диалогқа, талқылауға белсенді араласады, топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді белгілейді.
Орта деңгейде студуент өз ойын оқытушы жетекшілігімен ғана түсіндіре алады, мәселені баяндайды, қосымша құралдарды толық пайдалана білмейді; мәселенің шешімін оқытушының талап қоюымен іздейді, шешімін өз бетімен табуға сенімсіз, қатесін табады, бірақ оны түзете алмайды, қарым-қатынас орнатуда білімді мақсат тұтпайды, диалогты ұйымдастыруда енжар, диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдайды, топта топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді бөліседі.
Төмен деңгейде студент қарапайым үлгідегі тапсырмаларды орындайды, мағыналық құрылымда бағдар жасай алмайды, ойы шашыраңқы, мәселені шешуге қызықпайды, топта енжар, оқу материалының тек кейбір бөліктерін қабылдайды, топтық жұмысты ұйымдастыра алмайды, топта негізінен орындаушы қызметін атқарады, топтық пікірталастарда белсенділік танытпайды.
Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығының студенттерімен тәжірибе-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, сынақтан өткізілді.
1-кесте - Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері.
Өлшемдер
|
Көрсеткіштер
|
Деңгейлер
|
Жоғары
|
Орта
|
Төмен
|
Когнитивтік
|
студенттердің өз мамандығы бойынша қажетті ақпаратты таңдау және бағалауын, проблемалық жағдаяттарды шешуін, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасауын көрсетеді
|
өз ойын еркін түрде күрделі құрылымдағы рәсімдейді, мәселені толық баяндайды. Қосымша құралдарды (вербальды және вербальды емес құралдарды) сауатты пайдаланады
|
өз ойын берілген үлгіге сәйкес мұғалім жетекшілігімен рәсімдейді, мәселені баяндайды, қосымша құралдарды толық пайдалана білмейді
|
қарапайым үлгідегі тапсырмаларды орындайды, мағыналық құрылымда бағдар жасай алмайды, ойы шашыраңқы
|
Эмоционалдық-құндылықты
|
студенттердің білімге деген қызығушылығынан және белсенділігінен, топты қарым-қатынастық құндылық ретінде тануынан көрініс табады
|
мәселені шешуде шынайы қызығушылық танытады, білуге қызығушылығы басым, топтық қарым-қатынасты орнатуға бейім
|
мәселенің шешімін мұғалімнің талап қоюымен іздейді, шешімін өз бетімен табуға сенімсіз, қатесін табады, бірақ оны түзете алмайды, қарым-қатынас орнатуда білімді мақсат тұтпайды
|
мәселені шешуге қызықпайды, топта енжар, оқу материалының тек кейбір бөліктерін қабылдайды
|
Іс-әрекеттік
|
ұжымдық өзара қарым-қатынасқа түсуді, өзара міндеттер бөлісуді, кәсіби іс әрекет нормаларын бірлесе меңгеруді, топтық пікірталастарда белсене араласуды қажет етеді
|
диалог, пікірталаста ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдайды, диалогта белсенді, талқылауға белсенді араласады, топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді белгілейді
|
диалогты ұйымдастыруда енжар, диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдайды, топта топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді бөліседі
|
топтық жұмысты ұйымдастыра армайды, топта негізінен орындаушы қызметін атқарады, топтық пікірталастарда белсенділік танытпайды
|
|
Кредиттік оқыту жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен студенттердің білім деңгейін бағалауды бірінші кезеңге қойып, оларды арнайы ережелер бойынша өткізу, жаңа жүйеде студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне аса зор мән беріліп отырғанын анғартады.
Біздің пікірімізше, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін, педагогикалық үдерісті жетілдіруге, сол арқылы түпкі сапалық нәтижеге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті жан-жақты білімді азаматтар қалыптастыру жолындағы кредиттік оқыту жағдайында қалыптасқан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлерін оқу үдерісінде және одан тыс қалыптасқан өз бетінше педагогикалық жүйе деп қарауға болады.
Ж
Ауызша
Іздеу-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау (интернет арқылы)
Салыстырмалы-баламалы кестелерді дайындау
Проблемалы мақала бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді терең сараптау
Жазбаша
Жазбаша жұмысты дайындау (эссе, глоссарий, баяндама, бақылау тапсырмалары)
Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотека құрастыру), әдебиеттерді, мақалаларды аннотациялау
Семинар жұмысына қатысу: семинар баяндамасының конспектісін, рефераттарды дайындау, т.б. тапсырмаларды орындау
Лабораторлы-практикалық сабақтар: нұсқауларға және әдістемеліе нұсқауларға сәйкес экспериментті өткізу және қорытындысын шығару
Өзіндік, бақылау жұмыстарын орындау барысындағы СҒЗЖ, ғылыми жобаны дайындау және теориялық-тәжірибелік қорытындыларды ұсыну (ғылыми конференциялар арқылы)
оғарыда келтірілген ұғымның мазмұнына байланысты, біз ұсынып отырған студенттердің өздігінен орындайтын тапсырмалар жүйесін педагогикалық жүйе деп есептеуге болады. Себебі, бұл жүйе студенттерді аудиториялық оқу үдерісінде және аудиториядан тыс уақытта өздігінен білім алу мақсатында жетістіктерге жеткізуші өздігінен орындайтын жұмыстардың біртұтас бірлігі. Жүйе 2-суретте көрсетілгендей екі блокқа бөлінген элементтерден тұрады, олар жазбаша және ауызша.
2-сурет - Кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өзідігінен орындайтын жұмыстарының тапсырмалар жүйесі.
Өз кезегінде екі блоктағы құрауыштар, бірнеше түрлерге бөлінеді (реферат, ғылыми баяндама, ақпараттық технологиялар мен жұмыс жасау т.с.с). Біздің пікірімізше, біз ұсынып отырған педагогикалық жүйедегі құралдар түрлерін біріктіретін жетекші идея – студенттердің білім алу кеңістігінде өздігінен орындайтын жұмыстарды ғылыми-әдістемелік нұсқауларға сай жасау барысында өздігінен білім алу, біліктілік, шығармашылық қабілеттерін, дағдылары мен іскерліктерін дамытумен қатар, оларды өмірде қолдана білетін, кәсіби мәдениеті мен кәсіби-дидактикалық қабілеті қалыптасқан тұлға дайындау болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттеріне орай қазіргі жаһандану заман талаптарына сай және кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен негізгі мақсатттарына байланысты студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқанын, ондағы өздігінен орындайтын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының студенттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы ықпалын анықтадық.
Нәтижесінде білім сапасы жоғары, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзіретті маман қалыптасады.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын зерттеу үшін эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды.
Біз педагогикалық экспериментті зерттеуде қойылған міндеттерді шешуге, болжамды, алдыңғы тарауда берілген теориялық зерттеуді практикада, ғылыми-обьективті және дәлелді түрде тексеруге мүмкіндік беретін зерттеу әдістерінің кешені ретінде қарастырдық.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың мақсаты жалпы зерттеудің мақсат-міндеттеріне тәуелді:
-кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдістер жүйесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
- студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың аталған әдістер жүйесіне сәйкес ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегі міндеттерді эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттермен ұйымдастыру кезеңдері бойынша шешуді белгіледік:
студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар жүйесін жасақтау;
кредиттік оқыту жүйесінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру әдістерін анықтап, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар жүйесін нақтылау;
студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін айқындауға арналған анықтау экспериментін жүргізу;
студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру экспериментін жүргізу;
жасалған әдістеменің тиімділігін тексеру, қорытындылау экспериментін жүргізу.
Кредиттік оқыту әдістерін қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін эксперименттік және бақылау топтарында анықтай отырып, білім мазмұнын педагогикалық үдерісте меңгеруін, студенттердің топта жұмыс жасау қабілетін, диалогқа қатысу және диалогты жүргізу іскерлігін, тұлғалық даму деңгейлерін анықтауды басты назарға алдық.
Алдымен тәжірибе-эксперимент жұмыстарының жоспары жасалды. Өткізілетін жұмыстың уақыты белгіленді: 2011-2013 жылдары. Жоспарға сәйкес эксперименттің анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдері (2011-2012 жж.) белгіленді. Әрбір кезеңнің басты мәселелері мен оны шешуге қажетті әдістер анықталды.
Өз зерттеумізде студенттерді таңдау себебіміз: олардың басым іс-әрекеті кәсіби іс-әрекет, тұлғалық кәсіби қарым-қатынас болып табылады, сондықтан оларға кредиттік оқыту әдістері көмегімен нәтижелі кәсіби қарым-қатынасты, құзыреттілікті педагогикалық үдерісте игертуге болады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығының студенттерімен жүргізілді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңінде студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Оқытушы мен студенттің өзара педагогикалық қарым-қатынасын бақылау.
Кредиттік оқыту негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысына барлығы 120 студент, олардың ішінде эксперимент тобында 62 студент, бақылау тобында 58 студент қатысты.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін тексеру мақсатында жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерісте кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың шарттарын анықтаудан бастадық.
Тәжірибе-эксперимент жұмысының анықтау кезеңінде педагогикалық үдеріске қатысушы студенттермен сауалнама, бақылау жүргізілді. Сауалнама мен бақылауда студенттердің кәсіби тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, білімді игерудегі өзара қарым-қатынастарының сипатын, диалогтық әрекеттерге көзқарастарын анықтау мақсаты қойылды.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру нақты ұстанымдарға негізделе отырып өткізілді. Олар:
- студентті өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде тану, оны құрметтеу;
- студенттердің бойында өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін, бейімділіктерін және басқа да кәсіби тұлғалық сапаларын айқындауға, өзін-өзі анықтауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыру;
- уақыт пен күшті барынша аз жұмсай отырып, мүмкіндігінше көп пайдалы ақпаратты алу;
- көмек көрсету мақсатында студенттермен жұмыс барысында зерттеу нәтижелерін пайдалану.
Педагогикалық үдеріс оған қатысатын педагогтардың жеке тұлғалық күш-жігерімен ұйымдастырылады. Сондықтан педагогикалық үдеріс толығымен педагогтың жеке тұлғасына байланысты.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері, қарым-қатынастың сипаты, қарым-қатынасқа түсу қабілеті әдістемелері көмегімен анықталды. Бұл әдістемелердің мақсаты – студенттердің өзара әрекет етуіне жағдай жасау, шағын топта бірлесіп ізденуге даярлау, психологиялық кедергілерді анықтау, оларды түзету бойынша жұмыстың бағытын белгілеуге мүмкіндік берді. Осы жоғарыдағы мәселені айқындау үшін, сонымен қатар тұлғаның қарым-қатынасқа түсуге даярлығын және бірлесе ізденуге, әрекет етуге деген мүмкіншілігін анықтау үшін «Коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділіктерін» (КҰБ-2) анықтау әдістемесін таңдап алдық.
Зерттелушіге тұлғаның қасиеттері жазылған стимулдық материалдар ұсынылады. Оларды зерттелуші өзінің тұлғасына сәйкес «тән» және «тән емес» деп іріктейді.
Әдістеме тұлғаның өзара әрекетінің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олар: дербестік, үйірсектік, тұйықтық, белсенділік және тәуелділік.
Зерттеу төмендегідей өткізілді: зерттелушіге стимулдық материал ұсынылып, егер олар нақты топтың мүшесі ретінде өзі жайындағы түсінікке сәйкес келген жағдайда оларға «иә» жауап беруі сұралады, немесе егер оның түсінігіне сәйкес келмеген жағдайда «жоқ» жауабы ұсынылады. Тек кейбір ерекше жағдайларда ғана «күмәнім бар» жауабы да қабылданады.
Әдістеме нәтижесін қорытындылай келе, дербестік, үйірсектік, тұйықтық, белсенділік және тәуелділік позициялары бойынша студенттер топтарға бөлінді.
Тәуелділік позициясына студенттердің 10%, дербестікке 13%, үйірсектік 35%, тұйықтық 38%, белсенді 4% .
Студенттердің кәсіби және ұйымдастырушылық бейімділіктерін анықтау әдістемесі тұлғаның коммуникативтік және ұйымдастырушылық бейімділіктерін (адамдармен ресми және биресми байланыстарды нақты және тез орнату іскерлігін, мәдени көпшілік іс-шараларға қатысуын,ғылыми жобаларға, ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуын, басқа адамдарға әсер ету іскерлігін, белсенділік танытуға ұмтылысын және т.б.) анықтауға арналған.
Әдістеме 40 сұрақтан тұрады. Әрбір сұраққа зерттеуші «иә» не «жоқ» деп жауап беруі тиіс. Әдістемені орындау уақыты 10-15 мин. Бұнда кәсіби және ұйымдастырушылық бейімділік деңгейлері жеке анықталады.
Эксперимент тобындағы студенттер бұл әдістеме нәтижесінде кәсіби бейімділіктердің жоғары деңгейін 32 %-да көрсетсе, 29% төменге деңгейге ие екендігі анықталды.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік туралы түсінігін айқындау үшін сауалнама жүргізілді.
Сұрақтар:
1) Сіздің түсінігіңізше, кредиттік оқыту жүйесі, шағын топ, кәсіби құзыреттілік дегеніміз не?
2) Өзіңіздің өндірістік практикаңызда шағын топта семинар, сабақтарын ұйымдастыруды қолдандыңыз ба?
3) Оқуға деген қызығушылықты қандай әдістерді қолдану арқылы тудыруға болады?
4) Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не?
5) Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі туралы не айтар едіңіз?
6) Осы құзыреттіліктер өз бойыңыздан табыла ма?
7) Аталған құзыреттіліктерге қандай жолдармен жетуге болады?
8) Кәсіби құзыреттіліктерді қандай көрсеткіштер анықтайды деп ойлайсыз?
9) Өз оқу орныңызда оқу үдерісі барысында осы құзыреттіліктерді қалыптастыру сізді қанағаттандырады ма?
10) Сіз интербелсенді әдістерді қолдану жолдарын білесіз бе?
а) миға шабуыл – бұл ......................................................................................
ә) пікірталас..........................................................................................................
б) жағдаяттарды талдау......................................................................................
Сауалнама нәтижесінде студенттердің жалпы құзыреттілік туралы ұғымдары болғанымен, олардың 62% кәсіби құзыреттілік ұғымын жан- жақты түсінбейтіндігі анықталды.
Тәжірибелік-эксперименттің анықтау кезеңінде анықталған деректерді төмендегідей көрсетуге болады:
2-кесте - Студенттердің кәсіби құзыреттілігінің дамуын анықтау экспериментінің нәтижелік көрсеткіштері.
Өлшемдер
|
Деңгей
|
|
Эксперименттік топ %
|
Бақылау тобы %
|
Когнитивтік
|
төмен
|
46,4%
|
54,5%
|
орта
|
34,5%
|
33,9%
|
жоғары
|
19,1%
|
11,6%
|
Эмоционалдық-құндылықты
|
төмен
|
22,8%
|
60,4%
|
орта
|
34,1%
|
28,1%
|
жоғары
|
43,1%
|
11,5%
|
Іс-әрекеттік
|
төмен
|
38,3%
|
43,7%
|
орташа
|
41,4%
|
37,6%
|
жоғары
|
20,3%
|
18,7%
|
Өткізілген анықтау экспериментінің қорытындыларын тұжырымдай келе, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға жол ашатын зерттеу экспериментінің келесі кезеңіне көшу қажеттігі туды.
Қалыптастырушы эксперименттің міндеттері төмендегідей жүйеленді:
педагогика пәні бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған шағын топқа арналған тапсырмалар жүйесін жасап, оны педагогикалық удерісте пайдалану;
студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында “оқытушы-студент”, “студент-студент” өзара қарым-қатынастарын шағын топта және ұжымда жүзеге асыру;
болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында арнайы курс бағдарламасын жасап, педагогикалық жоғары оқу орнының білім беру үдерісіне енгізу;
Осы эксперименттік топтағы студенттерге «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру теориясы және технологиясы» атты арнаулы курс ұйымдастырылып, олардың теориялық білімінің тереңдеуіне және кәсіпке қызығушылығын арттыруға мүмкіншілік жасалынды.
3-кесте – «Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру теориясы және технологиясы» арнайы курсының тақырыптық жоспары.
№
|
Дәріс тақырыптары
|
Сағат саны
|
1
|
Білім беру стандартының құзыреттілікті
компоненті
|
2
|
2
|
Жобалау әдісі – құзыреттіліктерді
қалыптастыруға бағытталған негізгі технология.
|
2
|
3
|
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға
бағытталған білім беру технологиялары.
|
4
|
4
|
Топтық оқыту әдістемесі.
|
2
|
5
|
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
технологиялары.
|
2
|
6
|
Кәсіби құзыреттілік педагогикалық қызметтің
құрамдас бөлігі ретінде.
|
4
|
7
|
Кәсіби құзыреттіліктер және педагог
құзыреттілігінің теориялық негіздері
|
4
|
Барлығы
|
20
|
Бұл міндеттерді шешу барысында сұрақ-жауап, педагогикалық эксперимент, статистикалық өңдеу, тестілеу, компьютерлік бақылау (өзіндік жұмыс), мониторинг әдістері пайдаланылды.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мынадай әдістер көмегімен айқындалды:
1) арнайы өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар жүйесі;
2) жобалау әдісі;
3) шағын топтағы диалогтық, проблемалық жағдаяттар.
Сократтық әдіс ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірлік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – білім берудегі ең басты тәсіл. Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократ бірде бір көзқарасты назарынан тыс қалдырмаған, алдын ала ешбір көзқарасқа жақтаспай, әңгімелесушілерді өзін-өзі жоққа шығаруға қатыстырған, осылайша, беделге емес, тек дәйектерге сенуге үйреткен. Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек.
Топтық жұмыстың мәні - бірлескен жұмыс барысында қойылған міндетті шешу (оқу, т.б.), топ мүшелеріне қолдау көрсету.
Студенттердің тұлғалық әлеуетіне негізделетін, диалог құру, білім беруде өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін ескере отырып бейімделген оқыту түрі болып табылады. Диалог білім беру үдерісін тұлғалық деңгейге көтеріп және оның осы деңгейде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Еркін микрофон әдісінде топқа біріктірілген студенттер өз бетімен іздене отырып, мамандықтың мәні жайында қысқаша әңгімелер, эссе даярлап, оны жалпы талқылауға салды.
Миға шабуыл технологиясы бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.
Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі.
Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.
Іскерлік ойынның мақсаты студенттің кәсіби және әлеуметтік қалыптасуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Рөлдік ойындар
«Аквариум» - диалог түрі, мұнда студенттерге «көпшілік алдында» мәселені талқылау ұсынылады. Топ мәселесі бойынша диалог жүргізіледі.
Пікірталас механизмінің арқасында адам эгоцентрикалық ойлаудан тысқара кетіп, өзгенің көзқарасын қабылдауға үйренеді. Пікірталастың объектісі болып тек арнайы қойылған мәселелер ғана емес, сонымен бірге өмірдегі жағдаят және қатысушылардың тұлғааралық қарым-қатынасы бола алады. Топтық талқылау әдісі әр қатысушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, белсенділігінің, сондай-ақ коммуникативтік сапалар мен іскерліктердің дамуына әсер етеді. Талқылау кезінде шешендік біліктердің қажеттілігі туындайды. Талқылау кезінде қарастырылған материалдың есте сақталу деңгейі жоғары екені дәлелденген.
Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үдерісінде барынша белсенді оқыту әдістерінің маңызы зор болып табылады. Біздің зерттеуімізде бұл әдістер тобын қарастыру маңызды, өйткені мұндағы оқу өзара әрекеттесудің дидактикалық шарты ретінде және білім алушының тұлғалық өсуі мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруда осы жоғарыда қарастырылған әдістердің қажеттілігі нақтыланып отыр. Бұл интербелсендіәдістер педагогикалық үдерісті субъект-субъект шеңберінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, қатысушылардың психологиялық тұрғысының теңдігін, тараптардың белсенділігін қамтамасыз ете отырып, оның барысында әр қайсысы тек әсер алып қана қоймайды, сонымен бірге тең дәрежеде өзге адамға да әсер етеді.
Студенттердің кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған әдістермен жұмыс істеу барысында коммуникативтік дағдылары қалыптасып, қарым-қатынаста өзгені үғыну мүмкіншіліктері артты, өздігінен ізденіп ой қорытуға деген қызығушылықтары оянды, әр түрлі педагогикалық жағдаяаттарды талдау мен оны практикада қолдану іскерліктерін меңгерді.
Кредиттік оқытудың негізінде педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзіндік ізденушілігін қалыптастыру әдістемесінің нәтижесі анықталып және диалогтық қарым-қатынастарға негізделген топтық оқыту технологиялары (сократтық әдіс, пікірталас, миға шабуыл, айналма, ашық ойлар сәті, еркін микрофон, аквариум және т.б.) пайдаланылып, оң нәтиже берді.
Сонымен бірге студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, білімді игерудегі өзара қарым-қатынастарының сипатын, өзіндік ізденушілігін анықтау үшін сауалнамалар, тестілеу жүргізілді.
Эксперименттік жұмыстың қорытындылау кезеңінде оқытушы мен студенттің өзара әрекеті арқылы жүретін іс-әрекеттері, өзара қарым-қатынасы айқындалып, эксперименттік жұмыстың нәтижелері математикалық тәсілмен өңделді.
Сауалнама, бақылау мәліметтері бойынша студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейлерінің көтерілгендігі айқындалды (5-кесте).
4-кесте Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің кредиттік оқыту негізінде қалыптасу деңгейлерінің эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштері.
Кезеңдері
|
Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу көрсеткіштері (%)
|
Бақылау тобы
|
Эксперименттік топ
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
Эксперименттің басында
|
63,0
|
33,2
|
3,8
|
60,2
|
35,6
|
4,2
|
Эксперименттің соңында
|
49,4
|
44,0
|
6,6
|
14
|
65,8
|
20,2
|
Кесте мен диаграммадан көрініп тұрғандай эксперименттік топтарда қалыптасу деңгейі төмен студенттердің саны 60,2%-дан 14%-ға кемісе, орташа деңгейдегі студенттер саны 35,6%-дан 65,8%-ға өссе, жоғары деңгейге көтерілген студенттердің саны 4,2%-дан 20,2-ға артқанын көреміз.
Тәжірибелік-эксперимент барысында студенттердің кәсіби іс-әрекеті, педагогикалық қарым-қатынасқа түсуі, педагогикалық жағдаяттарды талдауы, өзіндік жұмыстарды қызығушылықпен және ізденушілікпен орындауы, өзіндік бақылау іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы тексерілді.
Соның нәтижесінде біз когнитивтік, эмоционалдық-құндылықты, іс-әрекеттік өлшемдер бойынша жоғары, орташа және төмен деңгейлерді анықтаудың көрсеткіштерін алдыңғы бөлімдегі үлгіге сәйкес қарастырған болатынбыз.
Бұл жолы біз сол теориялық болжамды практика жүзінде дәлелдедік.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының соңында анықталған қорытынды нәтижелер кредиттік оқыту негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің жоғарылағандығын көрсетті:
- кредиттік оқыту негізінде студенттердің білімге, ғылыми ізденістерге деген көзқарасы өзгеріп, оқуға қызығушылықтары артты. Оның себебі мынада:
кредиттік оқыту негізінде студенттердің кәсіби іс әрекеттің мақсаттары мен құндылықтары бірінші орынға шығып, дербес белсенділігі артып, ешқандай қысылмай, еркін айту мүмкіндігіне ие болды;
- топта жұмыс жасай отырып, студент өз біліміндегі, қарым-қатынасындағы кемшіліктер мен қателерді өз құрбыларынан қабылдай отырып, педагогикалық жағдаяттарды дұрыс шешуге үйренеді;
- топтық оқыту білім мазмұнын практикада қолдануға және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
- кредиттік оқыту негізінде студенттердің даралық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға да жағдай жасалынады.
Сонымен, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері кредиттік оқыту негізінде айқындалып, оның оң нәтиже беретініне көз жеткіздік.
Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуының төмендегі педагогикалық шарттарын ұсынамыз:
- жоғары оқу орнының кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартын тұлғаның кәсіби құзыреттілік биігіне көтерілуінде өзіндік шығармашылық даралығын дамыту үшін оқу пәндерінің барлығын және өндірістік кәсіби практика түрлерінің мүмкіндігін қолдануға бағыттау қажет;
- студенттердің теориялық және практикалық дайындығының бірлігін қамтамасыз ететін оқу-танымдық, имитациялық-моделдеуші және кәсіби-практикалық іс-әрекеттерінің сабақтастығын қамтамасыз ету қажет;
- кәсіби құзыреттіліктің ізгілікке бағдарланған диагностикасы мен өзіндік диагностика қажет;
- кәсіби құзыреттілікті меңгеру мен қолдануға іскерліктің тұрақтануын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар – ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.
Зерттеліп отырған тақырыбымыз бойынша бүгінгі таңда кредиттік жүйеде білім беру мәселесі бойынша жазылған еңбектер бар, бірақ студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған арнайы еңбектер жоқ деп айтуға болады. Сондықтан осы проблема нақты зерттелмегендіктен, біз осы мәселені зерттеуді қолға алдық. Теориялық және тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері болжамдарды бекітіп, мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасының өзектілігі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің қарқынды жүруімен, оның студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға әсер ететін жағдайларын айқындау, дамыту және жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталды. Жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісін теориялық-әдіснамалық зерделеуіміз кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастыруды, студенттің өзіндік іс-әрекеті, тұлғалық даму ерекшеліктерінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік туғызды.
Сонымен кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін зерделей келе қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1) Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасаудың өзіндік ерекшеліктерін айқындай отырып, философия, психология, педагогика ғылымдары саласындағы зерттеу еңбектеріне жасалған талдаулар тақырыптың көкейтестілігін анықтауға мүмкіндік берді.
2) Теориялық талдаулар «кредиттік оқыту жүйесі», «кәсіби құзыреттілік», «құзыреттілік», «құзырет», «өзіндік жұмыс» ұғымдарын анықтауға мүмкіндік берді.
3) Ғылыми әдебиеттердегі ғалымдардың «құзырет», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдары туралы көзқарастарын, анықтамаларын негізге ала отырып, «кәсіби құзыреттілік – студенттің жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, дидактикалық біліктілігі мен қабілетінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы» деп тұжырымдауымызға мүмкіндік алдық.
4) Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін топтық оқыту және диалогтық қарым-қатынастар арқылы қалыптастыру, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды даярлау әдістемесі жасалып, ұсынылды.
5) Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде біз кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру өлшемдері мен деңгейлерін айқындадық.
6) Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру теориясы және технологиясы» атты арнайы курс бағдарламалары жасалып, жоғары оқу орны үрдісіне енгізілді.
Дегенмен, жүргізілген зерттеу өзекті, әрі күрделі де, көп салалы мәселе болғандықтан, оның барлық қырларын бір ғана зерттеуде қамтып шығу мүмкін емес. Біздің осы жүргізген зерттеу жұмысымыз аса күрделі процестің бір ғана қырын ашып көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012ж.
Чистохвалов В.Н. Системы накопления и перевода кредитов, используемые в европейских и американских университетах // Материалы к совещанию «Проблемы введения кредитной системы высшего профессионального образования». 25-26 марта 2002 г. – М.: РУДН, 2002.
Болонский процесс: середина пути. М., 2005. 378с.
Основы кредитной системы обучения в Казахстане /Под общ. редакции Ж. А. Кулекеева, Г. Н. Гамарника, Б. С. Абдрасилова. А., КазНУ им. Аль-Фараби, 2004. -198 с.
Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл. канд. Автореф: 13.00.08.- Астана, 2007. 25б.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы. –Астана, 2007.- 60б.
Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. — М.: 1998. -200с.
Ниязова Г.Ж. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 2008, 141 б.
Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы. (монография). – Астана, 2001. -275 б.
Ғылыми еңбектердің тізімі
1. Омарова Л.Т. Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.// «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы (2012 жыл, 18-19 қазан),- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
2. Омарова Л.Т. Студенттердің кәсіби құзіреттілігі мен педагогикалық шеберлігін қалыптастыру /«Аспирант.Докторант.Гуманитарлы-әлеуметтік зерттеулер» атты ғылыми-теориялық және қолданбалы кең профильді журнал. – Түркестан-Москва,2013- - баспада
РЕЗЮМЕ
на реферат диссертации на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности
6М010300-Педагогика ипсихология
Омарова Ләззат Тәліпқызы
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ ФОРМИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТОВ В СИСТЕМЕ КРЕДИТНОГО ОБУЧЕНИЯ
Актуальность работы исследования: На сегодня важнейшей проблемой современности считается проблема повышения качества образования, так как на пути вступления Республики Казахстан в число цивилизованных стран с социально-политическими, экономическими преобразованиями, основной задачей в сфере образования является воспитание интеллектуально и духовно развитого, высоко культурного, глубоко патриотичного подрастающего поколения. Занимающая ключевое место в ХХI концепция образования на протяжении всей жизни предполагает , чтобы в период обучения молодого поколения в вузе дать возможность всем без исключения проявить свои таланты и весь свой творческий потенциал. В разрешении данной задачи большую роль сыграет организация учебного процесса по технологии кредитного обучения с применением активных и интерактивных методов и приемов с целью развития и формирования профессиональной компетентности у студентов.
Цель исследования: формирование профессиональной компетентности у студентов в системе кредитного обучения.
Задачи исследования:
- раскрыть теоретическую основу формирования профессиональной компетентности студентов в системе кредитного обучения;
- определить педагогические условия формирования профессиональной компетентности студентов в системе кредитного обучения;
- проверить на основе экспериментальной работы эффективность формирования профессиональной компетентности студентов в системе кредитного обучения.
Объект исследования: педагогический процесс в высших учебных заведениях.
Предмет исследования: педагогические условия формирования профессиональной компетентности студентов в системе кредитной технологии обучения.
Методы исследования : анализ философской, психологической, педагогической и методической литературы по проблеме исследования, сравнительный анализ стандартов и учебных программ, анкетирование, диагностирование, педагогический эксперимент.
Научная гипотеза заключается в том, что если в процессе обучения по кредитной технологии системно применять с целью развития активности студентов и формирования профессиональных способностей возможности взаимосвязи аудиторных занятий с педагогической практикой и наиболее оптимальных методов и приемов обучения, то процесс формирования профессиональной компетентности студентов в целом будет более эффективным и результативным.
База исследования: Кызылординский государственный университет им.Коркыт ата
Научная новизна и я теоретическая значимость исследования :
- раскрыты теоретические основы формирования профессиональной компетентности студентов в системе кредитного обучения;
- определены и научно обоснованы педагогические условия формирования профессиональной компетентности студентов в условиях кредитного обучения;
- доказана экспериментальным путем эффективность формирования профессиональной компетентности студентов в процессе кредитного обучения..
Практическая значимость исследования заключается в том, что разработанная
методика формирования профессиональной компетентности студентов в системе кредитного обучения может быть использована в практической деятельности преподавателями высших учебных заведений, магистрантами и студентами в ходе прохождения педаогической практики.
Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух разделов, заключения, списка использованной литературы (82 наименований).
Resume
on the report of dissertation on the competition of graduate degree of master's degree of pedagogical sciences on speciality
6М010300-педагогика and psychology
Omarova Lassat Talypkyzy
Pedagogical terms of forming of professional competence of students are in the credit departmental teaching
Actuality of work research: The requirements, that put to high pedagogical form to the specialists, on today's a day difficult goes down. only what қоғам teacher - me spiritual humane гі high, citizenship responsibility abundant, active, creative, detailed form, professional competense, theoretical knowledge practice different pedagogical technology carries out takes trade mas Actuality of work research.
Interest to "investigate that, in higher educational establishment on the future professional time of specialist student formed," continuously increasing goes down, it question comes true in motion forming professional competence students. possibility student determines approximately me exact professional fitness wasp ғы contradiction and professional competence masters process and result practice is used inconstancy is conceived contradiction investigates theme chooses basis is.
Aim research: on system Credit educating to form professional competence students
Duties research:
-, theoretical basis forming professional competence students on system credit educating, to find out thoroughly;
are terms of pedagogics forming professional competence students on system credit educating to expose and to do sketch;
- efficiency forming professional competence students on system credit educating through an experience-experiment to check.
Investigates method: : philosophical, psychological, pedagogical and methodical literature approach discusses, standard and program comparative discusses, works out the total, questionnaire leads, meets, diagnosticating, pedagogics experiment leads, оның result works out the total
Investigates scientific prognosis : my pedagogical process student activity increases advantageous method saws, credit teaches system student professional competence forms kind, unites line takes away, assorts local applies, audience лық passes a thread and pedagogical practice result establishes a connection system is carried out, me student professional competence formed.
Scientific news research theoretical importance:
- theoretical basis forming professional competence students on system credit educating, was found out;
are terms of pedagogics forming professional competence students on system credit educating turned out and a sketch prepared;
it is efficiency forming professional competence students on system credit educating through an experience-experiment reason.
To Investigate practical importance :
methodology forming professional competence students on system credit educating teachers higher educational of establishment, to perfect knowledge of teachers and teachers again to prepare can to apply office workers of establishments on practice. Flow such a, special course results research it is possible on to pass to use.
Structure of dissertation. Dissertation introduction, from two departments, from a conclusion, stands from list of literatures, that used.
Достарыңызбен бөлісу: |