Қақырық жинау алгоритмі
Жалпы талдауға қақырық жинау алгоритмі
Жалпы талдауға қақырық жинау бронхы-өкпе аппараты ауырған кезде жүзеге асырылады. Назар аударыңыз! Өкпеден қан кеткен кезде ешқашан қақырық жинау рәсімін жасауға болмайды! Қажетті әрекеттер: Пациентке ол таңертеңгі уақытта (6.00-ден бастап 7.00-ге дейін) ұйқыдан тұрғаннан кейін тамақ және су ішпестен, тісін тазаламас бұрын (сілемейлі қабаттың зақымдануының және қақырықтан қан іздерінің пайда болуы мүмкіндігінің алдын алу үшін) ауыз қуысын қайнаған сумен шайып алып, жөтеліп, жиналған қақырықты контейнердің түбіне түкіруі тиіс. Контейнерді бірден жақсылап жабу қажет. Назар аударыңыз! Қақырық жинау алдында пациентке темекі тартуға қатаң тыйым салынады! Метериалды (қақырықты) талдауға зертханаға (7.00-ден бастап 8.00-ге дейін) жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |