Зертханалық зерттеулерге қақырықты алу


Қақырықты бактериологиялық зерттеу



жүктеу 26,18 Kb.
бет2/5
Дата12.05.2020
өлшемі26,18 Kb.
#30349
1   2   3   4   5
Какырыкты зерттеу адистери

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

Қақырықты бактериологиялық зерттеу ауру қоздырғышын анықтау және антибиотиктерді эффективті таңдау үшін жүргізіледі.



Жабдықталуы: стерильді мойыны кең шыны ыдыс /бактериологиялық зертханадан алынған/, крафт-қағаздан қақпағымен, ыдыста қоректі орта болуы тиіс.

Мейірбике іс -әрекеті:

1. Науқасқа қақырық таңертеңгілік, ашқарынға алатындығын түсіндіру қажет.

2. Науқас қақырық жинаған кезде стерильді ыдыстың қабырғаларына қолы мен ауызын тигізбей қақырығын тастаған соң жылдам қақпағын жабу керек.

3. Қақырық 1-1,5 сағатқа дейін бактериологиялық зертханаға контейнермен жіберіледі. Атипиялық жасушаларға қақырықты зерттеу



Көрсетпе: қатерлі ісікке күдіктенгенде.

Жабдықтау: құрғақ, таза шыны ыдыс.

Мейірбикенің іс-әрекеті:

1. Зертханалық ыдысты дайындау.

2. Жолдама жазып оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.

3. Кешке емделушіге түсіндіріп, дайын ыдысты беру.

4. Науқас таңертең сағат 8.00-де аш қарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет таза шыны ыдысқа қақырықты жинайды.

5. Мейірбике сағат 8.30-да зертханаға қақырық жиналған ыдысты жібереді.



Ескерту. Атипиялық жасушалар тез жойылады, сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек.

Қақырықтың тәуліктік мөлшерін анықтау

Жабдықтау: құрғақ, таза мөлшерленген қалта түкіргіш.



Мейірбикенің іс-әрекеті:

1. Емделушіге қалта түкіргішін беріп түсіндіру.

2. Науқас түкіргішке таңғы сағат 8.00-ден ертеңгі күні сағат 8.00-ге дейін қақырықты жинайды.

Мейірбике түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшерін жазып алады. Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілейді.



Ескерту. Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеледі.

Ахметов А. А тәуліктік қақырық мөлшері:

Күні: мөлшері:

17/3 100,0

18/3 25,0

19/3 25,0



Қақырық пен қалта түкіргішті залалсыздандыру

Қақырықты залалсыздандыру үшін: (дезерітіндінің 2 көлемін қақырықтың 1-ші көлемі есебімен) 0,1% деохлор ерітіндісіне 4 сағатқа немесе 10% хлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды немесе хлор ұнтағын (200) г/л бір сағатқа сеуіп қояды.

Қақырықты залалсыздандырғаннан соң, канализацияға төгеді, ал қақырығы залалсыздандырылған ыдыс пен түкіргішті жай әдіспен жуады. Түкіргішті 2 % сода ерітіндісінде 30 минут бойы қайнатады немесе 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.


Қақырық - тыныс жолдарындағы (трахея, бронх) патологиялық сұйықтық. Егер де, қақырықты жинау ережелерін сақтай отырып жинаса, оны зерттеу маңызды. Жалпы зерттеу үшін қақырықты аузы кең қоңыр ыдысқа, таңертең ауызды шайғаннан кейін жинайды. Сол күні зертханаға зерттеуге жеткізу керек. Қақырық тұрақсыз субстракт болғандықтан, осындай ереже қолданылады, оның құрамындағы заттар жарықтың немесе сақтаудың әсерінен ыдырап кетеді. Өсу микрофлорасына себу үшін қақырықты таңертең стерильді Петри ыдысына немесе оның аналогына, ал микроскопияға туберкулез микобактерияларын алу үшін тәулік бойы жинау қажет, себебі, Кох таяқшалары аз көлемде түседі.

Макроскопиялық тексерісте қақырықтың көлеміне, конситенциясына, түріне, түсіне, иісіне және әр түрлі қоспалардың кездесуіне назар аударады.

Қақырықтың көлемі оның консистенциясына, аурудың спецификасына және науқастың қақырынуына байланысты. Жабысқақ қақырық қиындықпен шығады, ал әлсіреген науқастың оны толықтай шығаруға әл-дәрмені жоқ. Жоғарғы тыныс жолдарының өткір қабыну ауруларының бастапқы кезеңінде аз мөлшерлі қақырықтың бөлінуі, ал бронхоэктазда, туберкулез кавернасында, абсцессте және өкпе ісінуінде қақырықтың тәуліктік көлемі литрден асып кетуі мүмкін. Бір реттік көп мөлшерлі қақырық (жарты литр) іріңді плевритке тән.

Қақырықтың қоюлық дәрежесі оның құрамындағы фибрин мен шырыштың болуына байланысты. Өкпенің қабыну ауруларының көбінде қақырық жабысқақ (бронхиалды демікпеде жиі «шыны тәріздес»). Сұйық қақырық өкпе ісінуіне тән.




жүктеу 26,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау