Формаға НомерДок жолын енгізіңіз. Ол үшін батырмасын басыңыз, сонда терезе шығады. Бұл жерде НомерДок шапкасының реквезитіне жалаушаны орналастырыңыз, ОК батырмасын басыңыз және форманың кез-келген жеріне басыңыз. Сол жерде НомерДок жолы пайда болады. Оның өлшемдерін беріңіз және оны форманың керек жеріне орналастырыңыз.
Жанына «№» жазуы бар жазбаны орналастырыңыз. Осыған ұқсас жолмен формаға қалған реквезиттерді: ДатаДок, Сотрудник, Должность орналастырыңыз. Олардың жанына жазбаларды орналастыруды ұмытпаңыз.
«ОК» және «Закрыть» батырмаларын форманың ортасына орналастырыңыз
(көлденеңнен). Ол үшін оларды тышқанмен (екеуін бірге) белгілеңіз және батырмасын басыңыз. Соның жанындағы басқа да батырмаларды қызық үшін қолданып көріңіз.
Енді бұл құжатқа жаңа қызметкер туралы ақпараттарды енгізуге болады. Содан кейін қолданушы ОК батырмасын басқанда, сіздің бағдарламаңыз «Сотрудник» анықтамалығына жаңа элемент (жаңа жол) қосуы керек. ОК батырмасына басқанда құжат алдымен сақталуы керек, содан кейін өткізілуі керек.
Құжаттардың өткізілуі - өте маңызды түсінік. Қолданушы үшін құжатты өткізу ол оны жұмысқа өткізуді білдіреді. Құжатты өткізу барысында ақпараттық базада өзгертулер жүргізіледі: берілгендер кестеге қосылады, складтағы товар қалдықтары ұлғаяды немесе азаяды, жаңа бухгалтерлік өткізулер құрылады және т.б.
Құжатты өткізу кезінде нақтылы не өзгеретінін программист анықтайды. Өткізу кезінде «ОбработкаПроведения()» анықталған процедурасы орындалады. Дәл осы жерде программист жүйеде барлық өзгерістерді жасайтын бағдарлама жазады. Қазір бізге сол жерге жету қажет. Ол «Модуль документа» дегенде сақталады.
«Модуль документа» ашу үшін құжаттыңэкрандық формасын жабу керек. Экранда құжаттық құрылым терезесі ғана қалады. Астында «Модуль документа» деген батырма бар, соған басу керек. Бағдарламадағы мәтінді өзгертуге арналған терезе ашылады.
Оның ішінде «ОбработкаПроведения» деген процедура бар, бірақ оның ішінде әзірге онша маңызды ешнәрсе жоқ. Әзірге мағынасына онша мән бермей, келесі мәтінді жазыңыз.
Бірақ, дұрыстап қарағанда, кейбір жазуларды түсінуге болады. Бірінші жол «Сотрудники» анықтамалығына қарастырылып жазылған. Екінші жол әзірге бос жаңа эелемент құрады. Сосын анықтамалық реквезиттері толтырылады, берілгендер құжаттан алынып анықтамалыққа көшіріледі. Және соңында өзгертілген элемент анықтамалыққа жазылады.
Айта кететін жайт, жаңа бастаушы программистер «Записать()» шақыруды ұмытып кетеді. Бұл қақпанға түсіп қалмаңдар. Егер де сіз «Записать()» әдісін шақыруды ұмытып кетсеңіздер, онда сіздің барлық өзгертулеріңіз базада сақталмайды. Көңіл аударыңыздар, 1С тіліндегі әр оператор «;» символымен аяқталады (нүктелі үтір). КонецПроцедуры» сөзінен кейін үтір нүкте қойылмайды, себебі ол оператор емес, ол операторлық жақша (1С-те мұндай түсінік бар). Үтір нүкте сонымен қатар «Цикл» және «Тогда» сөздерінен кейін де қойылмайды, бірақ «КонецЦикла» және «КонецЕсли» сөздерінен кейін міндетті түрде үтір нүкте қойыңыз. Берілген бағдарламада біз я мұндай цикл, я шарт қолданған жоқпыз.
Сонымен бірге комментариилердің қалай жазылатынына көңіл бөліңіз.
// бұл комментарий
Комментарии компилятормен есепке алынбайды және ол бағдарламаны түсінгісі келетін адамға арналған. Комментариилер өте көп те, өте аз да болмауы керек. Бағдарлама комментариилерсіз түсінікті болуы керек. Бірақ қиын жерлерде комментарии көмегімен бағдарлама жұмысының логикасын түсінуге болады. Комментарии мен түсінікті бағдарламалардың жазылуы – ол да жақсы түсінікті көрсетеді. Бұл жұмыста профессионал болыңыздар!
Модуль терезесі мен құжат құрылымының терезесін жабыңыз. Конфигурацияны сақтаңыз. Енді жаңа қызметкерді барлық форма бойынша қабылдауға болады.
1С-ті Предприятие режимінде іске қосыңыз.
Барлық құжаттар «Журналы документовте» сақталады. Сендер мән бермеген боларсыңдар, бірақ «ПриеНаРаботу» құжаты үшін берілгені бойынша «Прочие» журналы таңдалған. Кейін біз барлық кадрлық құжаттар үшін арнайы журнал құрастырамыз, ал әзірге не бар соны пайдаланамыз.
«Прочие» құжаттар журналын ашу үшін «Операции => Журналы документов => Прочие» басыңыз. Құжаттар журналы ашылады.
Сурет 17 – Құжаттар журналының формасы
батырмасын басыңыз немесе INS батырмасын басыңыз. Берілгендерді енгізу үшін «ПриемНаРаботу» құжат формасы ашылады. Құжат номері автоматты түрде беріледі, құжат күні – бүгінгі күн.
Сурет 18 – Қабылдау құжатының формасы
Барлық берлігендерді енгізіңіз: қызметкердің аты-жөні, оның қызмет түрін және жалақысын көрсетіңіз.
«ОК» батырмасын басыңыз. Алдымен құжат жазылады, содан кейін өткізіледі. Өткізу кезінде «ОбработкаПроведении» процедурасы іске қосылады және «Сотрудники» анықтамалығына жаңа жол қосылады. Тексеріп көріңіз.
Егер қате шығатын болса, сіз бағдарламаны дұрыс жазбағансыз. Қайтадан конфигураторды іске қосып, қателеріңізді дұрыстаңыз.
1С бағдарламада синтаксистік қателерді конфигурацияны сақтағанда автоматты түрде тексеруін істеуге болады. Ол үшін конфигураторда «Мәзір Сервис => Параметры» басып «Проверять ошибки автоматически» жалаушасын орнатыңыз.
Көңіл аударыңыз, синтаксистік қателердің жоқтығы бағдарламаның дұрыстығына кепілдік бермейді. Оның баяғыдағыдай қателері болуы мүмкін.
Мұндай қателер бағдарламаны орындағанда шығуы мүмкін, кейде өте жасырын түрде болуы керек. Бірақ ең үлкен қате – тапсырыс берушінің талаптарын дұрыс түсінбеу.
Енді кадрлық бұйрық көмегімен қызметкерлерді жұмыстан шығаратын құжат құру керек.
Конфигураторда жаңа «Увольнение» құжатын құрыңыз.
Оған «Сотрудник» типі «Справочник.Сотрудники» және «Дата увольнения» типі «Дата» болатын реквизит шапкасы кіретінін көрсету керек. Берілгендерді енгізуге ыңғайлы болатын форма құрыңыз.
Сурет 19 - «Увольнение» құжатының формасы
Құжат модулінде «ОбработкаПроведения()» процедурасында келесі мәтінді
жазыңыз.
СпрСотр = СоздатьОбъект("Справочник.Сотрудники");
СпрСотр.НайтиЭлемент(Сотрудник);
СпрСотр.ДатаУвольнения = ДатаУвольнения;
СпрСотр.Записать();
Бірінші жол «Сотрудники» анықтамалығына сілтеме құрады. Екінші жол анықтамалықта жұмыстан шығарылатын қызметкерді іздейді. Келесі жол оған жұмыстан шығарылған күнін береді. Және соңғы жол жасалынған өзгертулерді анықтамалықта сақтайды.
«КадровыеДокументы» журналын құрамыз. Ол үшін меңзерді «ЖурналыДокументовке» әкеліп, «Новый» басамыз. Журналдың атын береміз. Бұл жерде басқа ешнәрсенің қажеті жоқ.
Сурет 20 - «КадровыеДокументы» журналының формасы
Енді «ПриемНаРаботу» құжатының құрылымын өзгерту терезесін ашамыз. Терезенің жоғарғы бөлігіндегі «Прочиені» «КадровыеДокументы» журналына ауыстырамыз.
Дәл осыны «Увольнение» құжатына жасаймыз.
Конфигурацияны сақтап қойыңыз.
Енді қолданушы мәзірін құрамыз. Конфигурация терезесінің астыңғы жағында «Интерфейсы» салымы бар.
Сурет 21 – Интерфейстерді ұсыну формасы
Қолданушы бағдарламаның әр категориясына өз интерфейсі құрылуы мүмкін. Интерфейс мәзір пункттерінен және құрал-саймандар тақтасындағы батырмалардан тұрады.
Жаңа интерфейс құрыңыз және оны Администратор деп атаңыз. Интерфейс интерфейстер тізімінде пайда болады.
Интерфейсті екі рет басып «Редактировать менюді» басыңыз. Мәзір өзгертуінің терезесі ашылады.
Сурет 22 – Мәзірді түзетуге арналған форма
Оның мәзірдің барлық бөлімдерін автоматты түрде құратын тамаша батырмасы бар. Мәзір конструкторының көмегімен бізге барлық объектіге қол жететін мәзір құру керек. Егер бұдан да қызық нәрсе жасау керек болса, мысалы, бөлгіштер, онда мұны қолмен жасау керек. батырмасын басайық және содан кейін «Построить» басамыз.
Конструктор автоматты түрде мәзірдің барлық бөлімін құрып береді.
Сурет 23 – Құрастыруға арналған форма
Мәзірді бірден қолданушыға қалай көрінетінін тестілеуге болады. Ол үшін «Пуск» батырмасын басу керек, тестік терезе пайда болады. Мәзірді көріп, тестік терезені жабыңыз.
Айта кететін жайт, сіз мәзір бөлімдерін өзгертіп көруіңізге болады. Мысалы, «Кадровые документы» мәзір бөлімін «Документы» мәзір бөліміне көшіріңіз, ал «Журналы документов» бөлімін алып тастаңыз. Журналды құжаттардан бөлшек көмегімен бөліңіз. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы болады.
Мәзір редакторын жабыңыз.
Конфигурацияны сақтап, оны іске қосыңыз. «Увольнение» құжатының жұмысын тексеріңіз және мәзірді басып көріңіз.
Осымен кадрлық тіркеу үшін оңай жүйені құру аяқталады. Ол қызметкерлерді қабылдау мен оларды жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді. Әрине, барлығы өте ыңғайлы. Жұмыстан шығарылғандар жұмыс істейтіндермен бір тізімде сақталады. Біздің жүйеде өте көп жіберулер бар – ақпаратты сақтау үшін арналған реквизиттер өте аз, құжаттардың басып шығарылған формалары жоқ, саймандар тақтасында батырмалар жоқ, кадрлық орын ауыстыру жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |