13. Анықтамалықтың идентификаторын (атын) беріңіз, мысалы, біз қазір «Должности» анықтамалығын құрамз. Анықтамалықтың идентификаторы өте маңызды, себебі, ол бағдарламалау кезінде қолданылады. Оны жай өзгертуге болмайды, өйткені бағдарламада сол анықтамалық қолданылатын барлық жерлерді өзгерту керек. Анықтамалықтың идентификаторына өте жауапты қараңыз. Идентификатор анықтамалықтың мазмұнын көрсететіндей түсінікті болуы керек, мысалы: «Стран», «Сотрудники», «Товары» т.б.
Объектілердің идентификаторларында, сонымен қатар айнымалыларының атауларында пробелдер болмауы керек, бірақ сандар болады. Идентификаторлар саннан басталмайды.
14. Атаудың ұзындығына 30 символ беріңіз.
Әр анықтамалықтың алдын-ала берілген екі алаңы бар: «Код» және «Наименование». Біз атаудың ұзындығын, кодтың ұзындығын, сонымен қатар: Сандық/Мәтіндік кодтың типін өзгерте аламыз.
15. «Должности» анықтамалғының құрылымдық терезесін жабыңыз.
16. Еңбегіңіз босқа кетпес үшін конфигурацияны сақтап қойыңыз. 1С конфигурацияны таза жаңа екендігін анықтап, «словарь данных» жоқ екенін ескертеді. Сол үшін ол осы «словарьді» құрады.
Сурет 5 – Базаны құрастыруға рұқсат сұрау формасы
«Да» батырмасын басыңыз.
Біз ақпараттық базаның құрылымын өзгертіп жатқандықтан, 1С ақпараттық базаның реорганизациялауына рұқсат сұрайды. Үлкен конфигурацияларда (бағдарламаларда) бұл өте ұзақ және ауыр процесс болуы мүмкін, ал бізде әзірге барлығы оңай.
Сурет 6 – Метамәліметтер мен жұмыс жасау формасы
«Да» батырмасын басамыз.
1С базаның құрылымын анализдейді және өзгертулері бар тізімдерін терезін көрсетеді.
Сурет 7 – Қабылдау формасы
«Принять» батырмасын басыңыз.
Базаны реорганизациялаудан кейін «Реорганизация информации закончена» деген хабарландыру шығады.
15. «Сотрудники» анықтамалығын құрамыз. (Меңзерді «Справочники» анықтамалығына орналастырып «Новый» батырмасын басыңыз). «Сотрудники» анықтамалығының атауын (идентификаторын) береміз.
16. Атаудың ұзындығына 100 символ береміз. Атауында қызметкердің аты-жөні сақталатын болады. Кейде өте ұзын аты-жөндер болады, мысалы: "Александровский-Петровский Александр Александрович".
Сурет 8 – Қызметкерлер анықтамалығының формасы
Достарыңызбен бөлісу: |