Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті
Ақпараттық – техникалық факультет
Информатика және математика кафедрасы
«Ақпараттық менеджмент» пән бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Семей 2013
Зертханалық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар 5В060200 Информатика мамандығының 3 курс студенттеріне арналған.
Құрастырған: Құрманбаев Е.А
Зертханалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Ақпараттандыру менеджердің жұмыс орнын автоматтандыру
Мақсаты: Ақпараттандыру менеджердің жұмыс орнын автоматтандыруды жүзеге асыру
Тапсырма: Кадрлық есептің кіші формасын құрастыру.
Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау:
Қазір біз кәсіпорын қызметкерлерінің кадрлық есебінің кіші-жүйесін құрамыз. Ол қызметкерлерді жұмысқа алуға, жұмыстан шығаруға және кадрлық құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Әр конфигурация жеке каталогта (папкада) сақталуы керек.
1. Кез-келген дискіде жаңа папка құрыңыз, мысалы, «С:\Ваша фамилия»
2. 1С:Предприятиені жіберіңіз. Ақпараттық базаның тізімі ашылады. 1С:Предприятие бір компьютерде бірнеше базамен жұмыс жасай алады. Мысалы, бір базады кадрлық есеп жүргізіледі, келесі базада – тауар тіркелімі, үшіншісінде – А фирмасының бухгалтерлік есебі, төртіншісінде – Б фирмасының бухгалтерлік есебі жүргізілуі мүмкін.
3. Добавить батырмасын басыңыз. База тізімінде көрсетілетін ақпараттық базаның атын көрсетіңіз, мысалы, «Ваша фамилия». Базаның атауы әр түрлі болуы мүмкін, ол ештеңеге тәуелді емес.
4. Келесі алаңда сіз 1-ші қадамда құрған папкаңыздың жолын көрсетіңіз. «...» батырмасын басыңыз, папкаға кіресіз және Выбрать батырмасын басыңыз.
Папка компьтердің локальді қатты дискінде орналасуы мүмкін, мысалы «С:\KADR» немесе желідегі басқа компьютерде, мысалы, «\\Server\KADR».
5. ОК басыңыз. Ақпараттық базалар тізімінде жаңа жол пайда болады. Оны өзгерту үшін Изменить батырмасын басуға болады. Мысалы, ақпараттық базаны басқа жерге көшірсеңіз немесе ақпараттық базаға басқа атау бергіңіз келсе. Тізімнен ақпараттық базаны алып тастау үшін Удалить батырмасын басу керек. Бұл жағдайда ақпараттық база тізімнен ғана жойылады, бірақ дисктен жойылмайды.
6. Конфигуратор жұмыс жасау режимін көрсетіңіз.
Сурет 1 – 1С:Кәсіпорынының режимдерінің формасы
1С төрт түрлі режимде жұмыс жасай алады:
Предприятие – ақпараттық базаны пайдалану режимі. Бұл режимде кәдімгі қолданушылар жұмыс жасайды, берілгендерді енгізеді, есептерді басып шығарады, т.б. Бұл режимде конфигурация құрылымын өзгертуге болмайды.
Конфигуратор – конфигурлеу режимі (программалау). Бұл режимде программистер жұмыс жасайды, жаңа анықтамалықтар, есептер құрады, бағдарламалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға берілгендерді енгізуге болмайды.
Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс жасап отырған қолданушыларды қарап отыру режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркелу Журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты объектте нақты қолданушылардың жасап жатқан барлық операцияларының протоколын алуға болады, сонымен қатар фильтрдің басқа да шарттарын қоюға болады.
Отладчик – программистерге арналған режим, олардың программада бір жұмыстары орындалмай жатса. Осы жерде программаның қадам бойынша қалай орындалатынын қарауға болады. Бұл жағдайда программа Предприятие режимінде жүргізіледі.
7. Базаны конфигуратор режимінде жүргізу үшін ОК-ді басыңыз.
8. Құрылған папкада әлі ештеңе болмағандықтан, 1С берілгендер базасы қандай форматта сақталатындығын сұрайды: DBF немесе SQL-Server файлдарында. «DBF файлдары» форматын көрсетіңіз және ОК батырмасын басыңыз.
Сурет 2 - «DBF файлдары» формасы
Достарыңызбен бөлісу: |