2-кесте
N |
дақыл аттары
|
егiн көлемi га
|
егiн өнiмдiлiгi, ц/га
|
өндiрiлгенi
ц
|
1
|
сұлы
|
4234
|
23
|
|
2
|
бидай
|
45124
|
15
|
|
3
|
арпа
|
45555
|
13
|
|
4
|
күрiш
|
53553
|
21
|
|
5
|
жүгерi
|
53223
|
16
|
|
6
|
қызылша
|
34532
|
17
|
|
Барлығы
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
NEXT операторы не үшiн қолданылады
Массив элементтерiн цикл арқылы қалай енгiзедi және шығарады
FOR және NEXT операторлары қандай блоктармен өрнектеледi
Массив дегеніміз не?
Екі өлшемді массив дегеніміз не?
Зертханалық жұмыс №7.
Тақырып: Бағынышты программалар, қолданушы функциялар.
Функция графиктерін салу (2 сағат зертханалық, 1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Бағынышты программалар, қолданушы функцияларды қолданып программа құру арқылы функцияның графиктерін салу.
ЭЕМ-де кез келген қолданбалы немесе қызметшi программалар құру дегенiмiз программалау тiлдерiнің бiрiнде жазылған мәтiндi теру болып табылады. Программаның мәтiнiн алдын ала компьютердің жадысына енгiзiлген арнаулы қызметшi программа - мәтiндiк редакторды пайдалану арқылы пернетақтадан тередi. Терiлген программаның мәтiнiн мәтiндiк құжат ретiнде қарауға болады. Оны файл түрiнде сақтауға болады, өңдеуге және баспаға шығаруға болады
Программаның мәтiнiн теру үшiн мәтiндiк редактор жұмысы символдарды орналастыруда тiгiнен 25 бағанасы және көлденеңiнен 80 бағыты бар алфавиттi- цифрлық режим бойынша жүргiзiледi.
Дисплей бас нүктесi экранның сол жақ жоғарғы бөлiгiнде орналасқан, координаталық тордан тұратын графикалық режимде де жұмыс iстей алады. Тордың түйiндерi пиксель деп аталады. Тордың тығыздығына байланысты пиксельдің мөлшерi әр түрлi болады. QBASIC-тің мүмкiндiк варианттары: 640*200 және 320*200
3. QBASIC программасында мәтiндi теру
Көрсеткiш:
Кейбiр терiлiп бiткен қатарлар ENTER мен және пернелерiн басу арқылы аяқталады. Экранды қадағалап отырыңыз.
программа мәтiнiн терген кезде бiрнеше қателiктер жiберіңiз;
40 қатарда PRINT сөзiн терiп, ерекшелеңiз (3 пернелер тобын қараңыз) және буферге көшiріңiз (6 пернелер тобын қараңыз). Содан соң мәтiннің керектi жерiне қойып отырыңыз (4 пернелер тобын қараңыз);
Теруге арналған мәтiн программасы:
20 INPUT “Атыңыз кiм?”; I$
30 P$=”Hello,”+I$+ “!”
40 PRINT P$
50 PRINT “Дос болайық…”
60 PRINT “Мен сенің ақпараттық спонсорың боламын”
70 PRINT “О’ кэй”:
END
Мәндері мәтіндер болатын шамалар бедербелгілік деп аталады. Алгоритмдерде мәтінді тырнақшаларға алу керек. Бедерлік шамаларға кейбір операциялар жасауға болады: біріктіру, мәтіннің ұзындығын белгілеу, қию.
LEN символдар санын көрсетеді
LEFT сол жағынан қиып алу
RIGHT оң жағынан қиып алу
MID ортасынан қиып алу
Мысалы: БІРІКТІРУ
10 A$=’”ГҮЛ
20 B$=”ЖАН
30 C$=A$+B$
40 PRINT C$
Оң жағынан қиып алу
10 A$=”аскар”
20 B$=RIGHT$(A$,3)
30 PRINT В$
Сол жағынан қиып алу
10 A$=”аскар”
20 B$=LEFT$(A$,2)
30 PRINT В$
2.2 Графикалық операторлар
Графикалық операторлар нүктенi құру үшiн, түзу, үзiк сызықтар мен тiкбұрыш, доға қоршаулары, секторлар, шеңберлер, эллипстер және оларды бояу үшiн қолданады.
1. Нүктенi құру.
Нүктенi құру үшiн қолданылатын операторлар:
PSET (x,y) ,N және PRESET (x,y) ,N, мұнда
(x,y) – координаталар нүктесi.
N – түсi.
2. Түзу (160, 100) және (150, 120) кесiндiлер мен тiктөртбұрыштың құрылуы.
Кесiндiнi құру үшiн керектi оператор:
LINE (x1,y1) – (x2,y2), N, мұнда(x1,y1) және (x2,y2) – кесiндi ұштарының координаталары.
N - түсi.
Егер х1=х2 болса, онда вертикаль у1=у2 –болса горизонталь құрылады. Егер х1=х2 және у1=у2 болса, онда кесiндi нүктеге айналады.
1-мысал:
Қиылысу нүктелерi (10, 100), (10, 20), (90, 20), (120, 100) тұратын, ABCD трапециясын құрайық.
2-ñóðåò
SCREEN1: CLS
LINE (10, 100) – (10, 20), 1
LINE (90, 20), 1
LINE (120, 100), 1
LINE (10, 100), 1
END
2- мысал:
Боялған және боялмаған тiкбұрыш құру. (сурет 3а),б))
3-сурет
SCREEN1: CLS
LINE (10, 20) – (90, 60), 1, B
LINE (70, 40) – (130, 100), 1, BF
END.
Шеңбер, доға, сектор және эллипс құру.
шеңбердi құру үшiн қолданылатын оператор:
CIRCLE(x,y), R, N,
мұнда (х,у) - қоршау ортасының координатасы;
R – шеңбер радиусы;
N-түсi.
Гистограмма салу
3-мысал:
Қалалықтардың сыртқы киiмге сұранысын әрбiр мезгiлге байланысты бағаналы диаграмма түрiнде (8-сурет) салып көрсету.
Қ ыста-120000 дана;
Көктемде-80000 дана;
Жазда-30000 дана;
Күзде-90000 дана.
Кесiндi суретiн салудың сызықтық графикасын тiктөртбұрыш суретiне ауыстыруға келтiрiлген салу тәртiбi келесi программада айқын көрсетiлген.
Программасы
10 screen 7 cls
20 line (10,10) – (10,150),1
. . .
80 FOR I= 1 TO 4
90 INPUT Y(I),Y(I+1)
100 LINE (X, 180- Y(I)/M)- (X+ 50,180- Y(I+1)/M),1
110 X=X+ 50 :NEXT I: END
30 LINE (40,150)–(255,150),1
40 DRAW “BM 10,10, NG5 F5”
50 DRAW “BM 255,150 NH 5 G5”
60 DIM N (4), X=20
70 DATA 120,80,0,90
80 FOR I= 1 TO 4
90 READ N (I)
100 LINE (X,150-N(I))-(X+40,150),I,BF
110 X=X+60
120 NEXT I
130 LOCATE 19,34 ,PRINT “Жыл мезгiлi ”
140 LOCATE 1,1 PRINT “N- мың дана”
150 LOCATE 20,4 PRINT “Қыс ”
160LOCATE 3,4 PRINT N(1)
170 LOCATE 20,11 PRINT “Көктем ”
180 LOCATE 8,12 PRINT N(2)
190 LOCATE 20,19 PRINT “Жаз ”
200 LOCATE 14,19 PRINT N (3)
210 LOCATE 20,26 PRINT “Күз”
220 LOCATE 6,27 PRINT N (4)
230 END
Функцияға тәуелдi график салу
4-мысал:
Даму уақытына байланысты (10-сурет) Консервi саласы үшiн шикiзат дайындау көлемi өсуiнің графигiн тұрғызу керек. Егер өсу тенденциясы функцияға тәуелдi түрде берiлсе, онда: Q=B0+B1t+B2t2, Мұнда t- даму уақыты, B0, B1, B2- полином коэффициентi. Уақытша түйiндер санын -ге тең деп алған. Уақыттың өзгеру қадамы ht=1, t-дан бастап h=1930 ж.
Программасы:
10 SCREEN 1,CLS
20 READ H, tn/ B0, B1, B2,N
2 5 DATA 1,1930,600,0.5,0.3,100
30 INPUT “”, M1,M2
40 LINE (30,20)-(30,180),1
50 LINE (40,180)–(290,180),1
60 DRAW “BM30,20 NG5F5”
70 DRAW “BM290, 180 NH G”
80 T+TN
90 FOR I+ 1 TON
100 Q=B0+ B1* X +B2*X ^2 10- сурет
105 Y= INT (Q/M2)
110 PSET (X+40,180-Y),2
120 T=T+H
130 NEXT I
140 END
Тапсырмалар:
Мәтіндегі “н” әріптер санын есептеу үшін алгоритм және программасын құрыңыз.
Бедерлік шамасында “а” әрпінің барлығы “б” әріптеріне және керісінше алмастыру алгоритімін, программасын құрыңыз.
Қию және біріктіру операциялары арқылы “электричество” сөзінің бөліктерінен “трек”, “электрик”, “творчество”, “лектор” сөздерін құраңыздар.
Мәтінде “ма” сөз тіркестерін “па” сөз тіркестеріне ауыстыру үшін алгоритм және программа құрыңыз.
қыркүйек сөзінен қыр, үйрек, үй, күйе, керек, ер, ек, күй т.б. сөздерін қиып алуға программа құрыңыз.
Компьютер экранында келесі фигураларды шығаратын программа құрастырыңыз.
Үшбұрыштың
Жарты айдың
Бес жұлдыздың
Бес бұрыштың
Аққаланың
Шыршаның
автомобильдің
Төмендегi есептер үшiн, берiлген мәлiметтерге массивтi қолданып, гистограмма және дөңгелек диаграмма салу қажет:
1. Қаладағы әйелдердің,еркектердің, бәрi адамдардың және балалардың проценттiк арақатынастығын анықтау және оны графиктiк диаграмма түрiнде көрсету керек.
2. Дүкенде аяқ киiм сату квартал бойынша N1, N2, N3, N4 жұп құрады.
Сатылудың нәтижесi график диаграмма түрiнде көрсету керек.
3. Ет, сүт, нан, көкөнiстер және қант сияқты азық-түлiктер тұтынуы күнделiктi ересек адам өмiрiне қажет P1, P2, P3, P4, P5, % cәйкес келедi. Қолдану қажеттiлiгi нәтижесi графигiн диаграмма түрiнде көрсетіңiз.
4. Үш ауданның жылдық салымы қалалық бюджетте v1, v2, v3 мың теңгенi құрайды. Осыны көрнекi түрде диаграммада көрсету керек.
5. Бес пайùик А1, А2, А3, А4, А5 қатынасындағы кәсiптің акциаларын иемденедi. Осы қатынастардың графигiн диаграмма түрiнде көрсетіңiз.
6. Осы соңғы 4-жылда қала тұрғындарының өсуi N1,N2,N3,N4 мың адам құрды, өсу динамикасын графикалық диаграммада көрсетіңiз,
7. 1998 жылы кәсiптің сақтау қорының өлшемi F% құрайды, 1999ж ол 2% -ке , ал 2000ж тағы да 5% өстi, Графикалық диаграммада динамикасының өсу түрiн көрсету.
8. Бес претендент арасындағы сайлауды пайыз түрiнде жiктеу керек. Графикалық диограммада сайлау нәтижесiн бейнелеңiз.
Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары
1. Көлiк парiкiнде 3 түрлi жүк көлiгiн пайдаланады, өтiп кеткен айдағы әр көлiктің түрiн айдау көлемiн графикалық диограммада көрсету керек.
2. Ауданда 2000ж. тамызда қылмыс саны X% құрады,қыркүйекте ол Y%, ал қазанда Z%кемiдi.Графикалық диограммада аудандағы қылмыстық жағдайлардың өзгеруiн көрсет.
3. Бес жылдың арасында банк S1,S2,S3,S4,S5 $ несие бердi. Банк берген несие нәтижесiн графикалық диограммада көрсет.
4. Төрт мұғалiмдер арасында N сағаттың оқу ауыртпалығының жылдық көлемi бөлiнген. Оқу ауыртпалығының бөлiнген нәтижелерiн графикалық диаграмма түрiнде көрсету және N сағаттың құрауын қадағалау керек.
5. Салқын сусын құю бөлiмiнде Р1,Р2,Р3 сағ өнiм шығарудың үш түрi қойылды. Графикалық диограммада цехтағы бiр күндiзгi жұмыс ауысымдағы қайта құру құрал жабдықтарын көрсету керек.
6. 2000ж вирустар жылдың аяғына дейiн :
W 95/ FIX 2000- N1 компьютерлер;
W 97M.Chantal-N2 компьютерлер;
W97M.MMKV-N3 компьютерлер жұқтырды. Графикалық диаграммада вирустардың құртылған жұмыстарының нәтижесiн көрсету керек.
7. Адам тәулiкте орташа есептегенде: 8 сағат ұйқыға, 8 сағат жұмысқа, 6 сағат демалыс, 2 сағат әр түрлi әрекеттерге жұмсайды. Графикалық диаграммада осы сағаттың бөлiнуiн көрсет.
8. Техникалық университеттің эканомика факультетiнде - S1 студент, ал техникалықта - S2 студент, азық - түлiкте - S3 студент және сырттай S4 студенттер оқиды. Әр факультет студенттерiнің бөлiнуiн графикалық диаграммада бейнелеу керек.
9. Фирманың N қызметшiсi K1 адам - әкiмшiлiк, К2 – негiзiгi қызметшi, К3 - қызмет көрсету жұмысшысы. Графикалық диаграммада белгiсiз N адам жалпы санының жiктелуiн көрсету керек.
10. Электр қуатының шығыны бiр мекемеде соңғы бес айда орташа есеппен алғанда ай сайын 1% өсiп отырған. Тұтынудың өсуiн графикалық диаграммада көрсетiп, 440кв кезеңiн электр қуатының шығынын есептеу керек.
Бақылау сұрақтары:
Графикалық операторлар дегеніміз?
Орнату операторлары.
Программаның бастапқы мәтiнiн беру жұмысы.
Компьютердің экранында түрлі графикалық элементтердің кескіні қандай операторлардың көмегімен жасалады?
Зертханалық жұмыс №8.
Тақырып: Қолданбалы программалық жабдықтау. Мәтіндік процессорларды пайдалану. Word мәтіндік редакторы. Power Point (10 сағат зертханалық,
1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Word мәтіндік редакторын іске қосу, Word терезесінің стандартты элементтерімен танысу, Файлдармен жұмыс, құру, сақтау, құжаттағы мәтін бөлігін қиып алу, көшірмесін жасау, енгізу, ауыстыру, автомәтін жасау және қолдану, құжаттарды көру режімдері және саймандар тақтасын жасау және орнату, тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу, мәтінді бағаналарға бөлу, мәтіннің жиегін белгілеу, бояу, автоматизациялау құралдарымен жұмыс жасуды үйрену; мәтінді форматтау, қаріптерді өзгерту, сызу, интервалдар. Айнымалы ақпараттарды қоюға болатын, мысалы, фамилиясы, аты, адресі т.б.с.с. сериялы құжаттарды құруды үйрену.
Мәтіндік редактор MsWord
Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған.
Word редакторын іске қосу.
Орнатылған Word редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:
1. Басты менюдің Іске қосу – Программалар – Microsoft office – Microsoft Word қатарында тышқанды шерту арқылы.
2. Windows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (проводник) терезелерінің бірін пайдалану арқылы (Program Files – Microsoft office – Winword бумасы Winword файлы)
3. Жұмыс үстеліндегі Word редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмаса, басқа тәсілді қолдану керек) т.б.
Word редакторымен жұмыс жасауды аяқтау.
Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:
1. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
2. Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы;
3. Тікелей Alt + F4 пернелерін басу арқылы т.б.
1.1-сурет. Word программасының терезесі.
Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.
Т ақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.
1.2-сурет. Терезе өлшемдерін реттеуші батырмалар.
Меню қатары Word-ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек, осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.
1.3-сурет. Меню қатары.
Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.
1.4-сурет. Саймандар тақтасы.
Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығарып алуға болады.
Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелерді жасау осы жұмыс аймағында жүргізіледі.
Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |