3.4 –сурет. Шекаралар және бояулар сұхбат терезесі.
Тапсырмалар-1
1. «Информатика» деген атпен файл құрып, төмендегі мәтінді теріңіз.
Информатика.
Компьютерде машықтану.
Тілдер және автаматтар теориясы.
Алгоритмдер және мәліметтер теориясы.
Мамандыққа кіріспе.
Дербес ЭЕМ.
Тиімділік әдістері.
Мәліметтер базасы ақпараттық жүйелер.
Сараптау жүйелері жасанды интелект жүйесі.
Есептеуіш жүйелер, жүйелер телекоммуникациясы.
Компьютерлік графика.
Информатиканы оқыту әдістемесі.
Мектеп курсындағы информатиканың таңдаулы сұрақтары.
Қолданбалы программалар пакеті.
Оқытудың қазіргі эаманғы технологиялары.
Компьютерлік желілер жүйелер.
Обьектілі- бағыттық программалау.
Компьютерлік модельдеу және программалау.
Программалап есептер шығару практикумы.
2. Мәтінді ерекшелеп алып Нөмірлеу батырмасына шерту немесе Формат – Тізім командасын орындаңыз.
3. Тізім сұхбат терезесінен Нөмірленген бүктемесін ашып, 1, 2, 3 т.б. түрін таңдаңыз.
4. ОК батырмасына шертіңіз. Төмендегідей тізім пайда болады.
1. Информатика.
2. Компьютерде машықтану.
3. Тілдер және автаматтар теориясы.
4.Алгоритмдер және мәліметтер теориясы.
5. Мамандыққа кіріспе.
6. Дербес ЭЕМ.
7. Тиімділік әдістері.
Мәліметтер базасы ақпараттық жүйелер.
9.Сараптау жүйелері жасанды интелект жүйесі.
10. Есептеуіш жүйелер, жүйелер телекоммуникациясы.
11.Компьютерлік графика.
12.Информатиканы оқыту әдістемесі.
13.Мектеп курсындағы информатиканың таңдаулы сұрақтары.
15.Қолданбалы программалар пакеті.
16.Оқытудың қазіргі эаманғы технологиялары.
17.Компьютерлік желілер жүйелер.
18.Обьектілі- бағыттық программалау.
19.Компьютерлік модельдеу және программалау.
20.Программалап есептер шығару практикумы.
5. Осы құжаттың жиегін белгілеп, бетті суретпен қоршаңыз.
Тапсырма-2
1. “Топтың тізімі” деген атпен құжат жасаңыз, маркерленген тізімді қолданыңыз.
Тапсырма-3
1. Құжаттың бірінші бетінде көп деңгейлі тізім жасаңыз. Осы құжатта “Мазмұны” деген тізімнің атауын ортаға туралап, қаріп түрі - Times New Romon, қаріп көлемі - 16. Тізім мәтінінің қаріп түрі дәл сондай, қаріп көлемі - 14.
Тізім мәтіні: І - тарау. Ақпарат және информатика.
1.1 Ақпарат ұғымы.
1.2 Мәліметтендіру негіздері, құрылымы.
1.3 Файлдық құрылым.
1.4 Информатика пәні мен оның мәселелері.
Оқушылардың өзіндік жұмысы
Төмендегі тақырыптар бойынша реферат жазу
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Негізгі түсініктер (типтік интерфейс элементтері, абзац, қаріп, түрі және т.б.)
Мәтінді форматтау.
Мәтіннің көшірмесін алу және жылжыту.
Стильдер құру. Форматтау: мәтінді туралау, қаріптер және интервалдар
Стильдер құру
Word мәтіндік редакторында абзацтың немесе құжаттың форматталу үлгісіне стиль құрып, оны құжаттың басқа аймағына қолдануға болады. Стильдер құжаттағы тақырыптар, суреттердің айналасындағы жиектеме ішіндегі мәтін (надпись) және негізгі мәтін сияқты мәтін элементтерінің әртүрлі сыртқы түрлеріне құрылады. Стильдер бір ғана әрекет жасай отырып абзацқа немесе сөзге тұтас бір форматтау атрибуттарын пайдалану мүмкіндігін береді. Егер мәтіндегі қандай да бір элементтің форматын өзгерту қажет болса, осы элементке пайдаланылған стильді өзгерту жеткілікті. Стильдер құжатты форматтауды жеңілдетеді және олардың көмегімен мазмұн құрылады.
Формат – Стильдер және форматтау командасын орындағанда экранның оң жағында ашылған тақтадан Стиль құру (Создать – Стиль) батырмасын таңдаймыз. Бұл сұқбат терезесінде форматтау операцияларын жасай аламыз.
4.1-сурет. “Стиль құру” сұқбат терезесі.
Шаблондар
Шаблон - бұл дайын құжаттардан тыс сақталатын тиімді стильдік баптаулар жиынтығы.
WORD программасы дайын шаблондар негізінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Шаблон құру үшін Файл – Создать командасын орындап, ашылған сұқбат терезеден шаблон батырмасын іске қосу қажет.
4.2-сурет. “Құжат құру” сұқбат терезесі.
Тақырыптар
Тақырыптар төмендегідей безендіру элементтерінен тұрады:
фондық өрнек;
негізгі мәтінді және тақырыптарды безендіру стильдері;
маркерленген тізімдерді безендіру стилі;
графикалық элементтерді безендіру стилі.
Бұл құралдар электронды құжаттарды безендіруге арналған. Формат - Тақырып командасын орындау арқылы тақырыптарға енуге болады.
4.3-сурет. Тақырып сұхбат терезесі.
Ал, абзац дегенiмiз – парақ шетiнен мәтiннiң сол жағына дейiнгi аралық. Одан басқа, қатар мен абзац аралық интервалдарды анықтауға болады.
Қатар арасындағы интервал
Бiр аралықты (Одинарный) - қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биiктiгiндей. Бiр аралықты интервал символ мөлшерiнен сәл-пәл үлкендеу болады;
Бiр жарым аралықты (Полуторный) - интервал бiр аралықтан бiр жарым есе артық болады,
мысалы символ мөлшерi 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады;
Екi аралықты (двойной) - бiр аралықты интервалдан екi есе артық қашықтық, символдары 10 пунктан тұратын қатарлар арасы 20 пункт мөлшерiнде болады;
Минимум – Word редакторында мүмкiн болатын ең кiшi интервал мәнi, ол әртүрлi жағдайларды (жоғары индекстi) есепке ала отырып орнатылады;
Дәлме-дәл (Точно) - қатар аралығы бүкiл текст үшiн бiрдей дәрежеде болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту (минимум мәнiн) керек;
Көбейткiш (Множитель) – көрсетiлген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәнi (Значение) деген өрiс қатарына қажет мәтiндi енгiземiз (келiсiм бойынша, үш қатар).
Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Тапсырма 1
Төмендегі жазылған мәтінді келесі бетке тасымалдаңыз және оны 0,01 көлеміндегі азат жолдармен беріңіз. Мәтін ені бойынша тураланған және Times New Roman қарпімен берілсін, қаріп көлемі -14, жазылуы - кәдімгідей. Тақырыпты өзгертіңіз. (Формат-Тақырып)
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Алдыңғы не болмаса соңғы тарихи кезеңдер кезінде оған жететін, оны басып озатыны жоқ.
Ахмет Байтұрсынов.
Тапсырма 2
Басқа бір бөлек бетке құжаттың нөмірленген тізімін жасаңыз, ол келесі элементтерден тұратын болсын: кеңселік орындық (7), жиналыс үстелі (1), жазу наборы (1), ғылыми калькулятор (1), IBM PC типті компьютер (1), телефон (1). Мәтін ені бойынша тураланған және Times New Roman қарпімен берілсін, қаріп көлемі - 16, жазылуы - кәдімгідей.
Достарыңызбен бөлісу: |