Word редакторында құжатты баспаға шығару
Баспаға шығарылатын мәтінді алдын ала көру
Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасқанын арнаулы алдын ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Алдын ала көру режіміне көшу үшін стандартты саймандар тақтасындағы Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасына шерту қажет. Бұл режимде құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуға, экранда беттерді үлкейтуге және кішірейтуге, құжат мәтініне өзгертулер енгізуге болады.
Word редакторында бiрден мәтiннiң бiрнеше дана көшiрмесiн немесе құжаттың кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжаттық мәтiндi Файл - қасиеттер (свойства) командасын орындағанда ашылған “Қасиеттер” сұқбат терезесiндегi сол құжат жайлы мәлiметтерiмен бiрге қағазға басып алуға болады.
Бұл режимде құжаттың бiр немесе бiрден бiрнеше беттерiн кiшiрейтiлген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтiнге өзгерiстер енгiзуге болады. Мұнда құжаттың бiрнеше беттерiн көру барысында мәтiндi оқу немесе жеке графикалық элементтердi айқын Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) командасын бейнелеу мүмкiн емес. Алайда элементтердiң өзара орналасуы жайлы толық мәлiмет алып, төменгi сiлтеме қатарларды тез анықтауға болады.
Құжатты алдын ала көру батырмасын шертемiз.
12.1-сурет “Алдын ала көру” саймандар тақтасының терезесі.
“Алдын ала көру” саймандар тақтасының батырмалары:
Баспаға шығу - “Баспаға шығу” сұхбат терезесiнде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жiбередi
Үлкейту - Үлкейту/Кiшiрейту (тышқан курсоры үлкейтiлген әйнекке айналады) (курсор пiшiнi стандартты) режимдерiн алма-кезек ауыстыруды iске асырады.
Бiр бет - Құжаттың жалғыз бетiнiң мазмұнын көрудi iске асырады
Бiрнеше беттер – Бiр уақытта құжаттың бiрнеше беттерiн қарап шығуды iске асырады.
Масштаб - Құжат бейнесiнiң масштабын экранда өзгертедi.
Сызық - Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетедi немесе жасырады.
Беттердi қиыстырып келтiру - Құжатты жан-жағынан ығыстырады. Беттiң соңғы жағындағы кiшiгiрiм көлемдегi мәтiндi құраған жағдайда қолданған тиiмдi.
Толық экранға–Экраннан тақталар мен басқа элементтердi жоюға есебiнен құжаттың мазмұнын көруге арналған облысты максималды үлкейтедi.
Жабу–Алдын ала көру режимдерiнен шығуды iске асырады.
Анықтама- Контекстi-тәуелдi анықтаманы ұсынады.
Алдын-ала көру режимiнде басқа беттердi бейнелеп көрсету үшiн Page Up және Page Down пернелерiн қолдануға болады.
Құжаттың жеке беттерiн бөлектеп көруге оралу үшiн “Бiр рет” батырмасын (одна страница) шертемiз.
Алдын-ала көру терезесiнде жұмыс iстеудi аяқтау үшiн Жабу батырмасын (Закрыть) шертемiз.
Құжатты баспаға шығару
Ағымдағы құжатты баспаға шығару үшiн:
1. Қажеттi құжат экранға шығарылады (ашылады);
2. Файл - Баспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады.
3. Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.
Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Тапсырмалар тақтасындағы принтердiң шартбелгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шартбелгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Соның нәтижесiнде, экранға шыққан сұхбат терезесi арқылы Құжат-Баспаға шығаруды болдырмау (Документ-Отменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бередi. Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн Принтер-Жабу (Принтер-Закрыть) командасын орындаймыз.
12.2-сурет. “Баспаға шығару” сұхбат терезесi.
Баспаға құжаттың бiрнеше көшiрмесiн шығару үшін Файл - Баспаға шығару командасын орындап, “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелердiң саны (число копии) өрiсiне құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз.
Тапсырмалар
1. Мәтіндік редакторда жазылған құжатты ашыңыз. Алдын ала көру режиміне көшіп, неше беттен тұратын құжат екенін анықтаңыз.
2. Осы режимде отырып “Подгонка страницы” белгішесін таңдап, бірінші беттің соңына “Ас - тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен сәнді” деген нақыл сөзді теріп жазыңыз да, басқа атпен файл ретінде сақтап жазыңыз.
3. Мәтінге өзіңізге ұнаған кез келген графикалық объект енгізіңіз.
4. Құжаттың беттерін нөмірлеңіз. Бірінші жұп беттерін, одан кейін екінші жағына тақ беттерін баспаға шығарыңыз.
5. Құжаттың тек бесінші бетін баспаға шығарыңыз.
6. Құжаттың 3, 6, 9 беттерін баспаға шығарыңыз.
7. Құжат туралы қосымша мәліметтерді баспаға шығарыңыз.
Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмыстары
1.
2. Принтерді баптау.
Достарыңызбен бөлісу: |