Зертханалық ЖҰмыс №1



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет11/43
Дата04.01.2020
өлшемі1,1 Mb.
#25851
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43

26 

 

3-кесте. Ӛнім ассортименті 



 

Дақыл 


Жарма мен ұнның аталуы және 

ассортименті 

Сорты, нӛмірі 

Күріш 


Ажарланған күріш 

Жылтырлатылған күріш 

Ұсақталған ажарланған күріш 

Жоғары,бірінші, екінші 

Жоғары,бірінші, екінші 

Сортқа бӛлінбейді 

Қарақұмық 

Бүтін жарма 

Ұсақ жарма 

Тез пісетін бүтін жарма 

Тез пісетін ұсақ жарма 

Бірінші, екінші 

Сортқа бӛлінбейді 

Бірінші, екінші 

Сортқа бӛлінбейді 

Тары 


Ажарланған тары 

Жоғары,бірінші, екінші 

Сұлы 

Ұсақталмаған сұлы жармасы 



Жұқартылған сұлы жармасы 

Сұлы үлпектері 

Талқан 

Жоғары, бірінші 



Жоғары, бірінші 

Геркулес, жапырақшалы үлпектер 

Сортқа бӛлінбейді 

Арпа 


Перлов жармасы 

Арпа жармасы (ячневая) 

№1,2,3,4,5 

№1,2,3 


Асбұршақ 

Бүтін аршылған асбұршақ 

Сортқа және нӛмірге бӛлінбейді 

Жүгері 


Ажарланған жарма 

Үлпектері арналған ірі жарма 

Түтікшелерге арналған ұсақ жарма 

Ұн 


№1,2,3,4,5 

Сортқа және нӛмірге бӛлінбейді 

Сортқа және нӛмірге бӛлінбейді 

Сортқа бӛлінбейді 

Қатты бидай  Полтав    Артек 

Тағамдық құндылығы жоғары жарма: 

Юбилейная,  Здоровье,  Спортивная, 

Пионерская, 

Сильная, 

Южная, 


Флотская, Союзная 

№1,2,3,4 

Сортқа және нӛмірге бӛлінбейді 

 

Жарманың  сорты.  Барлық  жарма  үшін  бұл  кӛрсеткішті  келесі  жалпы 



белгілер бойынша анықтайды: иісі, дәмі, түсі, ылғалдылығы, қоспалары, сапалы 

ядро  мӛлшері,  залалдануы  мен  металмагниттік  қоспалары.  Сонымен  қатар, 

жарманың бӛлек түрлеріне сортты анықтау кезінде күлділік, пісіру уақыты мен 

ірілікті қолданады. Барлық айтылған кӛрсеткіштер нормалары жарма түрі мен 

сорты бойынша мемлекеттік стандарттарда кӛрсетілген. 

 

3.2  Ҥлгі  алу  және  жарманың  органолептикалық  кӛрсеткіштерін 

талдау 

Үлгі алу. Қабылдау ережелері және үлгі алу әдістері. 

Бір уақытта қабылдау, тиеу немесе сақтау және сапа туралы бір құжатпен 

рәсімделген  сапалық  бағалауға  тағайындалған  бір  түрге  және  сортқа  жататын 

жарманың  белгілі  бір  мӛлшері  жарманың  партиясы  деп  есептеледі.  Жарма 

сапасының  нормативтік-техникалық  құжаттама  талаптарына  сәйкестігін 

тексеру  үшін іріктеме  алады. Жарманың  іріктеме  кӛлемі   жарма партиясының 

кӛлемі және ыдысқа байланысты келесі түрде жүзеге асырылады. 

Егер партияда 10 қап болса, іріктемені әр қаптан алады, ал 10-нан 100-ге 

дейін қап болса, онда 10 қапты, кейін әр 10 қаптан іріктеме алады. 100 қаптан 

жоғары партияда 20 қаптан іріктеме алады және 100 қап үстінен қалғандардан – 




27 

 

партиядан кем дегенде 5%.  



Топтық  қаптамадағы,  жәшіктердегі  және  қораптардағы  жарма 

партиясының  іріктеме  кӛлемі  2%  қаптама  бірлігін  құрайды,  бірақ  екі  қаптама 

бірлігінен кем емес. 

Жармалардың  нүктелік  үлгісін  қаптың  жоғарғы,  ортаңғы  және  тӛменгі 

бӛліктерінен  механикалық  үлгі  алғышпен  немесе  қапты  қуыс  бұрғы  (щуп) 

арқылы  қолмен    іріктейді.  Нүктелік үлгілерді  араластыру  арқылы  салмағы 1,5 

кг-нан кем емес біріктірілген сынаманы алады. Жарманың біріктірілген үлгілері 

салынған  ыдысқа  жарма  түрі  және  сортының  атауы,  кәсіпорын  атауы  және 

оның  орналасқан  жері,  қаптау  күні  және  ауысым  нӛмірі;  қойма,  вагон  нӛмірі 

немесе  кеменің  атауы:  партия  және  үлгінің  салмағы,  үлгі  алу  күні,  үлгі  алған 

тұлғаның  қолы  кӛрсетілген  заттаңбаны  салады.  Егер  біріктірілген  үлгінің 

салмағы 1,5±0,1 кг –нан аспайтын болса, онда ол орташа үлгі де болады. Егер 

біріктірілген  үлгінің  салмағы  1,5±0,1  кг  –нан  жоғары  болса,  біріктірілген 

үлгіден  орташа  үлгіні  бӛлуді  нұсқаулыққа  сәйкес  бӛлгіште  немесе  қолмен 

жүргізеді. 

Жарма атауы, сорты, талдау нӛмірі, үлгінің реттік нӛмірі және түскен күні 

кӛрсетілген арнайы ыдыста жарманың үлгілерін сақтайды. 

Талдауды жүргізу үшін орташа сынамадан бӛлгіште немесе қолмен 25 г-

нан кем емес жарма ӛлшендісін бӛледі. 

Жарма  сапасының  келесі  кӛрсеткіштерін:  түсі,  иісі,  дәмі,  қытырлығы, 

зиянкестермен  залалдануы,  металмагнитті  қоспалар  мӛлшері,  жарма  ірілігі 

немесе нӛмірі, қоспалар мен сапалы ядролардың мӛлшері, ал жарманың кейбір 

түрлерінде - күлділігін анықтайды. 

Түсі.  Үлгінің  бір  бӛлігін  қара  қағаз  немес  қара  тақтай  бетіне  жұқалап 

себеді  және  күндізгі  шашыраңқы  жарықта  түсін  анықтайды.  Жарманың  түсі 

оның  тауарлық  түрін  кӛрсетеді.  Жарманың  әрбір  түрі  ӛзіне  тән  түске  ие,  ол 

дәннің түріне, сапасы мен технологиялық үрдістердің жүргізілуіне байланысты. 

Жарманы дұрыс сақтамағанда, оның түсі ӛзгеруі мүмкін. 

Сұлы  жармасы  сұр-сарғыш  немесе  боз-сары  түсті.  Қарақұмық  жармасы 

сары  немесе  жасыл  реңді  ақ  түске  ие,  ал  гидротермиялық  ӛңдеуден  кейін 

әртүрлі  реңді  қоңыр  түске  ие  болады.  Бұршақ  жармасы  ӛндірілген  бұршақ 

типіне  байланысты  сары  немесе  жасыл  түсті.  Бұршақ  жармасында  басқа  түсті 

ядро қоспалары 7%-дан аспауы тиіс. 

Жүгері  жармасы  ӛндірілген  дәннің  түсіне  байланысты  ақ  немесе  сары 

түсті болып келеді. Қатты бидайдан ӛндірілген бидай жармасы сары (янтарлы) 

түске  боялған.  Арпадан  алынған  жарма  сары  немесе  жасыл  реңді  ақ  түсті. 

Күріш  жармасының  түсі  ақ  болып  келеді.  Гидротермиялық  ӛңдеуге  түскен 

дәннен  алынған  жарма  кремді  түсті  болуы  мүмкін.  Тарының  түсі  сары.  Ашық 

сары  түсті  тары  жақсы  болып  есептелінеді.  Ол  жоғары  дәмдік  бағаға  ие. 

Тарының түсін анықтау үшін органолептикалық әдістен басқа, химиялық әдісті 

қолданады, яғни тарыдағы каротиноидты пигменттер мӛлшерін анықтайды. 

Талдау жасау үшін жарма үлгілерінен салмағы 8 г ӛлшендіні бӛліп алады 

және  оны  50  мл  цилиндрге  салады.  Цилиндрде  тығыздалған  тығын  болуы 




жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау