Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»
Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.
Негізгі түсініктер:
Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,
лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.
значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .
значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .
Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.
И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.
ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.
1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.
Excel программасында Работа3 деген атпен жаңа құжат құрыңыз .
Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.
Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.
7-сурет
Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:
С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.
Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45% түрінде жазамыз. Шартқа сәйкес:
Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
ОК басылады;
7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.
2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .
Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;
Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;
8- сурет
Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :
В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числа тізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0 жазылады;
Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;
Формулалар жолының сол жағындағы
белгісіне шертіледі;
Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И функциясы белгіленеді;
И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;
формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;
Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
ОК басылады;
Формула қалған ұяшықтарға жазылады.
3-жаттығу. Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.
Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3 деп өзгертіңіз;
А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
В2 ұяшыққа келесі,
=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функции көмегімен жазыңыз;
Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;
Функция графигін тұрғызыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
9-кестедан алынады)
Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.
Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.
9-кесте
№ вар
|
х жатқан аралық
|
1 -тапсырма
|
2 - тапсырма
|
1
|
|
|
ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантын D= b2-4ac … тауып және ЕСЛИ функциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (Егер D>0, екі түбір бар)
|
2
|
|
|
Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады. Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.
| 40000>20000>
Достарыңызбен бөлісу: |