Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж
ЖАТТЫҒУЛАР ЖИНАҒЫ
Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған
Павлодар
УДК 811.512.122(07)
ББК 81.2 Каз-922
Ж34
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазған:
Зейнулина А.Ф. филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Құрастырушы: А. Ж. Қақабаева
Ж34 Жаттығулар жинағы : Орта арнаулы оқу орындарының
ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері
мамандықтарына арналған. Павлодар, 2007. 81 б.
Бұл оқу құралы негізінен орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған. Осы мәтіндерді, жаттығуларды сабақта да, оқушылардың өздік жұмысы үшін де қолдануға болады.
Бұл оқу құралының негізгі мақсаты – мамандыққа қатысты тілді үйренушілерге көмек беру.
УДК 811.512.122(07)
ББК 81.2Каз-922
©Қақабаева А. Ж., 2007
© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007
Алғы сөз
Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Негізінен аудиторияда жүргізілетін сабақтағы грамматикалық тақырыптар бойынша ережелер беріліп, жаттығулар құрастырылған. Мәтіндер бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Бұл жұмысты едәуір жеңілдете түседі. Әрбір сұраққа жауап беру – оқушының өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.
Оқытушыға өз қалауы бойынша мәтіндер бойынша қосымша сұрақтар, тапсырмалар, мәтіндер беруіне болады. Сонымен қатар бұндағы тақырыптарды кеңейтіп те, дамытып та алуына болады.
Осы оқу құралындағы берілген тапсырмаларды орындау үшін үшін түсіндірме, аударма, терминдер сөздіктерін қолдану ұйғарылған. Осы жаттығуларды сабақта да, оқушылардың өздік жұмысы үшін де қолдануға болады.
Бұл жаттығулар жинағының негізгі мақсаты – мамандыққа қатысты тілді үйренушілерге оны жеткілікті түрде меңгеру дәрежесіне жеткізу үшін көмек беру.
1 Қазақстанды компьютерлендіру
Иелік формасы
Қазақ тілінде зат есім мен есімдіктің иелік формалары екі
тәсілмен жасалады:
1) зат пен заттың меншіктілік я басқа табиғи қатынасын білдіру
үшін, меншіктеуші сөздерге ілік септік жалғауы, меншіктелуші сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанып айтылады.
Мысалы: теңіздің толқыны, институттың директоры.
Негізгі ереже бойынша, бір сөйлемде ілік жалғаулы сөз болса,
сол сөйлемде онымен тіркескен тәуелдеулі сөз болады (және керісінше), бірақ ілік жалғаулы сөз айтылмауы мүмкін.
Мысалы, біздің жеріміз – жеріміз, сенің жолдасың –жолдасың.
Назар аударыңыз! Ілік септік жалғауы кейде жасырын түрде
тұруы мүмкін, бірақ тәуелдік жалғау түсірілмейді.
Мысалы: Абайдың өлеңдері – Абай өлеңдері, Колледждің
директоры – колледж директоры, Жердің беті – жер беті
Географиялық атауларда және кәсіпорын, мекеме аттарын
білдіретін зат есімдерде ілік септік жалғауы қолданбайды, ал келесі сөзге тәуелдік жалғауы жалғанады.
Мысалы: Павлодар қаласы, Іле Алатауы, Балқаш көлі, Ертіс
өзені
2) меншіктелуші сөздерге келесі жұрнақтар жалғанады: - нікі,
- дікі,- тікі.
Бұндай сөздер сөйлемде баяндауыш болып келеді, сондықтан
олар сөйлем соңында тұрады.
Мысалы: Мына қалам менікі. Қарындаш кімдікі?
Болымсыз түрін жасау үшін емес сөзі қолданады. Мысалы: Бұл кітап сіздікі емес.
Тапсырмалары
1 Оқыңыз, аударыңыз
Оқушылардың дәптерлері, программаның түрі, оператордың
жұмысы, қоғамның қалыптасуы, бөлменің көлемі, ақпараттың сақталуы, пайдаланушылардың жұмысы, программаның жұмыс істеуі үшін, даму жолы, біздің еліміз, компьютердің жұмыс істеуі.
Мына үй солардікі. Оқулық сенікі. Бұл кітаптар оқушылардікі.
Мына газет кімдікі? Компьютер біздікі. Бұл дәптер менікі емес. Мына сызғыш сенікі ме?
2 Көп нүкте орнына – нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарын қойып,
сөйлемдерді аяқтаңыз
1 Мына компьютер Асқар... 2 Түрлі-түсті теледидар біз... 3 Бұл
кітап Жанат... емес, Ғалия... 4 Мына оқулық Анар... 5 Мына машина мен...
3 Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын жалғап,
жазыңыз
1 Жүйелік программаның ең күрделі... – операция орындау
жүйе... 2 ЭЕМ операторлар... ауысыммен жұмыс істейді. 3 Олардың жұмыс апта... - 41 сағат. 4 Бізге достар... көмектесті. 5 Оқу – ағарту сала...нда компьютерлік базаны кеңінен ендіру керек. 6 Сендер өздеріңнің кітаптар... ды ашыңдар. 7 Мен қалам... алдым. 8 Сіздер тапсырмалар...ды орындаңыздар. 9 Сен дәптер...е жаңа сөздерді жаз.
4 Аударыңыз
Есеп, ақпарат, сақтау, өңдеу, есептеу, жеңілдету, дербес, нұсқау,
енгізу, пайдаланушы, қолданбалы, жүйелік, аспаптық, жасау, түрі, салалар.
5 Аударыңыз
Инструкция, ввод, обработка, системные, прикладные,
инструментальные, информация, создавать, вычисление, персональный, сохранить, сфера.
6 Мәтіннің бірінші абзацының мазмұнын айтып беріңіз
2 Ақпарат
Зат есім
Заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді зат есім дейміз.
Зат есім негізгі және туынды болып іштей өзара сараланады. Негізгі зат есім - толық мағына білдіретін түбір сөздер: ой, тау, той, ат, ер т.б. туынды зат есім морфологиялық тәсілмен (есім сөздер мен етістіктерге жұрнақ жалғану арқылы) жасалады.
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар мыналар:
–шы/-ші: егінші, сатушы, жазушы;
–лық/-лік, -дық/-дік, -тік/-тік: жақсылық, достық, адалдық,
ерлік;
– ша/ше: бөлімше, кітапша;
– шылық/-шілік: шаруашылық, диқаншылық;
– лас/-лес, -дас/-дес, -тас/тес: жерлес, жолдас, қарындас,
аттас;
–шық/-шік: үйшік, ойыншық;
–кер/-гер: саудагер, дәрігер, қызметкер;
–хана: дәріхана, асхана т.б.
Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
– ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе: баспа, үйірме, мінбе, тартпа,
тапсырма, қойма;
–ым/-ім/-м: білім, бөлім, сөйлем;
–ыс/-іс/-с: құрылыс, жеңіс, сөгіс, табыс, қорғаныс;
–ын/-ін/-н: егін, жауын;
–ыш/-іш/-ш: сағыныш, қуаныш, сүйеніш;
–ғы/-гі, -қы/-кі: сүзгі, бұрғы, соққы, күлкі;
–ық/-ік, -қ/-к: сызық, қазық, бөлік, тілек, қайрақ;
Тапсырмалары
1 Берілген зат есімдердің құрамын анықтаңыз, қандай сөз табынан жасалғанын айтыңыз
Мүмкіндік, қашықтық, жылдамдық, өндіріс, қозғалыс, жиын, анықтама, дәлдік, түсінбеушілік, шешім, қателік, бағалылық.
2 Туынды зат есімдердің есім түбірден жасалғандарын бір бөлек, етістік түбірден жасалғандарын бір бөлек жазыңыздар
Түйме, өндіріс, көрермен, байлық, жұмысшы, кішіпейілділік, адамгершілік, қондырма, қаптама, түйме, балалық, ойыншық, аялдама, балмұздақ.
2. 1 Зат есім жалғаулары
Зат есімнің түрлену жүйесі оның жалғаулары арқылы көрінеді. Зат есімге тән үш түрлі жалғау бар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау және септік жалғау. Сонымен бірге зат есімге жіктік жалғауы да жалғанып, баяндауыш қызметін атқарады.
Көптік жалғау заттың көп екенін білдіреді. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі бойынша көптік жалғаудың 6 дыбыстық түрі бар.
2. 2 - Көптік жалғаулары
жалғаулар
|
Сөздің соңғы дыбысы
|
Мысалдар
|
- лар / -лер
|
- дауысты дыбыс,
- үнді р, й, у дыбыстарынан соң
|
Балалар, терезелер
Дәптерлер, айлар, таулар
|
- дар / -дер
|
-ұяң дауыссыз дыбыс,
- үнді м, н, ң, л дыбыстарынан соң
|
Қыздар,
Қаламдар, сендер, өлеңдер, ұлдар
|
- тар / -тер
|
- қатаң дауыссыз дыбыстар,
- ұяң б, в, г, д дыбыстарынан соң
|
Кітаптар, жәшіктер
Педагогтер, клубтар.
|
Тәуелдік жалғау бір заттың біреуге немесе екінші бір затқа тәуелді, соның меншігі екенін білдіреді
2. 3 - Тәуелдік жалғаулары
жағы
|
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
1
|
- ым / -ім / - м
|
- ымыз / -іміз, -мыз / -міз
|
2
|
- ың / - ің / - ң
|
Көптік жалғау + - ың/ - ің
|
2
|
- ыңыз / -іңіз, - ңыз / - ңіз
|
Көптік жалғау + - ыңыз/ - іңіз
|
3
|
- ы / - і, - сы / - сі
|
- ы / - і, - сы / - сі
|
2. 4 - Септік жалғаулары
Септіктер
|
сұрақтары
|
Жалғаулары
|
Атау септік
|
Кім? не?
|
|
Ілік септік
|
Кімнің? Ненің?
|
-ның/-нің; дың/дің тың/-тің
|
Барыс септік
|
Кімге? Неге? қайда?
|
-ға/-ге; -қа/-ке
-а/-е; -на/-не
|
Табыс септік
|
Кімді? Нені?
|
-ны/-ні, -ды/-ді; -ты/-ті
|
Жатыс септік
|
Кімде? Неде? Қайда?
|
-да/-де; -та/-те; -нда/-нде
|
Шығыс септік
|
Кімнен? Неден?
|
-нан/-нен; -дан/-ден
-тан/-тен
|
Көмектес септік
|
Кіммен? Немен? Қалай?
|
-мен/-бен/-пен
|
Тапсырмалары
1 Зат есімдерге көптік жалғауын жалғаңыз
Анықтама, сурет, кесте, әңгіме, таңба, мәлімет, қателік, мақала, сөз, хабар, телефон, жануар, құбылыс, зат, мәтін, көше, жазба,
2 Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыз
Сендердің бала кездер..., ЭЕМ мүмкіндіктер..., менің жұмыс..., адамның қызмет..., сіздің мақала..., жазушының әңгіме..., ақпараттар жиын..., қызмет сала..., ақпараттың дәлдік..., біздің бөлме..., сенің мүмкіндік..., олардың компьютер..., сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...
3 Аударыңыз
а) өндірісте, өндіріске, өндірістен; ә) радиодан, радионың, радионы; б) ақпараттың, ақпаратпен, ақпаратты.
4 Аударыңыз, зат есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыз
Адамдардың сөйлесуі, ақпаратты сақтау, мәліметтерді іздеу, қателікке ұрындыру, пайдаланушылар тілінде, түсінікті сөздермен жазылған, газеттерден оқыдық, кітапханадан келді, графикалық жұмыстарда қолдану, сигнал түрінде берілген, түсінбеушілікке әкелді, шешімді қабылдау.
5 Жақшадағы сөздерге қажетті септік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді толықтырыңыз
Олар Астана... кетті. Біз Алматы... келдік. Адамдар бір-бірімен жұмыс..., оқу орындары..., көше... сөйлеседі. Оқушылар мәтін... берілген тапсырмалар... орындады. ЭЕМ ақпарат... өңдеудің жаңа мүмкіндігі... берді. Мен колледжге автобус... келдім. ЭЕМ-дер ХХ ғасыр... ортасы... шықты.
6 Аударыңыз
Ақпарат алмасуға қатысу, үлкен жылдамдықпен жеткізу, мәтінді теру, жұмыста қолдану, дәлдігі жоқ ақпарат, толық ақпарат, бағалы ақпарат, мәтінді түзету, теріс шешім, өндірісті автоматтандыру, жаңа мүмкіндіктер, есеп беру, кесте түрінде, мәліметтерді іздеу, мағлұматтарды өңдеу.
7 Аударыңыз
Ценная информация, точная информация, во многих сферах деятельности, дать информацию, выборка данных, полная информация, со скоростью света, поиск информации, важная информация, графическая работа, обработка данных.
3 Компьютер тарихынан
Етістіктің өткен шағы
Етістіктің өткен шағы істің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғандығын білдіреді. Істің болып өту мезгілінің сөйлеу уақытына алыс-жақындығына және оның анық, анық еместігіне қарай өткен шақтың өзі бірнеше жікке түрленеді. Өткен шақтың үш түрі бар.
1 Жедел өткен шақ
2 Бұрынғы өткен шақ
3 Ауыспалы өткен шақ
3. 1 Жедел өткен шақ
Өткен шақтың бұл түрі іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Мұнда іс-әрекеттің нақтылы анық болғандығы баяндалады. Мысалы: жаздым, кездестім.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды/-ді, -ты/-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады.
Назар аударыңыз! жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке жіктік жалғау ерекше түрде жалғанады:
3. 2 Жіктік жалғаулары (ерекше түрі)
Жағы
|
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
1
|
-м
|
-к, -қ
|
2
|
-ң
|
-ңдар, -ңдер
|
2
|
-ңыз, -ңіз
|
-ңыздар, ңіздер
|
3
|
жалғауы жоқ
|
жалғауы жоқ
|
3. 3 Жіктелу үлгісі
Мен келдім, айттым Біз келдік, айттық
Сен келдің, айттың Сендер келдіңдер, айттыңдар
Сіз келдіңіз, айттыңыз Сіздер келдіңіздер, айттыңыздар
Ол келді, айтты Олар келді, айтты
Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады. Мысалы: оқыдым, ақылдастық, сөйлестік, білмедіңіз.
Тапсырмалары
1 Етістіктерді жедел өткен шаққа қойып жіктеңіз
Сақтау, өңдеу, енгізу, іздеу, алмастыру.
2 Жақшадағы етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлемдерді жазыңыз
1 1981 жылы дербес компьютерлер (шығу). 2 70-інші жылдардағы тұрмыстық компьютерлердің мүмкіндіктері шектеулі (болу). 3 Балалар компьютерде (ойнау). 4 Алғашқы ЭЕМ-дерде мамандар ғана жұмыс істей (алу). 5 Мен компьютерде мәтін (теру).
6 Біз жаңа программада жұмыс істеуді (үйрену). 7 Сендер осы программаны (енгізу). 8 Сен мәтіндегі қателерді (түзету). 9 Сіз ақпаратты кесте түрінде (беру). 10 Компьютерлер есептеуді (жеңілдету) 11 Мен Интернеттен қажетті ақпаратты (іздеу) 12 Біз ЭЕМ-дерді көптеген салаларда қолана (бастау).
3 Мәтіннен етістіктерді теріп, құрамына қарай талдаңыз
4 Аударыңыз
1 Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. 2 ХVІІ ғасырдың 40-ыншы жылдарында Б. Паскаль сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты. 3 ХVІІІ ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. 4 ХІХ ғасырда Ч Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. 5 ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 6 40-ыншы жылдардың соңында қазіргі ЭЕМ-дердің құрылу принципінің негізіндегі машиналар дайындалды.7 Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты.
5 Аударыңыз
Появление, микрокомпьютер, лампа, знак, прибор, инструмент, персональный, домашний, набирать, ограниченные возможности, производительность, основа, уменьшаться, первый.
6 Аударыңыз
Шам, жабдық, тұрақталынып қалу, төмендеу, алмастыру, өнімділік, шектеулі, оқиға, елеулі, белгі, кезең, мәтін теру, шағын, топ.
7 Мәтінді орыс тіліне жазбаша аударыңыз, содан соң өз бетіңізбен 1, 2, 3, 4 абзацтарын жазбаша қазақ тіліне аударып, мәтінмен салыстырыңыз
4 Компьютерлік жүйелерді пайдалану
Ауыспалы осы шақ
1 Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз
Өнімділігі, тындыру, жылдамдықпен, анықтамалық, дәлдігі,
алмастыра алады, орташа мүмкіндікті, себеп, жол, нәтиже, іздеу, компьютер, алғашқы, үлкен, жұмыс.
2 Кім жылдам аударады?
1 Первые компьютеры
2 Обработка информации
3 Персональный компьютер
4 Вводится инструкция
5 Для работы пользователей
6 Домашние компьютеры
7 Системные программы
8 Прикладные программы
9 Инструментальные программы
10 Упрощает вычисления
11 Электронные приборы
12 Электронно-вычислительные машины
13 Набрать текст
14 Широко использовать
15 Поиск информации
16 Правильные данные (сведения)
3 Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойыңыздар
Біз жаз.... Сен өңде.... Сіз енгіз.... Мен қолдан.... Сіздер біл....
Олар ал.... Ол пайдалан... Сендер жаса....
4 Жақшада берілген етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойыңыздар
1Қолданбалы бағдарламалар арқылы пайдаланушылар компьютерде (жұмыс істе...) 2 Дербес компьютерге программалаушылар нұсқау (енгіз...) 3 Дербес компьютерлер ақпаратты жылдам (өңде...) 4 Біз аспаптық программа арқылы жаңа программа (жаса...) 5 Компьютерге қате мәліметтер берсеңдер, ол дұрыс нәтиже (берме..) 6 Қазір телефон станцияларында компьютерді кеңінен (қолданыл...) 7 Сендер электрондық почта арқылы хабар (ал...)
8 Сіздер компьютерде ақпаратты (сақта...)
5 Аударыңыз
Жылдамдық, себеп, басу, орташа, арттыру, аықтамалық, уақыт, аз, іздеу, қызмет, кеңінен, жүйе, дәлдік, қолдану, ұқыптылық, нақты, дұрыс, көрсету, нәтиже, жол, қате, қателесу, қателеспейді.
6 Аударыңыз
Набирать текст, меньше, искать, служба, средний, повышать, скорость, причина, время, справочник, широко, точный, правильный, система, использовать, аккуратность, показать, ошибка, способ, не ошибается.
7 Қазіргі кезде мекемелерде компьютерлердің не себепті соншалықты маңызды екендігі туралы қысқаша жазыңыз.
5 Аппараттық жабдықтар
Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты:
а) бастауыш сөйлемнің басында, ал баяндауыш сөйлемнің соңында тұрады;
ә) анықтауыш әрқашан анықталып тұрған сөздің алдында
тұрады, толықтауыш пен пысықтауыш баяндауыштың аллдында тұрады. Мысалы: Біз кеше қызық фильм көрдік.
Тапсырмалары
1 Берілген сөйлемдерді аударыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз
1 Компьютер используется в музыкальных концертах и театральных постановках. 2 Компьютер превратился в рабочий инструмент миллионов людей. 3. За одну минуты ты набираешь до 80 слов. 4 Это повышает производительность труда. 5 Вы используете компьютер для обработки данных. 6 Мы выполнили это задание очень быстро.
5. 2 Тұйық етістік
Зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты
болмай қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұрау, жүру, бару, айтқызу, сөйлесу. Бұл сөздер қимыл іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние мүлік), қашау (ағашты тесетін, жонып қырнайтын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.
Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғау жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.
Етістіктің болымды және болымсыз түрі болады.
Болымсыз етістік екі жолмен жасалады:
а) етістіктің негізгі және туынды түбіріне –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы, мысалы: жазба, айтпа, сөйлеме;
ә) есімшенің өткен шақ тұлғасы (жұрнақтары: -ған/-ген, қан/-кен ) мен жоқ немесе емес сөздерінің жіктелуі арқылы, мысалы: білген жоқпын, айтқан жоқсың, әкелген емес, барған емессіз.
Тапсырмалары
1 Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, құрамын анықтаңыз, аударыңыз, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айтыңыз
2 Сөйлемдердегі етістіктердің қайсысы болымды, қайсысы болымсыз екенін және қалай жасалғанын түсіндіріңіз
1 Мен хат жаздым. 2 Ол тапсырманы орындаған жоқ. 3 Сен сабаққа барған жоқсың. 4 Бұл мәліметтер сақталмаған. 5 Сіз қазақша жақсы сөйлейсіз. 6 Бұрын ЭЕМ-дер болмаған. 7 Оған дұрыс мәліметтер берілмеген. 8 Компьютер ешқашан қателеспейді. 9 Сен оларға ешқашан көмектескен емессің. 10 Мен сізбен таныс емеспін. 11. Мен жаңа компьютер сатып алдым.
3 Сөйлемдегі етістіктердің болымсыз түрін екі тәсілмен де жасап, сөйлемдерді көшіріңіз
Мысалы: Бұнда мәліметтер кесте түрінде берілген. – Бұнда
мәліметтер кесте түрінде берілмеген. Бұнда мәліметтер кесте түрінде берілген жоқ.
1 Ақпарат пайдаланушылар тілінде жазылған. 2 Біз тақырыпты түсіндік. 3 Сендер ақпаратты өңдедіңдер. 4 Сіз компьютерді сөндірдіңіз бе? 5 Бұндайда үлкен ЭЕМ-дер қолданылады. 6 Ол бізге өңдеу жолын көрсетті. 7 Сіз бізге дұрыс мәліметтер бердіңіз бе? 8. Компьютерге жаңа программа енгізілген. 9 Мәліметтер жылдам жеткізілді.
4 Мәтінді оқып, етістіктің қандай түрі екенін ажыратыңдар
Әдептілік
1. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма. 2. Біреумен сөйлескен кезде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма. 3. Біреудің дүниелігіне таңдана қызығып, тесіле қарама. 4. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. 5. Сынған, жоғалған нәрселерді айтып, өкіне берме. 6. Көзіңді орынсыз ойнақтатаып, жан-жаққа алақтама. 7. Есікті қатты серпіп жаппа, тарсылдатып қақпа. 8. Жоқтан өзгеге түйіле берме. 9. Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа. 10. Есікті тасаланып немесе табалдырықты басып тұрып сөйлеме.
5 Төмендегі нақыл сөздерді оқып, әрқайсысының мағынасын түсіндіріңдер.
1. Көзінше мақтама, сыртынан даттама. 2. Өткелін білмей, су кешпе. 3. Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа, Тәуір көрер кісіңмен жалған айтып суыспа. 4. Гүл ұсынған адамнан дұшпандық күтпе. 5. Менен ақыл сұрасаң, өгізге ер салма, қанатың талар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер. Дұшпаныңа шыныңды айтпа, түбіңе жетер. 6. Ащыны татып көрмеген, тәттінің дәмін білмейді. 7. Құшағың жетпесті құша алмайсың. (Шешендік сөздер).
6 Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, көшіріңдер де, олардың қандай жұрнақ екенін айтыңыздар
1. Өзіңе тапсырылған міндетті қайталап айтқыз...й істеуге әрекеттен. 2. От саба..., отпен ойна... . 3. Жолда түсіп қалған нанды көрсең, адам бас...йтын жерге алып қой. 4. Аузыңды аңқитып ашып есіне... . 5. Біреуге жауап бергенде, таңдайыңды қағып, басыңды шайқа... . 6. Ақыл аз...йды, білім тоз...йды. 7. Өнер білсең, өл...йсің. 8. Итті аяғыңмен теп... . 9. Малды басқа ұр... . 10. Кемтар адамға күл..., оларды келеке ет... .
7 Сөйлемдерді оқып, болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер
1. Жомарт жоқтығын білдірмес, жүйрік тоқтығын білдірмес. (Мақ.) 2. Абай бұл арада үндеген жоқ. 3. Осыны есіткелі Абай жол бойында бір сейіле алмады. 4. Күн көптен бері жылынбай қойды. 5. Сенен шет қалып, амандық, тыныштық іздемеспін.(М. Ә.) 6. Асқар Ботагөзге жұбату сөз айта алмады. 7. Айбаланың кіріп-шыққанын Ботагөз сезген жоқ. (С.М.) 8. Қырат жерлер болмаса, ойпаңның қары әлі бұзылған жоқ. 9. Төрт әйелдің өрт сөндіруге шамасы жетер емес. (Ә. Ш.) 10. Ол кісі әдетінше көп сөйлей қойған жоқ. 11. Адам болмаса, мұндай машина жасалмайды да, ұшпайды да. (С. Бақ.) 12. Ақ қармен қар боп көзге зорға іліккен салпаң құлақ ақ қояндар мергеннің алдынан құтылған емес. (С. Ж.)
8 Аударыңыз
Орталық процессор, есте сақтау құрылғысы, енгізу құрылғысы, шығару құрылғысы, күрделі машина, өзара байланысты, бірнеше интегралдық схемалар, өңдеу істерін атқарады, схемалар жиыны, микропроцессор деп аталады, қызметін атқарады, компьютер жады, жұмыс нәтижесі, жеткізу үшін қолданылады, бір-біріне ұқсас.
9 Аударыңыз
Ввод, память компьютера, состоит из интегральных схем, предназначен для сохранения, производит вычисления, устройство запоминания, устройство вывода, центральный процессор, взаимосвязанные, для хранения данных, результаты работ.
6 Дербес ЭЕм-нің элементтік базасы
Жай сөйлем түрлері
Айтылу мақсатына қарай сөйлем үш түрге бөлінеді: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем және бұйрықты сөйлем
Бұлардан ерекше, адамның көңіл-күйін білдіретін лепті сөйлем деген түрі де бар.
Мысалы: Ердің атын еңбек шығарады. – Хабарлы сөйлем.
Мен әкемдей шебер бола аламын ба? – Сұраулы сөйлем.
Осы жағдай сенің де есіңді болсыншы, балам. – Бұйрықты сөйлем.
Өлеңі не деген жақсы! – Лепті сөйлем.
6. 1 Сұраулы сөйлем
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің жасалуы
|
Мысалдар
|
1 Сұрау есімдіктері арқылы: кім? не? қанша? қашан? неге? қайда? т.б.
|
Іште кім бар? Татар әнін қайдан үйренгенсіз? (С. О.) Өзіңізбен бітірген шәкірттер қанша еді? (М. Ә.)
|
2 Сұрау шылаулары арқылы: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше.
|
Асаубай деген қарт шопанды білесіз бе? (Ғ. С.) Ұн тартатын комбинатта болдың ба? Нан комбинатында ше? («Армысың ардақты адам»)
|
3 –Ау, ғой демеулік шылауларының қатысуы арқылы.
|
Мынау – сіздің оқушыңыз ғой?
(С. Сарғ.)
|
4 Оқшау сөздер, көмекші сөздер: ә, сірә, мүмкін, болар, шығар, қайтеді.
|
Рояль дейсің. Күйсандық, ә? (Ғ. С.)
Кешегі сұрапыл соғысты бастан кешкен шығарсыз? Мына Қызыл тудағы Саньков дегенді білетін шығарсыз? (С. Сарғ.)
Мен тамақ әзірлесем қайтеді? (Ғ. М.)
|
Тапсырмалары
1 Білу, сұрау, беру етістіктерін жедел өткен шаққа және сұраулы түріне қойып, жіктеңіз
Мысалы: айту – Мен айттым ба? Біз айттық па?
Сен айттың ба? Сендер айттыңдар ма?
Сіз айттыңыз ба? Сіздер айттыңыздар ма?
Ол айтты ма? Олар айтты ма?
2 Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойыңыз
3 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемнің жасалу кестесінде көрсетілген 1 және 2 тәсілі бойынша сұраулы сөйлемге айнылдырыңыз. Сұраулы сөйлемдеріңізді аударыңыз
Мысалы: Алғашқы ЭЕМ-дер 1946 жылы пайда болған. - Алғашқы ЭЕМ-дер 1946 жылы пайда болған ба? Алғашқы ЭЕМ-дер қашан пайда болған?
1 Алғашқы компьютерлер үлкен болды. 2 Сендер колледжде қазақ тілінде сөйлесесіңдер. 3 Дербес компьютер ақпаратты сақтайды. 4 Бұл жаңа бағдарлама жасау үшін керек. 5 Дәлдігі жоқ ақпарат теріс шешімге әкелуі мүмкін. 6 ХХІ ғасырда бағалы зат ақпарат болмақ. 7 Компьютер минутына 1 200 жол баса алады. 8 Компьютер әрқашанда дұрыс нәтиже береді. 9 Бұл мәліметтерді компьютер жадында сақтап қою керек. 10 Микропроцессор бір интегралдық схемадан тұрады. 11 Процессор – компьютерді басқару құрылғысы.
4 Сөздердің синонимдерін табыңыз
Үлкен, жылдам, енгізу, көлемді, жедел, қолдану, баяу, пайдалану, алғашқы, бірінші, шағын, кіргізу, кішкентай, ақырын.
5 Антонимдік жұпқа бөліңіз
Үлкен, төмендеу, аз, басталу, баяу, жаңа, жоғарылау, шағын, жылдам, аяқталу, ескі, көп, қате, дұрыс.
6 Аударыңыз
Жүйелік блок, сыртқы құрылғылар, барлық құрылғылар, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, жинақтауыштар, негізгі құрылғылар, жобалау жұмыстары, қоректену блогы, жедел жад, басқару командалары, пернетақта, командаларын енгізу.
7 Аударыңыз
Накопители информации, основные устройства, функция, оперативная память, постоянное запоминающее устройство, блок питания, оперативное запоминающее устройство, используются для автоматизации, клавиатура, панель управления.
7 IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары
Әдетте IBM дербес компьютерлері мынадай бөліктерден (блоктардан) тұрады:
- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан);
- мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей;
- әр түрлі символдарды компьютерге негізуге арналған пернетақта немесе пернелік.
Компьютердегі ең негізгі құрылғы – жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ-нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:
- мәтіндік және графикалық ақпараттарды басып шығаруға арналған принтер;
- графикалық курсормен басқарылатын құрылғы - «тышқан» графикалық қолтетігі;
- «джойстик» - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік;
- графиксызғыш немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;
- сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді ақпараттарды оқуға арналған оптикалық құрылғы;
- CD- ROM – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды үшін кеңінен пайдаланылады;
- модем – телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы;
- стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
- желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғылар және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады.
8 Дербес компьютерді іске қосу және өшіру
Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған
сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.
Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады:
а) бұрынғы өткен шақ –ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады:
Мен айтыппын Біз айтыппыз
Сен айтыпсың Сендер айтыпсыңдар
Сіз айтыпсыз Сіздер айтыпсыздар
Ол айтыпты Олар айтыпты
ә) бұрынғы өткен шақ -ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады:
Мен барғанмын Біз барғанбыз
Сен барғансың Сендер барғансыңдар
Сіз барғансыз Сіздер барғансыздар
Ол барған Олар барған
Болымсыз түрі жоқ, емес сөздері арқылы жасалады: Ол сабаққа барған жоқ, Сен есікті жапқан жоқсың, Сіз оны көрген емессіз.
Тапсырмалары
1 Аударыңыз
1 Мен өте қымбат компьютер сатып алғанмын. 2 Ол Интернетке былтыр қосылған. 3. Олар компьютерді іске қосқан. 4 Біз Интеренттен қажетті ақпаратты қарап шыққанбыз. 5 Сіз ақпаратты өңдеудің жолын көрсеткенсіз. 6 Олар осы колледжде оқыпты. 7 Біз осы фильмді көріппіз.
2 Көп нүкте орнына бұрынғы өткен шақ етістігінің жұрнағы мен қажетті жіктік жалғауын қойыңыз
1 Мен досымнан электронды почта арқылы хат ал... 2 Біз сабаққа бірге кел... 3 Жұмыс нәтижелері компьютер жадында сақтал... 4 Ол компьютерге жаңа программа енгіз... 5 Алғашқы компьютерлер өте үлкен бол... 6 Дербес компьютерлер есептеуді жеңілдет... 7 Жазу пайда болған соң ақпарат жазу арқылы да беріле баста... 8 Сен бұны маған айт... 9 Олар осындай ақпарат ізде... 10 Біз компьютерді сөндірме... 11 Олар жүйе блогын іске қоспа... 12 Сендер мониторды іске қос...
3 Етістіктерді болымсыз түріне қойып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыз
Сөйлескенбіз, үйренгенсіздер, ойнағанбыз, оқығанбыз, тыңдаған, өңдеген, іздегенсің, жасағанмын, есептегенсіз, істегенсіңдер.
4 Аударыңыз
1 Он учился в политехническом университете. 2 Летом я была в Алматы. 3 Они остановили работу текущих программ. 4 Вы вчера проверили контрольную работу? 5 Ты подключил к источнику питания системный блок? 6. Вы выключили компьютер? 7 Они ввели в компьютер все данные. 8 Вы все правильно поняли. 9 Эта информация была точной. 10 Когда вы это сделали?
5 4-тапсырмадағы сөйлемдердің етістіктерін (баяндауыштарын) болымсыз түріне қойып, аударыңыз
9 Программалық құралдар
Сөйлем мүшелері
Сөйлем арқылы біршама тиянақты ой беріледі дедік. Сөйлем құрауға қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейді.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
толық мағыналы сөз болуы керек;
сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.
Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар:
шылау сөздер, одағай сөздер, көмекші етістіктер;
қаратпа сөздер.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш,
баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш болып бес түрге бөлінеді.
Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан оларды тұрлаулы мүшелер дейміз.
Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек сөйлем арқылы берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұларды тұрлаусыз мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш
Бастауыш сөйлемде айтылған іс-оқиғаның иесін білдіреді.
Бастауыштың грамматикалық-мағыналық белгілері:
1) атау септік тұлғасында тұрады;
2) іс-оқиғаның иесін білдіреді;
3) кім? не? деген сұраққа жауап береді;
4) баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.
Бастауыштың жасалуы
Сөз табы
|
Шарты
|
Мысалдар
|
Зат есім
|
Кез келген зат есім
|
Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр.
(М. Ә.) Машина жаңа Қарағандының бір биік үйінің алдына тоқтады. (Ғ. М.)
|
Есімдік: жіктеу, сілтеу, өздік, белгісіздік, жалпылау, т.б.
|
Зат есім орнына қолданылатыны
|
Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер. (М. И.) Бұл – көктем желі. (С. Бақб.) Өзіңіз ақын екенсіз ғой?!(С.О.) Бәрі де осы келісімге ден қойды. (Х. Рахимов). Әркімдер тілек-ұсыныстарын айтты. (С.Сарғ.)
|
Сын есім
|
Заттану
|
Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды. (М.Ә.) Ақылды ісіне сенеді. (Мақал)
|
Сан есім
|
Заттану
|
Үшеуі суыт жүріп кетті (С. О) Сегіз екіге бөлінеді.
|
Етістік: есімше, тұйық түрі
|
Заттану
|
Оқыған білер әр сөзді (Абай) Әңгіменің басталуы қиын - өрбуі оңай. (С. Сарғ.)
|
Бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.
Баяндауыштың негізгі белгілері:
1) бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;
2) іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;
3) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады,
4) сөйлемді тиянақтап тұрады;
5) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;
6) өзіне тән арнаулы сұрағы жоқ. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Баяндауыштың жасалуы
Сөз табы
|
Мысалдар
|
Етістік
|
Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады. Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу. (Қ. Тол.)
|
Зат есім
|
Дәрігер – ардақты мамандық. (С. Иманб.)
|
Сын есім
|
Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн шайдай ашық. (Қ. Тол.)
|
Сан есім
|
Бұлар он бес. (С. Сарғ.)
|
Есімдік
|
Біздің қақпан әне. Нағыз теңіз романтикасы деген осы. Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай? («Тербеледі тың дала»)
|
Әр тарап сөздер
|
Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (С. Сарғ.) Қазір ол үйде кітапхана бар. (С. Шайм.)
|
Тапсырмалары
1 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан екендігін анықтаңыз
1 Программа – машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. 2 Ол команда арқылы компьютер жадына жүктеледі. 3 ДЭЕМ құрылғылары – жүйелік блок және сыртқы құрылғылар. 4 Осы ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті. 5 Бұл операциялық жүйелердің кәсібилігі шамалы. 6 Оператор – алгоритмдік тілде пайдаланылатын нұсқау. 7 Программалау қатаң ережелерге бейімделген. 8 Тестілеу – программадан қателерді іздеу. 9 Дұрыстау – бұл қатені жөндеу процесі. 10 Бұл әректтердің біріншісі қатесіз нәтиже алу үшін қажет. 11 Есептің жауабы жоқ. 12 Каталог – арнайы атау берілген дискілік файл. 13 Ғ7 – NC жүйесінде жаңа каталог ашу командасы. 14 Windows интерфейсінің негізгі элементі – терезе.
2 Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, бастауыштың астын сызыңдар да, есімше мен сын есімнің қандай жағдайда бастауыш болатынын түсіндіріңіздер. Кім? не? деген сұрақтарына жауап беруіне қарай қандай заттық мағынаға ие болып тұрғанын анықтаңыздар
Үлгі: Іздеген - жетер мұратқа. (Мақал) – Бастауыш есімшеден болып тұр. Заттық мағынаға (адам, кісі) ие болып, кім? не? деген сұраққа жауап береді: Іздеген адам жетер мұратқа.
1 Ұйымдасқан – ұтады. 2 Сыпайы – сырын сақтар, әдепті – арын сақтар. 3 Шешінген – судан тайынбас. 4 Естімеген – елде көп. 5 Қорқақ көлеңкесінен де қорқады. 6 Қорыққан – бұрын жұдырықтар. 7 Көп – қорқытады, терең – батырады. 8 Аянбаған – жауды алар, абайлаған – дауды алар. 9 Жүйрік – бестіден шығар. 10 Ел аралаған – сыншы болар, орман аралаған – үйші болар.
3 Сөйлемдерді аяқтаңыз
1 Қолданбалы программалар - әмбебап программалар ... 2 Операциялық жүйелер – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін ... 3 Ол арнайы иілгіш не қатты магниттік дискіде ... 4 Утилиттер – белгілі бір қызмет атқаруға пайдаланатын ... 5 Компьютерді вирусқа тексеретін, оларды жоятын программалар да ... 6 Сервистік программалар – операциялық жүйемен жұмыс істеуді ... 7 Компьютерлер ақпаратты арнайы программалар арқылы ғана ... 8 1990 жылдардан бастап бесінші буын ЭЕМ-дері ... 9 ЭЕМ-дерді дамыту одан әрі ... 10 Компьютердің жадына ақпарат кодталған күйде ... 11 Қазіргі кезде компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқаулары ... 12 Винчестер дискіжетекке (дисковод) ... 13 Монитор мен принтерді шығару құрылғылары деп ... 14 Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің миллиондаған адамдары Интернетті пайдалану мүмкіндігін ... 15 Компьютер жұмысы операциялық жүйе арқылы ...
Қажетті сөздер: жиынтығы, игерді, атайды, басқарылады, бекітіліп қойылған, жүйе, сақталып қойылады, қосымша программалар, утилиттер, жеңілдетеді, өңдейді, дайындалып шықты, пайдалануда, енгізіледі, жалғасуда.
4 Аударыңыз
Файл түрінде, компьютер жадына, алдын-ала келісім, магниттік тасымалдаушы, жүйелі программалық жасақтама, программалық жасақтама, жадына жүктелу, машина тілінде, орындауға арналған, орындалу варианты, үнсіз келісім, сұхбат жүргізу, келісімдер жиыны, алдын-ала тағайындау, оқыту программалары, әмбебап программа.
5Аударыңыз
Программное обеспечение, память компьютера, носитель, умолчание, соглашение, набор инструкции, устанавливать параметры, операционные системы, загружать в память компьютера.
10 Windows жүйесі
1985 жылы Microsoft фирмасы ІВМ тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі Windows жүйесі болатын.
Windows интерфейсінің негізгі элементі – терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Негізгі терезе – Windows терезесі не қолданбалы программаның редактор терезесі. Сұхбаттық терезе – қажетті әрекет енгізетін және т.с.с. ішкі терезе. Мысалы, қосымша терезенің ішінде құжат Документ деп аталатын сұхбаттық терезеде дайындалады да, арнайы команда бойынша сақталып қойылады және басқа сұхбаттық терезеде ашылады (сұхбаттық терезелер негізгі терезенің ішінде шығарылады). Бір программада сұхбаттық терезелер бірнеше болуы мүмкін, бірақ әр ағымдық мезетте олардың біреуі ғана белсендірулі (екпінді, іске қосылулы) тұрады.
Ішкі терезелердің тағы бір түрі – мәліметтік терезе. Мысалы, Word мәтіндік редакторында дайындалған құжаттың беттері мен құжатқа енгізілген сөздер саны сияқты мәліметтер арнайы мәліметтік терезеде көрсетіледі. Түрлі типті терезелер көріністерінің айырмашылықтары да бар.
Windows-тың алатын орнын үнемдеу және тауып алуды жеңілдету үшін іске қосылатын программаларды негізгі не файлдарды ашу сияқты сұхбаттық терезелер ішінде түрлі белгішелер түрінде орналастырып қоюға болады (белгіше – кішкене сурет, белгі).
Windows жүйесінің негізгі функциялары:
компьютердің барлық аппараттық құрал жабдықтарын басқару;
файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса ол:
бір уақытта бірнеше программаладың жұмыс істеуін;
әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
масштабталған қаріптерді қолдауды;
мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
9. 1 Хабарлы сөйлем
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді
хабарлы сөйлем дейміз.
Тапсырмалары
1 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ескере отырып, сөйлемдерді аударыңыз
1 Windows работает, используя графический интерфейс пользователя. 2 При необходимости система выводит на экран диалоговое окно. 3 Используя Windows, можно вставить в текстовый документ рисунок из графического редактора. 4 Из основного окна выберите файл. 5 Чтобы открыть любой файл, достаточно щелкнуть по нему два раза левой кнопкой мыши. 6 Справочное окно можно открыть, используя команду Пуск-Справка. 7 Приложениями называются прикладные программы, использующие систему Windows.
2 Аударыңыз
Негізгі, сұхбаттық, мәліметтік, ішкі терезе, құжат беті, енгізілген сөздер, белсендірулі, арнайы команда, тауып алуды жеңілдету, файлдарды ашу, терезеде ашылады.
3 Синонимдік жұптарын табыңыз
Пайдалану, уақыт, мақсат, басты, орта, барлық, көп, алмасу, қолдану, мұрат, негізгі, қолдау, аралық, белгі, бүкіл, кезектесу, мол, мезгіл, нышан, қолдау.
11 Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе – экранның төрт бұрышты қоршаулы аумағы. Онда әр түрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.
Windows ортасында жұмыс үстелінің рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер түрінде орналасқан.
Белгіше – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне.
Жарлық – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Бума – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.
Тышқан – көрсеткіші (курсоры) екі не үш түймесі бар, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылатын төрт бұрышты кішкене пластмассалық қорап. Әдетте қолданылатыны көрсеткіш пен тышқанның сол жақ түймесі. Негізінен қосымшалар көрсеткішті оның белгіше атауының үстіне әкеліп, бір не екі шерткен кезде іске қосылады. Оң жақ түйме арнайы командалар үшін пайдаланылады.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен курсордың қозғалуы. Келесі операция - шерту. Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ түймесін екі рет шерту әрекеті жатады. Келесі операция – тасымалдау.
Буфер - әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.
Бума – каталог сияқты арнаулы атау берілген дискілік файл, ерекшелігі – оның ішінде түрлі жарлықтарды да сақтауға болады.
Басқару тақтасы – Windows ортасын бапқа келтіру бумасы.
Белгішені ашып, программасын іске қосу үшін оны бір рет шерту жеткілікті. Қажетті параметрлерді бапқа келтіруді ұсынатын сұхбаттық терезе көрінеді.
Сөздік
белгіше – значок
жарлық – ярлык
қозғалу – движение
шерту – щелчок
батырма – кнопка
түйме – кнопка
тасымалдау – перемещение
Ббма – папка
басқару тақтасы – панель управления
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз
2 Сұрақтарға жауап беріңіз
1) 1985 жылы Microsoft фирмасы қандай операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды?
2) Windows интерфейсінің негізгі элементі не?
3) Терезелер түрлерін атаңыз.
4) Windows жүйесінің негізгі ұғымдарын атаңыз.
5) Олардың әрқайсысы не үшін қолданылады?
3 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ескере отырып, сөйлемдерді аударыңыз
1 Вы можете автоматически вставить файл в папку. 2 При необходимости вы можете вызвать справочную систему. 3 Легко восстановить из корзины удаленный файл или папку. 4 Пользователь может изменить их по своему. 5 Откройте меню «Правка» и выберите команду «Вставка». 6 Каждое окно имеет свое меню. 7 Для этого достаточно подвести указатель к значку и щелкнуть по нему два раза. 8 Ярлык папки или файла можно установить на рабочем столе. 9 Ярлык или значок можно переместить на другое место или удалить. 10 Ярлык не занимает много места в памяти, всего 1 Мбайт. 11 Окна можно развернуть, свернуть или переместить с помощью мыши. 12 Новую папку можно создать на рабочем столе или внутри любой папки. 13 Введите название папки, используя клавиатуру. 14 Используя буфер обмена, можете скопировать фрагмент текста, рисунка, графика или диаграммы. 15 Растр – это значки используемые для рисования. 16 При копировании в буфер новых данных, предыдущие будут удалены. 17 Для корзины отведено около 10% винчестера. 18 На часах несложно установить местное время. 19 В файл Winamp записаны песни. 20 Воспроизведение звуковой информации на компьютере выполняется с помощью звуковых колонок. 21 На экране показывается окно выбора диска. 22 В конце нужно отпустить кнопку Shіft и кнопку мыши. 23 Это удобно для удаления фрагмента рисунка. 24 Скопированный текст или рисунок устанавливается на левом верхнем углу окна. 25 Для перехода на новую строку нажмите на кнопку Ввод. 26 На этом прямоугольнике вы увидите курсор надписи. 27 Выберите ластик и удалите рисунок. 28 В панели управления видны значки наименовании команд, внутренних программ.
Достарыңызбен бөлісу: |