Зейнулина А. Ф. филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Торайғыров атындағы пму қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі



жүктеу 0,62 Mb.
бет3/5
Дата16.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#26875
1   2   3   4   5

Тапсырмалары
1 Мына сөйлемдерді жалғаулық шылаулармен өзара байланыстырып ыңғайлас салаласқа айналдырыңдар

1 Күн жылынды. Қар еріді. 2 Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3 Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4 Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. 5 Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6 Сәуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7 Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты. 8 Гүлжан келісім шартты даярлады. Қаныш мырза оған қол қойды. 9 Фархат нұсқауды оқыды. Хатшы оның мәтінін компьютерде терді. 10 Анар жаңа компьютер сатып алды. Бүгін компьютерін интернетке қосты. 11 Желілік технология өте қажет. Ол қаржы мен уақытты үнемдеуге өте көп мүмкіндіктер береді. 12 Жергілікті желілер мекемелердің байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Сондағы компьютерлерді бір-бірімен байланыстырады.


2 Мына сөйлемдерді жалғаулық шылаулармен өзара байланыстырып ыңғайлас салаласқа айналдырыңдар

1 Оның компьютері бар. Модемі жоқ. 2 Үйден шыққанымызға біраз уақыт болды. Баратын жеріміз әлі де алыс болып көрінді. 3 Ауқымды желілер бар. Ондай желілерді орташа фирмалар жасай алмайды. 4 Қаражат жеткіліксіз. Байланыс желісін құру керек. 5 Компания тапсырыс берді. Келісім шартты әлі де алған жоқ. 6 Жергілікті желілерде ақпарат жеткізу жылдамдығы өте жоғары. Ауқымды желілер жүйесіндегі жылдамдық мұндай жоғары емес.


3 Аударыңыз

Жергілікті желілер, компьютерлік желілер, мәліметті беру, қаржы мен уақытты үнемдеу, желілерді пайдалану, ауқымды желілер, қатар орналасқан, шек қойылмайды, Жер серіктері, ақпаратты жеткізу жылдамдығы, қолдану мақсаттары, зор жетістік.




17 Интернет ұғымы

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста болатын салаластың түрін түсіндірмелі салалас сөйлем дейміз

Мысалы: Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт –құмырсқасы, бақа-шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.) Ішкі Орданың ханы Жәңгір Махамбеттің ақылын, дарынын, білімін бағалағаны сонша, хан оны сарайға жақын ұстады.

Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаулық шылаусыз, тек ұласпалы интонация арқылы байланысады. Солай бола тұрса да, бірінші жай сөйлемінің құрамында соңғы жай сөйлемге нұақайтындай сөздер болады; олар көбінесе сілтеу есімдіктері: сондай, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай, т. б.
17. 1 Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз

Мысалы: 1. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды: құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады. (С. М.)



2. Менің әндерімді тыңдаушы да, сынаушы да, салушы да халық, сондықтан біздің жиған-тергендеріміздің бәрі халықтікі. (Ж. Ж.)

Себеп-салдар салалас та жалғаулық шылау арқылы және жалғаулықсыз құрмаласады. Осыған қарап себеп-салдар салаласты жалғаулықты және жалғаулықсыз себеп салдар салалас деп екіге бөлеміз.

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарап айыруға болады. Мысалы: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар. (Абай.)

Жалғаулықты себеп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады.Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. (Х. Ес.) Су жылдағыдай өзендерге әлдеқайда мол құйылып жатқан көрінеді, сондықтан Сырдарияның мұзы жылдағыдан ерте және кенет сөгілу қаупі бар. (С. М.) Мұқит пен Кенбай айғаласа сөйлеседі, себебі шамалы дауысты Көкдолы бұрқағы есіттірер емес. (Ғ. С.)


17. 2 Талғаулы салас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай ссөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжау жасауды білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас дейміз.

Мысалы: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. (Ә.Ә.) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. (Х. Ес.)

Талғаулы салалас не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде деген шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.
17. 3 Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас сөйлемнің түрін кезектес салалас дейміз. Мысалы: Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады. Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді. Экскаватор біресе ұзын мойнын жоғары көтереді, біресе төмен созып күрк-күрк етеді. (Ғ. Мұст.)

Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.



Тапсырмалары
1 Сөйлемдерді аяқтаңыз

1 Анар көптеген ақпаратты үйден шықпай –ақ ала алады, өйткені ...

2 Желілік технологиялар өте қажет, себебі ...

3 Мен өз компьютерімді интернетке қостым, сондықтан ...

4 Интернетті дүниежүзілік желі деп атайды, себебі ...

5 Интернет ешкімнің жеке меншігі емес, сондықтан ...

6 Мәтіндік процессорды қолданыңыз, себебі ...

7 Осы қызметкерді таңдадық, себебі ...

8 Компьютер сөніп қалды, сондықтан ...

9 Компьютер сөніп қалды, өйткені ...


2 Аударыңыз

Телефон арнасы, жылдам байланыстыратын, ауқымды желі, мәлімет алмасады, хаттама ережелерімен, жеке меншік, қалаларды аралау, ғылыми жетістіктермен танысып, желіаралық байланысу технологиясы, өркениетті ел, басқа компьютерлер, ешкім басқармайды, үлес қосу.


18 Дүниежүзілік өрмек

Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз

Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т. Абдрахманова.) Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз. (Н. Ғабд.) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. (А. Ханг.)

Сабақтас құрмалас сөйлемдер құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің басыңқы сөйлемдерімен мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1) мақсат бағыныңқы,

2) мезгіл бағыныңқы,

3) шартты бағыныңқы,

4) қимыл-сын бағыныңқы,

5) себеп бағыныңқы,

6) қарсылықты бағыныңқы.
18. 1 Мақсат бағыныңқы сабақтас

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқы сабақтас дейміз.

Мақсат бағыныңқы сабақтас не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? неге? деген сұрауларға жауап береді.

Мақсат бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) –мақ/-мек жұрнағы жалғанған етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің келуі арқылы жасалады: Біздер иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меңгермек болып, зор қимылды бастағалы отырмыз. (Ғ. С.)

2) тұйық етістіктен кейін үшін шылауының келуі арқылы жасалады: Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін. (Ә. Ә.)

3) шартты, бұйрық және қалау райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады. Бір ұстасып қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің. (Ж. Ж.) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты. (М. Ә.)
18. 2 Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың сұраулары – қашан? қашаннан бері? қашанға шейін?

Мезгіл бағыныңқының баяндауыштарының жасалуы мынадай:

1) есімшеге жатыс жалғауының жалғануы арқылы: Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. (С. М.)

2) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің барыс жалғаулы түріне шейін (дейін) шылауының тіркесуі арқылы жасалады: Жалғыз тамшы қаны қалғанға шейін, коммунизм ісі үшін күресетіндігіне Сергей Костриков (Киров) ант етті. («Ана тілінен»)

3) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің шығыс жалғаулы түріне кейін, соң, бері шылауларының бірі тіркесуі арқылы болады. Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. (Ы. А.)

4) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшеге кезде, күнде, уақытта, шақта деген мезгіл мәнді сөздердің бірі тіркесуі арқылы болады: Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. (М. Ә.)

5) есімшеге сайын шылауы қосылу арқылы да жасалады: Аттылар жақындаған сайын, Төрекелдінің жүрегі орнына түсе бастады.

6) есімшеге –ша/-ше жұрнағы қосылу арқылы жасалады:



Ғылым оқып білгенше,

Тыным-тыныштық таппаған.

Дүниені кезіп көргенше,

Рақат іздеп жатпаған. (Абай.)

Ескерту: -ша/-ше жұрнағы жалғанған есімше кейде қарсылық

мәнін де білдіреді.

7) кейде бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшенің

-қалы/-келі, -ғалы/-гелі жұрнақты түрі арқылы болады: Жамбыл – Жамбыл болғалы, есіткен талай батырды. (Ж. Ж.)

8) кейбір жағдайда бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістіктер арқылы жасалады: Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен. (С. М.)

9) бағыныңқының баяндауышы –ысымен/-ісімен деген күрделі қосымшаның етістікке жалғануы арқылы жасалады. Абай араларынан кетісімен, анталап тұрған қалың жиын арасына ауыздан-ауызға көшкен сыбыр бұйрық жайылады. (М. Ә.)
Тапсырмалары
1 Екі жай сөйлемнен мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз

1 Сая Интернет ішінен керекті ақпаратты тапты. Ол «дүниежүзілік өрмек» гипермәтіндік жүйесін қолданды. 2 Сіз сол ақпарат ішінен қажетті мәліметтерді табасыз. Солардың ішінен тағы бір тақырыпты таңдауыңыз керек. 3 Бернар мәтіндік құжаттарды дайындады. Ол Windows жүйесінің мәтіндік редакторын пайдаланды.

4 Арман құжаттар мен кестелерді компьютерде көрікті етіп безендірді. Ол MS Word редакторындағы дайын шаблондар, графиктік бейнелер салатын аспаптарды қолданды. 5 Айгүл жұмыс істеп болған соң, компьютерді сөндірді. Ол алдымен ағымда тұрған бағдарламалар жұмысын доғарды.
2 Аударыңыз

1 В то время как он готовил годовой отчет, его компьютер вышел из строя. 2 После того мы провели опрос, мы выяснили, чему люди отдают предпочтение. 3 Прежде чем вы начнете работать на компьютере, удалите из дисководов предохранители плат. 4 В то время как мы вводили данные в компьютер, отключилось электричество. 5 Когда ее попросили высказать свое мнение, она дала откровенный ответ. 6 В то время как он занимался подсчетами, его калькулятор сломался. 7 Когда мы начали работу над проектом, у нас возникли вопросы.


3 Келесі жай сөйлемдерді мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз

Үлгі: Мәжіліс аяқталды. Әсмә мен Қуаныш сөйлесті. – Мәжіліс аяқталған соң, Әсмә мен Қуаныш сөйлесті.

1 Сен компьютерді өшіресің. Экрандағы ақпаратты сақта. 2 Баяндаманың мәтінін басып болыңыз. Асқардан оны көбейтіп таратуын сұраңыз. 3 Маған осы жайлы мәліметтер қажет болды. Мен оны «дүниежүзілік өрмектен» іздеймін. 4 Одан өзіңізге қажетті тақырыпты таңдап аласыз. Соған байланысты ақпаратты қарап шығасыз. 5 Сізге тағы бір тақырып керек болады. Осындайда екінші тақырыпқа ауысып қарап шығасыз. 6 Кейде алдыңғы тақырыптарға оралу қажет болады. Оны да оңай істеуге болады.
4 Аударыңыз

Керекті ақпарат, «дүниежүзілік өрмек», «электрондық саяхат», гипермәтіндік жүйе, ең кең тараған жүйе, пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы, бір-бірімен байланысқан сөздер, тізбекше арқылы іздеу, қарап шығу, екіншісіне ауысып, кейін оралу.


19 Электронды почта

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты

болып келетін сабақтасты шартты бағыныңқы сабақтас дейміз

Шартты бағыныңқы сабақтас сұраулары – қайтсе? не етсе?

қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?

Шартты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) етістіктің шартты рай түрінен болады: Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың. (С. Бақб.) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым күшейеді. (Ғ. Мұст.)

2) –й жұрнақты көсемшенің болымсыз түрінен болады: Көптің мақұлдығы болмай, колхоз қаражатын ешкім де жұмсай алмайды. (Ғ.С.) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай. (Ы. А.)

3) етістіктің болымсыз түріне –йынша/-йінше жұрнағы жалғануы арқылы жасалады: Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салынған. (Ғ. Мұст.)

4) есімшеге жатыс септік жалғауы қосылу арқылы жасалады: Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз. (Х. Ес.) Егер осы жақсылығың болмағанда, мен қалаға жету былай тұрсын, жолда қатып қалатын екенмін. (А. П.)


19. 1 Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл сын бағыныңқы сабақтас дейміз

Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем қалай? Қайтіп? Не етіп? Деген сұрауларға жауап береді.

Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) көсемшенің –а/-е/-й, -ып/-іп және жұрнақты түрлерінен болады: Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. (Абай.) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. (Х. Ес.) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. (Ә. С.)



Ескерту. Баяндауышы көсемшеден болған кейбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдірмей, тек онымен амалдас, мезгілдес болып келеді. Мұнадайда ол бағыныңқыға қимыл-сын бағыныңқының сұрауын қойып айтуға келмейді. Бірақ ондай бағыныңқы сабақтастарды да шарты түрде қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың қатарына жатқызып жүрміз. Мысалы: Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қу. (Абай) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген-ді. (Ғ.С.) Бұл сөйлемдерде бағыныңқыдағы іс пен басыңқыдағы істің бір мезгілде қатар болып жатқандығы баяндалады.

2) есімшеге –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М. Ә.)

Кейде –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы есімшеден кейін етіп, болып көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады: Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді. (М. И.)

3) есімшеден кейін күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. (Х. Ес.)


Тапсырмалары
1 Екі жай сөйлемнен шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз

1 Айгүлде тіркелеген почта жәшігі болды. Хатты электронды почта арқылы жіберуге болады. 2 Хат алушы басқа елдерде болады. Ол хатты ала алады. 3 Интернет жүйесіне кіру мүмкіндігі болды. Хатты ала алады. 4 Сіз әлемдегі әріптестеріңізбен іс-тәжірибе туралы ой бөліскіңіз келеді. Электронды почтаның мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. 5 Спорт, саясат, музыка, ауа-райы туралы жаңалықтарды біреуге айтқыңыз келеді. Бұлардың барлығын электрондық почта арқылы жіберуіңізге болады. 6 Ақпарат ішінен бір тақырыпты таңдап аласыз. Осыған қатысты ақпараттарды оқи бастайсыз. 7 Интернетте екінші тақырыпқа ауысу қажет болады. Сондайда кейін оралуыңыз да қиын емес.


2 Аударыңыз

1 Если программа заражена вирусом, то она неправильно выполняет свою функцию. 2 Если вы хотите защитить свой компьютер от вредного воздействия вирусов, вы должны постоянно пользоваться антивирусными программами. 3 Если мы не будем пользоваться специальными программами для защитя от вирусов, мы можем потерять все данные. 4 Если у вас есть компьютер, но нет модема, то вы не сможете воспользоваться возможностями, которые дают компьютерные сети. 5 Если у вас есть несколько компьютеров и вы хотите передать данные из одного компьютера в другой, вам необходима сетевая технология.


3 Аударыңыз

1 Все тщательно протестировав, инженеры усовершенствовали констукцию автомобиля. 2 Без пооведения дальнейших исследований они не могли придти ни к одному заключению. 3 Сравнивая различные марки печатных машинок, мы решили, что модель «Lightning 500» - самая лучшая из всех. 4 Внимательно проверяя свое служебное письмо, он обнаружил ошибку. 5 Наклонившись, чтобы взять свою папку, он уронил свои очки. 6 Написав хорошее резюме, Асима обеспечила себе работу. 7 Рассмотрев все варианты, правление приняло решение.


4 Аударыңыз

Жіберуге болады, маңызды байланыс, почта арқылы, тіркелген почта жәшігі, хат түседі, алушы, ала алады, жаңалықтар алу, қазіргі уақытта, көптеген адамдар, жүйеге кіру мүмкіндігі.


5 Электронды почта арқылы жіберу үшін досыңызға,

әріптесіңізге хат жазыңыз
20 ЭЕМ операторы

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз

Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрауларға жауап береді.

Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады. Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ. (М.Ә.) Сол жылдың көктемі жаңбырлы болғандықтан, топырағы құнарлы жерге өскен қалың қау мен сайларға өскен қалың жоңышқаның биіктігі белуардан келеді екен. (С.М.);

2) кейде есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады: Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. (Ғ.Мұст.) Машиналар, әсіресе тракторлар, жүздеп жөңкілген соң, саз кезінде далалық жолдардың тас-талқаны шығып қазылады. (С.М.);

3) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады: Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнына ұшып тұрады, біресе отырады. (Б.М.);

4) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады: Тәуекелі мен қайраты бар еді деп, осы батыр жігіт Манасты әдейі Абай хабарын әкелуге жұмсапты. (М.Ә.)


20. 1 Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз

Қарсылықты бағыныңқылар қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? деген сұрауларға жауап береді.

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) шартты райлы етістікке да/де шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды. (М. Ә.);

2) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. (М. Ә.) Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды. (Ә.Т.);

3) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлбереген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді. (С.М.); есімшенің бұл түріне кейде да/де шылауы қосылып та қарсылықты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбалам-дағанмен де, ойын тоқтала қоймады.



4) Есімшеге -ша/-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы. (Ә.Ә.) Сен ондай озық жеке комсомолдарыңды айтқанша, бүкіл комбинат жастарының бәріне араша түссеңші. (Ғ.С.);

5) –а/-е/-й жұрнақты көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен. (С.М.);

6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан/-тен) жалғану арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді. (В.К.)

Тапсырмалары
1 Екі жай сөйлемнен қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз

1 Мадина қызметінен жоғарылады. Асан өзінің бұрынғы қызметінде қалды. 2 Жұмыстағы бос орын туралы хабарландыру бір ай бойы берілді. Өтінішпен үш-ақ адам келді. 3 Марат сенбі бойы жұмыс істеді. Ол жобасын сол күні аяқтай алмады. 4 Машина мен жүйелес қондырғылардан кінәрат байқалды. Оператор оны әлі де тексерген жоқ. 5 Бөлім басшысы қызметкерлерге міндеттерін түсіндірді. Бірнеше адамда сұрақтар пайда болды.


2 Аударыңыз

1 Чтобы преуспеть в современном деловом мире, нужно быть хорошо образованным, обладать великолепными навыками общения и иметь практический опыт. 2 Кунгурова Анар управляет в банке кредитным отделом, так как она успешнее всех работала в своем регионе. 3 Бернар работал с большой отдачей, поэтому он получил повышение в течение года. 4 Оператор ЭВМ обнаружил неполадки в системе, поэтому он начал проверять компьютер. 5 Поскольку печатная машинка сломана , воспользуйтесь текстовым редактором.


3 Аударыңыз

Іске қосу, тексеру, машинаның дайындығы, себептерін анықтау, жүйелес қондырғылар, кемшіліктерді жөндеу, қызмет көрсету, жұмыс жағдайы, ауысым, ойдағыдай меңгеру, шыдамдылық, жітілік, тыңғылықтылық.


21 Компьютер және қоғам

Компьютер 15 жыл ішінде есептеу орталықтарының жабдықтарынан миллиондаған адамдардың күнделікті жұмыс құралына айналды. Бүкіл әлемде адамдар компьютерлер мен ақпараттық желілерді өздерінің барлық қызмет салаларында қолдануда. Қазіргі кезде компьютерлер мен Интернет қатынас жолдары мен электр желілерінен маңыздылығы кем түспейтін қоғамның инфрақұрылымы болып табылады.

Бүгінгі таңда коммуникациялар мен Интернет индустрия, сауда, көлік, білім, ғылымның кез келген салаларының табысты жұмысы үшін қажет. Сондықтан жоғары технологиялық өндіріс пен ақпараттық технологияларды қолданатын елдер өздерінің бүкіл экономикасын дамытудың баянды негізін салуда.



Интернеттің мүмкіндігі үнемі өсіп отыр, ал оның көрсететін қызметтері үнемі кеңеюде. 1994 жылы Еуропалық одақтастығының арнайы комиссиясы Интернеттің және оның қоғам өмірінің әр түрлі салаларына әсер етуі туралы баяндамасында оны пайдаланудың мынандай негізгі түрлерін белгілеген:

  1. желі арқылы жұмыс және жаңа жұмыс орындарын жасау;

  2. оқыту, ғылыми коммуникациялар;

  3. дәстүрлі қызметтердің жаңа түрлері және жаңа қызмет

түрлерінің пайда болуы;

  1. көлікті басқару;

  2. жедел медициналық қызмет көрсету;

  3. бірыңғай еуропалық әкімшілік желісін жасау;

  4. Еуропалық одақтастық азаматтарына бірыңғай ақпараттық желі

жасау.

Еуропа үшін жасалған бұл бағыттар дүние жүзінде жұмыс

істейді, себебі Интернет шексіз.

Компьютерлік технологияларды қолдану адамның білім алуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Интернет жер жүзіндегі миллиондаған адамдарға дүние жүзі мәдениетінің шығармаларының аса көрнекті үлгілерін көруге мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың қазіргі даму деңгейі ауқымды білімнің ғаламдық жүйесін жасау мүмкіндігі туралы айтуға негіз береді.

Ақпараттық қызмет маңыздылығының өсуі жұмыс орындары құрылымының қайта реттелуіне әсер етеді: еңбек ресурстары материалдық саладан ақпараттық салаға ауысады, ақпаратты өңдеумен тікелей байланысты жаңа мамандықтар пайда болады. Бір қатар елдерде (Үндістан, Израиль, Венгрия және т.б.) ақпараттық технологиялар қарқындап дамуда.

Ақпараттық қоғамның қалыптасуы тек қана өндіріс саласына емес, адам өмірінің құрылысына, оның құндылықтар жүйесіне де өзгерістер әкеледі. Индустриалдық қоғамда барлығы тауар өндіру мен оны тұтынуға бағытталған болса, ақпараттық қоғамда интеллект, білім өндіріліп, тұтынылады. Бұл ой еңбегі үлесінің артуына әкеледі. Адамнан шығармашылыққа қабілеттілік талап етіледі.

Ақпараттық қоғамда жағымсыз беталыстар да байқалуы мүмкін:


  1. адамның жеке өмірінің бұзылуы;

  2. қоғамға бұқаралық ақпараттық құралдарының (БАҚ) әсер етуінің тым ұлғаюы;

  3. қоғамның барлық мүшелеріне сапалы және сенімді ақпаратты іріктеп ала алу және оған бәрінің тең қол жеткізе алу проблемалары пайда болады.

Тапсырма: мәтінді оқып, сөздік құрастырыңыз, аударыңыз.


22 Компьютер көмегімен қашықтан оқыту

Зат есімді қайталау
Тапсырмалары
1 Зат есімдердің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз, аударыңыз

Аңшы, куәлік, жастық, жолдас, әдебиетші, саясаткер, ұшқыш, бөлме, өзгеріс, бағдарлама, қажеттілік.


2 Жасалуын түсіндіріңіз

Ата-ана, көзқарас, ыдыс-аяқ, қолжазба, бала-шаға, солтүстік, күншығыс, аты-жөні, жеміс-жидек, баспасөз.


3 Негізгі зат ес імдерді бір бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазыңыз

Оқушы, мұғалім, орталық, бағдарлама, жүйе, мүмкіндік, жер, жағдай, әлем, оқулық, қызметкер, дайындық, ауысым, мамандық, жұмыс, білім, жол, жинақ, өнімділік.


4 Аударыңыз

Компьютер экранында, оператордың жұмысы, дүние жүзінің студенттері, нұсқаулар жиынтығы, жұмыс нәтижесі, олардың мүмкіндіктері, жұмыс өнімділігі, ақпараттың бағалылығы, қызмет саласы, машинаның дайындығы, есептеу орталығының ерекшелігі, технологиялардың дамуы.


5 Берілген әр етістікпен бірнеше сөз тіркесін құраңыз

Үлгі: оқыту – қашықтан оқыту, баланы оқыту, қазақ тілін оқыту.

Тыңдау, кіру, алу, қамтамасыз ету, сөйлесу, білу.
23 Болашақта шығарылатын кітаптарға қағаз керек жоқ

Сын есім
Сын есім тұлғасына қарай негізгі сын есім және туынды сын есім болып екіге бөлінеді

Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.

Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:

1) –қы/-кі, -ғы/-гі: қысқы, жазғы кешкі, көктемгі

2)лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті: сулы, денелі, епті, көлді, ағашты



3)сыз/-сіз: тассыз, үнсіз

4) –шыл/-шіл: ойыншыл, күлкішіл, сөзшіл

5) –дай/-дей, -тай/-тей: таудай, үйдей, сүттей, асықтай

6) –лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: қалалық, азаматтық, көліктік, өлкелік, күздік.

7) –шаң/-шең: бойшаң, киімшең

8) –қой, -қор, -паз/-ымпаз/-імпаз: намысқой, шаруақор, өнерпаз, білімпаз, жағымпаз

9) –и: әдеби, мәдени, саяси

Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар:



1) -ақ/-ек, -ық/-ік, -қ/-к: қорқақ, бөлек, толық, бітік, ақсақ, сирек

2) –ыңқы/-іңкі, -ңқы/-ңкі: басыңқы, көтеріңкі, бытыраңқы

3) –ынды/-інді, -нді/-нді: туынды, серпінді

4) –малы/-мелі, балы/-белі, -палы/-пелі: таңдамалы, бүрмелі, ауыспалы, көшпелі.

5) –шақ/-шек: қызғаншақ, түртіншек

6) –қыш/-кіш, -ғыш/-гіш: айтқыш, кеңескіш, білгіш, оқығыш.

7) –ымды/-імді, -мды/-мді: қонымды, келісімді, шыдамды, көнімді.

8) –лы/-лі: жамаулы, тіркеулі

9) –қақ/-кек, ғақ/-гек: ұрысқақ, тайғақ, үркек, сергек

10) –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе: бояма, үстеме, қызба
Тапсырмалары
1 Көп нүктенің орнына төменде берілген жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасап, көшіріңіз

1 Ол – намыс... адам. 2 Тұз... тамақ дәм... 3 Кеш... самал жел еседі. 4 Алтай – тау..., орман..., сая..., шұрай..., алқап. 5 Әсем... болма әрнеге, өнер... болсаң, арқалан. 6 Ұйым... жастар қиындықтан қорықпайды. 7 Кісі киімі кір..., кісі аты тер... 8 Еп... адамның қолынан бәрі келер. 9 Әдеп... бала – ар... бала, әдеп... бала - сор... бала. 10 Тарих... жеңіс, мәден... орын, әдеб... тіл.



2 Мақалдарды оқып аударыңыз, сын есімдерді табыңыз. Олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңыз

1 Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.

2 Кекшіл болма, епшіл бол.

3 Мәуелі ағаш майысқақ.

4 Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

3 Төмендегі сын есімдер мен зат есімдерден сөз тіркестерін жасаңыз

Зат есімдер: компьютер, мамандық, байлық, құжат, кітап, әдебиет, құрылғы, кесте, жаңалық, жүйе, жетістік, мәліметтер, бағдарлама.

Сын есімдер: жаңа, ұлттық, электрондық, зор, қызықты, көркем, жақсы, қолданбалы, маңызды, сыртқы, қиын, операциялық, өзекті.
4 Берілген сөйлемдерді сын есіммен толықтырыңыз

1 Компьютер ақпаратты өңдеді. (жаңа, күрделі) 2 Бухгалтер есепті тексеріп жатыр. (үлкен, тәжірибелі) 3 Оқушы компьютерде жұмыс істеп үйренуде. (жаңа, қабілетті) 4 Құжаттарды өңдейтін жүйе көп уақытты үнемдейді. (жаңа, тиімді) 5 Жұмысқа кепілдігі бар кандидатын алады. (ең жақсы, ) 6 Мен кітаптарға тапсырыс бердім. (қажетті, жаңа).
5 Аударыңыз

Рухани байлық, болашақта, қағазға басылған, толық ауыстыратын, мамандандырылған құрылғы, мүмкіндіктер қолданылады, дайындау, басу, түптеу, оқырман, жетекші фирмалар, үлгілер, мөлшер, құрылғы.



24 Компьютер қызметші орнында

Есімдік
Тапсырмалары
1 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

1 Қазіргі кезде компьютер бизнесте қандай мәселелерді шеше алады?

2 Штрих код деген не?

3 Штрих код бойынша алынған ақпарат қайда келіп түседі?

4 Орталық компьютер не істейді?

5 Қызметкерлер компьютер арқылы қандай ақпаратты ала алады?


2 Мен, сен, ол, бұл, сол есімдіктерін септеңіз. Септелуін есіңізде сақтаңыз. Ол есімдігінің әр септікте тұрған формасымен сөз тіркесін құрастырыңыз
3 Мәтіндегі есімдіктерді теріп, олардың мағыналық тобын, құрамын анықтаңыз

Мысалы: оның – жіктеу есімдігі, ілік септік формасында тұр.
4 Төменде берілген зат есімдерді есімдікпен ауыстырыңыз

Мысалы: Салтанат Анарға телефон соқты –Ол Анарға телефон соқты. немесе Салтанат оған телефон соқты.

1 Бұл Жанияның үстелі. 2 Гүлнәр Бақытқа кітаптарын берді. 3 Штрих код тауар туралы ақпаратты береді. 4 Нұрлан Асқарға қызмет хат жіберді. 5 Майра Жамилямен дүкенге барды. 6. Орталық компьютер тауар қорын бақылап отырады. 7 Қазіргі бизнесті компьютерсіз елестету қиын.


5 Көп нүктенің орнына «мен» есімдігін қажетті формасына қойып, сөйлемдерді көшіріңіз

1 ... бүгін супермаркетке баруым керек. 2 Олар ... өз жұмыс кестелерін алады. 3 ... еңбекақым банк шотына аударылды. 4 ... тиісті ақшаны компьютерлік төлем жүйесі арқылы өткізілгенін тексердім. 5 Асқар ... бірге дүкенге барды. 6 ... әр сатылған тауар бойынша мәлімет бар. 7 Ол ... бүгін көрді.


6 Көп нүкте орнына қажетті есімдікті қойып жазыңыз

1 ... сатушы агент ... офисін алады. 2 ... кассир жұмыс күнінің соңында түскен ақшаны тапсыруы керек. 3 ... тауарын жақсы білетін коммерциялық өкілдің жұмысы жақсы жүреді. 4 ... ақпарат компьютердің желісіне келіп түседі. 5 Тауар ... сауда желісінің қоймасына жеткізіледі. 6 Қызметкерлер ... бөлмелеріне кіреді. 7 Компьютер ... жеткізушілерге тапсырыс береді. 8 ... бөлімде .... жоқ.

9 ... тауарды ... таба алмадық. 10 ... бөлмеде ... жоқ.

Есімдіктер: өзі, әр, әрбір, өзінің, осындай, өздерінің, мына, бұл, бұндай, ешқайдан, ешкім, ештеңе.


7 Аударыңыз

Тауар тапсырысы, несиелік карточка, төлемдерді рәсімдеу, тауарды үлестіру, дайындаған жері, бақылау орындары, компания меншігіндегі, тапсырыс беру, орталық қойма, тауар қоры, шот бойынша есептесу, ауысым, жұмыс кестесі, компьютерлік төлем жүйесі, тиісті ақша, банк шоттарына тура аударатын.



25 Компьютермен басқарылатын техника

Жай сөйлем түрлерін қайталау

Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, әңгімелесіңіздер

3 Білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер айтыңдар
4 Етістіктерді бұйрық райға қойып, бұйрықты сөйлем құрастырыңыз

Пайдалану, орындау, өшіру, жабдықтау, алмастыру.


5 Хабарлы сөйлемдерге бірнеше сұрақ қойыңыз

1 Компьютер музыкалық концерттерде және театр қойылымдарында қолданылады. 2 Ол қажетті уақытта лазерлерді сөндіріп және іске қосып, жарықты меңгеріп тұрады. 3 Компьютерді тіпті музыка жазу үшін де пайдаланады. 4 Компьютер - жер картасын жасауда да қолданылатын қажетті аспап. 5 Жердің жүздеген жасанды серіктерінен миллиардтаған бит ақпараттар үздіксіз түсіп отырады. 6 Робот дегеніміз механикалық құрылғы. 7 Оны компьютер басқарады.


6 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

1 Қазіргі кезде жаңа технологиялар «ақылды» компьютерлерді жасауға мүмкіндік береді. 2 Робот компьютердің электрондық командасы бойынша жұмыс істейді. 3 Компьютерлер әуежайдың жергілікті жүйесінің жұмысын үнемі бақылап отырады.


7 Аударыңыз

Тұрмыстық машиналар, құрылғылармен жабдықталған, күрделі, есептеу қуаттылығы, ыдыс жуатын машина, жылытқыш, ауыстырып қосқыш, кір жуғыш машина, едәуір, басқару жүйелері, ғарыштық жобалар, Жердің жасанды серігі, көлік қозғалысын ұйымдастыру.


26 Компьютер саласындағы қылмыстар

Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыздар
2 Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1) Қандай қылмысты қарақшылық деп атайды?

2) Қарақшылар не істейді?

3) Хакер деп кімдерді атайды?

4) Олар не істейді?

5) Компьютер саласындағы қылмыстарға өз көзқарасыңыз қандай?

6) Осындай қылмыстарға жол бермеу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
3 Қылмыс, ұрлық туралы мақал-мәтелдер оқып, түсінгеніңізді айтыңыздар

1 Ұрының үйі күйсін.

2 Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық.

3 Ұрлық ине ұрлаудан басталады.

4 Түйме ұрлаған да ұры, түйе ұрлаған да ұры.

5 Ұры біреудің малын ұрламайды, өзінің арын ұрлайды.



4 Құрмалас сөйлемдердің түрлерін атаңыз
5 Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін және олардың қалай қалай жасалатынын айтыңыз
6 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

1 Программалық қарақшылар мыңдаған заңсыз көшірмелер

жасайды. 2 Осы қарақшылық түрі программа өндірушілерге шығын әкеледі және жыл сайын сол шығын АҚШ-тың 15 млрд долларына бағаланады. 3 Программалық қарақшылар тіпті программаның фирмалық орамасын көшіреді, немесе олар аппаратура арқылы ақша түсіреді. 4 Қарақшылар мыңдаған заңсыз көшірмелер жасайды, сондықтан олар программа өндірушілеріне үлкен шығын әкеледі. 5 Хакерлер бір фирманың немесе мемлекеттік ұйымның парольдер мен құпиялы кодтарын біліп алады, себебі бұл адамдар сол фирманың желісіне қосылады. 6 Хакерлер өте құнды және іс жүзіндегі ақпаратты ала алады, өйткені олар негізінде өз желісін қорғайтын парольдер мен құпиялы кодтарды біліп алады. 7 Кейбір хакерлер қорғанды бұзады да, біреудің ақшасын электронды түрде құпиялы банк шоттарына жібереді.


7 Аударыңыз

Қылмыс, қарақшылар, орама, өндірушілер, бөгде, көшіру, шығын, ақша түсіру, рұқсатсыз, ілеспелі жабдықтар, пасық қылық, заңсыз кіру, құпиялы, біліп алу, қауіпсіздік жүйесі, ұрлау, бәсекелестер, пара беру, мәжбүрлеу, жалған құжат жасау,


27 Өнер және дизайн
Адамдар ХХ ғасырдың 60 жылдарында компьютердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады. Яғни оның әр түрлі өнер салаларындағы жұмысын айтамыз: өрнектер, суреттер немесе тіпті музыкалық шығармалар жасау. Әрине компьютердің осындай мәселелерді шешуі үшін алдымен біреу осындай бағдарламаны құрастыруы керек.

Шынымен айтқанда, компьютердің бұл саладағы жұмыс нәтижелері әлемді таң қалдырған жоқ. Компьютер «өнерінің» көбісі «мейірімсіз» болып көрінеді – бұларда көп нәрсе ереже бойынша жасалған. Ал бұл біздің қиялымызды қобалжытпайды да, шабыттандырмайды да.

Дегенмен компьютерлер көптеген салаларда: әр түрлі көлік түрлерін жобалаудан ғимараттар, бөгеттерді жобалауға шейін көркемдік құрастыруына көмектеседі.
28 Компьютер арқылы сурет салу
Компьютер арқылы тышқанды пайдаланып сурет салуға болады. Бірақ бұл жұмыс үлкен шаттық келтірмейді. Сіздер графикалық планшет қасына отырып, қолдарыңызға «электрлік қаламұшын» алсаңыз, қағазға сурет салғандай боласыз. Ал сіздің суретіңіз компьютер экранында пайда болады. Бұндайда датчиктің бір түрі қаламұштың планшет бетіне қандай күшпен басқанын қадағалайды. Ал датчиктің басқа түрі қаламұш шеті кеңістіктің қай нүктесінде тұрғанын анықтайды. Ол үшін қаламұшты планшет бетіне тигізудің қажеті де жоқ.

Бұндай планшет құрылымына қарай «миллиметрлік» парағына ұқсайды. Әдетте бұндай қағаз графиктерге арналған. Оның бір шаршы миллиметрлік торлары бар. Планшет «өз» қаламұшының орнын анықтайды да, компьютерге сәйкес код сигналын жібереді. Мысалы, көлденеңнен 53 қатар, тігінен 14 баған. Ал ол болса келген сигналды экрандағы сәйкес нүктеге аударады.



Сөздік

шығармашылық – творческий

әлемді таң қалдырмады – не потрясли мир

мейірімсіз – бездушный

қиял - воображение

шабыттандырмайды – не вдохновляет

көркемдік құрастыру - художественное конструирование

жобалау – проектирование


Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Адамдар ХХ ғасырдың 60 жылдарында компьютердің қандай мүмкіндіктерін пайдалана бастады?

2 Компьютердің бұл саладағы жұмыс нәтижелері әлемді таң қалдырды ма?

3 Неге?


4 Компьютер қандай салаларда көркемдік құрастыруда адамға көмектеседі?

28. 1 Сын есімнің шырайлары


Бір түрлі сынның әрқилы дәрежеде болатынын білдіретін сын есім түрлері шырай деп аталады

Сын есімнің төрт түрлі шырайы бар:



1) жай шырай - заттың сынын я белгісін тек атап қана көрсетеді. Мысалы: қоңыр, сары, биік, түзу, бос.

2) салыстырмалы шырай - бір заттың сынын екінші бір сынымен салыстыру арқылы бірінен бірінің не артық, не кем екенін білдіретін сын есім түрі. Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:

а) –рақ/-рек, -ырақ/-ірек – үлкенірек, әдемірек т.б.

ә) –лау/-леу – ауырлау, кішілеу



- дау/-деу – жасылдау, үлкендеу

- тау/-теу – пысықтау, биіктеу

3) күшейтпелі шырай – заттардың біркелкі сапа белгі дәрежесінің не өте артық, не өте кем екенін күшейтіп көрсететін сын есім түрі. Күшейтпелі шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: жап-жақсы, біп-биік, әп-әдемі, аппақ, қап-қатты т.б.



4) асырмалы шырай – заттың сынын не асыра көтеріп, не асыра төмендетіп көрсететін сын есім түрі. Асырмалы шырай сын есімдерге аса, өте, тым, тіпті, нағыз, ең, орасан сияқты сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы: аса үлкен, ең жақсы, орасан зор т.б.
Тапсырмалары
1 Төменде берілген сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай жасаңыз

Үлгі: ұзын – ұзындау – ұп-ұзын – ең ұзын

Ұзын, қысқа, әдемі, жақсы, жеңіл, кең, сүйкімді, оңай, көк, түзу, қызыл, ақ.


2 Сөйлемдердегі жақшада берілген сын есімдерді әр түрлі шырай түріне қойып, жазыңыз

1Біз компьютердің (жаңа) моделін сатып алдық. 2 Бұл осылардың ішіндегі (дәл) болжау. 3 Біздің жабдықтар (жаңа). 4 Сіздің графигіңіз оныкінен (жеңіл). 5 Келесі жолы (мұқият) болыңыз. 6 Осы есептердің ішіндегі (қиын). 7 Ол тапсырманы менен (жылдам) орындады.


3 Аударыңыз

Шығармашылық мүмкіндіктері, өрнек, сурет, мәселелерді шешу, бағдарлама құрастыру, жұмыс нәтижесі, таң қалдыру, мейірімсіз, қиял, шабыттандыру, көлік, жобалау, ғимарат, бөгет, көркемдік құрастыру.


29 Компьютерлік жобалау және құрастыру
Қазіргі кезде көптеген сәулетшілер мен құрастырушылар дәстүрлі сызба тақта орнына компьютерлік жүйелерді пайдаланады. Компьютер кез келген пішін үйлесімі сызықтарын керемет дәлдікпен түсіре алады. Ол адамды көптеген бірдей немесе бір-біріне ұқсайтын, мысалы, ұшақ ішіндегі жолаушылар орындарын немесе көп қабатты үйдің бөлмелерін салу қажеттілігінен босатады. Бұл үшін «жасады-және -қайталады» деп аталатын тәсіл бар. Яғни компьютер салынған объектілердің көшірмесін қажет болған сайын жасайды.

Осындайдың бәрінен басқа компьютерлік автоматтандырылған жобалау жүйелері (САD) әдеттегі биіктік және ендік өлшемдеріне тереңдігі де қосымша берілген үш өлшемді сурет жасай алады. Алдын-ала бір объектіні өлшейді, мысалы, орындықты. Оның көлемінің, шеттерінің, иінінің, білте тақтайшасының және жазықтықтардың орналасуын анықтайды. Осы бар мәліметтерді немесе координаттарды компьютер жадына енгізеді. Бұдан кейін компьютер экранда объектінің тек қозғалмайтын суретін көрсетіп қана қоймай, оны бұрып немесе айналдырып отырып үстінен, қырынан немесе артынан көрсете алады. Ал енді бір-екі минуттан кейін дизайнер экранда тіпті басқа объектілерді: автомобильді, жиһаз гарнитурын немесе ғимаратты қарап отырады. Және те осының бәрін кез келген бұрыш астынан қарауға болады. Компьютерлік жобалау пайда болғанға дейін бұндай нәтижеге жету үшін айлар бойы есептеулер жүргізіп, сызбалар даярлау және басқа да дайындық жұмыстарын жүргізу керек болатын.


Сөздік

сәулетшілер мен құрастырушылар- архитекторы и конструкторы

кез келген пішін үйлесімі сызықтары- линии любой конфигурации

керемет дәлдікпен – с поразительной точностью

үш өлшемді сурет - трехмерное изображение

иін - закругление

білте тақтайшасы – рейка

жазықтық – поверхность

сызба – чертеж

нәтиже – эффект


Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыздар

2 Сұрақтарға жауап беріңіздер

1 Компьютер кез келген пішін үйлесімі сызықтарын қалай түсіре алады?

2 Ол адамды қандай қажеттіліктен босатады?

3 Компьютерлік автоматтандырылған жүйелері қандай сурет жасай алады?

4 Компьютерлік жобалау пайда болғанша бұндай нәтижеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізу керек болды?

3 Мәтінен есімдіктерді теріп көшіріп, оның құрамын, мағыналық тобын анықтаңыздар

4 Есімдіктер мәтінде қандай есім сөздер орнына қолданылып тұрғанын анықтаңыздар
29.1 Есімдік

Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есімді) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады.

Есімдіктер мағынасы мен қызметіне қарай жеті топқа бөлінеді.


Есімдік топтары

Есімдіктер

Жіктеу есімдіктері

Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

Сілтеу есімдіктері

Бұл, осы, осынау, сол, сонау, ана, анау, мына, мынау, әні, міне

Сұрау есімдіктері

кім? не? неше? қай? қалай? қандай? қайда? қайдан? қалай? қашан? неге?

өздік есімдігі

өз (тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады)

Белгісіздік есімдіктері

Біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқайдан, әлдеқашан

Болымсыздық есімдіктері

Дәнеңе, дәнеме, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір, ешқайсысы, ешқашан, ешқандай, ешқайдан

Жалпылау есімдіктері

Бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, бүтін, түгел, тегіс


Тапсырмалары
1 Көп нүкте орнына жалпылау есімдіктерінің қажеттісін қойыңыз

1 Қазіргі кезде ... құрастырушылар мен сәулетшілер компьютерлік жүйелерді пайдаланады. 2 Ол үшін ... мәліметтерді компьютер жадына енгізеді. 3 Компьютер объектіні ... жағынан көрсете алады. 4 Компьютер ... есептеулерді жүргізіп, сызбаларды даярлайды. 5 Компьютер ... объектілердің өлшемдерін дәл түсіре алады. 6 Анар ... дайындық жұмыстарын жүргізді. 7 ... өз орындарына отырды.


2 Мақал-мәтелдерді оқып аударыңыз. өздік есімдігінің құрамын анықтаңыз

1 Өзің жәбір көрсең де, кісіге қиянат жасама.

2 Елім деген жігітке ер, қор болмайсың,

Өзім деген жігіттен сақ болғайсың.

3 Балам абзал болсын десең, өзің адал бол.

4 Жігіт өз үйіне қадірлі болмай, елге қадірлі болмайды.


3 Көп нүкте орнына сілтеу есімдіктерінің қажеттісін қойыңыз

1 ... сызбаларды алып келіңіз. 2 ... сәулетші ... ғимараттың жобасын жасаған. 3 ... есептеулер ... есептеулерге қарағанда күрделі. 4 ... соң экраннан ... объектінің суретін көрсетті. 5 Компьютер ... үш өлшемді суретті жасай алады. 6 ... автомобиль өте әдемі екен. 7 ... компьютердің қуаттылығы ДК қуаттылығынан 1000 есе артық.


4 Көп нүкте орнына болымсыздық есімдіктерінің қажеттісін керекті формасына қойыңыз

1 Сенің жақсылығыңды ... ұмытпаймын. 2 Ол ... сөйлеспеді, ... қасына бармады. 3 ... де қыстаған жоқ, өзім келдім. 4 Бұнда ... қажетті мәлімет жоқ екен. 5 Біз оны ... таба алмадық. 6 Айбек ... сызбасын даярламаған. 7 Ол бұл туралы ... білмейді. 8 Ержан ... есепті дұрыс шығара алмады.


5 Көп нүкте орнына белгісіздік есімдіктерін қойыңыз

1 ... өз міндетін атқарсын. 2 ... есік қағып тұр. 3 Осы нәтижеге жету үшін ... ай бойы есептеулер жүргізілді. 4 Бернар ... үйдің жобасын жасап, даярлады. 5 Бұл жұмысты ... жасауы керек. 6 Олар компьютерді пайдаланып, ... аңның суретін салыпты. 7 Сәулетші экрандағы ... ғимараттардың жобасын қарап отыр. 8 ... жағдайларға көңіл бөлуіңізді өтінемін. 9 ... минуттан кейін сызбалар дайын болады. 10 Мына жобаның ... жерлерін өзгерту керек.


6 Синонимдік жұптарын табыңыз

Бірдей, тамаша, мағлұмат, тез, мәлімет, керемет, жылдам, ұқсас


7 Аударыңыз

Сәулетші, құрастырушы, дәлдікпен, жолаушы, тәсіл, «жасады –

және - қайталады», жобалау жүйелері, өлшеу, анықтау, айналдыру, көрсету, қозғалмайтын, қарау, үш өлшемді, ені, биіктігі, үстінен, нәтижеге жету, астынан, қырынан, сызба.
30 Компьютерлік модельдеу
Сіздер үлкен аумақтың ертеңгі ауа-райының болжамы қалай жасалатынын көрдіңіздер ме ? Оны бір белгілер арқылы емес, есептеу қуаты бір ДК-нің жұмыс өнімділігінен мың есе артық компьютер арқылы құрастырады.

Үлкен ЭЕМ-ді ауа-райын болжаумен қатар қиын мәселелерді шешіп, күрделі процестерді меңгеруді талап ететін жағдайларда пайдаланады.

Бір ЭЕМ-дер қаржы нарығының самғауын не құлдырауын, аурулар мен аштықтың ғаламшардағы халық санына әсер етуін білуге тырысып болашақты болжайды. Енді басқа ЭЕМ-дер табиғат құбылыстарын: мысалы, бір көлде қанша балық барын немесе орманда қанша аң болуы мүмкін екенін, ядролық жарылыстың немесе жер сілкінісінің салдары қандай болуы мүмкін екендігін болжаумен айналысады.

Кейбір ЭЕМ-дер болған оқиғаларды қадағалап байқайды. Ол үшін алдымен машинаға мұндай оқиғалар туралы мәліметтер енгізіледі. Ал машина осы оқиғаның қалай және не себепті болғанын білу үшін сол мәліметтерді зерттейді. Мұндай қызмет түрі “Компьютерлік болжау” немес «Компьютерлік модельдеу» деп аталады. Машинадан алған “болжауларды” адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланады. Мысалы, жетекшілер осындай болжаулар негізінде компанияларын кеңейту жоспарларын жасайды. Ал құтқару қызметтеріне мұндай болжаулар табиғат апатына қарсы тұруға алдын-ала дайындалуға көмектеседі.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау